ДӘРІСТІК КЕШЕН
Патологиялық физиология бойынша PF– 1 2211
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
Тақырыбы: Липидтер алмасуы бұзылыстарының типтік түрлері.
Сағат саны: 1 с
Курс – 2
1.Тақырыбы: Липидтер алмасуы бұзылыстарының типтік түрлері
2.Мақсаты: Студенттерді липид алмасуының бұзылыстары атеросклероздың қауіп ықпалдары мен маңызды патогенездік тетіктері, оның көріністері мен асқынулары, емдеу және алдын алудың ұстанымдары туралы қазіргі заманға сай көзқараспен таныстыру, сол көзқарасты оларда қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері:
- Атеросклероз – артериялар интимасындағы өзгерістердің түрлі үйлесімдері. Көріністері: липидтердің, көмірсулардың күрделі қосындыларының, қан элементтерінің және айналымдағы өнімдердің жиналуы, дәнекер тіннің түзілуі, кальцийдің жиналуы. Бұл мультифакториальді ауру, тұқым қуалаушылықтың полигенді түрімен сипатталады және артериосклероздың атеромалық түрінің бірі болып саналады. Атеросклероз жиі келесі артерияларда байқалады: аортаның құрсақ бөлігі, коронарлық артериялар, ұйқы артериялары, ми, бүйрек артериялары, шажырқай және аяқ артериялары.
- Қауіп ықпалдары. Атеросклерозды шақыратын себептердің және оның дамуына қолайлы жағдайлардың жалпы саны 250 жетеді. Жиі кездесетіндері: 1) тұқым қуалауға бейімділік; 2) жыныс (ерлер жиі ауырады); 3) жас; 4) тұрақтандырылмаған, артығымен тамақтану (тағамда жануарлар липидының басым болуы); 5) стресс; 6) гиподинамия; 7) уыттану (әсіресе шылым тарту); 8) артериялық гипертензия; 9) гормональді бұзылыстар және зат алмасу аурулары (қантты диабет); 10) гиперхолестеринемия, гиперүшглицеридемия. Осы ықпалдардың барлығы дислипипротеинемия дамуына қолайлы және артериялық кемердің липопротеидтерге өткізгіштігін жоғарылатады.
- Патогенез. Липидтік теория сәйкес, атеросклероз дамуы липопротеидтердің артериялық кемермен өзара қатынастарына байланысты. . Атеросклероздың пайда болуына қолайлы; атерогенді ЛП (ТТЛП мен ТӨТЛП) жоғарылауы; антиатерогенді ЛП (ТЖЛП) азаюы. Атеросклероздың дамуында келесі сатыларды ажыратады : 1) инициация; 2) үдеу; 3) атерома мен фиброатероманың қалыптасуы; 4) атеросклероз асқынуларының дамуы.
- Атерогенездің инициация сатысы – бұл саты бейспецификалық және бұл сатыда. 1). Бейспецификалық ықпалдардың әсерінен артериялардағы эндотелиоциттердің зақымдалуы мен белсенуі: 2). Эндотелиоциттердің беткейіне адгезия молекулаларының және тромбоциттердің, олардың субэндотелиальді кеңістікке өтуі; 3). Субэндотелиальді кеңістікке қанның ЛП тасымалдануы, олардың гликозамингликандардың молекулаларымен әрекеттесуі және модификациясы ; 4). Модификацияланған (өзгерген) ЛП қан лейкоциттері үшін хемоаттрактанттар болып саналады және макрофагтардың фагоцитозына ұшырайды. Бөлек көпіршікті жасушалардың (цитоплазмасында көп ЛП болатын макрофагтар көпіршікті болып саналады) пайда болуы байқалады .
- Атерогенездің үдеуі. Бұл саты артерия зақымдануымен, эндотелий дисфункциясымен, липидтік дақтардың пайда болуымен сипатталады. 1). Зақымдалған интима және белсендірілген эндотелиоциттердің аумағына көп санды моноциттердің және тромбоциттердің өтуі. 2). Макрофагтар өзгерген ЛП скевенджер-рецепторлар көмегімен жұтады және олар көпіршікті жасушаларға айналады. 3). Артериялардың ортаңғы қабатынан интиманың зақымдалған аумағына тегіс бұлшық етті жасушалардың миграциясы, пролиферациясы және де олардан ББЗ түзілуі. Осы жағдайда жасушалар фибробласттардың өсу факторын өндіреді және жасушалар аралығанда заттың (коллаген, эластин) бөліктерін түзеді. 4). ЛП интимаға түсуінің, олардың модификациясының, көпіршікті жасушалар ыдырауының үдеуі, дәнекер тін бөліктерінің артуы.
- Атерома мен фиброатероманың қалыптасуы. Бұл саты қандағы моноциттердің артериялар интимасына қарқынды өтуімен, синтездік типі тіркелген тегіс бұлшық етті жасушалардың миграциясымен және пролиферациясымен, дәнекер тін түзілуі үдеуімен сипатталады. Атеромалар мен әсіресе фиброатеромалар артериялар саңылауына шығып тұрады және тромбтар түзілуін ынталандырады.
- Атеросклероз асқынуларының дамуы. Атеромалар мен фиброатеромалардың модификациясының салдары: а) кальций және оның қосындыларының жиналуы → атерокальциноз; б) фиброатерома жамылғысы тұтастығының бұзылуы, оның жаралануы → кемерлік тромб және эмболия дамуы.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
- Қандай липопротеидтерде атерогендік қасиеттер анық?
- Атеросклероз қауіп факторларына нежатады?
- Цтоплазмасында өте көп липидтер болатын макрофагтар қалай аталады?
- Атеросклероздың қандай патогенездік тетік басшы болып, оның клиникалық суреттемесін береді?
- Атеросклерозды алдын алу үшін тағамның қандай түрлерін қолдану керек?