Жүкті және омыраумен емізуші әйелдерге дұрыс тамақтану принціптері
Жаңа туған нәрестенің денсаулығына, оның дұрыс өсіп жетілуіне оның анасының дұрыс тамақтануы тікелей әсер етеді. Өйткені нәресте нің дұрыс дамуына қажетті заттар, витанминдері ана сүтімен берілетіні бәрімізге белгілі.
Қазіргі кезде жүкті және омыраумен тамақтандыратын әйелдердің рационалды тамақтандыру принциптері негізінде мынандай екі бағытта жұмыстар жүргізілуде:
- Жаңа туған нәрестенің адекватты өсіп , дамуына қажетті негізі тамақтық заттар мен энергиямен қамтамасыз ету мәселелері
- Омыраумен тамақтандыратын әйелдердің оның денсаулығын сақтап , нығайтуға және еңбекеке қабілеттілігін сақтауға және де өзін жақсы сезінуге керек физиологиялық қажеттілікпен қамтамасыз ету мәселелері
Лактация үрдісі – энергия сыйымды, құрамында ақуыз,майлар,көмірсулар,минералды заттар мен дәрумендері бар белгілі бір мөлшердегі сүттің секрециялануы. Аталған маңызды тамақ ингредиенттерін нәресте анасының рационында үнемі толықтырылып отыру қажет.
Омыраумен тамақтандыратын әйелдің тамақтануы тек қана әйел адамның организміне қажетті энергия мен заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай жеткілікті мөлшерде лактацияның жалғасуын және сүттің оптималды құрамында қамтамасыз ету керек.
Тәуліктік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін белгілі бір құрамда және қажетті мөлшерде азық түлік қолданылуы керек:
- Сүт және сүтті тағамдар (айран,йогурт,) күніне 600 мл , сонымен қатар ірімшік – 15 г, сүзбе – 50 г.
- Ет және етті тағамдар, құс еті – 170г күніне, аса майлы емес етті пайдаланған жөн(сиыр еті, индейка, қоян еті, тауық еті)
- Балық және балық тағамдары – күніне 70г (карп,треска,хек,судак)
- Көкөністер – 500г, жеміс-жидектер – 300г, шырын – 150г
- Жарма, нан және ұнды тағамдар
- Қант күніне – 60г, кондитерлік тағам(зефир,мармелад, пастила)
- Майлар: қаймақтан жасалған май – 25г, өсімдік майы – 15г күніне
Өкінішке орай омыраумен тамақтандыратын әйелдерді толығымен табиғи және қажетті мөлшерде тамақтандыру мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар омыраумен тамақтандыратын әйелдерді тамақтандыруға әр түрлі тағамдарды қолданғанның өзінде минералды заттар мен дәрумендердің жеткіліксіздігі анықталуда. Мұның себебі – ауыл шаруашылығында әр түрлі зиянды белсенді заттарды, агрессивті агротехникалық технологияларды пайдаланудың арқасында азық түлік құрамындағы пайдалы минералды заттар мен дәрумендердің азаюы. Мысалы 1914 жылдан 2010 жылға дейін орамжапырақтағы кальций мөлшері 5 есе, магний – 4 есе, темір 3 есе азайған. Апельсиндер мен алмадағы темір мөлшері 6есе, соған сәйкес кальций – 2,3 есе, фосфор – 2 есе азайған.(Бергер П., 2010ж)
Осы жағдайлардың бәрі жүкті және омыраумен тамақтандыратын әйелдерге арналған белгілі бір құрамы бар арнайы өнімдерді өндіріп шығаруға негіз болды. Жүкті әйелдер мен омыраумен тамақтандыратын әйелдерге арнап шығарылған және осы күнде қолданылатын өнімдердің 3 тобы бар:
- Нутритивті әсері бар өнімдер
- Сиыр сүтін көтере алмайтын әйелдерге арнаоған арнайы әсері бар өнімдер
- Лактогенді әсері бар өнімдер
Осылардың ішінде қазіргі кеде ең көп қолданылып жүргені нутритивті әсері бар өнімдер тобы. Бұл топқа жүкті және омыраумен тамақтандыратын әйелдерге арналған елімізде өндірілетін өнімдерге – «Беллакт Мама» и «Беллакт Мама бифидо» жатады. Бұл өнімдердің құрамына жеңіл сіңірілетін ақуыз, оптимальді қарым қатыанастағы омега -3, омега-6 май қышқылдары бар май, нәрестенің миы мен көз торынының дамуына әсер ететін докозагексаенді қышқыл кіреді. 200мл өнімнің құрамына кіретін минералды заттар тәуліктік қажеттіліктің 10-30пайызын құрайды.
«Беллакт Мама бифидо» өнімінің құрамына BifidobacteriumLactis ВВ 12 пробиотигі кіреді. Бұл пробиотикке «сөзсіз қауіпсіз» статусы берілген. Пробиотикке бай «Беллакт Мама бифидо» өнімі жаңа туған нәрестелердің ішектерінің микрофлорасына оң әсер етіп, баланың иммунды жауабын жақсартуға көмектеседі.
Қорытындылай келсек қазіргі таңда табиғи азық түліктердің құрамында омыраумен тамақтаныдаратын әйелдің организміне, жаңа туған нәрестенің дұрыс өсіп жетілуіне қажетті минералды заттар мен дәрумендер өте жеткіліксіз. Сондықтанда құрамында табиғи заттардың орнын басатын қосылыстар бар нутритивті әсер ететін өнімдерді кеңінен қолдану, жаңа туған нәресте үшінде, оны тамақтандыратын анасы үшінде пайдалы деп айтсақ қателеспейміз.