Реферат
Тақырыбы: “Гипо және гипертиреозда қолданылатын препараттар, қолдану көрсетімдері, қарсы көрсетімдер, жанама әсерлері”
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлімі:
Гипотиреоз. Классификация, қолдану көрсетімдері, қарсы көрсетімдер, жанама әсерлері.
Гипертиреоз. Классификация, қолдану көрсетімдері, қарсы көрсетімдер, жанама әсерлері.
ІІІ. Қорытынды.
І. Кіріспе:
Қалқанша безі L-тироксин және L-трийодтиронин гормондарын өндіреді. Олардың синтезіне тағаммен түсетін йод қатысады. Қанда айналып жүрген йодидтер қалқанша безімен сіңіріледі, сол жерде аминқышқылы тирозинмен әсерлесетін йодқа дейін тотығады. Бұл кезде тиреоидты гормондардың ізашары болатын монотирозин және дийодтирозин түзіледі. Олардан түзілген тироксин және трийодтиронин қалқанша безінің фолликуласында тиреоглобулин белогының құрамында қорға жиналады. Йодидтердің безбен сіңірілуі, гормондардың синтезі және қанға босап шығуы гипофиздің алдыңғы бөлігінің тиреотропты гормонымен реттеледі. Қанда айналып жүрген L-тироксин глобулинмен байланысады. L-трийодтиронин аз дәрежеде байланысады.
Қалқанша безі гормондары зат алмасуына ынталандырғыш әсер көрсетеді. Негізгі алмасу жоғарылайды, соған сәйкес көптеген тіндермен оттегінің жұмсалуы артады, дене температурасы жоғарлайды. Белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырауы қарқынды жүреді, қанда холестериннің деңгейі төмендейді. Тиреоидты гормондар адреналиннің әсерін күшейтеді.
Тиреоидты гормондар ағзаның өсуі мен дамуын реттеуге қатысады. Олар мидың, сүйек тінінің және басқа мүшелер мен жүйелердің қалыптасуына әсер етеді. Бала кездегі олардың жетіспеушілігінде кретинизм дамиды. Ересектерде қалқанша безінің жетіспеушілігі зат алмасу үрдістерінің тежелуімен, физикалық және ақыл-ой жұмыс қабілетінің төмендеуімен, апатиямен, тіндердің ісінуімен, жүрек қызметінің бұзылуымен көрінеді. Бұл патология – микседема деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім.
Гипотиреоз – қалқанша безінің тапшылығынан дамитын ауру. Бұл кезде гипофиз гормондарының мөлшері жоғарылайды. Белгілері: депрессия, апатия, суықты көтере алмау, артралгия, тырнақ гиперкератозы, ісіну, анемия, брадикардия, стенокардия, тәбеттің төмендеуі. Қалқанша без гипофункция кезінде 3 патологиялық формалар кездеседі: микседема(ересектерде); кретинизм(балаларда); жай эндемиялық зоб(біріншілік гипотиреоз). Осы гипотиреоидизмнің 3 түрін емдеу үшін толықтырушы ем ретінде келесі препаратты тағайындайды:
1)Тиреоидин
2)Трийодтиронин гидрохлориді
3)Левотироксин
4)Тиреокомб
5)Калий йодиді
Тиреоидин – сойылған малдың кептірілген қалқанша безінің препараты болып табылады. Тиреоидты гормондарының қоспасынан тұрады. Препараттың белсенділігі толық тұрақты емес, себебі оның стандартизациясы толық жетілмеген. Аз дозада анаболитикалық эффект береді(белок синтезін күшейтеді), үлкен дозада белоктың бөлінуін күшейтеді, гипофиздің тиотропты белсенділігін тежейді,
Қолдану көрсетімдері: Біріншілік гипотиреоз, микседема, кретинизм, церебральды-гипофизарлы аурулар, эндемиялық зоб, қалқанша без обыры.
Қарсы көрсетімдер: Тиреотоксикоз, қант диабеті, Аддисон ауруы, коронарлы жеткіліксіздігінің ауыр формалары
Жанама әсерлері: Жоғары қозғыштық, тершеңдік, тахикардия, тремор, дене салмағының төмендеуі, стенокардия, аллергиялық реакциялар.
Трийодтиронин гидрохлориді – тироксин тәрізді қалқанша безі гормонының синтетикалық аналогы. Оның әсері тироксинге қарағанда жылдамырақ басталады(жоғары шегі 24-48 сағат) және бірнеше күн сақталады. Зат алмасуға тироксинге қарағанда 3-5 есе күштірек әсер етеді. Аз дозада анаболитикалық эффект береді(белок синтезін күшейтеді), үлкен дозада белоктың бөлінуін күшейтеді, гипофиздің тиотропты белсенділігін тежейді.
Қолдану көрсетімдері: Эутиреоидтық зобтың рецидивін емдеу және алдын алу үшін, гипотиреоз, тиреоэктомия.
Қарсы көрсетімдер: Тиреотоксикоз, қант диабеті, Аддисон ауруы, коронарлы жеткіліксіздігінің ауыр формалары, коронарлы кардиосклероз, екіншілік гипотиреозда.
Жанама әсерлері: Жоғары қозғыштық, тершеңдік, тахикардия, тремор, дене салмағының төмендеуі, стенокардия, аллергиялық реакциялар.
Левотироксин – Аз дозада анаболитикалық эффект береді(белок синтезін күшейтеді), орташа дозада ағзаның өсуі мен дамуын реттеуге қатысады, тіндермен оттегінің жұмсалуы артады, дене температурасы жоғарлайды. Белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырауы қарқынды жүреді, қанда холестериннің деңгейі төмендейді. Жүрек-тамырлар жүйесінің және ОЖЖ-нің қызметін ынталандырады, үлкен дозада гипоталамустың ТТРГ және гипофиздың ТТГ бөлінуін тежейді.
Қолдану көрсетімдері: Біріншілік және екіншілік гипотиреоз, аралас зоб, аутоиммунды тиреоидиттерді комплексті емдеу, кретинизм, эутиреоидтық зобтың рецидивін емдеу және алдын алу үшін.
Қарсы көрсетімдері: Қалқанша безінің гиперфункциясы, жедел миокард инфарктісі, аса сезімталдық.
Жанама әсерлері: Тахикардия, пальпитация, аритмия, стенокардия ұстамалары, бас ауыру, тремор, ұйқының бұзылыстары, үрей, диарея, құсу.
Гипертиреоз – қалқанша безінің гормондарының жоғарлауымен көрінетін ауру. Антитиреоидты заттардың жіктелуі:
1)Гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиреотропты гормонның өндірілуін тежейтіндер: йод, дийодтирозин
2)Қалқанша безінде тиреоидты гормон синтезін тежейтіндер: Мерказолил, Пропилтиоурацил
3)Қалқанша безімен йодтың сіңірілуін бұзатын: Калий перхлораты
4)Қалқанша безі фолликуласының жасушаларын бұзатын: Радиактивті йод
Йод – тиролиберин өндірілуін одан кейін гипофиздің тиреотропты гормонының өндірілуін тежейді. Соған сәйкес тиреоидты гормондарының өндірілуі төмендейді. Қалқанша безінің көлемін кішірейтеді.
Қолдану көрсетімдері: Гипертиреоз, эндемиялық зоб, созылмалы атрофиялық ларингит, атеросклероз, қабыну инфильтраттары, миозиттер, микрожарақаттар.
Қарсы көрсетімдер: Аса сезімталдық, өкпе туберкулезі, нефрит, фурункулез, созылмалы пиодермия, диатез.
Жанама әсерлері: Йодизм
Мерказолил – тироксин және трийодтирониннің тікелей қалқанша безіндегі синтезін бұзады. Негізгі алмасу төмендейді. Препарат темірде ұзақ жинақталады, сол себептен, ұзақ латентті периодқа ие, клиникалық әсер 1-2 аптадан кейін дамиды, ал максимальды әсер 4-8 аптада дамиды.
Қолдану көрсетімдері: диффузды токсикалық зоб, радиойодтерапияға дайындалу, Пламмер ауруы, тиреотоксикоздың хирургиялық емдеуіне дайындалу, түйіндік зоб, операциядан кейінгі рецидивтер.
Қарсы көрсетімдер: аса сезімталдық, агранулоцитоз, айқын лейкопения, гранулоцитопения, холестаз, бауыр жеткіліксіздігі, аллергиялық реакциялар.
Жанама әсерлері: миелопоэзді басу, апластикалық анемия, гипопротромбинемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гепатит, холестаздық сарғаю, “Зобогенді” әсер болуы мүмкін. Ол гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиреотропты гормонның өндірілуінің жоғарлауына байланысты(қанда айналып жүрген тиреоидты гормонның концентрациясының төмендеуіне реакция ретінде).
Калий перхлораты – қалқанша безімен йодтың сіңірілуін азайтады, сирек тағайындайды, негізінен тиреотоксикоздың жеңіл және орташа дәрежесінде.
Қолдану көрсетімдері: жеңіл және орташа тиреотоксикоздардың формаларында.
Қарсы көрсетімдер: аса сезімталдық, жүктілік, лактация кезінде, асқазан және 12 елі ішектің ойықжарасы
Жанама әсерлері: Бас ауыру, лейкопения, агранулоцитоз, тәбеттің төмендеуі, құсу болуы мүмкін.