Іскерлік ойын
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық механизмі.
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық механизмі.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық негіздері мен міндеттемелік құқық негіздері тақырыптары бойынша студенттердің шеберліктерін қалыптастыру.
- Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, шығармашылықтарға арттыру. Қоршаған ортамен қарым – қатынасты арттыру, стууденттердің білімі, тәрбиесін және жеке қасиеттерін арттыру.
- Тәрбиелік: Экологиялық құқықтық механизмдерін игерте білу.
Сабақтың түрі және өту әдісі: Іскерлік ойын.
Сабақтың барысы: Студенттерді 3 топқа бөлеміз.
І. Таныстыру кезеңі.
Қайырлы күн, студенттер! Бүгінгі «Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық механизмі» атты іскерлік ойынымызды бастайық!!!
Осы кезеңде 3 топ өз топтарына ат қойып, өздерін таныстырып шығады.
ІІ. «Экомәселелер» кезеңі.
Бүгінгі таңда табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында Қазақстан Республикасы үлкен жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде биосфераның тұрақсыздануы, қоршаған ортаның және табиғаттың тозу қаупі күрт дамуда… Оларды шешуге қазіргі жастардың ынтымақтастық пен бірлік және достық керек. Сонда ғана осы экологиялық мәселелерді шешуге болады.
Тапсырма: Таныстыру кезеңде әр топ өздеріне ат қойды. Яғни, әр топ үш қаланы алып, сол топтық аттарға байланысты экологиялық мәселелерді қорғап шығады. Әр топқа тек 5 минут қана беріледі.
ІІІ. «Терминдер» кезеңі.
Бұл кезде экологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі жасырын сөздер беріледі. Сол адасқан сөздерді тауып, мағынасын табу керек.
- ЛКОЭОЯИГ
- ЭЛОГИЯКОҚЫЛ УІСЗДІҚІАПК
- ОШАҒНҚАР ТРОА
- НҚРОҒШАА АОРТЫН УАРҚОҒ
- НҚРОҒШАА АОРТҢЫН АСТАНЛУЫ
- ИТБИҒА ЕРСУРСТАР
- Экология (ЛКОЭОЯИГ)( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
- Экологиялық қауіпсіздік(ЭЛОГИЯКОҚЫЛ УІСЗДІҚІАПК) – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
- Қоршаған орта (ОШАҒНҚАР ТРОА)– адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.
- Қоршаған ортаны қорғау (НҚРОҒШАА АОРТЫН УАРҚОҒ) – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту,табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.
- Қоршаған ортаның ластануы(НҚРОҒШАА АОРТҢЫН АСТАНЛУЫ) – адамға және табиғиэкожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
- Табиғи ресурстар (ИТБИҒА ЕРСУРТАРС) – Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
- Қорытынды кезеңі.
Сабақтың барысын іскерлік ойынмен өткізген сіздерге ұнадыма?
Адамның өмірі қоршаған ортаның,ауаның,судың,топырықтың тазалығына,тағамдардың сапасына тікелей байланысты. ҚР ҚК-нің 2-бабында көрсетілгендей Қылмыстық кодекстің міндеттеріне адам мен азаматтың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін,меншікті,ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін,қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау жатады.
Ендеше барлықтарыңызға сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!Өз өмірлеріңіздің амандығы мен тазалығы үшін экологиялық құқықтарыңызды біліп,табиғатқа қамқор болыңыздар!