Жағдайлық есептер

№ 1 есеп 

Шарты: Келесі жылға арналған Республикалық бюджет туралы Республикалық заң уақытында қабылданбаған. Осыған байланысты заң келесі  жылдың     1 ақпанында күшіне енеді. Ағымдағы Республикалық бюджет туралы Республикалық заңда  мына шығындар қарастырылған:

– қорғанысқа – 500 млрд. теңге.;

– білім беруге – 100 млрд. теңге.;

– денсаулық сақтауға – 100 млрд. теңге.

Бұдан басқа, ҚР бюджет субъектілеріне жалпы көлемі 200 млрд. теңге қаржылық көмек беру қарастырылған.

Сұрақ: Осы аталған жағдайда республикалық бюджеттен қаржыландыру шығын тәртібі қандай?

Жауабы: ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы үкімет борышы болып табылады және ол орындалмаған жағдайда жауап береді.

№2 есеп 

Шарты. Сабақ айту барысында Б. есімді азамат: «Қаржы құқығын реттеудің бір ғана әдісі бар, ол біржақты әдіс – өктем, әмірлі, яғни императивтік әдіс» деді. Осы кезде А. есімді азамат Б. есімді азаматтың айтқаны қате дей келе «Қаржы құқығын реттеудің екі әдісі бар: оның бірі Б. есімді айтқандай біржақты әдіс, екіншісі – қаржылы-шартты әдіс, яғни диспозитивтік келісімге келу әдісі» деп тұжырымдады.

Сұрақ. Қаржы құқығының неше реттеу әдісі бар?

Жауап. Бұл жерде Б. есімді азамат өктем әдістің анықтамасын дұрыс айтып тұрғанмен, қаржы құқығын реттеудің бір ғана әдісі бар деп қателесіп тұр. Негізінде А. есімді азамат айтқандай қаржы құқығын реттеудің екі әдісі бар. Сол себепті А. есімді азамттың тұжырымы дұрыс.

№3 есеп. 

Шарты. А.есімді азамат Б. есімді азаматпен келісе отырып, Б. есімді азаматтың атынан несие алады. Ол кісі қз келісімін береді. Уақыт өте келе несиенің пайызы өсіп, А. есімді азамат несиені төлеуге қаражат таппайды. Алайда Б. есімді азамат осы несиенің заңды иесі болса да, несиені төлеуден бас тартады.

Сұрақ. Бұл жағдайда заң қандай шешім қабылдай алады?

Жауап. ҚР Конституциясының 2 бөлімінің 35 бабы бойынша заңды түрде белгіленген салықтарды, міндетті төлемдер мен алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әрбір азаматтың борышы мен міндетті болып табылатындықтан, Б. есімді азамат бұл несиені төлеуге міндетті.

№4 есеп. 

Шарты.  «Сарыарқа» кәсіпорынының басшысы Е. есімді азамат өзінің қарамағындағы қызметкердің Д. есімді азаматтың  жеке құжаттарын жұмыс барысына қажет деген сылтаумен сұрап алып, сол азаматтың атынан несие алады. Ал қарамағындағы қызметкер оны теке біраз уақыт өткеннен кейін қана біліп, сотқа шығымданады.

Сұрақ. Бұл жағдайдың заң бойынша шешудің қандай тәсілдері бар?

Жауап. ҚР бюджетке және салыққа төленетін басқада ережелер кодексі 2 бабының 2 тармағы бойынша осы кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі мінде ешкімге жүктелуге тиісті емес. Сол себепті Е. есімді азамат сот алдында жауап береді.

№5 есеп. 

Шарты. Сабақ айтып тұрған Н. есімді студент «Қаржы құқығын бұзушылықтың түрлері екеу: мемлекетпен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық құқық бұзушылық; мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруына кедергі жасайтын құқық бұзушылықтар» екендігін айтты. Осы кезде оқытушы ол студенттің қате айтып тұрғанын және Қаржы құқығын бұзушылықтың түрлері үшеу екндігін басқа студенттерге қатаң ескертті. Және үшіншісі қаржылық міндеттерді орындамауы жататындығын айтты.

Сұрақ. Сонда қаржы құқығын бұзушылықтың негізінен қандай түрлері бар, кімдікі дұрыс?

Жауап. Сабақ айтып тұрған студент қаржы құқғын бұзушылықтың алғашқы екі түрін дұрыс айтты, алайда оқытушы айтқандай оның негізінен үш түрі бар. Үшіншісі қаржылық міндеттерді орындамауы болып табылады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!