Тыныс алу мүшелердің қызметіне әсерететін дәрі-дәрмектер

Тыныс алу мүшелердің қызметіне әсерететін дәрі-дәрмектер.

Бронхыларды кеңейтетін препараттар

(бронхолитиктер).

Бронхолитиктер – бронхообструктивті синдромді емдеу үшін қорлданатын дәрілер. Бронхообструктивті синдром деп адамдағы экспираторлық емтігү пайда болғанды атайды. Бұндай емтігү бронхылардын тегіс бұлшық етінің жиырылуынан, бронхылардын кілегей қабығының ісінуінен, және бронхы бездерінін секрециясы жоғарлауынан пайда болады. Бронхообструктивті синдром бронхиалды астма, обструктивті бронхит, бронхиолит және басқа да қабыну ауруларында кездеседі.

Бронхолитиктердін топтастырылуы.

  1. Адреномиметиктер:
  • α,β-адреномимтеиктер: адреналин, эфедрин
  • β-адреномимтеиктер: изадрин,орципреналин
  • селективті β-адреномимтеиктер: салбутамол, беротек, тербуталин
  1. М- холинотежегіштер:

– атропин

– ипратропий бромиді

– травентол

  1. Спазмолитиктер:

– теофиллин

– эуфиллин

– кофеин

  1. Мебраностабилизаторлар:

– интал

– кетотифен

Адреномиметиктер:

Адреналин гидрохлоридыα,β-адренорецепторлады тікелей қоздыратын препарат. Β-адренорецепторларды қоздыруынын нәтижесінен бронхолитикалық әсерге ие; жүректін жумысын күшейтеді, жиырылуын жиелдендіреді, өткізгіштігін жақсартады; асқазан мен ішектін тонусын және перистальтикасын төмендетеді; гликогенолизді жоғарлатады.

Қолдану көрсеткіштері: – басқа бронхолитиктермен  емделмейтін бронхоспазм;

– артериалдық гипотония;

– анафилактикалық шок.

Кері әсерлері: – бас айналу;

– беттін қызаруы;

– журек айну;

– тремор;

– ұйқының бұзылуы;

– әлсіздену.

Кері көрсеткіштері: диабет, гипертония, паркинсонизм, гипертиреоз, мидың және жүректін тамырларынын органикалық аурулары.

Эфедрин гидрохлориды симпатомиметикитер тобына жатып,  адренергиялық синапстардағы пресинаптикалық мембранадан норадреналиннің  бөлінүін күшейтеді.

Қан қысымын жоғарлататын әсері адреналинге қарағанда төмендеу, бірақ ұзақ.  Өте күшті, узақ уақытқа созылатын  бронхолитикалық әсері бар. Бұлшық етке егкенде әсері  10-15 минутта пайда болып, 3-4 сағатқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері: – бронхиальды астма;

  • бронхоспазм;
  • гипотония;
  • асистолия;
  • энурез;
  • нарколепсия

Кері әсерлері: –  ОНЖ қоздыру;

  • құсу;
  • аритмия;
  • тахикардия;
  • тремор;
  • тахифилаксия.

Кері көрсеткшштері:  гипертониялық ауру, атеросклероз, ИБС, гипертиреоз.

Изадрин, орципреналин β-адреномимтиктер тобына жатады. Бронхыларды кеңейтетін, жүрек жұмысын, жиірылуын күшейтетін, миокардтін от тегіне қажеттілігін жоғарлататын әсерлері бар.

Қолдану көрсеткіштері:

– бронхиальды астма;

  • бронхоспазм;
  • АВ блокада;
  • кардиогендік шок

–  бронхиальды астма;

  • бронхоспазм;

Кері әсерлері: – тахикардия;

  • тремор;
  • бастын ауруы;
  • аритмия;
  • стенокардия ұстамасы

Кері көрсеткіштері: атеросклероз, гипертония, стенокардия, гипертиреоз, астматикалық статус.

Жүрек ауруы бар адамдарға селективті β2-адреномимтиктер қолданылады:

салбутамол, беротек, тербуталин. Олардын жүрекке тигізетін кері әсерлері төмен.

М-холинотежегіштер.

Атропин сульфаты гематоэнцефаликалық кедергіден жақсы өтеді де  тыныс орталығын қоздырады, құсу орталығын тежейды, көздін қысымын жоғарлатады, бронхылардын бұлшық еттерінің тонусын төмендетіп оларды 4-5 сағатқа кеңейтеді, және бронхы бездерінің секрециясын төмендетіп, қақырықтын қоюландырады.

Қолдану көрсеткіштері:- жедел бронхоспазм;

  • АВ-блокада;
  • брадикардия;
  • тегіс бұлшық еттердін спазмы;
  • асқзан мен 12-елі ішектін жаралары;
  • панкреатит;
  • көз аурулары.

Кері әсерлері: – ауызды кептіру;

  • аккомодыцияны бұзу;
  • атония;
  • тахикардия;
  • қозу, ж.т.б.

 Кері көрсеткіштері: тахикардия, аритмия, атония, глаукома.

Ипратропиум бромиды (атровент)  ингалляция үшін қолданылатын атропиннің туындысы. Әсері  20-40 минуттан кей3н пайда болады да 3-6 сағатқа созылады.

Травентол  атропинге қарағанда бронхыларға деген әсері көбірек, себебі осы мүшелерге тандамалы әсер етеді. Және әсер ету уақыты да жоғары. ОНЖ-сін қоздырмайды, тахикардия туғызбайды. Бездердін секрециясын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері: бронхит, бронхиалды астма

Спазмолитиктер (метилксантин туындылары)

Эуфиллин бронхылардын бұлшық етттерінде аденозиннің рецепторларын  тежеп, онын бронхыларды тарылтатын әсерін төмендетеді.

Фармакологиялық әсерлері: – бронхыларды кеңейтеді;

  • диурезді күшейтеді;
  • коронарлық тамырларды кеңейтеді;
  • жүректінсщғуын күшейтеді, жиелдендіреді;
  • тыныс алу орталығын қоздырады;
  • өкпенің вентиляциясын күшейтеді;
  • ОНЖ-сін қоздырады.

Қолдану көрсеткіштері: – бронхиальды астма;

  • бронхит;
  • өкпе гипертензиясы;
  • тыныс алудын бұзылыстары (Чейн-Стокс синдромы);
  • бастын сақинасы;
  • ми тамырларының аурулары.

Кері әсерлері: тахикардия, аритмия, тремор, бастын ауруы, бастын айналуы, ұйқының бұзұлуы, құсу, жүректін ануы, сіңірлердін тартылуы.

 Кері көрсеткіштері: гипотония, пароксизмальды тахикардия, экстрасистолия, миокардтін инфаркты, атеросклероз.

Мембраностабилизаторлар

Иинтал, кетотифен ж.т.б. бронхылардын бұлшық еттеріне тікелей әсер етпейді. Олар бұлтты клеткалардын мембраналарын тығыздандырып, оларға Са иондарын жібермейді. Осының нәтижесінен  бултты клеткалардын өткізгіштігі төмендейді де, олардын ішіндегі биогенді белсенді заттар (гистамин, брадикинин, серотонин,ж.т.б.) сыртқа шығалмай қалады. Аталған биогенді белсенді заттар  анафилаксия  медиаторлары деп аталады, себебі олардын аллергия, қабыну, бронхоспазм туғызатын әсерлері бар.

Интал анафилаксия медиаторларының көлемін азайтып бронхылардын тарылуын төмендетеді. Кетотифенде осы механизммен қатар антигистаминдік және седативтік әсерлері бар.

Бұл дәрілерді жас адамдарда пайда болатын  аллергиялық бронхоспазмды алдын алу үшін қолданады (профилактика). Қарт адамдарға қолданғанда белсенділігі төмен, себебі олардын өкпелерінде деструктивті өзгерістері бар.

Фармакологиялық әсерлері ұзақ уақыт қолданғанда пайда болады (емдеу курсы – 1 айдан жоғары). Осы себептен ауруларды емдеу емес, алдын алу үшін қолданылады.

Қолдану көрсеткіштері: – бронхиальды астама;

  • бронхит
  • аллергиялық ринит

Кері әсерлері: дерматит, тітіркендіргіш әсер, кетотифен ауызды кептіріп, үйқыны келтіреді.

 Кері көрсеткіштері: астматикалық статус, жүктілік.

Қақырық түсіргіш дәрілер.

Топтастыруы

  1. Қақырықты бронхылардан айдайтын заттар:
  • рефлекторлы әсері бар: термопсис, истод, алтей, солодка ж.т.б. өсімдіктер препараттары; мукалтин, натрий бензоаты, терпингидрат
  • резорбтивті әсері бар: натрий иодиды, калий йодиды, аммоний хлориды
  1. Муколитиктер (қақырықты сүйықтандып, шығаруын жеңілдететін дәрілер):
  • Протеолитикалық ферменттер: трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза
  • Жасанды препараттар: ацетилцистеин, бромгексин, ласольван, колдрекс бронхо, ацетилцистеин, карбоцистеин

Рефлекторлы әсері бар дәрілердін механизмы

Бул топқа жататын дәрілер асқазан кілегей қабығының рецепторларын тітіркендіріп, рефлекторлы түрде ОНЖ-сінің құсу орталығын қоздырады да, бронхы бездерінің секрециясын тежейді.

Көбінесе қолдантын термопсис, истод, алтей, солодка ж.т.б. өсімдіктер тұңба, тұңдырма, экстракттарының әсер ету уақыты ұзақ емес. Жоғары мөлшерде қолданылса жүректы айнытып қустырады. Сондықтан бұл дәрілерді аз мөлшерде жие қолданады (әр-бір 2 сағатта).

Кері көрсеткіштері: туберкулез және басқа өкпе ауруларының нәтижесінен қансырау пайда болғанда, асқазан мен ішектін жаралары, ОНЖ-нін органикалық аурулары.

Резорбтивті әсері бар дәрілер( натрий иодиды, калий йодиды, аммоний хлориды) ішке қолданғанда қанға сіңіп бронхылардын кілегей қабығына бөлінеді де бронхылардын сөлін сұйықтандырып көбейтеді. Осындай қақырық тез бөлініп шығады.

Қолдану көрсеткіштері:бронхиальды астма, астматикалық бронхит, өкпе эмфиземасы.

Кері көрсеткіштері: жүктілік, лактация

Муколитиктер қақырықтын физикалық  және химиялық параметрлерін өзгертіп, оны сүйықтындырады, сонда қақырықтын бөлініп шығуы жеңілденеді. Бұл топқа жататын дәрілер протеолитикалық ферменттер (трипсин, рибонуклеаза), және жасанды дәрілер (ацетилцистеин, бромгексин, ласольван, колдрекс бронхо, ацетилцистеин, карбоцистеин ж.т.б.)

Бромгексин (бисольвон) қурамындағы мукопротеидтерді және қышқыл мукополисахаридтерді ыдыратып қақырықты сұйықтандырады. Осымен қатар бронхылардын эпителиин қоздырып, иммуноглобулиндердін, лизоцимнын және сурфактанттын синтезін күшейтеді. Осыларын нәтижесінен тек қана қақырықтын түсуы желдену мен қоймай, бронхылардын қабынуы басылып эртүрлі ауруларда (пневмония, бронхит, муковисцидоз, ж.т.б.) шипалы әсері пайда болады. Кері әсерлері жоқ.

Ацетилцистеин (мукомист, ацетеин, флуимуцин) қақырықтын қурамындағы  мукополисахаридтердін сульфигидрилдік топтарынын байланыстарын үзіп қою қақырықты ерітіп, бронхыларға жабыстырмайды.

Қолдану көрсеткіштері: бронхиальды астма, муковисцидоз, пневмония.

Кері әсерлері: жүрек айну, құсу, бронхоспазм.

Карбоцистеин (бронкатар) бронхы кілегей қабықтарынын бокалтәрізді клеткаларында сиал трансфераза ферментін белсендіреді де, бронхы сөлінін қурамында сиаломукоидтердін көлемін реттейді. Карбоцистеинді қолданғанда бокалтәрізді клеткаларынын саны төмендейді, Ig A, сульфгидрильдік топтардын саны қалпына келеді. Препарат антимикробтік дәрілердін белсенділігін жоғарлатады, кілегей қабықтардын жазылуына әкеледі.

Қолдану көрсеткіштері: бронхит, трахеобронхит, ринит, отит.

Кері әсерлері: диспепсиялық реакциялар, іштін ауруы,

 Кері көрсеткіштері: асқазан мен 12-елі ішектін жаралары.

Фермент препараттары

Трипсин қара малдын ұйқы безінен бөліп шығаратын протеолитикалық фермент қақырықтын құрамындағы белоктарды және полипептидтерді ыдыратып қақырықты ерітеді, сау ұлпаларға әсер етпейді. Қабынуды басатын әсері бар.

 Қолдану көрсеткіштері: ірінді қақарықты түсіру үшін  аэрозоль немесе  бұлшық етке инъекция түрінде. Бронхолитиктер мен қосып қолдануға болады.

Аморфты рибонуклеаза қақарықты ерітіп, қабынуды басатын әсері бар. Аэрозолі ингаляцияға қолданады.

Жөтелді басатын дәрілер

Бұл топқа жататын дәрілер бронхыларды тазарту үшін қажетті қорғаныш рефлекс – жөтель рефлексін тежейді.  Өте қатты жөтель, әсіресе ұзаққа созылатын жөтель ұстамасы, кеуде ішіндегі қысымды жоғарлатып кейін жүрек жетіспеушілігіне, өкпе эмфиземасына ж.т.б. жанама әсерлереге әкеледі.

Жөтелді басатын дәрілерді үнемсіз, ағзанын қал-жағдаин бұзатын жөтел кезінде (созылмалы бронхит, эмфизема, муковисцидоз ж.т.б.), және  кілегей қабықтардын тітіркенуінен пайда болатын рефлекторлы жөтелге (ларингит, фарингит ж.т.б.) қолданады.

Топтастырылуы

І. Орталық механизмы бар –  жөтел орталығын тежеуші препараттар

  1. Наркотикалық әсері жоқ дәрілер: глауцин гидрохлориды, глаувент,тусупрекс жөтел басатын, гипотензивтік, спазмолитикалық эсерлері бар, және тыныс алуды, ішектін моторикасын тежемейді, дәғдылану мен тәуелділікті туғызбайды.
  2. Наркотикалық әсері бар дәрілер: кодеин, эстоцин, дионин, морфин, сопақша мидағы жөтел және тыныс алу орталықтарын тежеп жөтелді басады. Бұл дәрілерге дәғдылану мен тәуелділік пайда болады.

ІІ. Шеткі механизмы бар – бронхы кілегей қабықтарында рецепторларының сезімталдығын тежейтін, немесе тыныс алуды бақылаушы афференттік жолдарды тежейтін дәрілер: фалиминт

ІІІ. Қоспа механизмы бар (орталық және шеткі): либексин.

Глауцин – өсімдіктен алынған алколоид жөтел орталығын тежейді, тыныштандыратын, бронхылардын мускулатурасын босататын әсерлері бар. Аздаған седативті әсері бар, бірақ ұйқыны келтірмейді.

Қолдану көрсеткіштері: трахеит, фарингит, жедел бронхит.

Кері әсерлері:гипотония, бас ауруы, әлсіздену, диспепсиялық реакциялар.

Тусупрекс (окселадин) жөтел орталығын тежеп тыныс алу және жүрек-тамыр орталықтарға әсер етпейді.

Наркотикалық әсері бар дәрілерге  апиин алколоидтері (кодеин, морфин) немесе морфиннің жасанды аналогтары жатады (эстоцин, дионин).

Кодеиннің әсерлері морфинге ұқсас, бірақ аналгетикалық әсрінін күші, және тысты тежейтін әсері  төмен. Жөтел басатын әсері өте күшті, себебі кодеин жөтел орталығына барып, оны тікелей тежейді.

Қолдану көрсеткіштері: басқа дәрілермен жоилмайтын  құрғақ жөтел. Көбінесе бұл дәрілер күрделі прапараттардын құрамында стероидті емес қабыну тежеуші заттар мен, кофеинмен, фенобарбиталмен, қақырық түсіретін заттармен, бронхолитиктермен бірге қолданылады (кодтерпин, кодтермопс, пенталгин, седалгин ж.т.б.).

Кері әсерлері: бронхоспазм, тынысты тежеу, ұйқыны келтіру, қоздырту, ұзақ қолданғанда дағдылану және тәуелділік пайда болады.

Кері көрсеткіштері: эмфизема, бронхиальды астма, жас балалар.

Либексин – орталық және шеткі жөтел басатын механизмы бар. Жөтел орталығынын белсенділігін басады, бронхылардын спазмын жояды, қақырықтын түсуін жеңілдетеді. Жөтел басатын күші кодеиннен кем емес, және тыныс алуды тежемейді де тәуелділік туғызбайды.

Қолдану көрсеткіштері: трахеит, бронхит, бронхиалды астма, өкпе эмфиземасы.

Кері әсерлері: гипотония.

Фалиминт жоғарғы тыныс алу мушелерде  жергілікті жансыздандырушы және дезинфекциялық  әсерін тигізеді де, қабыну арулары кезінде осы мүшелердегі рефлекстерді басып жөтелді жояды.

Ас қорыту мүшелердің қызметіне әсер ететін дәрі-дәрмектер.

Асқазан бездерінің қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілердін топтастыруы.

  1. Бездердін қызметі төмендегенде қолданылатын (орынбасу терапия үшін қолданатын):

Табиғи асқазан сөлі,пепсин, ацидин-пепсин, абомин, ерітілген тұз қышқылы.

  1. Бездердін қызметі жоғарлағанда қолданылатын дәрі-дәрмектер.

А. Бездердін қызметін төмендететін:

  • М-холиноблокаторлар (атропин, метацин, гастроцепин);
  • Ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин, пирилен);
  • Н2-гистаминоблокаторлар (циметидин, ранитидин, фамотидин);
  • Протондық насосты тежеушілер (омепразол)

Б. Антацидтер

  • Системдік әсері бар (натрий гидрокарбонаты);
  • Системдік әсері жоқ (магний қышқылы, магний үшсиликаты, алюминий суқышқылы);
  • Күрделі препараттар (маалокс, алмагель, фосфалугель, мегалак, топалкан)

В. Гастропротекторлар :

  • висмут препараттары (викалин, викаир, де-нол);
  • жергілікті жараға әсер ететін (вентер, сукралфат);
  • регенерацияны жақсартатындар (оксиферрискарбо-натрий)
  1. Арнайы антибактериальдік әсері бар (де-нол, метронидазол, оксациллин).

Бездердін қызметі төмендегенде қолданылатын (орынбасу терапия)

Асқазан сөлінің компоненттері: тұз қышқылы, пепсиногендер, муцин. Гипоацидті және антацидтік гастрит пайда болғанда тұз қышқылынын көлемі азаяды, немесе жалпы тұз қышқылы бөлібей қояды (ахлоргидрия); осымен қатар пепсиннің де көлемі азаяды (ахилия, мыс. асқазанның қатерлі ісігі немесе пернициоздік анемия немесе т.б. себептерден).

Медицинада қолданылатын табиғи асқазан сөлінін қурамында асқазан ферментттерінін бәрі жеткілікті, рН 0,8-1,2.

Қолдану көрсеткіштері:  ахилия, диспепсия, гипо- және антацидтік гастрит.

Пепсин – протеолитикалық фермент, доңыздармен, бұзаулардын асқазан кілегей қабықтарынан бөліп шығарылады. Пепсин белоктарды пептидтерге дейін ыдыратады. Бұл дәріні гипоацидтік гастрит кезінде тұз қышқылымен қосып қолданады.

Ацидин-пепсин құрамында пепсин және  ацидин бар  0,25 тен таблеткалар.

Ацидин асөазанда гидролизге ұшырап тұз қышқылына айналады. Қолдануы асқазан сөлімен және пепсинмен бірдей.

Асқазан бездерінін секрециясы жоғарлағанда қолданылатын дәрі-дәрмектер.

Бездердін қызметі  жоғарлағанда тұз қышқылының бөлінүі көбееді де пепсиннін белсенділігінің жоғарлауына себеп болады. Осының нәтижесінен муциннің бөлінүі  төмендеп асқазан мен ішекті қорғаушы шырыштын көлемі азаяды. Бұлардын бәрі кілеге қабықтардын бұзылуына әкеп соқтырады да эрозия , жараларды, қабынуды  туғызады.

Бұл синдромдарды емдеу үшін қолданатын дәрілерді үш топқа боледі.

  1. Асқазанның секрециясын тежеушілер.

М-холиноблокаторлар:  Атропин, платифиллин, метацин, базальдік және түнгі секрецияны тежейді де асқазанның тонусын төмендетеді.  Бұл дәрілердің әсер ету спектрі өте кең. Олар ішкі мүшелердін көбінін қызметіне әсер етіп, тахикардия, аритмия, аккомодация бұзылыстарын, диспепсиялық өзгерістерді, ж.т.б. кері әсерлерді туғызады. Сондықтан қазырғы кезде бұл дәрілерді кең қолданбайды. Көбінесе оларды аурудың ауыр асқынуларына, немесе басқа заттармен  бірге күрделі препараттардын құрамына кіреді.

Кейінгі кезде  селективті  М!- холиноблокаторлар синтезделді. Олар тандамалы түрде асқазанның М-холинорецепторларын тежеп, басқа мүшелерге кері әсерін онша көп тигізбейді. Бұл топтын өкілі болып бензодиазепин туындысы пирензепин (гастроцепин) табылады.  Пирензепинді гиперацидтік гастрит, асқазанның жарасын емдеу үшін қолданылады.

Ганглиоблокаторлар : бензогексоний, пирилен, пентамин, жалпы асқазанның солінін көлемін азайтып, тұз қышқылынын көлемін кемітеді. Бірақ бұл дәрілер де таңдамай әсер ететін болғандықтан, кері әсерлері көп болады да (ққ төмендетеді, аккомодацияны бұзады ж.т.б.), кейінгі кезде тек қана асқазан жарасынын ауыр асқынуларына ғана қоланылады.

Н2-гистаминоблокаторлар соңғы кездерде синтезделінген антисекреторлық препараттар. Гистаминдік рецепторларын екі топқа бөледі: Н1-рецепторлар тамырларда, бронхыларда, ішекте, жүректе кездеседі. Оларды тежейтін Н1-антигистаминдік препаратттар (димедрол, тавегил, супрастин) осы мүшелерге әсер етіп, аллергиялық реакциялардын симптомдарын жояды. Н2-рецепторлар асқазаннын кілегей қабықтарындағы париеталдық клеткаларда, миометрийде және кейбір тамырларда орналысады. Гистамин асқазан бездерін қоздырып, клетка ішіндегі ц-АМФ-ті көбейтеді де,  сөлінін бөлінүін жоғарлатады. Бұл топқа жататын дәрілер гистаминнің конкурентті антагонистері болып, асқазаннын секрециясын төмендетеді, әсіресе базалдық және түнгі секрецияны.

Циметидин асқазанның моторлық қызметін төмендетіп тұз қышқылының және жалпы асқазан сөлінін көлемін азайтады. Бұл дәрінің белсенділігі әсіресе 12-елі шектін жарасын емдегенде жоғары болып табылады.

Кері әсерлері: Бастын ауруы, бастын айналуы, әлсіздену, жүрек айну, іштін жүруы не қатуы, брадикардия, нейтропения, тромбоцитопения, анемия. Циметидин бауырын микросомалдық ферменттерін тежеп, үйықтататын дәрілердін, транквилизаторлардын, анаприлиннің әсер ету уақыттарын ұзартады; андрогендік рецепторларды тежеп олигоспермия, импотенция, гинекомастия туғызады.

Ранитидин (таб.0,15) циметидинге қарағанда белсенділігі 5-10 есе артық, және антиандрогендік әсері жоқ болғандықтан кері әсерлері аз.

Жана препараттар: фамотидин, гастросидин, ульфамид, ж.т.б.

Қолдану көрсеткіштері: асқазанның, ішектін пептикалық жаралы, эрозиялар, рефлюкс-эзофагит. Бұл дәрілерді М-холиноболокаторлармен қосып қолданады.

Ранитидин-висмут цитрат (пилорид) Н2-рецепторларды тежеу мен қоймай,  Heliobacter pylori-ге қарсы антибактериалдық әсерін де тигізеді.

Протондік помпаны тежеуші дәрілер.

Омепразол асқазан кілегей қабығының париетальдік клеткаларында протондік насостын Na- K-аденозинфосфатаза ферментін тежейді. Бұл фермент тұз қышқылының асқазанға бөлініп шығуын бақылайды, сондықтан онын көлемі азайған себептен тұз қышқылынын бөлінуі азаяды.

Омепразолдын өте күшті  тежеуші белсенділігімен қатар әсер ету уақыты да ұзақ.

Қолдану көрсеткіштері. Асқазан мен он екі елі ішектін эрозиялары, жаралары, гиперацидтік гастрит.

Кері әсерлері. Жүрек айну, диарея, бармақтардын ұйуы.

Осы топқа тағы жататын дәрілер: лансопразол, пантопразол, рабепразол.

  1. Антацидтер.

Бул топқа жататын дәрілер тұз қышқылын нейтрализациялап, ақазаннын жалпы қышқылдығын төмендетеді. Көбінесе бұл химиялық заттардың негіздік әсері болады. Антацидтерді системдік және системдік емес деп бөледі. Системді антацидтер асқазаннын қанға сіңіріліп, ағзада системдік алкалоз туғыза алады. Оларға жататындар: натрий гидрокарбонаты, натрий цитраты. Системдік емес антацидтерге кальций карбонаты, аллюминий және магний суқышқылы, магний қышқылы, магний үшсисликты ж.т.б. жатады. Олар қанға сіңірілмей, тек қана асқазан ішінде әсер етеді.

Натрий гидрокарбонаты  (ас содасы) суға ерімейді, асқазанда тұз қышқылымен тез байланысып натрий хлориды, су және көмір газана айналдырады.

Натрий гидрокарбонаты тез әсер етеді, бірақ белсенділігі өте төмен. Және көмір қышқылы асқазанға жиналып, оны созып кекірік туғызады. Соданы өте көп мөлшерде қолданса гастринды бөлетін бездер қозып, асқазанда гастриннің көлемі көбееді, және ол қышқылдықты жоғарлатады. Бул кері әсерді “феномен отдачи” деп атайды. Осымен қатар сода асқазанда жақсы сіңірілетін болғандықтан системдік алкалоз туғыза алады.

Кері әсерлері көп болғандықтан натрий гидрокарбонатын тек қана өзін қолданбайды, ол көптеген күрделі асқазанның қышқылдығын төмендететін препараттардың қурамында кездеседі.

Алюминия гидроокись – антацидтік белсенділігі орташа, тез әсер етеді. Препарат пепсинді байланыстырып, оның белсенділігін төмендетеді. Шырыштың, пепсиногеннің бөлінүін тежейді. Ұютушы (вяжущее действие), адсорбенттік әсерлері бар.

Қолдану көрсеткіштері: асқазан жарасы, гастрит, дуоденит, метеоризм.

Кері әсерлері: жүректі айнуы, іштін қатуы.

Магния окись – өте күшті антацидтік және ішті босататын  әсері бар препарат, тез және ұзақ әсер етеді.

Кері әсерлері:перистальтиканы күшейтіп ішті жүргізеді.

Аталған антацидтердін фармакологиялық қасиетттерімен бірге кері әсерлері бар болғандықтан, кейінгі кезде  күрделі қоспа препараттар жие қолданылады. Олардын бірі – Алмагель, құрамы алюминия гидроокись, магния окись, және Д-сорбиттен тұрады.

Дәрінің  антацидтік, адсорбенттік, қабаттаушы әсерлері бар. Гель түрінде жасалғандықтан кілегей қабықтын үстінде  бірінғай, ұзақ сақталады. Д-сорбит өттін бөлініп шығуына және ішекті босатуына себеп болады.

Қолдану көрсеткіштері:Асқазан мен 12-елі ішектін  жаралары, гиперацидтік гастрит, гастродуоденит, рефлюкс-эзофагит, колит, метеоризм.

Алмагель-А – анестезин қосылған препарат, жергілікті жансыздандырғыш әсерімен ауру сезімін басады, гастриннің секрециясын төмендетеді.

Алмагельден басқа күрделі антацидтік препараттар: гастрогель, фосфалугель, мегалак, миланта, гастал, топалкан. 

  1. Гастропротекторлар

Гастропротекторлар (цитопротекторлар) тобына жататын дәрілер асқазанның кілегей қабығына тікелей әсер етіп, оны  әр-түрлі химиялық және физикалық факторлардын қорғайды ( қышқылдан, сілтілерден, ферменттерден ж.т.б.). Бұндай дәрілер көбінде  асқазанмен 12-елі ішектін жараларын емдеуге қолданылады.

Топтастырылуы

  1. Висмут препараттары: викалин, викаир, висмут трикалия дицитрат
  2. Полимерді препараттар:Сукралфат
  3. Простагландиндер препараттары: мизопростол
  4. Пептидті препараттар: даларгин
  5. Цикликалық үштерпендер: карбеноксолон натрий

Висмут препараттарының ұйутушы әсері бар. Кілегей қабықтын үстіндегі белоктарды ыдыратып, альбуминаттардан қорғаушы қабық жасайды.

Викалин висмут нитраты, натрий гидрокарбонаты, аир тамырының ұнтағы, рутин, келлин ж.т.б. тұрады.

Соңғы кезде медицинада висмуттін коллоидті препараттары  қолданылады, мысалы висмут трикалия дицитрат (де-нол). Де-нол – коллоидті суспензиясы тұз қышқылының әсерінен  ақ тұнбаға  айналады да, кілегей қабықтын гликопротеидтеріне жабысып (әсіресе жаранын ұстіндегі некротикалық ұлпаларға), полимер-гликопротеинді комплекс түрінде жараны тітіркендіргіш заттардан қорғап тұрады. Осымен қатар антимикробтік әсерін де тигізеді. Антацидтермен бірге қолдануға болмайды.

Қолдану көрсеткіштері: – асқазан мен 12-елі ішектін ұзақ емделмей тұрған жаралары;

  • шылым ататын адамдардын жаралары;
  • созылмалы гастрит

Кері көрсеткіштері: Бүйрек жетіспеушілігі.

Сукралфат (вентер, антепсин) – сахарозды октасульфаттін аллюминий тұзы. Тұз қышқылынын көмегімен жаранын ұстіндегі некротикалық белоктармен байланысып, полимерленеді де қабық болып жараны тітіркендіргіш заттардан 6 сағатқа  қорғайды. Зақымдалмаған жерлерге көп әсер етпейді. Антацидтермен бірге қолдануға болмайды.

Кері әсерлері:ішті қатыру, ауызды кептіру.

Асқазан кілегей қабығында  қорғаушы, микроциркуляцияны жақсартушы әсерлері бар Е2  және І2 – простагландиндері бөлінеді. Бұл заттар тұз қышқылынын бөлінүін тежейді де бикарбонат пен  шырыштын бөлінүін жоғарлатады, және кілегей қабықтардын клеткаларының регенерациясын күшейтеді.  Көп адамдарға  бұл дәрілер ішті жүргізетін әсерін тигізетін болғандықтан сирек қолданылады.

Мизопростол (сайтотек) – Е2 – простагландиндер тобына жатады. Препаратты қолданғанда асқазан сөлінін қышқылдығы азаяды, моторикасы  төмендейді. Репаративтік, гипотензивтік әсерін тигізеді.

Қолдану көрсеткіштері: асқазан мен ішектін жаралары. Стероидті емес қабыну тежейтін дәрілердін жара тұғызытын әсерін алдын алу үшін қолданылады.

Кері әсерлері: жүректі айныту, ішті жүргізу, ауырту, басты ауырту

Артротек – құрамында мизопростол мен вольтарен бар  күрделі препарат.

Даларгин – асқазан мен ішектін жараларын жазатын пептидті препарат. Асқазан сөлінін қышқылдығын төмендететі, гипотензивтик әсері бар.

Кері көрсеткіштері:гипотония, жүктілік.

Карбеноксолон натрий – қызыл мия шөбінен бөлінген глицирризин қышқылының туындысы.  Препараттың гастропротективтік әсерінің механизмы ас қорыту мүшелерінде  шырыштын, және оның ішіндегі сиал қышқылдарының  бөлінүін жөғарлатып, регенерацияны жақсартады.

Карбеноксолон асқазанда сіңірілетін болғандықтан, көбінесе асқазан жараларын емдеу үшін қолданылады. Он екі елі ішектін  жараларын емдеу үшін капсулалық түрі – биогастрон  бар.

Кері көрсеткіштері: жүрек жетіспеушілігі, жүктілік,  14 жасқа толмаған балалар.

Кері әсерлері: ісінүлер, гипокалиемия, гипертония.

 

Ішектін моторикасына әсер ететін дәрілер

Топтастыруы

І. Ішектін моторикасын төмендететін дәрілер.

  • М-холинотежегіштер: атропин, платифиллин, метацин ж.т.б.
  • Ганглиоблокаторлар:пирилен, бензогексоний ж.т.б.
  • Миотропті спазмолитиктер: галидор, но-шпа, папаверин, магний сульфаты, ж.т.б.
  • Опиатты рецепторларына әсер ететін заттар: имодиум, реасек.

ІІ. Ішектін моторикасын жоғарлататын дәрілер.

  1. Ішектін тонусын жоғарлататындар – М-холиномиметиктер (ацеклидин) және антихолинэстеразды заттар (прозерин)
  2. Ішекті босататын (слабительный) заттар
  • Ішектін барлық бөлімдеріне әсер ететін заттар: магний сульфаты, натрий сульфаты, лактулоза.
  • Ашы ішекке әсер ететін әсер ететін заттар: кастор майы
  • Тоқ ішекке әсер ететін заттар: өсімдік проепараттары, жасанды дәрілер және қоспа дәрілер.

І. Ішектін моторикасын төмендететін дәрілер

М-холинотежегіш заттар  n.vagus тонусы жоғарлағанда пайда болатын спазмді емдеу үшін қолданады. Бұл дәрілер спазмолитикалық әсерімен қатар секрецияны тежейді.

Ганглиоблокаторлар да парасимпатикалық импульстарды тежеп өте күшті спазмолитикалық және секрецияны тежейтін әсерін тигізеді. Сонда да кері әсерлері көп болғандықтан сирек қоланылады.

Миотропты спазмолитиктердін ішінде ішекке әсер ететіндер көбінесе но-шпа және папаверин жие  қолданылады.

ІІ. Ішектін моторикасын жоғарлататын дәрілер.

Ішектін тонусын жоғарлататындар  дәрілер кілегей қабықтардың рецепторларын қоздырып ішектін моторикасын жоғарлатады. М-холиномиметиктер (ацеклидин) және антихолинэстеразды заттар (прозерин) ішектін гипотониясы немесе атониясына қолданылады.

Екінші тобына ішекті босататын (слабительный) дәрілер. Ішектін барлық бөлімдеріне әсер ететін заттар: магний сульфаты, натрий сульфаты, лактулоза, ішек ішіндегі осмостық қысымды  жқғарлатып, ішектен сүйықтықтардың сіңірілүіне кедергі жасайды. Осы себептен ішектін ішіндегі химустың көлемі  көбейіп механорецепторлар тітіркенеді де перистальтика күшееді.

Бұл дәрілердің әсері 1-3 сағаттан кейін пайда болып, ең күшті ішекті босататын заттарға жатады.

Қолдану көрсеткіштері: улану, іш катудын жедел түрі, опрацияға дайындау, антигельминттік препаратармен бірге.

Аші ішекке әсер ететін заттарға кастор майы жатады.

Кастор майы 12-елі ішекте липаза арқылы гидролизденіп глицеринмен рицинол қышқылы пайда болады. Рицинол қышқылы ішектін кілегей қабығын тітіркендіріп, сумен электролиттердің сіңірілуін төмендетеді. Осының нәтижесінен ішектін момторикасы жоғарлап, босауы жеңілденеді. Глицерин кілегей қабықты қаптап, химустын шығуын жеңілдетеді. Фармакологиялық әсер әө, сағаттын ішінде пайда болады.

Қолдану көрсеткіштері  алдындағы көрсетілген топпен бірдей. Майға еритін умен уланғанда қолдануға болмайды.

Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер.

Өсімдік препараттары: ревень тамыры, сенна жапырағы, крушина тамыры, мия тамыры, инжир, өрік, ж.т.б. Бұл өсімдік өнімдерінің ішіндегі антрагликозидтер осы фармакологиялық әсерге ие. Сондықтан оларды ұнтақ, таблетка, экстракттар, тұнбалар түрінде қолданады.

Ашы ішекте антрагликозидтер қанға сіңіп, тоқ ішек ішіне қаннан  қайта бөлінеді де рецепторларын тітіркендіріп, тек қана тоқ  ішектін тонусын және жиырылуын күшейтеді. Кері әсерлері жоқ.

Жасанды препараттар: Фенолфталеин, изафенин, бисакодил, ж.т.б.

Бұл дәрілердін– фармакологиялық әсері 6-12 сағаттан кейін  басталады да, әсер ету уақыты ұзаққа созылады.

Фенолфталеин асқазаннан өзгермей өтіп, ішекте ерип 15% қанға сіңеді. Сінген сон тоқ ішекке өтпен тағы бөлінеді. Осындай циркуляцияның нәтижесінен әсері 3-4 күнге дейін созылады.

Кері әсерлері: іштін түйіліп ауруы, жүректін соғуы, коллапс, аллергия, зәрдін түсі қызарады.

Изафенин  фармакологиялық әсерлері фенолфталеинге ұқсас, улығы төмен.

Бисакодил тоқ ішекте шырыштын бөлініп шығуын жоғарлатады, және перисталтиканы күшейтеді.

Бұл дәрілерді ұзақ қолданғанда адам үйреніп кетіп, дәрінің белседілігі төмендеу мүмкін.

Тоқ ішекке әсер ететін дәрілердің қолдану көрсеткіштері:

  • Іш қатудың созылмалы түрі
  • Ішектің атониясы
  • Геморрой
  • Тік ішектін жарасы
  • Проктит
  • Парапроктит

Жалпы ішекті босататын дәрілерді ұзақ қолдануға болмайды, себебі ағзада гипокалиемия, гипонатриемия, гипокальциемия тұғызады.

Гепатопротекторлар. 

Гепатопротекторлар деп бауыр клеткаларын әр-түрлі эндогендік және экзогендік токсиндерден қорғап олардың қызметін сақтап қалатын  дәрілерді атайды. Осындай қорғаныш әсері бар ппрепараттар кейінгі кезде өте көп зерртеліп жатыр. Олардын қорғаныш әсерлері көбінде мембраностабилизаторлық, антиокиданттік әсерлерімен байланысты.

Силибин (Аналогтары: легалон, карсил; др.0,035; 0,07; 100мл) – өсімдіктерден  флавоноидты заттардан тұрады. Гепатоциттердін мембраналарын тығыздандырып, оларды әртүрлі зиянды факторларға тұрақтандырады. Бауырда зат алмастыру процесстерін реттеп, ас қорту процесстерін жақсартады.

Қолдану көрсеткіштері: гепатит, цирроз.  Және т.б. бауырдын аурулары.

Лив-52 – комплексттік препарат

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!