ҚР еңбек құқығы негіздері

Тақырыбы: ҚР еңбек құқығы негіздері

ҚР  еңбек  құқығы негіздері тақырыбына арналған тест тапсырмалары: 

  1. Еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы:

А. Еңбек құқығы

Б. Әлеуметтік құқық

С. Отбасы құқығы

Д. Жеке меншік құқығы 

  1. Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы қанша сағаттан аспауы тиіс.

А. 40

Б. 18

Д.20

С.35 

3.Құқық жүйесінде еңбек құқығы:

А. Мүліктік сала

Б. Жетекші сала

С. Қосымша сала

Д. Негізгі сала

 

  1. Еңбек құқығының қайнар көзі:

А. Конституция және еңбек туралы кодекс

Б. Көптеген заң

С. Қылмыс туралы заңдар

Д. Нормативтік актілер

 

  1. Еңбек шарты қанша жастан басталады?

А.16

Б.18

С.20

Д.14

    6.Еңбек қорғау туралы заң қашан қабылданды?

 А.1993

Б.1995

С.1996

Д.1998

ҚР  еңбек  құқығы негіздері тақырыбына арналған билеттік тапсырмалар:

1 билет

Еңбек құқығы дегеніміз?

Еңбек құқығы – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдармен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы болып табылады.

2билет

«Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңының қандай қолдану ерекшелектері бар?

  • ҚР аумағындағы еңбек қатынастарын реттеумен қатар, оссы заң елімізге жұмыс істейтін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады;
  • Әркімге өз еңбек құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндіктер береді;
  • Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, сеніміне және т.с.с жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтатын шектеуге тиісті емес;
  • Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады, еңбектің осы түрін тек сот үкімі бойынша, не төтенше не соғыс жағдайларында кезінде жол беріледі және т.б.

3 билет

Жеке еңбек шартының мерзімі

Жеке еңбек шарты:

  • Белгісіз мерзімге;
  • Белгілі бір мерзімге;
  • Белгілі бір жұмысты орындау уақытына не уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалу мүмкін.

4 билет

Жеке еңбек шартының тоқтатылуы негіздері атап көрсетіңіз

  • Мерзімнің бітуі бойынша;
  • Тараптардың еркіне байланысты емес жағдайларда (әскери қызметке шақырылғанда, қайтыс болса т.б.)

5 билет

Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына қандай  жағдайлар негіз бола алады (Еңбек заңнының 26 бабы):

  • Заңды тұлғаның таратылуы, жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы;
  • Қызметкелердің саны не штаты қысқартылуы;
  • Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге аусуынан бас тартқанда;
  • Іркіліске байланыстыбасқа неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда;
  • Еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқанда;
  • Қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғанда және т.б.

6 билет

Жұмыс уақыты дегеніміз не? Оның ұзақтығы

Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспауы тиіс. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегізге дейін аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарды істейтін қызметкерлер үшін 36  сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.

Алты күндік жұмыс аптасы (40 сағат) кезінде күнделікті жұмыс уақыты жеті сағаттан, 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда  4  сағаттан аспауы тиіс.

ҚР еңбек құқығы негіздері тақырыбына арналған глоссарий 

Еңбек 

Еңбек қатынастары 

Еңбек құқығының қағидалары 

Еңбекті қорғау  

Еңбек даулары 

Жұмыс уақыты 

Еңбек құқығы

Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой,

рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты

қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден

туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне

санаткерлік құндылықтар жасалады 

Еңбек қатынастарыбұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек

өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі

бір ақы алатын ақылы қатынастар;

Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы

нормаларының мəнін жəне мемлекеттің еңбек қатынастарын

құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын

көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік

бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.

 Еңбекті қорғау  еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады.Еңбекті қорғау қайғылы жағдайлардан және өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған принциптер.

Еңбек даулары талартардың  келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қараладыСотқа дейін еңбек дауларын  келісім комиссиясы қарай алады.

Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес,заңменбелгіленген тиісті жұмыс уақытын атайды.

Еңбек құқығы еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Жағдайлық есептер 

  1. «Т» есімді азамат «С» есімді азаматтың қол астында жұмыс жасайды. Оның жұмысында барлық қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімдері түгелдей қамтылған. Бір күні «Т» есімді азамат жұмыс уақытында белгісіз себептермен жұмыста үш сағат болмайды, сонымен қоса еңбек ету барысында қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімін кимей жұмысқа кірісіп, денсаулығына зиян келтіреді.

Сұрақ: «Т» есімді азамат жұмыс беруші «С» есімді азаматқа денсаулығы жөнінде шағымдана ала ма?

Жауап: «Т» есімді азамат жұмыс беруші «С» есімді азаматқа шағымдана алмайды. Себебі жұмысшының өзі қауіпсіздік ережелерін сақтамай өз денсаулығына өзі зиян келтірді.

  1. «Б» есімді азамат мектепте оқитын 14 жастағы «Р» есімді  азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алады. Бір айдан  кейін жұмыс беруші «Б» есімді азамат 14 жастағы «Р» есімді азаматты  аптасына  36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді.

Сұрақ:  Бұл жерде қандай  заңсыз оқиға көрініс тапқан?

Жауап: Бұл жерде жұмыс беруші «Б» есімді азаматтың кінәлі екенін көруге болады. Себебі ол 14 жастағы «Р» есімді азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алып ғана қоймай, сонымен қоса 14 жастағы «Р» есімді азаматты аптасына 36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді, бірақ заң бойынша 14 жастағы қызметкерлер үішн аптасына 24 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс күні белгіленген.

  1. Жұмыс беруші «Б» есімді азамат «А» есімді азаматты жұмысқа алады. Жұмысқа тұрар кезде олар еңбек шартын жасасты. Еңбек шартында демалыс, айына жалақы алу т.б жағдайлар қарастырылды. Еңбек шартында айына жалақы алу туралы айтылғанымен ,«А» есімді азамат үш ай жұмыс жасаса да, өзінің жалақысын ала алмайды.

Сұрақ: «А» есімді азаматтың жұмыс беруші «Б» есімді азаматқа талабы?

Жауап: Қазақстан Республикасының 24 бабына сәйкес әрбір жұмыс істейтін азамат жалақы алуға құқығы бар. Еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші «Б» есімді азамат «А» есімді азаматқа жалақы төлеуге міндетті. Жалақы төленбеген жағдайда «А» есімді азаматтың заңға жүгінуге құқығы бар.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!