Эссенциалдық және симптомдық артериалық гипертензия. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, өлім себептері

  1. 1. Тақырыбы: Эссенциалдық және симптомдық артериалық гипертензия. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, өлім себептері.
  2. Мақсаты:

Тәжірибелік сабақта артериалық гипертензияның морфологиялық белгілері мен  нәтижелері, өлім себептері жөнінде  негізін бекіту. 

  1. Оқыту міндеттері:

Студентті үйрету:

  1. Артериалық гипертензияның морфологиялық сатылары мен түрлерін ажырата білу.
  2. Артериалық гипертензия кезінде мүшелер мен тіндердегі өзгеріске ұшыраған сипатын анықтай білу. 
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Артериалық гипертензияның клинико-морфологиялық түрлері
  3. Артериалық гипертензия – асқынулары, нәтижелері, өлім себептері. 
  1. Оқу және оқыту әдістері:
  2. Кіші топтарда жұмыс жасау.
  3. Макропрепараттарды талқылау:

а) Гипертониялық ауру кезіндегі миокард гипертрофиясы «бұқа жүрегі». Анықтау керек: жүрек өлшемдерінің күрт ұлғаюы;  сол жақ қарыншаның қалыңдығы.

б) Артериалық гипретензия кезіндегі бүйрек – «дәнді бүйрек», бүйректің біріншілікті семуі. Анықтау керек:  бүйрек өлшемдерінің кішіреюі,оның

консистенциясының тығыздалуы, қыртысыты қабатының жұқарып, беткейінің дәнді болуы.

в) Бас миына қан кұйылу. Анықтау керек:  қан құйылудың орналасуы мен өлшемі,  түрі. Белгілеу керек қан құйылудың себебін, нәтижесі мен өлім себебін

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Гипертониялық ауру кезіндегі бүйрек өзекшелеріндегі плазморрагия(Г-Э бояуы). Анықтау керек:  өзекшелердің өзгерісін, плазоррагияға байланысты капиллярлардың шоғырлануын тап.                                                 

б) Майда нүктелі бас миына қан құйылу (Г-Э бояуы) Анықтау: бас ми тамырларының қанға толуы, ми тіндерінің тамырларының айналасында эритроциттердің шоғырлануы. Көрсету керек тамырлардың қабырғасының толықтығының сақталуын.

в)Тамырлық нефросклероз. (Г-Э бояуы). Анықтау керек: орган ішілік майда калибрлі тамырлардың өзгеріске ұшырауы, олардың күрт қалыңдауы, қуысының тарылуы. Шумақшалардың склерозы мен капиллярлардың коллапсынан туындаған өзгерістерді көрсету.

  1. 1. Тақырыбы: Атеросклероз. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Миокард инфаркты, патанатомиясы, асқынулары, өлім себептері. Атеросклероз бен ЖИА өзара байланысы.
  2. Мақсаты:

Тәжірибе сабағында атеросклероздың клинико- морфологиялық түрлерін және олардың асқынулары жөнінде танысып  бекіту. ЖИА тобына кіретін негізгі ауруларын және  оның патоморфологиясын, асқынулары, өлім себептері жөнінде түсінісін қалыптастыру.

  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

1.Атеросклероздың түрі мен морфологиялық кезеңдерін ажырата білу.

2.Атеросклероз кезіндегі мүшелер мен тіндердегі өзгерістердің сипатын анықтау.

  1. Миокарт инфаркты кезіндегі жүректегі морфологиялық өзгерістерді     және оның әкеп соқтыру нәтижелерін анықтау.
  2. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  3. Атеросклероздың клинико морфологиялық түрлері, асқынуы және нәтижесі
  4. ЖИА жіктелуі.
  5. Миокарт инфарктының морфологиясы, асқынулары және нәтижелері.
  6. Атеросклероз бен ЖИА өзара байланысы.
  7. Оқу және оқыту әдістері:
  8. Кіші топтарда жұмыс жасау.
  9. Макропрепараттарды талқылау:

а) Аорта атеросклерозының май дақтары мен сызықты сатысы. Анықтау керек: түрі, интимасының  түсі,  өлшемі, табақшалардың түсі, олардың орналасу тығыздығы, май дақтары мен сызықты; Атеросклероздың морфогенездік сатысын көрсетіңіз.

б) Асқыну кезеңіндегі қолқа атеросклерозы. Анықтау керек: түрі, интимасының  түсі,  өлшемі, табақшалардың түсі, олардың орналасу тығыздығы, қабырғалық тромбтардың болуы.

в) Атеросклероз кезіндегі бүйрек. Белгілеңіздер: бүйректің  өлшемдерінің кішірейгенін, түсін, консистенциясының қатайғанын, сыртқы беткейінің тегіс емесболуы, кесіндідегі  түрі мен түсін (қыртысты, милы қабаттарының түбегінің және  айналасындағы тіндердің жағдайын), процесстің маңызын түсіндіріңіз, асқынулары  мен нәтижелерін атаңыз.

г) Миокардтың инфаркты. Атап өту керек: инфарктың пішінін, орналасуын,  себептері мен салдарын атау.

д) Инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Атап өту керек: пішінін, түсін,  тығыздығын, тыртықтың орналасуын.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Жүректің тәждік артериясының атеросклероздық табақшасы  (Г-Э бояуы). Анықтау керек: тамыр қуысының 25 пайызынан басым бөлігін бітейтін  табақшаның эксцентрлі орналасуы. Табақша компоненттерін көрсету: атероматозды масса – детрит (табақша ортасында)  және  табақша қақпағы (гиалинденген дәнекер тін).

б)  Миокард  инфаркты. (Г-Э бояуы, кіші және үлкен арттыру).  Үш аймақты тауып белгілеңіз: а)бұлшық ет талшықтарының некрозын, б)демаркациялық зонасын; в)сақталған, тірішілікке бейім  бұлшықет  талшықтарды. Нзар аударыңыз: миоциттер  некрозына тән  белгілерге – олардың оксифилиясы мен фрагментациясына; тамырлардағы қан  толуына  және демаркациялық аймақта лейкациттердің  жиналуына.

в) Торшалы кардиосклероз (Г-Эбояуы). Анықтау керек: дәнекер тіннің  периваскулярлы шоғырлануы нәтижесінде ревматизмдік гранулемаларды.

Тақырыбы: Жүрек ақауының компенсациялық және декомпенсациялық түрлері мен морфологиялық белгілері. Балалардағы ерекшеліктері. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі, патоморфологиялық көріністері, нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Жедел тамыр жетіспеушілік синдромы. Балалардағы ерекшеліктері.

  1. Мақсаты:

Тәжірибе сабағында жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінің патомофологиясы мен  жүректік  ақауларының түрлері мен морфологиялық  көріністерін жөнінде түсінісін қалыптастыру.

  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  1. Жүрек ақауларының морфологиялық көріністері бойынша  белгілерді анықтап, клиникадағы мәнін бағалай білу.

2.Жедел жүрек жетіспеушілігінің морфологиялық белгілерін анықтау, нәтижелері мен асқынулары.

3.Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің морфологиялық белгілерін анықтау, нәтижелері мен асқынулары.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. ЖИА жіктелуі.
  3. Митралды стеноз және митралды жетіспеушілік кезіндегі морфологиялық гемодинамика.
  4. Аорталық стеноз және аорталық жетіспеушілік кезіндегі морфологиялық гемодинамика.
  5. Қосарланған жүрек жетіспеушілігі мысалы тетрада және пентада Фалло- гемодинамикасы, морфологиясы.

5.Жедел тамыр жетіспеушілік синдромының себептері патоморфологиясы.

6.Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің морфологиялық белгілері, асқынулары.

  1. Оқу және оқыту әдістері:
  2. Кіші топтарда жұмыс жасау.
  3. Макропрепараттарды талқылау:

а) Жүректің ревматизмдік ақауы. Көрсету керек: Митралды  қақпашаның мен фиброзды петрификаттардың склероздануы, қақпақшалардың  жармаларымен  тығыз  және  әлсіз  байланысқан папиллярлық бұлшық еттеріне созылуы түсіндіріңіз.

б) Жүректің ақауы ревматизм кезіндегі жасанды клапандары. Анықтау керек:  жүректің көлемінің ұлғаюы, жүрек қуыстарының кеңейюі мен сол жақ қарыншасының гипертрофиялануы. Көрсету керек: түрі мен пішінін жасанды  клапанды. Өлім себебін көрсету керек.

в) Жүректің қарынша аралық заттарының бітпеуі. Назар  аудару  керек: – жүректің көлемі мен өлшемі, – сол және оң жақ қарыншаларының қабырғаларының қалыңдауы, қалыпты жағдайдағымен салыстырыңыз, – орналасуын, дефектісінің размеры мен формасы, эндокардтың дефекті айналасындағы өзгерісін,қанның  ағу бағыты өзгеруі мүмкін бе? – кіші қан айналым қысымынында. Клиникалық көрінісі бойынша қандай ақауға жатады? Белгілеңіз, бұл ақау жүректің күрделі жатуы мүмкін (тетрада Фалло) және қоршалған. Дефект жиі орналасады жоғары мембраналық бөлігінде (аортаның қақпағаншасының астында), сирек – қарыншаларының қабырғаларының бұлшық ет бөлігінде (Толочинова-Роже ауруы) ТТП – аяқ ауырлықтың 44-ші күніне дейін.  Функционалдік мәнін көрсетіңіз,  нәтижелері мен ары қарай прогнозы.

  1. Микропрепарттарды қарап, суретін салу.

а) Жүректің ревматизмдік қақпағаншасы. – (Г-Эбояуы.). Белгілеу керек: фиброзға және гиалинозға ұшыраған   қақпакшалардың   жармаларының өте тез қалыңдауы,   – базофилия ошақтарын (мукоидты ісіну), – қақпақшалардағы тромботикалық өзғерістердін (сүйелдерді);   көрсетіңіз:   –   тромбтың   құрамын,   –   қақпақшадағы   жаңадан қалыптасқан тамырларды.

  1. 1. Тақырыбы: Жедел бронхит. Жедел пневмония: бронхопневмония, крупозды, аралық. 
  2. Мақсаты : Тәжірибе сабағында тыныс алу органдарының жедел дамитын ауруларының морфологиялық белгілері мен асқынуларын танысып бекіту. 
  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Макро және микроскопиялық көрінісі бойынша крупозды пневмонияның кезеңдерін диагностикалау;
  • Морфологиялық көрінісі бойынша жедел пневмониялардың түрлерін ажырата білу; 
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Жедел пневмониялардың морфологиялық жіктелуі;
  3. Крупозды пневмониялардың кезеңдерінің морфологиялық көрінісі, асқынулары және салдары;
  4. Бронхопневмониялардың морфологиялық сипаттамасы;
  5. Аралық пневмониялардың морфологиялық сипаттамасы; 
  1. Оқу және оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Крупозды пневмония сұрлану сатысындағы: Сипаттау керек: висцералды плевраның күйі, өкпенің зақымдану аумағы, кескінде өкпе түсінің біркелкілігі, бауырға ұқсас  тығыз консистенциясы. Аурудың кезеңін анықтап, себебін, мүмкін болатын асқынуларын атау керек.

б) Крупозды пневмония қызғылттану сатысындағы: Сипаттау керек: висцералды плевраның күйі, өкпенің зақымдану аумағы, кескінде өкпе түсінің біркелкілігі, бауырға ұқсас  тығыз консистенциясы. Аурудың кезеңін анықтап, себебін, мүмкін болатын асқынуларын атау керек.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Крупозды пневмония (г-э бояуы.). Анықтау керек: өкпе тінінің ауаға толуының төмендеуі, альвеолаларда экссудаттың болуы, экссудаттың жасушалық құрамын атау, аурудың кезеңін анықтау.

б) Іріңді бронхит (г-э бояуы.). Анықтау керек:  бронх жағдайы мен бронх қабырғаларының қабыну сипатын белгілеу, перибронхиалық тіндердің жағдайын белгілеу.

в) Карнифицацияланған пневмония (г-э бояуы.). Анықтау керек:   өкпе тінідегі  ауаның төмендеуі, экссудаттың организациялануынан.

г) Аралық пневмония  (г-э бояуы.). Анықтау керек: қабыну инфилтрациясы салдарынан альвеолааралық заттардың қалыңдауы, жасушалық құрамын суретте.

1.Тақырыбы: Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері мен асқынулары.

Бронхопневмонияны туғызатын қоздырғыштарының ерекшеліктеріне байланысты (вирусты, пневмококты, стафилококты, стрептококты, пневмоцистті, саңырауқұлақты). Балалардағы  ерекшеліктері.Нәтижелері мен асқынулары, өлім себептері.

  1. Мақсаты : Тәжірибе сабағында бронхопневмонияны туғызатын қоздырғыштарының ерекшеліктеріне байланысты морфологиялық белгілерін танысып бекіту. 
  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Макро және микроскопиялық көрінісі бойынша бронхопневмониялардың түрлерін ажырата білу;
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Бронхопневмонияны туғызатын қоздырғыштарының ерекшеліктеріне байланысты морфологиялық белгілері (вирусты, пневмококты, стафилококты, стрептококты, пневмоцистарлы, саңырауқұлақты)
  3. Балалардағы бронхопневмония ауруының ерекшеліктері
  1. Оқу және оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Бронхопневмония.  Сипаттау керек: Өкпе көлемінің ұлғаюы, кескіндегі ала бояуын. Атап өту керек; пневмониялық ошақтардың орналасуын, өлшемін, пішінін, бронхтармен байланысын, мүмкін болатын асқынулары мен нәтижесін.

б) Қызылша кезіндегі өкпе.  Анықтау керек:  бронх қабырғаларының қалыңдауы, зақымдалу деңгейіне сәйкес бронхит түрін атаңыз. Асқынған және асқынбаған қызылша кезіндегі пневмония түрлерін атаңыз.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Бронхопневмония  (г-э бояуы). Анықтау керек: өкпе тінінің ауаға толуының төмендеуі, альвеолаларда экссудаттың болуы, экссудаттың жасушалық құрамын атау, аурудың кезеңін анықтау. Майда бронхтардың жғдайын, олардағы қабынудың сипатын, перибронхиалды тіннің жағдайын сипаттау керек.

б) Грипп кезіндегі геморрагиялық бронхопневмония (г-э бояуы). Анықтау керек: бронх және альвеола қуыстарындағы экссудаттың сипатын анықтап, альвеолалық жарғақтардың, бронх айналасындағы тіндердің, бронх кілегей қабатының эпителийінің жағдайларына назар аударып,  өкпесінде жоғарыда аталған өзгерістері бар  грипп түрін атаңыз.

в) Cанырауқұлақты пневмония (г-э бояуы). Анықтау керек:  альвеолар мен  бронхтарда санырауқұлақтардың болуын.

  1. Тақырыбы: ӨСОА: созылмалы бронхит, бронхоэктаздар, бронх астамы, созылмалы абсцесс. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Жасқа байланысты ерекшкліктер.
  2. Мақсаты : Тәжірибе сабағында ӨСОА морфологиялық белгілерін  танысып бекіту. 
  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Макро және микроскопиялық көрінісі бойынша өкпенің созылмалы обструкциялық аурулардың түрлерін ажырата білу; 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.ӨСОА туралы  түсінік.Созылмалы бронхит – морфологиялық белгілері, асқынулары.

  1. Бронхоэктаздық ауру – морфологиялық белгілері, асқынулары.
  2. Бронх астмасы – морфологиялық белгілері, асқынулары.
  3. Өкпенің созылмалы абсцессі – морфологиялық белгілері, асқынулары. 
  1. Оқу және оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Өкпенің созылмалы абсцессі. Суреттеу: орналасуын, абсцесс формалары,  абсцестің қабырғасына көңіл аударыңыз. Атап өту керек; мүмкін болатын асқынулары мен өлім себептерін.

б) Бронхоэктаздар: Сипаттап жазыңыз: өкпенің кесіндідегі түрін, бронхтар кеңістіктерінің кеңеюі мен деформациясын, қоршаған өкпе тінінің жағдайын, бронхоэктаздардың пішінін. Себептері мен мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

в) Өкпенің буллезді эмфиземасы. Сипаттау керек:  плевра астынғы өкпе боліғінің жағдайын, аумен толған, қабырғасы жұқа торсықтар қалыптасуымен альвеолардын өте кенеюін. Шектескен тіндердін жағдайын белгілеңіз. Себептері мен мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Өкпе эмфиземасы (г-э бояуы): Сипаттаңыз: альвеолалырдын біркелкі емес көлемін, көбінесе альвеолар мен альвеолярлы өзектер кеністтіктердің өте кенеюін, кей учаскаларда тұтастығы бұзылуымен альвеолааралық бөгеттерінің жұқаруын.

б) Бронхоэктаз бен пневмосклероз (г-э бояуы) Белгілеңіз: орта калибірлі бронхтар кеністіктерінің өте кенеюін мен кеністіктерде экссудат болуын. Бронх эпителиідін жағдайын сипаттаңыз, бронх қабырғасындағы инфильтраттың жасушалық құрамын бағалаңыз, шектесен өкпе тіннің өзгерістерді сипаттаңыз.

в) Бронх астамасының ұстамасы кезіндегі өкпе (г-э бояуы). Белгілеңіз: бронхтар қуыстарының пішіні жұлдызша тәрізді болуы, бронх қуысындағы экссудатты.

  1. 1. Тақырыбы: Гломерулонефриттің морфологиялық типтері. Пиелонефрит.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында бүйрек патологиясының морфологиялық көріністерімен танысу. 
  3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Органның макро және микроскопиялық өзгерістекрінің жиынтығы бойынша гломерулонефрит түрлерін ажырату
  • Пиелонефритке тән морфологиялық өзгерістерді ажырата білу
  • Сабақ тақырыбы бойынша макро және микро препараттарды сипаттай алу 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гломерулопатия, тубулопатия сияқты бүйрек ауруларының қазіргі заманға сәйкес жіктелуі.
  2. Гломерулонефриттің патоморфологиясы: а) жедел б) жеделдеу в) созылмалы
  3. Пиелонефрит- морфологиясы, нәтижелері.
  1. Оқу және оқыту әдісі:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепарттарды талдау:

а) Жеделдеу гломерулонефрит ( үлкен ала бүйрек)  Анықтау керек: – органның үлкендігі, консистенцию, – кескіндегі түрі мен түсі ( түсіндіріңіз). Қыртысты қабатының қалыңдығын шамамен атаңыз. Гломерулонефриттің патологиялық процестің орналасқан жеріне сәйкес атын атап, – бүйректік және түйректен тыс  симтпомдарын атаңыз, – мүмкін болатын асқынулары және аурудың морфологиялық салдары.

б) Бүйректің семуіне алып келетін созылмалы гломерулонефрит – екіншілікті семген бүйрек. Назар аудару керек –  өлшеміне, консистенциясына,  беткейдегі түріне, –  кескінде милы және қыртысты қабаттарының шамалас қалыңдығын, –  салдарын және өлім себебін. Ұқсас өзгерістер дамитын басқа да бүйрек ауруларын атаңыз.  Уремияның морфологиялық белгілерін сипаттаңыз: өкпеде, ас қортыу жолдарында,  ОНЖ де,  серозды қуыстарда, теріде.

в) Калькулезді пиелонефрит.  Көрсетіңіз: көлемін, тығыздығын, беткейінің қалпын, қыртысты мен милы қабатының кесіндідегі қалыңдығын, олардың түсі мен шекаралары мен тостағаншаларының қалпын, яғни түрі мен түсін тастардың түрлерін. Мүмкін асқынулары мен нәтижелерін атап шығыңыз.

  1. Микропрепарттарды қарап суретін салу:

а) Интракапиллярлы продуктивті гломерулонефрит (Г-Эбояуы).  Табу керек: а) мезангиалды және эпителиалды жасушалардың  пролиферациялануы нәтижесінде үлкейген шумақшалар, б) бәр бәрәне тығыз орналасқан тамыр ілмектері, в) өзекшелердегі өзгерістер ( эпителий дистрофиясы, қуыстарындағы гиалинді цилиндлер мен эритроциттер).

б) Экстракапиллярляы продуктивті гломерулонефрит – (Г-Э бояуы). Нефротелийдің өзгерістері «жарты ай тәрізді ойықтардың пайда болуы», капиллярлардың базалды мембранасының жағдайы, шумақшаларда фибриннің болуы, өзекшелердің және строманың өзгерістері.

в) Жедел пиелонефрит (Г-Э бояуы). Табыңыз: а) стромасы мен өзекшелеріндегі жиналған лейкоциттер  мен лимфоциттерді, астауларының шырышты қабығындағы қан төгілу ошақтары мен жаралануларды, өскен дәнекер тінді. Суретін салып, жазыңыз.

гСозылмалы пиелонефрит (Г-Э бояуы). Табыңыз: а) дәнекер тіндердің аралық қабынуымен байланысуын; б) эпителий шумақшаларының дистрофиялануы мен  атрофиялануы; в) перигломерулярлы және  экстракапиллярлы гломерулосклероз.

  1. 1. Тақырыбы: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық көріністерімен танысып бекіту. 
  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Уремияға тән морфологиялық өзгерістерді ажырата білу.
  • Сабақ тақырыбы бойынша макро және микро препараттарды сипаттай алу. 

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі- себептері.
  2. Уремия- морфологиялық белгілері, нәтижелері, асқынуы.
  3. Балалардағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ерекшеліктері.
  4. Оқу және оқыту әдісі:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепарттарды талдау:

а) Жеделдеу гломерулонефрит ( үлкен ала бүйрек)  Анықтау керек: – органның үлкендігі, консистенцию, – кескіндегі түрі мен түсі ( түсіндіріңіз). Қыртысты қабатының қалыңдығын шамамен атаңыз. Гломерулонефриттің патологиялық процестің орналасқан жеріне сәйкес атын атап, – бүйректік және түйректен тыс  симтпомдарын атаңыз, – мүмкін болатын асқынулары және аурудың морфологиялық салдары.

б) Бүйректің семуіне алып келетін созылмалы гломерулонефрит – екіншілікті семген бүйрек. Назар аудару керек –  өлшеміне, консистенциясына,  беткейдегі түріне, –  кескінде милы және қыртысты қабаттарының шамалас қалыңдығын, –  салдарын және өлім себебін. Ұқсас өзгерістер дамитын басқа да бүйрек ауруларын атаңыз.  Уремияның морфологиялық белгілерін сипаттаңыз: өкпеде, ас қортыу жолдарында,  ОНЖ де,  серозды қуыстарда, теріде.

в) Калькулезді пиелонефрит.  Көрсетіңіз: көлемін, тығыздығын, беткейінің қалпын, қыртысты мен милы қабатының кесіндідегі қалыңдығын, олардың түсі мен шекаралары мен тостағаншаларының қалпын, яғни түрі мен түсін тастардың түрлерін. Мүмкін асқынулары мен нәтижелерін атап шығыңыз.

  1. Микропрепарттарды қарап суретін салу:

а) Интракапиллярлы продуктивті гломерулонефрит (Г-Эбояуы).  Табу керек: а) мезангиалды және эпителиалды жасушалардың  пролиферациялануы нәтижесінде үлкейген шумақшалар, б) бәр бәрәне тығыз орналасқан тамыр ілмектері, в) өзекшелердегі өзгерістер ( эпителий дистрофиясы, қуыстарындағы гиалинді цилиндлер мен эритроциттер).

б) Экстракапиллярляы продуктивті гломерулонефрит – (Г-Э бояуы). Нефротелийдің өзгерістері «жарты ай тәрізді ойықтардың пайда болуы», капиллярлардың базалды мембранасының жағдайы, шумақшаларда фибриннің болуы, өзекшелердің және строманың өзгерістері.

дисгормонды аурулары: жатырдың сілемейлі қабатының безді гиперплазиясының морфологиялық сипаттамасы.

  1. Мақсаты: Тәжірибе сабағында әр түрлі дисгормондардың әсерінен жыныс жүйесі ауруларының өзгеріске ұшыраған морфологиялық көріністерімен танысып бекіту.
  2. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • дисгормондардың әсерінен жыныс жүйесі ауруларының өзгеріске ұшыраған морфологиялық өзгерістерін ажырата білу.
  • Сабақ тақырыбы бойынша макро және микро препараттарды сипаттай алу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. дисгормондардың әсерінен жыныс жүйесі ауруларына – түсінік, себептері.
  2. жатырдың сілемейлі қабатының безді гиперплазиясының морфологиясы, асқынулары.
  3. Эндоцервикоз- морфологиясы, асқынулары.
  4. Жатыр полипы – морфологиясы, асқынулары.
  5. Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы- морфологиясы, асқынулары.
  6. Нодулярлы гиперплазия мен қуық асты безінің аденомасы – морфологиясы, асқынуы.
  7. Оқу әне оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жқмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Жатыр полипы. Белгілеу керек: жатыр қуысының кеңейюін, полиптің жатырда  кең көлемде шоғырлануы, оның көлемі, тығыздығы. Мүмкін болатын себептері мен асқынулары.

б) Қатерсіз  қуық асты безінің гиперплазиясы. Белгілеу керек: қуық асты безінің түйінін анықтау, олардың формасын, түсін, тығыздығын. Мүмкін болатын себептері мен асқынулары.

  1. Микропрепараттарды қарап, олардың суретін салу:

а)  Жатыр мойнының псевдоэрозиясы (Г-Э бояуы). Табу керек: – жалған эрозиялық аймақты бірқатарлы эпителийлік жабындыны, – Жатыр мойнының стромасындағы бездер, жатыр бездеріне ұқсас.

б) Эндометридің безді-кистозды гиперплазиясы (Г-Э бояуы). Табу керек: –  – бездердің көп болуынан эндометридің қалыңдауы, әр түрлі формалары мен көлемдерін.

  1. 1. Тақырыбы: Жедел және созылмалы лейкоздардың патологиялық анатомиясы. Нәтижелері, асқынулары мен өлім себептері. Лимфа тіндеріндегі ісіктердің патоморфологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында жедел және созылмалы лейкоздарды, лимфа тіндері ісіктерінің морфологиялық сипаттамаларын танысып бекіту.
  1. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету :

  • жедел лейкоздардың морфологиялық белгілерін ажырату.
  • Созылмалы лейкоздардың белгілерін ажырату.
  • лимфа тіндері ісіктерінің морфологиялық белгілерін ажырату.
  • Макро және микропрепараттарды олардағы гемобластоздарды диагностикалй отырып сипаттау.
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Гемобластоздар: анықтамасы, себептері, патогенезі.
  3. Гемобластоздардың қазіргі заманға сай жіктелуі.
  4. Лейкоз – анықтамасы, жалпы клинико морфологиялық сипаттамасы. Лейкемоидты реакциядан айырмашылығы
  5. Жедел лейкоздар: патологиялық анатомиясы, асқынулары және нәтижелері.

5.Созылмалы лейкоздар: миело-, лимфо- және моноцитарлы, парапротеинемиялық лимфолейкоздар (миеломды ауру, Вальденстрем макроглобулинемиясы): патологиялық  анатомиясы, асқынулары.

6.Лимфа тіндерінің ісіктері: патологиялық анатомиясы, асқынуы және нәтижелері.

  1. Оқу әне оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Созылмалы лимфолейкоз кезіндегі лимфа түйіндері.Анықтау керек:- лимфа түйіндерінің  өлшемі,  тығыздығы,  кескіндегі түрі.

б) Лимфогранулематоз кезіндегі лимфа түйіндері. Анықтау керек:- өлшемі,  тығыздығы, лимфа түйіндерінің  байланысын,  кескіндегі түрі.

в) Лимфогранулематоз кезіндегі көкбауыр. Анықтау керек:-  – өлшемі, – мүшенің размеры, -кескіндегі түрі, – сыртқы көрінісі бойынша көкбауырға ат беріңіз, – шұбар түс мүшенің қай өзгерісін көрсетіңіз, – жасушалардағы инфильтраттарды атаңыз, қайсыларының  диагностикалық мәні бар, – авторы бойынша ауруды атаңыз, – қандай топ ауруына жатады бұл ауру.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Миелолейкоз кезіндегі  бауыр ( Г-Э бояуы). Табу керек  – лейкемиялық нфильтраттар – лейкозды жасушаларды атау,  олардың ошақтары.

б) Лимфолейкоз кезіндегі ішек (Г-Э бояуы). Табу керек  – ішек қабырғасындағы  лейкемиялық инфильтраттар, – осы лейкозды жасушаларды атап,  бұл жерде пайда болу себебін түсіндіріңіз.

в) Лимфа түйіндерінің лимфогранулематозы (Г-Э бояуы). Көңіл аудару керек лимфа түйіндерінің көп бөлігіндегі суретіне. Табу керек   әр түрлі жасушалардың инфильтраттарын (лимфоциттер, эозинофилдер, ретикулярлы жасушалар, плазмалық жасушалар, фиброциттер, гигантты көп ядралы жасушалар Березовский-Штернберг), қалыпты жағдайдағы лимфа тіндерін ығыстырып орнын басады. Аурудың гистологиялық түрін атаңыз. Қандай диагностикалық мәні бар жасушалардың.

  1. Тақырыбы: Жедел және созылмалы анемия кезіндегі макро және микроскопиялық өзгерістер.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында жедел және созылмалы анемияның морфологиялық сипаттамасы жөнінде түсінісін қалыптастыру.
  3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету :

  • жедел және созылмалы  постгеморрагиялық анемияның морфологиялық белгілерін ажырату.
  • Қан түзілуінің бұзылу нәтижесінде дамитын жедел және созылмалы анемияның  морфологиялық белгілерін ажырату.
  • жедел және созылмалы  гемолитикалық анемияның морфологиялық белгілерін ажырату.
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Анемияның жіктелу принциптері

2.Постгеморрагиялық анемия: патологиялық анатомиясы, асқынуы мен нәтижелері

  1. Қан түзілуінің бұзылу нәтижесінде дамитын анемия: патологиялық анатомиясы, асқынуы мен нәтижелері
  2. Гемолитикалық анемия: патологиялық анатомиясы, асқынуы мен нәтижелері
  3. Оқу әне оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау. 

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Бауыр гемосидерозы. Көңіл аударыңыздар: түсіне, бауырдың тығыздығына, ол неге байланысты. Қандай анемияларда  байқалады?

б) Миокардтың майлы дистрофиясы («Жолбарыс тектес жүрек»). Көрсетіңіз, бұл процесс немен байланысты  анемия кезінде, неге әкеп соқтыруы мүмкін.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Нәрестелердегі  гемолитикалық аурулардың бауырдағы немесе талақтағы эритропоэзы (г-э.бояуы). Қан түзілу ошақтарын табу. Көрсетіңіз капилляр- лардағы эритробластозды және түйіршікті гемосидеринді.

б) Жедел гемоглобинуриялық нефроз (гемолитикалық бүйрек) (г-э.бояуы).   Табыңыз: Бүйректің түтікшелерінде аморфты массалардың және  цилиндр тәріздес гемоглобиннің  жиналуы.

в) Микросфероцитоз кезіндегі талақ (Минковский-Шоффар ауруы)  Табыңыздар: ­лимфофолликулдарды, қызыл пульпаны. Белгілеңіздер қызыл пульпаның гиперплазиясын, фолликулалардың атрофиясын, қоңыр-сұрғылт пигментті гемосидерин мен макрофагтардың  жиналуы.

  1. 1. Тақырыбы: Цереброваскулярлы аурулар. Түсінігі, атеросклероз бен гипертониялық аурумен байланысы. Церебральді атеросклероз.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында ми тамыр аурулардың морфологиялық сипаттамасы және атеросклероз, гипертониялық аурумен байланысы жөнінде түсінісін қалыптастыру.
  3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету :

  • бас миының транзиторлық ишемиясын морфологиялық белгілері бойынша ажырату
  • бас миының ишемиясы мен геморогиялық инфарктын морфологиялық белгілері бойынша ажырату
  • ми тамыр патологияларындағы макро және микропрепараттарды диагностикай отырып сипаттау
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Ми тамыр аурулары : анықтамасы, себептері,түрлері.
  3. Ишемиялық инфаркт – морфологиялық сипаттамасы, асқынулары және нәтижелері.

3.Геморрагиялық  инфаркт –  морфологиялық сипаттамасы, асқынулары және нәтижелері.

  1. Оқу әне оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Бас миының организациялану процесінің  басталуымен геморрагиялық инфаркты. Суреттеп  жазу  керек: ошақтың  орналасуын, өлшемі, пішіні, түсі,  шекарасы, айналасындағы  мидың  жағдайы,  себептері,  даму  механизімі  мен  нәтижелері.

б) Бас миының ишемиялық инфаркты. Белгілеу керек: жұмсару бөлігінің  өлшемі, пішіні, түсі,  шекарасы. Себептері  мен  нәтижелерін атаңыз.

в) Ми артериасының атеросклерозы. Суреттеп  жазыңыз: тамырдың зақымдалған орнын,  – кесіп қараған бетін, – сыртқы көрінісі бойынша атын атаңыз.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Мидың ишемиялық инфаркты ( Г-Э бояуы). Табу керек: бас миының некрозға шалдыққан аймағын, назар  аударыңыз, осы аймаққа қатысты бөлігінің жағдайын.

б) Мидың қызарып жұмсаруы ( Г-Э бояуы). Табу керек: бас миының қыртысастылық түйіндерінде дұрыс емес формалы қан құйылулардың орналасуын. Көрсету  керек: қан құйылу ошақтарының өлшемі мен уақытын.

  1. 1. Тақырыбы: Энцефалиттер. Менингиттер. Патанатомиясы, нәтижелері, өлім себептері.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында орталық жүйке жүйесінің инфекциялық зақымданудан өзгеріске ұшыраған морфологиясы жөнінде түсінісін қалыптастыру.
  3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету :

  • Энцефалитті морфологиялық белгілері бойынша ажырату
  • Менингитті морфологиялық белгілері бойынша ажырату
  • Энцефалит пен менингиттті макро және микропрепараттарын диагностикай отырып сипаттау
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Энцефалит- морфологиялық сипаттамасы, асқынулары және нәтижелері.
  3. Менингит – морфологиялық сипаттамасы, асқынулары және нәтижелері.
  4. Оқу әне оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а) Іріңді менингит. Белгілеу керек: жұмсақ ми қабатының жылға мен қатпарлар жағдайын. Анықтау керек:- ауруды туғызатын қоздырғышын. Мүмкін болатын нәтижелері мен асқынулары.

б) Гидроцефалия. Белгілеу керек: мидың бүйірлік қарынша қуысының кеңеюі, эпендималардың жағдайын, үлке мидың атрофиясын. Менингитпен ауырған адамдардың даму патологиясын түсіндіріңіз.

в) Токсоплазмалық энцефалит.  Суреттеп  жазыңыз: зақымданған орнын,  – кесіп қараған бетін. Мүмкін болатын нәтижелері.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Іріңді лептоменингит ( Г-Э бояуы). Табу керек: жұмсақ ми қабатының қалыңдауын, жұмсақ ми қабатының сегментті ядралық лейкоциттермен инфильтрациялануын. Назар аударыңыз: жұмсақ ми қабаты мен ми тінінің  тамырларының қанмен толу дәрежесін.

1.Тақырыбы: Жедел және созылмалы эзофагиттің, гастриттің патоморфологиялық сипаттамасы. Он екі қатпарлы ішек және асқазанның жара аурулары. Ащы ішек және тоқ ішек аурулары

Нәтижелері мен асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері.

  1. Мақсаты: тәжірибе сабағында өңеш, асқазан, он екі қатпарлы ішек, ащы ішек және тоқ ішек ауруларының морфологиялық белгілерімен танысып бекіту.
  2. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Эзофагиттің морфологиялық белгілерін анықтау;
  • Созылмалы гастриттің морфологиялық белгілерін анықтау;
  • Асқазан және он екі елі ішектің жара ауруларының қозуы мен ремиссия кезіндегі морфологиялық белгілерін ажырату, жара ауруының асқынуларын түсіндіру;
  • Жедел және созылмалы энтериттің асқынулары мен нәтижелерін, морфологиялық белгілерін анықтау;
  • Жедел және созылмалы колиттің асқынулары мен нәтижелерін, морфологиялық белгілерін анықтау;
  • Жедел және созылмалы аппендициттің асқынулары мен нәтижелерін, морфологиялық белгілерін анықтау;

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өңештің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі, салдары және асқынулары.
  2. Созылмалы гастриттің анықтамасы, жіктелуі және морфологиясы
  3. Асқазан және он екі елі ішектің жара ауруларының қозуы мен ремиссия кезіндегі морфологиялық белгілерін ажырату. Жара ауруының асқынулары.
  4. Ащы ішектің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі,  нәтижелері  және асқынулары.
  5. Тоқ ішектің қабыну аурулары – морфологиялық көрінісі,  нәтижелері  және асқынулары.
  6. Аппендицит- түрлері, морфологиялық көрінісі, нәтижелері  және асқынулары. Балалардағы ерекшеліктері.
  7. Оқу әне оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жқмыс жасау.

  1. Макропрепараттарды талдау:

а)  Асқазан жедел жарасы. Сипаттау керек:  асқазан қабырғасындағы жараның пішінін, өлшемін, жиектерін, түбін. Тереңдігіне назар аударып, мүмкін болатын асқынуларын және салдарын атау керек.

б) Асқазанның созылмалы жаралары. Сипаттау керек:  асқазан қабырғасындағы жараның пішінін, өлшемін, жиектерін, түбін. Тереңдігіне назар аударып, мүмкін болатын асқынуларын және салдарын атау керек.

А) Флегмонозды аппендицит. Сипаттау керек:  өсіндінің үлкендігін, түсін серозды қабығы мен шажырқайының өзгерістерін. Мүмкін болатын асқынуларын және нәтижелерін атау керек.

Б) Гангреналық аппендицит. Сипаттау керек: өсіндінің үлкендігін, түсін серозды қабығы мен шажырқайының өзгерістерін. Мүмкін болатын асқынуларын және нәтижелерін атау керек.

  1. Микропрепараттарды қарап, суретін салу:

а) Асқазанның созылмалы жарасы  ( г-э бояуы). Атап көрсету керек: жараның кардиалды және пилорикалық жиектері, жара түбінде оның қабаттарының айқындылығын сипаттау – некрозды қабты, грануляциялық тін қабаты, фиброзды қабаты.  Процесс кезеңін атау керек.

б) Асқазанның жедел жарасы ( г-э бояуы). Атап көрсету керек: түбі бұлшық ет қабаты болып келетін жараның болуы. Жара құрамын көрсету –  борпылдақ жіп тәрізді фибрин талшықтары.

А) Флегмонозды-жаралы аппендицит ( г-э бояуы). Атап көрсету керек:  Шырышты қабықтың бүтіндігінің деңгейін, экссудаттың түрі мен оның өсіндінің қабырғаларына таралуын анықтаңыз. Препараттың суретін салып суреттеу керек.

Б) Өсіндінің қуысының облитерациясын дамытқан созылмалы  ( г-э бояуы). Атап көрсету керек: Қабырғасындағы өзгерістерге, қуысының қалпына, шырышты қабық пен көршілес жатқан қабаттарға көңіл аударыңыз. Суретін салып, жазыңыз.

  1. 1. Тақырыбы: Бауыр ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында бауыр ауруларының морфологиялық көріністерімен танысып бекіту.
  3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  1. Гепатоздардың морфологиялық белгілерінің диагностикалау

2.Жедел және созылмалы гепатиттің морфологиялық бедгілерін диагностикалау

3.макро- және микроскопиялық бауыр циррозының белгілерін анықтау

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бауыр ауруларының жіктелуін: гепатоз, гепатит, цирроз.
  2. Бауырдың токсикалық дистрофиясының морфологиясы.
  3. Вирусты гепатиттердің жіктелуі мен морфологиялық сипаттамасы,оның асқынуы мен нәтижесі.Алкогольды гепатиттің морфологиясы.
  4. Бауыр циррозының жіктелуі мен морфологиясы, асқынуы, өлім себебтері.
  5. Оқу және оқыту әдісі:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепарттарды талдау:

а) Бауырдың токсикалық  дистрофиясы: Көрсетіңіз: ағзаның  көлемін ұлғайғанын, -тығыздығынның болбыр  болуын,-сырткы   беткейінің   қалпын,   -капсуласының   жағдайын,-тіннің   кесіндідегі   түрін. Аурудың кезеңін және   шамамен даму мерзімін белгілеп, қандай аурулардың кезінде дамитынын көрсетіңіз. Аурудың нәтижелері мен асқынуларын, өлім себептерін атаңыз.

б) Бауырдың портальді циррозы. Көңіл аударыңыз: ағзаның көлемінің кішірейгеніне; тінінің тығыздығына; диафрагмальды және висцеральды  беткейлерінің біркелкі еместігіне; капсуласының біркелкі емес көлемі әр түрлі түйіндер қалыптасуына байланысты бауыр тінінің кесіндідегі түріне.   Себебтерін, нәтижелері мен асқынуларын асқынулар мен өлім себептерін туғызатынын жазыңыз.

  1. Микропрепарттарды қарап суретін салу:

а) Нәтижесінде цирроз дамыған бауырдың токсикалық дистрофиясы : ( Г-Э бояуы) Табу қажет:  бауыр бөлікшелерінің ортасын, гепатоциттердің өзгересін; петрификасындағы гепатоциттердің қалпын; дәнекер тін ошақтарын; гепатоциттер өлген жерлерде жас  жировую дистрофию гепатоцитов по периферииушалардың құрамын. Суретін салып,  жазыңыз.

б) Жедел вирусты гепатит ( Г-Эбояуы) Табу қажет: гепатоциттерде дамыған дистрофияның түрін, бауыр бөлікшесінің неғырлым зақымданған жерін; коагуляционный некроз бен тельца Каунсильмен денешіктерін; портальді аймақтар мен бөлікше ішініндегі сіңбелердің түрін. Суретін салыңыз.

г) Бауырдың портальды циррозы ( Г-Эбояуы). Сипаттаңыз: бауырдың бөлікшелік құрылымын; жалған бөлікшелердің сипатын; дәнекер тіннің сипаты мен орналасуын; портальді жолдардағы лимфогистоцитарлы сіңбелерді. Суретін салып, жазыңыз.

г)Алкогольді гепатит( Г-Эбояуы). Сипаттаңыз: а) гепатоциттердің дистрофиялық түрі, бауырдың бөлікшелерінің зақымдану аймағы, б) Мналлори тельцалары, в) портальды жазықтығы мен строма бөлікшелерінің инфильтратарын сипаттаңыз.

  1. 1. Тақырыбы: Ұйқы без ауруларының патоморфологиялық сипаттамасы.
  2. Мақсаты: Тәжірибе сабағында ұйқы без ауруларының морфологиялық көріністерімен танысып бекіту.
  3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  1. Жедел және созылмалы панкреатиттің макро- және микроскопиялық белгілерін анықтау

2.Қатерлі және қатерсіз ұйқы без ісіктерінің макро- және микроскопиялық белгілерін  анықтау

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жедел панкреатиттің морфологиясы, нәтижелері, асқынуы.
  2. Созылмалы панкреатиттің морфологиясы, нәтижелері, асқынуы.
  3. Ұйқы бездің қатерсіз ісіктері- морфологиясы, болжамы,асқынуы.
  4. Ұйқы бездің қатер ісіктері- морфологиясы, метастаз беру жолдары, болжамы,асқынуы.
  5. Оқу және оқыту әдісі:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

  1. Макропрепарттарды талдау:

а)Жедел панкреатит: Көрсетіңіз: өлшемін, тығыздығын және бездердегі өзгерістерін, зақымдалып өзгерген морфологиялық түрінің бөлігін анықтаңыз,  мүмкін болатын асқынуларын көрсетіңіз.

б) Панкреонекроз. Көрсетіңіз: өлшемін, тығыздығын және бездердердің түсін, зақымдалған аймағын,  мүмкін болатын асқынуларын және өлім себептерін туғызатынын жазыңыз.

в) Ұйқы безінің аденокарциномасы. Көрсетіңіз: орналасуын, формасын, шекараларын, тығыздығын және ісіктің түсін. Ісік алды процестерін, ісіктің мүмкін болатын метастаз беру жолдарын көрсетіңіз.

  1. Микропрепарттарды қарап суретін салу:

а) Созылмалы панкреатит (г-э.бояуы). Көрсетіңіз: ұйқы без стромасының дәнекер тінденуін, паренхиманың атрофиялануын.

б) Ұйқы безінің аденокарциномасы. (г-э.бояуы). Көрсетіңіз: без структураларының қалыптасуы «бездердің безденуі»түрінде, бездердің жасушалары полиморфты, гиперхромды.

1.Тақырыбы: Ішкі секреция без ауруларының патологиялық анатомиясы. Қалқанша безі ауруларында кездесетін морфологиялық өзгерістер. Қант диабеті.

  1. Мақсаты: Тәжірибелік сабақта қант диабеті мен қалқанша без ауруы кезіндегі морфологиялық өзгерістері жөнінде негізін бекіту.
  2. Оқыту міндеттері:

Студентті үйрету:

  1. Ішкі секрециялық без ауруларының жіктелу принциптері мен ерекшеліктерін анықтау.
  2. Қант диабетіне тән ішкі ағзалардағы, қан тамырларындағы, ұйқы безіндегі морфологиялық өзгерістерді анықтауды
  3. Макро- мен микроангиопатиялар диабетінің мәнін бағалау
  4. Жемсаудың морфологиялық көрінісі бойынша диагностикалау
  5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  6. Жемсаудың морфологиялық түрлерінің анықтамасы, жіктелуі мен сипаттамасы.
  7. Базедов жемсауы – этиологиясы, патогенезі, патологиялық анатомиясы және асқынулары.
  8. Қант диабет патологиялық анатомиясы, диабетикалық макро- мен микроангиопатиялар және диабетикалық гломерулосклероз.
  9. Оқу және оқыту әдістері:
  10. Кіші топтарда жұмыс жасау.
  11. Макропрепараттарды талқылау:
  12. Диффузды токсикалық зоб. Белгілеңіз. – ағзаның көлемін, тығыздылығын, кесіндідегі түрі мен түсін. Зобтың макроскопиялық түрін атап, қандай атипиялық түрде өтуі мүмкін? Диффузды зоб кезіндегі бездің функционалдық белсенділігін белгілеңіз, оның клиникалық көріністерін. Ағымы ауыр түріндегі ішкі ағзалардағы (бауыр, жүрек, ми) өзгерістерді, олардың жағдайын. Мүмкіндік өлім себептерін атаңыз, огның ішінде – безді алып тастағанда? Диффузды зобтың этиологиялық факторларын атаңыз.
  13. Коллоидты зоб. Назар аударыңыз: зобтың макроскопиялық түріне, өлшемдеріне,тығыздылығына,кесіндідегі түрі мен түсіне. «Эндемиялық зоб» түсінісіне анықтама беріңіз, оның макроскопиялық түрлерін атаңыз. Йодтың тапшылығына байланысты организмде дамитын компенсаторлық-бейімделу реакциясының даму механизмін түсіндіріңіз. Ол жағдайды атап, зобтың түрн белгілеңіз. Нәтижесінде безде дамитын өзгерістерді сипаттаңыз. Зобтың клинико-анатомиялық түрлерін атаңыз.
  14. Ұйқы безінің атрофиясы мен липоматозы. Белгілеңіз: көлемін, тығыздылығын, стромасы мен Лангерганс аралшаларының жағдайын, негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз. Қант диабетінің өлімге алып баратын, асқынуларын атаңыз.   Аурудың биохимиялық маңызы мен қант диабетінің анықтамасын беріңіз.
  15. Микропрепараттарды қарап суретін салу:
  16. 1. Диффузды токсикалық зоб. (Г-Э бояуы, кіші арттыру). Тауып суреттеңіз: а)пішіні жұлдызша келген фолликулаларды, б)фолликулярлық эпителийді зерттеңіз (эпителий жасушаларының биіктігі,өсімділерінің пайда болуы), в)фолликулалардағы коллоидтың жағдайын (қою, сұйық, резорбциялық вакуольдердің болуы), г)тамырлар мен строманың жағдайын (қантолуы, жасушалық сіңбелердің болуы, олардың құрамы).   Альбомға суреттеңіз, эпителийдің түріне, фолликулалардың пішініне және коллоидтың жағдайына қарай бездің функционалдық жағдайын атап.
  17. Коллоидты зоб. (Г-Э бояуы, кіші және үлкен арттыру). Тауып суреттеңіз: а)қалқанша без фолликулаларын, б)фолликулярлық эпителийдің өзгерістерін, в)стромадағы лимфо-гистиоцитарлық сіңбелерді, г) фолликулалардың пішіні мен көлемдерін, д) коллидтың тығыздылығын, е)г-э боялғандағы коллоидтың тинкториалдық қасиетінің өзгеруін, ж)зобтың гистологиялық түрлерін атаңыз. Эпителийдің түріне, фолликулалардың пішініне және коллоидтың жағдайына қарай бездің функционалдық жағдайын белгілеңіз. «Базедовификацияланған коллоидты струма» деген терминнің анықтамасын беріңіз. Альбомға суретьтеңіз.
  18. Ұйқы безінің атрофиясы. (Г-Э бояуы, кіші және үлкен арттыру). Тауып белгілеңіз: а)атрофия мен склероз жағдайындағы Лангерганс аралшаларын; б)аралшалардың компенсаторлы гипертрофиясын, в)бездің стромасының липоматозы мен склерозын. Альбомға суретьтеңіз.

 

1.Тақырыбы: Буындардың қабынулық және дистрофиялық ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы. 

  1. Мақсаты: Тәжірибелік сабақта буындардың қабынулық және дистрофиялық ауруларының морфологиялық өзгерістері жөнінде негізін бекіту.
  2. Оқыту міндеттері:

Студентті үйрету:

  • ревматизм кезінде буындардың зақымдануының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау.
  • ревматоидты артрит кезінде буындардың зақымдануының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау.
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Ревматизмдік полиартрит- буындардың зақымдану ерекшеліктері.

2.Ревматоидты артрит-  буындардың зақымдану ерекшеліктері, морфологиясы  мен нәтижелері

  1. Оқу және оқыту әдістері:
  2. Кіші топтарда жұмыс жасау.
  3. Макропрепараттарды талқылау:

а) Ревматоидтық артрит кезіндегі қол. Белгілеу керек: майда буындардағы саусақтардың деформациясын, олардың қимылсыздануы және қимылы шектеулі. Осы өзгерістерді түсіндіру. Ревматизм кезінде буындардың зақымдануын салыстырмалы түрде жүргізу.

  1. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а)  Ревматоидты артрит (Ван-Гизон, Г-Э бояуы). Тауып белгілеңіз: синовиальді қабықшаның түктерінің стромасындағы плазматикалық жасушалардан құралған қабыну инфильтратын, – пролиферативті эндопериваскулиттерді, – түктердің ішіндегі лимфоидты фолликулдарды,  –  құрамында тамырлар  мен  лейкоциттер, плазмоциттер және макрофагтар  бар  ошақты  грануляциялық тіндерді. Суретін салып, жазыңыз.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!