Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу
Тақырып: Анемиялық, геморрагиялық, миело және лимфопролиферативті синдромдардың дәрілік емінің принциптері.
Сағат саны: 3
Курс: 3
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
- Тақырыбы: Анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферативті синдромдардың дәрілік емінің принциптері.
- Мақсаты: Сабақтың мазмұнымен таныстыру:
– қан түзілуге әсер ететін заттардың қолдану ерекшеліктері мен әсер ету механизмдері.
– қан түзілуге әсер ететін заттардың қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
– қан түзілуге әсер ететін заттардың улы және жанама әсерлері.
– қан түзілуге әсер ететін заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу.
– клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау.
- Оқыту мақсаты:
– қан түзілуге әсер ететін дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының сұрақтарын қарастыру.
- қан түзілуге әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық нәтижелерін көрсету;
– жеке дәрілердің қасиеттерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару және оларға салыстырмалы мінездеме беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Анемиялық синдром кезінде қолданатын препараттар. Темір препараттары. Препараттардың салыстырмалы мінездімелері, олардың қолданылуы және жанама әсерлері. Педиатрияда қолдану ерекшеліктері.
- Темірдің сіңірілуінде аскорбин қышқылының қызметі.
- Цианокобаламин және фолий қышқылының фармакотерапиялық нәтиже берудің механизмі. Олардың қолдану көрсеткіштері. Мүмкін жанама әсерлері.
- Геморрагиялық синдром кезінде қолдананатын препараттар.
- Тура және жанама әсерлі антикоагулянттар, фибринолиз ингибиторлары, антитромбоздық дәрілер, тамырлар өткізгіштігіне әсер ететін заттар. Олардың жіктелінуі, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Миело- және лимфопролиферативті синдром кезінде қолданатын дәрілер.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, тәжірибелік сабақтың хаттамасын дайындау, топтық қатнасты анықтау, рецепт жазу, ситуациялық есептер шығару.
- Әдебиет:
- Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЕОТАР-МЕД». 2006г.
- Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004 г.
- Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЕОТАР-МЕД». 2004г.
- Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 1998г.
- Тақырып бойынша дәріс.
- 7. Бақылау: рецепт, сұрақтары бар билеттер.
Рецепт жазуға аранлған препараттар:
Ферковен (б/етке егуге арналған ерітінді 5 мл ампулада), Феррум – Лек (б/етке егуге арналған ерітінді -2 мл, к/тамырға -5 мл), гино-тардиферон (таб 0,35), аскорбин қышқылы (таб 0,025 балаларға, 0,1 үлкендерге №10,50, ерітінді 5% -1мл), цианокобаламин (ерітінді 0,003% – 1 мл, 0,01%-1мл), фолий қышқылы (табл 0,001 № 50), ферреплекс (драже№100)
Топтық қатынас анықтауға арналған препараттар:
Темір тотығының сульфаты (актифферин), ранферон-12, тотема, эпоэтин альфа, фумарат темірі (хеферол), фолацин, сорбифер-дурулес, пентоксил, натрия нуклеинат, миеласан,миркаптопурин.
Хаттама дайынадау:
- Гипохромды анемия
- Гиперхромды анемия: а) мегалобласты анемия б) макроцитарлы анемия