- Кіріспе
Мұрагерлік туралы түсінік және оның түрлері
- Негізгі бөлім
- Мұрагердің құқықтық міндеттері
- Заң бойынша мұрагерліктің 2-ші кезегі
Кіріспе
Мұрагерлік туралы түсінік және оның түрлері
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі — жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.
Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 6 бөлімі «Мұрагерлік құқық» деп аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шешімінде «мұралық» термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжірибеде бұл екі термин синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі. Мұралық құқығы — сол тұлғаның субъективті құқығы.
Мұрагерлік құқық-мұра мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында «мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді» делінген.
Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға әкелер еді?
1. Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері әсер етер еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді
2. Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың және т. б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен сенімді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.
3. Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын білмейтін еді.
Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына қалдыруға мүдделі. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039 бабына сәйкес мұрагерліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Әлемдік тәжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тәжірибеде заң бойынша мұрагерлік өсиеттен жиі кездеседі.
Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пәтерін қалдыратынын жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет.
Заң бойынша мұрагерлікке кем дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.
Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тәртібінде өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене және қалай өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы ережесі қиын емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагерге өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мүліктік құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұрагерлік–қайтысболғанадамныңмүлкі мен мүліктікқұқықтарыныңмұрагергеауысуы.Азаматтыққұқықбөлімі; қайтысболғанадамныңқұқығы мен міндетерініңмұрагерлікқұқықбойыншаөтутәртібінбелгілейтінқұқықтықнормалардыңжиынтығы.. Мұрагерлікөсиетзаңбойыншажүзегеасырылады. Кісімүлкінбірнемесебірнешеадамға, тұтастай не бірбөлігінғанақалдыраалады.
Мұра дегеніміз — бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы. Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.
Мұрагерлік құқық – азаматтық құқық бөлімі; қайтыс болған адамның құқығы мен міндетерінің мұрагерлік құқық бойынша өту тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты.
Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз.
Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.Кез келген қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген сұрақтардың туындауына алып келеді.
Мұраға ие болу кезектегі мен үлестеріне қарамастан, кәдімгі үй жиһаздары мен бұйымдары мұра қалдырушы ол өлгенге дейін кемінде бір жыл бойы бірге тұрған мұрагерге көшеді. Үй жиһаздары мен бұйымдарына күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттар, мысалы: жиһаз, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек кіреді.
Мұра қалдырушы азаматтың теңге, алтын, күміс, хрусталь бағалы металдар мен қымбат тастар және інжуден жасалған бұйымдары мұрагерлік мүліктің құрамына кіріп, заң бойынша мұрагерлерге тең үлеспен бөлініп беріледі.Ал, автомашина, мотоцикл және басқа да транспорт түрлері қайтыс болған адамның меншігінде болып, сол адамның атына тіркелесе ғана мұрагерлік мүлік болады
Көп жағдайда тұрғын үй отбасы мүшелеріне ортақ мүлік болып есептеледі. Сондықтан қазіргі күші бар заң бойынша, кәмелетке жастары толған бірнеше баласы бар отағасы баспананы балаларының біріне мұрагерлікке қалдыра алмайды. Өйткені ол ортақ мүлік болып саналады.
Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді. Отағасы қайтыс болғаннан кейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруға құқылы.
Мұрагерлік мүліктің ең көп тарағаны-тұрғын үй. Егер мұралық мүліктің құрамына тұрғын үй болса, нотариус үйдің мұра қалдырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжатты, техникалық инвентаризация бюросының анықтамасын талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үй орналасқан жердегі нотариалдық кеңсесінің құжаттары бойынша үйден айыруға тыйым салынғандығын немесе мекен-жайдың бар жоқтығын тексереді.
Егер тыйым салыну сауда алуға байланысты болса, нотариус сауда берген мекемеге сауда алушының мұрагерлеріне мұрагерлік құқық куәлік берілгендігін хабарлайды. Тұрғын үйдің мұра қадырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжат техникалық инвентаризация бюросында міндетті түрде тіркелуі қажет.
Мұраға ауысу – жер учаскесіне жеке меншік, ұзақ мерзімді жер пайдалану және уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының (егер уақытша жер пайдалану шартында басқаша көзделмесе) басқаға ауысуы.
Мұраның құрамына мұраға берушіге тиесілі, оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылмайтын, құқықтар мен міндеттер де кіреді. Мұра қалдырушының барлық құжаттары мұрагерлік арқылы беріле бермейді. Мысалы, мұра қалдырушының отбасылық некелік қатынасқа жататын мүліктік емес құқықтары адам қайтыс болысымен жойылады.
Мұрагерлік бойынша қайтыс болған адамның жеке басымен байланысты құқықтары немесе өзіндік меншік құқығы заң бойынша заңды мұрагерлеріне өтеді. Мысалы қайтыс болған адамның авторлық және өнер табыс қатынастарынан туындайтын құқықтары мұрагерлеріне мұралық жолмен ауысады. Авторлық құқыққа қысқартылған мерзім қолданылған күнде, онда авторлық құқық мерзімінің қалған бөлігі мұрагерлерге заң бойынша ауысады.
Негізгі бөлім
Мұрагердің құқықтық міндеттері
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы токтамайтын құқықтары мен
міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын кұкықтар мен міндеггер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы зан актілерінін негізінде басқа да төлемдер төлеу кұқығы;
5) мүліктік құкыктармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және
қорғауы мүмкін.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
– Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;
– Кез келген қайтыс болған адам «мұра қалдырушы» болмайды, яғни азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;
– Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;
– Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне талдау жүргізу,
– Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;
Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері. Мұрагер бола алатын тұлғалар
Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.
Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Жалпы ережелер
- Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
1-1. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды.
- Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
- Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
- Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
- Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады.
- Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
- Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.
Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз – заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы.
Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды.
Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс.
Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады.
Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:
– заңға сай мұрагерлер;
– заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар;
– мемлекет пен жеке үйымдар
Заң бойынша мұрагерліктің 2-ші кезегі
Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегi
- Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
- Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.
Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегi
- Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі – тең үлеспен алады.
- Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарындастары, жиендері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
Заң бойынша мұрагерлердің үшінші кезегi
- Егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
- Мұра қалдырушының немере аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
Кейінгі кезектегі мұрагерлер
Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.Туыстық дәрежесі туыстарды бір-бірінен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзінің дүниеге келуі бұл қатарға жатпайды.Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлікке:
төртінші кезектегі мұрагерлер ретінде үшінші туыстық дәрежесіндегі туыстар – мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелері;
бесінші кезектегі мұрагерлер ретінде төртінші туыстық дәрежесіндегі туыстар – мұра қалдырушының туған немере іні-қарындастарының, жиендерінің балалары (шөбере іні-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерінің туған аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері);
алтыншы кезектегі мұрагерлер ретінде бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстар – мұра қалдырушының шөбере іні-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары және оның екі атадан қосылатын аталары мен әжелерінің балалары шақырылады.Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушымен кемінде он жыл бір отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесіне не өгей шешесіне еріп келген аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесі және өгей шешесі шақырылады.
Қорытынды
Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық – қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұрагерлік құқығының жалпы ережелерін білу бәрімізге керек, өйткені дүниеге келгеннен, қайтыс болғанға дейін кез-келген адам мұрагер болуы мүмкін. Алайда мұрагерлікке байланысты барлық мүмкін болатын жағдайларды алдын ала болжай алмайсың..
Мүлік, соның ішінде жылжымайтын мүлік екі жолмен заң бойынша және мұра берушінің соңғы аманаты бойынша өсиет хат негізінде мұрагерлікке қалады.
Заң бойынша мұрагерлік өсиет хат болмағанда немесе ол ҚР Азаматтық кодексінің ережесіне сай жарамсыз деп танылғанда қолданылады.
Мұрагерлер заңда көрсетілген процедураға сай мұраға алуға шақырылады. Айта кету қажет, мұраға иелік етуге құқық мұрагердің азаматтығына қарамайды. Қазақстан Республикасының азаматы да, шетел азаматы да, тіпті мемлекет те мұрагер бола алады. Міндетті үлес құқығына мұра берушінің кәмелет жасқа толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ еңбекке жарамсыз әйелі мен ата-аналары ие (олар өсиет хаттың бар-жоғына қарамастан мүліктің белгілі бір бөлігін иемденеді).
Мұраға алудың сегіз кезегі белгіленген. Кезектілік негізі туыстарды бір-бірінен бөлетін, туу санымен анықталатын туыстық деңгеймен анықталады. Заң бойынша әрбір келесі мұрагерлердің кезегі алдыңғы кезекте мұрагерлер болмаған жағдайда ғана мұраға алу құқығына ие болады.
Ең бастысы – нотариуста құжаттарды рәсімдеу!
Мұраға иелік ету үшін мұрагер оны қабылдауы қажет. Мұрагер мұрагерлік іс ашылған күннен бастап, оны қабылдауды, әлде басқа мұрагерлердің пайдасы үшін одан бас таруды шешіп алуы қажет. Мұраға иелік етуден бір рет бас тарту шешімі кейін қайтадан өзгертілмейді.
Мұрагерлік құқық туралы куәлік.
Бұл құжат мұрагерлік іс ашылғаннан кейін алты ай мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта беріледі. Куәлік сіздің пәтерге деген меншік құқығыңызды әділет органдарына тіркеу үшін қажет. Тіркеу үшін құжаттарды тапсыру жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша әділет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.