Реферат
Тақырыбы: Заң бойынша мұрагерлік
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
- Заң бойынша мұрагерлік туралы түсінік
2.ҚР Конституциясының 59 тарауындағы заңды мұрагерлік туралы ережелері
III.Қорытынды
I.Кіріспе
Мұрагерлік құқық – азаматтық құқық бөлімі; қайтыс болған адамның құқығы мен міндетерінің мұрагерлік құқық бойынша өту тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мұра
- Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы токтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
- Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
- 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
- 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
- 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын кұкықтар мен міндеггер;
- 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы зан актілерінін негізінде басқа да төлемдер төлеу кұқығы;
- 5) мүліктік құкыктармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
- Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін
II.Негізгі бөлім
1.Заң бойынша мұрагерлік туралы түсінік
Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезегі реттелінген. XII кесте заңында І-ші кезектегілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болған балаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелетін. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туысы шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауыстырылу жүргізілмеген. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса (І-ші және ІІ-ші кезектегілер) мұра ІІІ-ші кезектегі болып саналатын когнаттық (қандық) туыстарына өткен. Тек ІV-ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.Заңды мұрагерлік – заң бойынша мұрагерлер кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
Бірінші кезекте — мұра қалдырушының балалары, соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
Екінші кезекте – егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, мұрагер болу кұқығын мұра қалдырушның бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілер мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, апасы жағынан да атасы мен әжесі – тең үлеспен алады.
Үшінші кезекте — егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, мұрагер болу құқығын мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары тең үлеспен алады.
Төртінші кезектегі — егер бұған дейінгі кезектегі мұрагерлер болмаса, мұрагерлер ретінде үшінші туыстық дәрежесіндегі туыстар
2.ҚР Конституциясының 59 тарауындағы заңды мұрагерлік туралы ережелері
1060-бап. Жалпы ережелер
- Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1064-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.
2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.
Ескерту. 1060-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi
- Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.
Ескерту. 1061-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегі
- Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi – тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
Ескерту. 1062-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi
- Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
Ескерту. 1063-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1064-бап. Кейiнгi кезектегi мұрагерлер
- Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.
Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзiнiң дүниеге келуi бұл қатарға жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлiкке:
төртiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде үшiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар – мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелерi;
бесiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде төртiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар – мұра қалдырушының туған немере iнi-қарындастарының, жиендерiнiң балалары (шөбере iнi-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерiнiң туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi);
алтыншы кезектегi мұрагерлер ретiнде бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар – мұра қалдырушының шөбере iнi-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары және оның екi атадан қосылатын аталары мен әжелерiнiң балалары шақырылады.
3. Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде мұра қалдырушымен кемiнде он жыл бiр отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесiне не өгей шешесiне ерiп келген аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесi және өгей шешесi шақырылады.
Ескерту. 1064-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1065-бап.
Ескерту. 1065-бап алып тасталды – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1066-бап.
Ескерту. 1066-бап алып тасталды – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
- Мұра ашылғанға дейiн немесе мұра қалдырушымен бiр мезгiлде қайтыс болған заңды мұрагердiң үлесi осы Кодекстiң 1061-бабының 2-тармағында, 1062-бабының 2-тармағында және 1063-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиiстi ұрпақтарына өтедi және олардың арасында тең бөлiнедi.
2. Мұра ашылғанға дейiн немесе мұра қалдырушымен бiр мезгiлде қайтыс болған және осы Кодекстiң 1045-бабына сәйкес мұра алу құқығын иелене алмайтын мұрагердiң ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагер болмайды.
Ескерту. 1067-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар
- Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.
2. Заң бойынша осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген мұрагерлер тобына кiрмейтiн, бiрақ мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.
Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегiзiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде өз бетiнше мұра алады.
Ескерту. 1068-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1069-бап. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық
- Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
2. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi.
3. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.
1070-бап. Мұра алу кезiндегi ерлi-зайыптылардың құқықтары
- Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ.
2. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.
1071-бап. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлiк кезiнде оны басқару
- Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.
Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi осы Кодекстiң 1059-бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады.
- Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы.
3. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн.
4. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты осы Кодекстiң 1059-бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады.
5. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.
Ескерту. 1071-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
III.Қорытынды
Заң бойынша мұрагерлік – заң бойынша мұрагерлер кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
ҚР-ның АК-нің заңды мұрагерлік бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) жақын туыстарына қатысты кезек тәртібі мен оның үлестері нақты қарастырылған.Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сін салыстырмалы түрде қарастырсақ, қазіргі ҚР-ның АК-де мұра қалдырушының мұрагерлерінің кезек тәртібі ұлғайған.Ал, Ресей Федерациясында заңды мұрагерлікке шақырудың 8 кезегі қарастырылған. Бұл тұрғыда Н.В. Ростовцевтың айтуынша, мұрагерлікке шақырудың кезек тәртібінің көп болуы, мұра қалдырушының мүлкінің иесіз мүлік ретінде мемлекетке өтпеуіне бірден-бір себеп дейді. Н.В. Ростовцевтың пікірін орыс ғалымдары Щербаков пен Ю. Харитонов та қолдайды. Осыған байланысты шын мәнінде бұл ғалымдардың пайымдауларына келісеміз.Адамзатқа қатысты туыстық жұртты үшке бөледі, олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл туыстық қарым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді. Қайын жұрт мұра қалдырушының қандық туысы емес, қайын жұрт мұра қалдырушының көлденең туысы болып табылады. Біріншісі –өз жұрты (жеті ұрпаққа таратылады); екінші жұрт –нағашы жұрт. Екі жаққа да (ері мен жұбайына) бірдей шешелерінің төркіні, үшіншісі –қайын жұрты, ері мен жұбайының елі. Осыған орай, ҚР-ның АК-нің 1064 баптың 3 тармағының 2 азат жолын толықтыру келесі түрде ұсынылады: «Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушының зайыбына қатысты туыстары (еріне қатысты туыстары), соның ішінде зайыбының ата-анасы (қайын атасы, қайын енесі) немесе ерінің (атасы мен енесі), сонымен қатар зайыбының (ерінің) туған аға-інілері мен апа-қарындастары шақырылады».