Патологиялық анатомия силлабус

СИЛЛАБУС

Патологиялық анатомия бойынша-2

Пәннің коды   РА – 2 3210

Мамандығы  «051301 – Жалпы медицина»

Дәрістер 18 сағат

Тәжірибелік сабақтар 54 сағат

СӨЖ 36 сағат                                                             Емтихан VI

Барлығы 108 сағат

3 курс

V, VI семестр

1.7 Кафедра оқытушылары туралы мәлімет: 

  1. Манекенова Кенжеқыз Боранбаевна, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, ғылыми атағы –  профессор.

Жоғары квалификациялық категориялы патологоанатом дәрігері.

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 22 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Сот-морфологиялық зерттеулер», «Жасушалық трансплантация».

  1. Омаров Талғат Маратович, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 13 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде  тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Жасушалық  трансплантация».

  1. 3. Смайлова Гульзира Құлыбековна, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 11 жыл

Қазақ тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Плацентология»

  1. Дүкенбаева Бибажар Абаевна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 16 жыл

Қазақ тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Кенеттен дамыған өлімнің морфологиясы»

  1. Попова Марина Романовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 10 жыл

Екінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері

Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология»

  1. Досмамбетова Жанара Құдайбергеновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

     Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 10 жыл

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде  тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

      Ғылыми қызығушылығы: токсикалық заттардың әсерінің патоморфологиялық зерттеулері.

  1. Перадзе Манана Николозовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  – 5 жыл

Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Онкологиялық патология»

  1. Сулейменова Айгүл Жолдасовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми – педагогикалық еңбегінің стажы  –17 жыл

Екінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері

Қазақ және орыс тілінде  дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы:  сот медицинасындағы патоморфологиялық зертеулер

  1. Сакипова Айнагуль Канапияновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми педагогикалық еңбегінің стажы – 10 жыл.

Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік  сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы:  онкологиялық патология.

  1. Иманмадиева Индира Мухаметгалиевна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті

Ғылыми педагогикалық еңбегінің стажы –8  жыл.

Қазақ және орыс тілдерінде тәжірибелік  сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: иммунды-патологиялық процестердің морфологиясы.

  1. Орынбасаров Серик Орынбасарович патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті

Ғылыми педагогикалық еңбегінің стажы – 2  жыл

Қазақ  тілінде тәжірибелік  сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы:  токсикалық заттардың әсерінің патоморфологиялық зерттеулері. 

1.8 Байланыс мәліметтері:

Астана қаласы, Сары-Арка даңғылы, 33, «АМУ» АҚ

Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554 

Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты

Патологиялық анатомия бойынша сабақтар  Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының  «Патологоанатомиялық бюросының» және «РНХҒО» АҚ негізінде өткізіледі.

1.9. Пән саясаты:

Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)

  1. Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.
  2. Кафедраның негізгі талаптарының бірі студенттің дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар өтеледі, бірақ сабаққа 0 балл қойылады.
  3. Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде өтейді.
  4. Академияның мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді.
  5. Себепті жіберілген тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау 4 аптаның ішінде, ал себепсіз жіберілген  сабақтар 2 аптаның ішінде өтеледі.
  6. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.
  7. Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға тәжірибелік сабақтар, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.

Айып шаралары:

1.Студенттің аралық бақылауды дер кезінде өткізбегені үшін рейтинг баллы 10 баллға төмендетіледі  және де әрбір себепсіз жіберген тәжірибелік сабақтарға 0 балл қойылады.

2.Егер студентттің рейтингі  қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді.

3.Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді. 

2.1 КІРІСПЕ

Патологиялық анатомия пәнінің бағдарламасы «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Ол іргелі теориялық білім беруді қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық және биологиялық ғылым салаларының міндетті түрде қолданылатын және маңызды орын алатын қазіргі жетістіктері негізінде құрастырылған. Патологиялық анатомияның өркендеуі гистология, биохимия, қалыпты физиология, адам анатомиясы, физика, математика мен информатиканың заманауи жетістіктерімен тығыз байланысты. Бұл пән клиникалық пәндердің іргетасы болып табылады. Өйткені аурулардың бейнесі мен ақырын дұрыс пайымдау үшін жалпыпатологиялық үдерістердің негізін біліп, патологиялық үдерістердің макроорганизмнің бүкіл тіршілік әрекетіне әсерін терең түсіну қажет.

Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Ол теориялық медицина мен дәрігердің күнделікті жұмысына тікелей қатысы клиникалық пән.

Патологиялық анатомияның теориялық және ғылыми мәні жасушалық патологияның, стереотипті патологиялық үдерістер мен аурулардың жалпы заңдылықтарын зерттеу барысында айқындала түседі. Жалпы патологиялық анатомия курсының мазмұны да тап осы мәселелер.

Аурулардың құрылыстық негізін зерттеу организмдік, жүйелік, органдық, тіндік, жасушалық, субжасушалық және молекулалық құрылым деңгейлерін қамтиды. Бұл мәселені толық қамтып, кешенді зерттеу үшін табиғаттану саласы пәндерінің бүгінгі жетістіктеріне негізделген электрон микроскопы, иммунгистохимиялық, цитохимиялық және ауторадиографиялық тәсілдер кең қолданылады. Аурудың әр даму кезеңіндегі бейнелерді клиника-морфологиялық тұрғыдан саралай отырып, студент клиника-анатомиялық талдаудың жүйесіне машықтанып, аурулардың диагностикалық нышандарын бір-бірімен сабақтастыра пайымдауға негізделген клиникалық ойлау талаптарын игереді. Ал мазмұны мен міндеті клиника-анатомиялық талдау жүйесіне негізделгендіктен де патологиялық анатомия клиникамен үнемі тығыз байланыста. Осының бәрі терең білім қалыптастырып, алуан түрлі істі дұрыс атқарып, жан-жақты машықтануға толық мүмкіндік береді. 

2.2 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ 

Аурулардың құрылымдық негізі, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, ақыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы білім қалыптастырып, болашақ стоматолог-дәрігерге алған білімін науқастардың жас шамасына байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, күнделікті жұмысында қолдануды игерту. 

2.3 ПӘННІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде жүрек пен тамырлардың тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;
  • Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде бронх-өкпе жүйесінің тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;
  • Ас қорыту жүйесінің зақымдануы кезінде дамитын негізгі симптомдар мен синдромдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістер мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіндіре білуді;
  • Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде тері мен оның қосындылары ескерілген тірек-бұлшықет жүйесі  тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;
  • Бүйректерді, зәр шығару жолдарында және репродукциялық жүйесінде дамитын негізгі синдромдар мен патологиялық жағдайлардың жасушалық және жасушадан тыс белгілерін анықтап, олардың  патологиялық-морфологиялық өзгерістері мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіне білуге үйрету;
  • Эндокринді жүйе ауруларын байланысты дамитын негізгі синдромдар мен патологиялық жағдайлардың жасушалық және жасушадан тыс белгілерін анықтап, олардың патологиялық-морфологиялық өзгерістері мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіне білуге үйрету;
  • Микро- мен макроскопиялық деңгейде жүйке жүйесі аурулары мен

негізгі симптомдар мен синдромдары кезінде дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсініп, оларға баға беруді үйрету;

  • Микро- мен макроскопиялық препараттарда қан түзуші ағзалардың

тіндерінің жасушалық құрылымдарында дамитын белгілерді анықтай алуды.    

2.4 ОҚЫТУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ  НӘТИЖЕЛЕРІ

     Студент білуге тиісті:

  • Жүрек ақауларының, атеросклероздың, артериялық гипертензия синдромының морфологиялық сипаттамасын;
  • Жүректің ишемиялық ауруының, жүректің жедел мен созылмалы жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасын;
  • Өкпенің жедел мен созылмалы қабынулық аулуранының, ӨСОА, плевриттің морфологиялық сипаттамасын;
  • Пневмониялардың адамның жасына байланысты ерекшеліктерін;

Ас қорыту жүйесінің патологиясының морфологиялық көріністерін: 

  • өңеш патологиясында
  • асқазан патологиясында
  • ішек патологиясында
  • бауыр мен өт шығарушы жолдардың патологиясында
  • ұйқы безі патологиясында
  • келесі синдромдардың морфологиялық сипаттамасын:
    • нефритикалық синдром
    • нефротикалық синдром
    • бүйрек жетіспеушілігі синдромы (жедел мен созылмалы)
    • бүйректік артериялық гипертензия синдромы
  • жоғарыда көрсетілген жағдайлар мен аурулар кезіндегі патологиялық

анатомиялық зерттеу әдістерін

  • тері мен оның қосындылары ескерілген тірек-бұлшықет жүйесінің

қабынулық және дистрофиялық ауруларының патологиялық-морфологиялық көріністерін;балалардағы ерекшеліктерін;

  • жүйке жүйесі аурулары кезінде бас миының тінінде дамитын

морфологиялық өзгерістерді;

  • эндокринді жүйенің ағзаларының патологиясының морфогенезін;
  • эндокринді жүйенің патологиясының синдромдарының негізгі микро-мен

макроскопиялық көріністерін;

  • қан түзуші жүйенің патологиясының жіктелуін;
  • қан түзуші жүйенің патологиясының морфологиялық сипаттамасын;
  • қан түзуші жүйенің патологиясының асқынуларын;
  • анемиялық синдромның, миело- мен лимфопролиферациялық

синдромның, геморрагиялық синдромның жасқа байланысты ерекшеліктерін.

істей алуға тиісті:

  • Жүрек ақауларының, атеросклероздың, артериялық гипертензия синдромының, жүректің ишемиялық ауруының, жүректің жедел мен созылмалы жетіспеушілігінде жүрек пен тамырларда дамитын макро- мен микроскопиялық өзгерістерді анықтауды;
  • Тыныс алу ағзаларының патологиясы кезінде дамитын макро- мен микроскопиялық өзгерістерді анықтауды;
  • Зәр шығару мен жыныс ағзаларының патологиясы кезінде дамитын макро- мен микроскопиялық өзгерістерді анықтауды;
  • Тері мен оның қосындылары ескерілген тірек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде дамитын макро- мен микроскопиялық өзгерістерді клиникалық белгілерімен салыстыра отырып анықтауды;
  • Жүйке жүйесі аурулары кезінде дамитын макро- мен микроскопиялық өзгерістерді анықтауды;
  • Эндокринді жүйенің ағзаларының патологиясы кезінде дамитын макро- мен микроскопиялық өзгерістерді анықтауды;
  • Ағзаларда анықталған патологиялық-морфологиялық өзгерістер жиынтығы негізінде мүмкіндік нәтижелері, асқынулары мен өлім себептерінің сипатын болжай білуді;
  • Морфологиялық өзгерістерді эндокринді жүйенің ағзаларының патологиясының синдромдарының тән клиникалық-функциялық көріністерімен байланыстыра білуді;
  • Клиникалық көріністерімен байланыстыра отырып анемиялық синдромның, миело- мен лимфопролиферациялық синдромның, геморрагиялық синдромның патологиялық-морфологиялық өзгерістерін анықтауды.

 игеруге тиісті дағдылар:

  • әртүрлі патологиялық үдерістердің макроскопиялық және

микроскопиялық бейнесін сипаттай алу;

  • морфологиялық өзгерістердің патологиялық үдерістерге тән клиника

функциялық нышандармен сабақтастыра пайымдау.

2.5 Пәннің алғы реквизиттері: биологиялық химия, анатомия, бас пен мойынның клиникалық анатомиясы, гистология, қалыпты физиология, клиникаға кіріспе.

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері:   

2.6 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Патологиялық анатомия  медициналық жоғарғы оқу орнында  дәрігерлерді дайындауда  негізгі пәндердің бірі болып саналады. Еңбек ету саласына қарамастан дәрігер  патологилық жағдайлардың  патоморфологиялық көрінісі мен морфогенезі  жайлы жасушалық, мүшелік және ағзалық деңгейде жеткілікті білуге міндетті. 

2.7  ТАҚЫРЫПТЫҚ   ЖОСПАР

2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары 

Тақырыбы
                                      Жүрек-қантамырлар жүйесі     
 2-кезең
1.Артериялық гипертензия. Клиникалық-морфологиялық түрлері. Артериялық гипертензия кезіндегі ағзалардағы өзгерістердің патоморфологиясы. Асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері.
2.Атеросклероз. Атеросклероза кезеңдері.

Жүректің ишемиялық ауруы. Түсінігі, атеросклероз бен артериялық гипертензиямен байланысы. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері.

 

3.Жүрек ақаулары (жүре және туа пайда болған. Балалардағы ерекшеліктері.
 Жалпы сағат саны: 3
 Тыныс алу жүйесі
 2-кезең
1.Тыныс алу ағзаларының жедел қабынулуық аурулары. Пневмонияның адамның жасына байланысты ерекшеліктері.

 

 

2.ӨСОА: созылмалы бронхит, бронхоэктаздар, өкпе эмфиземасы, бронхиальді астма, созылмалы абсцесс. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.

Адамның жасына байланысты ерекшеліктері.

3.

 

Өкпенің арнайы және арнайы емес деструкцияфлық аурулары.  Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.
 Жалпы сағат саны: 3
 Асқорыту жүйесі
 2-кезең
1.Өңеш, асқазан мен он екі ішек ауруларының патологиялық анатомиясы.
2.Ішек пен ұйқы безі ауруларының патологиялық анатомиясы.
3.Бауыр ауруларының патологиялық анатомиясы.
 Жалпы сағат саны: 3
 Несеп-жыныстық жүйе
 2-кезең
1.Бүйрек аурулары. Жіктелуі. Гломерулонефрит. Интерстициялық нефрит. Тубуло-интерстициялық нефрит. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.

Балалардағы ерекшеліктері.

2.Бүйректердің жедел мен созылмалы жетіспеушілігі. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.

Балалардағы ерекшеліктері.

3.Қабынулық аурулар: жедел мен созылмалы эндометрит,себептері, патогенезі, морфологиясы, асқынулары.
 Жалпы сағат саны: 3
 Жүйке жүйесі
 2-кезең
1.Ишемиялық және геморрагиялық инфаркт, бас миына қан төгілу мен гематомасы. Патанатомиясы, нәтижелері. Балалардағы ерекшеліктері.
2.Эпилепсия кезінде бас миы зақымдануының патологиялық-морфологиялық ерекшеліктері.
3.Жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары. Патоморфологиясы, нәтижелері, өлім себептері.  Балалардағы ерекшеліктері.
 Жалпы сағат саны: 3
 Қан түзуші жүйе
 2-кезең
1.Анемиялық синдром.  Патоморфологиясы, жіктелуі. Нәтижелері, асқынулары.
2.Миело- мен лимопролиферациялық процестер. Гемобластоздар. Жіктелуі, патоморфологиясы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері.
3.Лимфогранулематоз. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері.
 Жалпы сағат саны: 3

 2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы
          Жүрек-қантамырлар жүйесі      
 2-кезең
1.Эссенциальді және симптоматикалық артериялық гипертензия. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, өлім себептері.

 

 

 

2.Атеросклероз. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.

Миокард инфаркті,  патанатомиясы, асқынулары, өлім себептері.

Атеросклероз бен ЖИА байланысы.

 

3.Жүректің компенсациялық және декомпенсациялық ақауларының түрлері мен морфологиялық сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі, патологиялық-морфологиялық көріністері,     нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Тамырлардың жедел жетіспеушілігі синдромы. Балалардағы ерекшеліктері.
 Жалпы сағат саны: 9
 Тыныс алу жүйесі
 2-кезең
1.Жедел бронхит. Жедел пневмониялар: бронхопневмония, крупозды, аралық.
2.Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары. Қоздырғышына байланысты пневмониялардың ерекшеліктері (вирусты, пневмококкты, стафилококкты, стрептококкты, пневмоцистті, саңырауқұлақты). Балалардағы ерекшеліктері.  Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.
3.Өкпенің деструкциялық аурулары. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.Балалардағы ерекшеліктері.
 Жалпы сағат саны: 9
 Асқорыту жүйесі
 2-кезең
1.Жедел мен созылмалы эзофагитттердің, гастриттердің  патологиялық-морфологиялық сиппатамасы. Асқазан мен он екі елі  ішектің жара ауруы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.

 

2.Аш және тоқ ішектің ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы.
3.Бауыр мен ұйқы безінің ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы.
 Жалпы сағат саны: 9
 Несеп-жыныстық жүйе
 2-кезең
1.Гломерулонефриттің морфологиялық түрлері. Пиелонефрит.

 

2.Бүйректердің жедел мен созылмалы жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері.
3.Жыныс жүйесінің дисгормональді аурулары: жатырдың шырышты қабатының безді гиперплазиясының  морфологиялық сипаттамасы.
 Жалпы сағат саны: 9
 Жүйке жүйесі
 2-кезең
1.Цереброваскулярлы аурулар. Түсінігі,  атеросклероз бен гипертониялық аурумен байланысы. Церебральді атеросклероз.
2.Энцефалиттер. Менингиттер. Патанатомиясы, нәтижелері, өлім себептері.

 

 Жалпы сағат саны: 6
 Эндокринді жүйе
 2-кезең
1.Ішкі секреция бездерінің аурулкарыныцң патологиялық  анатомиясы. Қалқанша без ауруларының морфологиялық өзгерістері. Қант диабеті.

 

 Жалпы сағат саны: 3
 Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары
 2-кезең
1.Буындардың қабынулық және дистрофиялық ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы.
 Жалпы сағат саны: 3
 Қан түзуші жүйе
 2-кезең
1.Жедел мен созылмалы анемия кезіндегі макро- мен микроскопиялық өзгерістер.
2.Жедел мен созылмалы лейкоздардың патологиялық  анатомиясы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.

Лимфоидты тіннің ісіктерінің патоморфологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

 Жалпы сағат саны: 6

 

2.7.3 Ұстаздардың кеңес беру уақыты:

Студенттерге кеңес беруді, кафедра меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес, кезекші ұстаз жүзеге асырады. 

2.8  Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СӨЖ)

ТақырыбыӨткізу түріТапсыру мерзімі
         Жүрек-қантамырлар жүйесі      
1.Эндокардиттер, миокардиттер, перикардиттер. Патологиялық  анатомиясы.  Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.Дифференциалды диагностика кестесін толтыруМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
2.Коронарлы жетіспеушілік синдромы. Патанатомиясы, нәтижелері.Дифференциалды диагностика кестесін толтыруМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
3.Кардиосклероз. Түрлері, себептері мен морфологиялық сипаттамасы.Ғылыми оқу мақала.

 

Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
Тыныс алу жүйесі
1.Өкпенің интерстициялық аурулары. Пневмофиброз. Патанатомиясы, нәтижелері.Ғылыми оқу мақала.Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
2.Өкпе эмфиземасы. Патоморфологиясы, нәтижелері, асқынулары.Тесттілік  тапсырмалар мен ситуациялық есептер құрастыру

 

Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
3.Плеврит.  Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері.

 

Ғылыми оқу мақала.Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
Асқорыту жүйесі
1.Баррет өңешінің патоморфологиялық сипаттамасы.

 

ПрезентацияМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
2.Гемолиздік, паренхималық және механикалық сарғаюлардың патоморфологиясыДифференциалды диагностика кестесін толтыруМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
Несеп-жыныстық жүйе
1.Нефротикалық синдром. Люпоидты нефроз, мембраналық нефропатия. Фокальді сегментарлы гломерулярлы гиалиноз.Дифференциалды диагностика кестесін толтыруМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
2.Бүйрек амилоидозы.  Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары.

 

Тесттілік  тапсырмалар мен ситуациялық есептер құрастыру

 

Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
3.Бүйрек тас ауруы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері.Тесттілік  тапсырмалар мен ситуациялық есептер құрастыру

 

Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
Эндокринді жүйе
1.Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы.Дифференциалды диагностика кестесін толтыруМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
Жүйке жүйесі
1.Неврогенді комалардың патанатомиясы.Ғылыми оқу мақала.Модуль бойынша аралық бақылауға дейін
Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары
1.Рахиттің патоморфологиясыҒылыми-иллюстрацияланған дәріс даярлауМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
Қан түзуші жүйе
1.ҚШҰ-синдромының патоморфологиясы.ПрезентацияМодуль бойынша аралық бақылауға дейін
Жалпы сағат саны: 36

2.10  ОҚУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСІЕРІ 

  • Дәрістер: жалпы шолу, мәселелік.
  • Тәжірибелік сабақтар: гистологиялық препараттарды микроскоппен көріп, суретін салу, компьютерлік үлгілермен жєне бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуациялық жаттығуларды шешу, макропрепаратттарды сипаттау.
  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): әдебиетпен, электрондық базадағы деректермен, компьютермен оқыту бағдарламаларымен жұмыс істеу, ситуациялық жаттығулар мен тестілік тапсырмаларды шешу, рефераттар дайындап, қорғау. 

2.11 БІЛІМДЕРІН  БАҒАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ  ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау:

100-95 балл. Толық, дұрыс, жеткіілікті жауап. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Алған білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялай алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеп, оларды дұрыс бағалап, қорытынды шығара алады.    Өз білімін тесттік тапсырманың  95%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

94-90 балл. Толық, дұрыс, жеткілікті жауап. Студенттің оқу бағдарламасы бойынша білімі жүйелі және терең. Негізгі әдебиеттерді тереңінен меңгеріп, қосымша әдебиеттермен танысқан. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Білімін арнайы терминологияны қолдану арқылы жеңіл жеткізеді. Алған білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялай алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды дұрыс бағалап, қорытынды шығара алады.  Өз білімін тесттік тапсырманың  90-94%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

89-85 балл. Жауабы айтарлықтай толық. Студент бағдарламаға сәйкес материалды игерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті түсінген, арнайы терминологияны қолданады. Белгілі бір патологиялық үрдістің маңызы мен ролін дұрыс, бірақ сенімсіздікпен түсіндіреді. Жауабы барысында бірең-сараң қателіктер жіберіп, кейіннен оларды өз бетінше түзей алады.  Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды түйіндеп, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың  85-89%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

84-80 балл.  Жауабы толық. Студент оқу бағдарламасына сәйкес материалды игерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті түсінген. Арнайы терминологияны дұрыс қолданып, оның жолы мен бағытын  түсініп түсіндіре алады, бірақ білімі мен қимылында бірнеше үстіртін қателіктер жіберіп, оларды оқытушының көмегімен түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды түйіндеп, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың  84-80%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

79-75 балл. Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Студенттің оқу бағдарламасы бойынша игерген білімі айтарлықтай толық, негізгі әдебиетті қамтыған, арнайы терминологияны дұрыс қолданып, оның жолы мен бағытын  түсініп түсіндіре алады, негізгі механизмдерін атай алады, бірақ оларды түсіндіруде қиыншылық туындатады. Жауабында бірнеше үстіртін қателіктер жіберіп, оларды оқытушының көмегімен түзей алады.  Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, бірақ оларға баға беруде қиындық туындатады.  Өз білімін тесттік тапсырманың  79-75%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

74-70 балл. Жауабы толық емес, үстіртін қателіктері болады, бірақ оқытушы жетекші сұрақтар қойғанда оларды түзей алады. Студент келешектегі оқуына қажетті оқу бағдарламасындағы негізгі материалды меңгерген, негізгі әдебиттерді оқыған. Арнайы теримонологияны қоланады, негізгі механизмдерді атай алады, бірақ оларды кезеңдерге бөле алмайды және де тұрақты бір мысалдарды талдағанда алған білімін қолдана алмайды. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде негізгі дағдылары болады, бірақ оларды бағалап қорытындылауда қиындық көрсетеді. Өз білімін тесттік тапсырманың  74-70%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

69-65 балл. Жауабы оқу бағдарламасы бойынша білімін толық көрсетпейді, үстіртін және бірең-сараң айтарлықтай қателіктер жібереді, бірақ студент оларды оқытушының жетекші, яғни қосымша сұрақтары арқылы түзейді.  Арнайы терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ күрделі механизмдерді түсіндіруде қынжылады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде негізгі дағдылары болады, бірақ оларды бағалап қорытындылауда қиындық көрсетеді. Өз білімін тесттік тапсырманың  65-69%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

64-60 балл. Бағдарламалы оқу материалын толық аша алмайды. Студент үстіртін және айтарлықтай қателіктер жібереді, бірақ оқытушының көмегімен оларды түзей алады. Арнайы терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ негізгі механизмдерді түсіндіруде қынжылады. Өз білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялап, байланыстыра алмауы мүмкін. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде дағдалары болып, бірақ оларды бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың  64-60%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

59-55 балл. Жауабы толық емес, нақсыздықтары көп. Үстіртін және айтарлықтай қателіктері бар. Кей жағдайларда студент арнайы терминологияны қолданады, бірақ механизмдерін көрсетуде қиналады, өзара-байланыстарды анықтай алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге дұрыс анықтама бере алмайды. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеудегі дағдылары толық емес және де оларды бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың  59-55%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

54-50 балл. Жауап бергенде көптеген айтарлықтай қателіктер жіберіп, оларды тіпті оқытушының жетекші қосымша сұрақтары арқылы түзей алмайды. Айтарлықтай қателіктер: терминологияны дұрыс қолданбайды, түсініктер мен терминдерге және де негізгі қағидалары мен үрдістерге анықтама бере алмайды, жіктелуін білмейді. Студент негізгі үрдістердің, механизмдердің негізін түсінбейді; материалды арнайы терминологияны қолдану арқылы жеткізе алмайды, өрескел қателер жібереді. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде жартылай дағдылар көрсетеді, оларды мүлдем бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың  54-50%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

49-0 балл. Студент жауап беруден бас тартады немесе жауап беруге талпынғанда оқу материалы бойынша білімін көрсете алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың  49-0%  пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ)  100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Макропрепараттарды зерттеуі мен суреттелуінің алгоритмі

1.Макропрепараттардың ағзасы мен пішінін көрсету (толық ағза, кесіндісі, пластинкасы)

2.Ағзадағы морфологиялық өзгерістерді көрсету:

Беткейінен: а) ағзаның көлемін

б) Оның пішінін (сақталған, деформацияланған)

в) тығыздалған

г) түсін

д) беткейінің сипатын (тегіс, әжімделген, кедір-бұдыр, түйіршікті)

кесіндіде: а) түрі, тіндік суреттің сақталуы (біртектес, па жоқ па, неге)

Ескерту: қуысты ағзаларда қабырғасының қалыңдығын, түсін, тығыздығын, пішіні мен қуыстың көлеміне көңіл аудару қажет.

  1. Мұқият түрде патологиялық ошақты суреттеу керек: а) оның

орналасуын, б) пішінін (түйін, қуыс, тіннің ақауы және т.б.), в) ошақтың сантиметрлік өлшемін, г) шекераларын (анық, анық емес), д) түсін, е) тығыздығын

4.Диагноз қою керек (патологиялық үрдісті немесе ауруды толығымен атап, оның түрі мен кезеңдерін көрсету керек)

5.Атау керек: а) аурудың себептері мен даму механизмін, б) үрдістің негізін, в) негізгі клиникалық көріністерін (симптомдарын), г) организм үшін маңыздылығын, д) асқынуларын, е) нәтижелері мен өлім себептерін 

Микропрепараттарды зерттеу мен суреттеудің алгоритмі

Препаратты жалпы шолып шығу үшін оны ең алдымен микроскоптың кіші ұлғайтымында көру керек, ал оның жеке бөліктерін – үлкен ұлғайтымда көреді.

1.Ағзаны немесе тінді атап, бояу әдісін анықтау керек

2.Ағзаның негізгі құрылымдық элементтерін табу керек (паренхимасын, стромасын)

  1. Патологиялық үрдісті анықтау керек (құрылысының өзгеруін, патологиялық құрылымдарының пайда болуын, қосындыларды т.б.)
  2. Патологиялық өзгерістерді анықтағаннан кейін, көрсету қажет: а) паренхималық элементтердің өзгерісін (жасушалардың көлемін, жасушалардың цитоплазмасы мен ядросының ерекшеліктерін, патологиялық қосындылардың болуы және т.б.); б) стромадағы өзгерістерді (талшықты құрылымдардың жағдайын, тамырлардың қуысының енін, қабырғасының қалыңдығын, қосындылардың болуы және т.б.).

5.Альбомға қорытындысын жазу (микропрепарат бойынша аннотациясын)

  1. Егер де микропрепараттың атауы макропрепаратпен сәйкес келмесе – этиологиясын, патогенезін, асқынуларын, нәтижелері мен функциялық маңыздылығын атап жазу керек. Микропрепараттағы негізгі өзгерістерді әріптермен немесе сандармен белгілеп көрсету қажет. 

Студенттің өзіндік жұмысы:

Дифференциалды диагностика кестесін толтыру бойынша тапсырмалардың бағалануы:

100-95 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша  кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе. Өз жауаптарын дұрыс түсініп, олардан дұрыс тұжырым шығара алса. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылған.

94-90 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша  кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе. Өз жауаптарын дұрыс бағалап, олардан тұжырым шығара алса. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылған.

89-85 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша  кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы барысында үстіртін бірең-сараң қателіктер жіберсе. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылса.

84-80 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша  кестені толтыру барысында толық, қамтымалы және дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы барысында үстіртін бірнеше қателіктер жіберсе. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылса.

79-75 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша  кестені толтыру дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы айтарлықтай толық болмаса. Материал ретті және қисынды жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылған. Жауабы барысында үстіртін бірнеше қателіктер жіберсе. Материал ретті және жүйелі жеткізілген. Жұмыс қажетті мерзімде тапсырылса.

74-70 балл қойылады, егер де студент барлық дифференциалды белгілері бойынша  кестені толтыру дұрыс жауап берсе, бірақ жауабы айтарлықтай толық болмаса. Жауабы барысында үстіртін қателіктер жіберіліп, жұмысы қажетті мерзімде тапсырылса.

69-65 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша  жауабы айтарлықтай толық болмаса. Жіберілген қателіктері үстіртін немесе бірең-сараң айтарлықтай болса. Жұмысы қажетті мерзімде тапсырылса.

64-60 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша  жауабы айтарлықтай толық болмаса. Жіберілген қателіктері үстіртін немесе бірең-сараң айтарлықтай болса. Жұмысы қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

59-55 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша  жауабы толық болмаса және де дәлсіздіктері болса. Жіберілген қателіктері үстіртін немесе айтарлықтай болса. Жұмысы қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

54-50 балл қойылады, егер де студенттің дифференциалды диагностика кестесінің толтыруы бойынша  жауабы көптеген айтарлықтай қателіктермен болса және дәлсіздіктері көп болса. Кестенің жүйесі мен логикасы бұзылса. Жұмысы қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

49-0 балл қойылады, егер студентт дифференциалды диагностика кестесін толтырмаса.

Презентация материалы, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер бойынша тапсырмалардың орындалуын бағалау:

100-95 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келіп, тақырыпты толық ашса. Оларды дұрыс интерпретациялап, дұрыс шешім шығара алса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізіліп, студенттің өзінің орындағаны көрінсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

 94-90 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұрақтарға толық және ауқымды жауап берсе. Тақырыптың негізгі қағидалары ашылса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізілсе. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

89-85 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы тапсылырған көлемге сәйкес келіп, алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

84-80 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

79-75 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Жауабы нақты құрастырылған, қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Бірақ, азғана қателіктер болып, оларды студент оқытушының көмегімен түзей       алса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

74-70 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы толық, бірақ қойылған сұраққа жеткілікті ретті жауап берілмесе. Жауабы қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Негізгі түсініктерді анықтауда студент 1-2 қателік жіберіп, оларды өз бетінше түзеуде қиындық туындатса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

69-65 балл қойылады, егер  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы ойдағыдай толық болмаса және алынған тақырып бойынша жауабы қажеттігінше ашылмаса. Логикасы мен реттілігі бұзылса. Терминдер дұрыс қолданылмаса. Студент өз бетінше  маңызды және маңызсыз белгілер мен себеп-салдарлық байланысын анықтай алмаса.  Алған білімін тек қана оқытушының көмегімен ғана жеткізе алады. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Бірақ тапсырма дер кезінде тапсырылса.

64-60 балл қойылады, егер  ұсынылған тақырып бойынша  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, логикасы мен реттілігінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Студент материалды түсінбегендіктен тұрпайы қателіктер жіберіліп, терминдер дұрыс қолданылмаса.  Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.

59-55 балл қойылады, егер  ұсынылған тақырып бойынша  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз, материалдың жеткізілуінде жүйе мен логика болмаса. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.

54-50 балл  қойылады, егер  ұсынылған тақырып бойынша  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылаушы сұрақтарына студент жауап бере алмаса. Тапсырма қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

49-0 балл қойылады, егер  ұсынылған тақырып бойынша  презентация, реферат, ғылыми-иллюстрацияланған дәрістер материалы өзінің мазмұны бойынша берілген сәйкес келмесе немесе тақырыптың негізін ашпаса және дер кезінде, яғни аралық бақылауға дейін тапсырылмаса.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ)  100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Оқушының оқудағы жетістіктері келесі жолмен анықталады:

ҚБ= ЖРБ Х 0,6 + ҚББ Х 0,4

ҚБқорытынды баға

ЖРБжіберу рейтингінің бағасы

ҚББқорытыныды бақылаудың бағасы 

Жіберу рейтингінің  бағасы   пән бойынша    қорытынды бағаның  60%  пайызын құрайды.

Қорытынды бақылаудың  бағасы  пән бойынша қорытынды  бағаның 40% пайызын құрайды.

Жіберу рейтингінің бағасы  келесі жолмен анықталады:

ЖРБ= (АББ Х 0,5 + АрББ Х 0,3 + СӨЖ Х 0,2) :

АББ– тәжірибелік сабақтар мен студенттің ұстазбен өз бетінше  жұмыстарының орташа бағасы

АрББ – аралық бақылаулардың қорытынды бағасы

СӨЖ – студенттің өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы 

Жіберу рейтингінің пайызы келесі  жолмен анықталады:

ЖРБ Х 100%

         5

Жіберу рейтингі 50% пайыз қорытынды баға есептелмейді.

Қорытынды баға келесі кестеге сәйкес қойылады:

№ р\нӘріпСандық эквивалентіРейтинг (%)Баға
1А4,095-100«өте жақсы»
2 А-3,6790-94 

«жақсы»

3  В+3,3385-89
4В3,080-84
5 В-2,6775-79
6  С+2,3370-74 

 

«қанағаттанарлық»

7С2,065-69
8 С-1,6760-64
9  D+1,3355-59
10D1,050-54
11F00-49«қанағаттандырарлықсыз»

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!