Арнайы гинекологиялық зерттеулер жүргізу

Арнайы гинекологиялық зерттеулер жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілеріӘрекет алгоритмі
1Залалсыздандырылған қолғапты қию.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.

Залалсыздандырылған бір рет қолдануға арналған қолғапты екі қолыңызға  киіңіз.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау үшін екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеуін ашамыз, онда қынап кіреберісін, қынап қабырғасының шырышты қабатының өңін, сыртқы несеп жолы саңылауы каналының, парауретральды және қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару жолдарының жағдайын қараймыз.

2Қынапқа екі жаққа ашылмалы  айнаны  енгізу.

Жатыр мойнының қынаптық бөлігін және қынапты айнамен қарауды жүргізу.

Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарауды жүргізіңіз: ол үшін екі жаққа ашылмалы айнаны оң қолға алып, сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеуін ашамыз. Айнаны қынапқа жамбастың тік өлшемімен тереңдете енгізіп көлденең өлшемге бұрамыз.

Жатыр мойнын және қынапты ашамыз.

3Қынаптан  екі жаққа ашылмалы  айнаны  шығарамыз.Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен  тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,.
4Екі жаққа ашылмалы  айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу.Екі жаққа ашылмалы  айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа саламыз.
5Қынапты бимануальды  зерттеу жүргізу.

 

Қынаптық зерттеу жүргізіңіз. Ол үшін сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс ернеулерін ашамыз. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгіземіз, бірінші – қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, содан соң сұқ саусақты енгіземіз. Сол қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына ауыстырып және ұқыптап енгізілген оң қолдың саусақтарына бағыттап басамыз. Екі қолдың саусақтарын бір біріне жақындатып жатыр денесін және мойнын пальпация жасау керек. Ал жатыр қосалқыларын және қынап күмбездерін екі жақты (оң, сол) зерттеу үшін екі қолдың саусақтарын кезекпен жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғасына ауыстырыңыз. Оң қолдың саусақтарын қынаптан шығармас бұрын жамбастың ішкі қабырғасын пальпациялаңыз.
6Қынаптан саусақтарды шығару және бөлінділер сипатын бағалау.Қынаптан саусақтарыңызды шығарыңыз, бөлінділер сипатын қараңыз және бағалаңыз (қанды, іріңді, шырышты).
7Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салу.Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салыңыз.

Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.

Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілеріӘрекет алгоритмі
1Іш айналымын өлшеу.

 

Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз.
2Жатыр түбі деңгейін өлшеу.

 

Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз.
31-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу.Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз.
42-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу.Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз.
53-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу.Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз.
64-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына  қатынасын анықтау үшін жүргізу.Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтарды кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен  барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз.
7Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.

 

Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң немесе сол (І/ІІ позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң немесе сол (I/II позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз.
8Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығыҚалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігі минутына 110-160 соққы.

 

Дағдыларды бағалау белгілеріӘрекет алгоритмі
1Шприцке 10 бірлік окситоцин алу.

Ішті пальпациалау.

10 бірлік окситоцин еңгізү.

Шприцке 10 бірлік окситоцин алу.

Нәресте туылғаннан кейін құрсақта ІІ ұрықтың болуын анықтау үшін әйелдің ішін пальпациялау.

Бала туылғаннан кейін 1 минут ішінде  10 БР окситоцинді сан бұлшықетіне салыңыз.

2Кіндікке қысқыш салу.

Қолды шат үсті аймаққа қою.

Аралыққа жақындатып кіндікті қысқышпен қысыңыз. Қысылып тұрған кіндікті және қысқышты қысылған жерінен бір қолмен ұстаңыз. Екінші қолды шат үсті аймағына қойып, жатырдың айналып кетуін алдын-алу үшін жатырды кіндік бауына қарама-қарсы бағыттаймыз.
3Бала жолдасы туылғанға дейін кіндікті тарту, екінші қолмен жатырды итеру.Жатыр жиырылып және кіндік бауы ұзарған кезде, кіндікті бала жолдасы туылғанға дейін  ақырын төмен және өзіне қарай бағыттап, әлсіз күш салып тартамыз. Осы кезде жатырды қарама-қарсы бағыттаймыз.
4Ұрық қабықтарының толық туылғанына дейін бала жолдасын айналдыру.Бала жолдасы туылған кезде ұрық қабықшалары туылғанға дейін оны екі қолмен ұстаймыз.
5Жатыр тонусын анықтау.Бала жолдасы туылғаннан кейін тез арада қолды құрсақ қабырғасына қойып  жатыр тонусын анықтаймыз.
6.Жатыр түбі уқалау. Жиырылу белгілері пайда болғанға дейін жатырды уқалау керек.
7.Бала жолдасының бүтіндігін қарау.Бала жолдасын қараңыз, оның бүтіндігін бағалау үшін бала жолдасын кіндігінен көтеріңіз және барлық қабықшаларының болуын анықтаңыз.

Плацентаны аналық бетін жоғары қаратып шаршы лотокқа қоямыз және әр бөлігін және шеткі бөліктерін мұқият қараймыз, жарылған бөліктерін саусақтарыңызбен түзетіңіз.

8.Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жібердіБала жолдасын гистологиялық зерттеуге жіберіңіз

Босанудан кейінгі контрацепция әдісі жөнінде кеңес берудің коммуникативті дағдылары 

Дағдыларды бағалау белгілеріӘрекет алгоритмі
1Науқаспен сәлемдесу

 

Науқаспен сыпайы жылы жүзбен сәлемдесу.

Отыруды ұсыну.

Науқасқа өзіңді таныстыру.

Қашан бала босанғанын, омыраумен баланы емізема, сурау.

2Әйелден   лактациалық аменарея әдісін білүін сұрауЕтеккір  циклы тұрақталғанын анықтау. Әйелден лактациялық  аменарея әдісі тұралы  білетінін сұрау
3Лактациялық аменорея әдісі туралы мәлімдеу.Лактациялық аменорея әдісі туралы мәлімдеу: босанудан кейін бірден және 6 ай қолдануға болады, әдіс жыныстық қатынаспен байланысты емес, қосымша эффекттер жоқ жанама әсерлері жоқ, медициналық қадағалау болу қажет емес, тегін, қолданыста жеңіл.

Әдістің тиімділігі 98%, әсер ету механизмі овуляцияны төмендету – нәрестенің ана сүтімен емуі жыныс жасушаларының жетілуіне қажетті гормондардың түзілуін тежейді.

4Бұл әдісті дұрыс пайдалануды үйрету.Бұл әдісті дұрыс пайдалануды науқасты үйрету: баланы емізу тәуліктеріне 6-8 рет болу керек, олардан түнде 2 реттен кем болмауы керек.

Баланы емізу аралығы 4 сағаттан астам күндiз және 6 сағат түнде болуы керек.

Балаға ана сүтінен басқа тағам берілмеуі керек.

5Әдістің кемшілігін мәлімдеу.Әдістің кемшілігін мәлімдеу. Осы әдiс тек қана алғашқы 6 айларда босанудан кейiн тиiмдi. Бұл әдіс босанудан кейін алғашқы 6 айда ғана тиімді; ЖЖБА/ЖИТС қорғамайды. Балаға жасанды сүт беру немесе емізу аралығын ұлғайту әдістің тиімділігін төмендетеді.

6 ай ішінде  етеккір топтамасы қалпына келсе  гинекологтың кеңесін алу керек.

6Нұсқауларды қайталауын сұрау.Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау.
7Сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.
8Мейірімді (сыпайы) қоштасу.Сыпайы қоштасып және контрацепцияға катысты сұрактар болса кез келген уақытта келе алатынын айту.
Кеңес беру дағдысын бағалау
9Кеңес беру барысында өзіне сенімді болдыКеңес беру дағдысын жеке бағалау: студент кеңес беру барысында өзіне сенімді болды. Науқасқа ақпаратты өзі берді.
10Сұрақтарын нақты тұжырымдады

 

Студент сұрақтарын нақты тұжырымдау. Нақты емес сұрақтарға: 1) көп сұрақ қою; 2) спецификалық жауапқа алып келетін жетекші (наводящие) сұрақтар; 3) уақыты жағынан түсініксіз сұрақтар (қазір немесе 3 ай бұрын); 4) тұлға жағынан түсініксіз (мен немесе менің отбасым жайлы); 5) науқасқа түсінікті тілмен жеткізілуі қажет сұрақтар
11Әрқашан кенесті түсінетін термин мен сөйлем қолдану керек.Консультант түсiндiру кезінде кәсiби лексиканы  қолдануы кажет емес
12Кеңес беру барысында жағымды атмосфера құра алдыӘңгiменiң жанында қолайлы атмосфераны жасауға керек.

Ауызша және ауызша емес белгілерге сезiну, ықылас білдірү.

Мүмкіндігінше науқасты мақтау. Шектелген уақытқа қарамастан, қамқорлық қарым-қатынасын құруға ынтасы барын көрсете алу.

                             

Қынаптың тазалық дәрежесіне қынаптан жағынды алу

Дағдыларды бағалау белгілеріӘрекет алгоритмі
1Залалсыздандырылған қолғап кию.

Екі жақты ашылмалы айнаны қынапқа енгізу.

Екі қолыңызға да жаңа бір қолданыстық қолғап киіңіз.

Екі жақты ашылмалы айнаны оң қолыңызға алып, сол қолмен (1-2 саусағымен) үлкен жыныс ернеулерін ашып, кіші жамбастың тік өлшеміне сәйкес қынаптың артқы қабырғасынан артқы күмбезге дейін енгізіп, көлденең өлшемге бұрыңыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз.

2Фолькман қасығымен артқы күмбезінен жағындыны алу және заттық шыныға жағу.Материал жинау үшін Фолькман қасығымен қынаптың артқы күмбезін ақырын баса отырып зерттеу материалын алып, шыны затқа жұқа қабықша секілді жағыңыз.
3Фолькман қасығын қолданылған  инструменттер лотогына қойыңыз.Фолькман қасығын қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз.

 

4Қынаптан екі жақты ашылмалы айнаны шығарамыз.Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен  тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,.
5Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу.Екі жақты ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салыңыз.

 

6Қолғапты шешіп және арнайы контейнерге салыңыз.Бір қолданыстық қолғапты шешіп, пайдаланылған заттарға арналған сыйымдылыққа салыңыз.
7Лабораторияға жіберу үшін бағыттау бланкті толтыру.Зертханаға жіберу үшін жолдама қағазын толтырыңыз. Науқастың аты–жөнін, жасын, жағынды алынған күнді, дәрігердің фамилиясын көрсетіңіз.

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!