Жеке невртердің, нерв түбіршектерінің және өрімдерінің зақымдануы. Полинейропатиялар. Жүйке жүйесінің вертеброгенді зақымданулары. Эпилепсиялық және пароксизмальді бұзылыстар. Демиелинизирленген ОЖЖ-нің аурулары

ДӘРІС КЕШЕНІ

Пәні: Неврология     PNN4306

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дәріс:  12    сағат

Курс:  5

Семестр:9-10

  1. Тақырып: Жеке невртердің, нерв түбіршектерінің және өрімдерінің зақымдануы. Полинейропатиялар. Жүйке жүйесінің вертеброгенді зақымданулары. Эпилепсиялық және пароксизмальді бұзылыстар. Демиелинизирленген ОЖЖ-нің аурулары.

 

  1. Мақсат: Жеке нервтер, нерв түбіршектері және өрімдері, полинейропатиялар, жүйке жүйесінің вертеброгенді бұзылыстары, эпилепсиялық және пароксизмальді бұзылыс, демиелинизерленген ОЖЖнің ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі бойынша студенттерге түсінік беру. 
  1. Дәрістің тезистері:

Перифериялық жүйке жүйесі,орталық жүйке жүйесімен байланыста және өзара әрекеттесуде болады.Перифериялық нервтер,орталық жүйке жүйесімен бүкіл басқа адамдың тіндері және мүшелерін өзара байланысуын қамтамасыз етеді.Олар  нерв импульстері өтуінің,ОЖЖмен ішкі мүшелер арасындағы макромолекулаларының циркуляциясындағы жалғыз жол болып саналады.Нерв қызметінің бұзылуына,оның тік түрде зақымдануы,артерияларының окклюзиясынан пайда болған ишемия,қабыну және ондағы токсикалық немесе дегенеративтік процесстер себепші болуы мүмкін.

Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша,бүкіл перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануларының бір бөлігіне,еңбекқорсыздықтың барлық күндерінің 68% не сәйкес

келеді.Олар,суық тию ауырулары және жарақаттардан кейінгі 3ші орында тұрады.

Перифериялық нервтердің зақымдануындағы морфологиялық негізі – бұл

валлерлік азғындау(нервті кесу кезіндегі пайда болатын реакция),аксональді дегенерация,сегментарлық демиелинизация,нерв жасушалары денелерінің біріншілікті зақымдануы.

Бүкілодақтық перифериялық жүйке жүйесі аурулары 1982-1984жж.  проблемалық комиссияның классификациясы бойынша,перифериялық жүйке жүйесі аурулары(слайд)

Невропатияның барлық түрлері екі клиникалық топқа бөлінеді:мононевропатиялар және полиневропатиялар.Мононевропатияларда бір ғана нерв,нерв түбіршігі немесе нерв өрімінің бір бөлігі  зақымданады.Зақымдану,әдетте қысылу,жарақат,ишемия немесе интоксикациямен байланысты,аз емес жағдайларда мононевропатиялардың этиологиясы әлі анықталмаған.Мононевропатия кезінде қимыл және сезімталды бұзылыстар нервтің,түбіршек немесе өрімдің зақымдануы аймағымен шектелген. 

              Бет нервінің невропатиясы. 

Этиологиясы.Бет нервінің зақымдануы,суық тию аурулары,қан-тамырлық бұзылыстар,Фаллопиев каналындағы нервке ісініс беретін ішкі құлақ аурулары,негізгі сынуымен бассүйек жарақаттары стоматологиялық операциялар әсері нәтижесінде  пайда болады.

Клиникасы.Нервтің бағанасы немесе ядросының зақымдануында,сол бет жартысының бүкіл мимикалық бұлшықеттері салдануға ұшырайды.Мұрын-еріндік іркістер паралич бар жағында тегіс,ауыз сау жаққа қарай созылады.Көздің шеңбір бұлшықетінің терең порезі немесе параличі кезінде қабақтардың толық жабылмауы(лагофтальм немесе”қоянкөз”) ашық көз саңылауынан аққабақ көз алмасына қарай жоғарыға бұрылған(бел феномені).Шеңбер бұлшықетінің шамалыәлсіздігінде науқас көзін жаба алады,ал егер одан қатты жабуды сұрасақ,зақымдалған кезде кірпіктер симптомы байқалады.Егер науқасқа ұрттарын үрлеуін айтсақ,зақымдалған жерде ауыз бұрышынан ауа шығады(желкен симптомы).Топикалық диагнозды қою үшін,бет нервінің зақымдануы,үлкен нервтің шығуынадейін,Фаллопиев каналында мимикалық бұлшықеттердің параличі,парездан басқа,жас безінің гипофункциясы және көздің құрғақтығымен сипатталады,төменде n.petrosus major дың шығуы

жас ағуды шақырады.Төменде үзеңгі нервінің зақымдануы,гиперакузия-жағымсыз,күшті түрдегі дыбыс қабылдауға алып келеді.Дабыл пернесінің (chordate tympani) немесе бет нервінің зақымдануы,шығу жерінің жоғарысында тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу жойылады және жақсүйекастқы және тіластқы сілекей бездерінің гипофункциясы болады,бірақ құрғақтық жоқ,өйткені қызметтегі сілекей безде қарама қарсы жағына және құлақмаңы безін компенсирлейді.Төмендегі chordate tympaniнің зақымдануы, қимылдық бұзылыстар және жас ағуға алып келеді.Бет нерві ядросының зақымдануында,дамыған параличпен,зақымдану жағында және спастикалық гемипарез параличі ошаққа қарама қарсы жағында-алма кезек ауыспалы Мийяр- Гюблер-Жюбле параличі деп аталады және ол бет нерві ядросына жақын орналасқан пирамидалық жүйенің зақымдануына байланыста болады. Бет нервінің орталық парезін перифериялық зақымданулардан айыра білу керек.Қыртыс-ядролық талшықтардың бір жақтама зақымдануында төменгі мимикалық  бұлшықеттеріңпараличі ошаққа қарама қарсы болып орналасады.Бұл тілдің,қол немесе бүкіл дене жарты бөлігінің орталық параличі мен бірге болуы мүмкін.

Емдеу.Көптеген авторлар бет нервінің нейропатиясында ерте максимальді түрде глюкокортикоидтерді тағайындайды.Бастапқы

өткір кезеңдің үшінші күнінде в/і глюкокортикоидтерді қабылдау,мысалы гидрокортизонды 125 Бірл,2рет тәулікте және бір уақыттың өзінде  25 Бірл гидрокортизонды жергілікті біз-емізік тәрізді тесігі аймағына қабылдау тағайындалады.Бірақ,жергілікті инъекцияларды сергектікпен қабылдау керек,себебі,ине арқылы нервке зақым жеткізуі мүмкін.Келесі күндерде преднизолон,тәулікте 1г,дозасын азайтып беріледі.Емдеу курсы  2-3 аптаны құрайды.Аурудың  4-5 күнінен фонофорез гидрокортизон немесе  ультрадыбыспен бірге тағайындалады.

Глюкокортикоидтардан басқа,осмодиуретиктер глицерин ішке 1к/кг тәу/шербетпен ішу/манит 15% ерітіндіде в/і 200-400мл.Бет

нерві нейропатияларының парезмен бірге 10% маннитолды  200-250мг қосумен қабылдауға болады, 10-15мл трентал. 9 күннен пероральді гормондар қабылдау керек,герпетикалық этиологиясы бар ауруларда дезоксирибонуклеаза және басқа вирусқа қарсы агенттерден қолданылады.

Үшкіл нервінің невралогиясы, Фозергиль ауруы.

 Этиологиясы.Үштармақты нервінің невралгиясы полиэтиологиялық себептеріне,болған инфекциялар,сүйек каналдары өзгерістері жатады.Тригеминиальді невралгияның этиологиясын табу оңай емес.

Клиникасы. Ауру әдетте 50жастан кейін кездеседі.Жиі үстінгі жақсүйек нерві зақымданады(үштармақты нервтің екінші немесе үшінші бұтағы). Аурулыр бастапқы кезде,локальді белгіге ие,сол немесе басқа тіске,қызылиеккепроекцияланады,аурулар сонымен байланысты  стоматологтарға жолығады.Кейін аурулар келесі бұтақта иннервацияланады.Аурулардың  ерекшелігі,бұл бір неше секундқа созылатын пароксиздің қысқа уақыттылығы.Асқыну кезінде ауру ұстамалары кез келген қоздырғыштар арқылы ұрындылады,мысалы сөйлеу,шайнау,тамақ,мимикалық әрекеттер. Аурулық пароксизм кезінде,қыбырлаудан және бетке тиісуден  қорқып  ,аурулар тоқтайды.Кей кездерде аурулар өз ұрттарын сүртеді немесе ауру сезімін тоқтату ретінде самайды басып отырады.Ауру ұстамалары жиі,бет бұлшықеттерінің жиырылуымен

сипатталады-ауру тикі.Үштармақты нервтің невралгиясы үшін сипатты  белгі бұл триггерлік аймақтардың болуы,өте күшті қозғыштыққа ие,әр түрлі көлемдегітері немесе шырышты қабаттың бөліктері .Олардың тітіркенуі аурулық ұстамаларды дамуына себепші  болады. Д.Диагнозды  тіл жұтқыншақты нерві(IX)невралгиясымен бірге жүргізу керек ,триггерлік аймақтар тіл түбірінде,бадамшабезде,таңдай доғасында орналасады.Тағы,глоссамия,онда науқастар,ауру сезімі,ауырсыну сезімі,тілде шаш бар сияқты сезім,ауызда құрғақтық сезімдеріне шағым жасайды.Ауру және триггерлік аймақтар болмайды.

Емдеу   :

1.Қояншыққа қарсы дәрілер-карбамазепин(тегретол,финлепсин,зептол,стазепин)тәулікте  100-200мг, 2-4рет ,1000мгға дейін;сукцимид (суксилеп,пикнолепсин)тәулікте 250мг;триметин күніге 0.2г, 3-4рет.

2.Аналгезиялық дәрілер(анальгин,бутадион,вольтарен,индометацин және т.б)

3.В,РР топ витаминдері

4.Қан тамырлық дәрілер(трентал 5мл в/і,эуфиллин-2.4% ерітінді 10мл)

5.Стереотоксикалық  гидротермикалық немесе электрикалық,Гассеров түйіні немесе үштармақты нерв түйіршігі деструкциясы(Л.Я.Лившиц,Т.И.Изаков)

6.Үштармақты  нерв түбіршегінің  декомпрессиясы 

Полинейропатия этиологиясы,патогенезі,клиникалық көріністері.

 Бұл невпатияның үлкен бір тобы болып,ішіне симметриялық және перифериялық жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы.Полиневропатия ,оксонопатия және миелинопатияларға,яғни перифериялық  жүйке жүйесі қызметінің анатомо-физиологиялық түсініктерінде негізделенеді.

Этиологиясы.

1.Қабынулықпроказа,бруцеллез,лептоспироз,сифилис кезіндегі  нервтердің жұқтыруы есебінен

2Аллергиялықинфекциядан кейінгі(грипп,ангина,жәншау,энтеровирустық аурулар,жұқпалы гепатит,коллагеноздар,саркоидоз,полимиозит)вакцинадан кейінгі,сарысулық.

3.Токсикалық -инфекциялардың жедел және созылмалы түрлерінде (сүзек,дифтерия,дизентерия,соз,туберкулез және т.б),дәрілік ,инсектицидтер,күшәла,қорғасын,сынаптан ұланудан

4.Дисметаболикалық-ішкі мүшелер және ішкі секреция бездерінің экзо және эндогенді аурулары,В1,В2,В6,В12,фолиялық

қышқылы,алкоголизм,қан,бүйрек аурулары және жүктіліктің асқыну кезеңдері.

5.Полинейропатиялар-қатерлі жаңа өспелер болуы кезінде

6.Рефмус ауруы,порфирия,нейрофиброматоз,біріншілікті амилоидоз,генетикалық сертті.

7.Ірі тамырлардың шекті зақымдануындағы нервтің ишемиялық зақымдануы.

Көп жағдайларда ауру,симметриялық  сенсорлық немесе моторикалық,жиі олардың үйлестірімдері бұзылыстарымен сипатталады.Дистальді сіңірлі рефлекстері,әсіресе Ахиллов рефлекстері болмайды.Сезімтал бұзылыстар “нәскилік” және  “қолғаптар” түрінде болады.Егер бұл процессте,перифериялық нервтерден басқа,жұлындық түбіршектер қатысса,полирадикулоневропатия терминін қолдану жөн.Мұндай жағдайларда  проксимальді бұлшықеттер басымдық көрсетеді.

Полиневропатияның 4 түрлі ағымы бар:жедел(бір аптаға дейін),жеделастылық(1айға жетпей),созылмалы(1ай) және қайталанушы(көп жылдар ішінде болатын қайталмалы асқынулар).Полиневропатияда ауру сезімдері процесстің өткірлігіне,зақымдалған талшықтар санына байланысты.Созылмалы идиопатиялық сенсорлық невропатия  атаксиямен бірге жүреді.Невропатия кезінде гиперпатия,дизестезия нервтің зақымдалған бөлігіндегі аксональді өсінділер регенерациясына байланысты.Диагностикадағы зерттеу әдістеріндегі маңызды рөльді цереброжұлындық сұйықтықты анықтау ойнайды.Демиелинизирленген қабынулық полирадикулоневропатияның өткір немесе созылмалы түрінде ақуыздар санының жоғарылауы диагностикалық критерийлердің бірі болып есептеледі.

 Емдеу.Полирадикулоневропатиялар және полирадикулоневриттерді емдеу барысында,әсіресе полирадикулоневропатияларда,егер этиологиясы анық болмаса,нақтыланбаған,ал егер қиналу этиологиясы айқын түрде болса, ол нақтыланған болып саналады. Нақтыланбаған емдеу

шарасы,глюкокортикоидтер есебінен амалға асады. Преднизолон 40-150мг/ тәулікте.Егер науқастарда емдеу нәтижелері байқалмаса, иммунодепрессорлар(азатиоприн) қосылады. Венаішілік иммуноглобулиндер 4г/кг дозасымен тәулікте,40 мл/сағат жылдамдылықпен бес күн ішінде қолданылады.Ауру сезімі пайда болған жағдайда,лидокаин в/і. Нақтыланған емдеу түрі. Эндогендік интоксикациялар кезінде негізгі емдеу шаралары сәйкес келуші ауруларды, мысалы, диабет, нефропатия және басқаларды  емдеуге бағытталады.

Асқазан-ішек жолы ауруларында пайда болатын полиневропатиялар кезінде, В1витаминінің эндогендік жетіспеушілігін есепке алып,В витамині,әсіресе В12-тиамин витаминдерін тағайындау керек. В1витаминінің азаюы  фолиев қышқылы жетіспеушілігі әсерінен дамийды.

Алкогольдік полиневропатиялар кезінде, күніге 10мл, 5%тиамин ерітіндісін бұлшықетішілік түрде қабылдануы керек.Гийен-Барре синдромында,плазмофорез өте нәтижелі болып есептеледі.

Омыртқа остеохондрозы неврологиялық асқынуларының клиникалық көріністері(радикулопатия).

Жұлын-милық түбіршіктері зақымдануының себебі, омыртқа-аралық  дискілері және омыртқаларда жүретін дегенеративті-дистрофикалық процесстер яғни остеохондроз  болып есептеледі.Остеохондроз адамда белсенді 25-55 жас аралығында болуы мүмкін.Дүниедегі әр екі адам остеохондроз ауруымен аурады.  Бұл үлкен экономикалық жоғалтуларға алып келеді (АҚШта жылына емдеуге 1млрд $  кетеді). Остеохондроз,генетикалық бейімділігі бар болған адамдарда, 48% ауруларда табылған.Омыртқаның жетілу процессі 18-20 жасқа келіп тоқтайды.Статико-динамикалық жүктемелер әсерінен дискінің дегенеративті дистрофикалық зақымданулар пайда болады.Нәтижеде,омыртқааралық дискілерінің жарығы пайда болуы мүмкін,ол пульпоздық ядро және фиброздық алқаның омыртқалық каналына және омыртқааралық тесіктеріне қарай томпаюын дамытады.Өйткені,алдыңғы ұзына бойлық байламы,артқы байламға қарағанда мықты,томпаю процессі жиі

артқы немесе артқы шеткі бағытта болады,ол жұлын-милық түбіршіктің қысылуы немесе бұлшықет-буын аппараты тітіркенуіне алып келеді,сол немесе басқа деңгейлерде ауру болады.Орналасуы бойынша:мойындық,мойын-кеуделік,кеуде,белдік,бел-сегізкөз радикулопатиялары болады.Ең көп кездесетіні,бұл бел-сегізкөз бөлімінің зақымдануы,ол LIV-L5 және L5-S1 дискілерінің ерте уақытта бірге алып жүруге байланысты. Сондықтан L5 және  S1 түбіршіктері қысылуы жиі кездеседі. Түбіршіктер компрессиясының клиникалық көріністері: ататын аурулары, дерматомдық гипалгезия, перифериялық парез,терең рефлекстің әлсіреуі. Әдетте, омыртқаның рефлекторлық қисаюы – скалеоз, оның дөңес жағында орналасады. Түбіршікті аурулар, әрекеттер және жөтелү (Дежерин симптомы), түшкірү кезінде күшейеді. Тексерү кезінде паравертебральді Гор нүктелерінде,шонданай нервінің жолында валле нүктесі, ауру сезімі байқалады.Тартылудың оң симптомдары :  Ласега, Нери, Вассерман, Мацкевич және басқалар.

Емдеу.

1.Толық тыныштықты сақтау және омыртқаның зақымдалған бөлігіні иммобилизациясы 3-4 күн.

2.Омыртқаны фиксациялау (мойын бөлімінің зақымдануына былғары немесе Шанстың гипстік жағасы,штангисттің кең былғары поясы немесе омыртқаның бел-сегізкөздік бөлімінің зақымдануында киюге болады) 

3.Анальгезиялаушы дәрілер:салицилаттар(аспирин),пиразолонтуындылары(бутадион,анальгин),бейстероидтық қабынуға қарсы(индометацин,вольтарен,диклофинак),В тобы витаминдері.

4.Дегидратациондық терапиясы(диакарб,верошпирон)

5.Бұлшықет релаксанттары – мидокалм,сирдолут

6.Паравертебральдік,бұлшықетішілік,эпидуральді,преганглионарлық блокадалар – новокаин 0.5%ерітінді, 10-40мл, 50% ерітінді 2-4мл анальгин,гидрокортизон 25мг,В12 витамині  500-1000мкг.

7.Димексидпен бірге аппликация жасау.

8.Физиотерапия-диадинамикалық және синусоидальді модулирленген тоқтар

  1. Мануальді терапия,массаж,емдік дене жаттығулары

10.Оперативті емдеу

  1. 4. Иллюстрациялы материал. Слайдтар, таблицалар

Бақылау сұрақтары :

  1. Перифериялық жүйке жүйесіне не жатады
  2. 5ші жұп нервтері невралгиясына тән негізгі симптом

3.Невропатиялардың негізгі этиологиялық факторлары қандай

  1. Бет нерві невритіне тән клиникалық симптомдар
  2. Шарко триадасына қандай белгілер жатады

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!