Глоссарий

Анаплазия(грек.ana артқа,кері + plasia-түзілү)-жасушалардың құрылымы мен биологиялық қасиеттерінің өзгерістерге ұшырауымен сипатталатын тұрақты дедифференциациясы. Бұл кезде жасушалық тін өзіне тән функцияларды атқара алмайды, бірақ шексіз өсіп-өну қабілетіне ие болады.

Атипизм(грек.а-жоқ+typos-түрі) -өспе тінін қалыпты тіннен ерекшелендіретін, биологиялық қасиеттердің жиынтығы.

Биопсия –тірі организмнен тінді кесіп алып диагностиқалық мақсатта микроскоппен зерттеу.

Инфильтрациялаушы өсу- өсле жасушаларының айналасындағы тіндерге еніп, оларды бұзу арқылы өсуі; қатерлі өспелерге тән.

Канцероген- қатерлі өспелердің пайда болуына себепкер фактор немесе заттек.

Канцерогенез-қатерлі өспелердің пайда болу және даму процесі.

Карцинома-ішкі ағзаларды, сілемейлі қабаттарды және терінің эпителий жасушаларын зақымдайтың қатерлі ісік(обыр).

Кахексия -организмнің қатты арып-аузының, зорығуының соңғы дәрежесі.

Коканцероген– өздігінен өспе дамуын шақыра алмайды, бірақ онкогенді агенттермен қосылып әсер еткенде өспе туындауын тездететін фактор.

Малигнизация- қалыпты немесе дерттік өзгерген тіннің жасушаларында қатерлі өспелерге тән қасиеттің пайда болуы.

Метаплазия-тіннің негізі түпкі түрі сақталып, бірақ осы тіннің жетілген (дифференциацияланған) жасушаларының басқа тіннің жетілген жасушалармен алмасуы.

Метастаз– басқа өспеліқ ошақтан патологиялық материалдың (өспе жасушаларының) тасымалдануы арқылы өспелік процестің жаңа ошағының пайда болуы. Метастазалар қантамырлар (гематогендік метастазалар), лимфа тамырлары (лимфогендік метастазалар), ішкі қуыстар (имплатациялық метастазалар) арқылы тасымалдануы мүмкін.

Онковирус- қалыпты жасушаның өспелік жасушаға ауысуына себепкер болатын вирус

(өспе туындататын вирус).

Онкоген- нәруызды реттеуші ген, реттелу процесі бұзылғанда қатерлі өспелердің туындауына ықпал етеді.

Онконәруыздар– онкогеннің транскрипциясының нәтижесінде синтезделетін нәруыздар.

Ген-супрессорлар- онкогендердің белсенділігін басатын, жасушалардың бөлінуін және дифференциациялану процесінен шығуын тежейтін жасушалық ген; олар инактивацияланғанда өспелердің пайда болу ықтималдығы артады.

p53– жасушалық циклды реттейтін транскрипциялық фактор. Өзгеріске ұшырамаған жағдайда қатерлі ісіктердің түзілуіне қарсы тежегіштік қызмет атқарады, көбіне геномның тұрақтылығын «қорушы» деп айтылады. Обырлық өспе жасушаларының 50%-ында мутацияға ұшыраған р53 тені анықталады.

Онкорновирустар құраманда РНҚ бар онкогенді вирустар.

Прогрессия өсу барысында морфологиялық, биохимиялық, қызметтік және т.б., өспелік атипизмнің үдеуі-күшеюі.

Протоонкоген- нәруызды реттеуші ген, қалыпты жағдайда жасушалардың өсуін және дифференциациялану процесін реттейді. Протоонкоген активацияланғаннан кейін онкогенге айналады және өспе туындауына ықпал етеді.

Регенерация– зақымдаған немесе жойылған ағзалардың бөліктерінің, олардың органойдтарының, тіндерінің қалпына келуі.

Репарация– зақымдалған тіндердің, жасушалардың, жасуша ішілік құрылымдардың қалпына келуі.

Саркома– дәнекер тіннен шығатың қатерлі өспе; обырлық өспелерге тән белгілері; инфильтрацияланып өсуі, яғни айналасындағы тіндерге еніп оларды бұзу арқылы өсетін, хирургиялық жолмен алынып тасталғаннан кейін қайта метастазаланатын қасиеті бар.

Экспансивті өсу-айналасындағы тіндерді ығыстыру, жылжыту арқылы өсу;қатерсіз өспелерге тән.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!