Патологиялық анатомия пәні бойынша
ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәннің коды РА- 23210
Мамандығы 051301– «Жалпы медицина»
Дәрістер 18 сағат
Тәжірибелік сабақтар 54 сағат
СӨЖ 36 сағат Емтихан VI
Барлығы 108 сағат
3 курс
Семестр V, VI
Дәрістер 18 сағат
Тәжірибелік сабақтар 54 сағат
СӨЖ 36 сағат Емтихан VI
Барлығы 108 сағат
3 курс
Семестр V, VI
МАЗМҰНЫ
1. | Түсініктеме……………………………………………… |
2. | Пәннің мазмұны…………………………………………… … |
3. | Оқу мен оқыту әдістері …………………………………… |
4. | Студенттердің білімін бағалау………………………………………………. |
5. | Құрал-жабдықтар………………………………………… |
6. | Пән бойынша сағаттың бөлінуі…………………………………… |
7. | Сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгілері………….……………….. |
8. | Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі………………………………….. |
9. | Қосымшалар |
Пәннің мақсаты: фундаменталды пәндермен қатар модульді принцип бойынша оқытудың негізігде аурулардың құрылымдық негізі, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, ақыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы білім қалыптастырып, болашақ жалпы медицина дәрігерлеріне алған білімін науқастардың жас шамасына байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, күнделікті жұмысында қолдануды игерту.
Пәннің міндеті:
- Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде жүрек пен тамырлардың тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;
- Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде бронх-өкпе жүйесінің тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;
- Ас қорыту жүйесінің зақымдануы кезінде дамитын негізгі симптомдар мен синдромдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістер мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіндіре білуді;
- Микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде тері мен оның қосындылары ескерілген тірек-бұлшықет жүйесі тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;
- Бүйректерді, зәр шығару жолдарында және репродукциялық жүйесінде дамитын негізгі синдромдар мен патологиялық жағдайлардың жасушалық және жасушадан тыс белгілерін анықтап, олардың патологиялық-морфологиялық өзгерістері мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіне білуге үйрету;
- Эндокринді жүйе ауруларын байланысты дамитын негізгі синдромдар мен патологиялық жағдайлардың жасушалық және жасушадан тыс белгілерін анықтап, олардың патологиялық-морфологиялық өзгерістері мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіне білуге үйрету;
- Микро- мен макроскопиялық деңгейде жүйке жүйесі аурулары мен
негізгі симптомдар мен синдромдары кезінде дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсініп, оларға баға беруді үйрету;
- Микро- мен макроскопиялық препараттарда қан түзуші ағзалардың
тіндерінің жасушалық құрылымдарында дамитын белгілерді анықтай алуды.
№ | Жүрек-қантамырлар жүйесі бойынша компетенциялар | Пәннің мазмұны |
«Жүрек-қантамырлар жүйесі» | ||
1 | Студент білуі керек: · жүрек ақаулары, атеросклероз, артериялық гипертензия синдромының, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасын; · жоғарыда аталған синдромдардың патологоанатомиялық тексеру әдістерін. Студент үйреніп алуы қажет: · жүрек ақауларында, атеросклерозда, артериялық гипертензия синдромында, жүректің ишемиялық ауруында, жүрек-тің жіті және созылмалы жетіспеушілігі синдромдарында жүрек пен тамырлар тіндерінің макро- және микроскопиялық суреттеріне интерпретация жасауды. | Жүректің ревматизмдік ақаулары (туа және жүре пайда болған). Жүректің компенсацияланған және декомпенсацияланған ақауларының түрлері мен морфологиялық сипаттамасы. Балаларда кездесетін ерекшеліктер. Атеросклероз. Атеросклероз сатылары. Клиникалық-морфологиялық түрлері, олардың сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Артериялық гипертензия. Клиникалық-морфологиялық түрлері. Артериялық гипертензия кезіндегі тамырлардың патологиясы және зақымданған ағзалардың патоморфологиясы. Асқынулары, өлім себептері. Балаларда кездесетін ерекшеліктер. Жүректің ишемиялық ауруы. Түсінігі, атеросклероз бен артериялық гипертензиямен байланысы. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері. Коронарлы жетіспеушілік синдромы. Миокард инфаркті (МИ), морфологиялық сипаттамасы. Асқынулары және өлім себептері. Кардиосклероз. Түрлері, себептері және морфологиялық сипаттамасы. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі, патоморфологиялық көріністері, нәтижелері, асқынулары. Балалардағы ерекшеліктер. Қан тамырлардың жіті жетіспеушілігі синдромы. Шоктың патоморфологиясы. Балаларда кездесетін ерекшеліктер. |
«Тыныс алу жүйесі» | ||
2 | Студент білуге тиісті: · өкпенің жедел және созылмалы қабыну, созылмалы обструкциялық ауруларының, плевриттің морфологиялық сипаттамасын; · пневмониялардың жасқа байланысты ерекшеліктерін; Студент істей алуға тиісті: · тыныс ағзаларының патологиясы кезінде өкпе және бронх тіндерінің макро және микроскопиялық морфологиялық сипаттамасын интерпретациялауды: – өкпе тінінің тығыздануын; – өкпедегі қуыстың пайда болуын; -бронх өткізгіштігінің бұзылуын; – өкпеде артық ауа жиналуын (эмфиземаның); – плевра қуысында сұйықтық пен ауаның жиналуын; – тыныс алу жетіспеушілігін (жедел және созылмалы).
| Тыныс алу ағзаларының жедел қабыну аурулары. Пневмониялар: бронхпневмония, крупозды, аралық. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері және асқынулары. Бронхпневмониялардың қоздырушысының сипатына байланысты ерекшеліктері (вирусты, пневмококты, стафилококты, стрептококты, пневмоцисталық, саңырауқұлақтық). Пневмониялардың жасқа байланысты ерекшеліктері. өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары (ӨСОА): созылмалы бронхит, бронхэктаздар, өкпе эмфиземасы, бронх астмасы, абсцесс. өкпенің деструкциялық аурулары. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері және асқынулары. Өлім себептері. Плеврит. Түрлері. Себептері, даму механизмі, морфологиясы, нәтижелері. |
«АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» | ||
3 | Студент білуі керек: · асқорыту жүйесі патологияларының морфологиялық сипаттамасын: – өңеш патологиясында; – асқазан патологиясында; – ішек патологиясында; – бауыр және өт шығарушы жолдардың патологиясында; – ұйқы безі патологиясында; Студент үйреніп алуы қажет: · асқорыту патологиясы бар ағзаларының макро- және микроскопиялық суреттеріне интерпретация жасауды. | Өңеш ауруларының патологиялық анатомиясы. Эзофагиттер, Баррет өңеші. Жіті және созылмалы гастриттердің патологиялық анатомиясы, нәтижесі және асқынулары. Он екі-елі ішек және асқазанның жара ауруы. Морфогенезі. Жіті және созылмалы жараның патоморфологиялық мінездемесі. Нәтижесі және асқынулары, өлім себептері. Ішек аурулары. Жіті және созылмалы энтериттер, колиттер. Нәтижесі және асқынулары. Гемолитикалық, паренхиматозды, механикалық сарғаюдың патоморфологиялық мінездемесі. Жаңа туылған нәрестелердегі сарғаю. Нәтижесі және асқынулары. Жіті және созылмалы гепатиттер мен гепатоздардың патологиялық анатомиясы. Бауыр циррозы, клинико-анатомиялық түрлері, патологиялық анатомиясы. Нәтижесі және асқынулары, өлім себептері. Өт шығарушы жолдардың патологиясы. Жіті және созылмалы панкреатиттердің патологиялық анатомиясы, нәтижесі, асқынулары, өлім себептері. |
«Несеп-жыныстық жүйе» | ||
4 | Студент білуге тиісті: – келесі синдромдардың морфологиялық мінездемесі: · нефритикалық синдром; · нефротикалық синдром. · Бүйрек жетіспеушілік синдромы (жедел және созылмалы) · Бүйректік артериальды гипертензия синдромы · Жоғарыда атап өтілген аурулардың патологоанатомиялық тексеру тәсілдері . Студент істей алуға тиісті: · Зәршығару жүйесіндегі макро және микроскопиялық суреттердің өзгерістерін мазмұндау. | Бүйрек аурулары. Жіктелуі. Гломерулонефрит. Гломерулонефриттің морфологиялық түрлері. Интерстициальді нефрит. Тубуло-интерстициальді нефрит. Пиелонефрит. Нефротикалық синдром. Липоидты нефроз, мембранозды нефропатия. Фокальды сегментарлы гломерулярлы гиалиноз. Бүйрек амилоидозы. Бүйрек поликистоз .Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.Бүйрек тас ауруы. Ауру нәтижесі, ауру асқынуы,өлім себебі. Балаларда кездесетін бүйрек патологиясының ерекшеліктері. Эндометрит: жедел және созылмалы. Жыныс ағзаларындағы дисгормональды аурулар:жатырдың шырышты қабатындағы безді гиперплазияның морфологиялық көріністері. Қабынбалы аурулар: жедел және созылмалы эндометрит, себебі , патогенезі, морфологиясы,асқынуы.
.
|
«Эндокринді жүйе» | ||
5 | Студент білуі керек: · эндокринді жүйе мүшелері патологиясының морфогенезін; · эндокринді жүйе патологияларының негізгі синдромдарының (гипер-, гипогликемиялар; қалқанша безінің гипер- және гипофункция-лары; гипер- және гипокортицизм) макро- және микроскопиялық көріністерін. Студент үйреніп алуы қажет: · эндокринді жүйе патологияларының негізгі синдромдарын мүшелердегі микро- және макроскопиялық өзгерістер негізінде айыруды; · эндокринді жүйенің негізгі синдромдарының макро- және микроскопиялық белгілерін сипаттауды; · мүшелердегі патоморфологиялық өзгерістер-ді ескеріп, мүмкін болатын асқынулары және оларды анықтауды; · эндокринді жүйе патологиясы синдромдары-ның морфологиялық өзгерістерін, осыларға тән клиникалық-функционалды морфология-лық өзгерістермен салыстыру; | Эндокринді жүйе патологиясының патоморфологиясы. Гипофиз. Гипофиз патологиясының патоморфологиясы. Қалқанша безі. Жемсау (струма) жіктелуінің принциптері. Жайылмалы және түйінді, коллоидты және паренхималық жемсаулар. Эндемиялық, спорадикалық, Базедов жемсауы. Аутоиммунды тиреоидит (лимфоматозды жемсау), Ридель жемсауы. Морфологиясы. Асқынулары, өлім себептері. Қалқанша маңы бездері. Гипо- және гиперпаратиреоздардың морфологиялық сипаттамалары. Ұйқы безі. Қантты диабет. Морфологиясы. Макро- және микроангиопатия-лар тәрізді қантты диабет белгілері. Асқынулары. Өлім себептері. Бүйрек үсті бездері. Жедел және созылмалы бүйрек үсті бездері функциясы жетіспеушілігі морфологиясы. Асқынулары. Өлім себептері. Балалар эндокринді жүйесі патологияларының патоморфологиясы сипаттамаларының ерекшеліктері. |
«Жүйке жүйесі» | ||
6 | Студент білуі керек: · жүйке жүйесі ауруларынан ми тінінде дамитын морфологиялық өзгерістерді Студент үйреніп алуы қажет: · жүйке жүйесі ауруларынан дамитын макро- жєне микроскопиялық өзгерістерді пайымдауды.
| Ми тамырлары ауруларының ұғымы. Олардың атеросклерозбен және гипертония ауруымен байланысы. Ишемиялық және геморрагиялық инфаркт, миға қан құйылу және гематома. Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары. Энцефалиттер. Менингиттер. Патоморфологиясы, ақыры, өлім себептері. Эпилепсиядан мида дамитын өзгерістердің патоморфологиялық ерекшеліктері. Мидың гипоксиялық зақымдарының патанатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері. |
«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» | ||
7 | Студент білуге тиіс: · тірек-қимыл аппараты жүйесінің, тері және оның қосалқыларындағы қабынулы және дистрофиялық сырқаттарының патоморфологиялық көріністері; · балалардағы ерекшеліктері. Студент істей алуға тиісті: тірек-қимыл аппараты жүйесінің тері және оның қосалқылары сырқаттарының макро- және микроскопиялық сипаттамасын білу, клиникалық көріністерімен салыстыра білу. | Тірек-қимыл аппараты жүйесінің, тері және оның қосалқыларындағы қабынулы және дистрофиялық сырқаттарының патоморфологиялық сипаттамасы. Ревматоидты артрит. Патанатомиясы. Нәтижесі, асқынулары. Балалардағы ерекшеліктері. Сүйек жүйесінің сырқаттары. Паратиреоидты остеодистрофия. Фиброзды дисплазия. Остеопороз. Балалардағы ерекшеліктері. Буындар аурулары. Остеоартроз.
|
«Қан түзуші жүйе» | ||
8 | Студент білуі керек: · қан түзуші жүйесінің патологиясын жіктеуді; · қан түзуші жүйесі патологиясының морфологиялық сипаттамасын: анемия-лық, миело- и лимфопролиферациялық, геморрагиялық синдромдарының, жас бойынша ерекшеліктерін; · қан түзуші жүйесі патологиясының асқынуларын. Студент үйреніп алуы қажет: · анемиялық синдромының макро- және микроскопиялық суретін сипаттай білу, миело- және лимфопролиферативті үрдістердің (гемобластоздар, лимфогра-нулематоздар), геморрагиялық синдром-дардың клиникалық көріністерімен салыстыра отырып патоморфологиялық көріністерін талдау жасауды. | Анемиялық синдром. Жіктелуі. Жедел және созылмалы анемиялардың макро- және микроскопиялық көріністері. Нәтижелері мен асқынулары. Миело- және лимфопролиферативті үрдістер. Гемобластоздар. Жіктелуі. Жедел және созылмалы лейкоздардың патологиялық анатомиясы. Лимфоидты жүйенің ісіктері патоморфологиясы. Лимфогранулематоз. Тромбоцитопениялар және тромбоцитопатиялар. Балалардағы ерекшеліктері. Нәтижелері, асқынулары мен өлім себептері. ҚШҰ-синдромы. Нәрестелердің гемолитикалық ауруларының морфологиясы.
|
3 Оқу және оқыту әдістері
- Дәрістер: жалпы шолу
- Мәселелік-ориентациялық оқыту (МОО): әрбір модуль бойынша бір клиникалық жағдайдың 2-3 сабақ барысында оқытылуы
- Тәжірибелік сабақтар: гистологиялық препараттарды микроскоппен көріп, суретін салу, компьютерлік үлгілермен жєне бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуациялық жаттығуларды шешу, макропрепаратттарды сипаттау.
- Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): кафедрада, кітапханада оқу және қосымша әдебиеттермен, электрондық базадағы деректермен, компьютермен оқыту бағдарламаларымен жұмыс істеу, ситуациялық жаттығулар мен тестілік тапсырмаларды шешу, рефераттар мен презентацияларды дайындап, қорғау, дифференциальды диагностика кестелерін өз беттерінше толтыру.
4 Білімдерін бағалау
Ағымды бағалау: тестілеу, сұхбаттасу, ситуациялық жаттығуларды шешу, студенттер гистологиялық препараттарды микроскоппен қарап, макропрепараттарды сипаттауға тиісті тапсырмалардың орындалуын тексеру, кіші топтардағы жұмысты студенттің өзінің және топтардың бағалауы.
Аралық бағалау: ішіне мәселелік-ориентациялық оқытудың нәтижесінің бағасы кіретін әрбір модульдан кейін интеграцияланған коллоквиум.
Қорытынды бағалау: ағзалардың 8 жүйесі бойынша модульдарды өткеннен кейін 8 пән бойынша интеграцияланған емтихан 2 кезеңнен тұрады: – кешенді тесттілеу/сұхбаттасу және тәжірибелік дағдыларды қабылдау.
- Құралдар мен жабдықтар
- Құралдар: Микроскоптар, компьютерлер, мультимедиялық проектор.
- Жабдықтар: микро- және макропрепараттар, слайдтар, оқу құралдарының электронды нұсқаулары, атластар, кестелер, тесттік тапсырмалар мен ситуациялық есептер жинағы.
6 Патологиялық анатомия – 2 пәнінің модульдері бойынша сағаттарды бөлу
№ | Модуль | Сағаттың жалпы саны | Аудиториялық сағаттар | СӨЖ | ||
Барлығы | Дәрістер | Практикалық сабақ-тар | ||||
1. | Жүрек-қантамырлар жүйесі | 18 | 12 | 3 | 9 | 6 |
2. | Тыныс алу жүйесі | 18 | 12 | 3 | 9 | 6 |
3. | Асқорыту жүйесі | 18 | 12 | 3 | 9 | 6 |
4. | Несеп-жыныстық жүйе | 18 | 12 | 3 | 9 | 6 |
5. | Эндокринді жүйе | 5 | 3 | 0 | 3 | 2 |
6. | Жүйке жүйесі | 14 | 9 | 3 | 6 | 5 |
7. | Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары | 4 | 3 | 0 | 3 | 1 |
8. | Қан түзуші жүйе | 13 | 9 | 3 | 6 | 4 |
Барлығы | 108 | 72 | 18 | 54 | 36 |
7 ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ – 2 ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
7.1.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы |
Жүрек-қантамырлар жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Артериялық гипертензия. Клиникалық-морфологиялық түрлері. Артериялық гипертензия кезіндегі ағзалардағы өзгерістердің патоморфологиясы. Асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
2. | Атеросклероз. Атеросклероза кезеңдері. Жүректің ишемиялық ауруы. Түсінігі, атеросклероз бен артериялық гипертензиямен байланысы. Морфологиялық сипаттамасы, асқынулары, өлім себептері.
|
3. | Жүрек ақаулары (жүре және туа пайда болған. Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 3 | |
Тыныс алу жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Тыныс алу ағзаларының жедел қабынулуық аурулары. Пневмонияның адамның жасына байланысты ерекшеліктері.
|
2. | ӨСОА: созылмалы бронхит, бронхоэктаздар, өкпе эмфиземасы, бронхиальді астма, созылмалы абсцесс. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Адамның жасына байланысты ерекшеліктері. |
3.
| Өкпенің арнайы және арнайы емес деструкцияфлық аурулары. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. |
Жалпы сағат саны: 3 | |
Асқорыту жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Өңеш, асқазан мен он екі ішек ауруларының патологиялық анатомиясы. |
2. | Ішек пен ұйқы безі ауруларының патологиялық анатомиясы. |
3. | Бауыр ауруларының патологиялық анатомиясы. |
Жалпы сағат саны: 3 | |
Несеп-жыныстық жүйе | |
2-кезең | |
1. | Бүйрек аурулары. Жіктелуі. Гломерулонефрит. Интерстициялық нефрит. Тубуло-интерстициялық нефрит. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
2. | Бүйректердің жедел мен созылмалы жетіспеушілігі. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
3. | Қабынулық аурулар: жедел мен созылмалы эндометрит,себептері, патогенезі, морфологиясы, асқынулары. |
Жалпы сағат саны: 3 | |
Жүйке жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Ишемиялық және геморрагиялық инфаркт, бас миына қан төгілу мен гематомасы. Патанатомиясы, нәтижелері. Балалардағы ерекшеліктері. |
2. | Эпилепсия кезінде бас миы зақымдануының патологиялық-морфологиялық ерекшеліктері. |
3. | Жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары. Патоморфологиясы, нәтижелері, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 3 | |
Қан түзуші жүйе | |
2-кезең | |
1. | Анемиялық синдром. Патоморфологиясы, жіктелуі. Нәтижелері, асқынулары. |
2. | Миело- мен лимопролиферациялық процестер. Гемобластоздар. Жіктелуі, патоморфологиясы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
3. | Лимфогранулематоз. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 3 |
7.1.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№ | Тақырыбы |
Жүрек-қантамырлар жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Эссенциальді және симптоматикалық артериялық гипертензия. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, өлім себептері.
|
2. | Атеросклероз. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Миокард инфаркті, патанатомиясы, асқынулары, өлім себептері. Атеросклероз бен ЖИА байланысы.
|
3. | Жүректің компенсациялық және декомпенсациялық ақауларының түрлері мен морфологиялық сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі, патологиялық-морфологиялық көріністері, нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Тамырлардың жедел жетіспеушілігі синдромы. Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 9 | |
Тыныс алу жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Жедел бронхит. Жедел пневмониялар: бронхопневмония, крупозды, аралық. |
2. | Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары. Қоздырғышына байланысты пневмониялардың ерекшеліктері (вирусты, пневмококкты, стафилококкты, стрептококкты, пневмоцистті, саңырауқұлақты). Балалардағы ерекшеліктері. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. |
3. | Өкпенің деструкциялық аурулары. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 9 | |
Асқорыту жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Жедел мен созылмалы эзофагитттердің, гастриттердің патологиялық-морфологиялық сиппатамасы. Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері.
|
2. | Аш және тоқ ішектің ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы. |
3. | Бауыр мен ұйқы безінің ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы. |
Жалпы сағат саны: 9 | |
Несеп-жыныстық жүйе | |
2-кезең | |
1. | Гломерулонефриттің морфологиялық түрлері. Пиелонефрит.
|
2. | Бүйректердің жедел мен созылмалы жетіспеушілігінің морфологиялық сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері. |
3. | Жыныс жүйесінің дисгормональді аурулары: жатырдың шырышты қабатының безді гиперплазиясының морфологиялық сипаттамасы. |
Жалпы сағат саны: 9 | |
Жүйке жүйесі | |
2-кезең | |
1. | Цереброваскулярлы аурулар. Түсінігі, атеросклероз бен гипертониялық аурумен байланысы. Церебральді атеросклероз. |
2. | Энцефалиттер. Менингиттер. Патанатомиясы, нәтижелері, өлім себептері.
|
Жалпы сағат саны: 6 | |
Эндокринді жүйе | |
2-кезең | |
1. | Ішкі секреция бездерінің аурулкарыныцң патологиялық анатомиясы. Қалқанша без ауруларының морфологиялық өзгерістері. Қант диабеті.
|
Жалпы сағат саны: 3 | |
Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары | |
2-кезең | |
1. | Буындардың қабынулық және дистрофиялық ауруларының патологиялық-морфологиялық сиппатамасы. |
Жалпы сағат саны: 3 | |
Қан түзуші жүйе | |
2-кезең | |
1. | Жедел мен созылмалы анемия кезіндегі макро- мен микроскопиялық өзгерістер. |
2. | Жедел мен созылмалы лейкоздардың патологиялық анатомиясы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Лимфоидты тіннің ісіктерінің патоморфологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 6 |
7.1.3. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СӨЖ)
№ | Тақырыбы |
Жүрек-қантамырлар жүйесі | |
1. | Эндокардиттер, миокардиттер, перикардиттер. Патологиялық анатомиясы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. |
2. | Коронарлы жетіспеушілік синдромы. Патанатомиясы, нәтижелері. |
3. | Кардиосклероз. Түрлері, себептері мен морфологиялық сипаттамасы. |
Жалпы сағат саны: 6 | |
Тыныс алу жүйесі | |
1. | Өкпенің интерстициялық аурулары. Пневмофиброз. Патанатомиясы, нәтижелері. |
2. | Өкпе эмфиземасы. Патоморфологиясы, нәтижелері, асқынулары. |
3. | Плеврит. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері.
|
Жалпы сағат саны: 6 | |
Асқорыту жүйесі | |
1. | Баррет өңешінің патоморфологиялық сипаттамасы.
|
2. | Жалпы сағат саны: 6 |
Несеп-жыныстық жүйе | |
1. | Нефротикалық синдром. Люпоидты нефроз, мембраналық нефропатия. Фокальді сегментарлы гломерулярлы гиалиноз. |
2. | Бүйрек амилоидозы. Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері, асқынулары.
|
3. | Бүйрек тас ауруы. Нәтижелері, асқынулары, өлім себептері. Балалардағы ерекшеліктері. |
Жалпы сағат саны: 6 | |
Эндокринді жүйе | |
1. | Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы. |
Жалпы сағат саны: 2 | |
Жүйке жүйесі | |
1. | Неврогенді комалардың патанатомиясы. |
Жалпы сағат саны: 5 | |
Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары | |
1. | Рахиттің патоморфологиясы |
Жалпы сағат саны: 1 | |
Қан түзуші жүйе | |
1. | Тромбопениялар мен тромбоцитопатиялар. ҚШҰ-синдромының патоморфологиясы. |
Жалпы сағат саны: 4 |
1-8 қосымшалар: барлық пәндер бойынша модульдардың интеграцияланған типтік жоспарлары
1 қосымша
Модульдар бойынша сабақтардың тақырыптық интеграцияланған жоспары
- «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі
- 1 кезең
7.1.1 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша дәрістердің тақырыптық интеграцияланған жоспары
№ | Анатомия – 2 | Гистология – 2 | Физиология – 2 | Ішкі аурулар пропедевтикасы |
1. | Жүректің топографиялық анатомиясы және оның кеудеге проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүрек гистологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүрек-қантамырлар жүйесін зер-ттеу әдістері: жүрек аймағын қарау және пальпация жасау. Жү-рек ұшы түрткісі, қалыпты жағ-дайда оның қасиеттері. Жүректің перкуссиясы. Қалыпты жүрек шекаралары. Балалардағы ерекшеліктері. |
2. | Кеуде қуысындағы ірі қан тамырлары: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналар. Балалардағы ерекшеліктері. | Эластикалық және эластикалық-бұлшықетті және бұлшықеттік типтік артериялардың гистологиялық құрылысы. Балалардағы ерекшеліктері. | Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеу әдістері: ірі және шеткі қан тамырлар аймағын қарау және пальпация жасау. Артерия-лық пульсті анықтау, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері. |
3. | Үлкен және кіші қанайналым шеңберлер тамырлары. Жүректің нервтенуі. Балалардағы ерекшеліктері. | Микроциркуляциялық арна. Веналар: бұлшықетті және талшықты типті веналар қабыр-ғаларының құрылысы мен тіндік құрамы. Қақпақша аппараты веналарының ерекшеліктері. Жас шамалық ерекшеліктері. | Жүрек және қан тамырлар қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері.
| Жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеу әдістері: жүректің аускультациясы. Жүрек соғуы дыбыстары сипаттамасы, қалып-ты жағдайда олардың пайда болу механизмі. Балалардағы ерекшеліктері. |
Барлығы: 3 сағат | Барлығы: 3 сағат | Барлығы: 3 сағат | Барлығы: 3 сағат |
7.1.2 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша тәжірибелік сабақтардың тақырыптық интеграцияланған жоспары
№ | Анатомия – 2 | Гистология – 2 | Физиология – 2 | Ішкі аурулар пропедевтикасы |
1. | Жүрек. Жүрекше және қарынша-лардың құрылысы. Эндокард, миокард, эпикард. Жартыайтә-різді және жармақты жүрек қақ-пақшалары. Бүртікті бұлшықет-тер. Жүрек артериялары мен веналары. Перикард. | Жүректің гисто- және органогенезінің негізгі кезеңдері. Жүрек қабықшалары және олардың тіндік құрамы. Жүректің жиырылу жүйесінің морфофункциялық ерекшеліктері. | Жүрек циклі және оның фазалық құрылымы. Жүрек соғу дыбыстары пайда болу механизмдері. Электрокардиография. Балалардағы ерекшеліктері.
| Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі. Жүрек алды аймағы, ірі және шеткі тамырлардың пальпациясы. Артериялық пульсті тексеру. Балалардағы ерекшеліктері. |
2. | Кеуде қуысының ірі қан тамырлары: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналары. | Артериялық тамырлардың даму көзі. Артерия қабықшаларының тіндік құрамы. Қан тамырлары-ның ағзаға телімділігі және жас шамалық өзгерістері. | Гемодинамика. Тамырлар арнасы әртүрлі бөліктерінің функцио-нальдық сипаттамасы. Гемоди-намиканың параметрлері: АҚ, пульс және т.б. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүрекке перкуссия жасау әдістері мен техникасы. Жүректің қалыпты шекаралары. Балалардағы ерекшеліктері. |
3. | Қолқа, оның дамуы, топография-сы. Бөлімдері: қолқа буылтығы, қолқаның жоғарлаған бөлігі, қол-қа доғасы, қолқаның төмеңдеген бөлігі. Жүректің тәждік артерия-лары. Қолқа доғасы тармақтары. | Веналардың даму көзі, жіктелуі. Микроциркуляциялық арна тамырлары. Капиллярлар қабырғасының құрылысы және жіктелуі. | Жүректің қызметі мен қан тамырлар тонусының нервтік және гуморальді реттелуі. Балалардағы ерекшеліктері.
| Жүрек және тамырлар аускультация жүргізу әдістері мен техникасы. Балалардағы ерекшеліктері. |
Барлығы: 9 сағат | Барлығы: 9 сағат | Барлығы: 9 сағат | Барлығы: 9 сағат |
7.1.3 Жүрек-қантамырлар жүйесі модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары
№ | Анатомия – 2 | Гистология – 2 | Физиология – 2 | Ішкі аурулар пропедевтикасы |
1 | Жас шамалық жүрек және қан тамырлар ерекшеліктері. | Презентациялар дайындау: бала жасындағы ЭКГ ерекшеліктері; жүрек тондары пайда болу механизмі. | Жүрекке перкуссия және аускультация жасау әдістерінің тарихы (презентация). | |
2 | Жүректің өткізгіштік жүйесінің түйіндері мен будалары. | Жүректің өткізгіштік жүйесінің морфофункциялық ерекшеліктері. | Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. | |
3 | Дене беткейінде ірі тамырлар проекциясын, тамырларды тындау және басып көру орындарын анықтау. | Жүрек, артериялар және веналар қабырғалары құрылысының адам жасына қарай ерекшеліктері. | Шеткері қан айналымының физиологиясы. Микроциркуляциясы.
| |
Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 3 сағат |
7.2 Екінші кезең
7.2.1 Жүрек-қантамырлар жүйесі модулі бойынша дәрістердің тақырыптық интеграцияланған жоспары
№ | Патологиялық анатомия-2 | Патологиялық физиология-2 | Визуальді диагностика | Ішкі аурулар пропедевтикасы | Фармакология-2 |
1 | Жүрек-қантамырлар жүйе-сінде патологиясы бар нау-қастардан шағым жинау және оларды қарау. Пато-логияда жүрекке пальпация және перкуссия жасаудың диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. | ||||
2 | Жүрек-қан тамырлар жүйесіне визуальді диагностика жасау әдістері, балалардағы ерекшеліктері. | Жүректің аускультациясы: патологияда жүрек тонда-ры. Жүрек шулары, диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. | |||
3 | Ревматизм, жүректің жү-ре пайда болған мит-ральді және қолқа ақау-ларының морфология-лық сипаттамасы. Бала-лардағы ерекшеліктер. | Жүректің митральды және қолқа ақауларының визуальді диагностика әдістері. Визуальді суреттің балараға тән ерекшеліктері. | Жүрек қақпашасы аппара-тының зақымдану синдро-мы. Себептері. Гемодина-микасы. Симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері. | ЖТЖ патологиясы кезінде тағайындала-тын дәрілік препарат-тардың жіктелуі және сипаттамасы. | |
4 | Атеросклероз бен ЖИА клиникалық-морфологи-ялық түрлері. ЖСЖ патоморфологиялық көріністері. | Атеросклероз. Коронар-лық жеткіліксіздіктің түрлері, себептері, миокардтың зақымдану механизмдері. | Коронарлық жетіспеушілік синдромы, артериялық гипертензия және ЖСЖ визуальді диагностикасы. | Коронарлық жіті жетіспеушілік синдромы. Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. | Антиангиналық препа-раттар. Әсер ету меха-низмі, тағайындау көр-сеткіштері, қарсы көр-сеткіштері және кері әсері. |
5 | Артериялық гипертензия. Клиникалық-морфоло-гиялық түрлері. Артерия-лық гипертензия кезін-дегі ағзалар зақымда-нуының патоморфоло-гиясы. Балалардағы ерекшеліктері. | Артериалық гипертен-зияның патофизиология-сы. Біріншілікті артериа-лық гипертензия: оның пайда болуына жүйкелік реттелудің бұзылуының және басқа факторлардың ролі. Балалардағы ерекшеліктері. | Эссенциалық артериалық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері. | Антигипертензивті препараттар, 4 тобы-ның негізгі сипаттама-сы (АПФ ингибитор-лары, тиазидті диуре-тиктер, кальций канал-дарының блокаторла-ры, b-блокаторлар). | |
6 | Қанайналымы жеткіліксіздігі: оның түрлері және жалпы сипаттамасы. | Жүректің жіті солқарын-шалы және созылмалы то-тальды жетіспеушілік син-дромы. Қан тамырлардың жіті жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок). Себеп-тері, симптомдары. Диаг-ностиканың негізгі әдістері. | |||
Барлығы: 3 сағат | Барлығы: 3 сағат | Барлығы: 3 сағат | Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 3 сағат |
7.2.2 Жүрек-қантамырлар жүйесі модулі бойынша тәжірибелік сабақтардың тақырыптық интеграцияланған жоспары
№ | Патологиялық анатомия-2 | Патологиялық физиология-2 | Визуальді диагностика | Ішкі аурулар пропедевтикасы | Фармакология-2 |
1 | Жүрек-қан тамырлар жүйесінің патологиясы бар науқастардан шағым жинау және оларды қарау. Патологияда жүректің пальпациясы мен перкуссиясының диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. | ||||
2 | Жүрек-қан тамырлар жүйесінің визуальді диагностикасы, зерттеу әдістері, балалардағы ерекшеліктері. Жүрек және ірі тамырлар ауруларының рентгенсемиотикасы. | Жүректің аускультациясы: патологияда жүректің тоны. Жүрек шулары, диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. | |||
3 | Ревматизм, жүректің жүре пайда болған митральді және қолқа ақауларының макроскопиялық сипаттамасы. Асқынулары, нәтижелері. Балалардағы ерекшеліктер.
| Жүректің қақпақша аппаратының зақымда-нуы: себептері және даму механизмдері. Балалардағы ерекше-ліктері. Атеросклероз: этиологиялық фактор-лары, патогенезі. Коронарлық жеткілік-сіздіктің патофизиологиясы. | Жүре пайда болған жүректің митральді және қолқа ақауларының визуальді диагностикасы (рентгенография, эхокардиография, КТ, МРТ және т.б.). Балалардағы жүрек ақаулар визуализациясының ерекшеліктері. | Жүректің қақпақша аппа-раты зақымдану синдро-мы: митральді қақпаның жетіспеушілігі мен сте-нозы, қолқа қақпақшасы-ның жетіспеушілігі мен стенозы. Себептері. Гемодинамикасы. Симп-томдары. Диагностика әдістері. Балалардағы ерекшеліктері. | |
4 | Атеросклероздың клиника-лық-морфологиялық түр-лері, морфогенез кезеңдері мен патологиялық анато-миясы. Асқынулары, нәти-желері. Өлім себептері. Жүректің жіті және созылмалы ишемиялық ауруының макро- және микроскопиялық белгілері, даму себептері. Асқынула-ры, нәтижелері. Өлім себе-птері. Атеросклероз бен ЖИА өзара байланысы. | Коронарлық жетіспеуші-лік синдромы, артерия-лық гипертензия, жүрек-тің және тамырлардың жіті және созылмалы жетіспеушілігінің визу-альді диагностикасы. Артериалық гипертензия, жүрек-тамырлардың жедел және созылмалы жетіспеушілік диагнос-тикасында жүректің УЗИ, КТ, МРТ маңызы. | Коронарлық жетіспеушілік синдромы (стенокардия, миокардтың инфаркті). Себептері, симптомдары. Негізгі диагностика әдістері. | Антиангинальді дәрілер. Әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Оларды балаларға тағайындау ерекшеліктері.
| |
5 | Артериялық гипертензия кезіндегі висцеральді патология. Жүрек гипертро-фиясы, артериолосклероз-дық нефросклероз. Артериялық гипертензия кезіндегі тамыр қабырға-сындағы өзгерістер. | Біріншілікті артериа-лық гипертензияның себептері мен даму жолдары.
| Эссенциалық артериалық гипертензия синдромы. Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. Балалардағы ерекшеліктері. | Антигипертензивті препараттар, негізгі 4 тобының сипаттамасы (АПФ ингибиторлары, тиазидті диуретиктер, кальций каналдарының блокаторлары, b-блокаторлары). | |
6 | Жүрек қызметінің декомпенсациясының морфологиялық белгілері. Балалардағы ерекшеліктер. Асқынулары, нәтижелері. Өлім себептері.
| Жүректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілік синдромы (солқарыншалық және оңқарыншалық). Тамырлардың жіті жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок). Себептері, симптомдары. Диагностиканың негізгі әдістері. | Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде тағайындалатын дәрілер. 1. ілмектік диуретиктер; 2. заманауи метаболик-тер: триметазидин дихлоргидрат (предуктал), 3-(2,2,2-триметилгидра-зиний) пропионат дигидраты (милдронат), фосфокреатин (неотон) және т.д. 3.калий және магний препараттары | |
Барлығы: 9 сағат | Барлығы: 9 сағат | Барлығы: 9 сағат | Барлығы: 18 сағат | Барлығы: 9 сағат |
7.2.3 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары
№ | Патологиялық анатомия-2 | Патологиялық физиология-2 | Визуальді диагностика | Ішкі аурулар пропедевтикасы | Фармакология-2 |
1 | Жүрек гипертрофиясы-ның компенсация мен декомпенсация сатыла-рының патологиялық анатомиясы. | Жүрек қарыншалары мен жүрекшелері гипертрофиясының визуальді диагностика әдістері. | Жүрек қарыншалары мен жүрекшелері гипертрофиясының диагностика әдістері. | Жүрек-қан тамырлар жүйесі патологиясы бойынша дәлелді меди-цинаға сүйене отырып фитопрепараттарды тағайындау. | |
2 | Аяқ астынан жүрегінің тоқтап қалуы салдарынан болған өлім – жүректің жіті ишемиялық ауруының бір түрі ретінде. Морфологиялық сипаттамасы. | Коронарлық жетіспеуші-лік диагностикасында жүректік коронарогра-фия, аортография, вентрикулография, компью-терлік томографияның маңызы. | Аяқ астынан болатын өлім: клиникасы себебі, диагностикасы, жедел жәрдем беру алгоритмі | Аяқ астынан болатын өлімнің алдын алу үшін тағайындала-тын дәрілік препараттар: заманауи гиполипидемиялық дәрілер, антикоагулянт-тар және т.б. | |
3 | Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. | Жүрек-қан тамырлар жүйесі патологиясы бойынша сканограмма, рентгенограмма, сонограмма альбомін жасау. | Жүрек ырғағы бұзылуы-ның клиникалық-электрокардиографиялық диагностикасы. | Негізгі антиаритмиялық препараттардың жікте-луі: әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіші және қарсы көрсеткіші, кері әсері. | |
4 | Гипертониялық криздің патоморфологиялық көріністері. Асқынулары, нәтижелері. Өлім себептері. | Гипертониялық криздің диагностикасы мен жедел жәрдем көрсету алгоритмі. | |||
5 | Кардиогенді шок: себептері, механизмдері, патофизиологиялық сатылары. | Жіті солқарыншалық же-тіспеушіліктің диагнос-тикасы және жедел жәр-дем көрсету алгоритмі | |||
Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 6 сағат | Барлығы: 15 сағат | Барлығы: 6 сағат |
2 қосымша
«Тыныс алу жүйесі» модулі
дәрістердің тақырыптық интеграцияланған жоспары
тәжірибелік сабақтардың тақырыптық интеграцияланған жоспары
студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары