Су алмасуының бұзылыстары Дәрістік кешен

 ДӘРІСТІК КЕШЕН

Патологиялық физиология бойынша  PF– 1 2211

Мамандығы  051301 «Жалпы медицина»

Тақырыбы: Су алмасуының бұзылыстары.

Сағат саны: 1 с

Курс – 2

Семестр  – 4

1.Тақырыбы: Су алмасуының бұзылыстары

2.Мақсаты: Студенттерді организмнің су балансының бұзылыстарының біртектес түрімен таныстыру. 

3.Дәрістердің тезистері:

  • Дисгидриялар түрлері: 1. Оң су балансы: гипергидратация; ісінулер. 2. Теріс су балансы (гипогидратация). Әр түрі бөлінеді : 1) экстрацеллюлярлық; 2) интерацеллюлярлық; 3) тотальді (жалпы). Осмостық концентрациясына байланысты  гипер- және гипогидратациялар бөлінеді: 1) изоосмолярлық; 2) гипоосмолярляқ; 3) гиперосмолярлық.
  • Изоосмолярлық гипергидратация

Көп мөлшерде физиологиялық ерітіндіні немесе  рингерлік ерітіндіні тәжірибе жүзінде немесе науқастарға операциядан кейінгі кезеңде құйғанда байқалады. Изоосмолярлық гипергидратация жасуша іші- және сыртылық секторлар арасында сұйықтықтың қайта өзгеруіне әкелмейді, өйткені олардың осомостық қасиеттері өзгермеген.

  • Гипоосмолярляқ гипергидратация (сумен улану)

Электролиттерді кідіртусіз судың артығымен жиналуында байқалады:  гипоосмостық ерітіндіге қарсы перитонеальді диализкезінде, яғни судың жиналуы бүйрек арқылы судың бөлінуінен басым болғанда. Бұндай жағдай АДГ артығымен өндірілгенде немесе олигоанурия кезінде байқалады; көп мөлшерде жасушалармен тез пайдаланатын глюкозаның изотониялық ерітіндісін веналар арқылы құйғанда; сұйықтықтарды артығымен қолданғанда, ұзақ уақытты тұзсыз диета, зат алмасуында катаболизмдік үрдістер басым болуымен сипатталатын дерттік үрдістер (ашығу, туберкулез, гипофизарлық кахексия), бұл кезде эндогенді судың көп түзілуі байқалады. Судың артықшылығы,әдетте, жасушасыртылық секторда жиналады, ал оның гипотониялық сипаты сұйықтықтың жасуша ішіне өтуіне әкеледі, яғни  жасушаішілік гипергидратация дамуына. Сумен улану кезінде алдымен жасушасыртылық сұйықтықтың концентрациясы төмендейді, өйткені ол сумен сұйылтылады. «Интерстиций» мен  жасушалар арасындағы осмостық градиент жасушааралық судың жасушаларға қарай өтуіне, яғни олардың домбығуына әкеледі. Жасушалық судың көлемі 15% дейін көтерілуі мүмкін. Осылайша, барлық секторлардың сулануы байқалады; бұл дамитын клиникалық көріністерді айқындайды: салмағының жоғарылауын, ісінулер дамуын, шаршағыштық сезімімен көрінетін жалпы жағдайының нашарлауын, жеңілдік сезімді әкелмейтін құсудың пайда болуын. Кейін ес күңгірт болады, сіреспелер мен кома дамуы мүмкін.

  • Гиперосмолярлық гипергидратация
  • Гипертониялық ерітінділерді қолдану сұйықтықтың бүйрекпен тез шығарылуы мүмкіншілігінен басым болғанда дамиды, мысалы, теңіз суын ішуге мәжбүр

болғанда. Бұл кезде судың жасушалардан жасушасыртылық кеңістікке өтуі байқалады, бұл шөлдеу сезімімен көрінеді. Гиперосмостық гипергидратация электролиттер басым болуымен көрінетін оң су және электролиттік баланспен сипатталады. Осы бұзылыстардың себебі: гипертониялық тұзды  ерітінділерді артығымен қолдану (теңіз суын ішу, бүйрек қызметі шектеулі жағдайында электролиттерді енгізу); тұздардың шығарылуы қиындауымен қабаттасатын  бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;  бүйрек үсті бездері кезіндегі гиперальдостеронизм. Жасушасыртылық сектордың гипертониялық болуынан жасушалардың сусыздануы байқалады. Осылайша, клиникалық көріністер жасушасыртылық гипергидратациямен сипатталады – ісінулер, веналық қысымның және айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы, нәтижесінде қанайналым бұзылыстары, жасушаішілік сусыздану белгілері дамиды – айқын шөлдей сезімі, қозу, мазасыз болу немесе, кейінірек, кома дамығанда, тежелу.

  • Изоосмолярлық дегидратация

Су мен электролиттерді бірдей жоғалтқанда дамиды, сусыздану секторлардың изотониялық жағдайы сақталғанда байқалады. Себептері- организмнің изотониялық сұйықтықтарын- қан, плазма, тіндік сұйықтықты -жарақаттануда, күйіктерде, асқазан-ішек жолындағы фистулаларында  бездер сөлдерін жоғалту. Патогенез бен  клиникалық көріністері тамырішілік сектордың көлемі азаюымен көрінеді және қанайналым бұзылыстарына әкеледі: тахикардияға, артериялық қысым төмендеуіне, кейде гиповолемиялық шок дамығанға дейін.

  • Гипоосмолярляқ дегидратация

Құрамында электролиттер басым болған  сұйықтықты организм көп жоғалтқанда дамиды, ал жоғалған көлем тұзсыз судың аз көлемімен толықтырылғанда. Бұндай жағдай қайта құсуларда, іш өту кезінде, қатты терлегенде, полиурияда (қантты емес және қантты диабет), егер судың

(гипотониялық ерітінділердің) жоғалуы тұзсыз суды ішуімен толықтырылса. Гипоосмостық жасушасыртылық кеңістіктен  сұйықтықтың біраз бөлігі жасушаларға өтеді, бұл  жасушаішілік ісінуге әкеледі. Шөлдеу сезімі бұл кезде байқалмайды. Гипоосмостық дегидратация кезінде электролиттер тапшылығымен (көбіне натрий хлоридінің) көрінетін сусыздану байқалады, бұл секторлардың гипотониялық жағдайына әкеледі. Су алмасуы бұзылыстарының осы түрі жасушасыртылық сектордың гипогидратациясымен, ал жасушаішілік сектордың гипергидратациясымен көрінеді.  Клиникалық көріністерінде сусызданудың белгілері байқалады: тіндердің серпімділігі төмендейді, гиповолемиядан қан айналым бұзылыстары дамиды – артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, веналардың жеткіліксіз толуы. Осы көріністер жасушалардың сулануымен қабаттасады: шөлдеу сезімінің болмауы,кейде суға деген жиеркеніш сезімі  пайда болғанға дейін, өмірге қызығушылықтыңболмауы, талмалар, сіреспелер. Дамыған жағдайдың ауырлығы қанда және тіндік  сұйықтықтықта натрий коцентрациясы төмендеуіне байланысты. Судың жоғалуы  гематокрит өсуімен көрінеді, бұл қанның тұтқырлығы жоғарылауына және микроқанайналым бұзылыстарына алып келеді. Айналымдағы қан көлемінің азаюы жүректің минөттік көлемі азаюына, яғни экстраренальді бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі. Фильтрация көлемі тез арада азаяды, олигурия дамиды.

  • Гиперосмолярлық дегидратация

Судың тапшылығы тұздар тапшылығынан басым болғанда дамиды, яғни судың нақты немесе салыстырмалы жоғалуы болғанда. Бұл осмостық қысымның алдымен интерстициялық секторда, сосын басқа да секторларда өсуіне әкеледі. Сусызданудың бұл түрінің дамуы 2 топ себептерімен байланысты: 1) организмге су жеткіліксіз түсуінен, немесе қоршаған ортада судың болмауымен, немесе оны ішу мүмкіндігі болмауымен (естің жоғалуы, шөлдеу сезімінің жоқ болуы, жұтудың бұзылыстары);  2) организмнен  гипотониялықной сұйықтықтың жоғалуы (көп терлеу, гипервентиляция, гипо- және изостенурия, қантты емес диабет). Гиперосмостық дегидратацияның бастапқы кезеңінде судың жоғалуы интерстициялық сектордан байқалады, бұл онда гиперосмолярлық жағдайды туғызады. Бұл судың жасушаішілік сектордан судың шығуына әкеліп,  жасушаішілік сусыздануды туғызады. Кейін тамырішілік сектордың да көлемі азаяды. Осыған сәйкес клиникалық көріністер де байқалады – тері мен кілегей қабаттарының құрғақтығы, тіндердің серпімділігі азаяды, жасушаішілік сусызданудың, әсіресе жүйке жасушаларында, көріністері айқын бола бастайды – өмірге қызығушылық болмайды, әлсіздік, адинамия байқалады, кейін олар қозумен, мазасыздықпен, сіреспелермен ауысады, шөлдеу сезімі ауырлай бастайды, температура көтеріледі.

  • Ісіну

Ісіну – тін және қан арасында су алмасу бұзылу салдарынан тінаралық кеңістіктерде , тіндерде сұйықтықтың дерттік түрде жиналуымен сипатталатын біртектес дерттік үрдіс  .

Қуыстарда сұйықтықтың жиналуы шемен деп аталады – асцит , гидроторакс , гидроперикардиум .

  • Ісінулердің жіктелуі .

І. Себебі бойынша : 1. Жүректік ; 2. Бүйректік ; 3. Ашығу салдарынан ;                             4. Қабынулық; 5. Уыттық ; 6. Аллергиялық ; 7. Нейрогендік ; 8.Лимфогендік .

ІІ. Даму жылдамдығы бойынша – жедел және созылмалы .

ІІІ. Орналасу бойынша – жергілікті және жалпы .Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Гипергидратация көріністерін атаңыз.
  2. Қандай жағдайда сумен улану байқалады?
  3. Ісіну дегеніміз не?
  4. Ісінулер дамуының гемодинамикалық ықпалы дегеніміз не?
  5. Қандай ісінулер дамуында онкотикалық ықпалдың әсері маңызды?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!