Бағалау қағазы
Емтихан күні: «____» __________ 20___
Мамандық: Жалпы медицина
Курс: 5
Студент №________________
Станция: Жүрек-өкпе-милық реанимация: жаңа туылған нәрестелерде «ауыздан ауызға және мұрынға» әдісімен ӨЖЖ
№ | Кезеңдері | Іс-әрекет кезектілігі (қадамдар) |
1 | Жағдайын бағалау | 1. Өмірінің алғашқы минутында бала жағдайын үш негізгі белгімен бағалайды: -өздігінен тыныс алудың болуы және сипаты; -ЖЖЖ (иық артериясынан пульсті анықтау, бұл шараға 10 сек артық уақыт жұмсамау) -тері жамылғысының түсі |
2. Баланың тірі туылғанын көрсететін белгілердің кемінде біреуі болса, бірішілік реанимациялық шаралар жүргізіледі: – өздігінен тыныс алуы; – жүрек соғуы(жүректің жиырылу жиілігі); – кіндіктегі пульсация; – бұлшықеттердің еркін қозғалысы | ||
3. Егерде баланың тірі туылғанын көрсететін белгілердің ешқайсысы болмаса, бала өлі туылды деп саналады, реанимациялық шаралар жүргізілмейді.
| ||
2 | Науқасты ЖӨМР-ға дайындау | Сыртқы есту кіреберісі мен иық бір деңгейде жатуын қадағалап, баланы тегіс, қатты беткейге жатқызу |
3
| Жоғары тыныс жолдарын тазалау және оның еркін өткізгіштігін қамтамасыз ету | 1. Ауыз қуысы-жұтқыншақ санациясы өмірінің алғашқы 10 сек адекватты тыныс алуы пайда болмаған және ауыз қуысынан көп мөлшердегі бөліністер болған балаларға көрсетілген |
2. Ауыз қуысын бөліністерден баллончиктің көмегімен санация жасау керек | ||
3. Санация ұзақтығы 5 сек аспау керек | ||
4. Бірінші ауыз қуысын санациялау керек, кейіннен қажет болған жағдайда мұрын жолдарын | ||
5. Жұтқыншақты терең санацияламау керек, себебі ол брадикардия, ларинго- және бронхоспазм шақыруы мүмкін | ||
4 | «Ауыздан ауызға» әдісімен ӨЖЖ | 1. Сафар әдісін жасау: басын шалқайту, астыңғы жақты шығару, аузын ашу |
2. Мұрнына және аузына марлелі дәке койып, аузы және мұрнына бір мезгілде үрлеу | ||
3. Науқастың кеуде торы көтерілгені көрінетіндей, 1 сек ішінде жылдам үрлеу керек | ||
4. Үрлеген ауа көлемі, шамамен, реаниматордың ауыз қуысына сиятын ауа көлеміндей болуы қажет | ||
5. Науқастың дем шығаруы пассивті және толық болуы керек | ||
5 | Жүректің тікелей емес массажы: қолды дұрыс қою
| 1. Жүректің тікелей емес массажы 30 сек бойы адекватты ӨЖЖ бола тұрып, ЖЖЖ 60 соқ/мин кем болса көрсетілген |
2. 1 жасқа дейінгі балалардағы жүректің тікелей емес массажын екі қолмен ұстап жасау әдісі(ЖӨМР екі реаниматолог жүргізгенде ыңғайлы): – баланың оң немесе сол аяқ жанынан тұрыңыз – баланың кеуде клеткасын екі қолдың саусақтары арқасында жататындай, ал басбармақтары кеуденің төменгі бөлігінде емізік аралық сызықтан төмен жататындай етіп ұстаңыз. Басбармақтар семсер тәрізді өсіндіні басып тұрмағанына көз жеткізіңіз(саусақтарды дұрыс қоймаған жағдайда бауырды зақымдап алу қаупі бар). Егер бала мүлдем кішкентай болса, саусақтарды айқастырып алуға болады. – баланың кеуде клеткасын екі қолмен нығыз ұстап, басбармақтармен компрессия жасау керек | ||
3. 1 жасқа дейінгі балалардағы жүректің тікелей емес массажын екі саусақпен компрессия жасау әдісі(ЖӨМР бір реаниматолог жүргізгенде ыңғайлы): – бір қолдың ортаңғы саусағы мен сұқ саусағын кеуденің төменгі бөлігіне емізік аралық сызықтан бір саусақ төмен жататындай етіп орналастырыңыз | ||
4. Массаж жасау кезінде саусақтар кеуде торынан ажырамауы керек | ||
6 | Жүректің тікелей емес массажы: компрессия жасау | 1. Кеуде торын терең басу керек, шамамен 4 см. Тікелей емес массаждың тиімділігін массаж жасау кезіндегі ірі қантамырларда пайда болатын пульсті пальпациялау арқылы анықтай аламыз. |
2. Жүректің тікелей емес массажын ӨЖЖ жиілігі 3:1 қатынасында жүргізу қажет. Минутына 90 компрессия және 30 үрлеу жасау керек | ||
3. Тікелей емес массаж бастағаннан 30 сек өткен соң ЖЖЖ бағалаймыз(реанимациялық шаралар кезінде ЖЖЖ 6 сек ішінде бағаланады. Кейіннен 6 сек ішінде санаған жиырылулар санын 10-ға көбейтеміз, сонда 1 мин ішіндегі ЖЖЖ анықтаймыз). | ||
4. Екінші қолымызды( компрессия жасап тұрған қол емес) компрессия жасап жатқан кезде баланың басын ұстап тұру үшін қолдансақ болады(бас және мойын жарақатының белгілері жоқ болса). Жарақаттары болмаса шалқайтып ұстап тұру үшін, бас немесе мойын жарақаты болса басты шалқайтпай қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін. | ||
7 | Реанимация шаралары-ның нәтижесі
| 1. Егер ЖЖЖ 60 соқ/мин жоғары болса, жүректің тікелей емес массажын тоқтатып, адекватты өздігінен тыныс алу пайда болғанша ӨЖЖ жүргізу қажет |
2. Жасалынған реанимациялық шаралардың оң нәтиже бергенін келесі көрсеткіштер бойынша бағалай аламыз: – қалыпты және тиімді өздігінен тыныс алу; – ЖЖЖ 100 соқ/мин жоғары болуы | ||
3. Жаңа туылған балаларда 10 мин көлемінде өздігінен жүрек жиырылуы пайда болмаса, реанимациялық шараларды тоқтатуға болады |