Глоссарий РК 2
1 вариант
- Гипокапния – (гр. hypo- төмен, kapnos – түтін) – қан қүрамында көміртегі қос тотығының төмендеуі.
- Экссудация– құрамында белогі бар қанның сүй-ықтығының тамырлар қабырғалары арқылы қабынған тінге өтуі
- Поллиноз өсімдіктердің тозаңымен шақырылатын созылмалы мерзімдік аллергиялық қабынулық ауру.
- Артериялық гиперемия – артериялық тамырлар арқылы канның келуі өсуінен ағзаның қанмен толуы
- Канцероген – қатерлі өспелердің пайда болуына себепкер фактор немесе заттек.
2 вариант
- Гиперкапния – (гр. hyper- төмен, kapnos – түтін) – қан қүрамында көміртегі қос тотығының жоғарылуы.
- Аллергендер (от лат. allos-өзгеше+gen-туындататын) аллергиялық реакциялар дамуын туындататын заттектер.
- Альтерация– зақымдалудың әсерінен тіндегі коректену, зат алмасу процесстерінің оның құрылымы мен қызметтерінің бұзылуы
- Биопсия – тірі организмнен тінді кесіп алып диагностикалық мақсатта микроскоппен зерттеу
- Қызба – пироген заттардың әсеріне дене температурасының көтерілуімен және термореттеудің өзгеруімен сипатталатын типтік патологиялық процесс.
3 вариант
- Флогоген – қабынуды шақыратын фактор
- Аллергия – (лат. allos- өзгеше +ergon-әсер)- антигендік қасиеті бар заттарға жалпы және жергілікті реакциялармен көрінетін организмнің ерекше жоғарылаған патогендік сезімталдығы.
- Аралас гипоксия – гипоксияның екі және одан да көп түрлерінің қатар жүруі.
- Канцерогенез – қатерлі өспелердің пауда болу және даму процесі.
- Гиперпиретикалық қызба – температураның Цельсий бойынша 41 градустан жоғары көтерілуі
4 вариант
- Гипоксиялық (экзогендік) гипоксия – тыныс алатын ауада парциялды қысымының томендеуінен болатын гипоксияның түрі.
- Транссудат– қабынбаған патологиялық сұйықтық
- Гипосенсибилизация-организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі.
- Веналық гиперемия – веналар арқылы қанның ағып кетуі қиындауынан ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен толуы.
- Бластома – қатерлі өспе
5 вариант
- Карбоксигемоглобин – көміртек тотығының (CO) гемоглобинмен байланысуы.
- Экссудат– қабынулық табиғаты бар патологиялық сұйықтық
- Активті аллергия- организмге енген аллергенге жауап ретінде аллергияның қалыптасуы.
- Ишемия – артериялық қанның келуі баяулауынан немесе тоқтауынан дененің, ағзаның немесе тін бөлігінің қанмен қамтамасыз етуінің азаюы.
- Прогрессия – өсу барысында морфологиялық, биохимиялық, қызметтік және т.б., өспелік атипизмнің үдеуі-күшеюі.
6 вариант
- Гипоксемия (гр. hypo- төмен, лат. Oxygenіum – оттегі, гр. haemo – қан) – қан құрамында оттегі мөлшерінің төмендеуі.
- Пролиферация- жергілікті жасушалық элементтерінің қабыну ошағагдағы көбеюі
- Антигендер(лат. Anty-Қарсы+gen- туындататын)иммунды лимфоциттердің антиденелерді түзуін шақыратын жоғары молекулалық организм үшін бөгде заттектер.
- Сладж – суспензиялық тұрақтылық төмендеуінен қанның формалық элементтерінің агрегация, адгезия, агглютинация процестері.
- Онкоген – нөруызды реттеуші ген, реттелу процесі бұзылғанда қатерлі өспелердің туындауына ықпал етеді.