Антисептиктер және зарарсыздандырушы заттар

СӨЖ

Тақырыбы:     Антисептиктер және зарарсыздандырушы заттар

ЖОСПАР

  1. КІРІСПЕ
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  • Жіктелуі
  • Антисептикалық және дезинфекциялық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай
  • Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар
  • Антисептикалық заттардың әсер ету механизмі
  • Препараттар
    • Аромат қатарлы қосылыстар
    • Галоген құрамды препараттар
    • Тотықтырғыштар
    • Ауыр металл тұздары
    • Бояғыштар
    • Қышқылдар мен сілтілер
    • Альдегидтер
    • Детергенттер
  • ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ 

Микробтарға қарсы қасиеттері бар дәрілік заттарды екі топқа бөледі.

Бірінші топқа микробтарға қарсы таңдамалы емес препараттар кіреді. Олар көптеген микроорганизмдерге әсер көрсетеді. Оларға асептиктер мен дезинфекциялаушы заттар кіреді.

Антисептика – науқастың органдары мен тканьдеріндегі микробтарға қарсы бағытталған, химиялық, механикалық, физикалық және биологиялық әдістер көмегімен жүргізілетін шаралар жүйесі; хирургиялық құралдарды және түрлі жаралардағы микроағзалары құртуға бағытталған кешенді шаралар.

Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.

Антисептикалық заттар – бұл инфекциялық үрдістің дамуының алдын алу мақсатында терінің, шырышты қабаттың, жара бетінің және дене қуыстарын залалсыздандыру үшін қолданылатын дәрілік заттар. Антисептиктер дәрілік заттар дене беткейіндегі микроорганизмдерді тежейді. Оларды беткей тері, шырышты және қуыстарды өңдеу үшін қолданады. Антисептиктер – микробқа қарсы әсері бар, механизмдері әркелкі үлкен топты қосылыс, ол бактериоцидті әсер көрсетеді. Олардың көбі ақуызды денетурацияға ұшыратады немесе микрорганизмге ешқандай таңдамалы әсер етпейді.

Дезинфекциялаушы заттар – инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмені, киімдерді, науқасты күту заттарын, жұқпалы науқастардың бөліністерін т.б.)  микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылатын заттар. Залалсыздандырғыш заттарды ішкі ортадағы микроорганизмдерді жою үшін қолданады. Оларға макро- және микромүшелердің жасушаларына әсер ететін және ақуызды денатурациялауға ұшырататын дәрілік препараттар жатады. Олар адам үшін өте улы.

Препараттарды антисептиктер мен залаласыздандырғыш заттарға бөлудің маңызы зор.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

2.1. Антисептиктер және зарарсыздандырушылар жіктелуі

1.​ Ароматты қатардың қосылыстары: фенол дериванттары, иоксибензол, деготь.

2.​ Галоген туынды қосылыстар: Хлорамин Б, йодтың спиртті ерітіндісі, йодинол.

3.​ Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты.

4.​ Бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі, этакредин лактаты.

5.​ Ауыр металдардың тұздары: сынаптың сары тотығы, сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты.

6.​ Қышқылдар мен негіздер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі.

7.​ Алифатикалық қосылыстардың қатары: этиленспирті, формальдегид.

8.​ Детергенттер: церигель, этоний, роккал.

9.​ Басқалар: календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин, лизоцим.

2.2. Антисептикалық және дезинфекциялық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай

  • Антисептиктердің әсер ету механизмі химиялық құрылымға және физика-химиялық қасиеттерге байланысты.
  • Диссоциациялану дәрежесі және концентрациясы жоғары болған сайын антисептиктің әсері жоғары болады. Ерітіндіде диссоцияланатын антисептиктердің деңгейі олардың диссоциациялануына байланысты.
  • Микроорганизмдерге антисептиктердің әсер ету уақыты. Экспозицияның уақыты үлкейген кезде антисептиктердің әсер ету әсері жоғарлайды.
  • Антисептиктердің әсер етуі температураға байланысты. Температура жоғарлағанда антисептикалық әсері күшейеді.
  • Микроорганизмнің түрі және спора түзу қасиеті.
  • Микробты ағзалардың саны.
  • Ақуыздар өздерінде антисептиктерді адсорбциялайды, яғни антисептиктердің белсенділігін төмендетеді. 
  • Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар
  • Микробтарға қарсы әсер спектрі кең болуы тиіс.
  • Микробтарға қарсы белсенділігі жоғары болуы, яғни аз көлемде қоздырғыштың өмір тіршілігін тежеуі тиіс.
  • Тез және ұзақ уақыт әсер етуі керек.
  • Басқа антисептиктермен және дезинфекциялаушы заттармен үйлесімді болуы керек.
  • Жарыққа, жоғарғы температураға тұрақты болуы тиіс.
  • Биоорганикалық субстраттардың қатысуында, стерилдегенде және сақтағанда өзінің белсенділігін жоғалтпауы керек.
  • Өндірілуі және құндылығы жағынан тиімді болуы тиіс.
  • Науқастың терісін, таңатын заттарды, төсек-орынды, киімді басқа түске боямауы керек және өткір жағымсыз иісі болмауы керек.
  • Жалпы токсикалық, мүшені зақымдайтын, аллергиялық, мутагенді, канцерогенді және тератогенді әсерлері болмауы керек. 
  • Антисептикалық заттардың әсер ету механизмі

Кей заттар микробты торшаның ақуызын денатурацияға ұшыратады, басқалары олардың қабығының түзілуін тежейді немесе қабықшаның өткізгіштігін жоғарлатады, кейбіреулері микроорганизм жүйесінің ферментативті белсенділігін төмендетеді.

Олардың антимикробты белсенділігі төмен, 1:100, 1:1000 қатынаста сұйылтады.

Кең спектрлі, химиотерапевтік заттардан айырмашылығы – таңдау белсенділігінің болмауында. Ағза үшін уыттылығы өте жоғары. Жергілікті қолданғанда тек резобтивті әсер етеді. Микробтардың бейімделуі сирек байқалады.

Антисептиктер жалпы жасушалық улар болып есептеледі, олар физика-химиялық қасиеттеріне байланысты микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.

  1. Көптеген араматты қосылыстар липофилді заттар болғандықтан торша мембранасына еніп, протоплазма ақуыздарын тудырады.
  2. Галоидтар микроорганизмнің өлуін олардың протоплазмасын денатурациялау арқылы іске асырады.
  3. Тотықтырғыштар. Микроорганизмдердің протоплазмасын тотықтыру арқылы оттегіні бөледі.
  4. Бояғыштар. Микроорганизмдердің жасушаларының қосымша бөліктерімен сәйкес келеді.
  5. Ауыр металдардың тұздары бактериалды жасушалардың сульфгидрилді топтарымен қосылып, бактериалды жасушалардың өмірге қажетті ферменттерді тежейді.
  6. Қышқыл мен негіздердің антимикробты әсері олардың гидролитикалық қасиетіне байланысты, ал қышқыл мен сілтінің антисептикалық белсенділігі олардың диссоциация деңгейіне байланысты.
  7. Микроорганизмдер ұқсас әсер ететін алифатикалық қатардың қосылыстары микроорганизм жасушасы протоплазмасын ыдырытып, коагуляциясын тудырады.
  • Препараттар
    • Аромат қатарлы қосылыстар

Фенол – жүз жыл бұрын тас-көмір дегьттен алынған және карбон қышқылы деп аталды. Ол бірінші антисептик болып есептеледі.

Фенол – жалпы протолазмалық у, ол торшаның әртүрлі түрі мен типтерін ыдыратады. Оның микробқа қарсы қасиеті әртүрлі себептерге байланысты. Негізгі ролі еріткіш қасиеті. Су ерітінділерінде белсенділігі жоғары, спирт және май ерітінділері аз белсенді. Температура жоғарылаған кезде микробқа қарсы қасиеті артады. Әлсіз концентрацияда (1:400-1:800) фенол бактериостатикалық қасиет көрсетеді. 1-5% ерітінді – бактериоцидті. Фенолға спораның сезімталдығы төмен. Микробқа қарсы әсері ақуызы бар жерде байқалмайды, ол басқа микробқа қарсы заттардан ерекшелігі болып келеді.

Фенол ұлпаға әсер еткен кезде жергілікті қозуды тудырады, концентарциясы жоғарылап некроз дамуы мүмкін. Алдымен жедел ауырсыну пайда болады, кейін ол анестезияға ауысады.

Фенол шырышты қабықтармен жаралы беткейге тез сіңеді. Кейде сау тері арқылы да сіңеді.

Фенол көп мөлшерде сіңсе, жедел улануды туғызады: құсу, лоқсу, ауыз қуысы, асқазанда некроз тудырады, жедел ауырсынулар, естен тану, артериалдық қысымның жедел төмендеуі, дене температурасының төмендеуі.

Фенолмен құралдарды, киімдерді және науқас қолданған заттарды залалсыздандырады. Стоматологиялық тәжірибеде пульпитті және перидонтит кезінде антисептик ретінде түбірлі өзектерді өңдеуде қолданылады.

Крезол фенолға ұқсас, бірақ микробқа қарсы белсенділігі жоғары. Олардың құрамында метил топтары болғандықтан микроб мембранасының липидті қабатына оңай енеді.

Крезолдың ерігіштігі сілтілік ортада да жоғарылайды.

Лизол – калий сабынындағы крезол ерітіндісі. Оны киімді, бөлмені, жиһазды залалсыздандыру үшін қолданады. Стоматологияда крезол пастаның құрамындағы компоненті болып, пульпитті емдеген кезде қолданылады.

Резорцин – улылығы төмен, микробқа қарсы белсенділігі 2%, 20% кератолитикалық әсер көрсетеді. Экзема, дерматит, саңырауқұлақ ауруларында қолданылады. Стоматологияда спирт және формалин қоспасында болып, түбірлі өзектерді өңдеу үшін және тіс пасталарының нашар өткізгіштігін импрегнациялау үшін қолданады.

Ақ қайын қара майы – ақ қайын қабығының құрғақ өнімі. Антисептикалық әсері оның құрамындағы фенолға байланысты. Қара майдың жергілікті қоздыру және кератопластикалық әсері бар, ол инсекцидті әсер етеді. Оны қышыма лишайында қолданады. Ол Вишневский және Вилкинсон майларының құрамына кіреді.

  • Галоген құрамды препараттар

Бос күйдегі хлор мен йод активті бастериоцидтік әсер көрсетеді.

Атомды хлор вирусқа, қарапайым бактерияларға таңдамалы әсер теді. Оған қышқылға төзімді бактерия түрлері (туберкулез таяқшасы) резистентті.

Хлор суда ергіген кезде хлор сутекті және хлорлы қышқылды түзеді, белокты заттармен байланысқа түсіп; атомдармен хлорды оңай түзеді.

Хлор сутек; хлорлы қышқыл және атомарлы хлор бактериальды торшалардың торша мембранасын бұзып; ақуыздарды денатурацияға ұшыратады.

Хлор қышқылы ыдыраған кезде атомарлы оттегіні түзіп, ферментті тотықтырады. Ақуызды оратада препараттардың антибактерилды қасиеті әлсірейді. Микробқа қарсы әсерден басқа хлор дезодирлеуші әсер көрсетеді, ұлпаларды қамтамсыз етіп ыдаратады, металдардың коррозиясын тудырып, инсектицидті және дегозирлеуші әсер етеді.

Хлорамин – антсиептик ретінде ауыз қуысының шырышты қабықтарын өңдеу үшін (0,25-0,5%), пародонтит кезінде патологиялық тіс-қызыл иек қалталарын емдеу үшін; пульпит және перидонтид кезінде түбірлі өзектерін өңдеу үшін қолданады.

Хлоргексиден – грамм теріс және оң бактерия мен саңырауқұлақтарды жояды. Балалардағы операциялық алаңды өңдеу үшін және нәрестелерді шомылдыру үшін қолданылады. Ірің бар жерде белсенділігін сақтайды.

«Дистрил», «Сибиколорд» – спирт ерітіндісі түріндегі элементарлы йод; люголь ертіндісі бактериоцидтік белсенділігімен қамтамасыз етілген. Іріңді кокктарға әсер етуші сулема ертіндісінен жоғары.

Медицина тәджірибесінде спирт ертінділерімен қоса, сулы ертінділер қолданылады.

Йодинол – тонзилит, іріңді отит, ринит, трофикалық жара және күйіктер кезінде қолданылады. Бұл преапрат поливенил спиртінде белсенді молекулярлы йод болады, ол йодтың босатылуын тежеп, оның ұлпалармен қатынасын ұзартады.

Йоданат – йод ертінідісінің сулы кешені, сыртында белсенді заттар орналасады. Операциялық алаңды өңдеу үшін қолданылады. Препараттың екі компонеті де бактериоцидтік әсер көрсетеді, стрептококк; стафиллококк; саңырауқұлақатарды және көкіріңді таяқшаны тежейді.

Стоматологияда спирт ертіндісі және люголь ертіндісі, иодинол стоматиттерді емдеу үшін қолданылады. Самай-жақ буындарының артриті мен периодониттерде спирт ертінділі йодтың, йодинолдың йонофарезі жүргізіледі. Остемиелитте және инфекциялық жараларды емдеген кезде йодтың органикалық препараттары қолданылады, себебі йод баяу босап ұзақ әсер етеді.

  • Тотықтырғыштар

Тотықтырғыштардың әсер ету механизмі белоктарды атомарлы оттегімен тотықтыруға негізделген. Тотықтырғыш әсерге анаэробты микроорганизмдер (сіреспе, газды гангрена) сезімтал болып келеді.

Органикалық қосылыстардың жанында тотықтырғыштардың микробқа қарсы белсенділігі төменедейді. Тотықтырғыш ретінде сутек тотығын келесі преапараттар ретінде қолданылады: Пергидрольдің құрамында (27-31%) сутек тотығы бар. Ұлпалармен жанасқан кезде сутек тотығы пероксидтің әсерінен ыдырап атомарлы оттегін тузейді. Егер жарада ірің немесе қан болса, онда ыдырау каталазды түрде жүріп, молеклярлы оттегін түзеді, ал ол жарадағы инфекция мен іріңді механикалық тазаруына септігін тигізеді. Қан тамыры қан кетулерден, сутегі тотығы қан тоқтату әсерге ие. Оны қуыстарды (плевральды жатыр) жуу үшін қолданбайды, себебі молекулярлы оттегі ұсақ тамырларға еніп, эмболия туғызуы мүмкін.

Сутегі тотығы теріні, шырышты қабатты және жараны қоздырмайды, оның ертініділерін стоматиттерді, гингивиттерді, іріңді жараны, пиодермитті, нәрестелердің күлбіреулерін емдеу үшін қолданылады.Стоматологияда стоматит кезінде ауызын шаяды, гингивит кезінде тіс қызыл иек қалталарына ерітіндіге малынған турунда салады. Кариозды қуыстардың механикалық тазаруы болады.

Калий перманганаты атомарлы оттегіге және марганец тотығына ыдырайды. Атомарлы оттегінің антисептикалық және дезодирлеуші қасиеті бар. Осы ертіндімен стоматит кезінде ауыз қуысын шаяды, терлеген жерлерді өңдейді, инфекциялық және іріңді жараларды, уретраны өңдейді. 2-5% ерітіндісімен күйіктерді емдеуге болады. Күйіктің ерте деңгейінде қолданған кезде көпіршіктердің пайда болуын болдыртпайды. Пайда болған марганец тотығы тығыз қабықша түзіп, жараны инфекциядан қорағап, ыдырау өнімдерінің сорылуын төмендетіп, қозуды әлсіретеді.

Калий перманганаты – асқазанды жууға, уланғанда қолданады.

  • Ауыр металдардың тұздары

Сынап – белсенділігі жоғары микробқа қарсы зат, улылығы жоғары, қолдануы өте сирек. Сынап тұздары әртүрлі майлардың құрамына кіріп, дерматологияда паразитті ауруларды, мерезді, пиодермияны, блефориттерді, кератиттерді емдеу үшін қолданылады.

Күміс – күміс нитраты эрозияны, жараларды, грануляцияларды күйдіру мақсатында қолданылады. Концентрациясы төмен ерітінділер байланыстырушы қабынуыға қарсы әсер көрсетеді. Протаргол – байланыстырушы қабынуға қарсы антисептикалық зат, көз тамшылары.

Колларгол – іріңді жараны шаю үшін, іріңді конъюктивтитті және қабынуды емдеу үшін қолданылады. Көп мөлшері кеңірдек қабырғасының артқы бөлігіне түссе, тынысының рефлекторлы тоқтауын туғызады.

Мырыш сульфаты – көз тамшылары. Мырыш тотығы күрделі официналды майлардың құрамына кіріп қабынуға қарсы және құрғатушылық қасиетке ие болады.

Висмут – гастроэнтерологияда кеңінен қолданылады.

  • Бояғыштар

Метилен көгі – этакредин лактат тері жамылғысы мен шырышты қабықтарды алдын-алу және емдік мақсатта өңдеуге қолданылады. Бұл заттардың катиондары бактерияның өмірге қажетті сутегіні ығыстырады. Соңында бактериостатикалық немесе бактериоцидтік әсер туындайды, бірақ ол тек грамм оң бактерия мен саңырауқұлақтарға әсер етеді.

Метилен көгі және оның өнімдері қалпына келіп тотығу-тотықсыздану үдеріс жүйесінің қайтымды үдерісі болып есептеледі. Оны синил қышқылымен уланғанда қолданады. Егер синил қышқылымен және цианидпен ересек адам уланса көк тамыр ішілік 10-20 мл 1% метилен көгін, сульфаниламид 1 мл 1% ертініділерін енгізеді. Метилен көгі бактериостатикалық әсер тудырады. Оны су және спирт түрінде шығарады. 1-2% ертінідісін пиодерияны және фурункулезды, ересектерде стоматитті емдеуде қолданады.

Әсер ету спектрі кең: саңырауқұлақ, дифтериялық таяқша, стафилококк, әсер етуі баяу және ұзақ.

Этакридин лактаты (риванал) – грамм оң кокктарға әсер етеді. 0,1-0,2% ерітіндісіне тампонмен сүлгілерді малып, сіңіреді. Конъюктивитте 0,1% ертіндісімен шаяды.

  • Қышқыл мен сілтілер

Қышқылдардың микробқа қарсы белсенділігі жоғары, бірақ көп мөлшерде болса, ұлпалардың қайтымсыз деструкциясын туғызуы мүмкін.

Бор қышқылы – 5% ерітіндісін терінің әртүрлі зақымдауларында микробқа қарсы зат ретінде қолданылады. Тері немесе шырышты қабаттар арқылы сіңсе, жоғары уытты әсер көрсетеді, әсіресе бала ағзасына. Келесі әсерлері байқалады: қабынуға қарсы, антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы. Көрсеткіштері: стоматит, хейлит, гингивит.

Бор қышқылы ұнтақ, май, сулы және спирптті ертінділер ретінде қолданылады.

Нәрестелер мен балалараға қарсы көрсеткіш, себебі тері мен шырышты қабықтарға еніп, ауыр интоксикация туғызып өлімге әкеледі .

Бор қышқылы ұлпаларға жиналып, кейін тез қан сарысуына еніп, тамырлардың шеткері қарсылығын төмендетіп, тамыр таратқыш затарға жауаптылығын әлсіретеді, нефротикалық әсер тудырады.

Салицилат қышқылы – терілік фунгицид ретінде қолданылады. Негіздер эпидермисті қоздырып, жұмсартады, муцин мен тығыз шырышты ыдыратады. Теріге жаққанда ақуыздармен қосылып іркілдек терең енетін альбумидтерді тудырады.

NaHCO3 – ауызды шаяды, негіз реакциясы әсерінен тығыз қабыну эксудаты еріп ұлпаларды қоздырып, трофикасын жақсартып, жергілікті ацедоздың төмендеуіне және ісіктің жойылуына әкеледі. Сілті эпидермис пен шашты жұмсартады, майларды ыдыратып эмульгирлейді. Оларды балалардың тері ауруларын емдеу үшін қолданады.

Оны хирург қолын залалсыздандыруға және металды инструменттердегі майларды ыдыратуға пайдаланады.

  • Альдегидтер

Уротропиннің сулы ертінідісі сілтілі реакциясы бар. Микробқа қарсы әсері: қышқыл ортада формальдегид және аммиакқа ыдырайды. Формальдегид ақуыздардың дегидратациясы мен коагуляциясын тудырады. Жергілікті әсері: құрғатады, тұтқырлатады, залалсыздандырады.

  • Детергенттер

Уыттылығы төмен, қоздырмайды, регенерацияны стимулдейді. Олар диссоциацияланған иондарға бөлінеді. Микробқа қарсы белсенділігі диссоциацияланушыларға жатады. Олар бөлінеді: катион және анион.

Катионның белсенділігі жоғары.

Катиондар торша беткейінде жиналады, торша қабырғасының өткізгіштігін өзгертеді, азотты және фосфорлы алмасуды бұзады, бактериалді торшалардың лизисын тудырады.

Көрсеткіштер: іріңді жара, залалсыздандыру.

ҚОРЫТЫНДЫ

Хирургиялық тәжірибеде іріңді асқынуға қарсы күрес ретінде әк, ауыр металл тұздарын және спиртті қолдану өткен ғасырдың бірінші жартысындағы эмпирикалық мүмкіндікке жатқызылады. Хирургияда антисептиктерді ғылыми жұмыста қолдануға үлкен үлес қосқан ағылшын хирургі Джозеф Листер. Ол клиникалық тәжірибеге хирургтың қолын, операциялық алаңды, жараны және аспаптарды фенол ерітіндісімен өңдеуді енгізді. Осы сәт антимикробты заттарды іздеуге кең жол ашты.

Жарты ғасыр өткен соң химиотерапевтті заттар ашылды. Жаңа қосылыстардың медицинада ашылуы антисептиктердің емдік және алдын-алу қолдануына кедергі жасамады.

Адам ағзасынан тысқары орталардың микроорганизмдеріне микробқа қарсы заттар таңдамалы әсер етеді.

Олар екі топқа бөлінеді:

-​ Залалсыздандырғыш заттар

-​ Антисептиктер

Антисептиктерді қолданған кезде олар ұлпаларды тітіркендірмеу керек. Бұл заттарды кеңінен стоматологияда ауыз қуысының шырышты қабатына, карриозды қуысқа, тіс пульпасына, офтальмологияда (тамшы ретінде жуу үшін), хирургияда (жараны жуып залалсыздандыру үшін, қолды, операциялық алаңды өңдеу үшін) қолданады. Антисептиктердің ерітінді, мазь және суспензия күйіндегі түрлері бар.

Антисептиктерді тағам өндірісінде консервант ретінде қолданады және дәрілік түрлерді (ерітінді, май) реттейді. Антисептикалық заттар концентрациясы мен тереңдігіне байланысты іріңді және бактериялық жараларға еніп, бактериостатикалық немесе бактреиоцидтік әсер (төменгі концентрацияда бактериостатикалық белсенділікке ие, ал жоғары концентрацияда бактериоцидті әсер) көрсетеді.

Залалсыздандырғыш заттарды ішкі ортадағы микроорганизмдерді жою үшін қолданады. Оларға макро- және микромүшелердің жасушаларына әсер ететін және ақуызды денатурациялауға ұшырататын дәрілік препараттар жатады. Олар адам үшін өте улы

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!