Тақырыбы: Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері.
Мақсаты: Студенттің өз мамандығын шыңдай түсіп, бай тәжірибесін басқаларға өнеге ету, оқу іс – әрекетінің тиімділігін арттыру, біліктілігін жетілдіру, құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына байланысты мәдени-құндылықты қалыптастыру.
Керекті құралдар: Стикер, түрлі – түсті шарлар, фломастер, ақ парақтар, плакаттар.
Шарты:
І. Әділ қазылар алқасы сайланады.
ІІ. Студенттер өздері таңдап алған қызыл, жасыл, көк түстерге қарай үш топқа бөлінеді.
1 тапсырма: Кроссворд, сөзжұмбақтар шешу, Ұпайларына байланысты студенттердің кеуделеріне смайлик тағылады.
2 тапсырма: ілінген әр түрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Ұпайларына байланысты студенттердің кеуделеріне смайлик тағылады.
3 тапсырма: тест тапсырмалары
Тақырыбы: Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері
Сұрақтар:
- Салықтардың бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады?
- Дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі?
- Қаржы құқығының жүйесіне не кіреді?
- Қызметтің акцизденетін турі?
- …….. дегеніміз – мемлекеттін қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Жауаптар:
- Фискалдық
- Акциз
- Салықтық құқық
- Ойын бизнесі
- Қаржы құқығы
«Салықтар» атты сөзжұмбақ шешу.
1.Экономика атасы кім? (Адам Смит.)
2.Меншікке салынатын салық..(Акциз)
3.Салықтың төмендеуі орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына қалай әсер етеді?
(Ілгерілетеді.)
4.Салық объектісі.(Табыс)
5.Жанама салықтың бірі.(Құн)
6.Салық объектісі.(Тауар)
7.Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі.(Салық)
8.Салықтың негізгі қызметі.(Реттеушілік.)
№ 2 тапсырма “Сұрақ-Жауап”
- Қаржы құқығының ұғымы
- Салықтар дегеніміз не?
- Салықтардың қалыптасқан 3 функциясы бар, олар қалай аталады?
- Акцизденетін тауарларға не жатады?
- Салықтық құқықтың дерек көздері болып не саналады?
- Салықтың обьектілері мен субьектілері
Жауап
- Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
- Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заіда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.
- Фискалдық ,қайта бөлу,салықтық реттеу
- Спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары, бекіре және қызыл балық уылдырықтары, алтыннан және күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин, дизель отыны, жеңіл автомобильдер, атыс және газ қарулары, шикі мұнай.
- Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 ж маусымның 12 жұлдызында қабылданған Қ.Р-ның Салық Кодексі, қаулылары және т.б.
- Субъектілері- заңды және жеке тұлғалар, ал салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу Объектісі болып табылады.
№3 тапсырма ТЕСТ
- Мемлекеттің қаржылық қызметі деп………..
A) Мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдардың қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз ету
B) Әлеуметтік жағдайды бақылау
C) Қаржы жүйесін ұйымдастыру
D) Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру
E) Салық салу2. Мемлекеттік қаржылық қызмет неше әдістен тұрады?
A) 5
B) 3
C) 2
D) 4
E) 63. Қаржылық құқық пәні деп –
A) Қаржыландыру, яғни ақша қорларыын ұйымдастыру
B) Қаржылық міндеттемелерді ұйымдастыру
C) Мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы
D) Мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдардың қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз ету
E) Мемлекет аралық қатынастар4. Қаржылық құқықта пайдаланатын құқықтық реттеу әдістері қандай?
A) Валюталық
B) Ақшалай
C) Императивтік, ақшалай
D) Валюталық, ақшалай
E) Императивтик, диспозитивтік5. Қаржылық құқықтың жалпы бөлімінде қарастырылады?
A) Бюджеттік құқық
B) Қаржылық сақтандыру
C) Банктік құқық
D) Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері, ақша жүйесінің құқықтық негіздері
E) Шаруашылық құқық - Мемлекеттің қаржылық құрылымын жүзеге асыратын арнайы органдар?
- A) ҚР Парламенті
B) ҚР Үкіметі
C) Агенттіктер
D) ҚР Қаржы министрлігі, Салық комитеті,Ұлттық Банкі
E) Қаржылық компанияларҚаржылық құқық қатынас субъектілеріне –
A) ҚР азаматтары
B) Мемлекеттің өзі, әкімшілік- аумақтық құрылымдар
C) Компаниялар
D) Банктер
E) Мемлекеттің қаржы жүйесі8 . Мемлекеттің табыс көзі –
A) Жалақы
B) Зейнетақы
C) Пайда
D) Салық
E) Шығын - Салықтың мән-жайларына байланысты салықтар қалай бөлінеді?
A) Жеке және жалпы
B) Тікелей, жанама, реттеуші, жалпы және мақсатты салықтар
C) Жекелей табыс салығы, құн салығы
D) Әлеуметтік. Жер салығы
E) Көлік мүлік салығы10. Мемлекеттік баж салығының түрлері?
A) Мемлекеттік, мемлекеттік емес
B) Мемлекеттік, кедендік
C) Міндетті, арнаулы
D) Ақшалай төлем
E) Кедендік, кедендік емес11. Баж салығын белгілейтін орган қалай аталады?
A) ҚР Парламент
B) Салық комитеті
C) ҚР Үкіметі
D) ҚР қаржы министрлігі
E) Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі12. Салықтарды, алымдарды, баждарды сондай-ақ басқада міндетті төлемдерді жүзеге асыратын орган қалай аталады?
A) Жанама салық комитеті
B) Жергілікті салық комитеті
C) Тікелей салық комитеті
D) ҚР Қаржы министрлігі
E) ҚР Парламенті13. ҚР Салық Кодексі қашан қабылданды?
A) 1999ж 12 мамыр
B) 2007ж 10 сәуір
C) 1997ж 12 желтоқсан
D) 1998ж 15 қаңтар
E) 2001ж 12 маусым14. Корпорациялық табыс салығын төлеушілер
A) Жеке тұлғалар
B) ҚР резидент және ҚР табыс алатын резидент емес заңды тұлғалары
C) Мемлекеттік кәсіпорындар
D) Шетелдік кәсіпорындар
E) Барлығы15. Корпорациялық табыс салығының проценттік ставкасы
A) 12%
B) 10%
C) 21%
D) 30%
E)15%16. Қаржы құқығы нені реттейді?
A) Мүліктік жәе мүліктік емес қатынастарды
B) Некеге тұру, бала туу, бала асырап алу
C) Мемлекеттің қаржы жүйесін
D) Кәсіпкерлік қатынастарды
E) Мемлекеттік басқару мен қызметті ұйымдастыруды
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ
1-А
2-В
3-С
4-Е
5-D
6-D
7-B
8-D
9-B
10-B
11-C
12-C
13-E
14-B
15-E
16-C