Жүрек қарыншалары мен жүрекшелері гипертрофиясының диогностика әдістері 

Жүрек қарыншалары мен жүрекшелері гипертрофиясының диогностика әдістері                       

                    

 

Жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің гипертрофиясы

 

 

Сол жақ жүрекшенің гипертрофия себептері: туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары, гипертониялық ауру, кардит, миокардиопатия, кардиосклероз,эндокрдит,атеросклероз,митралды клапан стенозы, стресс,  өкпелік аурулар;

Оң жақ жүрекшенің гипетрофия себептері:

туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары, өкпе-бронх жүйесіндегі ауру, өкпелік гипертензия;

Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы себептері: туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары, гипертониялық ауру, артериалды гипертензия, миокардиопатия, кардиосклероз, сепсис,атеросклероз, эндокардит, аорталды  клапан  тарылуы мен  жетіспеушілігі, митралды стеноз;

Оң жақ қарыншаның гипертрофиясының себептері: туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары,  эндокардит,  өкпелік  клапандар стенозы;

өкпелік гипертензия, кардит, өкпе-бронх жүйесіндегі ауру.

 

 

Диагностикасы:

   Пальпация:  Сол  жүрекше  гипертрофиясы кезінде  жүрек  ұшы  түрткісі  солға  және жоғары  жылжыганын, сол  қарынша гипертрофиясы кезінде  жүрек  ұшы  түрткісі  солға  және төмен , оң жүрекше  гипертрофиясы кезінде  жүрек  ұшы  түрткісі  оңға  және жоғары  жылжыганын, оң қарынша гипертрофиясы кезінде  жүрек  ұшы  түрткісі  оңға және  төмен  жылжыганын  байқаймыз.

   Перкуссия:  Жүрек шекараларының  жүрекше мен  қарынша  гипертрофиясына  байланысты солға,оңға,жоғары  жылжиды.

 Аускультатция: жүрек  ұшы  түрткісінде  I тон әлсіреген,қолқа мен  өкпе сабауы тұсында II тон  әлсіреуіне   сайкес келеді.

Рентгенде – сол немесе оң қарыншаның үлкеюі мен дилатациясы, оң жақ жүрекше немесе сол жақ жүрекшелердің үлкеюі мен дилатациясы.

ЭКГ-да – Q тісі тереңдеген, ST сегментінің изолиниядан жоғары болуы; T тісшесінің теріс болуы; Р тісшесінің биік болуы немесе қос тісшелі болуы.

ЭхоКГ – рентгендегідей өзгерістер.

 

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!