Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары Жағдайлық есептер

Жағдайлық есептер

Тақырыбы:Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары  

1.Есеп.

С есімді азаматша өзінің  бұрынғы күйеуінен алиментті уақытылы төлемегені үшін айыппұл төлеуін талап етті?

Сұрақ: С есімді азаматшаның іс-әрекеті дұрыспа?

Жауап: Дұрыс,себебі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 171-бабына сәйкес: Алиментті уақытылы төлемеу, алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және (немесе) сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған кезде кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді.

  1. Есеп.

Д есімді азаматша мен К есімді азамат ажырасады. Олардың екі баласы бар. Ажырасқаннан кейін,соттың шешімі бойынша К есімді азамат алимент төлеп тұрды. Алайда ол 3 ай өткеннен кейін алимент төлеуден жалтарып, 1 жыл бойына төлемеді. Д есімді азаматша осы іс бойынша сотқа арызданды. Сот К есімді азаматты алимент төлеуден жалтарғаны үшін 1жылға бас бостандығынан айырды.

Сұрақ: Соттың шешімі дұрыспа?

Жауап: Дұрыс,себебі ҚР Қылмыстық Кодексі­нің 136-шы бабының 1-бөлігіне сәйкес,   ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы – айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғатындығы немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланатындығы көрсетілген.

  1. Есеп.

А және Б есімді азаматтар ажырасты. Олардың екі баласы бар болатын. Қызы анасымен,ал ұлы әкесімен қалды.

Сұрақ: Сот қандай шешім қабылдауы тиіс? Алиментті қай жақ төлейді?

Жауап: Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 5 бөлім, 127-бабына сәйкес:  Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерiн аз қамтамасыз етiлген ата-ананың бiреуiнен екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот белгiлейтiн тұрақты ақша сомасы белгiленедi.

  1. Есеп.

Жасына байланысты төменгі зейнетақы алатын 70 жасар Жарылқасынова, коммуналдық пәтердің бөлмесінде жалғыз өзі өмір сүрген. Ол өзінің жұмыс істейтін,үйленген 22 жасар баласы бар ұлынан ақшалай  көмек беруін өтінеді. Бірақ Жарылқасынов жалақысының өзінің жанұясына ғана жететінін айтып, анасына көмек көрсетіден бас тартады.

Сұрақ: Жарылқасынова не істеу керек?

Жауап: Сотқа шағымдануы тиіс,себебі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 5 бөлім, 131-бабына сәйкес: . Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.

  1. Есеп.

А есімді азаматшаеңбекке жарамсыз,көмекке мұқтаж ата-ана ретінде,өзінің кәмелетке толған ұлынан алимент төлеуін талап етіп, сотқа арызданды. Алайда А есімді азаматшаның ата-ана міндетін орындауда жалтарғаны анықталып,сот оның ұлын алимент төлеуден босатты.

Сұрақ: Сот дұрыс шешім қабылдадыма?

Жауап: Дұрыс,себебі Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 5 бөлім, 131-бабына сәйкес: Егер сот ата-аналардың ата-ана мiндеттерiн орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерiнiң еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.

Жағдайлық есептер

Тақырыбы:Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!