Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігі, Қазақстан Республикасы                                   Байланыс және ақпарат министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру
Міндеттері халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;
әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамыта отырып, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын, азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру;
кадр әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағдарланған медицина ғылымын дамыту.
Іске асыру мерзімі2011 – 2015 жылдар
бірінші кезең: 2011 – 2012 жылдар
екінші кезең: 2013 – 2015 жылдар
Мақсатты индикаторлар2013 жылға қарай:
Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.
2015 жылға қарай:
халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;
ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;
туберкулезбен сырқаттанушылық 10 %-ға төмендейді;
дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;
халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы төлем тетігі енгізілді;
денсаулық сақтаудағы инвестициялардың тиімділігін бағалау әзірленді;
тиімді тарифтік саясат енгізілді;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің  30 %-ын жалпы практика дәрігерлері ұсынады;
стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қолжетімділік арттырылды;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;
дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 25 %-ға дейін ұлғайды;
дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға  ұлғайды;
халықтың арасында темекі шегу, нашақорлық және алкогольді шектен тыс тұтыну 15%-ға төмендеді.
Қаржыландыру-дың қажетті ресурстары мен көздері Бағдарламаны іске асыруға 2011-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат (тар) жұмсалатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 427 525,9 млн. теңгені құрайды.

Жылдар бойыншаБарлығыРеспубликалық бюджетЖергілікті бюджетБасқа көздер
2011 ж.78 894,378 313,01581,24200
2012 ж.109 723,1104 971,1552,04200
2013 ж.113 891,6109 112,2579,54200
2014 ж.119 970,1115 111,9658,34200
2015 ж.129 681,4120 553,4727,94200
барлығы552 160,4528 061,63 098,821000

2001 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті  бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Одан әрі Республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі  болуы тиіс.  Яғни, денсаулық сақтау мемлекеттің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс.  Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыс, коммуникациялық-психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті өзара байланысты элементтері болып табылады.
Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімді және дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік және қазіргі заманғы институционалдық даму базалары сияқты компоненттер қажет. Қазақстанда экономиканың әлеуметтік секторларын дамыту шеңберіндегі денсаулық сақтау саласын дамытудың ұлттық институттары қажет, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және қаржылық қамтамасыз ету болуы тиіс.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді  түсінік болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсіби деңгейін және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету процестерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады.
2010 жылғы Жолдауда Президент жақын онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.
Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының  қазіргі заманғы жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері анықталды.     
Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық ықпалдастықты ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Саланың нарықтық қатынастарға бейімдеу көзделген: меншік  нысандарының көптұрпаттылығын дамыту, медициналық қызметтердің нарығын құру, медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастар.
Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау  арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай нақты нәтижелерге қол жеткізілді:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;
Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдірудің  2008 – 2010 жылдарға арналған шаралары туралы, Қазақстан Республикасында 2006 – 2010 жылдарға арналған ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасында 2008 – 2016 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жөніндегі, 2008 – 2016 жылдарға арналған салауатты өмір салты жөніндегі салалық бағдарламалар әзірленді және енгізілді;
шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты, мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау мәніне балаларды, ересектерді профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау үшін әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізіледі;
дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;
мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, желінің мемлекеттік нормативі бекітілді;
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;
медициналық тәуелсіз сараптама жүйесі құрылды;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде;
стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде шоғырландыру жүргізілді, ал  2010 жылдан бастап республикалық деңгейде жүргізілді;
денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жұмыстары басталды;
Дүниежүзілік банкпен бірлескен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жобаны іске асыру жұмыстары басталды;
Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;
денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологияларды енгізу басталды: барлық өңірлерде медициналық ақпараттық-талдау орталықтар құрылды;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, вертикальды басқару құрылды;
денсаулық сақтау саласындағы бақылаудағы тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.

Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық 

Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде:
демографиялық жағдайды жақсарту, халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы;
өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы – 9,74 (2005 ж. – 10,37);
халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. – 8,05) дейін өсуі анықталды.
Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады.
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың  сәл ұлғаю (1,7%) үдерісі белгіленді. Ел өңірлерінде барлық аурулар бойынша сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда  Солтүстік Қазақстан –  9,7%-ға, Батыс Қазақстан – 4,0%-ға, Алматы – 3,8%-ға, Маңғыстау – 1,1%-ға, Ақтөбе облыстарында – 0,5%-ға және Астана қаласында–  7,9%-ға ұлғайғандығы байқалды. Тоғыз облыста және Алматы қаласында төмендеу байқалады.
Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу органдарының аурулары (39,37%), екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%), қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.
Демографиялық жағдайдағы оң қозғалыстарға қарамастан, ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу денсаулығы өзекті проблема күйінде қалып отыр, 16%-ға дейінгі некелер бедеу болып отыр. Бұл көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) кеңінен таралушылығына және аборттардың жоғары деңгейіне байланысты, бұл өз кезегінде халықтың, әсіресе жас адамдардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқымен анықталады. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-уі жасанды үзумен аяқталады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үдерісі бар және 2008 жылы 1000-ға шаққанда 31,1 құрады.
Аналар өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж.-40,5; 2009 ж.-36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр. Аналар өлім-жітімінің ең жоғары өлім-жітімі 2009 жылғы 100 мың тірі туғандарға шаққанда Атырау облысында – 57,0. Орта республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысы бойынша 55,9 және Қызылорда облысы бойынша 42,6 құрады.
2005 жылы нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1 құрайды. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерін енгізу арқылы нәрестелер өлім-жітімінің  20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі анықталды.
Нәрестелер өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады (60,4%). Нәрестелердің өлім-жітімі құрылымында екінші орынды  туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігінің, ата-аналарының салауатты өмір салтын сақтамайтындығының және республиканың тұтасымен бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайдың дәледі.
2007-2009 жылғы деректердің талдауы 1 жасқа дейінгі балалардың респираторлық аурулармен және пневмониядан өлім-жітімі өлім-жітімнің барлық себептерінен 3 орынды немесе инфекциялық аурулардан 1 орынды алады.
2008 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының 33 774 жағдайы тіркелді. 2008 жылы 5 жасқа дейін балалар өлім-жітімі жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады, пневмониядан 1,5 мың бала шетінеді.  Қазіргі таңда пневмококктық инфекциядан ең тиімді және экономикалық пайдалы профилактикалық іс-шаралар вакцинация болып табылады.  Республиканың профилактикалық екпелерінің күнтізбесіне  2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын 50%-ға дейін, өлім-жітімін 20%-ға дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар барлық халықтың санының 7,7 %-дан астамын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының болжамдары бойынша жақын жылдары Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны 11%-ға артатындығы күтілуде. Егде жастағы адамдарға медициналық көмекті жақсарту үшін республикада геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.
Өткен бесжылдық кезеңінде әлеуметтік елеулі аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде халықтың сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады. Осылайша, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай ауыр күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 94-орынды (2007 жылғы көрсеткіш 130,0) және туберкулездің бизнеске әсер етуі тұрғысынан 111 орынды алады.
Жүргізіліп отырған көлемді құрылысқа, туберкулезді «DOTS-плюс» емдеу бағдарламасын іске асыруға қарамастан, туберкулездің таралуын, дәріге төзімділіктің дамуын, туберкулезден болатын өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.
Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендегендігі байқалады, сонымен қатар асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім көрсеткіші жалпы өлім-жітім себептерінің ішінде үшінші орынды алады (12,6%).
Тұтасымен республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуімен қатар ірі өнеркәсіптік өңірлер бойынша көрсеткіштердің өсуі белгіленді. Қатерлі ісіктердің үлес салмағының ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан –  44,5% және Павлодар облыстарында – 44,5% байқалады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында (орта әлемдік көрсеткіш 1,1 % болғанда халықтың 0,2%-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркелгендердің санынан 2 есе артады. Өткен 2009 жылы ең жоғарғы басымдылық Алматы қаласында – 0,326, Павлодар – 0,264, және Қарағанды облыстарында 0,223 белгіленді.
АИТВ  жұқтырғандардың жалпы санының шамамен ¼-н құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. 2008 жылы жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасының жиілігі 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға арта отырып, 0,07 % құрады, бұл АИТВ-ның анадан балаға берілу әлеуетін арттырады. Сонымен қатар, ал АИТВ/ЖИТС бойынша жағдайдың нашарлауының нақты қауіпсіздігі бар күрделену мүмкіндігі жоғары, халықтың АИТВ туралы білім-танымдары төмен.
Жарақаттанушылық тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген әлем елдері үшін де қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орынды, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады. Әртүрлі жарақат алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жүйелі тәсіл жоқ.
Соңғы жылдар  алғашқы мүгедектік деңгейінің теріс динамикасы қалыптасты (республикада бірінші мүгедектікке шығудың қарқынды көрсеткіші 2007 жылы – 10 мың халыққа шаққанда 27,7 жағдайды, 2008 жылы – 28,8, 2009 жылы – 29,2-ні құрады), бұл  денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығының нашарлығын куәсі болып табылады.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен дамыған ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары,  онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және тағы басқалар) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.
Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады, маңызды инфекциялық аурулардың бір қатары төмен деңгейде тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминация міндеті жолға қойылған.
Жыл сайын  қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылғы қорытынды бойынша  81,8%-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың сырқаттанушылығының топтық жағдайларына жол берілген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдай күрделенгені туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.
Сонымен қатар, қызметтің инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту мәселелері шешімін таппай келеді. Өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігін арттыру қажет,  аккредиттеу жүйесі нашар дамыған, зертханалық зерттеулердің және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының қауіп-қатерлерін бағалаудың халықаралық стандарттары жеткіліксіз енгізілген. Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған. Дезинфекциялаумен және дератизациялаумен айналысатын ұйымдардың қызметін бірыңғай үйлестіруді қалыптастыру бөлігінде олардың қызметін жетілдіруді, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруды талап етеді.
Биологиялық терроризмнің өсу қауіптеріне және аса қауіпті инфекциялардың таралуына байланысты ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін құру қажет.
ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір салтына, көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры жүйелерінің аурулары, қант диабеті және басқалар) дамуына тәуелді, сондай-ақ адамның өмір сүру салтына байланысты.  Соған байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесін дамыту маңызды болып отыр. Сонымен бірге, қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық және ведомствоаралық серіктестік тетігі жолға қойылмаған, бұл мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке секторлардың денсаулық сақтау саласындағы өз міндеттерін жете түсінбеуіне, жауапкершілікті нақты бөлісудің болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланысты.
Сондай-ақ, халықтың денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері салауатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының сақталуы, суды пайдалану мен тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз  ақпараттандырылуы, сауаттылығы мен дәйектілігінің, суды тұтыну мен тамақтанудың жеткіліксіздігі, халықтың әлеуметтік әлсіз санатының әлеуметтік экономикалық нашарлығы болып табылады. Одан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда.

Денсаулық сақтау жүйесі
Денсаулық сақтау динамикасының негізгі көрсеткіштері денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенінің дәлелі. 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТММКК) қаржыландыру көлемі 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ТММКК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейін кезең-кезеңмен  жеткізуге республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлінген болатын.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығын көлемі де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейін өскен.
Мембағдарламаны іске асырған уақытта төсекпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 70,2-ге дейін төмендеген (2005 ж. – 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер саны тек 2330 бірлікке азайды. Сонымен бірге стационарға емдеуге жатқызылған 30%-ға дейінгі науқастар стационарлық емді қажет етпейді; жедел медициналық көмекті шақырту саны (2005 жылы 4 658 971  болса, 2008 жылы 4 978393-ге дейін жеткен), оның ішінде нәтижесіз және негізсіз шақыртулар саны (сәйкесінше 126 756-тен 189 498-ге дейін) көбейген.
Стационарды алмастыратын технологияның дамығандығы байқалады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарда 445 145 науқас (2005 жылы – 278 813), ауруханалардағы күндізгі стационарда – 64 081 науқас (2005 жылы–56 728), үйдегі стационарда 158 758 науқас (2005 жылы – 155 480) емделген.
2009 жылы денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емханалық ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы – 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы деңгейде 6,6 болып отыр.
Қазіргі таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДБАЖ)  енгізілді.
Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік 2004 жылдан бастап «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және мобильді медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны іске асырып келеді. Соған байланысты ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгізіліп келеді. Қазіргі таңда 14 өңірде телемедицина енгізілді. Телемедицина сеанстары түрлі бейіндегі мамандардың қатысуымен  телеконференция түрінде өткізіледі: 2009 жылы 13 өңірде 10 611 телемедициналық консультация өткізілді.
Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексін  іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі әзірленді және бекітілді, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желісін реттеуге, көпбейінді ауруханалар желісін құруға, МСАК-тың қолжетімділігін, ең алдымен ауыл халқы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық  диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ медицина университеті кіреді. 2011 жылы тағы бір объект – Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
2009 жылы австриялық «Вамед» компаниясымен 2 жыл 9 ай мерзімге «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ты ауруханалық басқару қызметі туралы шарт жасалды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында бірқатар іргелі проблемалар бар.
Сонымен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда  қосымша салымдарды қажет етеді.
ТММКК қаржыландыру жыл сайын ұлғайтуға қармастан (2003 жылы 64,8 млрд. теңгеден 2009 жылғы 464,1 млрд. теңгеге дейін) олда қосымша шығыстарды қажет етеді.
Сонымен бірге, негізгі проблемалар тек ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты емес, сонымен бірге оларды пайдаланудың төмен тиімділігіне де байланысты болып отыр, яғни қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиімділігіне емес, ал желі қуаттылығын ұстауға бағдарланған. Қаржыландырудың тиімді тетіктері (қор ұстау, екі компонентті жан басына шаққандағы норматив) мыналарға байланысты жеткіліксіз пайдаланылады:ынталандыру төлемдеріне қаржыландырудың болмауы (44%), нормативтік құқықтық базаны жетілдірмеу, заңды тетіктердің болмауы (25%); денсаулық сақтау менеджерлерін нашар даярлау (6%).
Сондай-ақ, тарифті құрудың (аммортизацияны қамтымайтын) объективтік емес қолданыстағы жүйесі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары дербестігінің төмендігі мен білікті менеджерлердің болмауы медициналық қызметтерді жеткізушілердің бәсекелестігін дамытуды тежейді.
Медициналық қызметтерге әркелкі қолжетімділік пен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Осылайша, Қазақстан халқының 40%-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Алматы және Астана қалаларына шоғырланған.Және бұл әртүрлі өңірлердегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін қиындатады. Сондай-ақ, өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу әлі де байқалады, осылайша 2009 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды жұмсау бір тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден  21 289 теңгеге дейін құрайды.
Қазіргі таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткіліксіз деңгейге байланысты мәселе күйінде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемді медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша 51,69 %. құрайды.   Елдің бірқатар өңірлерінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) үлгідегі емес, бейімделген ғимараттарда орналастырылады. Сондай-ақ, 400-ден астам (4,3%) денсаулық сақтау ұйымы апатты ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бірінші буынында жалпы дәрігерлік практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамиды.
Одан басқа, нормативтік талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтіні байқалады. Бюджеттің болмауына байланысты денсаулық сақтауда арнайы әлеуметтік қызметтер енгізілмеген.
Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі төмен күйінде қалып отыр, сондай-ақ олардың жұмысының түпкілікті нәтижесіне негізделген еңбек ақы төлеуге сараланған тәсіл жоқ. Одан басқа, жер жерлерде, әсіресе  ауылдық өңірлерде  білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл  республиканың ауыл халқын медицина қызметтерімен қамтамасыз етуді  қиындатады.
БҰДЖ белсенді енгізуге қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялдық инфрақұрылымның төменгі деңгейіне, медициналық қызметкерлердің арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі және емдеу-профилактикалық үдерісті автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсіби бағытқа негізделген және әлемдік озық тәжірибеге сүйенген  медициналық жоғары білім берудің жаңа бағдарламалары іске асырылуда. Барлық  мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары соңғы он жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды, жоғары оқу орындарының 85%-ы дербестік алып үлкен дербестік алып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына ауысты. Білім берудің инновациялық технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 400-ден астам оқытушы шетелдерде, ал 350-ден астамы елімізде шетелдік жетекші мамандарды шақыру арқылы қайта даярлаудан өтті. Құрылған оқыту-клиникалық орталықтары студенттер мен интерндерді клиникалық даярлықтан өткізуге  мән беруге мүмкіндік туғызып отыр. Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясы ұсынған сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негізделген базалық медициналық білімді институциялық аккредиттеудің ұлттық стандарттары әзірленді.
Кадр әлеуетін реттейтін нормативтік құқықтық база күшейтілді – номенклатура оңтайландырылды, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдары және медициналық және фармацевтикалық мамандықтарға қойылатын біліктілік сипаттары жетілдірілді.  Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде медициналық кадрлардың біліктілігін шет елдерде арттыруға, шетелдік жетекші мамандарды шақырып мастер-класстар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.
Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда шамамен 50 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ға қабылдаудың 9,5%-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылды жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші  қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларын бөлудің біркелкі еместігі өте-мөте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды.
Салаға жас мамандардың көп келуіне қарамастан, кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.
Медицина кадрларының санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.
Аталған мәселені шешу үшін 2007 жылдан бастап медицина ғылымын реформалаудың салалық тұжырымдамасы іске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетілдіру шаралары басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар үлкен дербестікке қол жеткізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына ауысты. Ғылыми-білім беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелді медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ университеттерінде ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқып келді. Халықаралық басылым беттерінде рецензияланған жарияланымдар көбейіп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі әзірленді.
Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің білім беру, ғылым және адами ресурстарды дамыту салаларындағы негізгі мәселелері мыналар: кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігі, МСАК көрсететін қызметкерлердің тапшылығы, ірі қалалардағы медицина қызметкерлерін көп шоғырлануы, дәрігерлердің және орта қызметкерлер санының теңсіздігі, жұмысқа деген уәждемелік ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғалудың жеткіліксіздігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық нәтижелердің жоқтығы.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайына бейімделу үшін фармацевтика саласын қайта құру үдерісі басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін жүзеге асыру үшін дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы аясын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Мемлекеттік қолдау шаралары отандық кәсіпорындардың сапалы фармацевтикалық өнімдерін өндіру көлемінің және номенклатурасының жыл сайын артуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы  бұйымдар және медициналық техниканы, сондай-ақ олардың жарнамасын тіркеу, сертификаттау, сапасын бақылауды қамтамасыз ету әрекеттері тәртіпке келтірілген.  Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.
Заң шығару рәсімдерін Еуроодақ елдерінің нормаларына сәйкес үйлестіру жұмыстары басталды:  Қазақстан Республикасы Еуропалық фармокопея комиссиясының ресми бақылаушысы және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерінің мониторингі бойынша  ДДҰ-ның халықаралық бағдарламасының толық құқықты қатысушы ел болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясының екі томы әзірленіп, бекітілді.
Республикалық және бюджеттік бюджеттер есебінен сатылып алынатын дәрі-дәрмектердің бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Бұл олардың  бағасын орташа есеппен 30%-ға арзандауына мүмкіндік туғызды. Дәрі-дәрмектердің терапиялық тиімділігіне, фармакоэкономикаға және жанама әсерлер мониторингіне қарай тиімді қолдануға бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесі енгізілді.
Әлемдік тәжірибенің негізінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дистрибуциялаудың бірыңғай жүйесі құрылды, бұл мемлекеттік қаражатты айтарлықтай үнемдеуге және отандық препараттарды тұтыну үлесін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік туғызды. Отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімдер, оның ішінде Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы препараттарды өндіретін және экспорттық потенциалын (вакциналар, инсулиндер, қан факторлары және т.б.) өсіретін «ноу-хау» трансфертін болжайтын келісімдер жасалды. Бұл халықаралық стандарттарға сай қолда бар қуатты жаңғыртуға және жаңаларын өндірістік практикаға тиесілі 30 млрд. теңгеден асатын сомаға салуға және 2014 жылға дейін отандық өндірістің есебінен дәрілік препараттарды ішкі тұтынуды 50 % қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл халқына дәрі-дәрмектік көмектің жеке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымы жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекендерде МСАК объектілері арқылы дәрілік заттарды сату ұйымдастырылды.
Фармацевтика секторында қол жеткізген табыстармен қатар бірінші кезекте шешуді қажет ететін белгілі бір міндеттер  бар.
Тегін медициналық  көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жаңа жобасын әзірлеу қажет.
Кеден одағына мүше елдердің фармацевтикалық жиынтық нарығында импорт, АҚШ долларымен есептегенде, 17 миллиардтан артық. Фармацевтика саласын қарқынды дамыту үшін шығарылатын дәрілік препараттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет және халықаралық нарыққа шығу керек, оның ішінде Кеден одағы аясында, ақырғы өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіру сапасын қамтамасыз ету жүйесіне, дистрибьюторлық және дәріханалық практикаға көшу қажет.
Фармакологиялық қадағалау, фармакоэкономикалық зерттеулер, дәрілік заттардың жанама әсерінің мониторингі жүйесін, фальсифицияланған және контрафактілік дәрілік заттар өнімі мен таралымына қарсы күрес жұмысын одан әрі жетілдіру қажет.
 Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың тиісті сервистік қызметпен қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілу мәселесін шешу қажет.

  1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ  ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Бағдарламаның мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары:
2013 жылға қарай:
Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.
2015 жылға қарай:
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;
ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;
туберкулез ауруы 10 %-ға төмендейді;
медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;
халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы ақы төлеу тетігі енгізілді;
денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігінің бағасы әзірленді;
тиімді тарифтік саясат енгізілді;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің  30 %-н жалпы практика дәрігерлері ұсынады;
стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;
тегін медициналық көмектің берілетін кепілді көлемін көрсетуде пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қол жетімділігі артты;
денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;
дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, 25 %-ға дейін көбейді;
дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға  көбейді;
халық арасында темекі шегу, есірткі және алкогольді тұтыну 15%-ға төмендеді.
Бағдарламаның міндеттері:
азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту жолымен халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;
медициналық санитариялық алғашқы көмек әлеуетті бағытталған  басымдылығымен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру жолымен медициналық көмектің қолжетімдігін және сапасын арттыру;
бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық  технологияларды әзірлеу және енгізуге бағытталған медициналық ғылымды дамыту.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Көрсеткіштердің атауыөлшем бірлігі2009 жылЖоспарлы кезеңжауаптылар
201020112012201320142015
1өмір сүрудің күтілетін ұзақтығыжыл68,668,768,869,269,569,870,1Барлық АҚ және ЖАО,ҮЕҰ және бизнес-құрыл.
2жалпы өлім-жітім1000 халыққа шаққанда8,978,818,598,368,147,917,62Барлық АҚ және ЖАО,ҮЕҰ және бизнес-құрыл.
3темекі тұтынудың таралуы%21,420,920,420,019,519,118,2ДСМ, БҒМ, ММ, БАМ,  ЖАО, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.
4алкогольді тұтынудың таралуы%16,916,415,915,515,014,614,0ДСМ, БҒМ, ММ, ІІМ, БАМ,  ЖАО, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.
5күн сайын кемінде 30 минут дене шынықтырумен айналысатын тұлғалардың үлесі%1415,917,619,722,123,024,9ДСМ, ТСМ, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.
6артық дене салмағы бар тұлғалардың үлесі%35,634,733,933,032,331,530,5ДСМ, АШМ, БАМ, БҒМ, ИСМ, ТСМ, ҮЕҰ, бизнес-құрыл.
7Спорт залдары бар мектептердің үлесі%72,373,374,375767777,5БҒМ, ЖАО
8Оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары мен балалар-жасөспірімдер  спорт мектептері қызметтерімен қамтылған оқушылардың саны%20212223242525,5ЖАО, ТСМ, БҒМ
9жарақаттанушылықтан өлім-жітім10 мың халыққа шаққанда108,4105,6103,0100,394,694,992,1ДСМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, БАМ, Әділетмині, ЖАО, ТЖМ, МТК, ҮЕҰ, бинес-құрыл.
10мүгедектікке алғашқы шығу10 мың халыққа шаққанда29,229,028,828,628,428,228,0ДСМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, БАМ, Әділетмині, ЖАО, ҮЕҰ, бинес- құрыл.
11жарақаттанушылықтан мүгедек болу10 мың халыққа шаққанда4,94,74,64,54,34,14,0ДСМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, БАМ, Әділетмині, ЖАО, ТЖМ, МТК, ҮЕҰ, бинес- құрыл.
12микронутриенттер:
темір тапшылығы анемиясы тапшылығына байланысты сырқаттанушылықтың төмендеуі
 

10 мың халыққа шаққанда

2314,02274,62235,92197,92160,62123,82082,0ДСМ, АШМ, ИСМ, БҒМ, БАМ, ЖАО
13қауіпсіз ауызсуымен қамтылған халықтың ара салмағы%8282,58383,58484,585ДСМ, АШМ, БАМ, ЖАО
142008 жылмен салыстырғанда атмосфераға ластаушы заттарды жалпы шығарулардың ара салмағы%1,54,37,210,11314,514,5ДСМ, ҚОҚМ, ЖАО, бизнес-құрыл.
15алғашқы анықталған жағдайлар арасында кәсіби аурулардың асқынған түрінің үлес салмағы%45403530252015ДСМ, ЕХӘҚМ, ЖАО, бизнес-құрыл.
16нәрестелер өлім-жітімі1000 тірі туғандарға шаққанда18,417,216,11514,113,212,3ДСМ, ЖАО, халықар.ұйым
17ана өлім-жітіміна 100 тыс. род. живыми36,934,432,13028,126,224,5ДСМ, ЕХӘҚМ, БАМ, ҮЕҰ, ЖАО, халықар.ұйым
18жүрек-қантамыры ауруларынан өлім-жітім100 мың халыққа шаққанда416,4406395,6385,2374,8364,4353,9ДСМ, ЖАО, БАМ, ҮЕҰ
19онкологиялық  аурулардан өлім-жітім100 мың халыққа шаққанда112,7109,4106,1102,899,596,295,8ДСМ, ЖАО, БАМ, ҮЕҰ
20туберкулезден өлім-жітім100 мың халыққа шаққанда.12,912,712,512,212,011,811,6ДСМ, ЖАО, ІІМ, Әділетмині, БАМ, ҮЕҰ
210,2-0,6 шегінде (топтау сатысы) 15 жастан 49 жасқа дейінгілердің тобында АИТВ-инфекциясының таралушылығын ұстау%0,2 – 0,60,2 – 0,60,2 – 0,60,2 – 0,60,2 – 0,60,2 – 0,60,2 – 0,6ДСМ, ЖАО, БАМ, ҮЕҰ, халықар.ұйым
22балалардың пневмококк инфекциясымен сырқаттанушылығы100 мың балаға шаққанда1349,911881045920809711675ДСМ, ЖАО
23қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің үлес салмағы%2,72,32,11,81,61,41ДСМ, АШМ, ИСМ, ЖАО
24төсектермен қамтамасыз етілуі10 мың халыққа шаққанда65,966,76564,5646260ДСМ, ЖАО
25аккредиттелген медициналық ұйымдардың үлес салмағы%96,59797,898,599,299,8100ДСМ, ЖАО
26медициналық ЖОО студенттерінің аралық мемлекеттік бақылаудың орташа баллыбалдар95959798100100100ДСМ, БҒМ
27рецензияланатын халықаралық басылымдардағы жарияланымдардың үлесі%566,5781012ДСМ, БҒМ
28білімдер мен дағдыларды бағалаудың республикалық орталықтарының саныБірл
.
22222ДСМ
29фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінде отандық дәрілік заттардың үлесі%10152025304050ДСМ, ИСМ
  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАРЫ

Негізгі бағыттар:

  • Азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру.
  • Профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру.
  •  Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру.
  • Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыруды жетілдіру.
  •  Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру; медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу.
  • Халыққа дәрі-дәрмектің сапасы мен қол жетімдігін арттыру.

 

5.1. Азаматтардың қоғамдық денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық ықпалдастықтың тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасында қазіргі жағдай қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу және барлық қоғам деңгейінде денсаулық проблемаларына назардың жоғарылауын талап етеді. Денсаулықты қорғау мәселелері денсаулық сақтаудың тек мемлекеттік жүйесі құзырын маңызды арттырғандықтан бұл жұмысқа қоғамның басқа құрылымдарын өзіне қосу талаптарын енгізеді, осы мәселелерді шешуге ведомстволық емес,  жүйелі сектораралық бағыт қажет.
Осыған байланысты денсаулық қорғау саласында стратегияны әзірлеуде қоғамның барлық секторларын, барлық деңгейдегі мемлекеттік ведомстволар, бизнес-құрылымдар және қоғамдық ұйымдарды қоса есептегенде және бірінші кезекте қоғамның денсаулық жағдайына маңызды әсер ете алатын құрылымдарының күштерімен келісу қажет. Бұл жағдайда,  стратегия деп белгіленген басымдықтар есебімен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған тәртіпке келтірілген және келісілген қимылдар түсіндіріледі.
Бұл үдерісте жетекші рөл денсаулыққа жауапты мемлекеттік орган, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жатады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша денсаулық өлшемдерін жақсарту жөнінде үйлестіруші рөлді жүзеге асыру және денсаулық қорғау саласында стратегияны іске асыру үшін басқа мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылға көмек көрсету керек.

Мақсаты: мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметтерін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту.

Негізгі міндеттер
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша  сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың  бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу және енгізу.

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
Қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу мақсатында:
1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы денсаулық қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіруші кеңестің мәртебесін көтеру;

      • жергілікті деңгейде өзара іс-қимылдың тетіктерін әзірлеу орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасында, бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және үкіметтік емес ұйымдастырды (ҮЕҰ) қатыстыруды қоса есептеп, жауапкершілікті шектеуді нақты келіседі;
      • қоғамдық денсаулықты жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде бөлінген  бюджеттік бағдарламаның  (жеті секторалық кіші бағдарлама шеңберінде) бірыңғай бюджеттік жіктеліміне енгізу;
      • қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту мәселелері бойынша бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігінің бағалау және мониторинг жүйесін әзірлеуді жоспарлайды.

 

    • мына сұрақтар бойынша сектораралық кіші бағдарламаларды  әзірлеу және енгізуді көздейтін қоғамдық денсаулықты жақсарту мәселелерінде мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік құрылымдардың ықпалдастығын күшейту:

 

1) салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету;
2) дұрыс тамақтану;
3) мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы;
4) жол-көлік қауіпсіздігі;
5) ТЖ кезінде шұғыл медиицналық-апат көмек;
6) туберкулез, АИТВ/ЖИТС-пен күрес;
7) аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы.

Бірінші кіші бағдарлама: салауатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жағдайға талдау
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) деректеріне сай Қазақстанда қауіптің жеті жетекші факторына созылмалы аурулардың жалпы ауыртпалығы дерлік 60 %: темекі шегу (13,4 %), алкогольді қауіпті дозада  тұтыну (12,8 %), жоғары артериалды қысым (12,3 %), гиперхолестеринемия (9,6 %), артық дене салмағы (7,4 %), жемістер мен көкөністерді  жеткіліксіз тұтыну (5,5 %), төмен дене белсенділігі (3,5 %).
Қазақстанда жүргізілген социологиялық зерттеулер мен скринингтік тексерулер нәтижелері бойынша (СӨСҚПҰО, 2007 ж.) темекі шегудің  таралуы
27 %-ды, алкоголь – 18,5 %, артық дене салмағы (36%), жемістер мен көкөністерді  жеткіліксіз тұтыну (87,7 %), төмен дене белсенділігі (88 %).
Қауіп факторларының жоғары таралуы созылмалы инфекциялық емес аурулардың жоғары таралуын құрады. Атап айтқанда, осы аурулар, сондай-ақ қайғылы оқиғалар мен уланулар Қазақстан халқының сырқаттанушылығы мен өлім-жітімінің рейтингісінің басында. Бұған  мыналар:
салауатты өмір салтын жүргізу, аурулардың профилактикасы және дұрыс тамақтану мәселелерінде халықтың  жеткіліксіз ақпараттануы мен уәждемесі;
білім беру жүйесінде дене тәрбиесі сабақтарының жеткіліксіз саны;
спорттық-сауықтыру және жаттықтыру залдарына қаржылық жетімсіздік;
дене тәрбиесі сабағы және спортпен айналысуға жеткіліксіз жағдай, велосипед жолының болмауы және арнайы жарақталған аула алаңдарының жетіспейтінін қосқандағы жеткіліксіз жағдайлар себепші  болады.
Әр түрлі елдердің тәжірибесі бойынша және халықаралық зерттеулердің деректеріне сәйкес адамдардың өмір сүру салтына белсенді және жүйелі әрекеттер  олардың денсаулығын сақтауда және нығайтуда мына оң әсерлерді алуға мүмкіндік береді:

  • алкогольді денсаулыққа қауіпті мөлшерде 10 %-ға төмендету ерлер арасындағы өлім-жітімді 20 %-ға және қайғылы оқиғалардан өлім-жітімді 5 %-ға қысқартуға;
  • жемістер мен көкөністерді күніне орташа алғанда 400 грамға дейін тұтынуды көбейтсе жүректің ишемиялық ауруынан өлім-жітімді 20 %-ға, инсульттан – 25  %-ға, қатерлі ісіктерден – 20 %-ға қауіпті төмендетуге болады;
  • холестерин деңгейін 1 %-ға төмендету жүректің ишемиялық ауруынан  өлім-жітімді 2-4 %-ға төмендете алады;
  • дене белсенділігі және спортпен айналысуды көбейту жүректің ишемиялық ауруы мен инсульт, инсулинге тәуелді диабет, тоқішек және остепороздың даму қаупін төмендетеді.

Осыған байланысты Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі  салауатты өмір салты қағидаларын көпшілікке тарату жөніндегі  жалпықамтитын және кешендік бағдарламаны әзірлеу және енгізу жолымен алдын ала өлім-жітім және созылмалы патология сырқаттанушылығы ауыртпалығын қысқарту қажеттілігі болып табылады.

Мақсаты: қауіптің мінез-құлық факторларына бақылаудың алдын алу және күшейтуге жүйелі және кешендік бағыт жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыру

Міндеттері:

  • темекісіз салауатты өмір салтын насихаттауда еліміздің көшбасшылары мен атақты адамдарын тарта отырып, қоғамда темекі шегу  әлеуметті қолайсыз  имиджін құру
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруда бизнес-қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын жандандыру
  •  алкоголды тұтыну салдарлары, денсаулыққа активті және пассивті темекі шегу және есірткіні тұтыну туралы халықтың ақпараттануын арттыру
  • темекі бұйымдары мен алкоголді шектен тыс тұтынуды төмендету
  • халықты спорттық-бұқаралық  іс-шаралармен қамтуын көбейту

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

  • СӨС туралы тұрғындардың ақпараттануын арттыру:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және биліктің жергілікті органдар арасында БАҚ-пен жұмыс сапасын арттыру және күшейту үшін ұзақмерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру;
медициналық бағдарламаларды жетілдіру үшін медицина қызметкерлері мен журналистердің күшін біріктіру (проблеманың өзектілігі есебімен тақырыптарды әзірлеу, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім беру, темекі шегудің профилактикасы мен емдеудің жаңа технологияларын көпшілікке тарату);
медициналық теле- және радиобағдарламаларды шығаруға мемлекеттік тапсырыс бөлу, медициналық бағдарламаларды көруге ең қолайлы уақытта көрсету (жұмыс күндері кешке, сенбі және демалыс күндері таңертеңгі уақытта).

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруда бизнес-құрылымдар және үкіметтік емес ұйымдардың мына жолмен қатысуын жандандыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдарды белсенді қатыстыру және ынталандыру;
бизнес-қоғамдастықтың корпоративті әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін қаражатты тарту.

  • Темекі бұйымдарын тұтынуды төмендету

экономикалық шараларды қолдану жолымен
темекі бұйымдарына кіріс деңгейімен жыл сайын индексациялап акциздерді кезең-кезеңмен арттыру;
дамыған елдердің тәжірибесі бойынша темекі бұйымдарын сату ережелерін жетілдіру (сату орны мен уақыты, сату ережесін бұзған жағдайда лицензияларын қайтарып алу).
Елде профилактикалық іс-шараларды жүргізу тұрақтылығына темекі бұйымдарына салықтан 2-3 % аудару жолымен Ұлтты сауықтыру арнайы қорын (денсаулық қоры) қалыптастыру;
темекі индустриясы тарапынан жанама жарнама және демеушілікке тыйым;
таза ауаға  темекі шекпейтіндердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету жолымен:
қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым зонасын кеңейту (қоғамдық көлік аялдамалары, жаппай демалуға арналған қоғамдық орындар ашу;
темекі шегудің зияны туралы тұрғындарды ақпараттану жолымен:
темекі бұйымдарында ескертпе жазудың алаң көлемін көбейту;
пиктограммалар мен графикалық бейнелеуді енгізу және жиі жаңартып отыру;
тұрғындар арасында, әсіресе МСАК деңгейінде темекі шегудің профилактикасы жөнінде медицина қызметкерлерінің жұмысын күшейту арқылы
темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетіндерді қолдау және уәждемені пысықтау;
темекіні тастағысы келгендерге медициналық-психологиялық көмек жүйесін ұйымдастыру;
темекіні тастағысы келгендерге өңірлік және ұлттық телефон желілерін ұйымдастыру.

  • Алкоголь мен есірткіні тұтынуды төмендету:

4.1. экономикалық шараларды қолдану жолымен:
Кіріс деңгейін жыл сайын индексациялап дамыған елдердің деңгейіне дейін алкоголь өнімдеріне салықты кезең-кезеңмен жоғарылату;
қол жетімді баға бойынша дәстүрлі ұлттық сусындарды (қымыз, шұбат және т.б.) іске асыру және өндіріс жөнінде шағын бизнесті дамытуды басымды қолдау;
4.2. нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жолымен:
алкоголды тұтынуды реттейтін барлық  қолданыстағы заңнаманы сақтап және іске асыруға бақылауды күшейту;
өндірілетін алкоголь өнімдерінің сапсы мен бақылауын реттеу және Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және контрабандалық алкоголь  бұйымдарын әкелуіне бақылауды күшейту жөнінде нормативтік базаны жетілдіру;

    • алкогольге қарсы насихаттауды жүйелі  жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен:

қоғамда алкоголь сусындарын шектен тыс тұтынуға қатысты атмосфераны, БАҚ-ны қоса алып құру;
алкоголь сусындарына жасырын және оның түрлерін қоса жарнамаға толық тыйым салу;
алкоголь және оның салдары туралы халықты ақпараттандыру, өз денсаулығына, әсіресе балалар, жасөспірімдер және жастарда жауапты қатынасты оқыту және қалыптастыру;
профилактикалық алкогольге қарсы және есірткіге қарсы бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
ІІМ жүйесінің кәмелетке толмаған балалар істері жөніндегі инспекторлармен ақпараттық-әдістемелік жұмыс жүргізу;
ІІМ қызметкерлерін (полицейлер, учаскелік инспекторлар)  мас болу күйіндегі  (есірткілік, уыттылық)  тұлғаларға қатысты қабылданатын шараларға дифференциалды оқыту; ҚАЖ медициналық қызметінде қатыстырылған медициналық және медициналық емес бейін мамандарына ақпараттық-әдістемелік ілестіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінде наркологиялық жағдайды бағалау және мониторингі жүйесін құру

    • алкогольге қарсы профилактикалық әрекеттерді жүргізуде МСАК рөлін күшейту жолымен.

5.спорттық-бұқаралық іс-шаралармен халықты қамтуды көбейту:
5.1. дене  белсенділігі, спорт және белсенді демалыспен айналысу үшін инфрақұрылымды дамыту жолымен:
қол жетімді спорттық-сауықтыру клубтарын құру;
спорт залдарды, жалпы білім беретін мектептердің алаңдарын спорт мүлкімен жарақтандыру;
аула алаңдарын спорт құралдарымен жарақтандыру;
саябақ және ойын алаңдарының жағдайын жақсарту;
велосипед қозғалысын  велосипед жолдарын жасау арқылы, велсипедшілерге ережелер әзірлеп тұрақтарды жаппай тарату.

    • дене тәрбиесі және спортпен айналысуға халықтың уәждемесін арттыру жолымен

халықты дене тәрбиесін дамыту жөнінде аудио-бейне роликтердің прокаты және әдістемелік және ақпараттық-білімдік бағдарламаларды әзірлеу арқылы ақпараттандыру;
дәстүрлі спорт шараларын, спорттық ұлттық түрлері мен ұлттық ойындарды БАҚ тарта отырып, халықтың барлық жіктерін қатыстырып республика масштабында өткізу;

    • халықтың барлық жіктері арасында спортпен айналысу және дене белсенділігін көтермелейтін жағдайлар жасайтын ұйымдар мен тұлғаларды ынталандыру жолымен:

білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, ішкі істер ұйымдарында, кәсіпорындар және басқа меморгандарда әкімдіктер, бизнес-құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдарды белсенді көмегімен  10-15 бойы міндетті өндірістік гимнастика енгізу;
азаматтардың денсаулығын қорғау, кәсіпорын қызметкерлері мен дене тәрбиесі-сауықтыру  ұйымдары және спорт қызметтерін қоса жұмыс берушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар:
жүрек-қантамырлық аурулардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету;
күн сайын дене тәрбиесімен айналысатын тұлғалардың үлесін 30 минуттан кем емес көбейту;
онкопатологиядан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету;
темекі және алкогольді тұтынуды пайдалануды төмендету;
жарақаттанушылық және қайғылы оқиғалардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету.

Екінші кіші бағдарлама: Дұрыс тамақтану мәселелері жөнінде сектораралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жағдайға талдау
Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі қоғамдық денсаулық, өмір сапасы, ұзақ жасау, еңбек және әлеуметтік белсенділік деңгейін анықтайтын негізгі факторларға жатады. Тиімсіз және сапасыз тамақтану иммунитеттің төмендеуіне және еңбек өнімділігін төмендетуге, дене және  ақыл-ой дамуының бұзылуына, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың денсаулыққа қауіпті тұтас қатарының пайда болуына әкеледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының  (ДДҰ) деректері бойынша өлім-жітімнің барлық себептерінің 60 % тамақтанудың   сондай және өзге де бұзушылықтарымен, ал 75-80 % зиянды экологиялық факторлардан, соның ішінде канцерогендерден, адам ағзасына тамақ өнімдері және  ауызсумен түседі. Қазақстанда халықтың тамақтануы қазіргі уақытта мына негізгі көрсеткіштермен сипатталады:
Ұлттық және өңірлік зерттеулермен  жануарлардағы ақуыз, өсімдік майлары, жемістер мен көкөністер, тамақ талшықтары, дәрумендер, әсіресе  А,С және В тобы дәрумендері, сондай-ақ минералды заттар, әсіресе кальций, темір, йод, мырыш,  сондай-ақ калорияларды, жануарлар майы, тәттілер және тұзды артық тұтыну  жеткіліксіз түрінде республика тұрғындарының көп бөлігінің тамақтануында маңызды кемшіліктер анықталды. Бұл осындай қауіпті аурулар жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі, инсульт, обырдың жеке түрлері, қант диабеті, семіздік, остеопороз, темір тапшылығы анемиясы және т.б. дамуында тамақтану факторлары шешуші болып табылатын тұрақты тенденцияға әкеледі.
Әйелдердің жүктілік уақытында тамақтануында   кемшіліктердің тікелей себебі балалардың денесінің төмен салмағымен тууы  табылады. Мұндай балаларда жүрек-қантамырлық ауруларды кейін өмірі барысында пайда болу қаупі жоғарылайды.
2006 жылы ұлттық зерттеулердің деректері бойынша 5 жасқа дейінгі балалар арасында тамақтанудың созылмалы тамақтануының таралуы        12,8 %–ды, тамақтанудың жедел жеткіліксіздігі (немесе гипотрофия) – 4 %, ал арықтау (немесе жүдеп кету) – 3,8 % құрады. Балаларда мұндай кемшіліктер өмірінің барлық кезеңінде денсаулығына маңызды зиян келтіретін ақуыздың-калориялық жеткіліксіздігі ретінде сипатталады.
Республиканың жеке өңірлерінде мектеп жасындағы балалар антропометриялық көрсеткіштер бойынша ДДҰ ұсынған нормативтерден  маңызды қалып отыр, ал оларды липидті ауыстыру көрсеткіштері  жүрек-қантамырлық ауруларды дамыту жоғары қаупі туралы куәландырады.
2006 жылы ұлттық зерттеулердің деректеріне сай Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың 56,1 %-нда   А дәрумені (ДВА) тапшылығы  бар. ДВА және жоғары балалар өлім-жітімінің  таралуы арасында тығыз байланыс жақсы белгілі. 20 % артық ДВА-ның таралуы қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып саналады және халықаралық ұйымдар (ДДҰ, ЮНИСЕФ)  ұсыныстарына сай осы дәруменнің жеткіліксіздігін профилактикасы бойынша тез әрекеттерді талап етеді. Өкінішке орай, Қазақстанда осы уақытқа дейін ДВА-ның алдын алу жөнінде ашқандай да бағдарлама жоқ. Осыған байланысты республикада 5 жасқа дейінгі балалар және емшек сүтімен қоректендіретін   әйелдер А дәрумені саплементациялау  бағдарламасын тез арада енгізу, сондай-ақ осы дәруменді фортификациялау бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты бастау қажет.
Республикада балалар тамақтануының өз индустриясы жоқ.  Балалар сүт асүйлері қосалқы жайларында орналасқан және қол еңбегімен істелетін аз қуатты, ескі жабдықпен жабдықталған желі  балалар тамақ өнімдерінде жалпы тұтынудың 10-12 % қамтамасыз етеді. Қалған қажеттілік  импортталатын балалар қоспасын есебінен қанағаттандырылады.  Сүт  асүйі өнімдері өзінің құрамына, сапасы және қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.
2008 жылы Қазақстан халқын тамақтанудың ұлттық зерттеулерінің (ТҰЗ-2008) мәліметтері бойынша анемияның таралуы 6 айдан 14 жасқа дейінгі балалар арасында 44,9 %, 15-59 жастағы әйелдер арасында 45,3 %, 15-59 жас арасындағы ерлер арасында 28,1 %, орташа алғанда барлық тұрғындар арасында 41,9 %  құрады. Демек, Қазақстанда 6,5 млн. адам  анемиядан зардап шегеді. Анемияның таралуы 2008 жылы 1995 жылдың деңгейінде қалды, яғни бұл көрсеткіштің ешқандай да бір төмендеуі жоқ. Анемияның жоғары деңгейінің себебі ана және бала өлім-жітімінің қанағаттанғысыз көрсеткіштері болып табылады, дене және ақыл-ой дамуында жиі тежеліп қалу,  диарея және туберкулез  ауруларына төмен тұрақтылық, өткізілетін иммунизациялаудың жеткіліксіз тиімділігі және инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың асқынған ағымы.
Фортификацияланған бидай ұны (ФБҰ) өндірісін қалпына келлтіру және тиісті заңасты актілерін қабылдау қажет, Қазақстанда анемияның таралуының төмендеуінде маңызды рөл алады.  Микронутриенттерді ұлттық зерттеулер нәтижелері 2006 жылы (МНҰЗ-2006) үй шаруашылығында ФБҰ жоқтарда, үй шаруашылығында ФБҰ бар әйелдер арасында анемия деңгейінің статистикалық маңызды төмендеуі туралы куәландырады.
Сарапшылардың есептері бойынша Қазақстан халқы арасында анемияның таралуын төмендетудің экономикалық әсері 1 жылда бір жолғы 20 %  төмендеу жағдайында 146,1 млн. долларды; 4 жылда тең 20 % төмендеу жағдайында 367,7 млн. долларды; 4 жылда тең 30 % төмендеу жағдайында 547 млн. долларды құрады.
Жүктілік уақытында фолий қышқылының тапшылығы (ФҚТ) дамудың туа біткен кемістігінің себебі болып табылады. МНҰЗ-2006 нәтижелеріне сәйкес республика бойынша орташа алғанда ФҚТ таралуы 15,3 % құрады. Балалардың  біраз бөлігі 49,0 % шектеулі деңгей және аз бөлігі 35,7 % – қан плазмасында фолий қышқылының қалыпты деңгейі бар.ФҚТ атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі, инсульт, простата обыры, сүт және асқазан асты обыры, жуан ішек обырының дамуы жоғары қаупі бар тікелей байланыс нақты белгіленген. Фолий қышқылы Қазақстанда бидай ұнымен байыту үшін премикстің құрамына кіреді. Осыған байланысты ФҚТ өндіру осы дәруменнің тапшылық проблемасын шеше алар еді.
Дұрыс тамақтану және қауіпсіз тамақ өнімдері саласындағы жаңа проблемалар сауданың  жаһандануы, қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығында пестицидтер, гербицидтер, микробқа қарсы және гормоналды препараттардың кеңінен қолданылуы, жаңа өнімдердің пайда болуы, соның ішінде жаңа технологияларды пайдаланып алынған генетикалық модификацияланған өнімдерді пайдалануға байланысты пайда болады.
Жоғарыда келтірілген жағдай «Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасының шеңберінде 2020 жылға дейінгі уақытқа дейін дұрыс тамақтанудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатын» арнайы қабылдау қажеттілігі туралы айғақтайды.

Мақсаты:  тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы және халықтың дұрыс тамақтануын қалыптастыру.
Негізгі міндеттер:
1.балалар, ұрпақты болу жасындағы әйелдер, жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдердің тамақтануын жақсарту.
2.Қауіпсіз және дұрыс тамақ өнімдерімен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету
3. Дұрыс тамақтану туралы халықтың ақпараттануы
4. Халықтың тамақтануын зерттеу, мониторингі және бақылау.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

  • Әр жастағы балалар, ұрпақты болу жасындағы, жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдердің тамақтануын жақсарту.
  • жүктілік уақытында және болашақ аналардың бала бітуі кезінде адекватты тамақтануды қамтамасыз ете отырып, ұрықтың оңтайлы тамақтануына мүмкіндік беру
  • Емшек сүтімен қоректендіруді қорғау, насихаттау және қолдауды қамтамасыз ету және нәрестелер мен кіші жастағы балаларды  адекватты қосымша тамақтандыруды уақытында енгізу.
  • Жергілікті шикізат өнімдерін пайдаланып балалар және емдік-профилактикалық тамақ өнімдерін шығару жөнінде өндірісті ұйымдастыру
  • Балалар үйлерінде, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі стратегиясын дамытуды қамтамасыз ету.
  • Халықты және дұрыс тамақ өнімдерімен  тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету.
  • қол жетімдігін, оның ішінде қаржылық, жемістер мен көкөністердің қол жетімдігін кеңейту.
  • Құрамындағы тұзды,  қантты, қаныққан майлар мен трансмайлы қышқылдарды төмендету мақсатында негізгі тамақ өнімдерін рецептурасы мен құрамын қайта қарауды қамтамасыз ету.
  • Қаныққан майлар мен трансмайлы қышқылдар, жай қант пен тұздың төмендетіп, жоғары деңгейлі дәрумендер, минералдар, микроэлементтер және тамақ талшықтарымен өнім шығаруды кеңейту.
  • негізгі  тамақ өнімдерін микронутриенттермен тиісті байыту және қосымша тамақтану үшін өнімдерді әзірлеуді қамтамасыз ету
  • қоғамдық және мемлекеттік мекемелерде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі арттыру және құнарлық сапасын жақсарту (қоғамдық тамақтану, балалар және мектепте тамақтану,аурухана, әскери мекемелер және т.б. тамақтану жүйелері).
  • Тамақ өнімдерімен коммерциялық жабдықтауды ұйымдастыруда тамақ заттарын тұтыну көлемін ұсынылған есебі мен жабуын қамтамасыз ету.
  • Тамақ өнімдері мен сусындарды тағамдық заттар тұтыну тиісті ұсынуларына қаржылық қол жетімдікке әсер ету үшін экономикалық әдістерді (салық, субсидиялар)  пайдалану мүмкіндігін зерделеу
  • Тамақтануға субсидия беру, тамақ өнімдерін тарату, қоғамдық тамақтану мекемелерінде тегін және субсидияланған қызмет көрсету, үйде тамақтануын ұйымдастырып және әлеуметтік қолдаудың басқа түрлерін қолдану жолымен халықтың әлсіз және аз қамтылған топтарын қорғау жөнінде нысаналы бағдарламаларды бекіту.
  • Codex Alimentarius-ке сәйкес қауіпті талдау тетіктері және «фермадан үстелге дейін» қағидасы пайдаланылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етудің салааралық жүйесін бекіту.
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес тамақ өнімдері және оларды өндіру, санитарлық ережелер мен нормалар,  тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылайтын басқа нормативті құжаттарды  ұлттық стандарттарды үйлестіру
  1. Халықты дұрыс тамақтану туралы хабардар ету
    1) Облыстық орталықтарда, Астана және Алматы қалаларында Дұрыс тамақтану орталықтарын, сондай-ақ халықтың дұрыс тамақтану туралы хабардар болуын арттыру үшін қызметтерге құқық беру арқылы Қазақ тамақтану академиясы базасында Республикалық дұрыс тамақтану орталығын құру.
    2) Жалпы халыққа және осал топтарға арналған азық-түлік өнімдерін тұтыну жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу.
    3) Халықтың әртүрлі топтарының дұрыс тамақтану, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігінде және барлық бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып тұтыну құқықтары саласында білім деңгейін және хабардар болуын арттыруға бағытталған көпдеңгейлі қоғамдық және коммуникациялық компанияларды өткізу.
    4) Дұрыс тамақтану саласында, әсіресе халықтың ең осал топтары арасында жаңа мінез-құлықтық дағдыларды қалыптастыру.
    5) Халықаралық деңгейде келісілген тамақтану және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен әдістемелік нұсқауларға сәйкес барлық азық-түлік өнімдеріне маркетингтің тиісті әдістерін қамтамасыз ету.
    6) тұтынушылар азық-түліктің сипаттарын түсінуді жақсарту, дұрыс таңдауды қолауды және азық-түлік өнімдерін қауіпсіз сақтау және тұтынуға көмек көрсету үшін азық-түлік өнімдерінің сапалы таңбалануын көтермелеу.

    4. Халықтың тамақтануына мониторинг, бағалау және зерттеу
    1) Тамақтану жағдайына, азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі мен оларды тұтынудың мемлекеттік мониторинг жүйесін, сондай-ақ  әртүрлі жас және әлеуметтік-экономикалық топтарда микронутриеттер тапшылығына, оның ішінде  емшек сүтімен қоректендіру және ерте жастағы балаларды қосымша тамақтандыру мониторингіне профилактикалық бағдарламаларды құру.
    2) азық-түліктің токсикоинфекцияларды қадағалау жүйесін және әртүрлі азық-түлік тізбегінде микробиологиялық және химиялық қауіптер мониторингі жүйесін жетілдіру. Тамақтанудың толық рационына химиялық және биологиялық бөгде заттардың қосылыстарымен ластануын бағалау үшін  тұрақты түрде зерттеулер жүргізу (Total diet study).
    3) негізгі азық-түлік заттарындағы физиологиялық тұтынудың өңірлік нормаларын және халықтың жеке топтарына олардың денсаулығын, климаттық-географиялық, экологиялық және өңірдің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып энергияны түзету.
    4) әлеуметтік-елеулі алиментарлы-тәуелді аурулардың профилактикасына бағытталған кешендік бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу, іске асыру, монитогингі және бағалау, бойынша, тамақтану және тамақ өнімдерімен негізделген аурулар ауыртпалығын төмендету.

Нысаналы индикаторлар:
туған кездегі дененің төмен салмағын 5 %-ға дейін төмендету (гипотрофия)
ұрпақты болу жасындағы әйелдер арасында темір тапшылығы анемиясының таралуын 15,0 %-ға дейін, ерте жастағы балалар арасында 10,0 %-ға дейін  төмендету
5 жасқа дейінгі балалар арасында өсу-салмағы көрсеткіштері бойынша артта қалу жиілігін  10 %-ға  дейін төмендету
Артық дене салмағының таралуын 30,0 %-ға дейін төмендету

Үшінші кіші бағдарлама: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мәселесі жөніндегі сектораралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жағдайға талдау
Балалар мен жасөспірімдер оқушылар денсаулығының әлеуметтік мәнін атап көрсететін қоғамның репродуктивтік, интеллектуалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени резервін ұсынады.
Біздің республикамыздың әрбір бесінші тұрғыны – бұл қазіргі заманғы мектептер жағдайында өзінің балалық шағының көп бөлігін өткізетін мектеп оқушысы. Мектеп жасы – көбіне өмірлік циклдың осы фразасын айқындайтын салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндіктер уақыты. Бұл ретте, психоәлеуметтік факторлардың оқушылардың денсаулығына биомедициналық сияқты маңызды мәні бар.
Жүргізіліп жатқан зерттеулер оқушылардың денсаулығын сипаттайтын күрделі проблемаларды анықтады. Оқушылар арасында әртүрлі бейіндегі білім беру мекемелерінде оқу кезінде көру мүшелері, ас қорыту және несеп-жыныстық жүйесі патологиясы, нервтік-психикалық бұзылулар, сондай-ақ қауіпті мінез-құлық факторлары: алкогольді, есірткіні, темекіні тұтыну жағынан бұзылулар жиілігі өсуде. Бұл дене белсенділігінің төмендеуі мен тиімді теңестірілген тамақтанудың болмауы аясында болып отыр.
12-18 жас аралығындағы оқушыларды скринингтік тексеріп-қарау нәтижелері бойынша сырқаттанушылық құрылымында жетекші орындарды: көз және оның қосалқылары (19,5%), сүйек-бұлшық ет жүйесі (15,1%) және асқорыту мүшелері (14,2%) алып отыр. Дұрыс тамақтанбау, тамақ өнімдерінде тұздың, майдың және қанттың артық болуы асқорыту ауруларының өсуіне себепші болады (2008 жылғы 21,57% 2009 жылы 36,34%). Психикалық аурулар мен мінез-құлық бұзылулар өсуде. Бүгінгі күні осы санаттағы пациенттердің әрбір төртіншісі – мектеп асындағы балалар.
Ұлттық зерттеудің нәтижелері бойынша (2007 жыл) 11-14 жас аралығындағы балалар арасындағы темекі шегудің таралуы  7,5%-ды  құрады, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында – 11%, алкогольді 9,4% балалар және 21,3% жасөспірімдер тұтынады. Дене белсенділігінің көрсеткіші 11-14 жастағы балалар арасында 39%, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 37%-ды құрады.
Қазіргі уақытта Қазақстан сыртқы жарақаттардан (жарақат, суицидтер, уланулар) Еуропа өңіріндегі 24 елдің арасында өлім-жітімнен Ресейден кейін 2 орынды иеленуде.
Маңызды проблемалардың бірі жасөспірім қыздардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша жыл сайын республикада осы жас тобында кемінде 10 000  жүктілік тіркеледі. Аборттардың санын төмендету кезінде босанулардың саны көтерілуде. Жүктілікті үзудің жалпы санынан 4,3% 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге сәйкес келеді, бұл ұрпақты болу жасындағы халық құрылымындағы олардың үлесіне сәйкес келеді.

Республикада 6000 аборттың 84-і 15 жасқа дейінгі қыздарға жасалу фактісі, ал бірінші рет жүкті болған жасөспірімдердің аборты 51,6% құрағандығы алаңдатушылық туғызып отыр. Яғни, жартысынан көбінде бұл жүктілік қайталанған, бұлар бұрын не абортпен, не баланың тууымен аяқталып отырған.
Сырқаттанушылық жағдайлар, оның ішінде бала мен жасөспірімдердің өлім-жітімімен, жасөспірімдік жүктілік пен аборттармен, сондай-ақ төмендеу үрдісі байқалмайтын жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен байланысты жағдайлар осы нысаналы топтың нашар ақпараттандырылуымен және  тұтасымен денсаулығын сақтау мәселелеріндегі жауаптылық мінез-құлқының қалыптаспаған дағдыларымен түсіндіріледі. Мектептегі медицина қызметшілерін балалар мен жасөспірімдердің денсаулық мәселесіндегі жеткіліксіз ақпарат,  мектептің медициналық кабинеттерінің сәйкессіз материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ, мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен кешенді бағдарламаның болмауы оқу кезеңінің барлық мерзімінде оқушылардың денсаулығын сақтауды айтарлықтай қиындатады. Сонымен бірге, әрбір төртінші мектепте іс жүзінде спорт залдары жоқ. Мектептердің 34,7% оқу жиһаздарын ауыстыруды  талап етеді.
Мұның барлығы мектеп медицинасын дамыту шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын сақтау жөніндегі кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін білдіреді.

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру.
Негізгі міндеттер
балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді көзқарасты қамтамасыз ету
– білім беру ұйымдарында денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаның құру;
– тұтас жүйені дамыту – физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын сүруді, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметі (бұда нәрі – ММҚ)
– мектеп оқушылары мен жастардың арасында есірткілерді тарату мен тұтынуға, темекі шегуге және алкогольге  тиімді қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету;
– теңестірілген және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
1. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру жөніндегі  өзекті және жаңадан әзірленген  бағдарламаларды жетілдіру үшін басқарылатын себептерден балалар мен жасөспірімдердің сырқаттанушылығы мен өлім-жітіміне талдау жүргізу.
2. Мыналар:
-. үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісті жоспарлау және жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету;
– қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
– оқушылар үшін ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру және жеке адамгершілік сезімдерін арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді жасау;
– оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп қызметкерлер құрамы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында қолайлы атмосфера орнату;
– денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешімдер қабылдау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде білім беруді қамтамасыз ету арқылы денсаулық үшін қолайлы қоршаған ортаны құру.
3. Табиғи ортаны сақтауға, оқушының және барлық қоғамның денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға, медициналық сауаттылыққа уәждемені қалыптастыруға бағытталған тұтас жүйені – мектеп медицинасы қызметін (ММҚ) дамыту.
– Мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу және енгізу;
– мектептердегі оңалту іс-шараларын өткізу мүмкіндіктеріне назар аудара отырып, медициналық кабинеттерді жарақтандыру;
– мектеп медицинасының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу;
– әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтау бойынша үдерісті оңтайландыру үшін оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлі деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту.
3. Есірткінің, темекі шегу мен алкогольдің мектеп оқушылар мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиімді іс-қимылды мыналар:
– есірткіні қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;
– есірткінің профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзірлеу және енгізу;
– «тең-теңімен» қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра білу, есірткіден бас тарта білу, өмір сүру дағдысын ұстану негізінде интерактивті оқу өткізу жолымен дұрыс шешім қабылдай білу);
– әдістемелік және ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;
– спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипед қозғалысы, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету;
– балалардың, жасөспірімдердің, жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және жетілдіру;
– жастар үшін денсаулық және анонимдік консультациялар орталықтарын ашу және дамыту, сенім телефондарының жұмысы жетілдіру арқылы қамтамасыз ету.

Іс-шаралар жоспары (Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шеңберінде)
Меңгерілетін себептерден сырқаттанушылық және өлім-жітім себептерін, сондай-ақ балалар, жасөспірімдер мен жастардың қауіпті тәртіптерін  талдау мен зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу;
Мектептерде оңалту іс-шараларын жүргізу мүмкіндігіне акцент жасап медицина кабинеттерін жарақтандыру және мектеп медицина кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
Білім беру ұйымдарының штат нормативтерін жетілдіру (бір ставкаға 600-ден 400 оқушыға дейін оқушылардың санын азайтып нормаларды қайта қарау есебінен мектеп мейірбикелерінің штатын көбейту);
Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, соның ішінде  балалар жарақаттанушылығының алдын алу бойынша ата-аналарға кеңес беру дағдыларына оқыту;
Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;
Мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін  кешендік бағдарламаны әзірлеу және енгізу;
«Алкоголизм, нашақорлық және темекі шегушіліктің профилактикасы» әдістемелік құралын енгізу;
Жастарға арналған анонимді консультациялар және денсаулық орталықтарын құру және дамыту, сенім телефондарының жұмысын жетілдіру;
Орта білім беретін оқу орындарын  балалар мен жасөспірімдерді темекі, алкоголь және есірткілік тәуелділікке құмарлығын, сондай-ақ химиялық емес тәуелділікті – ойынқұмарлық, интернетке тәуелділікті  ерте анықтауға компьютерлік бағдарламалармен  жарақтандыру;
Білім беру мекемелерінде отбасы денсаулығын нығайтуға бағытталған алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, қауіптерді төмендетудің тиісті технологияларын (бейнеқұралдар) енгізу;
Орта және жоғары білім беру жүйесінде ерте жүктілікті және ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша арнайы жалпы білім беретін бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне жастарды оқытуды жүргізу;
Жасөспірімдердің психологиялық денсаулық мәселелері бойынша  ақпараттық кампания (бейне және аудиороликтерді шығару);
Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды және бастауыш сынып оқушылардың бір жолғы ыстық тамақтануын  ұйымдастыру*;
Аз қамтылған отбасылар оқушыларының  бір жолғы ыстық тамақтануын ұйымдастыру*;
Мектеп оқушыларының жыл сайынғы скринингтерін өткізу (Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде)**.
* Жергілікті бюджетте көзделген қаражат
** Бөлінген қаражат шегінде (Мембағдарламаның екінші бағытының шеңберінде)

Нысаналы индикаторлар:
Балалар мен жасөспірімдер арасында асқазан-ішек тракты сырқаттанушылығын төмендету;
Балалар мен жасөспірімдер арасында сүйек-бұлшықет жүйесі сырқаттанушылығын төмендету;
Жасөспірімдер  арасында ЖЖБА-ны төмендету;
Балалар мен жасөспірімдер арасында есірткіні тұтынуды төмендету;
Жасөспірім қыздар арасында аборттар мен жоспарланбаған жүктілікті төмендету;
Жасөспірімдер  арасында суицидті төмендету;
Мектеп оқушылары арасында темекі шегушілер және алкоголді шамадан тыс тұтынушылар санын  төмендету.

Төртінші кіші бағдарлама: Жол-көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жағдайларды талдау
2004 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банк дайындаған «Жол-көлік жарақаттанушылықтың алдын алу туралы дүниежүзілік баяндама» жол-көлік жарақаттанушылықтың қоғамдық денсаулық сақтау ісінің ең маңызды проблемаларының бірі және бүкіл дүние жүзінде өлім-жітім мен жарақаттанушылықтың негізгі себептерінің бірі болып табылатындығын дәлелдеді. Жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі ЖКО) жыл сайын 1,2 миллионнан астам адам қайтыс болады және 50 миллион адам жарақат алады немесе мүгедек болып қалады, соның нәтижесінде ЖКО балалар мен 29 жасқа дейінгі  жастар өлімінің негізгі себебі болып табылады.
Тиісті шаралар болмағандықтан бұл проблема қиындай түсуде және болжам бойынша  2020 жылғы ЖКО-ның нәтижесінде  өлім оқиғасы көптеген елдердегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын болады.
Соған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары кешендік көзқарасты, сондай-ақ осы саладағы әлеуетті нығайту жөніндегі қабылданатын шараларды қаржылық және техникалық қолдауды  талап етеді.
Апаттың негізгі көрсеткіштерін талдау елде жол-көлік жарақаттанушылық деңгейінің төмендеу үрдісіне ие екендігін, бірақ жоғары күйінде қалып отырғандығын дәлелдейді.
Осылайша 2008 жылғы 13739-бен салыстырғанда 2009 жылы 12534 ЖКО  болды. Қайтыс болғандардың саны 2009 жылы 13,5% (2008 – 3 351) төмендеді және 2898 адамды құрайды. Бұл ретте 2008 жылғы  16400 зардап шеккендермен салыстырғанда 14788 адам  мертікті.
Елді мекендердің көше-жол желілерінде 67,6% немесе 8476 ЖКО болды, соның салдарынан 1070 адам қайтыс болды және 9505 адам жарақат алды.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында әрбір бесінші ЖКО (немесе 2634) болды, соның салдарынан 1321 адам қайтыс болды және 3453 адам жарақат алды. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ЖКО салдардың ең жоғары ауыры болып сипатталады, 2009 жылы бұл көрсеткіш 100 зардап шеккенге шаққанда 28 қайтыс болғандарды құрады, бұл 2,5 есе елді мекендердегі (10) ЖКО салдарының ауырлығынан асады.
2009 жылы жүргізушілердің кінәсінен 10 983 ЖКО болды, бұл барлық оқиғалардың 87,6%-ын құрайды, мұнда  2709 адам қайтыс болды және 13359 адам жарақат алды.
Мас күйіндегі жүргізушілердің кінәсінен 363 ЖКО болып, 94 адам қайтыс болды және 481 адам жарақат алды.
ЖКО-ан барлық зардап шеккендердің үштен көбін жаяу жүргіншілер құрады. Олардың үлесіне қайтыс болғандардың жалпы санына  30,3% сәйкес келеді және 35,1% жарақат алғандар. Барлығы жаяу жүргіншілердің қатысуымен 5720 ЖКО тіркелді, оның 880 қайтыс болды және 5205 адам жарақат алды.
Жая жүргіншілердің кінәсынан 1269 ЖКО болып, 152 адам қайтыс болды және 1158 адам жарақат алды.
Балалардың қатысуымен 1915 ЖКО болып, 183 адам қайтыс болды және 1910 адам жарақат алды.
Апаттың себептерін талдау жол қозғалысы қатысушыларының құқықтық танымы мен құқықтық мәдениеті деңгейінің нашарлығы жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі факторлардың бірі болып табылатындығын көрсетеді.
Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жағдай проблеманың әлеуметтік-экономикалық өзектілігімен және оның жалпы республикалық маңыздылығымен, сондай-ақ, проблеманың ведомствоаралық сипаттылығымен – оны шешуге  мүдделі мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды және қоғамдық институттарды тарту қажеттілігімен түсіндіріледі.

Мақсаты: жол-көлік жарақаттанушылығы мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды қалыптастыру.

Негізгі міндет – халықпен жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсіз қатынастардың стереотиптерін қалыптастыруға  бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесін құру.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауіпті мінез-құлқының алдын алу мақсатында әлеуметтік роликтерді, ақпараттық-талдамалық теледидар бағдарламаларын құру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша республикалық журналды шығару жоспарлануда.

Бірыңғай Бюджеттік бағдарламаның шеңберіндегі іс-шаралар жоспары:
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер шығару және оларды орталық, республикалық телеарналарға жалға беруді қамтамасыз ету.
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселесі бойынша республикалық телеарналарда мамандандырылған бағдарламалар жасау.
Жол қозғалысына қатысушылар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып және оқырмандардың хаттары мен сұрақтарына жауап бере отырып, жалпы республикалық журнал шығару.
Жол-көлік оқиғалары мен ондағы «ЖКО»-нан зардап шеккен адамдарды есепке алудың ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу және енгізу.
Жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жетілдіру.

Нысаналы индикаторлар:
2015 жылы ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 14%-ға төмендету.
2015 жылы зардап шегушілерімен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 10%-ға төмендету.

Бесінші кіші бағдарлама: ТЖ кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жағдайды талдау
Республика жолдарының әр мың шақырымына жылына 108 ЖКО-дан келеді. Зардап шеккен 100 адамның 26-сы қайтыс болады. Қалаларда ЖКО кезінде көмек көрсету жүйесі жедел медициналық жәрдем станцияларының, құтқару қызметінің, жақын маңайдағы денсаулық сақтау ұйымдарының күштерімен қамтамасыз етіледі. Республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдарда медициналық-құтқару көмегі жүйесі дұрыс жолға қойылмаған, бұл әрбір екінші жол-көлік оқиғасында адам өліміне әкеліп соғады, мұндай жағдайларда халықтың неғұрлым ұрпақты болу жасындағы белсенді бөлігі қайтыс болады.
2010 жылғы Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында болған плотинаның жарылуынан 508 адамға медициналық көмек көрсетілген, оқыс оқиға медициналық көмекті жаппай санитариялық шығындар ошақтарына барынша жақындатуды, істен шыққан денсаулық сақтау ұйымдарының орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көп бейінді ұтқыр госпитальдерді пайдалану қажеттілігін көрсетті.
Апат аймағында жерүсті көлік инфрақұрылымының бұзылуы жағдайында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою үшін аэроұтқыр госпиталін қолдану қажет.

Мақсаты: жедел медициналық-құтқару көмегін уақтылы көрсету

Негізгі міндеттері – автомагистральдарда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде жедел медициналық-құтқару көмегін көрсетудің жеделдігін арттыру.

Автомагистральдарда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде жедел медициналық-құтқару көмегін көрсетудің жеделдігін арттыру үшін 12 трассалық медициналық-құтқару пункттері (ТМҚП) құру ұсынылады және оларды республикалық маңызы бар трассалардың апат болу қаупі бар бөліктерінде орналастыру, бұл трассалық пункттің жауапкершілігі аймағында ЖКО болған жерге 25 минутта келуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ апат медицинасы қызметін көпбейінді ұтқыр және аэроұтқыр госпитальдармен жарақтандыру жоспарлануда.

Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар жоспары:

Апаттар медицинасы қызметін аэроұтқыр госпитальмен жарақтандыру
Апаттар медицинасы қызметін көпбейінді ұтқыр госпитальмен жарақтандыру
Автомагистральдарда шұғыл көмек көрсететін трассалық пункттерді құру

Нысаналы индикаторлар:
2009 жылғы (1241) деңгейден шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағында 2015 жылы республикалық маңызы бар тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 14 %-ға төмендету;
2015 жылы келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту.

Алтыншы кіші бағдарлама: Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл

         Ағымдағы жағдайды талдау
         Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде жалпы, қатаң және ерекше тәртіптегі сотталғандарға туберкулезге қарсы көмек 2 туберкулез ауруханасында және туберкулезбен ауыратын адамдарды ұстайтын және амбулаториялық емдеу үшін 5 мамандандырылған туберкулезге қарсы мекемелерде; 20 тергеу изоляторларында, кәмелет жасына толмағандарды, әйелдерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ұстауға арналған мекемелерде көрсетіледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінде туберкулез бойынша жағдайдың тұрақты жақсару үрдісіне қарамастан, сотталғандардың туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімінің көрсеткіштері жоғары болып отыр.
Осылайша, сырқаттанушылық көрсеткіші 2009 жылы республика бойынша түрмедегі 100 мың адамға шаққанда 643,9-ды құрады (2008 жылы – 767,6). Төмендеу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда – 16,1 %-ды құрады.
Сотталғандардың туберкулезден өлім-жітімінің көрсеткіші 2009 жылы түрмедегі 100 мың адамға шаққанда 107,7-ні құрады және 2008 жылмен салыстырғанда өлім-жітім көрсеткіші 7,1 %-ға төмендеді (2008 жылы 100 мың адамға шаққанда 115,9).
Пенитенциарлық жүйедегі үдемелі қорытындымен 3981 АИТВ- инфекциясын жұқтырғандар анықталды, бұл республика бойынша барлық жағдайларды тіркеу құрылымында 29%-ды құрайды. Жылдар бойынша динамикада бас бостандығынан айыру орындарында анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың жаңа жағдайларының тіркелуі байқалып отыр. Осылайша, 2009 жылы республиканың пенитенциарлық мекемелерінде 2008 жылғы 687 (29%) қарағанда 502 жаңа АИТВ инфекциясын жұқтырғандар тіркелді (26%).

Мақсаты: Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету. Пенитенциарлық жүйе контингентінің туберкулездің, АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша хабардар болуын арттыру.

Негізгі міндеттер
ҚАЖ комитетінің мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту
ҚАЖ комитетінің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
Пенитенциарлық жүйе контингенті арасында туберкулездің, АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында қажетті медициналық жабдықтар сатып алу, сондай-ақ пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралу мәселелері бойынша пенитенциарлық жүйелердегі тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату, сондай-ақ әлеуметтік елеулі аурулардың таралуының алдын алу мақсатында ҮЕҰ-ны қатыстыру жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің біліктілік арттыру институттарында білім жетілдіру курстары мен маманданудан өту арқылы ҚАЖ медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін одан әрі арттыру талап етіледі.

Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар жоспары:
ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету
ҚАЖ туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату
ҚАЖ медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру
Қамау орындарында АИТВ-инфекциясы профилактикасының бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламасын жүргізу. Бас  бостандығынан айыру органдарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту.

Нысаналы индикаторлар:
түрмедегі 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 2015 жылы 758,3-ке дейін (2008 жылы – 767,6) төмендету
1000 адамға бас  бостандығынан айыру органдарындағы тұлғалар арасында жалпы өлім-жітімді 2015 жылы 3,28-ге (2008 жылы  3,46) төмендету
2015 жылы сотталғандар арасында АИТВ-жұқтырғандардың таралу деңгейі 5 %-дан аспауы тиіс.

Жетінші кіші бағдарлама: Аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-әрекет

Ағымдық жағдайды талдау
Конго-Қырым геморрагиялық безгегі (бұдан әрі – КҚГБ) – кене арқылы берілетін және интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен айқындалған екітолқынды қызбамен сипатталатын жіті зоонозды табиғи-ошақтық арбовирустық ауру. КҚГБ соңғы жылдары нозоареалдың кеңеюі анық айқындалған, ерте сатыларда ауруды диагностикалаудың күрделілігімен, жоғары өлім-жітіммен (30%), аурудың ауыр өтуімен сипатталады.
Барлық адамдар жынысына, жасына және кәсіп түріне қарамастан, КҚГБ-нің қоздырғышына тең түрде сезімтал. Адамдар үшін инфекция көзі кене, үй жануарлары, жабайы ұсақ сүтқоректілер, сондай-ақ КҚГБ-мен ауыратын науқастар болып табылады. Адам инфекцияның инокуляциялық (кененің соруы) және контаминациялық (кенелерді малдан алып тастау кезінде оларды жаншу, олардың экскременттерін денеге сүрту) жолымен берілуімен жұқтырады. Инфекция мал сою және оны бөлшектеу, аңды, мысалы қоянның терісін сыпыру және оны бөлшектеу кезінде гемобайланыс жолымен берілуі мүмкін. Аурухана жағдайларында медицина қызметкерлерінің жұқтыруы зертханалық зерттеулер үшін науқас адамдардан қан алу кезінде олардың қанымен байланыста болуы арқылы, тамырға қан айдау, жатырдан және мұрыннан қан кетуді тоқтату кезінде және т.б. сол сияқты жағдайларда болады. Вирустың таза өсіндісімен жұмыс істеу кезінде, зертханадағы апаттар жағдайларында респираторлық жолмен жұқтыру болуы мүмкін.
Жұқтырудың басым көпшілік жағдайлары (еңбек жолы мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы қызметімен, аң аулаумен, балық аулаумен, туристік сапармен, табиғатта белсенді демалумен байланысты) адамдардың КҚГБ бойынша энзоотикалық аумақтарда болуы болып табылады.
2009 жылы республика халқы арасында КҚГБ ауруының 26 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 0,17), оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 22 жағдай және Қызылорда облысында – 4 жағдай. Оңтүстік Қазақстан облысында КҚГБ-мен ауырған 22 жағдайдың ішінде 8 жағдай өлім-жітіммен аяқталған.
2010 жылы Қазақстанда КҚГБ ауруының 12 жағдайы тіркелген (көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 0,07), оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда – 11 жағдай, Қызылордада – 1 жағдай.
КҚГБ-нің 12 жағдайының 3-і өлім-жітіммен аяқталды.
Санитариялық-қорғау аймақтары Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының КҚГБ бойынша ауданы 8 017 000 шаршы метр болатын 121 қолайсыз елді-мекеннің айналасына құрылған болатын.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстан халықтың сырқаттанушылық деңгейінің орташа санаттағы еліне жатқызылған (жылына 5-49 жағдай).
КҚГБ-нің табиғи ошақтарындағы эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне табиғи факторлар да (мысалы, ауа-райының жаппай жылынуы), адамның шаруашылық қызметті ұйымдастыруда өзгерістермен негізделген антропогендік әсерлер де әсер етті. Оларға дағдылы шаруашылық қарым-қатынастың күйреуі, кенеге қарсы іс-шараларға арналған шығынды қаржыландыруды толық қысқаруға дейін азайту, сол себептерге байланысты ветеринариялық қадағалаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі жатқызылады. Осы факторлардың үйлесімділігі КҚГБ вирусын тасымалдағыштардың санын көбейту үшін заңды түрде қолайлы жағдай жасауға әкеп соқтырды. Кенелердің популяция санының тұрақтамай адам санынан артып өсуі осы инфекцияның табиғи ошақтары шекарасының белсенділігі және кеңеюі негізінде жатыр.
Жүргізілетін зерттеулер малға және малдың қора-жайларына кенеге қарсы іс-шаралар жүргізу кезіндегі маңызды проблемаларды анықтады.
Осылайша, 2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда республикалық бюджеттік қаражат есебінен облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары малды және малдың қора-жайларын жоспарлы кенеге қарсы өңдеуді жүргізді. Малға және қора-жайларға жүргізілген кенеге қарсы өңдеулердің тиімділігі Оңтүстік Қазақстан облысының халқы арасында КҚГБ-мен ішінара сырқаттанушылық расталды (3 жыл ішінде барлығы 3 жағдай тіркелген болатын).
2006 жылдан бастап малды және қора-жайларды кенеге қарсы өңдеулер жүргізу тоқтатылған болатын. Ол соңғы 4 жылда халық арасында сырқаттанушылықтың өсуіне әкеп соқтырды (2006-2009 ж).
Осылардың барлығы халық арасында Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған кешенді профилактикалық шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кешенді бағдарламаны әзірлеу қажеттігін көрсетеді.

Мақсаты: Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар кешенін қалыптастыру.

Негізгі міндеттері
1. Халыққа КҚГБ-нің алдын алу шаралары және жұқтыру жолдары туралы ақпарат беру;
2. Кенеге қарсы іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде және уақтылы өткізу;

Қолжеткізу жолдары және тиісті шаралар

  • Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар кешенін жетілдіру үшін КҚГБ-мен сырқаттанушылыққа талдау жүргізу.
  • Денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны мынадай жолдармен құру:
    • Эндемиялық өңірлердің мал бастарына кенеге қарсы тазарту жүргізу;
    • Эндемиялық өңірлердегі малдың қора-жайларына кенеге қарсы тазарту жүргізу;
    • КҚГБ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасына санитариялық-қорғау аймағын құру.
  • Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы тазарту жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу.
  • КҚГБ-нің алдын алу шаралары және жұқтыру жолдары туралы халықпен санитариялық-түсіндірме жұмысын күшейту.

Бірыңғай Бюджеттік бағдарлама шегінде іс-шаралар жоспары:
Конго-Қырым геморрагиялық безгегімен (КҚГБ) сырқаттанушылықты төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар кешенін жетілдіру үшін КҚГБ-мен сырқаттанушылыққа талдау жүргізу;
Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында малға, малдың қора-жайларына жоспарлы түрде кенеге қарсы тазарту жүргізу;
Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарындағы елді мекендердің айналасына қорғау аймақтарын құру;
Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы тазарту жүргізудің әдіснамасын жетілдіру;
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігі, оның ішінде КҚГБ-мен ауыратын науқастарды ерте диагностикалау және уақтылы ауруханаға жатқызу мәселелері бойынша деңгейін арттыру;
«Республиканың Конго-Қырым геморрагиялық безгек бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы тазарту жүргізу әдіснамасын біріздендіру» әдістемелік ұсынымдарын енгізу;
КҚГБ-нің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық кампания (бейне және аудио роликтер шығару).

Нысаналы индикаторлар:
2015 жылы КҚГБ-мен сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,2-0,17. 

5.2. Профилактикалық іс-шаралар, негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру, скринингтік зерттеулерді күшейту

Мақсаты: халықтың денсаулығын әрі қарай нығайту және негізгі әлеуметтік-елеулі аурулар деңгейін төмендету.

Негізгі міндеттер

  • Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын нығайту және ана мен бала денсаулығын сақтау.
  • Аурудың профилактикасына тәсілдерді жетілдіру, скринингілік зерттеулерді дамыту және СӨС ынталандыру.
  • Негізгі әлеуметтік-елеулі аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру.
  • Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру (геронтологиялық және гериатриялық көмек).

Бағдарлама шеңберінде перинатальды медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара іс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазіргі заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жабдықтауды жалғастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, неонатальдық технологияларды белсенді енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ тұқым қуалаушылық және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеу, асқынуға, мүгедектікке және өлім-жітімге алып келетін ауыр ауралардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың жас физиологиялық ерекшеліктеріне және ДДҰ ұсыныстарына негізделген (балалар, жасөспірімдер, балиғатты жастағы әйелдер, қауіп топтары) халықтың нысаналы топтарына арналған Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешені әзірленеді және енгізіледі.
Ұлттық скринингтік бағдарлама үшін ДДҰ ұсыныстарына сәйкес аурудың байқалу ауыртпалығы, осы аурулардың тарату жиілігі, сондай-ақ диагностиканың қолданылатын әдістерінің қарапайымдылығы мен нақтылығы, емдеудің қолжетімді және тиімді құралдарының бар болуы сияқты факторлар ескерілді.
Осылайша, Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде (В жіне С вирусты гепатит патологиясын, туберкулезді, онкопатологияны, жүрек қан-тамыр ауруларын анықтау үшін) мынадай халық топтарын қамту жоспарлануда:
Жүкті әйелдер; жаңа туған нәрестелер және балалар; жасөспірімдер; орта-арнайы, жоғары оқу мекемелерінің студенттері, декреттелген топтар (әскери қызметкерлер, түзету жүйесі мекемелеріне түскен адамдар); донорлар және қан және оның компоненттерінің, тіндердің, мүшелердің реципиенттері.
Аталған бағдарлама шеңберінде негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және емдеуге жатқызу әдістері жетілдірілетін болады. Негізгі әлеуметтік-елеулі ауралар сана мыналармен анықталған: жүрек қан-тамыр аурулары, жарақаттар (жол және өндірістік жарақаттар, күюлер), онкопатологиялар, туберкулез, АИТВ, психиатриялық аурулар, эндокриндік аурулар (диабет). Көрсетілген аурулар олар мыналармен сипатталу нәтижесінде анықталған:
таралуы жоғары және тез өрбитін, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бірінші орындарды алады;
өлім-жітім және мүгедектікке шығу себептері құрылымында маңызды үлесі;
ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмір сапасын төмендетеді, жұмыс істеу белсенділігін шектейді) және жағымсыз нәтиже мүмкіндігі;
ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіне елеулі назар.
Сондай-ақ күтіліп отырған халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің айтарлықтай артуының тенденциясын ескере отырып, геронтологиялық медициналық көмек жетілдіріледі.
Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

    • Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын, оның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау мыналарды көздейді:
      • ДДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестігіне АБДС қызметі ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмек және МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыру;

ұрықтың және жаңа туған сәбилердің туа біткен және тұқым қуалаушылық ауруларын диагностикалау және қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, скринингтік бағдарламаларды жетілдіру;
ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгізу;
денсаулықты қамтамасыз ету және толыққанды өсуі, дамуы мен аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету үшін ДДҰ халықаралық стандарттарға сәйкес МСАК деңгейінде ерте жастағы (5 жасқа дейінгі) балаларды қадағалау және антеналды күтуді жетілдіру;
АБДС ұйымдарының қызметінде сапаны үздіксіз арттырудың қазіргі заманғы әдістемесін әзірлеу және енгізу;
АБДС қызметі ұйымдарында медициналық көмектің мониторингі, бағасы және сабақтастық тетіктерін жетілдіру;
ДДҰ енгізілген тиімді технологияларына сәйкестігіне МСАК және акушериялық, балалар стационарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ енгізілген тиімді технологияларына сәйкестігі қазіргі заманғы медициналық жабдық және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтау;
отбасында ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуына оңтайлы күтуді қамтамасыз ету жөнінде халықтың білімдерін арттыру;
медициналық көмекті психологиялық қолдаумен, жасөспірімдердің құқықтық консультациясымен және құпиялылықпен ұштастыратын жасөспірімдер қызметін дамыту;
АБДС қызметін ақпараттық қамтамасыз етілуін жетілдіруді қарастырады.
2.1.2. репродуктивті денсаулықты халықаралық стандарттарға сәйкестігіне нығайту жөнінде тиімді бағыттарды әзірлеу және енгізу:
отбасыны жоспарлау, соның ішінде әйелдерді жүктілікке дейін дайындау, қауіпсіз аналық, жасөспірімдер мен жас отбасыларды қауіпсіз жыныстық тәртібі жөніндегі отбасын жоспарлау және МСАК қызметкерлерін және мамандардырылған көмектің барлық деңгейлерін отбасын жоспарлау жөніндегі консультациялық дағдыларға, медициналық даярлау жөніндегі ұлттық нұсқаулықты әзірлеуді қоса алатын тиімді жүйесін құру;
дәлелді медицина негізінде репродуктивті жүйе ауруларын емдеу, диагностикалау және алдын алудың оның ішінде андрологиялық қызметті дамытудың (ерлер денсаулығын нығайту)тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу;
денсаулықтың гендерлік көрсеткіштерін статистикалық есепке алуды жетілдіру.
2.2. Аурудың профилактика жүйесін, скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру төмендегілерді болжайды:

      • профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу:

халықтың нысаналы топтары үшін Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде СӨС-ті ынталандыру тетіктерін әзірлеу және енгізу.

      • Профилактикалық шаралардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету:

дәрігерге дейінгі (SCORE) және дәрігерлік скринингтің халықаралық тиімді әдістемесін енгізу;
МСАК ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған приборлармен жабдықтау және МСАК мамандарын профилактика және скрининг мәселелері бойынша оқыту;
арнаулы топтардың ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық тексеруді жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу.

      • диспансерлік бақылау үшін халықаралық стандарттарды және тиімді тәсілдерді енгізу:

дәлелді медицинаға негізделген диспансерлік бақылау жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;
созылмалы науқастарға, соның ішінде мүгедектерге диспансерлік бақылау әдістемесін жетілдіру;

      • Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу:

өткізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың мақсаттық индикаторлар жүйесін әзірлеу және енгізу;
шығындардың тиімділігін бағалаудың жүйесін енгізу және әзірлеу.

    • Негізгі әлеуметтік-елеулі аурулар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру.
      • емдеу мен диагностикалаудың кешендік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу:

негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды емдеу, диагностикалау әдістемесін, халықаралық стандарттарын, хаттамаларын енгізу, соның ішінде:

  • жүрек-қантамыр аурулары;
  • жарақаттар (жол және өндірістік жарақаттар, күйіктер);
  • онкологиялық патология;
  • туберкулез;
  • АИТВ;
  • психиатриялық аурулар, соның ішінде тәртіптік бұзылыстар (алкоголизм, нашақорлық);
  • эндокриндік аурулар.

ТММКК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту;
негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу және енгізу;
денсаулық сақтау жүйесінде арнайы әлеуметтік жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгізу;
әлеуметтік-елеулі аурулармен ауыратын пациенттердің мониторингін жетілдіру және мемлекеттік органдардың пациенттерді емдеудегі іс-қимылын үйлестіру;
пациенттердің бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру.
2.3.2. Негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды оңалтуды жетілдіру:
әлеуметтік-елеулі аурулармен ауыратын пациенттерді оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдістемесін енгізу (медициналық, әлеуметтік, психологиялық оңалту);
науқастарды оңалту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсаттық индикаторларды әзірлеу және енгізу.
2.3.3. Науқастарға паллиативті көмек көрсетуді жетілдіру:
паллиативті көмек көрсетуді және мейірбикелік күтімді қажет ететін науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес дайындау;
дәрігерлер мен орта білімді медицина қызметкеріне арналған паллиативті көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу.

2.4. Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру (геронтологиялық және гериатриялық көмек):
2.4.1. Егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық аспектілерін кешенді шешу.

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру

Мақсаты: Халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету

Негізгі міндеттер

  • Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру.
  • Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру.
  • Санитариялық-эпидемиологилық қызметтің инновациялық бағыттарын дамыту.

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін, оның ішінде көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын қайта ұйымдастыру және ұйымдарын (санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын) оңтайландыру жүргізу арқылы басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл қазіргі кезде көліктегі және әкімшілік аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары арасында қалалық және аудандық деңгейде зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша бар функцияларды қайталауды болдырмауға, олардың штаттарын және материалдық-техникалық базасын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қазіргі заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін жетілдіру және одан әрі енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйелерінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізу, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізу алгоритмдерін және халықаралық стандарттар негізінде инфекциялық аурулар мен уланулардың жағдайларын (өршулерін) тексеру алгоритмдерін жетілдіру жалғастырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізілетін болады.
Халыққа профилактикалық егулер жүргізудің ұлттық күнтізбелігін одан әрі жетілдіру жалғастырылады. Оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізіледі.
Бұл ауруханаішілік инфекциялармен және спецификалық профилактика дәрі-дәрмектерімен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықты және өлім-жітімді одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, эпидемиологиялық шиеленістерге уақтылы ден қоюды және қысқа мерзімде ошақтарды таратпауды қамтамасыз етеді.
Бағдарлама шеңберінде тамақ өнімдерінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді жүйесі құрылатын болады. Оның шеңберінде халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша зертханалық қызметті дамыту және жетілдіру жоспарланады. Республикалық референс және дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін 3 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мамандандырылған зертхана және елімізде өткізілетін темекі бұйымдарының қауіпсіздігін токсикологиялық бақылау жөніндегі зертхана құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларды жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшін 5 зоональды вирусологиялық зертхана және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертхана желісі ұйымдастырылатын болады.
Бағдарлама шеңберінде инфекциялық емес ауруларды, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмыспен байланысты инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізу жоспарлануда, ол үшін Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тізбесі құрылады, кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамыту және нығайту бойынша шаралар қабылданады, медициналық ем-шарадан өту кезінде пациенттердің сәуле қабылдау жүктемесін бақылау жүйесі енгізіледі.
Бағдарлама шеңберінде алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдістер енгізу жоспарлануда. Бұл ретте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды шығаруды кеңейту және жаңғыртуды жүзеге асыру, қазіргі заманғы санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттау технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу, оның ішінде зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуді, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесін енгізу жоспарлануда.
3.1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру шеңберінде:

      • көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен ұйымдарын оңтайландыруды көздейтін көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын қайта ұйымдастыру жүргізу;
      • қалалық және аудандық деңгейдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын оңтайландыруды көздейтін аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын қайта ұйымдастыру жүргізу;
      • жеке кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту жұмысын жалғастыру;
      • санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қызметтің стандарттарын кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру;
      • стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) сәйкес келтіру;
      • қызметті стандарттау тетігін жетілдіру (әзірлеу, бекіту, мониторинг, тиімділікті енгізу, бағалау) көзделеді.

3.2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында:
3.2.1. мыналарды:
денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйесінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізуді;
эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізу алгоритмдерін және инфекциялық аурулардың (өршулер) және уланулардың жағдайларын халықаралық стандарттар негізінде тексеру алгоритмдерін жетілдіруді;
егулердің күнтізбелігін (пневмококк және басқа да инфекцияларға қарсы балаларға вакцина егу) жетілдіруді болжайтын инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру;
3.2.2. жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 зоональдық вирусолоиялық зертхана және мамандандырылған зертхана желісін ұйымдастыру;
3.2.3. мыналарды:
Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тізілімін құруды;
кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамытуды және нығайтуды;
медициналық ем-шаралардан өту кезінде пациенттердің сәуле жүктемелерін бақылау жүйесін енгізуді қамтитын инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру;
3.2.4. мыналарды:
өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес енгізуді;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалық қызметті дамытуды, оның ішінде:
дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін республикалық референс және 3 мамандандырылған зертхана құруды;
ҚРСЭС-ның зертханасын елімізде өткізілетін темекі бұйымдарының қауіпсіздігін токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен жарақтандыруды;
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізуді болжайтын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлануда.
3.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің инновациялық бағытын дамыту үшін:

      • Консорциум формасында біріктіру тетігін қолдану арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндіруді кеңейту және жаңғырту;
      • санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      • мыналарды:

зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуді;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет хертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесін енгізуді болжайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу жоспарлануда.

5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқаруды және қаржыландыру жүйесін жетілдіру

Мақсаты: медициналық көмек және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру.

Негізгі міндеттері

  1. МСАК-тің әлеуметтік бағытталған басымдық дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
  2. денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру;
  3. денсаулық сақтау ісін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
  4. медициналық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Қол жеткізу жолдары
4.1. әлеуметтік бағдарланған МСАК басымдықпен дамытуға негізделген денсаулық сақтау саласының тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:
4.1.1 МСАК-ты жетілдіру:
Дамудың сапалы жаңа деңгейіне денсаулық сақтау саласының көтерілуі қызметтерді көрсету технологиясын түбегейлі өзгерту жолымен ғана қолжеткізуге болады және ең алдымен бұл МСАК қызметтерін қатысты болмақ.
МСАК-тың қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен дамуын арттыру мақсатында жалпы дәрігерлік практика базасында МСАК-ты көрсетудің ұтымды нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізуді қосқанда кешенді жетілдіру жоспарлау отыр. МСАК жүйесіне әлеуметтік жұмыс институтін енгізу жолымен медициналық әлеуметтік бағыттылықты дамыту көзделіп отыр.
Емхананың құрылымын үш бөлімшеге бөлу арқылы оның құрылымын қайта қарау көзделуде, ол функциялық міндеттерді бөлуге және қаржыландыру үлгілеріне негізделеді.
Бірінші бөлімше: отбасылық денсаулық орталығы, оның құрамына дәрігерге дейінгі қабылдау, қарап-тексеру кабинеті (акушер), ем-шара кабинеті, егу кабинеті, қақырық жинау кабинеті және химизатр, дені сау бала кабинеті, профилактика және СӨС кабинеттері, сондай-ақ учаскелік терапевттердің, педиартрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттері кіреді. Онымен қатар, бұл бөлімшеде әлеуметтік жұмыскер мен психологтан тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметтің болуы, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталықтары және жастардың денсаулық орталығы болуы көзделуде. Бірінші бөлімшені қаржыландыру екі компонентті жан басы нормативі бойынша (бұдан – ЕКЖН) жоспарланады.
Екінші бөлімше: тіркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және анализ кабинетінен, күндізгі стационардан, функциялық диагностика кабинетінен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық биохимиялық зертханадан, функциялық диагностикалық кабинеттен, ультрадыбыстық кабинеттен, ренген және флюрографиялық, және эндоскопиялық кабинеттен тұратын қосалқы диагностикалық бөлімше. Бұл бөлімшені қаржыландыру медициналық қызметтер бойынша жүргізіледі.
Үшінші бөлімше: бейінді мамандардан (хирург, акулист, лор дәрігері және т.б.) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлімше. Бұл бөлімшені қаржыландыру амбулаториялық тарификатор бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, пилоттық жобалар ретіндегі өңірлердің дайындығына қарай жекелеген заңды тұлғалар ретінде төрт дербес отбасылық денсаулық орталығын құру көзделіп отыр. Бұл пилоттық жобаларды жарақтандыру республикалық бюджет қаражат есебінен жоспарланады, аталған орталықтардың жұмыс істеуі ЕКЖН бойынша қаржыландырылатын болады.
МСАК объектілері қызметінің профилактикалық бағыттылығын ынталандыру үшін екі компоненттен: базалық-шығындарын белгіленген нормасын, жыл сайын медициналық қызметтің нақты көлемімен ынталандырушыны қамтамасыз ету үшін бір адамға есептелетін ішінара қор иелену мен ЕКЖН енгізу жолымен қаржыландыруды жетілдіру көзделуде. Ынталандырушы компонент МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің қол жеткізген мақсатты индикаторларын: тіркелген халық арасындағы дені сау адамдар үлесі, ерте сатыда анықталған аурулардың үлес салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, арнайы мамандарға келіп қаралу деңгейі жедел медициналық жәрдемге жүгіну деңгейі болған жағдайда есептелетін болады

БҰДЖ шеңберінде емхананы және дәрігерді еркін таңдау қамтамасыз етілетін болады.
Осылайша бағдарлама шеңберінде МСАК-ты дамыту үшін мыналар жоспарланып отыр:
МСАК-тың және мамандандырылған көмектің функцияларын, өкілеттіктерін және қаржылануын дәл анықтап айыру жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау;
ЕКЖН-ды және МСАК ұйымдары мен медициналық қызметтерді ұсынатын басқа да өнім берушілер арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтік базаны әзірлеуді және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қосқанда ішінара қор иелену моделін енгізу;
халықаралық нормативтер мен стандарттарға сәйкес жаңа объектілер құрылысына мақсатты бағытталған инвестициялар бөлу саясатын енгізе отырып, МСАК ұйымдарының құрылымын жетілдіру;
медицина қызметкерлерінің уәждемелерін, оның ішінде еңбекақыны көтеру тетіктерін енгізу;
дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің сандық арақатынасын оңтайлы деңгейге дейін жеткізіп, дәрігер өкілеттігінің бір бөлігін мейірбикелерге беру;
жағымды кәсіби имидж құру және медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлі мен әлеуетін күшейту;
ауылдағы МСАК желілерін одан әрі дамыту және жетілдіру, оның ішінде ауылдың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту: денсаулық сақтау объектілерін салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу және ауылдық МСАК объектілерін белгіленген нормативке және денсаулық сақтаудың басым ұйымдар желісін дамытудағы қажеттілікті айқындау әдістемесіне сәйкес медициналық жабдықтармен және санитариялық автокөлікпен толық жарақтандыру;
ауылдың медицина қызметкерлері үшін экономикалық стимулдар мен жеңілдіктерді (тұрғын үй, бір жолғы жәрдемақылар беру, ауылдық жерлерде үш жыл жұмыс істеген жағдайда мемлекеттік білім беру несиелерін өтеу) енгізу;
кейіннен үш жыл бойы ауылда жұмыс істеу шартымен мамандарды даярлауға облыстық атқарушы органдар бөлетін мақсатты гранттардың үлесін (тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен) көбейту;
әлеуметтік қызметкерлердің институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;
дәлелді медицина қағидаттары негізінде МСАК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетілдіру;
медициналық көмек сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;
МСАК көрсететін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;
бастапқы буын дәрігерлері, мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкестігіне даярлау (халықпен жұмыс, аурулар профилактикасының тиімді әдістері, дәлелді медицина, психология, әлеуметтік жұмыс, отбасылық медицина саласында қажетті білімдер, дағдылар мен біліктерін қалыптастыру);
белсенді патронаж қызметін жетілдіру, оның ішінде қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыру;
жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшін мобильді медициналық бригадалар құру;
МСАК ұйымдары қызметінің тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу (бекітілген тұрғындар арасында дені сау тұлғалардың үлесі, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, мамандарға қаралу деңгейі, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейі).

жедел медициналық жәрдемді жетілдіру:
жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметінің жұмысын жетілдіру;
негізсіз шақырулар мен пациенттерді тиісті жерге қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетіктерді әзірлеу және енгізу;
жедел медициналық жәрдем қызметін даярлықтан өткен кадрлармен, оның ішінде парамедиктермен қосып толықтыру;
патология түріне, науқастың жағдайының ауырлығына қарай науқасты стационарға жеткізу бағдарын оңтайландыру;
әртүрлі патология түрлері бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейінгі қарау хаттамасын енгізу;
материалдық-техникалық базаны нығайту;
пациенттерді тиімді іріктеу жүйесін (triage) енгізу;
медициналық көмек сапасын басқару (CQI) жүйесін енгізу;
жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткіштерін енгізу (шақыруға келген уақыты, стационарға жеткізу уақыты, емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім);
науқастарды авиация көлігімен тасымалдауды, оның ішінде қашық жерлерге тасымалдауды жетілдіру;
республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесін дамыту;
төтенше жағдайлар, полиция, жол полициясы, өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің және көлік жүргізушілердің медициналық алғашқы көмек көрсету әрекеттерін үйлестіру.

  1. мамандандырылған медициналық көмекті дамыту

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМММ) көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру:
мамандандырылған бөлімшелері бар көп бейінді ауруханаларды дамыту;
медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;
консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖМММ көрсететін медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
стационарды алмастыратын технологияларды енгізу есебінен стационардағы төсек орын жұмысының (қарқындылық) тиімділігін арттыру;
стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологиялар жүйесін жетілдіру және кеңейту;
медициналық көмектің сапасын көрсететін индикаторларды орындау негізінде медицина қызметкерлерін жүйесін енгізу;
медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі және сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттерді емдеуге жатқызу өлшемдерін дәл анықтау;
консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, оның ішінде ЖМММ ұйымдарының қызметіне дәлелді медицина негізінде медициналық көмек стандарттары мен клиникалық хаттамаларды әзірлеу және енгізу;
стационардағы науқастардың тіркелімін жасау және енгізу;
жоғары технологиялық көмектің жаңа түрлерін енгізу, оның ішінде шұғыл жағдайларда; жоғары технологияны жергілікті деңгейде беру және енгізу;
телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді дамыту;
консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, оның ішінде медициналық көмек сапасын көрсететін ЖМММ ұйымдары жұмысының мақсатты көрсеткіштері жүйесін жетілдіру;
пациенттерді диагностикалау мен емдеу жөнінде шетелдік клиникалармен серіктестік өзара қарым-қатынастарды нығайту.

кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және паллиативті көмек жүйесін жетілдіру:
қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының желісін құру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған стационарлар және санаторийлік-курорттық ұйымдардың бір бөлігін қайтадан бейіндеу есебінен құру;
қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек көрсететін күндізгі стационарлар және үйдегі стационарлар желісін кеңейту;
кезең-кезеңмен қалпына келтіру, медициналық оңалту және паллиативті көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерін қайта қарау;
медицина қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу;
қалпына келтіру, оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыру;
жоғары технологиялық оңалту технологияларын енгізу;
қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының қызметіне науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу және енгізу;
науқастардың тіркелімін құру және енгізу;
медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;
қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететін мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру.

4.1.3. медициналық қызметтің әр түрлерін дамыту:
сот-медициналық сараптаманы жетілдіру:
жүргізілетін сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру;
сот-медициналық сараптамалық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде оның қолжетімділік, тиімділік, сабақтастық деңгейін көтеру;
білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
материалдық-техникалық базаны нығайту;
сот-медициналық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құрып, сот-медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізу;
сот-медициналық сараптаманың қазіргі заманғы әдістерін (оның ішінде геномдық және спектральдық зерттеулерді) және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу;
сот-медициналық қызметкерлерінің құқықтарын кеңейту және жауапкершілігін күшейту, материалдық ынталандыруды енгізу;
ІІМ-мен, Қорғанысминімен, ТЖМ-мен, прокуратурамен және т.б. мемлекеттік органдармен ведомоствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.

қан қызметін жетілдіру:
қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін дамыту;
республикалық референс-зертхана ашу;
қан мен оның компоненттерін ерікті түрде өтеусіз тапсыруды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы дамыту;
тұрақты донорларды тарту жүйесін дамыту:
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
қан препараттарын өндіретін зауыт салу.

зертханалық қызметті жетілдіру:
зертханалық қызметті орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру;
зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесін дамыту;
білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру;
зертханалық қызмет жұмысының нысаналы көрсеткіштер жүйесін құру.

4.2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментті жетілдіру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, қаржыландырудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу:

Жалпы денсаулық сақтау ісін басқару органдарының атқарушы функцияларын оларды кезең-кезеңмен мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға бере отырып, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік өнім берушілердің автономиясын көтере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бірқатар функцияларды: мемлекеттік кепілдік берген медициналық көмекті қаржыландыру, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы бақылауды орталықтандыру бір мезгілде қамтамасыз етілетін болады.
Кәсіби менеджерлер институты мен қазіргі заманғы басқару технологияларын қосқанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспарентті нысандарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасады.
Сонымен бірге денсаулық сақтауды басқарудың мемлекеттік органдардың қызметшілерін мемлекеттік басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша міндетті оқытуды қамтитын денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне басты көңіл бөлінетін болады.
Саланың экономикалық тиімділігін бағалау жүйесін құру мақсатында қазіргі заманғы халықаралық әдіснамалық тәсілдер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін зерделеу және талдау жүргізілетін болады.

Осылайша, болжау, бағалау және тәуекелді басқару жүйесін енгізу;
басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу;
медициналық ұйымдарға корпоративтік басқару қағидаттарын, оның ішінде оларға байқау кеңестерін енгізу арқылы енгізу;
денсаулық сақтау жүйесі қызметін экономикалық тұрғыдан талдау әдістемесін енгізу (саланың тиімділігін бағалау жүйесін құру);
денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу;
басқарушылық шешімдерді қабылдаудың сапасын үздіксіз арттыру қағидаттарын енгізуге негізделген бақылау жүйесіне (CQI -PDCA) көшу жоспарланады.

  1. Басқарудың ресурс үнемдеуші технологияларын әзірлеу және енгізу:

аурухананы басқару саласындағы технологиялар трансферті;
төсек қорын оңтайландыру, МСАК қызметін одан әрі дамыту үшін ресурстарды қайта бөлу;
амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды алмастыратын диагностикалық технологияларды енгізу есебінен және кезең-кезеңмен қалпына келтіру емін ұйымдастыру есебінен (патронаж қызметі, емдеуді аяқтау және оңалту жүйесі) стационардағы төсек орын жұмысының қарқынын арттыру;
стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдары жұмысының (төсек айналымы, ауруханада болудың орташа ұзақтығы және т.б.) негізгі көрсеткіштерін тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жабдықтардың мониторингі, жабдықтардың техникалық жай-күйінің және оны тиімді пайдаланудың мониторингі жүйесін, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды есептеу жүйесін жетілдіру;
жеткізуді басқару жүйесін енгізу;
есепке алынатын ақпараттың толық және өзекті болуын тексеру үшін есепке алу-есеп беру құжаттамасының үлгілерін қайта қарау, есептіліктің қайталануын болдырмау;
медициналық көмекті беру жөніндегі дербес есеп және статистикалық есептің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжаттар айналымын азайту;
бастапқы мәліметтерді енгізу уақытын қысқарту, шаблондарды енгізу арқылы медициналық ақпаратты енгізу жүйесін оңтайландыру, білім беру тренингтерін қамтамасыз ету.

  1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру:

Бәсекелестік ортаны құру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ тиісті бюджет шығыстарын азайту мақсатында жекеменшік компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға тарту және денсаулық сақтау саласындағы жекеменшік секторды дамыту жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, объектілерді, мүлікті, жабдықтарды жалға беру, жекеменшік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру кеңінен пайдаланылып, ынталандырушы тарифтік саясат енгізілетін болады. Әкімшілік кедергілер, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерді ұстау жойылатын болады.
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің ашықтығын арттыру үшін корпоративтік басқару элементтерін енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жалғастырылатын болады.
денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын және дербестігін арттыру:
медициналық ұйымдарды акционерлік қоғамдар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына басқарушылық шешімдер қабылдауда барынша дербестік беру;
денсаулық сақтау субъектілері арасында қызметтер мен құзыреттерді тиімді шектеу;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының арсында өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу;
науқасты қараудың барлық кезеңінде сабақтастықты қамтамасыз ету (медициналық қызмет көрсетудің кезеңділігі).

жекеменшік секторды дамытуды ынталандыру
денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторды дамыту үшін тиісті нормативтік және әдіснамалық базаны жоспарлы түрде жетілдіру;
артық әкімшілік кедергілерді жою;
ТМККК көрсетуге мүдделі бағдарланған корпоративтік медициналық желілер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және халықтың салауатты өмір салтын нығайтудың тетіктерін әзірлеу және енгізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға медициналық қызметтерді ұсынушы жекеменшік өнім берушілерді тарту бойынша шаралар қабылдау;
жекелеген денсаулық сақтау объектілерін салу, жекешелендіру, негізгі құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенімгерлік басқаруға және жекеменшік медицина ұйымдарына ұзақ мерзімді жалға беруді қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру.

денсаулық сақтау ұйымдарында кадр саясатын жетілдіру:
Саланың адами әлеуетін басқаруды жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді, кейбір медициналық қызметтерді орындау үшін медициналық емес білімі бар қызметкерлерді жүйелі түрде тарту басталатын болады.
Кадрларды, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында бекіту үшін денсаулық сақтау мамандары даярлауға, оның ішінде жеке инвестициялар мен демеушілік қаражатты тарту жолымен келісімдер негізінде жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасы жалғасатын болады.
Жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілік деңгейі саланың өзекті проблемасы болып отыр. Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жетілдірілетін болады. Материалдық факторлармен қатар құрмет, өзін-өзі құрметтеу және мойындау басты рөл атқаратындықтан, қоғамдағы медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінетін болады.
Осылайша бағдарлама шеңберінде мыналар жоспарланады:
денсаулық сақтау жүйесінің кадр әлеуетін дамытуды жоспарлауды және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру тетіктерін қамтитын Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу;
денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын кеңейту;
денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық білімі бар менеджерлерді тарту және оларды денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту жөніндегі нормативтік базаны қамтамасыз ету және құру;
медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;
медицина қызметкерлерінің әлеуметтік статусын және кәсібінің беделін арттыру, оның ішінде дәрігерлердің кәсіби қызметін қолдау және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық кампаниялар;
кәсіби бедел мен кәсіби бәсеке институттарын дамытуды қосқанда дәрігерлерді кәсіби дамытудың республикалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерін (кәсіби ҮЕҰ) рөлін арттыру және қолдау;
медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет жасауды қамтитын медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
карантиндік және аса қауіпті инфекциялар таралу қаупі болғанда медицина қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу.

денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды дамыту:
денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу және одан әрі жетілдіру;
ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар және басқа да стандарттарды іске асыру;
шалғайдағы ауылдық елді мекендерге ДБАЖ инфрақұрылымын, коммуникациясын және бағдарламалық шешімдерін құру, аудан орталығынан алыстағы ауылдық медицина қызметкерлерін ДБАЖ ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
жедел жәрдем бригадаларын навигацияның GPS интеграциялаған жүйелері бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, ұтқыр терминал құралдарымен ДБАЖ ақпараттық ресурстарына барғанда бригаданың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ықпалдастық шешімдерді әзірлеу;
халыққа ұсынылатын денсаулық сақтаудың электрондық қызметтерін дамыту;
республиканың денсаулық сақтау саласында бірыңғай білім беру кеңістігін құру үшін қазіргі заманғы коммуникациялық технологияларды, оның ішінде телемедицинаны пайдалану;
денсаулық сақтау кадрларын қашықтықтан оқытуды дамыту және кадр ресурстарын басқару үшін ДБАЖ-дың жұмыс істеп тұрған компоненттерімен оны ықпалдастыру;
медициналық білім беруге компьютерлік білім беру бағдарламаларын, мультимедиялық бағдарламаларды, компьютерлік және ақпараттық технологияларды енгізу;
рентген, ультрадыбыстық суреттер және ядролық-магниттік резонанстардың суреттерін ең жаңа есептеу техникасының пайдаланып суреттің цифрлы анализі үшін зерттеу нәтижелерінің нақтылығын жоғарылату және материалды өңдеу үрдісін жеделдетуге бұл салада математикалық әдістерді қолдану үшін медициналық суреттер банкін құру;
қан компоненттерінің есебі мен қорларын басқарудың тиімді жүйесі ретінде қан банкін құру; донорлар банкін жүргізу және қадағалау үшін ДБАЖ компоненттері бар қан банкін ықпалдастыру (әлеуетті донордың денсаулық паспортын қарау);
әлеуметтік елеулі аурулардың тіркелімдерін қалыптастыру;
Ұлттық телемедицина желісін дамыту (ұтқыр телемедицинаны кеңейту, халықаралық консультацияларды дамыту, селолық және ауылдық телемедицинаның жобасына кірмеген шағын қалалармен телемедициналық желімен және бейне конференц байланыспен қамту, дәрігерлер біліктілігін арттыру және студенттерді қашықтықтан білім беруге телемедицина технологиялары және байланыс арналарын пайдалану);
дәрілік заттарды сәйкестендіру, контрафактілі өнімді болдырмау мақсатында Республика аумағында дәрілік заттарды есепке алу және сәйкестендіру жөніндегі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кедендік бақылау жүргізу сәтінен бастап олардың қозғалысын бақылау.

    • Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру:

ТММКК-ні қаржыландыруды жетілдіру мақсатында өңірлер бойынша ТММКК-ні қаржыландырудың бірыңғай көлемдері айқындалатын болады. Сонымен бірге өңірлер арасында ТММКК-ге шығыстардың айырмасын кезең кезеңмен қысқарта отырып денсаулық сақтауға арналған шығыстар ұлғайтылатын болады. Денсаулық сақтауда бюджеттерді бағдарламалық шоғырландыру және медициналық-санитариялық алғашқы және консультациялық-диогностикалық көмекті қаржыландыруды орталықтандыру жүзеге асырылады. ТММКК-ні жетілдіру оны нақтылау және оңтайландыру (объективті өлшемдер негізінде) және МСАК көлемдерін кеңейту және мамандандырылған көмек көлемін оңтайландыру жағына медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қаржыландыруды қайта бөлу жолымен жүзеге асырылатын болады. ТММКК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер мен дәрілік заттар тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту де жоспарланып отыр. Амортизациялық аударымдары тарифке енгізе отырып, ТММКК қызметтеріне тариф қалыптастыру жүйесі жетілдірілетін болады және негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі артады.
Азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында ТММКК-ге кіретін кейбір қызмет түрлерінің құнын қоса төлеу тетіктерін әзірлеу жоспарлануда. Қоса төлеу қызметтің мұндай түрлерін шамадан тыс пайдалануды біртіндеп шектеуге, ал екінші жағынан ТММКК-ге кіретін қызметтер үшін заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде қоса төлеуді көздейтін медициналық қызметтердің көлемдерін, құрылымын, түрі мен нақты тізбесін нақтылау жоспарлануда.
Нысаналы инвестициялауға айрықша көңіл бөлінетін болады: апатты және жапсарлас үй-жайларда, әсіресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңарту. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» атты Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетілдіріледі, бірінші кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын регламенттейтін ұлттық стандарттар әзірленетін болады.

Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі шаралар мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

      • БҰДЖ аясында қаржыландыру тетіктерін жетілдіру:

ТММКК-ні қаржыландыруды кезең-кезеңмен орталықтандыру, МСАК-ты, консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыруды орталықтандыру;
медициналық ұйымдардың ТММКК-ге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру;
ақшалай қаражаттың ағыны туралы мәліметтерді жинаудың, тізімдемеге енгізудің, бағалаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ету;
медициналық ұйымдар түрлі көздер есебінен алатын, оның ішінде ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алатын қаражатты есептеу жүйесін жетілдіру;
жан басына шаққандағы екі компонентті нормативті және ішінара қор иелену үлгісін енгізу;
стационарларда емдеу нәтижелерін ескере отырып, емделген жағдай үшін бірыңғай тарифтер бойынша төлеудің медициналық-экономикалық тарифтерін одан әрі жетілдіру;
қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығысты қысқартуға және МСАК қызметі мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығысты көбейтуге қарай бөлу тетігін әзірлеу;
медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің түпкілікті нәтижеге бағдарланған сараланған жүйесін жетілдіру;

      • тариф саясатын жетілдіру:

тарифке амортизациялық аударымды қосуды есепке алып, ТММКК аясында көрсетілетін медициналық қызмет тарифін жасау жүйесін жетілдіру;
тарифтерді қалыптастырудың және медициналық қызметке жұмсалатын шығынның орнын толтырудың инновациялық әдістемелерін енгізу: жан басына шаққанда екі компонентті норматив, қорды ішінара иелену.

      • азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру және медициналық сақтандыруды одан әрі дамыту:

ТММКК-ге кіретін кейбір қызмет түрлерінің құнын азаматтардың қоса төлеу тетіктерін әзірлеу;
шетел азаматтарын медициналық сақтандыруды енгізу;
ТММКК-ден тыс қызмет көрсетуге берілетін медициналық ерікті сақтандыруды дамыту.

      • денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру:

өңірлік ерекшеліктерді есепке алып, инвестицияны жоспарлаудың ғылыми тұрғыдан негізделген жүйесін әзірлеу;
материалдық-техникалық базаны теңестіру және нығайту қағидатын іске асыру үшін бірінші кезекте, амбулаториялық қызмет күші жеткіліксіз өңірлерде денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына, қайта жаңартуға және жөндеуге арналған мақсатты инвестициялау,
саланың басымдық берілген бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингі мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;
денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту тетіктерін әзірлеу және енгізу:

    • денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;
    • негізгі құралдарды мемлекеттік қаражат есебінен сатып алу және оларды ТММКК көрсетуге қатысатын жеке құрылымдар лизингі жағдайында тапсыру жүйесін енгізу
    • денсаулық сақтау саласына шетелдік инвестицияны тарту.

4.4. Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі:
Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетудің қазіргі заманғы технологиялары енгізіледі, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының қағидаттарына сәйкес расталады. Медициналық ұйымның деңгейінде сапаны басқару жүйесі жетілдіріледі және клиникалық практиканың сапасын арттыру мен медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дәлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу негізінде) жүйесін енгізу, сервисті дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудиті жетілдіріледі. Қазіргі заманғы сапаны басқару технологияларын енгізудің қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ медициналық көмек сапасының халықаралық және ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілер жетілдірілетін болады.

4.4.1. медициналық қызметтің сапасын және қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру:
денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу;
көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын басқарудың аурухана ішіндегі, сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделген, жүйесін (CQI) енгізу;
клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетілдіру, оларды қолдану тиімділігінің мониторингі жүйесін енгізу;
халықаралық қағидаттарға негізделген медициналық ұйымдарын ұлттық аккредиттеуді дамыту;
халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиімділігі туралы ақпарат беру жүйесін әзірлеу және енгізу;
пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетін арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту процесіне қатысуын көтермелеу;
денсаулық сақтау ұйымы қызметін ішкі және сыртқы аудит нәтижелері негізінде рейтингілік бағалау жүйесін әзірлеу;
аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.

4.4.2. медициналық этика, деонтология және пациенттер құқықтарын қорғау институтын дамыту:
барлық деңгейде халықаралық этика қағидаттарын енгізу және этика комитеттерін құру;
медицина қызметкерлері мен пациенттер құқығын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
дәрігер қателіктерін олардың жіктегішімен және пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру (анықтау) жүйесін құру және енгізу;
пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру;
ТММКК шеңберіндегі қызметтер тізбесін қосқанда отандық медицина ұсынатын әртүрлі ауруларды емдеудің, профилактиканың тиімді әдістері және мүмкіндіктер туралы халықты ақпараттандыру.

5.5. Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру:
медицинада инновациялық технологияларды енгізу және дамыту

Мақсаты: денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту.

Негізгі міндеттері:

    • Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру;
    • Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу.

Бағдарлама шеңберінде дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және білім беру жүйесін және денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамытуды жетілдіру, сондай-ақ денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгізу және ғылымды одан әрі дамыту жоспарланып отыр. Жаңа университет базасындағы Медициналық мектепте дәрігерлерді даярлау Америка моделі бойынша жүргізілетін болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесімен салыстырғанда, бұл модель шеңберінде Premed міндетті кәсіпке дейінгі даярлық болуы, медициналық мектепке түсу үшін арнайы іріктеу рәсімі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшін тәуелсіз емтихан тапсыру көзделген.

Қол жеткізу жолдары
5.1. Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамытуды жетілдіру аясында мынадай жұмыстар жоспарланып отыр:

      • денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу,

денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесін өңірлік сұраныс негізінде жетілдіру;
корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, білім беру ұйымдарын басқарудың дербестігін және ашықтығын арттыру;
медициналық ЖОО-лардың, колледждердің бітіруші түлектерінің және денсаулық сақтау саласының практикадан өтуші жұмысшыларының білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгізу.
5.1.2. материалдық-техникалық базаны жаңғырту:
мемлекеттік медициналық ЖОО-лардың жеке клиникаларын салу;
студенттер жатақханаларын салу;
медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық орталықтарын және зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандыру.
5.1.3. медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру:
Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру;
дәрігерлерді халықаралық озық стандарттарға сәйкес Жаңа университет базасында даярлаудың инновациялық жүйесін енгізу;
шетелдік аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен медициналық ЖОО-ларды аккредиттеу;
шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
инновациялық білім беру технологияларын енгізу, профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетін көтеру, шетелдік үздік тәжірибені тарту;
медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік білім беру және дамыту жүйесін жетілдіру.

5.2. Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мыналарды көздейді:

      • медициналық ғылымды басқарудың және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:

корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, медициналық ғылым ұйымдарын басқарудың дербестігін және ашықтығын арттыру;
мультиорталықты зерттеулерді, оның ішінде жетекші әлемдік ғылыми орталықтарды дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалаудың халықаралық индикаторларын енгізу.

      • медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:

регенеративті медицина, молекулалық биология және жасуша технологиясы орталықтарымен бірге Астана қаласында «Өмір туралы ғылыми институт» ғылыми-зерттеу кешенін құру;
көпшілікке арналған, әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін, құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 ғылыми орталық құру;
ЖОО ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру;
денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау, оның ішінде PhD магистратура және докторантура шеңберінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;
әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру.

5.6. Дәрілік заттардың сапасын және халық үшін қолжетімділігін арттыру

Мақсаты: халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және еліміздің дәрілік препараттарға қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін отандық өндірістің есебінен 50 %-ға жеткізу.

Негізгі міндеттер
1) Халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.
2) денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтау, медициналық озық технологияларды қолдану және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру.
3) дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
4) мемлекеттік стандарттарға сәйкес жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды дамытуға жәрдемдесу.

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәріхана мен дәрілік затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.
Пациенттерді барабар дәрі-дәрмекпен емдеу және дәрілік заттардың пациенттердің неғұрлым басым бөлігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың басымдықтарының бірі болады. Халықтың және аурулардың санаттары тізбесінен қолда бар басымдықтарды ескере отырып, сатып алу рәсімдерін өткізуді тоқтата отырып Дәрілік заттар тізбесіне көшу – халықаралық тәжірибесіне сәйкес амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолданыстағы моделін оңтайландыру және дәрілік затқа белгіленген бағаны белгілеу ұсынылады. Бұл тетік фармацевтика нарығындағы субъектілердің, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен халыққа дәрілік заттардың нақты қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мембағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, дәрілік заттардың бағасының жыл сайынғы өсуін төмендетеді, ТММКК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтеді, және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасайды.

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
6.1. Халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мыналарды көздейді:

      • амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жетілдіріледі және пациенттерге дәріхананы және дәрі-дәрмектерді таңдау құқығы берілетін болады;
      • формулярлық жүйені дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерін объективті және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы тиімді фармокотерапия (дәрі-дәрмектерді тиімді тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгізу;

6.1.3. ауылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін, оның ішінде МСАК арқылы ауыл тұрғындарына (дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрі-дәрмек көмегіне жеке қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз етуді жетілдіру;
6.1.4. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін жетілдіру.

6.2. Денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, озық медициналық техниканы қолдану және сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында:

      • денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы технологиялармен қамтамасыз ететін және ұзақ мерзімді тапсырыстарды қалыптастыру бойынша үйлестіруші орталық құру;
      • медициналық техниканы жеткізудің лизингілік схемаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;
      • медициналық техника және қымбат бағалы жабдықтар үшін кепілден кейінгі сервистік контракт жүйесін енгізу.

6.3. Дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру үшін:

      • дәрілік заттардың айналысы саласында нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру, рұқсат беретін құжаттарды өзара мойындау, дәрі-дәрмектердің сапасын Кеден одағының аясында инспекциялаудың және бақылаудың ықпалдастырылған жүйесін құру;
      • дәрі-дәрмектердің сапасы мен мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды көздейді:

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РММ зертханаларын (оның ішінде өңірлік) қазіргі заманғы зертханалық технологиялармен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және қызметкерлерді оқыту;
аккредиттеу туралы ережені және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүйесін әзірлеу;
Еуропалық фармакопея дәрілік заттар сапасын бақылау (OMCL) бойынша ресми зертханалардың еуропалық желісіне ену үшін дайындық іс-шараларын жүргізу;
фармацевтикалық инспекцияның (PIC/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесіне ену үшін мемлекеттік және сараптау органының мамандарын оқыту.

      • контрафактілік және жалған өнімдердің өндірісі және таратылуына қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу:

медициналық және фармацевтикалық қызметтің сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органның өңірлік бөлімшелерінде жалған дәрілік заттарды анықтау үшін экспресс зертханалармен қамтамасыз етуді көздейді.

6.4. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес отандық өндірісті құруды қолдау арқылы отандық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды дамыту:

      • халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүргізгенде отандық дәрі-дәрмектерді мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
      • ТММКК-ні қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісіне отандық өндірушілердің ұзақ мерзімді тапсырыстарын қалыптастыру.

        6. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу;
жүктілік кезінде ерте есепке қою кезінде әйелдерді қаржыландыру ынталандыруды әзірлеу;
халықтың мақсатты топтарына Ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу;
іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде өткізілетін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу;
денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде Кеден одағы және ДСҰ-ның талаптарына сәйкестігіне оларды үйлестіру;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;
әлеуметтік жұмыскерлер институтын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу әдістемесін әзірлеу;
ТММКК көрсетуге республикалық деңгейде шығыстарды орталықтандыру;
медициналық көмек сапасын басқару жүйесін әзірлеу;
БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;
денсаулық сақтауға инвестицияларды қатыстыру тетіктерін әзірлеу;
медицина ғылымын басқару және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын жетілдіру;
дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
Екінші кезеңде (2013-2015 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;
жүктілік кезінде ерте есепке қою кезінде әйелдерді қаржыландыру ынталандыруды әзірлеу;
негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды емдеу, диагностикалау әдістері мен хаттамаларын, халықаралық стандарттарын енгізу;
азаматтардың денсаулық және өмір сүру үшін қауіп факторларын төмендету, мемлекеттік органдар, қоғам, жұмыс берушілердің тиімді ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылын іске асыру;
жеке және қоғамдық денсаулықты нығайту және қорғауға мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін енгізу;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкестігіне (санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) келтіру;
ТММКК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтер тізбесін кеңейту;
МСАК-ң әлеуметтік бағытталған үлгісін құру;
медициналық қызметтің сапасына бағдарланған денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу;
денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесін енгізу;
медицина ғылымы инфрақұрылымын жаңғырту;
медицина қызметкерлерінің әлеуметтік статусы мен уәждемесін арттыру;
дәрілік заттардың сапасы мен қол жетімдігін арттыру;
денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жабдықтау және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісін дамыту.

7.ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛЕМІ

Бағдарламаны іске асыруға 2001-2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 552 160,4 млн. теңге, оның   ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен (жергілікті бюджеттердің нысаналы трансферттерін қоса есептегенде) 528 061,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 3 098,8 млн. теңгені құрайды.
2001-2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.

( Редактировать)

�������� ���� ������
Начало формы

�� �� ��������������, ������� ���� ������]
*Login

Password:

E-Mail

*���������:

Конец формы

Конец формы

  1. КІРІСПЕ

Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.
Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше  рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын  перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен ықпалдастыруға негізделген  жаңа стратегияларды енгізе отырып, сондай-ақ дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік және институционалдық технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!