Тақырып: Ми қанайналымы бұзылғанда қолданылатын дәрілер. Құрысу синдромы кезінде қолданылатын препараттар.
- Тақырыбы: Ми қанайналымы бұзылғанда қолданылатын дәрілер. Құрысу синдромы кезінде қолданылатын препараттар.
- Мақсаты. Сабақтың мазмұнымен таныстыру:
-ОЖЖ-ға әсер ететін заттардың қолдану ерекшеліктері және әсер ету тегершіктері.
– ОЖЖ-ға әсер ететін заттардың қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
– ОЖЖ-ға әсер ететін заттардың улы және жанама әсерлері.
– ОЖЖ-ға әсер ететін дәрілерге рецепт жазу .
– клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау.
- Оқыту мақсаты:
– ОЖЖ-не әсер ететін заттардың фармакокинетикасымен фармакодинамикасының сұрақтарын қарастыру.
– ОЖЖ-не әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық нәтижелерін көрсету;
- жеке дәрілердің қасиеттерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару және оларға салыстырмалы мінездеме беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Геморрагиялық және ишемиялық инсульт дәрілік емінің принциптері.
- Антигипоксанттар және антиоксиданттар (оттегі, эмоксипин, мексидол). Қолданылуы, қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Нейрометаболикалық заттар: ноотроптар және церебропротекторлар (пирацетам, фезам, семакс, церебролизин, танакан), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштер. Балаларда қолдануының ерекшеліктері.
- Ми қанайналымының жақсартатын дәрілік препараттар (вазоактивті) – антиагреганттар, антикоагулянттар, кальций каналдарының тежегіштері, метилксантиндер және т.б.). Қолданылуы, қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Тырысу синдромының емдеу принциптері.Эпилепсияға қарсы препараттар және эпилепсияның түрлеріне байланысты емдеу ерекшеліктері. Әсер ету механизмі, қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Эпилепсияның фармакотерапиясының жалпы қағидалары. Балаларда қолдануының ерекшеліктері.
- Ми қабаттарының зақымдалу синдромы (менингиттер). Нейроинфекциялар кезінде қолданылатын антибактериалды дәрілер. Олардың әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері және қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Балаларда қолдануының ерекшеліктері.
- Білім берудің және оқытудың әдістері:кіші топтар және дискуссия, хаттама дайындау, топтық қатнастарды анықтау, рецептер жазу, ситуациялық есептер шығару.
- Бақылау: рецепт, сұрақтары бар билеттер.
Рецепт жазатын дәрілер:
Фенобарбитал (ерітінді 0,2%-200мл тамшы, таб 0,05№ 6), милдронат ( кап 0,25 №10, ерітінді 10%-5мл амп көк тамырға енгізу), дифенин (таб 0,117 №10), клоназепам (таб 0,00025 №30, ерітінді 0,05%-2мл амп), мексидол (ерітінді 5%-2 мл амп, табл 0,125), цитиколин, пирацетам( таб балаларға 0,2 №60, үлкендерге 0,5 № 20,30)
Топтарын анықтауға арналған дәрілер:
Триметин, этосуксимид, ацедипрол, пармидин, аскорутин, троксевазин, этамзилат, ницерголин, ламотриджин, вобэнзим, фраксипарин, гепарин, фенилин, варфарин, винпоцетин, кавинтон, семакс.
Хаттама дайындау:
- Антиоксиданттар Ми зат алмасуының активаторлары.