Психикалық үрдістердің түрлері

1 билет.

Психикалық үрдістердің мына түрлері болады:
• Танымдық
• Эмоцианалды
• Еріктік

2 билет Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы

Таным процестері жеке адамның жан дүниесінде ішкі өміріне байланысты адамның психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады. Танымдық үрдістің түрлері Зейін,Ойлау,Қабылдау ,Түйсік,Сөйлеу,Қиял,Ес.

Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса, соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады, тұлға – бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғысезімді» қасиеті болып табылады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.

3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. Сангвиник– еті тірі, қабілетті, қозғалғыш. Флегматик-өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Холерик.-өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Меланхолик– психикалық процесстер өте баяу жүреді. 

3 билет. Түйсіктің физиологиялық негіздері және түрлері

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды, сезу және білу үрдісінің төмеңгі сатысы. Түрлері:
Экстерорецептор – көру, есту,иісті сезу, сипап сезу және т.б.жатады (сыртқы құбылыстар)
Интерорецептор – дәмтүйсіну, ауруды түйсіну және т.б.( ішкі құбылыстар)
Проприорецептор –бұлшықеттер, діріл, тамыртартылу ( қозғалысты түйсіну)

  1. Сезгіштік – адамның түйсіне алу қабылеті. Ол екіге бөлінеді : абсолюттік жәнеайырма.
    Абсолюттік – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түсіндіре алуы.
    Айырма – сезім мүшелерінің тітіргендіргіштердің арасындағы болмашы
    айырмашылықты түйсіне алуы.
    2. Адаптация – сезім мүшелерінің біртіндеп бейімделуін айтамыз. Сезгіштіктіңартуын және төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмегекіргенде, немесе керісінше.
    3. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Біреуініңәсерінен басқаларының сезгіштігі артады.
    4. Синестезия – тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсіктуғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.
    Қосарланған түйсіктер. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қосатүрлі дәмдер мен түстерді де сезеді.
    5. Бірізді бейнелер – тітіркендіргіш әсерінің тоқталғандығына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды

 

4 билет Қабылдау, түрлері, қызметі.

Қабылдау туралы жалпы ұғым және оның негізгі ерекшеліктері. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі.. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды.Қабылдау — ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нөтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мүны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.Қабылдаудың негізгі түрлері

А) Қабылдаудың тутастыгы

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз бүларды түтас зат форма-сында қабылдаймыз.

Ә) Қабылдаудың магыналылыгы

Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі түжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.

Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде үқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен оларды толық қабылдай алады.

Б) Қабылдаудың таңдамалылыгы

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың тацдамалылыгы делінеді. Мөселен, кітап оқығанда ондағы бірер соз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта “университет” деген соз “унверситет” деп қате жазылса да, біз оны “университет” деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше коңіл болінетіндіктен, мұндай қателер козге түспей қалады. Ал жеке создерге, жеке өріптерге шүқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.

В) Қабылдаудың турақтылыгы (константтылыгы)

Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф баларының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай

Г) Қабылдаудагы иллюзия

Әрқашан да қабылданатын затқа, не қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың “сынған” құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.

Д) Апперцепция

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық түрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмүнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция түрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына . байланысты болып отырады. Мәселен, “түбір” деген сөзді эр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса, шөптің түбірін, математик санның түбүрін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі жағынан багалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше қөзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты.

Қабылдаудың бұзылуы;

  1. Иллюзия
  2. Галлюцинация

III.Психосенсорлы бұзылыстар

Иллюзия- шындығында бар объектті қате қабылдау.Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мүшелерінен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Қараңғыда жарық

күнмен салыстырғанда шатасу,бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. Осыған байланысты иллюзия қандай да сезім мүшесі функциясы әлсіреген адамдар да кездеседі: мысалы саңырауларда есту, көзі нашар көретіндер де көру иллюзиясы. Иллюзияда ақпарат жеткіліксіздігі елестету арқылы толықтырылады.

Галлюцинациялар Объектсіз қабылдау,жалған қабылдау. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде

жоқ дауыстар естіп,адамдарды көреді. Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді. Галлюцинацияны алғаш рет Ж. Эскироль сипаттаған, ол галлюцинатты қандай да бір жоқ затты көретініне, еститініне немесе басқа жолдар мен қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырады.

Психосенсорлы бұзылыстар Сыртқы әлемді және өз денесін қабылдаудың күрделі бұрмаланыстарын

білдіретін бұл ұғымды М.О Гуревич енгізген яғни бұл кезде сезім мүшелерінен тарайтын сезімдер емес олардың синтезі- сенсорлы синтез бұзылады.Дене схемасын қабылдау бұзылысы науқас адамға бүкіл денесі үлкейген сияқты болып көрінеді. 

5 билет

Ес – бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет құбылысы. Оньң арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.Естің түрлері:

1) іс – әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалықес деп бөледі;

2) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қозғалыс ес – бұл әртүрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі.

Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді.

Эмоциялық ес — бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады. Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді.

Бейнелік ес — бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді.

Сөздік — логикалық ес — ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек ғана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.

Қысқа мерзімді ес — материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

Ұзак мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.

Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығыңдағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.

Ес теориясы1-Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теорияболды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциациятуралы ұғым жатады. Ассоциация — жекелеген психикалық үрдістердің арасыңдағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасыңдағы байланысы айтылады.Бұл теория бойынша ес қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.2-XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке Гештальт теория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады.Гештальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт – неміс сөзі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылым деген мағынада қолданылады).Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы – гештальт ұғымы — тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді.

Естің негізгі ерекшеліктері.

Әрбір адамның есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Естің негізгі ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасыңда белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері болып табылады. Адамдар әртүрлі материалды әртүрлі тәсілдермен есте калдырады. Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте қалдырады. Бұлар көрнекілік – бейнелік түрдегі естің өкілдері болып табылады. Екінші бір адамдар ойларды, сөздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т.б. есте жақсы қаддыруға бейім тұрады. Олар сөздік-логикалық түрдегі естің өкілдеріне жатады. Үшінші топтағы адамдар көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды.Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің төмендегі түрлерін бөледі: көру, есту, козғалыс және аралас естер (көру-есту, көру-қозғалыс және есту-қозғалыс). Бір топтағы адамдар көрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады, екінші топтағылар — естігенін ұмытпайды, үшіншілер — қозғалыс түйсіктерінің көмегімен, төртіншілері — аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады.

 

6 билет Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады.

Ойлау тәсілдері: әрбір ойлау қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады.

  1. Талдау (анализ)- дегеніміз ойлау кезендегі бүтінді бөліктерге бөлу, заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерін анықтау.
  2. Жинақтау(синтез)- заттар мен құбылыстардың әртүрлі қасиеттері мен белгілерін біртұтас жасау,біріктіру.

Талдау мен жинақтау қарама –қарсы ойлау тәсілдері болғандықтан, олардыің бір кезде орындалады және бір бірімен тығыз байланысты . Ой кезеңдерінде анализ бен синтезден басқа:

  1. Салыстыру – арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
  2. Жалпылау – ортақ белгілері мен қасиеттерінің арқасында заттар мен құбылыстардың ойлау кезіндегі біріктірілуі. Жалпылау кезінде адам заттардың белгілерінің айырмашылығынан өзәнің назарын аударады. Осындай алаңдатылу абстракция деп атайды. Абстракция мен жалпылау тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылған анализ бен синтез, салыстыру мен жалпылау, абстаркция мен нақтылық оцлаудың негізін құрап, ұғым пайда болады.

Ұғым – адамның санасында заттар мен құбылыстардың жалпы және негізгі сапасы мен қасиеттерінің бейнелеуі. Олар :

  • Нақтылы ұғым – заттар мен құбылыстардың байланысын және қарым-қатынасын ақиқат түрде бейнелейді. МЫсалы: гүлдер,жиһаз, көкөніс т.б.
  • Абстракциялы ұғым- заттар мен құбылыстардың біріккен ұғым құрайтын қасиеттері ғана бейнеленеді. Мысалы: күш,бақыт,сақтық т.б.
  1. Түсіну(суждение)- бір нәрсені мақұлдай не теріске шығару.
  2. Байымдау(заключение)- қорытынды не жаңа түсіну ретінде бірнеше түсініктерден туады.

Ойлаудың түрлері:

  1. Көрнекті – қимылды ойлау дәл жағдайға негізделген. Ойлаудың бұл түрі 2 жастағы балаларға тән. Осы жастағы балалар дәл сол кездегі заттарды қабылдап, солар туралы ойлайды. Жоғары сатыдағы жануарларда білінеді.
  2. Бейнелі ойлау- бұл еске алу арқылы ойлау. Мектеп жасына дейінгі балаларға тән. Осы жастағы балалар қазіргі көріп, қабылдап отырған заттар туралы ғана ойламай, бұрынғы көрген не естіген заттар туралы ойлай алады.
  3. Абстракті логикалық ойлау- көрнекті заттар мен оларды еске түсіру емес, дерексіздік ұғымдар мен түсініктерге негізделген. Білім қоры бар мектеп оқушыларына тән.
  4. Интуиция- ойлай үрдісіне көмектесетін жағдайлар мен себептердің қорытындысы. К.К.Платонов бойынша интуиция – үлкен тәжірибенің арқасында ұсақ, қиын еске алынатын факторлардың санада қорытындылауы,біріктірілуі. Б.М.Тепловтың ойы бойынша интуициияның негізінде мағынасы жағынан терең және сезімтал, жылдам қорытындыға келетін ойлау жатыр. Ойлаудың бұзылуы ауырған адамның сөйлеуінен не жазуынан білінеді.

Ойлаудың бұзылуы:

Үзілгендік (разорванность)- сөйлегендегі логикалық байланыстың болмауы.

Толықтық (обстоятельность)- сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.

Өсиетшілдік (резонерство)- көп сөздің ішіндегі негізгі мәнін түсіну қиындығы.

Патологиялық түсініктер: Жабысқақ ойлар(навязчивые мысли)- ауырған адамның санасын жайлап, ол сын көзімен қарап күресіп тырысқанымен бұл ойдан құтыла алмайтын жағдайға келеді.

Қалыптан тыс құнды ойлар (сверхценные идеи)- негізінде шындығы бар ойлар, бірақта оларға қалыптан тыс мән беру.

Сандырақ ойлар(бредывые идеи)- ақиқатқа қарама-қарсы, қателігіне қарамай ауырған адам бұл ойлардың шындық екеніне сенеді.

Ойлаудың формалары.

Ойдың бастапқы формасы –ұғым. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар :

  • Жалпы. Мысалы: «кітап», «адам», «жұлдыз» т.б.
  • Дара. Мысалы: «Шымкент қаласы», «Ғ.Мұратбаев» т.б.

Ойлаудың күрделі формаларының бірі- ой қорытындылары. Ой қорытындылары- бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі, Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. ой қорытындылары 3 түрден тұрады:

  • Индукция- жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактірлерден қорытындылар жасалады.
  • Дедукция – жалпыдан жекеге қарай ой қорытындысы.
  • Аналогия – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

 

7 билет  Сөйлеу – тіл арқылы басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеудің бірнеше үлкен топқа бөледі: Сыртқы сөйлеу және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу – ауызша және жазбаша сөйлеу. Ауызша сөйлеу- сөйлеудің негізгі түрі. Ол екі түрі ажыратылады: Диалогтық сөйлеу- екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог және монолог создер кобінесе беттің мимикасының озгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозгалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жүртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Ауызша сойлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пасив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын создер. Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы одістер арқылы меңгерілетін сойлеудің түрі. Сойлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр үлттың окілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен оз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сойлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам озінің ойлау өрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сойлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жүмысы деуге болады. Ойткені мүнда оның жүмысы жонді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде сойлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендір-гіштерге орай туып отыратындығы анықталган. Ішкі сөйлеу жонінде И. М. Сеченов былай дейді: “Бес жастағы баланың ойы созбен немесе сыбырлап сойлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мүның озі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бүлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы оте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын” . Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез оз ойлауының мазмүнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге үзақ түжырым жасап жатудың қажеті де болмайды. Сөйлеудің бұзылыстары: Сөйлеудің бұзылуына алып келетін себептерді негізгі екі топқа бөледі: · биологиялық және · әлеуметтік.

Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) жэне туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары, жарақаттар, т.б.) патогендік факторлар жата-ды. Әлеуметтік-психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезек-те психикалық депривациямен байланысты.

Депривация дегеніміз — үзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі өмірлік жэне психикалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нэтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.. Сөйлеу патологиясының механизмдері мен симпто-матикасы клиникалық-педагогикалық түрғыдан зерттеледі. Бүл жерде төмендегідей ауытқушылықтар қарастырылады:

Дислалия- дауыстың бүзылуы.

Ринолалия- грек тілінен аударғанда «мұрын», «тіл» – немесе маңқа сөйлеу аппаратының анатомиялық – физиологиялық ақаулығының бұзылыстары болып табылады.

Дизартрия – сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігінен болатын сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айту кемістігін айтамыз. адамның дауысы біресе қатты біресе ақырын шығуы.

Алалия – сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.

Афазия- дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жарым-жартылай жойылуы. Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан,ісіктен,бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады.

Мутизм- сойлеу аппаратының жұмысы бұзылмаған кездегі науқастың сөйлемеуі. Реактивті неврозда, истерияда, психикалық ауруларда шизофренияда кездеседі.

Дислалия — дыбысты дауыстап айтудың бүзылуы. Дислалиялық дыбыстық бүзылулар артикулярлық аппарат қүрылымының ақауларымен, сондай-ақ сөздік тэрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осыған байланысты дислалия

  1. механикалық
  2. функционалдық.

Механикалық (органикалық) дислалия артикулярлық аппараттың бүзылуына байланысты туындайды. Оған тіс жігінің дұрыс қабыспауы, тіс қатарының аномалиялары, таңдай қүрылысының ақаулары, өте үжен немесе өте кішкентай тіл, тіл жүгенінің қысқалығы жатады. Функционалдық дислалия, көбінесе бала сөйлеуін дұрыс қада-ғаламаған, тэрбиелемеген жағдайда, қоршаған адамдардың сөйлеу дефектілері болған кезде, балада фонемалық қабылдау нашар дамығанда, педагогикалық ықпал төмендегенде дамиды. Логопедиялық практикада дыбыстарды айтудың бүзылуы бірнеше түрге бөлінеді: Сигматизм (ысқырып, ышылдап айтылатын дыбыстарды айта алмау);

Ротацизм(«р»эрпін айта алмау); Ламбдацизм («л» -ды айтудағы кемістіктер); Таңдайлық дыбыстарды айта алмау дефектілері (к, қ, ғ, г, х, й); Жүмсарту дефектісі (қатаң дыбыстың орнына оның үяң жүбы айтылады).

8 билет Қарым қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, құрылымы,түрлері,қызметі.

Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс. Б.Д. Парыгин мұны адамдардың танымдық ақпарат алмасуы, өзара түсінісуі, бірін – бірі қабылдау процесі деп атап өтті. қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс – әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды. Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады. Қарым – қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады. Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б. Вербалды қарым-қатынас яғни тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Вербалды емес қарым – қатынас жүйесі өте маңызды болғанымен , ол тек ойды айқындап, нақтылайды және нақты бір ақпаратты эмоция арқылы білдіреді.

9 билет. Қиял күрделі психикалық үрдіс. Оның түрлері.

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Оған ес, ойлау, назар, ақыл ой қатысады. Қиял ерекшеліктеріне қарай: Ырықсыз қиял – адамның алдынан мақсат коймай – ақ басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Ырықты қиял – адамның алдына саналы түрде мақсат коя отырып әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы.

 

10 билет. Зейін түрлері, қасиеттері, бұзылыстары.

Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталыпшоғырлануы. Зейіннің физиологиялық негізі. 3ейіннің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы. 1.Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді. 2. Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады. Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы. Зейіннің қасиеттері. 1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді. 2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді. 3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында. 4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы. 5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.Зейін ерекшеліктері : Тұрақтылық, Бөлінуі,Ауыспалалылығы,Ауқымдылығы,Алаң болушылық.Зейінің бұзылуы:1) Зейінің төмендеуі (hypoprosexia)2) Апрозексия 3) Зейінің жоғарлауы (hyperprosexia)

11билет. Эмоционалды қалып және тұлғалық қасиеттер.

Эмоция – бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi.Түрлері:Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу.Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.Айну эмоциясысубъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар.Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi.Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. 

  1. Ерік. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдары. Еріктің бұзылуы.

Қиындықтарды жеңетін саналы, бағытталған психикалық белсенділікті ерік д.а. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Адамның іс – әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі – жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі – сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды (дербестік,батылдық т.б.) және ұнамсыз (ұстамсыз, жасқаншақ т.б.) ерік сапалары бар. Еріктің бұзылуы: Абулия(еріктік ниеттің болмауы) Шизофрениялық дефектте; бас миының маңдай бөлімдерінің зақымдануында кездеседі.Гипобулия(еріктік ниеттің төмендеуі ) депрессивті, астениялық жағдайларда.Гипербулия (еріктік ниеттің жоғарлауы) нашақорлық, паранойяльды, маниакальды синдромдарға тән. Парабулия (еріктік ниеттің сапалық бұрмалануы) шизофрения, психопатияларда анықталады.

13билетСАНА – ПСИХИКА ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ

Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі

САНАНЫҢ   НЕГІЗГІ   ҚАСИЕТТЕРІ

Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын катынас,—деп жазды. К. Маркс пен Ф. Энгельс — мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды».

Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде керінеді) сипатта болуы мүмкін. көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.

Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады

Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізі сипат байқалады:  (А.В.Петровский).

  1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
  2. Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
  3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.
  4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

№14 билет

Өзіндік сана– адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.

Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

15 билет. Психологиялық үрдістерді зерттеу әдістері

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылауға қойылатын талаптар-психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, және нәтижесін тіркеу.

Бағытталған психологиялық әңгіме дәрігердің сұрақтарына жауап алу үшін белгілі бір жоспармен жүргізіледі.Бұл кезде әңгіменің емін еркін жүруіне жағдай жасау қажет.

Өзін-өзі бақылау,өзі туралы жазу,күнделіктердің мәліметтерін пайдалану әдісі.Кейбір жағдайда науқас әңгіме кезінде ашық айтпайды,осы кезде оның күнделіктерінен дәрігер құнды мәліметтер алады.Және суреттерін,қлеңдерін,хаттарын пайдалануға болады.

Эксперимент әдісі.Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды.

Зейінді зерттеу әдісі біркелкі бейнелері бар кестелер арқылы жүргізіледі. Мысалы,қолдың қатысуынсыз кезекпен түсі бірдей картиналарды санау.

Есті зерттеу.Тексерілушіге 10 сек ішінде фигураларды көрсетіп,оларды есінде сақтау жүктеледі. Қалыпты жағдайда 5-6 фигура есте сақталады. Бұл көру есінің ерекшелігін анықтайды.Пиктограмма-жанама түрдегі есте сақтауды тексеруге қолданылатын әдіс.Сіз айтылған сөйлемдерді есте сақтаңыз.Қиын сөздерді есте қалдыру үшін әрбір сөздің орнына сурет салыңыз. Бұл есте сақтауға көмектеседі.

Бұру мен жалпылау үрдістерін зерттеу.Түсінікті жалпылау-суреттің түсінігі мен заттардың атын атау.Түсініктердің топтастырылуы-карточкалармен сурет беріледі оларды ұқсастыгы,айтылуы бойынша топқа бөлу.Түсініктерді бөлу-тексерілуші өзіне белгілі үй ,жануарлардың,ағаштардың атын айту.Түсінікті шығару-бір топқа жатпайтын заттарды бөлу.

Ұғымды зерттеу-суреттің мағынасын тексеру,мағынасыз суреттер мен тексті ұғынуды тексеру

Өзін-өзі бағалауды тексеру.Тексеруші денсаулығы,мінезі,бақыты,ақылы жағынан өз орнын көрсетуі тиіс.Дені сау адам өзін-өзі бағалауына қарамай, өз орнын сызықтың ортасынан көрсетеді.

16 билет.Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.

Комм-қ дағды д/з –дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермен тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып,мед-қ жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.Коммуникативтік дағдыларды жақсарту үшін науқастар мен олардың туыстарының ж/е ұжымдастарының тарапынан берілетін кері байланыс пен олардың өзіндік бағалауы негізгі құрал болып табылады.

17билет. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы

Коммуникативтік дағдылар дегеніміз-парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.  Коммуникативті дағдылар барлық медициналық мамандықтарға ортақ біліктілік деп қарастырылып, үздіксіз кәсіби дамудың негізі деп есептеліп, дәрігермен қарым – қатынасын қалыптастыруға және нығайтуға, науқас туралы мәлімет жинап, ақпарат алмасуға, шешім қабылдап, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету аумағына ілінген әріптестер мен басқа да мамандармен қарым – қатынасқа тірек болып табылады. Тиімді коммуникативтік дағдылар басқа адамдармен үйлесімді қарым – қатынасты қамтамасыз етіп науқастың қанағаттану сезімін күшейтеді.

18 билет. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік алады.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.

Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

19 билет. коммуникативтік үрдіс яғни дағды дәрігер өз жұмысы барысында туыстарымен, науқастың өзімен кері байланыс пен өзіндік бағалауы негізгі құрал болып табылады

20 билет коммуникативті үрдістегі ақпаратты беру мен қабылдаудың негізгі мәселелері:

  1. сенімді қарым қатынас орнатыңыз. бұл дамушы коммуникация деп аталады.
  2. Науқастың құпиясын сақтау
  3. медициналық терминдерді көп қолданбауға тырысу
  4. иа мен жоқ сөздерін әдеппен айтуды үйрену
  5. нейтралды бағытты ұстануға тырысу
  6. үстемдік етпеу
  7. байыппен асықпай сөйлесіңіз
  8. науқасқа үнемі қолдау көрсетіңіз
  9. әңгімені мүмкіндігінше абайлап бөлуге тырысыңыз
  10. тіке қойылатын сұрақтар, бағыттаушы сұрақтар, жағымсыз сұрақтарды орнымен қойыңыз
  11. тақырыпты күтпеген жерден өзгертуге үйрену

сөздік емес қатынастарды да қолдану

21 билет. Коммуникативті компоненттілік жөніндегі түсінік

Кәсіптік ортада және қоршаған ортасында жетістікті қызмет етуде тұлға аралық құралып, кәсіптік тәжіріибе жинау- дәрігердің коммуникативті компотенттігін сипаттайды. Бұл анықтамада компатенттік тек индивидтерге тән қасиеттерге  байланысты емес  яғни қоршаған орта өзгерістерімен, маман- дәрігердің әлеуметтік мобильдігіне байланысты екені көрсетілген. Коммуникативті компотенттілік – адамдар арасында шыңдалып, құралатын қатынас, тұлға аралық тәжірибе. Дәрігердің коммуникативті мәдениетінің тағы бір көрінісі- науқастың жеке қасиеттеріне тәуелсіз, науқасқа оң эмоционалды қатынасына кәсіптік көзқарастармен қарап, дәрігердің медициналық қарым-қатынасына коммуникаивті дағдылардың және біліктілігенің толық кешенінің болуымен сипатталады. Дәрігердің коммуникативті компотенттілігінің құралу мәселелері тәжірибелік аспектілерде кең тараған, отандық денсаулық сақтаудың сырқатқа және денсаулыққа әлеуметтік психосоматикалық әрекеті және дәрігер – науқас арасындағы емдік үрдістегі терапиялық бірлестікті жақсарту.

№ 22 билет Дәрігердің коммуникативті компоненттілігінің құрылымы

Дәрігердің компотенттігі- науқаспен қарым-қатынас құру негізінде.

  1. Науқастың вербальды және вербальды емес қатынасы белгілерін дұрыс танып біліп, одан іске қатысты қажетті ақпаратты мейлінше көбірек алу.
  2. Тиімді диагностика жасау тек қана тәндік симптомдарды анықтау ғана емес , сонымен қатар соматикалық симптомда оның психологиялық жіне әлеуметтік табиғаттарын анықтау, емнің басқаша жоспарын талап етеді.
  3. Тиімді коммуникативті дағдыларын науқасқа тағайындалған емін қабылдауға және науқастың емді құптауына оң әсер етендігі зерттелді, тағайындалған емге бойын ұсынбау медицинаның күрделі мәселесі болып табылады.
  4. Науқастарға адекватты медициналық ақпараттарды ж/е денсаулықты жақсартуда, сонымен қатар аурудың алдын алудағы салауатты өмір сүруге насихаттау арқылы дәрігер ролін жоғарылату.
  5. Аурудың әр түрлі көріну формаларына әсер ету ж/е компенсаторлы механизмдерді белсенділеу, науқас тұлғасының психосоматикалық потенциалын жоғарылату, оның әлеммен байланысын қайта қалпына келтіруге көмектесу,  үйреншікті қорқынышты жеңу, аурумен пайда болған стреотиптерді бұзу ж/е сау көз қарасты тудыру,
  6. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы ерекше деликатты жағдайларда дәрігерлердің тиімді әсері, мысалы науқастың жазылмайтын аурумен ауыруы н/е науұас туыстарына қайтыс болатындығы жөнінде жеткізу т.б.

23 билет Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін құрайтын психологиялық қасиеттер : Аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия, сезгіштік, рефлексия. Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар- оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым-қатынасты дамытуы, науқастардың туыстарымен, басқа да адамдармен әрекеттесуі, түрлі әлеуметтік жағдайларда араласуы, тәжірибе жинауы, түрлі әрекет жасауы негізінде құралады. Бұл арқылы медициналық қызметкер тұлғасының қалыптасқан психологиялық ерекшеліктері негізінде әрекеттесу, оның коммуникативтік білгерлігін дамытады. Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде медициналық қызметкер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы жатады: барлық адамдармен бірге болу ынтасы, бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршаған ортамен жақсы көңіл –күйде әрекет жасауы, тұлға аралық қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және араласудың өршігуі кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр жақты тыныштандыру, оқиғаға дұрыс және дәл баға беру.

Аффилиация.Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация-сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан –көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтандырып, қорғайды.

Эмоционалды тұрақтылық. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама – бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) – медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше, медициналық қызметкердің көңіл–күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарым-қатынас құруға ықпал етеді. Науқастанған адамның қобалжуына байланысты, эмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар медициналық қызметкердің сенімділігін туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.

Идентификация- ұғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өзін-өзі сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. Сонымен, идентификация дегеніміз – қатынасушы адамды, яғни науқасты медициналық қызметкер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану.

Рефлексия-қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір-біріне көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.

Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сеніменбіргемін»). Бұл-тиісті дәрежеде медициналық қызметкер-науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.

Эмпатия-идентификация механизмдеріне негізделеді,ол-науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкерінің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі.

Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық сипаттамасы-сенситивтілік. Сенситивтілік (сезімталдық)-қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі ол медициналық қызметкердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл – медициналық қызметкер жұмысының сапасына да әсер етуі мүмкін. Ол медициналық қызметкерге де психикалық әсер етеді, эмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін.

24 билет. Кәсіби бейімделу, кәсіби имидж және коммуникативті толернаттылық. Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация) .Жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі біршама уақыт алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік ролінде сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін құрастырып және жұмыс жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады. Өзіндік жұмыс атқарудың бастапқы кезінде, жас маман өзіне сенімсіз болуына байланысты, күрделі және жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды. Ол ақпарат жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар, жас әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық қолдау алады.Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіреді. Мамандық қарым-қатынас құру жағдайында науқастың эмоциялық «қосылуының» дәрежесін анықтау дағдылары медициналық қызметкердің мамандық бейімделуінің эмоциялық құрастырушысы болып саналады. Бейімделудің бұл түрі эмпатиямен, дәрігердің науқаспен тұлға аралық араласуының эмпатиялық түрін мөлшерлеуімен байланысты. Жас медициналық қызметкер өзінің мамандық әрекетінің алғашқы жылдарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз әрекетіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға кіріп, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Науқастың проблемасына артық эмоциялық араласуы, белгісіз жағдайға байланысты теріс нәтижелерге қатты үрейленуі, қауіптеніп, сақ болуы, созылмалы эмоциялық салмақ түсуіне әкеп соғады. Медициналық қызметкердің бейімділігі мен компенсаторлық мүмкіншіліктері төмендейді. Медициналық қызметкердің кәсіптік беделі (имидж)-медициналық қызметкердің бейімділігін құрастыратын компонент. Оның мағыналы элементтері- медициналық қызметкердің сенімділік білдіретін тәртібі. Түрлі төтенше, қауіпті ситуациялар туса да, медициналық қызметкер абыржығанын, қобалжығанын науқасқа сездірмеуі тиіс. Медициналық қызметкер өзін сенімді

түрде ұстауы, науқас алдында оның коммуникативтік білгерлігін, ситуацияны бақылай алатын қабілетін көрсетіп, науқасқа сенім беріп, бұл жағдайдың сәтті аяқталуына күмәнсіздігін тудырады.

Медициналық қызметкердің кәсіптік беделін, оның вербальды емес сипаттары да құрастырады: қатынасуға ашық позасы, коммуникативтік жесттері, мимикасы, сөйлеу ырғағы, т.б. Бұлар медициналық қызметкердің беделін өсіріп, науқас адамның сенімін тудырады, ұсынылған ақпаратты оның күмәнсіз қабылдауына ықпал жасайды.

Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір-қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін : ұнау немесе ұнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің психологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.

25 билет.

26 билет.Тиімді коммуникацияға келтіретін кедергілер
Екі адамның бір жағдайды түрліше қабылдауы, тиімді коммуникация
Үшін үлкен кедергі болып табылады.Ең алдымен қарым-қатынастың екі жақты процесс екенін ұмытпау керек.
Ақпарт алу кезінде кездесуі мүмкін кедергілер:
Тыңдамау(әдейі)
Естімей қалу
Түсінбей қалу
Дұрыс түсінбеу
Мәліметті қабылдағысы келмеу
Естігенін асығыс асығыс талқылау
Әңгімені бөлу
Айтушының дене қимылы мен дауыс ырғағы жағымсыз
Айтушы жөнінде асығыс қорытынды шығару
Тым көп ақпарат айту немесе аз мәлімет айту
Қате немесе бір-біріне қайшы келетін мәліметтер беру
Тыңдаушының қажеттіліктері мен қызығушылығын ескермеу

Кедергі айырмашылықтары:мәдени, тұлғалық болып бөлінеді

27 билет. Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас

Дәрігердің науқаспен жақсы тіл табыса алуы болашақ ем-шараны жүргізуге оңынан ықпалын тигізеді. Қарымқатынас орнау үшін,ең бастысы науқастың дәрігерге деген сенімін қалыптастыру. Оған дәрігердің өзін-өзі ұстауы,киген таза киімі,яғни колпак,халаттың үтіктеулі болуы, жаққан далабы қатты көзге түспейтін,иіссуы өте өткір болмауы, жүрген жүріс-тұрысы бәрі де науқаспен арасындағы контактіге әсерін тигізеді.

Дәрігермен науқастың арасындағы қарым-қатынас кезінде ұсталынатын ережелер:

Дәрігер науқасты барлық артық – кемшіліктерімен қабылдау керек.
Оның ойы мен қалауын сыйлау керек.
Науқастың адамгершілік қасиетін таптамау керек.
Уәдені орындай алмаса,науқасты босқа үміттендірмеу.
Шындық қаншалықты ащы болса да, тәтті болса да оны
науқасқа жаймен жеткізу керек.
Науқастың дәрігерге деп сенілген ақпаратты таратпау.

28 билет

29 билет

30 билет 

31)Дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынас

Тиімді қарым-қатынас мына принциптер арқылы жүзеге асады

-Айырмашылықтарды түсіну

-Сенімнің артуы

-Науқастармен ақпарат алмасу

-Бірлесіп шешім қабылдауға қол жеткізу

Тиімді коммуникация орнату үшін  қарым-қатынастың әрбір кезеңінде келесі психологиялық ұстанымдардың болуы шарт

-көзбен контакт ұстану

-түсінуге ниеттеніп тыңдау

-раппорт орнату

-анық сөйлеу

-дене қозғалысы мен тілді дұрыс пайдалану

-Кеңес беру кезінде егер бір нәсремен айналысып отырған болсаңыз сөйлеген адамға назар аударып,тоқтап көз салыңыз.Сөйлеушінің бір адамға үнемі қарап отыруы дұрыс емес,науқасты тыңдап отырғаныңызды білдіру үшін біршама уақыт көз салып қарау өте маңызды(әдетте 3-5 секунд)

-Егер науқастың көзі көрмейтін болса  дәрігер “бұл екен”,”айта беріңіз”,”мен тыңдап отырмын”деген сияқты қолдаушы сөздерді айта отырғаны жөн.

-Науқасқа “көзіне тіке қарау”сыйламағандықтың белгісі болып табылады тіке көзге қарау агрессияның белгісі болып табылады,оның ниетін құрметтеп көзге тіке қарау деңгейін бәсеңдетіңіз.

32)Тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін қалыптастырушы факторлар

Ақпарат алу кезіндегі кездесуі мүмкін кедергілер

-тыңдамау

-естімей қалу

-түсінбей қалу

-дұрыс түсінбеу

-мәліметті қабылдағысы келмеу

-естігенін асығыс талқылау

-әңгімені бөлу

-айтушның дене қимылы мен дауыс ырғағы жағымсыз

-айтушы жөнінде асығыс қорытынды шығару

-тым көп ақпарат айту немесе тым аз мәлімет беру

-қате немесе бір-біріне қайшы келетін мәліметтер беру

-тыңдаушының түсініксіз тілде сөйлесу

-дауыс ырғағының үйлесізімдігі

-тыңдаушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу

-тыңдаушы жөнінде пікірлер мен көзқарастың қалыптасуы

33.Дәрігер тұлғасы.Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.

Аффиляция-қоршаған ортамен эмоционалды қарым-қатынасқа түсіп,басқа адамдармен бірге болу.Іштей аффилияция-бауыр басу,адалдық сияқты сезімдер,сырттай-ашықтық,басқа адамдармен үнемі бірге болу,қызметтес болу сияқты іс-әректтер арқылы көрініс табады.

Аффиляция дәрігерге қажет:

  • Науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
  • Оларға көмектесуге ұмтылдырады;
  • Кәсіби деформациядан.немқұрайлықтан,ресмиліктен қорғайды;
  • Науқа «дене» деп қараудан сақтайды

Эмоционалды тұрақтылық-«психологиялық стрестен»,науқастармен

қақтығысып қалудан қорғайды.Дәрігер бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы,сабырлығы науқасқа сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Эмпатия-дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуы,терең сезінуі,науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда «қатысуы» болып табылады.Эмпатия үш түрлі компонеттен тұрады:

1.Индентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия

2.Интелектуалды процестерге негізделген(салыстыру,талдау) танымдық эмпатия

3.Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия.Басқа адам туралы көзқарасты болжай алу.

Коэн-Коул мен Берд(1991) эмпатиялық жауаптың бес түрін бөліп көрсетті:

¾ Бейнелеу-«Мен сіздің ……..көріп тұрмын.»

¾ Мойындау-«Сіздің не сезіп тұрғаныңызды түсіне аламын……….»

¾ Қолдау-«Мен сізге көмектескім келеді.»

¾ Серіктестік-«Бірге жұмыс жасап көрейік»

¾ Сыйлау-«Сіз көп нәрсе жасадыңыз»

Коммуникативтік толеранттылық-науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін,мінез-құлығындағы қабылдауы қиын жеке ерекшеліктерін,ойлау стеротиптерін,тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдауынын айғағы.Төзімділік және шыдамдылық дегенді білдіреді. 

34.Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: үйреншіктік,депрессивтік,интроверттілік.

Дәрігердің кәсіби іс-әрекеті терапевтік әсер ету тактикасы мен стратегиясын меңгерумен байланысты және жағдайды болжай алу, аурудың асқынуын, фармакологиялық емдеу салдарын болжай алу іскерлігін талап етеді.Осыған орай,дәрігерде адаптивті және кейде джезадаптивті рөл ойнайтын мазасыздықтың болуы маңызды.

Мазасыздық-бұл болашақта болуы мүмкін сәтсізідіктер мен шындықтарды боолжаумен, күтумен және соған сәйкес іс-әрекетті қалыптастырумен байланысты эмоция.Әдетте, мазасыздық  белгісіздік пен жағдайдың немен аяқталарын болжай алмаған сәтте туындайды.

Мазасыздықтың жеңіл түрі,қобалжу-бұл белгісіздік пен болуы мүмкін қауіпті жағдайды ескертетін әдеттегі реакция.Мұндай қалыпты қобалжудың пайдасы зор,яғни ол қауіпке қарсы тұру мүмкіндігін арттырады.

Дәрігердің науқаспен қарым-қатынасын бұзатын жағдай дәрігердің депрессия-гипотимиясы болуы мүмкін.

Мазасыздық болашаққа қатысты туындаса, депрессия өткен жағдайға күйзелумен байланысты. Яғни,адамның басынан өткен дау-дамай мен жаралаушы оқиғалары, сәтсіздіктері қайта-қайта еске түсіп маза бермейді. Болашақтың мәні жойылып, адам өзінің уайым-қайғысымен өмір сүреді.

Дәрігер мен науқас арасындағы сенімді қарым-қатынасты қиындататын дәрігердің психологиялық бір қасиеті-ол, оның интроверттілігі (Тұйықтылығы).

Интровенттілік бұл психологияға К.Юнг енгізген термин болып табылады. Интровенттілк дегеніміз-адамның өз-өзіне, өз күйзелістері мен ойларына,сезімдеріне бағытталуы болып табылады. Интровент өз идеалына, сенімдеріне,өз құндылығына және өзінің моралды және этикалық нормаларына сүйенеді.

  1. Эмоциональды куйреу синдромы. Пайда болу себептерi жане алдын Алу жолдары.

ЭКС-психикалык кажудан пайда болады жане касiби карым-катынасты тиiмди орындау денгейи томендейди: даригер бурынгыша оз жумысына толык бериле алмайды , онын озиндик багалауы томендейди, ягни даригер оз ис-аркетине сатсиз деп кабылдайды.

Пайда болу себеби: психологиялык кажу. Бул асиресе кызметине орай адамдарга озинин жылылыгын унеми сыйга тартып отыруга миндетти адамдарда , шектен тыс шаршаган уакыттарында ерекше байкалады.

Алдын Алу: Г У Солдатованын пикири бойынша стресс пен эмоциональды куйреуди алдын Алудын тиимди шарасы бул ис-арекетти дурыс уйымдастыру.

-кызметкерлердин озине коятын талабын, онын мумкин болатын, кол жетимди максаттарын колдау аркылы томендету

-жумыстын тиимдилигин арттыру максатында кызметкердин оз билимдерин жетилдируин ужым мекеме ишинде жузеге асыру жане оган мумкиндик тугызу

– Жанадан келген мамандарды жумыс барысында кездесуи мумкин киындыктармен таныстыру

– Ужымда колдану тобын куру, тажирибе алмасу мен жагымды озара тусинису атмосферасын калыптастыруга тырысу

  1. Медициналык интервью угымынын аныктамасы

Даригердин наукаспен жаксы ангиме сухбат куруы дурыс диагноз коюдын наукастын канагаттануынын алгы шарты болып табылады. Одан ари наукастын кобалжуы томендеп ол даригердин барлык усынысын орындайды. Ангиме барысында медициналык терминдерди колданбау, наукастын даригерди толык тусинуине комектеседи. Даригер нускауы накты, ари карапайым болуы керек! 

37 билет

38 билет

39 Медициналық интервьюге кіріспе :Пациентпен  сұхбаттасуға  дайындалу,алғашқы түсіністікке қол жеткізу ,пациенттің дәрігерге келу себебінің анықтау, Пациентпен сұхбат.

Дәрігерді науқаспен жақсы əңгіме -сұхбат құру ,дұрыс диагноз қолың науқастың қанағаттанды ның алғы шарты болып табылады.Одан əрі науқастың қобалжу төмендеп , ол дәрігерді барлық ұсынысының п.

Медициналық интервьюге кіріспе :

-Дəрігердің науқаспен сәлемдесу

-Таныстық

-Кіріспе түсініктемелері

-Науқастың дәрігерге əкелген мəселелерін ерікті жеткізуі

Пациентпен сұхбат

-Сұхбаттасу кезінде ашық және жабық сұрақтар

-Науқастың айтқанын анықтау және талдау

-үнсіздікті қолдану

-Кеңес беру кезінде науқастың мәселесінің және күтемін нәтижесін анықтау

-Алған ақпаратты жинақтау және болжам жасау

40«Дəрігер және пациент» қарым-қатынасын  ұйымдастырудың негізгі модельдерді

«Дəрігер пациент” өзара әрекетінде жатқан қарым-қатынастың жалпы ережелері мен терең психологиялық механизмдерін ажырата білген жөн.
Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысал, хәл, өзін сезінуі туралы);

интербелсенді қарым-қатынас – тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен де алмасу (мысалы, мейірбикенің манипуляцияны орындауындағы немесе пациенттің өтінішін орындағандағы);

перцептивтік қарым-қатынас – адамдардың бір-бірін қабылдауы, сенімге қол жету. Қарым-қатынастың бұл түрі біртіндеп қалыптасады және оңтайланады.

Оған қоса қарым-қатынастың басқа да жіктелуі бар. Төменде келтірілгендер зиянды өзара әрекетке көбірек келгенімен медицинада жиі ұшырасады.
А. “Бетперделердің контакты” – шынайы эмоцияларды жасырумен бірге және азырақ қызығушылықпен бірге болатын сыпайлық, әдептілік (адамды кәсіби алдын ала тексеруде кең тараған).
Б. Қарапайым қарым-қатынас – пациентті шулайтын немесе бөгет болатын адам ретінде бағалау.
В. Формалды-рөлдік қарым-қатынас – пациенттің тұлғасын танып білу оның әлеуметтік рөліне қызығушылықпен алмастырылады.
Г. Іскерлік қарым-қатынас – серіктестік стилінің орнына авторитарлық стилін орнату.

Д. Диагностикалық және емдік өзара әрекет жоқ рухани тұлғааралық өзара әрекет.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!