Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі

СӨЖ

Глоссарий

Тақырыбы: Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Терминологиялық сөздік.
  4. “Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі” тақырыбы бойынша кроссворд

Әлеуметтік сақтандыру

  1. әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
  2. экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
  3. азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:

  • мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
  • әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;

Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.

Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.[1][2]

Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.

Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.

Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.

Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе – әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.

Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

  • 1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
  • 2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  • 1) зейнетақымен қамсыздандыруга мемлекеттік монополия;
  • 2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
  • 3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

  • 1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
  • 2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі денгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
  • 3) зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
  • 4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
  • 5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
  • 6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • 7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
  • 8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
  • 9) зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру – зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.

Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.

Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.

  1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

  1. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

  1. Резервтерді қалыптастыру-әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) – бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.

Қолданыстағы жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды, одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде, әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру «арзан» болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.

Резервтік әдіс – бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске беріледі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде бұл әдіс былайша жүзеге асырылады:

Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, ЖОО-ларда) оқуларын жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.

Қордың актуарлары алушылардың болашақ әлеуметтік төлемдерінің келтірілген құнын көрсететін провизиялардың есебін үнемі жүргізіп отырады. Қордың қаржылық тұрақтылығынын жағдайын сипаттайтын көрсеткіш Қордың активтері мен провизияларының айырмасы ретінде айқындалатын Қор резервінің мөлшері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 11 маусымдағы №654 қаулысымен қаржы жылының басында есептелетін резервтің ең төменгі мөлшері Қор провизиясының 10 пайызынан кем емес деңгейде айқындалады. Бұл көрсеткіш өзінше «қорғанды» білдіреді, яғни оның мағынасына қарап Қордың қаржылық тұрактылығы туралы саралауға болады. Егер резервтің мөлшері рұқсат етілетін ең төменгі мөлшерлерден төмен болса, бұл жүйеге ағымдағы аударымдар есебінен әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы Қордың міндеттемесін орындауға байланысты алда тұрған мәселелер туралы алдын ала (екі-үш жыл бұрын) берілген белгі болып табылады. Сондай-ақ Қорда, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін арттыру, не уақытша қаржылық көмек және т.б. алдын алу шараларын қабылдау үшін уақыт жеткілікті болады.

  1. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.

Қорға – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет бекітілген.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа – әлеуметтік аударымдарды дербес есепке алу, жүйедегі төлемдер трансферттері, аудандық бөлімшелер жүйесі арқылы әлеуметтік төлем алушыларға тікелей қызмет көрсету бекітілген. Бүл жерде Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қоры (ӘСҚ) қызметінен айырмашылық бар, оларда әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін әлеуметтік төлемдерді жұмыс берушілер төлейді де соған сәйкес сақтық жарналарын азайтады, яғни «есеп беру әдісін» қолданады. Сондай-ақ сақтық жарналарын жинау бойынша ӘСҚ- ға бақылау қызметтері жұмыс берушілерден бөлінген.

Қазақстан Республикасында әлеметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау қызметтері Қаржы министрлігінің салық органдарына жүктелген.

Қордың активтерін сенімді басқару оларды қаржылық құралдарға инвестициялау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Қордың және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік қорғапу деңгейін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық мушелерімен бірігіп жүйені жетілдірудің жаңа міндеттері тұр.

Терминологиялық сөздік (алфавиттік ретпен)

  1. Асыраушы – өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;
  2. Әлеуметтiк аударымдар – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
  3. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам.
  4. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету:
  5. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк бередi.
  6. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:

1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;

3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;

4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;

5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;

6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;

8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түрлері:

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.

  1. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
  2. Әлеуметтiк қатер – еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады.
  3. Әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзi төлеген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
  4. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу – қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді.
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті:

1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық    мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын белгілейді;

2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және мерзімдерін бекітеді;

3) алып тасталды – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  1. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті:

1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;

2) Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.

3) Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін  тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.

  1. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері:

1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi есепке алуды жүзеге асыруға және мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстырып-тексеруді жүргiзуге;

2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар етуге;

3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;

4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге;

5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға;

6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды Қорға осы Заңда көзделген мерзiмде беруге;

7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;

8) артық төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;

9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

10) осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс етуге;

11) әлеуметтiк төлемдердi алу мәселелерi бойынша қажеттi түсiндiрме беруге мiндеттi.

13. Міндетті әлеуметтік сақтандыру –азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандырының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметін қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

  1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай;

4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;

5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;

6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.

  1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принціптері:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

  1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегіуәкілетті орган:

1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;

2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;

3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;

4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.

  1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар – төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар.
  2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
  3. Сақтандыру— сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
    Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру).Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.
  4. Сақтанушы – сақтандыру шартына немесезаңғасәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады.

Кроссворд(Сақтандыру)

  1. Өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам кім?
  2. Қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасынбейнелейтін көне категорияларының бipi.
  3. 3. Уәждеме теориясы шеңберінде адамға құнды болып көрінуімүмкін нәрселер

4.Отказаться сөзінің қазақша баламасы

  1. Зерттеу нетексеруәдісі.
  2. Өндіріс факторын өндірістік үдеріске тартуға және онда қосымша күш-жігер жұмсамай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұстауға жетерліктей болуы үшін артық төлеу
  3. Ықпалды адамның әлдебіреудің ісін (мысалы, қызмет бабыбойынша көтеру) ыңғайластыруға көрсететінқолдауы

8.Бір нәрсенің міндетті түрде орындалуы

9.Қыста аюдың өзіне жинайтын заты?

10.Сақтандырушы кімге көмек береді?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!