Клиникалық неврология сабақ жоспары

ДӘРІС КЕШЕНІ 

Пәні: Неврология     PNN4306

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дәріс:  12    сағат

Курс:  5

Семестр:9-10

  1. Тақырып: Клиникалық неврологияның даму тарихы. Қазіргі неврологияның актуальды мәселелері.
  1. Мақсаты: Студентерге клиникалық неврологияның даму тарихын және актуальды мәселелерімен таныстыру.
  1. Дәріс тезистері

Неврология- адамның  қалыпты және патологиялық  жүйке – жүйесінің ғылымы. Бұл пән жүйке- жүйесінің құрылысын, қызметін, ( анатомия, гистология, физиология  және т.б) және жүйке- жүйесінің ауруларын ( невропатологиясын) үйретеді. Неврологияның теориялық  бөлімі- нейрофизиология.

Жүйке жүйесінің ауруларының ғылыми ағымы 18 ғасырдан басталады және осы уакыттан бастап мидың клеткаларының гистологиялық мәліметтері алына бастады.

18 ғасырда Кохаль нейрондар теориясын енгізді. Әр бір жасуша  өз қызметін  – трансмиттерге( ацетилхолин, адренолин және т.б) байланысты атқарады.

Бұл неврология ғылымының негізі болып табылады. Нейрон қозу мен тоқтау қасиетіне ие. Нейрон ағзаның өсу мәліметіне  және бұл мәліметті басқа ағзалар мен жүйелерге  жеткізу қасиетін атқарады.

19 ғасырдан бастап – неврологияның 3 кезеңі басталды, – бұл неврофизиологияның үлкен ашылуы болды.

Неврология өз алдына пән болып 19 ғасырдан бастап қалыптьасты, бірақ  жүйке жүйесінің аурулары дәрігерлерді ежелден қызықтыра бастаған.Гиппократ ( 1 ғасыр жаңа дәуірге дейін) бас миының зақымдалуы параличке алып келуін анықтаған.Ол инсульт, энцефалитті, поллимиелитті, эпилепсияны зерттеген және адамдарға 4  түрлі мінездеме берді( холерик, сангвиник, флегматик, мелонхолик).9 ғасырда ежелгі және араб медицинасына қол жеткізген Абу Али Ибн Сина ( Авицина). Осы ғасырыдан бастап  жаңа медицинаның ағымы қалыптаса бастады.Ғалымдардың ( А. Везалия, К. Варолия) еңбектері нәтижесінде  жүйке жүйесінің анатомиясы, жулынның жарақатының клиникалық ағымы, сифилис, уытты полиневрит анықталды.19 ғасырдың басында австрия дәрігері Ф. Галль мидың әр бөлімін  қалыптасуын анықтады. Бас суйегін  зерттей отырып, әр адамның бас миының өзіндік ерекшеліктерін анықтады. Осыдан бастап  ми  болімдерінің  жүйке психикалық  ағымын қалыптастырды.Медицинада үлкен із қалдырған француз дәрігері  Ж.Шарко( 1825- 1893), неврологияны терапиядан өз алдына жеке пән ретінде бөліп шығарды.

Ол жүйке жүйесінің көптеген ауруларын жазды, әлемдік неврология мектебін ашты.

19 ғасырдан бастап  жүйке жүйесі аурулары туралы мәліметтер жазылды.1891  жылы   Г. Квинке ең алғаш рет бас сүйек ішілік қысымды төмендету үшін люмбальды пункция  жасады.

20 ғасырда шетелдік мемлекеттерде неврология және нейрохирургияға негіз  қалаған В. Рот, В.М. Бехтеров, М.И. Аствацатуров, С. Вильсон, С. Давиденко, Н.В Коновалов, Н.К Боголепов, Е.В Шмид және т.б.Орыс физиологтары И.М Сеченов, И.П павлов, Н. Е Введенский, А.А Ухтомский адам ағзасының өсуін анықтады.  С.П Боткин, И.П Павлов  Г. Селье т.б ғалымдар  сонғы вегетативті жүйенің және эндокринді вегетативті бөлімнің бір бірімен байланысын олардың жүйке жүйесінің қалыпты және патологиялық қызметін анықтады. 1934  жылдан бастап  Қазақстанда алғаш  рет ҚазМИде жүйке –жүйесі  аурулары  кафедрасы  ашылды.Алғашқы кафедра  меңгерушісі Е.М.Стеблов  болды.Оның басшылығымен  Қазақстанның  әртүрлі  аймағындағы кене  энцелополитінің нейроинфекциялық және  клинико-эпидемиялогиялық зерттеулері  анықталды.Қазақстандағы  невролог  ғалымдар ангионеврология,нейротравматология,соматоневрология,эпилептология,нейроинфекция,  неврологиялық профпатологияны  анықтауда (  М.Х. Фаризов,Б.А. Атчабаров,  Н.П. Касаткина, З.Н. Брянцева,  М.А. Ахметов, К.Х. Турыспекова,  С.К. Қайшыбаев,  Ю.И Беляев, Р.К. Алдунгарова, Г.Я.Чацкий, У.А. Аманбеков, У.И. Бисимбин, Б.А.Абуов, Г.А.  Дущанова, Е.С. Сейтенов, Н.А. Краснояров, Е.С. Нургужаев,  Т.Т. Бокебаев, Г.Б. Кабдрахманова, М.Г. Абдрахманова,  С.У. Каменова,  Н.С. Қайшыбаев, Т.Н.Хайбуллин,  Б.Н.Раимкулов, С.Т.Турыспекова).Қазақстанда  қазіргі  уақытта жүйке-жүйесінің ауыр  емделетін аурлары бағаналы  жасушаларды  қолдану  арқылы (Ж.А.Досқалиев,А.С.Жүсипова) тексерулер  жургізілуде.Қазақстанда  неврология  ғылыми – мектебіне үлкен  үлес  қосқан Қайшыбаев С.К.Невролог дәрігер жүйке  – жүйесі ауруының емі  мен  диагностикасынмен  айналысады.Барлық  ауруларда жүйке – жүйесінің аурулары  болып  есептелмейді, бірақ ауруды  пайда  болуына  жүйке – жүйесінің патологиялық  ағымы  жатады.Сондықтанда  көптеген дәрігерлер диагностика жүргізіп неврологтың  кеңесіне жібереді.Статистикалық мәліметі  бойынша  дүние  жүзінің  90%  адамдары  омыртқа  ауруларымен ауырады.Остеохондроз,омыртқа  аралық  жарықтар,дисктердің  жылжуы, радикулиттер –  бұл  омыртқа  ауруларға ким  шалдығады?Бұл  бұзылыстардың  барін  дәрігер  невролог  қарайды.Неврологиядағы  міндетті  мәселелер  жүйке – жүйесінің қан – тамырлық  аурулары,бұларға  жедел  және  созылмалы,ми  және  жұлындық  қан  айналым  бұзылысы,  қан  айналу  жетіспеушілігінің жасырын  кезеңдері және  т.б жатады.Неврологтардың  зеттеу  аймағы  болып  бас ауруы,остения, вегатативті дистания,вегатативті криздер,  талып  қалулар  болып жатады.Әртүрлі  жүйке – жүйесінің ауруларын  нейроэлектрофизиологиялық, биохимиялық,иммунологиялық,нейровизуальды  тексерулер  көмегімен  анықтайды.Зерттеулер  нәтижесінде  нәтижелі  емдер  тағайындалады.

  1. Иллюстрациялы материал. Слайдтар, таблицалар
  1. Қорытынды сұрақтар:
  1. Қазақстанның қай  қаласында медициналық оқу  орындары  бар?
  2. Қазақстанның қай  қаласында алғаш рет медициналық институт ашылды?
  3. Қай медициналық институтында  алғаш  рет  неврология   кафедрасы  ашылды?
  4. Қазақстандағы неврологтар  мектебінің  негізін қалаушы  кім?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!