Қабыну Дәрістік кешен

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Патологиялық физиология бойынша  PF– 1 2211

Мамандығы  051301 «Жалпы медицина»

Тақырыбы: Қабыну -2.

Сағат саны: 1 с

Курс – 2

Семестр  – 4

1.Тақырыбы: Қабыну 2

2.Мақсаты: Студенттерде қабынудың экссудация және пролиферация сатылары, қабынудың жергілікті және жалпы көріністері, организм үшін маңызы туралы қазіргі заманға сай көзқарасты қалыптастыру.

3.Дәріс тезистері:

  • Қабынудың 2 сатысы – экссудация – қабыну ошағына  құрамына ақуыздар кіретін қанның сұйық бөлігінің және формалық элементтердің шығуы. Экссудация патогенезі: тамырлар өткізгіштігінің артуы, капиллярлар мен венуларда гидростатикалық қысымның артуы, қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның өсуі. Қабыну ошағына өткен сұйықтық экссудат деп аталады.
  • Экссудаттың түрлері: серозды, фибринозды, геморрагиялық, іріңді, шірікті, аралас.
  • Экссудацияның маңызы: оң – а) бактериялық уыттарды сұйылту; б) уыттар мен микробтарды қан ағысымен келген антиденелер және ферменттермен ыдырату; в) процестің шектелуі; теріс – а) ағза функциясының бұзылуы; б) микроциркуляцияның бұзылуы; в) ишемия салдарынан тіндердің бүлінуі.
  • Осы сатыда лейкоциттердің эмиграциясы байқалады – лейкоциттердің қабыну ошағына өтуі. Лейкоциттердің эмиграциясы сатылары: 1 –тамырлардың ішкі кемерлерінде  лейкоциттердің кемерленуі және роллинг. 2 –  лейкоциттердің тамыр кемері арқылы өтуі. 3 – лейкоциттердің қабыну ошағында жылжуы.
  • Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі функциясы – фагоцитоз, яғни микроорганизмдерді жұту және ыдырату. Фагоцитоз сатылары: 1) жақындау; 2) жабысу; 3) жұту – фаголизосоманың қалыптасуы; 4) қорыту. Лейкоциттердің бактерицидтік жүйесі: 1) оттегілік жарылыс – оттегінің белсенді түрлерінің түзілуі; 2) лейкоциттер түйіршіктерінің құрамындағы бактерицидтік заттар –  дефенсиндер, лизоцим, лактоферрин: 3) сутегі иондары, азот оксиді.
  • Фагоцитоздың жеткіліксіздігі: тұқым қуалайтын (лейкоциттер адгезиясының ақаулары, хемотаксис ақаулары, фагоциттердің бактерицидтік жүйесінің ақаулары), жүре пайда болған.
  • Патогенездегі 3 сатысы – пролиферация, яғни мононуклеарлы фагоциттер жүйесінің жасушалық элементтерінің өсіп-өнуі. Мононуклеарлы фагоциттер жүйесінің маңызы зор. Пролиферация реттелуі : а) пролиферацияны ынталандырушылар: өсудің эпидермалды факторы, өсудің эндотелиалды факторы, трансформацияланған өсу факторы –β, фибробласттардың өсу факторы, цитокиндер (интерлейкин-1); б) пролиферацияны тежеушілер: өсудің тежеушілері BRCA-1 (breast cancer),  трансформацияланған өсу факторы –β (жоғары концентрацияда), ісікті жоятын фактор,  интерферон-γ, адгезиялық молекулалар: кадгериндер және интегриндер.
«Астана медицина  университеті» АҚ

 

 

Үлгі  № ДК -07.2.7

 

Шығарылған күні:

В.Г.Корпачев атындағы  патологиялық

физиология кафедрасы

 

Тексеріс күні:

 

Тексеріс #:

 

2          3 бет 4

  • Жедел қабынудың жергілікті белгілері және олардың патогенезі : Қызару (rubor)– аретриялық гиперемияның дамуы. Ісіну (tumor) – экссудация және қабынулық инфильрат. Қызу (color) – жылы артериялық қан келуінің ұлғаюы және зат алмасуының қарқындылығының күшеюі. Ауырсыну (dolor) – брадикининмен, сутегі мен калий иондарымен жүйкелік талшықтарды тітіркендіру, экссудатпен механикалық қысу. Қызметтердің бұзылыстары (function laesa) – ісіну, ауырсыну, жасушалар  зақымдалуы.
  • Жедел қабынудың жалпы белгілері және олардың патогенезі (жедел фаза жауабы): макрофагтар, лимфоциттер, эндотелий жасушалары → цитокиндердің түзілуі – ИЛ-1, ИЛ6, ӨНЫ → қызбба, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, бұлшық еттердегі (миалгиялар), буындардағы  (артралгиялар) ауырсыну, бауырда жедел фаза жауабы ақуыздарының түзілуі  (С-реактивті ақуыз, сарысулық А амилоиды, фибриноген, церулоплазмин, гаптоглобин, антитрипсин), солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, иммундық жүйе жасушаларының белсенуі.
  • Қабынуды емдеу негіздері: 1) Этиотропты терапия – себептік  ықпалға әсер ету – бактеристатикалық және  бактерицидтік  препараттар (антибиотиктер), зақымдалған тіндерді кесу. 2) Патогенездік терапия: қабынуға қарсы препараттар (стероидты және стероидты емес); мембрананы тұрақтандыратын препараттар,  (стероидты гормондар және   антиоксидантар) → медиаторлардың бөлінуінің азаюы → екіншілікті альтерацияның және тамырлық реакциялардың әлсіреуі;  медиаторларға қарсы препараттар; тамырлар кемерлерінің өткізгіштігін төмендететін препараттар; пролиферацияны ынталандырушылар; Физиотерапиялық және қыздыратын шаралар (микроқанайналымның жақсаруы); организм төзімділігін жоғарылататын препараттар (дәрумендермен емдеу, адаптогендер). 3). Симптоматикалық ем: қызуды басатын  препараттарды қолдану, ауырсынуға қарсы дәрі-дәрмектер, уытсыздандыратын ем.

4.Иллюстрациялы материал: презентация (Power Point).

«Астана медицина  университеті» АҚ

 

 

Үлгі  № ДК -07.2.7

 

Шығарылған күні:

В.Г.Корпачев атындағы  патологиялық

физиология кафедрасы

 

Тексеріс күні:

 

Тексеріс #:

 

4 бет 4

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Экссудация дегеніміз не ?
  2. Қабыну ошағына өткен лейкоциттердің тағдыры қалай ?
  3. Қабынудың биологиялық мәні қандай ?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!