Жағдайлық есептер
Тақырыбы: Отбасы мүшелерінің әлименттік қатынастары.
1-есеп
Шарт: Әкесі мен анасы қайтыс болғандықтан Әжібеков нағышы әжесінің қолында өседі. Кәмелетке толғаннан кейін оқуға қалаға кетеді. Қалада оқуын аяқтайды, жұмысқа кіреді және үйленеді. Әжібековтың әжесі қартайғандықтан және науқас болғандықтан, жұмыс істеуін тоқтатады. Әжібековтың әжесі дәрілеріне ақша жетпегендіктен немересінен көмек сұрайды, бірақ немересі бас тартады. Әжібековтың әжесі сотқа шағымданады.
Сұрақ: Әжібековтың әжесінің іс-әрекеті заңды ма?
Жауап: Отбасы құқығының 139-бабына «Немерелердің атасын және әжесін асырап-бағу міндеті» сәйкес өдерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажетті қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алеумент талап етуге құқылы.
2-есеп
Шарт: Сатанов пен Саанова некеде тұрады. Олардың 2 жылдан кейін ортақ ұлдары туылады.. 3 жылдан кейін Сатановтар көлік апатына түсіп, тек Сатановтардың ұлдары тірі қалады.
Сұрақ: Ұлы мен келіні қайтыс болғандықтан, атасы мен әжесі немересін асырап – баққысы келеді. Сот атасы мен әжесіне немересін асырап-бағу жөніндегі сұранысын мақұлдайды ма?
Жауап: Отбасы құқығының 138-бабына «Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері» сәйкес өздерінің ата-аналарынан көмек алуы мүмкін болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар. Өздерінің жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық беріледі.
3-есеп
Шарты: Азамат Б жеке жағдайына байланысты заңды түрде жұбайынан ажырасуға сотқа арызданды. Бірақ азаматтың әйелі ажырасуға қарсы, себебі ол жүкті болатын.
Сұрақ: Сот бұл жағдайда кандай шешім қабылдайды. Азамат Б бұл жағдайда ажыраса алады ма?
Жауап: Қ.Р «Неке және отбасы » кодексінің 16-бап 2-ші бөліміне сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болиайды.
4- есеп.
Шарты: Жасына байланысты төменгі зейнетақы алатын 65 жасар ,Базарбаева коммуналдық пәтердің бөлмесінде жалғыз өзі өмір сүрген. Ол өзінің жұмыс істейтін,үйленген 25 жасар баласы бар ұлынан ақшалай көмек беруін өтінеді. Бірақ Абзал баласы жалақысының өзінің жанұясына ғана жететінін айтып, анасына көмек көрсетуден бас тартады.
Сұрақ: Базарбаева не істеу керек? Ұлынан қандай жәрдем көмек ала алады.
Жауап: Сотқа шағымдануы тиіс,себебі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 5 бөлім, 131-бабына сәйкес: . Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.
5-есеп
Шарт: Маржан мен Әділет 9 жыл бойы некеде тұрады. Некелерінің 4жылы Маржан мүгедек болып калғандықтан жұмысқа жарамсыз деп саналады. Әділет басқа әйелге ғашық болғандықтан, некелерін бұзуға шешім қабылдайды. Маржан ажырасқан жағдайда, мүгедектер пенсиясы жетклісіксіз болғандықтан, Әділеттен алимент төлеуін талап ететінің мәлімдейді. Әділет әйелінің іс-әрекетін заңсыз деп санап, сотқа шағымданады.
Сұрақ:Әділетке соттың шешімі қандай болады?
Жауап: Сот Отбасы құқығының 134-бабына «Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алеумент алуға құқығы» сәйкес соттан бұрынғы
жұбайымен неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып, көмекке мұқтаж болғандықтан бұрынғы жұбайынан бұрынғы жұбайы алеумент талап етуге құқығы бар екенін мәлімдейді.
6- есеп
Азамат Бобков 20жыл неке тұлғаннанкейін ауыр жарақаттан 2топтағы мүгедек болып, қосымша күтімді қаже етіп, жұмыс істей алмайтындай болып қалғаннан кейін әйелі некені бұзғысы кекелетінің айтып, заңды консульацияға жүгінді. Бобков 1жылдан асам мерзім әйелінің қаражатына тұратынын, үй шаруасына көмекесе алмайтынын, тамақ пісіре алмайды және кейде алкоголь ішеінің мойындады. Бірақа әйелін сүйеді және некені бұзғысы келмейді.
Сұрақ: Бобковқа қандай анықтамалар беруге болады?
Жауабы: Қ.Р «Отбасы кодексінің» 19-бапқа сәйкес егер сот ерлі – зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. Сонымен қатар 20-бапқа сәйкес Ерлі зайыптылардың біреуінің некені (ерлі зайыпылықты) бұзуға келісмі болмаған кезде сот ерлі-зайпыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі – зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
7- есеп
Шарты: Муртазиндер жұбайлары некеде 10 ай тұрды. АХАЖ органдарында некелері бұзылғаннан кейін, балалары болмағандықтан, Муртазина күйеуі материалдық қамтамасыз талап етіп сотқа шағымданады. Муртазина өзінің талабын некеге тұрғаннан жарты жылдан кейін аллергиялық ауруға шалдығып мүгедек болдым деп түсіндіреді. Муртазина емдеу курсын қабылдау үшін қосымша қаражет қажет дейді, мүгедектік бойынша зейнетақысы аз. Оның қарт анасы бар, басқа уысқандары жоқ екен және бұрынғы күйеуінен басқа көмек сұрайтын ешкім жоқ.
Сұрақ: Сот қандай шешім қабылдайды? Әйелдің науқас болғаны некені бұзуға себеп болды деп сот қарастырады ма?
Жауап: Қ.Р «Отбасы кодексінің» 18-бапқа сәйкес некені (ерлі-зайыпылық) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмілетке толмаған балаларын күтіп бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиаация тәртібімен немесе сот тәртібімен қаралады.