Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат. Медицина практикасында қолданылатын антибиотиктер актиномиоциттерден, зеңді саңырауқұлақтардан, сонымен қатар кейбір бактериялардан өндіріледі. Бұл топтығ препараттарына синтетикалық аналогтары мен табиғи антибиотиктің туындылары жатады.
Бактерияға қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы және қатерлі ісіктерге қарсы әсер ететін антибиотиктер бар. Осы жұмыста бактерияларға әсер ететін антибиотиктер қарастырылған. Олар химиялық құрамына, әсер ету спектріне, шығу тегіне қарай жіктеледі.
Антибиотиктерге қойылатын талаптар
Антибиотиктермен емдеу туралы нұсқау болған кезде, тиімді емдеу антибиотиктерді таңдау немесе олардың комбинациясы дәлелденген жағдайда ғана мүмкін болады:
- Организм үшін улы емес дозадағы микробтарға қарсы әсерлерінің жоғары деңгейде таңдалуы.
- Препаратқа, оны қолданған кезде қоздырғыштың тұрақтылығының болмауы немесе баяу дамуы.
- Организм сұйықтықтарында эксудаттарында және тіндерде микробтарға қарсы әсерінің сақталуы, қан сарысуының ақуыздарымен , тіндік энзимдермен белсенділігі жойылмауы.
- Препараттың организмге енгізілген емдік концентрациясы әсерін жылдам көрсетіп, ұзақ сақталуы керек, жақсы сіңуі, тарауы, шығарылуы керек.
- Зәрде, өтте, нәжісте, зақымдану аймағында жоғары концентрациясының жиналуының маңызы күшті.
- Дәрілік формасы қолайлы және сақтаған кезде тұрақты болуы.
Антибиотиктерді қолдану барысында оларға тұрақтылық (резистенттілік) дамуы мүмкін – микроорганизм дақылының препараттың антибактериалды әсеріне сезімталдығының төмендеуі. Яғни, микроорганизмнің максимальды ыңғайлы терапиялық дозасында көбею мүмкіндігі.
Антибиотиктерге резистенттіліктің негізгі екі типін ажыратады:
- Табиғи төзімділік – микроорганизмнің антибиотиктерге сезімталдығының жоқтығы генетикалық қамтамасыз етілген (мысалы вирустардың антибиотиктерге, грам теріс бактериялардың бензилпенициллинге, анаэробты бактериялардың 1 ұрпақтағы цефалоспориндерге тұрақтылығы).
- Жүре пайда болған резистенттілік бактериялық жасушада болатын мутация нәтижесінде геномдағы өзгерістерге негізделген. Біріншілік төзімділік микроб дақылының кейбір варианттарында антибиотикпен емдеуге дейін байқалады(мысалы кейбір певмококк штамдарының немесе алтынды стафилококктың бензилпенициллинге тұрақтылығы). Екіншілік тұрақтылық микроб антибиотикпен жанасқаннан кейін пайда болып, ары қарай дамып күшейе түседі.
АНТИБИОТИКТЕРДІҢ БІРІКТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Біріктіру терапиясын суперинфекция пайда болуға қауыпы болғанда, ағзадағы резистентілікті және препараттардың уытты әсерін төмендету үшін қолданылады.
Препараттарды мына қағида бойынша біріктіреді :
- бактериостатикалық + бактериостатикалық
- бактериоцидті + бактериоцидті немесе
- суда еритіндерді + суда еритіндермен
- липофилділерді + липофилділермен
ЖІКТЕЛУІ
Алу жолдарына қарай :
- Табиғи (биосинтетикалық) – микроорганизмдер мен төменгі саңырауқұлақтардың тіршілік әрекет өнімдері.
- Жартылай синтетикалық – табиғи АБ химиялық синтез арқылы жасанды жолмен алынған өнімдері.
Бактериялық клеткаға әсер етуі бойынша:
- Бактерицидтік (бактерияларды өлімге әкелетін);
- Бактериостатикалық (бактериялардың өсуі мен дамуын тежейтін).
Әсер ету спектрі бойынша:
- Кең спектрлі әсер ететін (грам+ және грам- бактерияларға)
- Тетрациклиндер;
- Хлорамфеникол;
- Аминогликозидтер;
- Цефалоспориндер;
- Полисинтетикалық пенциллиндер.
- Грам оң бактерияларға әсер ететін
- Биосинтетикалық пенициллиндер;
- Макролидтер.
- Грам теріс бактерияларға әсер ететін
- Полимиксиндер;
- Монобактамдар.
- Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер
Клиникалық қолданылуына байланысты:
- Негізгі антибиотиктер – ауру қоздырғышының бұларға сезімталдығы анықталғанға дейін емдеуді бастайды.
- Резервті антибиотиктер – негізгі антибиотиктерге тұрақтылығы немесе аса сезімталдығы болған кезде қолданылады.
Химиялық құрылысы бойынша:
Жасуша қабырғасының синтезін бұзатын | |||||
β-лактамды антибиотиктер | |||||
Пенициллиндер | Табиғи | Парентральді (қышқыл тұрақсыз) | Қысқа | Бензилпенциллиннің Na ж/е K тұздары | |
Ұзақ | Бензилпенициллин прокаин; Бициллин 1; Бициллин5; | ||||
Энтральді (қышқыл тұрақты) | Феноксиметилменициллин | ||||
Жартылай синтетикалық | Тар спекторлы (βлактамаза әсеріне тұрақты) | Изоксазолилді препараттар | Оксациллин Нафциллин Клоксациллин Диклоксациллин флуклоксациллин | ||
Кең спекторлы (βлактамаза әсеріне тұрақсыз) | Аминопенициллиндер | Ампициллин Амоксициллин | |||
Карбоксипенициллиндер | Карбенициллин Тикарциллин | ||||
Уреидопенициллиндер | Азлоциллин Пиперациллин мезлоциллин | ||||
Цефалоспориндер | І ұрпақ | Парентральді | Цефазолин | ||
Пероральді | Цефалексин, Цефадроксил | ||||
ІІ ұрпақ | Парентральді | Цефуроксим, Цефокситин, Цефамандол, Цефотетан | |||
Пероральді | Цефуроксимааксетил, Цефаклор | ||||
ІІІ ұрпақ | Парентральді | Цефотаксим, Цеф3, Цефтазидим, Цефоперазон | |||
Пероральді | Цефиксим | ||||
ІV ұрпақ | Парентральді | Цефепим, Цефпиром | |||
Карбапенем | Меропенем, Имипенем, Эртапенем, Биапенем, Дорипенем. | ||||
Монобактам | Азтреонам | ||||
Гликопептидтер | |||||
Ванкомицин, Тейкопланин | |||||
Жасуша ішілік белок синтезін бұзатын | ||
Макролидтер және азалидтер | ||
14-мүшелі | Табиғи | Эритромицин, Олеандомицин |
Жартылай синтетикалық | Рокситромицин, Кларитромицин | |
15-мүшелі (азалидтер) | Табиғи | – |
Жартылай синтетикалық | Азитромицин | |
16 мүшелі | Табиғи | Спирамицин, Джозамицин, |
Жартылай синтетикалық | Мидекамицин | |
Аминогликозидтер | ||
І ұрпақ | Стрептомицин, Неомицин, Канамицин | |
ІІ ұрпақ | Гентамицин, Тобрамицин, Нетилмицин | |
ІІІ ұрпақ | Амикацин | |
Тетрациклиндер | ||
Биогенді | Тетрациклин, Окситетрациклин | |
Синтетикалық | Доксицинлин, Метациклин | |
Хлорамфеникол | ||
Хлорамфеникол | ||
Линкозамидтер | ||
Линкомицин, Клиндамицин, |
Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын |
Полимиксиндер |
Полимиксин В, Полимиксин М |
РНҚ синтезін бұзатын |
Аксамицин |
Рифамицин, Рифампицин, Рифабутин. |
Әр түрлі антибиотиктар |
Бацитраун, Полимиксин, Ристомицин, Фузафунгин, Фузидия Қышқылы, Циклосерин |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жасуша қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер
2.1.1. Бета – лактамды антибиотиктер
Барлық бета – лактамды антибиотиктердің әсер ету мехенизмдері: бактериоцидтік әсер ету механизміне ие, әсер ету нысанасы болып бактериядардың пенициллин байланыстырушы ақұыздары болып табылады,олар бактерия торша қабырғасының негізгі компоненті биополимер пептидогликанның соңғы кезеңіндегі ферменттік ролін атқарады.
Пептидогликан синтезінің тежелуі бактериялардың жойылуына әкеледі (микроб қабырғасындағы синтез компонентін тежейді). Барлық бета-лактамды антибиотиктер суда ериді, көбейетін бактерияларға тек торша сыртынан әсер етеді.
ПЕНИЦИЛЛИНДЕР
Барлық пенициллиндер плацентарлы тосқауыл арқылы өтеді, бірақ тератогенді әсер көрсетпейді.Сүйек тініне, цереброспиналды сүйықтыққа енуі төмен, бірақ қабыну үдерісі орын алғанда енуі жоғарлайды.Зақымдалмаған препараттардың көпшілік бөлігі зәрде көрінеді, негізгі шығарылу жолы шумақтық экскреция арқылы болып табылады.
Табиғи пенициллиндер
Әсер ету спекторы: А,В,С топтарындағы стрептококктар, пневмококктар, теріс кокктар, гонококктар, менингококктар, анаэробты клостридилер,бозғылт спирохета, оба таяқшасы. Табиғи пенициллиндер стафилакокктарға әсер етпейді, себебі олар пенициллинді жоятын бета-лактамаза пенициллиназа ферментін түзеді.
Бензилпенициллин натрий тузы тек парентералды енгізіледі, себебі ақуызбен байланыспайды сондықтан 4 сағ. әсер етеді. Феноксиметилпенициллин пенициллиннен айырмашылығы, ол асқазанда тұз қышқылымен жойылмайды сондықтан энтералды енгізуге болады, бірақ белсенділігі төмен.
Жартылай синтетикалық пенициллиндер
1) Пеницилиназаға турақты пенициллиндер
Бұл препараттардың әсер ету спекторы табиғи пеницилиндерге ұқсас, бірақ антимикробты белсенділігі бойынша басым. Олар стафилакокктардың бета-лактамазаларына түрақты. 5 – 15 % стафилакокктар метициллин және оксациллинге түрақты. Метициллинді қолдануға болмайды, себебі 10 – 20 % науқастарда интерстициалды нефритке әкеледі.Оксациллин метициллинге қарағанда сіңірілуі жақсы. Оксациллинді 1 рет ішке қолданғанда жоғары концентрация пайда болмайды, сондықтан клоксациллин, диклоксациллин немесе флуклоксациллин пероралды тағайындауға болады.
2) Аминопенициллиндер
Ампициллин, амоксициллин, бакампенициллин, пивампенициллин.
Микробқа қарсы әсері кең спекторлы. Табиғи пенициллиндер әсер ететін микробтарға белсенділігі жоғары (энтерококктарға белсенді, бета-лактамазадан түзетін стафилакокктарға белсенді емес). Грам теріс бактерияларға, ішек таяқшасына, протейлерге, салмонелаға, шигеллаға, гемофилді таяқшаға белсенділігі жоғары.
Амоксициллин ампициллинге қарағанда ауыз арқылы жақсы сіңіріледі. Қанда, зәрде, қақырықта концентрациясы жоғары сіңірілуі жақсы
3) Көк таяқшаларға қарсы препараттар. Карбоксипенициллиндер, уреидопенициллиндер.
Әсер ету спекторы кең көк таяқшаларға қоса барлық микрбтарға әсер етеді, бірақ бета-лактамаза әсерінен жойылады.
Көк таяқшаларды жою әсеріне қарағанда келесі ретте орналасқан: азлоциллин-пиперациллин-мезлоциллин-тикарциллин-карбенициллин
Монотерапия ретінде қолдануға болмайды, себебі үйренгіштік тез дамыды.
ПЕНИЦИЛЛИНДЕРДІ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ :
- Бактериалды менингит (жоғары дозада бензилпенициллин).
- Сүйек буын инфекциялары staph. Aureus шақыратын (флуклоксациллин).
- Тері және жумсақ тіндердің инфекциясы stept. Piogenus шақыратын.
- Фарингиттер step. Piogenus шақыратын (ауыз арқылы феноксиметилпенициллин).
- Ортаңғы қулақтың отиті (амоксициллин).
- Жоғары тыныс жолдарының созылмалы обструктивті аурулары бар науқастардағы бронхиттер.
- Зәр шығару жүйесінің аурулары Е. Соli шақыратын (ауыз арқылы амоксициллин)
- Гонорея (амоксициллин + басқа антибиотиктер).
- Мерез (пенициллинің новокаин тұзы бұлшық етке).
- Эндокардит strept. Viridas шақыратын (бензилпенициллин + аминогликозидтер).
- Көк таяқшалардың әсерінен ауыр инфекциялар (пиперациллин к/т).
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Аса сезімталдық, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстары, жүктілік, емшекпен емізуде.
ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ
Пенициллиндер қауыпсыз қатардағы препараттарға жатады, бірақ:
- Жоғары сезімталдық байқалады себебі пенициллинің метаболиті пенициллин қышқылы монореакцияның өрлеу гаптены болып табылады.
- Жартылай синтетикалық пенициллиндер, аминопенициллин тобы ауыз арқылы ішкенде дизбактериозға әкеледі.
- Нефрит метициллинде болуы мүмкін.
- Бензилпенициллин натрий тұздары гипернатриемияны көрсетуі мүмкін, қорытындысында ағзада су усталып, ісіну, қан қысымының жоғарлауы, гипокалиемия болуы мүмкін.
ЦЕФАЛОСПОРИНДЕР
Цефалоспориндер барлық бета-лактамды препараттармен бірге торша қабырғасындағы компоненттің синтезін тежейді, олар пенициллиндарге уқсас бактериоцидтік және суда еритін антибиотиктер болып табылады.
- Пенициллиндерден ерекшелігі:
- 2 – 5 % пациентерде аллергиялық үдерістер байқалады.
- Микроорганизмдердің төзімділік жиілігі төмен.
- Әсер ету спекторы кең.
Цефалоспориндердің басым бөлігі көк тамырға енгізіледі, себебі сорылуы төмен. Адекватты терапевтік деңгейі жұлын ми сүйықтығында қабыну болған кезде тек цефалоспориндердің III – ұрпағында байқалу мүмкін. Цефазолин – сүйекке жақсы енеді, элиминация түтікшелі секреция немесе шумақтық фильтрация арқылы жүреді. Тек цефтриаксон асқазан ішек жолдарында өт арқылы шығарылады.
I – ұрпақтағы цефалоспориндер
Әсер ету спекторы: грам өң кокктарға, бір қатар грам теріс бактерияларға әсері бар.Препаратты ішке енгізеді, 90 – 95 % сіңіріледі, зәр арқылы шығарылады, тіндерге жақсы енеді, ГЭТ арқылы өткізгіштігі төмен.
Кемшіліктері:
1.Бета – лактамазамен жойылады.
2.Әсер ету спекторы тар.
3.Бүйрек патологиясы бар науқастарға байқап тағайындау керек.
II – ұрпақтағы цефалоспориндер
Грам теріс бактерияларға, анаэробты бактерияларға белсенділігі жоғары, бета – лактамазаға түрақты.Цефуроксимның жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, ГЭТ арқылы жақсы өтеді, иммундық бузылыстары бар науқастар және қарт адамдардың госпиталды инфекцисы кезінде қолдынылады.Цефуроксим аксетилді пероралды күніне 2 рет тағайындалады, жақсы сорылады, бета – лактамды түзетін микроорганизмдерге белсенділігі жоғары.
III – ұрпақтағы цефалоспориндер
Әсер ету спекторы кең, грам теріс бактерияларға, көк таяқшалаларға, белсенділігі жоғары.Грам теріс бактерияларға, бета – лактамазаға түрақты.ГЭТ арқылы жақсы өтеді.Цефатоксим жұлын ми сүйықтығына жақсы өтеді.Цефтазидим pseudomonas aereginosa- белсенді.Цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, күніне бір рет тағайындалады, қанда жоғары концентрация құрайды.Гонореяда жоғары әсерлі, сүйекке жақсы енеді, өт арқылы шығарылады.
IY – ұрпақтағы цефалоспориндер
Әсер ету спекторы кең, грам оң микроорганизмдерге белсенді, бета – лактамазаға тұрақты.
ЦЕФАЛОСПОРИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
1. Септицемия (цефуроксим, цефотоксим к/т)
2. Пневмония микроорганизмдердің сезімталдығы болса (цефуроксим, цефотоксим к/т).
3. Өт шығару жолдарының аурулары.
4. Зәр шығару жүйесінің аурулары, әсіресе жүкті әйелдер,басқа антибиотиктерге сезімталдығы жоқ науқастарға.
5. Синуситтер (цефодроксил ауыз арқылы)
ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ:
Дисульфурамды үдерістер, қызару, тахикардиямен көрінеді, цефамандол және цефпиразонды ішімдікпен бірге қолданғанда. Цефамандол және цефпиразон витамин К-ға антогонист болып келеді, содықтан қан кету және гипопротромбинемияға әкелуі мүмкін.аллергиялық үдерістер, 2 % жағдайларда к/т енгізген кезде ауырсыну және флебиттер дамуы мүмкін.
КАРБОПЕНЕМДЕР
Әсер ету механизмдері пенициллиндер және цефалоспориндер ұқсас. Бета – лактамазаға тұрақты, грам теріс пенициллин түзүшілерге, грам оң микроорганиздарге,анаэробтарға, көк таяқшалыға белсенді.
Фармакокинетикасы: менингит кезінде жұлын ми сүйықтығына енеді, гломулярлы фильтрация жолымен шығарылады. Целастатинмен біріктіріліп беріледі, себебі целостатин имипенемнің бұзылуынан және оның уытты метаболит түзүінен сақтайды.
Кері әсерлері: Жүрек айну, құсу, диарея, дәрілік заттардың жоғары концентрацисы тырыспаға әкелуі мүмкін.
МОНОБАКТАМДАР
Азтреонам (азактам) пенициллиндер және цефалоспориндердей әсер етеді. Бета – лактамазаларға тұрақты, пенициллин цефалоспорин препараттарына аллергиясы бар науқастарға альтернативті препарат болып табылады.
Аэробты микроқоздырғыштарға қатысты әсері жоғары. Зәр арқылы шығарылады, уытты әсері жоқ,флебиттер және терінің бөртпелеріне әкелуі мұмкін,кей жағдайларда бауыр көрсеткіштерінің өзгерістеріне әкелуі мұмкін.
2.2.2. ГЛИКОПЕПТИДТЕР
Ванкомицин және тейкопланин грамм оң таяқшалар мен кокктарға бактерицидтік әсер көрсетеді. Грамм теріс микроорганиздер осы препараттар тобына тұрақтылық көрсетеді. Себебі, айтарлықтай көлемінен олар липосахаридты мембрана арқылы өте алмайды.
Әсер ету механизмі. Олар жасуша қабырғасының синтезін бұзады. Яғни, муреин мономерінің соңғы бөлімінің D – Ala – D –Ala –мен әсерлесіп, өсіп келе жатқан полимерлі тізбекке муреин блокадасының қосылуына кедергі жасайды. Сонымен қатар, аталған аминқышқылының блокадасы пептидогликанның транспептидациясына кедергі жасайды.
Қолданылу көрсетілімі. Ванкомицинді ауыр стафилакокктық және стрептококктық инфекцияларда пенициллин, цефалоспорин немесе басқа препараттарды көтере алмағанда тағайындайды. Препарат әсері 6 сағ.жетеді.
Тейкопланинннің ванкомациннен айырмашылығы:
- Бүйрек функциясы бұзылуын азырақ шақырады.
- Метилин резистентті стафилакокктар мен энтерококктарға біршама белсендірек.
- Ұзақ әсерлі (күніне 1-2 рет тағайындайды)
- Жанама әсерлері аз.
2.2. ЖАСУША ІШІЛІК БЕЛОК СИНТЕЗІН БҰЗАТЫН
МАКРОЛИДТЕРТЕР МЕН АЗАЛИДТЕР
Эритромициннің әсер ету спектрі пенициллинге ұқсас тар спектірлі болып келеді
Барлық жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету спектрі кең.
Макролидтер липофильді антибиотик болып келеді торша сыртылық және торша ішілік әсер етеді. Макролидтер 50S бактериалды рибосомамен қайтымсыз байланысып, транслокация ұрдісін А аймағынан Р аймағына тежейді және қорытындысында ақ уыз синтезі тежеледі.
Фармакокинетикасы: Эритромицин ас қазан сөлімен бұзылады, осыған байланысты қапталған таблетка тұрінде шығарылады. Кларитромицин және азитромицин ас қазан сөлімен бұзылмайды, және тез сіңіріледі.
Эритромицин жұлын-ми сұйықтығынан басқа ағзадағы барлық сұйықтыққа енеді,және макрофагтарда жиналып бауырда мөлшерленеді. Қабыну үрдісі эритромициннің тіндерге енуін кұшейтеді. Эритромицин белсенді метаболизмге ұшырап Р-450 цитохромды тежейді.
Кларитромицин метаболизмге ұшырайды, бірақ оның метаболттері антибиотикалық белсенділікті сақтайды. Ол теофиллин және карбомазепиннің метаболизмін өзгертеді. Кларитромицин бүйрек арқылы шығарылады, эритромицин және азитромицин өт арқылы шығарылады.
Азитромицин (азалид) нейтрофилдарда, макрофагтарда фибробластарда жиналып метаболизмге ұшырамайды.
Көрсеткіштері: Атипиялық (хламидиозды, легионелезды пневмония) пневмониясы, стрептококкты инфекциясы, фарингит,тонзиллит, скарлатина,сұзег, көк жөтелі барнауқастарды, амбулаторлы тұрде круппозды пневмонияны емдеу ұшін қолданылады. Эритромицинді жұкті әйелдерге қолдануға болады.
Кері әсерлері: Эритромицинге диспепсиялық көріністер тән. Эритромицинді бауыр қызметінің бұзылыстары бар адамдарға тағайындауға болмайды,себебі бауырда жинақталады. Эритромицин,кларитромицин , теофиллиннің, карбомозепиннің ,астемизолдың, циклоспориннің варфариннің метаболизмін тежейді.
АМИНОГЛИКОЗИДТЕР
I – ұрпақты: стрептомицин, канамицин тек туберкулезды науқастарды емдеуге қолданады.
II – ұрпақты: гентамицин грам теріс бактерияларға, ішек таяшаларға, көк іріңді таяшаларға, стафилакокктарға белсенділігі жоғары, гемофилді таяқшаға әсері төмен,стрептококктарға, невмакокктарға,энтерококктарға,анаэробтарға мүлдем әсер етпейді.
III – ұрпақты: нетилмицин,(нетромицин), тобрамицин (бруламицин), амикацин.
Гентамициннің әсер ету спектрі кең, гентамицинге резистенті микробтарғада әсер етеді. Фармакологиялық әсерлері: бактериостатикалық
Үлкен дозада бактериоцидтік әсер көрсетеді. Суда жақсы ериді, торша сыртылық әсер етеді.
Әсер ету механизмі: Аминогликозидтер торша мембранасы арқылы белсенді өтіп, бактериялардың 30 S бактериалды рибосомаларының арнайы рецепторларының бір немесе бірнеше ақ уыздарымен қайтымсыз байланысып,и-РНК комплексінің тұзілуін бұзады, қорытындысында РНК –ң қате саналуы болып және полирибосоманың жұмыс жасамайтын ақ-уыздары тұзіліп,олар ыдырап ақ-уыз тұзеуге қасиеттерін жоғалтады (бактериостатикалық әсер). Соңында аминогликозидтердің тасымалдануы кұшейіп,олар мембрананың кұшті бұзылуына әкеледі және торшаның өлуі болады( бактериоцидтік әсері).Осыған байланысты аминогликозидтер бета –лактамазалармен синергист болуы мұмкін.
ФК. Барлық аминогликозидтер тек қана парентералды жолмен енгізіледі,себебі АІТ нашар сіңіріледі,жұлын ми сұйықтығы арқылы нашар өтеді.Ұлкен концентрацияда олар бұйректің милық қабатында,құлақтың эндо-перилимфаларында жиналады , олардың барлығы плацентарлы барьер арқылы жақсы өтеді,және амниотикалық сұйықтықта жиналуы мүмкін.Амногликозидтер метаболизге ұшырамайды,бұйрек арқылы гломерулярлы фильтрация жолы арқылы сыртқа шығарылады.
Кері әсерлері:
1. Ототоксикалық әсер- қайтымсыз саңраулыққа әкелуі мүмкін.
2. Нефротоксикалық әсер- бұйректің кішкене зақымдалуынан ауыр.
3. Ауыр жедел некрозға дейін әкелуі мүмкін.
4. Жүйке-бұлшық ет параличі- ұлкен дозаларды енгізгеннен кейін.
Қарсы көрсетілімдері. Аминогликозидтермен +фуросемидті қосып беруге болмайды
ТЕТРАЦИКЛИНДЕР
Антибиотиктер кең спектрлі әсері бар көк іріңді таяқшаларға, протей, вирустардан басқа, барлығына әсер етеді. Липофильділер осыған байланысты хламидий, микоплазма, рикетсия, холера вибрионы, спирохеттер, актиномицидтерге әсерлері белсенді.
Әсер ету механизмі: Тетрациклиндер 30 S бактериалды рибосомамен байланысып т-РНК-ң А аймағымен м-РНК байланысуын тежейді соңында ақ-уыз синтезі тежеледі.
Фармакокинетикасы: Барлық тетрациклиндер бірдей әсер етеді,бірақ пероральды енгізгеннен кейін толығымен сіңірілмейді. Диетадағы сұт тағамдары сіңірілуді төмендетеді себебі олар сіңірілмейтін хелатты комплекс тұзеді.
Тетрациклиндердің сіңірілуі 2-3 валенті катиондардың қосылысуымен төмендейді (мысалы: Алмагель немесе темір препараттары). Тетрациклиндер бауыр,бұйректе көк бауырда,теріде жиналады.
Миноциклин миға қабыну болған кезде жақсы өтеді, барлық тетрациклиндер плацентарлы барьер арқылы жақсы өтеді, ұрықтың тіндерінде және тістерінде жиналуы мүмкін. Препараттардың көптен бөлігі қайта АІТ сорылуы мүмкін жіне зәр арқылы шығарылады.
Қолдануға көрсеткіштері: Тетрациклиндер 1 қатардағы препараттар болып табылады. Рикетсиозды,хламидиозды,микоплазмалық инфекцияларда бруцеллез, холера, оба.
ХЛОРАМФЕНИКОЛ
ІІ қатардағы топтың препараттары болып табылады, ауыр инфекцияларды емдеу ұшін. Кең спектрлі әсер етуші антибиотик,грамм (-), грамм (+), кокктарға әсер етеді, грам (-) бактерияларға, анаэробтарға, рикетсияларға, көк іріңді таяқшаға. Туберкулез таяқшасына әсер етпейді.
Әсер ету механизмі: Бактериостатикалық, липофильді антибиотик, транспептидазалық үдерісін тежейді, яғни бактериалды рибосоманың 50пептидилтрансфераза ферментінің белсенділігін бұзады, белок синтезі бұзылады. Бұл препарат тек басқа антибиотиктерге тұрақтылық дамыған кезде ғана қолданылады, себебі бактериостатикалық сипаттамасы, емдеу барысында тұрақты түрлерінің дамуына әкелуі мүмкін.10 күндей ғана тағайындалады, себебі препараттың уытты әсері жоғары.
Фармакокинетикасы: Хлорамфеникол ауыз арқылы тағайындалады, толық және жылдам сіңіріледі, максималды концентрациясы 2 сағаттан кейін дамиды. Парентералды тағайындауға болады (левомецитин сукцинат). Жүлын ми сүйықтығымен қоса ағзадағы тіндерге сіңіріледі.Қан сарысуында 50 % ақұыздармен әсерлеседі, 10 % өзгерісіз зәр арқылы шығарылады, қалғаны бауырда инактивацияға үшырайды.
Көрсеткіштері: Левомецитиннің уытты әсерінің болуына байланысты, клиникалық қолданылуы шектелген,аса қауыпты инфекцияларда қолданылады.
Кері әсерлері: диспепсиялық көріністер, гепатотоксикалық өзгерістер, фотосинсибилизациялық анемия, агранулоцитоз, нәрестелердің тыныс алыының бузылуы, невриттер, бозғылт коллапс (жүрекке уытты әсері).
ЛИНКОЗАМИНДЕР
Линкомицин липофилді антибиотик (торша сыртына және торша ішіне) бактериостатикалық әсер етеді.
Әсер ету механизмі: 50 S бактериалды рибасомалармен қайтымды байланысып, ақұыз синтезін тежейді, А аймақтан Р аймаққа транслокация үрдісі бүзылып, пептидті байланыстың түзілуі жойылады. Анаэробты микроорганизмдерге әсер етуіне байланысты клиндомицин линкомицинге қарағанда бір неше рет белсендірек, жәнеде ішке тағайындалғанда жақсы сіңіріледі. Препараттар липофилді болғандықтан сүйек тініне (тістің сүйекті қүысына), өтке жақсы енеді, ГЭТ арқылы өтпейді.Линкомицин құрсақ қуысының анаэробты инфекцияларында, өкпе іріңдігінде, стафилакоккты инфекцияларда, газды гангренада, және сіреспені емдеуде қолданылады.
Әсер ету спекторы: стафилакокктар, стрептококктар, клостридилер, газды гангрена қоздырғыштары, дифтерия, сіреспе қоздырғыштары.
Кері әсерлері: дисбактериоз (ауыз арқылы болса), псевдомембранозды колит.
Қарсы көрсетілімдері. Линкомицин ампициллин, карбенициллин, цефалоспорин, канамицинмен біріктіруге болмайды. Клиндамицинді ішек перистальтикасын тежейтін препараттармен бірге тағайындауға болмайды, сонымен қатар бір шприцте В тобындағы витаминдермен, эуфиллин, глюконат кальции, магни сульфатпен біріктіріп қөлдануға болмайды.
2.3. КЛЕТКАНЫҢ РНҚ СИНТЕЗІН БҰЗАТЫН ПРЕПАРАТТАР
АКСАМИЦИНДЕР
Оларға рифампицин және рифабутин жатады, олар кең спектрлі антибактериалді белсенділікке ие. Рифампицин I-ші топтағы туберкулезге қарсы препараттарға жатады, клиникалық тәжірибеге жақын арада енгізілген рифабутин II-ші топтағы туберкулезге қарсы препараттарға жатады.
Рифампицин. Табиғи рифампициннің жартылай синтеттикалық туындысы. 70-ші жылдардың басынан бері қолданылады. Кең спектрлі әсерге ие және фармакокинетикалық әсерлері бар. Бірақ қолдануға көрсеткіштеріндегі оған тез тұрақтылық дамуы рифампициннің қолдануын шектейді. Оны көбінесе туберкулезде, атипиялық микобакториозды және сирек жағдайларда кейбір ауыр инфекцияларда, антимикробты препараттар тиімсіз болғанда қолданады.
Әсер ету механизмі. Бактериоцидті әсерге ие, РНК синтезінің арнайы ингибиторы болып табылады.
Белсенділік спектрі.
Рифампицин – туберкулез микобактериясына, атиптік микобактерияларға, әр түрлі грамм оң кокктарға басымырақ әсер көрсететін кең спектрлі антибиотик.
Грамм оң микроорганизмдерге әсер етеді грамм теріс кокктар – N.meningitidis және N.gonorrheae –сезімтал, бірақ емдеу үдерісінде тез тұрақтылық пайда болады. Рифампицин M.influenzae, H.ducrei, B.tularensis, B.anthracis, L.monocytogenes, F.tularensis, легионелалар, риккетсияларға қарсы белсенділікке ие.
Жағымсыз әсерлері
Асқазан ішек жолдары: тәбеттің төмендеуі, құсу, лоқсу, іш өту
Бауырда: трансаминадазалар және билирубиннің деңгейінің жоғарылауы; сирек дәрілік гепатит.
Аллергиялық реакциялар: бөртпелер, эозинофилия, Квинке ісігі, терілік синдром қызарумен, бет және бас терісінің қышыумен, жас ағумен көрініс береді.
Грипп тәрізді синдромдар: бас ауыруы,қызба, сүйектердің ауырсынуы.
Гематологиялық реакциялар: тромбопениялық пурпура, нейтропения.
Бүйректе: қайтымды бүйрек жеткіліксіздігі.
Қарсы көрсетілімдер: алкоголизм, бауыр аурулары, басқа гепатотоксикалық препараттармен қосу.
РИФАБУТИН
Рифампицин S-тің туындысы. Табиғи көптеген туындылары бойынша рифампицинге ұқсас.
Айырмашылықтары:
- Рифампицинге тұрақты M.tuberculosis-тің кейбір штамдарына (25-40%) әсер етуі мүмкін.
- Атипиялық микобактерияларға басым белсенділік көрсетеді.
- Биотиімділігі тағам қабылдағаннан соң қабылдағанда өзгермейді.
- Жартылай шығарылу уақыты ең ұзақ 16-45 сағат;
- Увеит туындатуы мүмкін
Цитохром Р450 рифампицинге қарағанда әлсіз индукторы болып бір уақытта енгізгенде метаболизмді жылдамдатып, келесі препараттардың зидолвудиннің, циклоспоринннің, пероралді контрацевтивтердің, пероралді диабетке қарсы заттардың қандағы қосылымдарын төмендетеді. Рифабутиннің этамбутолдан, пиразиамид және теофиллиннің әсерлеуінің иқтималдылығы төмен.
Көрсеткіштер
Әртүрлі таралудағы туберкулезде, M.tuberculosis-тің рифампицинге резистенті, бірақ рифабутинге сезімтал штамдарымен шақырылатын туберкулездерде.
M.avium – intracellulare және басқа атипті микобактериялардың кешені мен шақырылған инфекцияларда емдеу.
АИВ-инфекциясы бар науқастарда атипті микобактериоздың алдын-алу мақсатында.
Қарсы көрсеткіштері
Препаратты жекеше көтере алмау. Бауырдың ауыр аурулары. Жүктілік. 14 жасқа дейінгі балалар.
2.4. ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНА ӨТКІЗГІШТІГІН БҰЗАТЫН ПРЕПАРАТТАР.
Полимиксиндер – циклдік пептидтік антибиотиктер тобы. Оларды катионды детергенттер тобына жатқызады. Беткейлік активті заттар болып табылады. Полимиксиндердің әсер ету механизмі микроорганизмдердің цитоплазмалық мембранасына фосфолипидтермен тікелей әсер етуімен және олардың құрылымын бұзуымен жүреді. Нәтижесінде, бактериалық мембрананың өткізгіштігі артады. Бұл клеткадан өмірлік мағызды цитоплазма элементтері, әсіресе Na мен K иондары, шығуына әкеледі. полимиксиндер бактерицидтік әсер көрсетеді. Грам теріс бактериаларға – ішек таяқшасы, сальмонелла, шигелла, клебсиелла, гемофильді таяқша, көк ірің таяқшасы – тиімді әсер етеді.
Көбінесе, полимиксинді көз, құлақ, тері, шырышты қабықтардың жергілікті инфекциясында тағайындайды. Ішке ішектің инфекциялық ауруларында, хирургиялық операция алдында санация үшін қолданады.
Жанама әсерлері:
- Нефротоксикалық әсер – альбуминурия, азотемия.
- НЖ зақымдалуы – бас айналу, сана бұзылу, көру нашарлауы, ұйқышылдық, атаксия, перифериялық парестезия.
- Нерв-бқлшықеттік өткізгіштіктің бұзылысы – натрий каналдарының блокадасы тыныс алу параличіне, апноэға әкеледі.
- Суперинфекция – кандидоз.
- Аллергиялық реакциялар – бөртпе, қышыну, эозинофилия, крапивница.
- Диспепсиялық бұзылыстар – жүрек айну, эпигастральды аймақтағы ауырсыну, тәбіттің төмендеуі.
- Тромбофлебит және иньекция салған жердегі ауырсыну.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Антибиотиктер – бүл биологиялық туындылы (табиғи) химиялық қосылыстардан, с.б. олардың жартылай синтетикалық және синтетикалық аналогтарынан дайындалған химиотерапевтік препараттар, олар аз концентрацияда микроорганизмдер мен ісіктерге жоюшы немесе таңдамалы зақымдаушы әсер етеді.
Табиғи антибиотиктерді негізгі өндірушілер өзінің табиғи ортасында (негізінен топырақта) орналасып, тіршілігін сақтау үшін антибиотиктер өндіретін микроорганизмдер болып табылады. Жануарлар мен өсімдік жасушалары селективті антимикробтық әсері бар (мысалы, фитонцидтер) заттар өндіре алады, бірақ олар медицинада антибиотиктер өндіруші ретінде кең қолданылмады.
Келтірілген деректер мен практикадағы мол тәжірибелер антибиотиктердің адамдардың өсуіне қуаттандыратын мөлшерінде олардың қорғаныс реакциясын арттыратынын көрсетіп отыр. Адамдар өсуінің артуы – олардың осы әсеріне көп байланысты. Қорыта келгенде, антибиотиктер өте пайдалы. Флеминг, рахмет.
Әр препаратқа жеке тоқталмадым. Себебі, біріншіден, бір топқа жататын препараттардың әсер ету механизмі бірдей. Екіншіден, өте қажет деген препараттардың бір-бірінен айырмашылығын жазып кеттім, олардың қолданылуы мен жанама әсері біршама ұқсас болып келеді. Мүмкін презентацияға бір-екеуін бөліп жазармын. Үшіншіден, оның барлығы ұзақ уақыт алады. Ал менде ертең, дәлірек, бүгін таңертең – аралық бақылау. Бұл аралық бақылау менің соңғы мүмкіндігім. Осы жұмыс та. Үш жыл оқығанда қорытынды жазып үйренбедім. Домой хочу…