Гиперлипемия (грек. hyper- жоғары, басым + lipos- май+ haima-қан) – қанда майлардың жоғарылауы (қалыпты мөлшері 3,5-8,0 г/л)
Липурия ( грек. lipos- май + uron – несеп, май) – зәрде майдың пайда болуы.
Стаеторея ( грек. stear, statos –май + rhoia – ағу) – нәжісте майдың, май қышқылдарының немесе сабынның көп мөлшерде болуы.
Майлы инфильтрация ( лат. in – ішке + filtration – сүзу ) – май тініне қатысы жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы.
Майлы дистрофия ( грек. dys –бұзылу, trophe – қоректену ) – май жасушаларының протоплазамасының бұзылуымен қабаттасатын, май тініне қатысы жоқ жасушаларда майлардың арты.ымен жиналуы.
Майлы декомпозиция ( грек. decompositio – қайта құрылу ) – нәруыздық-липидтік комплекстердің бұзылуынан жасушаларда майдың жиналуы.
Кетоз – бауырда кетондық денелердің түзілуі (ацетон, ацетосірке және бетагидроскимай қышқылдары), олардың тіндерде тотығуынан басым болуымен сипатталатын аралық май алмасуының бұзылуы.
Семіздік – майлы тіндерде майдың артығымен жиналуы.
Гиперпластикалық семіру – май жасушаларының саныгың көбеюіне байланысты май тіндерінде майдың артығымен жиналуы.
Гипертрофиялық семіру – май жасушаларының көлемінің ұлғаюына байланысты май тіндерінде майдың артығымен жиналуы. Бозбала шақта жиі кездеседі.
Атеросклероз ( грек. athere – ботқа + scleros – қатты ) – артериялардың интимасында липидтердің, көмірсулардың күрделі косындыларының, қан элементтерінің және қанайналымдағы өнімдердің ошақты жиналуымен, дәнекер тіндердің түзілуімен және кальцийдің шоғырлануымен көрінетің көптеген өзгерістердің жиынтығы.
Дислипопротеинемия ( грек. dys – бұзылу + lipos- май + protos – бірінші + haima – қан ) – түрлі липопротеидтердің арасындағы қатынастардың бұзылуы.
Атерогендік липопротеидтер (грек. athere – ботқа + genes – туындау ) – атеросклероз дамуына ықпал ететін липопротеидтер; оларға тығыздығы төмен және тығыздығы өте жоғары липопротеидтер жатады.
Антиатерогендік липопротеидтер – атеросклероз дамуына кедергі келтіретін липопропротеидтер; оларға тығыздығы жоғары липопротеидтер жатады.
Атерогендік коэффициент –
Жалпы холестерин – Холестерин ТЖЛП
К=———————————————————————
Холестерин ТЖЛП
Қалыпты жағдайда 3-ке тең. ОСы коэффициент жоғарылаған сайын жүректің ишемиялық ауруының даму қауіпі өседі.