ДӘРІСТІК КЕШЕН
Патологиялық физиология бойынша PF– 1 2211
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
Тақырыбы: : Қышқыл-негіздік үйлесімділіктің бұзылыстары.
Сағат саны: 1 с
Курс – 2
Семестр: 3-4
1.Тақырыбы: Қышқыл-негіздік үйлесімділіктің бұзылыстары
2.Мақсаты: Студенттерді организмнің қышқыл-негіздік үйлесімділігі бұзылыстарының біртектес түрімен таныстыру.
3.Дәрістің тезистері:
- Қышқыл-негіздік үйлесімділік деп биологиялық орталарда су және гидроксиль иондары концентрациясы арақатынасы айтылады. Қалыпты ҚНҮ мен рН жасуша мембраналарының тұрақтылығы мен фермент қызметтерінде маңызды рөл атқарады. рН-тың кез келген ауытқуы ауыр патологияға, тыныс жеткіліксіздігі, кома, өлімге алып келуі мүмкін.Сондықтан адам ағзасында ҚНҮ бұзылыстарына қарсы механизмдер қалыптасқан.
- Қанда рН тұрақтылығын сақтаушы регуляторлы жүйелер болып қан мен тіннің буферлік жүйесі және ағзаның физиологиялық жүйелері (өкпе,бүйрек,бауыр,асқазан-ішек тракты) табылады. ҚНҮ бұзылыстарының дұрыс диагностикасы мен емдеу ұстанымдары үшін физиологиялық механизмдер жайында дұрыс түсінікке ие болу қажет.
- Буферлік жүйе—бұл негіз немесе қышқыл қосқаннан соң рН өзгерістеріне қарсы тұратын жүйе. Адам ағзасында жасушаішінде және сыртында бірнеше буферлік жүйелер бар. Жасушаішілік негізгі буферлік жүйелер: ақуыз,гемоглобин және фосфат жүйесі. Олар 50% карбондық емес қышқыл мен барлық көмір қышқылының ауыртпалығын компенсациялайды.
- Жасушаішілік негізгі буферлік жүйелердің ішіндегі ең әсерлісі бикарбонат жүйесі.Бұл екі себеппен жүреді:бикарбонат концентрациясы плазмада өте жоғары,бикарбонат жүйесі ашық жүйе.
- Өкпе—ҚНҮ алғашқы қорғаушы тізбек, себебі ол қышқыл шығарылуы механизмін қамтамасыз етеді. Қан плазмасында қалыпты жағдайда СО 2 парциальды қысымы 40мм құрайды.Бұл процестердің нәтижесін келесі этаптардан көрсетуге болады:
1) тыныс алынған оттегі гемоглобин арқылы өкпеден тіндерге беріледі.
2 ) жасуша оттегіні аэробты метаболизм реакциясы үшін қолданады.
Ацидоз деп организмнің сұйық отасында қышқылдардың жиналуына бет алысын немесе сілтілердің жоғалуын айтады. Алкалоз—организмнің сұйық ортасында қышқылдар жиналуының төмендеуі немесе оларда негіздердің жиналуына байланысты кез-келген бұзылыс.
Газдық емес ацидоз.
Газдық емес ацидоздың негізінде ұшпайтын қышқылдық өнімдердің жиналуы жатыр. Газдық емес ацидоздың 3 негізгі түрін жыратады:Метаболизмдік ацидоз. Бұл газдық емес ацидоздың ең көп тараған түрі. Тотықпай қалған өнімдердің жиналуы және артық пайда болуымен зат алмасудың бұзылыстарында жиі дамиды. Мысалдары: а) лактатацидоз, гипоксиялық тіндерде сүт қышқылы өндірілуінің күшеюімен және оның бауырда пайдаланылуының төмендеуіне байланысты. Сүт қышқылды ацидоз жүрек жеткіліксіздігі кезінде, бауырдың жедел некрозында, лейкоз, ісіктерде дамиды; б) кетоацидоз қант диабеті кезінде, алкоголизмде, ашығуда, ацетонның, бета-оксимай қышқылының,ацетосірке қышқылының артық түзілуіне байланысты.
- Сыртқа шығарулық ацидоз. Бүйректерде қышқылдар секрециясы төмендеген кезде дамиды (гломерулонефриттерде,бүйрек жеткіліксіздігінде дамитын бүйректік түрі) немесе организмнен негіздердің артық шығарылуы (гастроэнтеральді түрі, тоқтаусыз іш өтуде дамитын, ішек жыланкөзінде).
- Экзогенді ацидоз. Организмге көп мөлшерде қышқылдық өнімдерді, дәрілік препараттарды енгізгенде дамиды. Мысал: сірке қышқылымен, этиленгликолмен, метил спирті және салицилаттармен улану, құрамында артық катионды амин қышқылдары бар (аргинин, лизин, гистидин) қоректік ерітінділерді парентеральді енгізу.
Газдық ацидоз
Негізінде көмірқышқыл газының жиналуы жатыр,ол гиповентиляция кезінде болады. Қостотықты көміртегінің метаболизмдік өнімінің жылдамдауы жоғары болғандықтан,өкпе желдетілуінің жеткіліксіздігі рСО2. Жоғарлауые-на әкеледі. Тұрақты гиперкапния кезінде бүйректе қышқылдардың экскрециясы күшейе бастайды,бұл гидрокарбонаттың реабсорбция үрдісінің белсенуіне әкеледі.Бірнеше күндер бойы оның плазмадағы концентрациясы жылдамдығына 3 ммоль/л әр10 мм сын.бағ РСО2, көтерілуімен жоғарлай бастайды,осыменен ацидемияны азайта отырып.Бүйректің қызметі арқылы плазмада гидрокарбонаттың мөлшері жоғарлайды.
Жедел респиратролық ацидоз өкпе желдетілуінің кенеттен болған жеткіліксіздігінде дамиды. Бұл жағдайдың себептеріне дәрілік заттарды қабылдау немесе бас миы ауруларының салдарынан болған тыныс орталығының тежелуі,жүйкелік-бұлшықеттік дерт және жүрек-өкпелік жүйенің қызметін тоқтатуы жатады.Созылмалы респираторлық ацидоз өкпе ауруларында кездеседі,мысалы созылмалы эмфизема және бронхитте. Созылмалы гиперкапния біріншілікті альвеолярлы гиповентиляциямен жүреді,науқастағы семіздіктің ақырғы дәрежесіне байланысты (Пиквик синдромы). Гиперкапния сонымен қатар тыныс жолдарының бітелуінде дамиды (бронхоспазм, ісіктер және мұрын қуысындағы,кеңірдек,бронхтағы бөгде заттар).
Газдық алкалоз
Қостотықты көміртегі деңгейінің тез төмендеуі (< 35 мм сын.бағ.) тіндік буферлік жүйелерден сутегі иондарының босауына әкеледі,бұл плазмадағыгидрокарбонат концентрациясының азаюына байланысты алкалемияны ең аз шамаға әкеледі.Жедел алкалоз гликолиз үрдісінің күшеюін тудырады,ал сүт және пирожүзім қышқылдарының күшейген өнімдері сарысуда гидрокарбонат концентрациясының азаюына ықпал етеді және плазмада біруақытта сәйкес аниондардың 1—2 ммол ге дейін көбеюіне әкеледі. Созылмалы гипокапнияда гидрокарбонат концентрациясы төмендей береді,өйткені рСО2 азаюы өзекшелік реабсорбцияны және бұл анионның регенерациясын тежейді. Респираторлық ацидоздағы сияқты,компенсаторлық реакциялар созылмалы түрінде толық көрінеді,жедел алкалозда емес.Плазмадағы гидрокарбонат концентрациясының азаюы шамамен 2 ммоль/л әр 10 мм сын.бағ рСО2 төмендеуін құрайды,ал созылмалы гипокапнияда — 4—5 ммоль/л әр 10 мм сын.бағ рСО2 төмендеуі.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
- ҚНҮ бұзылыстарының көріністерін атаңыз.
- Қандай жағдайда газдық ацидоз байқалады?
- Қандай жағдайда газдық алкалоз байқалады?
- Буферлік жүйелер дегеніміз не?