- Антикодан – а-РНҚ молекуласына комплиментарлы тРНҚ триплеті.
- Лидерлік тізбек ДНҚ молекуласы тізбегі үздіксіз синтезделуі.
- Кешігуші тізбек ДНҚ молекуласы тізбегі үзіліп үзіліп синтезделуі.
- Геликаза ДНҚ молекуласының тізбегіндегі комплиментарлы нуклеотидтер арасындағы сутектік байланысты үзіп, репликативтік ашаның пайда болуына алып келетін фермент.
- ДНҚ полимераза жаңа тізбектерді синтездейді.
- РНҚ полимераза ферменті оперонның бастапқы бөлігі промоторды таниды, ДНҚ молекуласының қос тізбегін ширатады.
- Транслияция инициясиясы Метионин аминқышқылын тасымалдайтын тРНҚ аРНҚдағы бастаушы кодонды танып, онымен комплиментарлы байланысады.
- Элонгациясы аминқышқылдар ұзару процесі.
- Терминациясы рибосома мағынасыз кодонға жетіп, бос қадам жасайды. Аминқышқылдар тізбегі үзіліп тРНҚдан бөлінеді. Жаңа тізбектелген полипептид тізбегі ЭПТ түтіктеріне түсіп, құрылымдық өзгеріске ұшырап, белок қалыптасады.
- ДНҚ лигаза Оказаки фрагменттерін жалғайды.
- Топоизомераза репликациялық ашаның алдындағы ДНҚ ның тығыз ширатылған жерлерін босатады.
- Кодон ДНҚ дағы 3 нуклеотид 1 аминқышқылын кодтайды.
- Экзон құрылымдық гендердің мағыналық учаскелері.
- Интрон мағынасыз учаскелер.
- ДНҚ репликациясы ДНҚ молекуласының өздігінен екі еселенуі.
- Нуклеотид нуклеин қышқылдарының мономерлері.
- Полимер (жоғары молекулалы қосылыстар) молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.
- Праймаза РНҚ праймерін синтездейтін фермент
- Прибнев боксы микроағзалар гендерінің промоторында болатын және транкрипция факторы сигма ақуызбен байланысып, транскрипцияны инициициялайтын учаске.
- Промотор транкрипция басталатын ДНҚ молекуласының бір учаскесі
- Транскрипция ДНҚ молекуласындағы ақпараттың РНҚ молекуласына көшірілуі (РНҚ синтезі)
- Транслияция белок құрамы жазылған ақпараттың нуклеотид тізбегінен полипептид тізбегіне ауыстырылуы.
- Фолдинг ақуыз молекуласының оралып, үш өлшемді табиғи құрылымының түзілу процесі
- Шаперондар ақуыз фолдингін жеңілдететін ақуыздар. Температуралық шок ақуыздар деп атауы олардың синтезделуі стресс жағдайында айтарлықтай жоғарылайды.
- Генетикалық код ДНҚ дағы бір генде белгілі бір ретпен орналасқан нуклеотидтер жүйесі белок молекуласындағы амин қышқылдарының орналасу ретін анықтайды.
- Оказаки фрагменттері кешігуші тізбек негізінде синтезделеді. 1000-2000 нуклеотидтерден тұратын қысқа бөліктер.
- Процессинг пре РНҚ ның пісіп жетілу процесі
- Сплайсинг пре аРНҚ экзондарының бір бірімен жалғасуы
- Нәруыздың бірінші реттік құрылымы ақуыз молекуласындағы аминқышқылдар бір бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып полипептидтік тізбегін пайда етеді
- Нәруыздың екінші реттік құрылымы пептидтік тізбектіктің фрагменттері алғаш Альфа ширатпа және бетта құрылым күйінде болады.
- Нәруыздың үшінші реттік құрылымы полипептид тізбегінің, екінші реттік құрылымның, құрылымсыз учаскелердің кеңістікте глобула конфармациясына жинақталып, табиға нативти құрылымның түзілуі.
- Ген полипептид не нуклеин қышқылының синтезделуін анықтаушы ДНҚ бір учаскесі
- Репликативтік аша репликация басталатын учаске.
- Прокариот ядросы толық қалыптаспаған бір жасушалылар. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар.
- Эукариоттар ядросы қалыптасқан ағзалар. Өсімдіктер жануарлар адамдар.
- Ядролық поралық кешен ядро мембранасында орналасқан, заттардың ядроға не ядродан цитоплазмаға өтуін қамтамасыз ететін және хромосомалар бекінетін ақуыздардан құралған ерекше қабат.
- Цитоплазма ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі, қоймылжық сұйықтық.
- ЭПТ ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.
- Митохондриялар жіпше және түйіршік тәрізді АТФ ті синтездейтін органелла.
- Лизосомалар жасушаішілік ас қорыту яғги заттарды ыдырату қызметін атқаратын жасуша органелласы.
- Жасуша орталығыжасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла
- Ядро тұқым қуалаушылық ақпараттың сақталуы және осыған байланысты жасуша цитоплазмасындағы белоктар мен ферменттердің түзілуін қамтамасыз ететін жасушаның ең ірі органелласы.
- Гликокаликс барлық жасушалар плазмолеммаларымен тығыз байланысып, олардың сыртқы жарғақ үсті қабатын құрайды. Гликокаликс — тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар — гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен тұрады.
- Гольджи кешені бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.