Бағалау қағазы
Емтихан күні: «____» __________ 20___
Мамандық: Жалпы медицина
Курс: 5
Студент №________________
Станция: Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау және жүргізу
№ | Кезеңдері | Іс-әрекет кезектілігі (қадамдар) |
1 | Коммуника-тивті дағдылар | 1.Науқасқа өзін таныстыру. Іс-шара барысында өз іс-әрекетіңізді түсіндіріп, шыдамдылық, мейірімді кейіп танытып, науқастың сұрақ қоюына мүмкіндік беру. Енгізіп жатқан дәріге аллергиясы жоқ екеніне көз жеткізу. |
2
| Қолды өңдеу | 1.Науқастың қай қолына енгізу керектігін анықтау. |
2.Шынтақ буынында қолын толық жазып, қол астына жастықша қою | ||
3.Қолды жуып, кептіріп, антисептикпен өңдеу. | ||
4.Стерильді қолғап кию | ||
3 | Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау | 1.Құтынын сыртындағы жазуын оқу: атын, мерзімін. Жарамдылығына көз жеткізу(түсі, мөлдірлігі,тұнбасы). Жүйені қолданбас бұрын оның мерзімін, қаптаманың герметикалығын, ине қақпағының бүтіндігін тексеріп, қаптаманы ашу. |
2.Дәрілік ерітіндісі бар флакон тығыншасынан метал немесе пластмассалы дискісін алып тастап, тығындыны спиртпен өңдеп, «ауалық фильтрден» иненің қақпағын алып, оны тығындыға енгіземіз. | ||
4 | Жиналған жүйеден ауаны шығару | 1.Сұйықтық ағатын регуляторды жабу (қысқыш). «ауалық фильтрдің» бекітпесін ашу. |
2.Флаконды аударып, штативке бекітеміз. | ||
3.Тамшылатқыштың ауалық фильтірін басу арқылы жүйені жартысына дейін флакондағы ерітіндімен толтырамыз. | ||
4.Қысқышты ашып , т/і инъекция жасау үшін иненің қақпағын аламыз | ||
5.Жүйені ерітіндімен толтырамыз. Қысқышты жауып, жүйеде ауа жоғын тексеріп, қақпағын жабамыз – жүйе ерітіндімен толған, т/і тамшылатып енгізуге дайын. | ||
5 | Вена функциясы | 1.Науқастың иығының төменгі үштен бір бөлігіне жгут орналастырамыз. Науқастан саусақтарын бірнеше рет бүгуін сұраймыз(жұдырығын қысу), егер науқас істей алмаса, білегінен басып, қанды шынтақ венасына айдаймыз. |
2.Венаны пальпациялаймыз | ||
3.Бірінші стерильді шарикпен үлкен аймақты өңдейміз. Екінші стерильді шарикпен кіші аймақты, үшінші стерильді шарикпен инъекция жасайтын орынды өңдейміз. | ||
4.Оң колға инені алып, ақырын қақпағын ашып, иненің үшкір бұрышын төмен қаратып, сол қолдың бас бармағымен венаны бекітеміз. Бір қимылмен тері мен көктамырды бірден тесетіндей етіп иненің үшкір бұрышын венаның жолымен енгіземіз. | ||
5.Вена пункциясының сәтті орындалғанының белгісі – инеде қан пайда болуы | ||
6.Жгутты шешу | ||
6 | Құюдың өтуін бақылау | 1.Құю жылдамдығын қысқышпен орнатамыз (1 минуттағы тамшылар санымен) |
2.Инені лейкопластермен бекітеміз | ||
3.Құю барысында науқастың жағдайын бақылау, жүйенің қалыпты қызметін тексеру: сұйықтықтың сыртқа ағуының жоқтығын, жүйеге ауа кірмеуін, құю аймағында инфильтрация немесе ісік болмауын бақылау. Ине тромбталып қалса және құю тоқтаса, пункцияны басқа венадан немесе сол венаның басқа жерінен жасап, жүйені қайта жалғаймыз. | ||
7 | Құюды аяқтау | 1.Тамшылатып құюды флаконда сұйықтық қалмағанда және одан тамшылатқышқа түспегенде тоқтату. Инені венадан шығару |
2.Ине орнын спиртке малынған мақта шаригімен басу | ||
3.Науқасқа қолын шынтақ буынында бүгіп, спиртке малынған шарикті 2-3 мин ұстауын өтіну. Егер науқас ессіз жағдайда болса лейкопластырмен бекіту. | ||
8 | Процедура-ның аяқталуы | 1.Жүйені флаконнан ажыратып, оны Б классына жататын медициналық қалдықтарға арналған құтыға салу. |
2.Қолғапты шешіп Б классына жататын медициналық қалдықтарға арналған құтыға салу . | ||
3.Қолды жақсылап жуып, орамалмен кептіру. |