Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететінмән жайлар
Қылмыс субъектісі – жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы – әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Кінә – бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).
Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстық жауапкершілік— құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.
Санкция – қылмыстың істелгені үшін тағайындалатын жазаның түрі мен шегін анықтайтын Ерекше бөлім бабының бөлімі. Қылмыстық заң баптарында салыстырмалы анықталған, баламалы (альтернативті) және аралас санкциялар кездеседі.
Салыстырмалы анықталған санкция жазаның түрі мен шектері көрсетіледі. Мұндайда сотта жазаны жеке-даралау үшін біршама мол мүмкіндіктер болады. Оның екі түрін ажыратады: жазаның тек жоғарғы шегін ғана анықтайтын санкция және жазаның жоғарғы да, төменгі де шектерін анықтайтын санкция.
Салыстырмалы анықталған санкциялардың екінші түріне ҚК-тің 162-, 181-, 241-баптарының санкциялары мысал бола алады.
Баламалы санкцияда негізгі жазалардың екі немесе одан да көп түрлері көрсетілген болады, сот істің мән-жайына негізделе отырып, жаза мақсаттарына қол жеткізуге неғұрлым көп мүмкіндік беретін жаза түрі мен шегін осы жаза түрлерінен анықтайды. Мысалы, аффект күйінде кісі өлтірілгенде сот бас бостандығын шектеудің, қамаудың және бас бостандығынан айырудың бірін тағайындайды.
Қылмыстық заң қылмыс ҚР-ның континенталдық шельфінде және ҚР айрықша экономикалық аймағында істелген жағдайда да әрекет етеді (ҚК-тің 6-бабының 2-бөлімі).
Қылмыстың жасалу сатылары – бұл қылмысқа дайындалудан, оған оқталудан және аяқталған қылмысты іске асырудан тұратын қасақана қылмыс дамуының белгілі бір сатылары.
Қылмыстардың көптігінің айрықша белгісі – мұнда бір адам кем дегенде екі қылмыс жасаған болуы керек, әрі олардың әрбірі дербес қылмыс құрамдарын құрайтындай болуы керек.