Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының антимикробты терапиясы

  1. Тақырыбы1: Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының антимикробты терапиясы.
  2. Мақсаты: Білім алу мүмкіншілігін және түсінік беру:
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшелігі;
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың қолданудың көрсеткіші мен қарсы көрсеткіштері;
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың жанама және токсикалық эффектері;
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу;
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттармен улануды анықтау;
  • клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау туралы түсінікті қалыптастыру және білімді жинақтау.
  1. Оқыту мақсаты:
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;
  • несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың негізгі фармакологиялық эффектілерін көрсету;
  • студенттердің назарын несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде микробқа қарсы қолданылатын жеке препараттардың қасиеттерінің ерекшелігіне аудару және оларды салыстыру.
  1. Негізгі сұрақтар мен тақырыптар:
  2. Пиелонефритті емдеу үшін қолданылатын заттар (антибиотиктер, фторхинолондар, нитрофурандар, 8-оксихинолиндар);
  3. Пероральді қолданылатын фторхинолон тобының препараттары (левофлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин).
  4. Пенициллин тобының препараттары (амоксициллин/клавуланат).
  5. Пероральді қолданылатын цефалоспорин тобының II-III ұрпақтары (цефуроксим аксетил, цефаклор, цефиксим, цефтибутен).
  6. 8-оксихинолиндер, әсер беру спектрі, қолдану көрсеткіштері, жанама нәтижелері (нитроксолин)
  7. Нитрофурандар, әсер беру спектрі, қолдану көрсеткіштері, жанама нәтижелері (нитрофурантоин, фуразидин)
  8. Ко-тримоксазол– әсер беру спектрі, қолдану көрсеткіштері, жанама нәтижелері Балаларда қолдану ерекшеліктері.
  9. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, рецептер жазу, ситуациялық есептер шығару, тестік жұмыстарды орындау.
  10. Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецептер.

Фармакотерапия бойынша тапсырмалар:

  1. Пеницилиназа ферментін түзушi стафилококктармен шақырылған инфекция кезiнде қолданылатын антибиотиктер.
  2. Сульфаниламид және триметопримнен тұратын препарат.

3.8-оксихинолин туындысы, уросептик.

  • астан жоғары балаларға тағайындалатын фторхинолондар.
  1. Несеп шығару жүйесінің инфекциясы емдеу үшін қолданылатын нитрофуран туындысы.

6.Нитрофуран, моноаминоксидаза (МАО) ферментінің ингибиторы. 

Рецепт жазуға арналған препараттар:

Цефтриаксон (тороцеф, лонгацеф), норфлоксацин (нолицин, норбактин), ципрофлоксацин (ципролет), ко-тримоксазол (бисептол), фосфомицин трометамин (монурал), нитроксолин (5-НОК), нитрофурантоин (фурадонин) 

Топтық қатынасты анықтауға арналған:

Цефтазидим (фортум), цефаклор,  азтреонам, пефлоксацин (абактал), офлоксацин (таривид), ломефлоксацин, амоксициллин/клавуланат, пипемид қышқылы (палин), цефуроксим аксетил, фуразидин (фурагин), нифурател (макмирор), налидикс қышқылы (невиграмон, неграм)

  1. Тақырыбы 2: Әртүрлі гломерулонефриттердің фармакотерапия принциптері. Антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктер.
  2. Мақсаты: Білім алу мүмкіншілігін және түсінік беру:
  • гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшелігі;
  • гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;
  • гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың жанама және токсикалық эффектері;
  • гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу;
  • клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау туралы түсінікті қалыптастыру және білімді жинақтау.
  1. Оқыту мақсаты:
  • гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;
  • гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың негізгі фармакологиялық эффектілерін көрсету;
  • студенттердің назарын гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын жеке препараттардың қасиеттерінің ерекшелігіне аудару және оларды салыстыру.
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Нефрологияда қолданылатын қанның ұю жүйесіне әсер ететін заттар. Тікелей әсер беретін антикоагулянттар (гепарин), антиагреганттар (аденозиндезамидаза ингибиторы -дипиридамол). Әсер ету механизмі, көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері, адам жасының аспектілеріне байланысты қолдану ерекшеліктері.
  3. Глюкокортикоидтермен (преднизалон) және цитостатиктермен (циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин) жүргізілетін иммуносупрессивті терапия. Пульстерапия туралы ұғым, қолданылатын жағдайлар. Глюкокортикоидтер мен цитостатиктерді бірге қолдану. Әсер ету механизмі, көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері, адам жасының аспектілеріне байланысты қолдану ерекшеліктері.
  4. Созылмалы гломерулонефриттің үйлесімді терапиясы. Үш компонентті (цитостатиктер не глюкокортикоидтер, антиагреганттар, гепарин) және төрт компонентті (глюкокортикоидтер, цитостатиктер, антиагреганттар, гепарин, кейін фенилинге ауысу) схеманы тағайындау. Әсер ету механизмі, көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері, адам жасының аспектілеріне байланысты қолдану ерекшеліктері.
  5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, тәжірибелік сабақтың хаттамасын дайындау, топтық қатнасты анықтау, рецептер жазу, ситуациялық есептер шығару.
  6. Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецептер.

Фармакотерапия бойынша тапсырмалар:

  1. К дәруменінің синтетикалық аналогы.
  2. Тікелей әсер ететін антикоагулянт.
  3. Гепарин антогонисі.
  4. Жергілікті қолданатын гемостатик.

Ахуалдық есептер:

  1. Тромбофлебитпен ауратын науқасты антикоагулянттармен емдеген, біраз уақыттан кейін науқас зәрінің түсі “ет жуған су” сияқты болғанына назар аударып дәрігерге келеді. Антикоагулянттарды беруді тоқтатады. Тамырға және ішке түймедақ тағайындаған. Науқасты қандай антикоагулянттармен емдеген? Зәр түсінің өзгеруі, емдеген нтикоагулянттармен байланысты ма? Антикоагулянттардың әсерін қалай қадағалап отыруға болады?
  2. Науқас травмадан кейінгі капилларлық қан кету және көп қан жоғалту жағдайында, яғни шок даму қауыпымен стационарға түскен. Науқастың қан кету беткейіне коагулянтқа малынған таңғыш салған және екі литр консерверленген қан құйған. Қан қысымы басында қалпына кел бастаған, бірақ қауыпты брадиокардия пайда болды. Қан тоқтату үшін не қолданған? Неге науқаста брадикардия туды?

Рецепт жазуға арналаған препараттар:

Гепарин, варфарин, фенилин, дипиридамол (курантил), клопидогрел (плавикс, зилт), тромбо АСС,  преднизолон, дексаметазон

Топтық қатынас анықтауға аранлаған препараттар:

Абциксимаб, эптифибатид, тиклопидин (тиклид), алтеплаза, цитрат натрия, надропарин кальций, циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин

  1. Тақырып 3: Бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігінің синдромының фармакотерапиясы. Балалардағы БҚСЖ фармакотерапиясының ерекшеліктері.
  2. Мақсаты: Білім алу мүмкіншілігін және түсінік беру:
  • бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшелігі;
  • бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;
  • бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың жанама және токсикалық эффектері;
  • бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу;
  • клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау туралы түсінікті қалыптастыру және білімді жинақтау.
  1. Оқыту мақсаты:
  • бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;
  • бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың негізгі фармакологиялық эффектілерін көрсету;
  • студенттердің назарын бүйрек қызыметі созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын жеке препараттардың қасиеттерінің ерекшелігіне аудару және оларды салыстыру.
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  2. Зәр айдатын заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
  3. Карбоангидраза ингибиторлары, әсер ету механизмі Қолдану көрсеткіштері. Кері көрсеткіштері. Жанама әсерлері.
  4. Осмостық диуретиктер, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
  5. Ағзадан натрий, калий, хлор иондарының шығарылуын күшейтетін заттар (ілмектік диуретиктер), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
  6. Ағзадан натрий және хлордың бөлінуін күшейтетін заттар (тиазидтер және тиазид тәрізді диуретиктер), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
  7. Минералокортикоидты рецепторлардың антагонисттері ( альдостеронның антогонисттері, калий жинақтаушы диуретиктер), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
  8. Бүйрек эпителийінің натрий түтікшелерінің ингибиторлары (альдостеронның тура емес антагонисттері, калий сақтаушы диуретиктер) әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
  9. Адам жасының аспектілеріне байланысты қолдану ерекшеліктері.
  10. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, рецептер жазу, ситуациялық есептер шығару, тестік жұмыстарды орындау, тәжірибелік сабақтың хаттамасын дайындау.

5.Тақырып бойынша дәріс.

7.Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецептер.

Фармакотерапия бойынша тапсырмалар:

  1. Тез, қысқа уақытта әсер ететін және ықпалы күшті несеп айдағыштар.
  2. Ұзақ әсер ететін несеп айдағыштар.
  3. Альдостеронның әсеріне әсер етпейтін «калий сақтаушы» несеп айдағыш.
  4. Альдостерон антагонистінің несеп айдағышы.

Ахуалдық есептер:

  1. Бауыр циррозының салдарынан болған ісінуі бар науқасты аптасына 1 рет несеп айдағыш дәрімен емдеген. Ісінудің басылғаны байқалып, жағдайы жақсарды. Бірнеше рет еккеннен кейін дәрінің несеп айдағыш әсері жойылды. Науқасқа хлорид аммоний дәрісі тағайындалған соң дәрінің әсері қайта қалпына келді. Науқасқа қандай несеп айдағыш тағайындалған? Дәрінің әсері хлорид аммониін тағайындағаннан кейін қалпына келгені неге байланысты?
  2. Науқас ұйықтататын дәрінің үлкен мөлшерін қолданғаннан уланып, улану симптомымен ауруханаға түсті. Жедел жәрдем көрсету мақсатымен және улануды туғызған дәріні ағзадан шығару үшін қандай несеп айдағыштарды қолданған жөн?

Рецепт жазуға арналған препараттар:

Гидрохлортиазид, индапамид, фуросемид, диакарб 

Топтық қатынас анықтауға арналған препараттар:

Оксодолин, буметанид, дорзоламид, амилорид, спиронолоктон, мочевина, кальция резониум, лориста  Н, аминофиллин

«Зәр шығару жүйесі» тақырыбы бойынша протокол құрастыру

  1. Диуретиктер:
  2. Салуретиктер:

а) тиазид және тиазид тәрізді диуретиктер

б) шумақты диуретиктер

в) карбоангидраздың ингибиторлары

  1. Калийсақтаушы диуретиктер

а) натрий каналдарының   блокаторлары

б) альдостерон антагонистері

  1. Осмотық  диуретиктер 
  • Қан ұюын төмендететін дәрілік заттар (антитромботикалық).
  1. Антикоагулянттар:

а)  тікелей әсер ететін

б)  тікелей емес әсер ететін

  1. Фибринолитиктер (тромболитиктер):

а)  тікелей әсер ететін

б)  тікелей емес әсер ететін

  1. Тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайтын заттар (антиагреганттар):

а)  циклооксигеназаны тежейтін заттар

б)  аденилатциклазаға әсер ететін заттар

в) фосфодиэстеразаны тежейтін заттар

г) IIb/ IIIа тромбоциттерінің гликопротеинді рецепторларының блокаторлары

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!