Гормоналді препардың жіктелуі. Гормоналді емнің принциптері. Гипо және гипертиреоз синдромдарында қолданатын гормоналді препараттар

Гормоналді препардың жіктелуі. Ггормоналді емнің принциптері. Гипо және гипертиреоз синдромдарында қолданатын гормоналді препараттар.

Гормондар – бұл ішкі бездер секрециясынан бөлініп қанға түсіп мүшелерге және нысана тіндерге әсер ететін биологиялық белсенді зат болып есептелетін химиялық субстанциялар.

“Гормон” термині  “hormao” грек сөзінен аударғанда  – қоздыру, мәжбірлеу, белсенділікке шақыру дегенді білдіреді.  Қазіргі таңда көптеген гормондардың құрлымын анықтап оларды синтездеуге мүмкіндігіміз бар.

Гормоналді препараттар химиялық құрлымы бойынша гормондар сияқты жіктеледі:

а) ақуызды және пептидті құрлымды гормондар (гипоталамус, гипофиз, қалқанша маңы безі, ұйқы безі гормондарының препараттары, кальцитонин);

б) аминқышқылдарының туындылары (құрамында йоды бар тиронин туындылары – қалқанша безі, бүйрек үсті безі милы қабатының препараттары) ;

в) стероидты қосылыстар (бүйрек үсті безі және жыныс безі гормондарының препараттары).

Жалпы алғанда эндокринология бүгінгі таңда  ағзадаға жекелеген тіндермен әртүрлі ағзалар мен жүйелерде синтезделетін 100 химиялық заттарды зерттеуде.

Гормоналді фармакотерапияның  түрлері:

1) алмастырушы терапия (мысалы, қантты диабетпен ауратын науқасқа инсулинді егу);

2) тежуші терапия өз гормондары қалыпты жағдайдан көп бөлінген кезде оны тежеуге бағытталған терапия (мысалы, тиреотоксикоз кезінде);

3) симтоматикалық терапия, науқаста ешқандай гормоналді бұзылыстар жоқ, бірақ дәрігер гормондарды басқа мақсаттармен тағайындаса – ревматизмнің ауыр ағымында (қабынуға қарсы зат ретінде), көздің, терінің  ауыр қабыну жағдайларында, аллергиялық ауруларда және т.б.

АҒЗАДАҒЫ ГОРМОНДАР СИНТЕЗІНІҢ РЕТТЕЛУІ

Эндокринді жүйе ОЖЖ мен иммунды жүйелердің ықпалымен ағзаның гомеостазын реттейді. ОЖЖ мен  эндокринді жүйе арсындағы байланыс гипофиздің алдыңғы бөлігінен (яғни аденогипофиз) керекті гормондардың бөлінуін немесе тежелуін шақыратын гипоталамус пен  нейросекреторлы тіндер бөліп шығаратын (ацетилхолин, норадреналин, серотонин, дофаминге сезімтал) рилизинг-факторлар және оның тежегіштері либериндер және статиндер арқылы жүзеге асырылады.  Сонымен, гипоталамустың рилизинг-факторлары аденогипофизге әсер ете отырып оның гормондарды бөлуін және шығарылуын өзгерте алады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары өз кезегінде нысана тіндердің гормондарының бөлінуімен шығарылуын белсендіреді.

Аденогипофизде (алдыңғы бөлігі) келесі гормодар бөлінеді (синтезделеді) :

– адренокортикотропты (АКТГ);

– соматотропты (СТГ);

– фолликулбелсендіруші және лютеотропты гормондар (ФСГ, ЛТГ);

– тиреотропты гормон (ТТГ).

Аденогипофиздің гомондары болмаса нысана бездер қызметі тоқтатылады. Керісінше, қанда нысана бездермен өндірілетін гормондар мөлшері жоғарласа гипоталамустың рилизинг – факторларының бөліну жылдамдығы өзгеріп, гипоздің оларға сезімталдығы төмендеп, аденогипофизбен бөлінетін тропты гормондарының секрециясы төмендейді. Ал егер қан плазмасында нысана бездермен өндірілетін гормондар мөлшері төмендесе, онда рилизинг-фактордың  және оған тропты гормондардың шығарылуы жоғарлайды.  Сонымен, гормондардың бөлінуі кері бағыт принципі бойынша реттеледі: қанда нысана бездер гормондарының мөлшері неғұрлым аз болса, гипофиз бен гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарын реттеуші гормондарының түзілуі көп болады.   Бұны гормоналді терапия өткізгенде есте сақтау қажет, өйткені гормональді препараттар науқаста өз гормондарының синтесін тежеуі мүмкін. Осыған орай, түзетуге келмейтін қателік жасамау үшін гормональді препараттарды тағайындамас бұрын науқастың жағдайын толық зерттеу керек.

ГОРМОНДАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ (ПРЕПАРАТТАРДЫҢ)

Химиялық құрлымына қарай гормондар жасуша бетінде немесе  оның мембранасында орналасқан спецификалық рецепторларға, немесе жасушаның генетикалық материалына (ядро ДНК-а), оның  аденилатциклазаның белсенділігін бұзып немесе жасуша қызметін өзгертетін ұсақ молекулаларға (глюкоза, кальций)  жасушалардың өткізгіштігін өзгерту арқылы әсер етеді.

Стероидты гормондар, рецептормен байланысып ядроға еніп хроматиннің спецификалық бөлігімен байланысып, цитоплазмаға спецификалық м-РНК синтезінің жылдығын жоғарлатып, ондағы спецификалық ақуыз синтезінің жылдамдығын жоғарлатады.

Катехоламиндер, полипептидтер, ақуызды гормондар аденилатциклаза белсенділін өзгертеді, цАМФ мөлшерін жоғарлатады соның салдарынан жасуша мембраналарының өткізгіштігі, ферменттер белсенділігі өзгереді.

ҚАЛҚАНША БЕЗІ ГОРМОНЫНЫҢ ПРЕПАРАТТАРЫ

Аденогипофиздің  тиреотропты гормондарының салдарынан қалқанша безінің фолликулярлы жасушасымен қанға түсетін құрамында йоды бар екі негізігі гормондар түзіледі:

1) тироксин (Т4);

2) трийодтиронин (Т3).

Қалқанша безідің интерстициальді жасушасында тирокальцитонин (кальцитонин) гормоны түзіледі.  Тироксин молекуласында йодтың төрт атомы, ал трийодтиронин молекуласынды – үш атомы бар. Қан плазмасында Т4 және Т3 жартысы ақуызбен байланысқан күйде, жартысы бос күйінде болады.  Қан плазмасындаға Т4 плазмадағы йодтың ақуызбен байланысқан мөлшерімен айқындалады.  Бос гормондар физиологиялы белсенді болып келеді, ал байланысқан бөлігі қор ретінде сақталады. Қалқанша безінде тироксиннің синтезі трийодтиронинге қарағанда жоғары болғанымен,  трийодтирониннің белсенділігі бес есе жоғары. Шеткі тіндерде Т4 30%  Т3 ауысады.

Бұл гормондардың өмірінде аденогипофиздің ТТГ  бақыланатын үш кезеңді бөлуге болады:

  1. Бездердің йодидтерді ұстауы.

2.Йодтің тиреоглобулин молекласында орналасқан тирозин аминқышқылымен байланысып, моно- және дийодтирозиннің түзуі.

3.Дийодтирозиннің екі молекуласы қосылғанда тироксин (Т4), ал монойодтирозин мен дийодтирозин қосындысынан трийодтиронин (Т3) түзіледі.

Соңында гормондар қанға түседі.

ГОРМОНДАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПРЕПАРАТТАРЫНЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ

  1. Термореттеугі әсері :

– бас миы, жыныс ағзалары мен лимфоидті тіндерден басқа барлық тіндердің ауаны және жылу өнімдерін жоғары пайдалану.

  1. Тіндердің өсуімен дифференцировкасына әсері.
  2. Метаболизмпроцесстеріне әсері :

– гормондар өсумен қатар ақуыз синтезіне ықпал етеді (анаболикалық әсер);

– жоғарғы мөлшерде  катаболикалық әсер етеді;

– холестерин катаболизмінің жылдамдығы жоғарлайды;

– су-электролит алмасуына әсері

(мысалы, қалқанша безінің гипофункциясында – су мен электролиттердің кідіруі).

  1. Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері:

– миокардың жиырлу күші мен жылдамдығының белсенуі, жүрек лақтырысының күшеюі.

  1. ОЖЖ әсері :

– жүйке талшықтарының  миелинизациясын жоғарлатады.

  1. Қанға әсері :

– қалқанша безінің гипофункциясында анемия туындайды.

Клиникада қалқанша безінің гипо-және гиперфункция жағдайлары кездеседі. Қалқанша безінің гипофункциясында (қызметінің төмендеуі) (гипотиреоидизм) патологияның үш түрі кездеседі:

1) микседема (үлкендерде);

2) кретинизм (балаларда);

3) эндемиялық қарапайым зоб (біріншілікті гипотиреоз).

Гипотиреоидизмнің үш түрінде емдеуде келесі препараттар қолданады :

  1. ТИРЕОИДИН (Thyreoidinum; шығарлу түрлері: түймедақ және ұнтақ 0, 05 және қабықшамен қабталған түймедақ 0, 1 және 0, 2).

Препарат арзан, жеткілікті. Ұнтақты өлтірілген жануарлардың кептірілген, майсыздандырылған қалқанша безінен дайындайды. Бұл препараттың әсері құрамындағы екі тироксин және трийодтиронин гормондарына байланысты. Тиреоидин әсері микседемада жоғары, бұл препаратты қолдану нәтижесінде көптеген жылдар бойы жақсы клиникалық әсерді алуға болады.

Қолдану көрсеткіші :

  1. Кретинизм (емді ерте бастаған жөн, өйткені мидың жетілуі адам өмірінің үш жасында аяқталады).
  2. Қалқанша безінің рагінде ісіктерді алу алдында.
  3. Атеросклероз ауруымен ауыратын науқастарда байқап қолдану қажет.

Кері әсерлері :

– аллергиялық  реакциялар;

– тиреотоксикоз  (мөлшерден тыс көп қолданғанда): тахикардия, тершеңдік, үйқышылдық, жүректің ишемиялық ауруының ағымының нашарлауы, қант диабеті ағымының нашарлауы және т.б.

  1. ТРИЙОДТИРОНИН ГИДРОХЛОРИДы (0, 02 және 0, 05 түймедақ түрінде шығарылады).

Бұл препарат құрлымы және әсері бойынша қалқанша безінің гормонына ұқсас болатын синтетикалық зат. Препараттың  сіңуі және әсері тез жылдам, бірақ қысқа болады. Әсер ету уақыты- 4-8 сағ, максимальді әсері 24 сағаттан соң байқалады. Препараттың әсері жай бір жұма ішінде төмендейді (жартылай элиминация кезеңі – екі тәулік).

Препаратты  тиреоидин сияқты көрсітілім бойынша қолданады, бірақ жеделше кезеңінде.

Қолдану көрсеткіші :

  1. Біріншілікті гипотиреоз және микседема, кретинизм (емнің бірінші кезеңінде қолданған жөн).
  2. Қалқанша безінің гиперфункция жағдайында жасалатын жартылай аденоэктомияясында.
  3. Тиреоидинге тұрақтылық дамығанда.
  4. Микседематозды кома мен психозда (әсері жоғары).

Кере әсерлері  тиреоидиндікідей.

III. ЛЕВОТИРОКСИН (L-тироксин) – тироксиннің синтетикалық аналогі. 25, 50, 75, 100, 125, 150, 200 мкг түймедақ түрінде шығарылады.

Алдыңғы препараттардан ерекшелігі сіңуі, шығарылуы жай, терапевтикалық әсері 7-12 тәуліктен кейін байқалады. Препаратты тәулігіне бір рет тағайындайды.

Көрсеткіштері мен кері әсерлері жоғарыдай.

  1. Синтетикалық комбинирленген препараттар:

– ТИРЕОКОМБ (Т3, Т4 және калий йодидтан тұрады);

_ ТИРЕОТОМ (Т3 және Т4 тұрады).

Сонымен қатар, тиреотоксикоз кезінде тахикардияны басу үшін бета-адреноблокаторлар қолданылады  (анаприлин, метапролол).

ГИПЕРТИРЕОИДИЗМЕ ҚОЛДАНАТЫН ПРЕПАРАТТАР

Бұл жағдайда ауырлығы әр түрлі диффузды токсикалық зобтың клиникалық көрінісі байқалады. Тиреотоксикоз  экзофтальммен, тахикардиямен, тершеңдікпен, зат алмасу процесстерінің жоғарлаумен жүреді.

Жалпы антитиреоидты препараттардың екі тобы берілген

  1. Топ перапараттары қалқанша безінің гиперфункциясында қолданады – гормондардың синтезін тежегіштер (тиамазол, синоним: мерказолил).

ТИАМАЗОЛ (Thiamazole; түймедақ 0, 005) – синтетик, спиртпен суда тез ериді. Препарат безде тироксин синтезін оксидаза ферментін тежеу арқылы төмендетеді. Негізгі зат алмасу төмендейді. Препарат безде ұзақ жиналады, сондықтан латенті кезеңі ұзақ және  клиникалық әсері 1-2 жұман соң байқалады, ал  максимальді әсері – 4-8 жұмада көрінеді. Сондықтан, препаратты ұзақ уақытқа орташа бір  немесе одан да жылға тағайындайды, аз уақытқы тағайындауға болмайды..

Кері әсерлері :

  1. қантүзілістерін бұзу (лейкопения, анемия, агранулоцитоз).
  2. Тері бөртпелері (препарат нуклеинді алмасуға әсер етеді).
  3. Лимфоаденопатия.
  4. Препарат плацентадан өтіп ұрықтың дамуына кедергі жасайды.
  5. Сүт безіне оңай өтеді.
  6. Зобогенді әсер (аденогипофиздің ТТГ белсенді синтезіне жауап ретінде қалқанша безінің гиперплазия – қайта кері байланыс әсерінің жүзеге асуы: мерказолил бездердегі гормондар синтезін төмендетеді, нәтижесінде релизинг-гормондарының синтезі жоғарлайды, оның салдарынан ТТГ шығуы жоғарлап қалқанша безінің ұлғаюына алып келеді.
  7. Қалқанша безінің гиперфункциясын емдеуде қолданатын антитиреоидны препараттарының екінші тобы – ЙОД ПРЕПАРАТТАРЫ (йодидтар).

Бұл препараттар қалқанша безінің дисфункциясын емдеуде қолданатын ең ескі тобына жатады. Ең алдымен құрамында жай йоды бар препараттарға тоқталсақ.  Бұл Люголь ерітіндісі (5% ерітінді йод 10% йодид калия ерітіндісінде) және бейорганикалық йодидтер (калий және натрий йодидтері). Бұл препараттарды тағайындаудағы мақсат бұл құрамындағы йод ағзаның физиологиялық қажеттілігінен жоғару болуында. Бірақта, тіндік рецепторлар гормон молекуласына емес оның құрамындағы йодқа жауап береді. Йодтардың жоғары  мөлшерінде рецепторлар алданып релизинг-гормондарының түзілуін төмендетеді. Бұл өз кезегінде ТТГ төмендетеді, бездің көлемі кішірейіп, атрофияға ұшырайды және оның қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді.

Препараттар тез әсер етіп, әсері ем басталғаннан кейін 24 сағаттан соң байқалады. Максимальді клиникалық әсірі 10-14 тәуліктен кейін байқалады. Бірақта бірнеше уақыт аралығында емдік әсері төмендейді. Бұл препараттармен ұзақ емделгенде науқастың жағдайы жақсаруы немесе керісінше төмендеуі мүмкін. Сонымен, бұл препараттарды ұзақ қолдануға болмайды және тек қана бір көрсетілім бойынша -ол қалқанша безіне операция жасау алдында науқасқа дайындық ретінде қанайналымын төмендету мақсатымен қолданады.

Кері әсерлері:

  • йодизм ( жөтел, конъюнктивит); асқазан  шырышын тітіркендіру.

Дәріс 2 Гипергликемия және гипогликемияда қолданатынгормоналді препараттар .

А) Гипергликемияда қолданатын заттар

ҮЙҚЫ БЕЗІ ГОРМОНДАРЫНҢ ПРЕПАРАТТАРЫ

Адамның үйқы безінің құйрықты бөлігінде салмағының 1% құрайтын 2 млн. Лангерганс аралшығы орналасқан.  Аралшықтан глюкагон, инсулин және соматостатин (өсу гормонынң секрециясын тежейді) бөлетін альфа-, бета- және дельта-клеткаларынан тұрады.

Бұл дәрісте бізді Лангерганс аралшығының бета-клеткаларының секрециясы – ИНСУЛИН қызықтырады, өйткені қазіргі кезде инсулин препараттары диабетке қарсы ең алдыңғы қатарлы дәрілік заттар болып есептеледі.

Инсулин ең алғаш  1921 жылы Banting, Best ашылған және осы жаңалық үшін олар 1923 жылы  Нобель премиясын алған. 1930 году (Abel) инсулин  кристалды түрінде бөлініп шығаралған.

Қалыпты жағдайда инсулин қандағы глюкозаны реттегіш болып есептеледі.  Қандағы глюкоза мөлшері сәлғана ажоғарласа инсулиннің секрециясын тудырып оның бета-клеткалармен өндірілуін шақырады.

Инсулиннің әсер ету механизмі тінмен глюкозаның сіңірлуін күшейтіп оның гликогенге ауысуына ықпал етеді. Инсулин, глюкозаға клетка мембранасының өткізгіштігін жоғарлатып оның тіндерге өтуін жеңілдетеді. Сонымен қатар, инсулин тіндерге аминқышқылдармен калийтранспорттарын белсендіреді.

Глюкозаға тіндердің өткізгіштігі жоғары; онда инсулин глюкокиназы және гликогенсинтетаза мөлшерін жоғарлатып, глюкозаның бауырда  гликоген түрінде жинақталуына ықпал етеді. Гепатоциттерден басқа гликогеннің депосы болып көлденең-жолақты бұлшықетінің клеткалары есептеледі.

Инсулиннің жеткіліксіздігінде глюкоза тіндермен жақсы сіңірлмейді, гипергликемия, қандағы глюкоза мөлшерінің жоғары болуы (180 мг/л жоғары) және глюкозуриямен (несепте қанттың болуы) көрінеді. Осыдан қант диабетінің латынша аты: “Diabetеs mellitus” (қантты несеп бөлу).

Тіндердің глюкозаға деген сұранысы әртүрлі. Бас миында, көру эпителяларында, ұрық шығару эпителияларында энергия тек қана глюкоза арқылы пайда болады. Басқа тіндерге энергия көзі ретінде глюкозадан басқа майлы қышқылдарда пайдаланады.

Қант диабетінде қызық жағдай туындайды «гипергликемия» болсада, тіндер «аштықты» сезінеді.

Науқастың ағзасында көмірсу алмасуымен қатар басқа да алмасулар өзгертіледі. Инсулиннің жетіспеушілігінде теріс азотты баланс байқалады, мұнда аминқышқылдар глюконеогенезге қолданады 100г ақуыздан 56г глюкоза түзіледі.

Майлар алмасуларыда бұзылған, бұл қандағы кетонды денелерга ауысатын бос май қышқылдарының жоғарлаумен байланысты. Бұлардың жиналуына кетоацидозға сонымен қатар комаға дейін әкеледі. Сонымен қатар бұл жағдайда тіндердің инсулинге тұрақтылығы дамиды.

ӘДҚ мәліметі бойынша қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 1 млрд. жетті. Өлім бойынша қант диабеті жүрек-қан тамыр, қатерлі ісіктерден кейін үшінші орында тұр, сондықтан қант диабеті –шешімін керек етеін әлуметтік-медициналық мәселе болып отыр.

Қант диабетімен ауратын науқастарды ӘДҚ жіктелуі екі негізігі топқа бөледі:

  1. Инсулинге тәуелді қант диабеті – ИТҚД (ҚД-I) инсулин секрециясының жеткіліксіздігінен бета-клеткалардың өлімімен дамиды. Бұл түр 30 жасқа дейн аралықта кездеседі және тұқымқуалаушылықтың мультифакторлы түрімен бірінші және екінші классты гистосәйкес гендердің болуымен байланыстырады мысалға HLA-DR4 және HLA-DR3.  -DR4 және -DR3 антигендері бар адамдар инсулинге тәуелді қант диабетіне шалдығу қауіпі жоғары болады.

Инсулинге тәуелді қант диабеті жалпы санының 15-20% құрайды.

  1. Инсулинге тәелді емес қант ддиабеті независимый сахарный диабет – ИНТЕҚД – (ҚД-II). Бұл диабет үлкендердің диабеті деп аталады, өйткені 40 жастан кейін дамиды.

Бұл қант диабетінің дамуы адамның гистосәйкестілігіне байланысты емес. Бұл түрмен ауыратын науқастардың ұйқы безі қалыпты немесе қалыптан сәл төмен инсулин түзуші клеткалар табылған, қазіргі таңда ИНТЕҚД-і инсулинге резистентті және компенсаторлы инсулинді түзетін  бета-клеткалардың қызметінің бұзылыстары салдарынан дамиды. Бұл түрмен ауыратын науқастар 80-85% құрайды.

Бұл екі түрінен басқа келесі түрлер ажыратылады:

  1. Тағамның жетіспеушілігімен байланысты қант диабеті.
  2. Екіншілікті, симптоматикалық қант диабеті (эндокринді генезді: зоб, акромегалия, ұйқы безінің аурулары).
  3. Жүктілік диабеті.

Қазіргі таңда белгілі бір методология ашылуда, яғни қант диабетімен ауыратын науқастардың еміне бағытталған көзқарастар мен принциптер жүйесі, олардың ішіндегі өзектісі:

1) инсулин жеткіліксіздігінің компенсациясы;

2) гормональді-метаболиттік бұзылыстарды түзету;

3) ерте және кеште болатын асқынуларды алдын-алу және түзету.

Қант диабетімен ауыратын науқастарды соңғы қолданатын емдеу  принциптердің ең басты терапия әдістері болып үш  компоненттер болып есептеледі :

1) диета;

2) инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқастарға инсулин препараттары;

3) инсулинге тәуелді емес қант диабетімен ауыратын науқастарға пероральді қантты төмендететін заттар.

Сонымен қатар, физикалық күш түсіру дәрежесін және режимін сақтау маңызды болып табылады. Қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеуде қолданатын фармакологиялық заттар ішінде екі негізгі топ препараттарын бөледі:

  1. Инсулин препараттары.
  2. Синтетикалық пероральді (түймедақттар)диабетке қарсы заттар.

ИНСУЛИН ПРЕПАРАТТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Әлемдік фармацевтикалық фирмалармен шығарылатын барлық инсулин препараттары негізгі үш белгі бойынша айырылады:

1) шығу тегі бойынша;

2) әсердің пайда болу жылдамдығы мен ұзақтығына қарай;

3)  тазарту әдісімен препараттардың тазалық дәрежесіне қарай.

  1. Шығу тегі бойынша жіктелуі:

а) табиғи (биосинтетикалық)  инсулин препараттары, олар ірі қал малдың ұйқы безінен алынады, мысалы, инсулин ленте GPP, ультраленте МС жиі шошқадан (мысалы, актрапид, инсулрап СПП, монотард МС, семиленте және т.б. );

б) синтетикалық немесе  адамдар  инсулиндері. Бұл препараттарды ДНК-рекомбинантты технология жолымен, генді инженерия әдісімен алады, сондықтан оларды  инсулиннің ДНК-рекомбинантты препараттары деп атайды (актрапид НМ, хомофан, изофан НМ, хумулин, ультратард НМ, монотард НМ және т.б.).

  1. Тазарту әдісімен препараттардың тазалық дәрежесіне қарай:

а) кристаллизденген (нашар тазартылған), бірақ  хроматографирленбеген – бұлар қазіргі таңда өндірістен алынған бұрын бізде өндірілетін “традиционных” инсулин препараттары (инъекцияға арналған инсулин);

б) кристаллизденген және гель арқылы сүзілген (“молекулярлы сүзі”) – бір немесе монопиктік инсулиндер (актрапид, инсулрап және т.б.);

в) кристаллизденген және “молекулярлы сүзгі” және  ион алмастырушы хроматография жолмен тазартылған

–  монокомпонентті инсулиндер (актрапид МС, семиленте МС, монотард МС, ультраленте МС).

Кристаллизденген, бірақ хроматографирленбеген инсулиндер, табиғи жолмен алынған  препараттарға жатады. Олар әртүрлі проинсулин, глюкагон, С-пептид (проинсулиннің А және В-тізбесін байланыстыратын), соматостатин және басқада ақуыздан тұратын қоспалардан тұрады. Бұл преапараттарда проинсулиннің мөлшері миллионға  10000бөлік құрайды.

Инсулиннің жоғары тазартылған препараттары  (гель арқылы сүзілген), монопиктік деп аталатын, яғни хроматограммада тек қана бір пик көрінетін және 3000 –ден төмен қоспасы бар (от 50 до 3000), одан да таза – монокомпонентті – инсулиннің миллион бөлігіне 10 бөліктен төмен. Монокомпонентті препараттар маңызды болып есептелуде.

III. Әсердің пайда болу жылдамдығы мен ұзақтығына қарай:

а) тез және қысқы әсер ететін препараттар (актрапид, актрапид МС, актрапид НМ, инсулрап, хоморап 40, инсуман рапид және т.б.). Әсері –  15-30 минуттан соң басталып, әсер ету ұзақтығы 6-8 сағатқа созылады;

б) орташа әсер ететін препараттар (әсері 1-2сағаттан соң басталып, әсерінің ұзақтығы – 12-16 сағатқа созылады); – семиленте МС; – хумулин Н, хумулин ленте, хомофан; – ленте, ленте МС, монотард МС (2-4 сағат және 20-24 сағат);

– илетин I НПХ, илетин II НПХ;

– инсулонг СПП, инсулин ленте GPP, SPP және т.б.

в) орташа әсерлі қысқы әсер ететін инсулинбен қосылған препараттар: (әсері 30 минут соң басталып; ұзақтығы –  10 нан 24 сағатқа созылады);

– актрафан НМ;

– хумулин М-1; М-2; М-3; М-4 (әсер ету ұзақтығы 12-16 сағат);

– инсуман комб. 15/85; 25/75; 50/50 (10-16 сағат аралығында әсер етеді).

г) ұзақ әсер етеін препараттар:

– ультраленте, ультраленте МС, ультраленте НМ (28 сағатқа дейін);

– инсулин суперленте СПП (28 сағатқа дейін);

– хумулин ультраленте, ультратард НМ (24-28 сағатқа дейін).

АКТРАПИД, шошқаның ұйқы безінің бета-клеткасының аралшықтарынан алынған,  официнальді препарат ретінде флакондарда 10 мл белсенділігі 1мл 40 ЕД-дан болып шығарылады. Парентерально, көбіне тері астын егеді. Бұл препараттың қант мөлшерін түсіретін әсері тез болады. Әсері 15-20 минут кейін басталып, әсерінің жоғарғы күші 2-4 сағаттан кейін байқалады. Қант түсіруші әсерінің ұзақтығы үлкендерде – 6-8 сағат, ал балаларда  8-10 сағат.

Қысқа және тез әсер етеін инсулин препараттарының артықшылығы (актрапида):

1) әсері тез;

2) қанда физиологиялық концентрация шыңына жетеді;

3) қысқы уақытты әсер етеді.

Негізгі жеткіліксіздігі – әсерінің қысқылығы, сондықтан қайта енгізуді қажет етеді.

Қысқы және тез әсер ететін инсулин препараттарының қолдану көрсеткіші:

  1. Инсулинге тәуелді қант диабеті, препаратты тері астына егеді.
  2. Үлкендердегі инсулинге тәуелді қант диабетінің ауыр формалары .
  3. Диабеттік (гипергликемиялық) комада. Бұл жағдайларда препараттарды тері астына, көк тамырға егеді.

Инсулинді мөлшерлеу – бұл өте күрделі сұрақ, өйткені мөлшерді жеке әр адамға таңдау қажет.

Инсулин мөлшерінің есептеудің ең негізгі әдісі болып – ол несептегі бір  грамм қантқа иинсулиннің 1 ЕД егу саналады. Инсулиннің бірінші инъекциясын және керекті смөлшерді анықтауды стационар жағдайында жасаған жөн. Бұл жағдайда керекті нақты мөлшерін анықтауға тырысады. Науқасқа қолданатын диетаны бір аптаға жазып береді.

  1. Сирек жағдайларда балалардың тәбеті төмен болғанда бұл препараттарды тері астына тәбетін жоғарлату үшін анаболикалық зат ретінде қолданады.

Бұл көрсеткіштер бойынша препараттарды тәбеті төменгенде,   фурункулезда, тиреотоксикозда, құсу жағдайларында, созылмалы  гепатиттермен ауыратын науқастарға тағайындайды.

  1. Препараттар жүрек аритмияларында миокардың жұмысын тұрақтандыру үшін (жүрек гликозидтерімен уланғанда болатын гипокалигистия жағдайында) қолданатын поляризациялаған қоспалардың құрамына кіреді (калий, глюкоза және инсулин).
  2. Ертеде психиатропты клиникаларда бұл препараттарды шизофрениямен ауыратын науқастарда шоктік терапия жүргізу үшін (гипогликемиялық команы тудыру арқылы) қолданылған. Қазіргі кезде бұл әдіс қолданылмайды.
  3. Жүктілік кезіндегі инсулинге тәуелді емес қант диабет емдеуде қолданады, өйткені олар тератогенді әсер шақырмайды.
  4. инсулинге тәуелді емес қант диабетімен ауратын науқастарға операциялар жасағанда, инфекциондыаурулармен ауырғанда.

Тез және қысқа әсер ететін инсулин препарттарымен қатар ұзақ әсер етеін инсулиндер белгілі. Құрамында негізгі белоктар- протамин мен глобин, цинк, сонымен қатар тұзды буферлердің болуы, қант мөлшерін түсіретін әсерінің жылдамдығын, максимальді әсерін және ұзақтығын өзгертеді. Бұндай қоспалардың нәтижесінде суспензия алынады, ол жай сіңіріліп қанда ұзақ уақытқа препараттың орташа мөлшерін ұстап тұрады. Қазіргі таңда ұзақ әсер етеін  инсулин препараттары өте көп, оларды тері астына егеді.

Ұзақ әсер ететін инсулин препараттарының артықшылығы :

1) препарат күніне екі немесе бір рет енгізіледі;

2) препараттардың рН жоғары, сондықтан инъекция онша ауыр емес және инсулиннің әсері тез болады.

Кемшіліктері:

1)  физиологиялық пиктің болмауы, сондықтан бұл препараттарды қант диабетінің ауыр формаларында қолдануға болмайды, тек қана жеңіл және орташа ауырлық дәрежелерінде қолданылады;

2) препараттарды көк тамырға егуге болмайды (эмболияны тудырмау үшін);

ИНСУЛИНОТЕРАПИЯНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ

  1. Жиі және қауіпті асқынулары – бұл ГИПОГЛИКЕМИЯНЫҢ дамуы. Әкелетін жағдайлар :

– мөлшерін тым көп қолдану;

– енгізген мөлшер мен тамақтанудың сәйкессіздігі;

– жоғары физикалық күштің түсуі;

– бауыр және бүйрек аурулары;

– тағы басқа жағдайлар (ішімдік).

Гипогликемияның бірінші  клинические симптомдары (“жылдам” инсулиндердің вегетотропты әсерлері): тітіркендіргіштік, мазасыздық, бұлшықеттің босаңсуы, депрессия, тершеңдік, көру өткірлігінің өзгеруі,  тахикардия, тремор, тері жамылғысының бозаруы, “гусиная кожа”, қорқыныш сезімі. Гипогликемиялық комада дене температурасының төмендеуінің  диагностикалық маңызы бар.

Ұзақ әсер етеін препараттар әдетте гипогликемияны түнде шақырады (қорқынышты түс көру, тершеңдік, үрей, бастың ауруы – церебральді симптоматика).

Инсулин препаратын қолданатын науқастар әрдайым өзімен бірге гипогликемия симтомы туындағанда жейтін аздаған қант, нан алып жүру тиіс. Егер науқас кома жағдайында болса көк тамырға глюкозаны енгізу қажет. Әдетте 40% ерітіндінің 20-40 мл жеткілікті болады. Сонымен қатар тері астына адреналиннің  0, 5 мл немесе глюкагонның 1 мг (ерітіндіде) бұлшықетке енгізуге болады.

Соңғы кезде осындай асқынуларды болдурмау үшін Батыста практикаға инсулинотерапияның жаңа технологияларымен техникаларын енгізуде. Бұл инсулинді жабық типті аппарат арқылы беретін жаңа техникалық құрылғылар шығарылуымен байланысты, ол  дозаторлар мен микронасостар арқылы берілген программа бойынша немесе гликемия мөлшеріне қарай инсулиннің енуін қадағалайды. Енгізген бұл технологиялар арқылы тәуліктік инсулиннің физиологиялық қажеттілігін толтыруға жақындатады. Бұл аз уақыт ішінде қант диабетінің компенсациясына әкеліп, басқада метоболиттік көрсеткіштердің қалыптасуына ықпал етеді.

Интенсивті инсулинотерапияның қажетті және қауіпсіз әдісі болып инсулинді тері астына арнайы құрылғы “шприц-ручка” (“Новопен” – Чехословакия, “Ново” – Дания және т.б. ) арқылы енгізу болып табыладыі. Бұл аппараттар арқылы инъекцияларды ауыртпай және керекті мөлшерде салуға болады. Шприц-ручканың автоматты реттеу болғандықтан көруі нашар науқастарда қолдануға болады.

  1. Қышыну, гиперемия, дәріні салған жерді ауырсыну; крапивница, лимфоаденопатиямен көрінетін аллергиялық реакциялар.

Аллергия инсулинге ғана емес протаминге де туындауы мүмкін, өйткені ол да белок болып саналады. Сондықтан құрамында белогі жоқ препараттарды қолданған жөн мысалы, инсулин ленте. Бычий инсулиніне аллергия туындаса оны антигенді қасиеті төмен шошқа инсулиніне (өйткені бұл инсулин адам инсулинінен тек бір ғана аминқышқылымен ерекшеленеді) алмастырады. Инсулинотерапияның осындай асқынуларынан қазіргі таңда инсулиннің жақсы тазартылған түрлері шығарылған: монопиктік және монокомпонентті инсулиндер. Жоғары тазартылған монокомпоненті препараттар инсулинге антиденелердің түзілуін төмендетеді, сондықтан науқасты монокомпонентті инсулинге ауыстыру қандағы инсулинге антиденелердің мөлшерін төмендетеді, бос инсулиннің мөлшерін жоғарлатады  және инсулин мөлшерін төмендетеді.

Ең үлкен артықшылығы ол генной инженерия әдісмен алынған ДНК-рекомбинантты  адамның түрі өзгертілген. Бұл инсулин төмен антигенді қасиетке ие. Сондықтан,  рекомбинантты монокомпонентті инсулинді инсулинге аллергия туындағанда, инсулинге тұрақталық дамығанда және қант диабеті алғашқы рет анықталғанда, әсіресе жастарда және балаларда қолданылады.

3 Инсулинге резистенттіліктің дамуы. Бұны инсулинге антидененің түзілуімен байланыстарады. Бұл жағдайда мөлшерін жоғарлату керек сонымен қатар адамның немесе шошқаның монокомпонентті инсулинін қолдану қажет.

  1. Инъекция орнында липодистрофияның дамуы. Бұл жағдайда препараттың егу орынын алмастыру қажет.
  2. Қандағы калий мөлшерінің төмендеуі, сондықтан тағам арқылы реттеу қажет.

Қазіргі таңда біздің ел препараттарды “Ново”, “Плива”, “Эли Лилли” и “Хёхст” шетел фирмаларынан сатып алады.

ДИАБЕТКЕ ҚАРСЫ (ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ) ПЕРОРАЛЬДІ ЗАТТАР

  1. Эндогенді инсулин секрециясын белсендіретін (сульфонилмочевина препараттары) : 1. Бірінші генерация препараттары:

а) хлорпропамид (син.: диабинез, катанил және т.б.);

б) букарбан (син.: оранил және т.б.);

в) бутамид (син.: орабет және т.б.);

г) толиназе.

  1. Екіншілікті генерация препараттары:

а) глибенкламид (син.: манинил, орамид және т.б.);

б) глипизид (син.: минидиаб, глибинез);

в) гликвидон (син.: глюренорм);

г) гликлазид (син.: предиан, диабетон).

  1. Глюкозаның метаболизмімен сіңуіне әсер етеін (бигуанидтер) :

а) буформин (глибутид, адебит, силубин ретард, диметил бигуанид);

б) метформин (глиформин).

III. Глюкозаның сіңірлуін төмендететін :

а) глюкобай (акарбоза);

б) гуарем (гуаровая смола).

Қантты төмендететін түймедақтарды 1942 жылы қолдана бастады, бұл кезде антимикробты сульфаниламидтерді қолдану барысында қандағы қант мөлшері төмендегені байқалған. Кештеу гипогликемиялық белсенділігі бар, бірақ антимикробты әсері жоқ сульфаниламидті препараттар ашылды.

БУТАМИД (Butamidum; 0, 25 и 0, 5 түймедақ түрінде шығарылады) -, сульфонилмочевина туындысының біріншілікті генерация препараты. Әсер ету механизмі ұйқы безінің  бета-клеткаысын белсендіріп, инсулин секрециясын жоғарлату. Әсері 30 минуттан соң басталады, ұзақтығы – 12 сағат. Тәулігіне 1-2 рет тағайындайды. Бутамид бүйрек арқылы шығарылады. Науқастар жақсы көтереді.

Кері әсерлері:

  1. Диспепсия.
  2. Аллергия.
  3. Лейкоцитопения, тромбоцитопения.
  4. Гепатотоксикалық.
  5. Толеранттылық шақыруы мүмкін.

ХЛОРПРОПАМИД (Chlorpropamidum; 0, 25 және 0, 1түймедақ түрінде шығарылады) бутамидтер ерекшелігі белсенділігі жоғары және әсері ұзақ. Бір рет қабылдағаннан кейін әсері 36 сағатқа созылады. Сонымен қатар бұл  препарат уытты, ал кері әсерлері айқын және жиі кездеседі .

Бұл екі препаратты жеңіл және орташа дәрежелі  ҚД-II түрінде қолданады.

Диабетке қарсы сульфонилмочевина туындысының екіншілікті генерация препараттары белсенділігі жоғары, уыттылығы төмен,  миллиграммен мөлшерленеді.

ГЛИБЕНКЛАМИД (Glibenclamidum; 0,005 түймедақ түрінде шығарылады) – негізгі екіншілікті генерация препараты. Әсер ету механизмі толық ашылмаған. Ұйқы безінің  бета-клеткаысын белсендіреді, жоғары белсенділікпен, жақсы сіңірлуімен ерекшеленеді, гипогликемиялық әсерімен қоса гипохолестеринемиялық әсері бар, қанның тромбогенді қасиетін төмендетеді. Инсулинге тәуелссіз қант диабетінің жеңіл және орташа дәрежесінде қолданады. Күніне 1-2 рет тамақтан кейін тағайындайды.

ГЛИКЛАЗИД (диабетон, предиан) қант мөлшерін төмендететін, ангиопротекторлы әсері бар, сонымен қатар тромбоциттер және эритроциттер агрегациясын тежейді, физиологиялық қабырғалық фибринолиз процессін қалыпқа келтіреді. Бұл өте маңызды, өйткені қант диабетімен ауыратын науқастарды ангиопатиялар жиі кездеседі. Бұл антитромботикалық және профибринолитикалық әсерлер қант диабетінің ең қауіпті асқынуы – ретинопатияны төмендетуге ықпал етеді. Бұл  препараттарды инсулинге тәуелссіз қант диабетінің  микроангиопатиямен өтетін түрлерінде тағайындайды.

ГЛИКВИДОН (син.: глюренорм) тек қана жақсы қант төмендететін қасиетімен қатар,  препараттың 95% асқазан жолдары арқылы шығарылады (АІЖТ), сондықтан бүйрек жеткіліксіздігінде өте бағалы болып табылады.

Бүйрек патологиясымен қатар жүретін инсулинге тәуелссіз қант диабетінде қолданылады. Бірінші топ препараттарының кері әсерлері:

  1. Гипогликемия (ең жиі және қауіптісі) келесі себептерден дамиды :

а) сульфонилмочевина туындыларын басқа дәрілік заттармен қоса қолданғанда, микробтарға қарсы сульфаниламидтермен,  тікелей емес антикоагулянттармен, наркотикалық емес анальгетиктермен (бутадион, салицилаты), левомицетинмен (плазма белогына  аффиниттің жоғары болуына байланысты бұл препараттар  диабетке қарсы препараттарды ығыстырып шығарады, сондықтан гипогликемиялық комалар дамиды);

б) мөлшерден тыс қолдану;

в) физикалық күштің түсуі;

г)тамақтанумен  препараттар арасындағы сәйкессіздік;

д) бүйрек, бауыр қызметінің бұзылыстары.

  1. Аллергиялық реакциялар.
  2. Лейкопениялар.
  3. Сарғаю.
  4. Ішімдік алмасуының бұзылыстары (тетурамтәрізді әсер).
  5. Тератогендік.

БИГУАНИДТЕР – гуанидин туындысы. Негізгі екі препараттар белгілі:

– буформин (глибутид, адебит);

– метформин.

ГЛИБУТИД (Glibutidum; 0,05 түймедақ түрінде шығарылады) –бұл топтағы ең жиі қолданатын препараты. Әсер ету механизімі әлі толық анықталмаған. Сүт қышқылы жиналатын бұлшықеттерде глюкозаның сіңірлуін жақсартады деп есептейді;

Басқа қассиеттері: липолизді жоғарлатады;  тәбетті төмендетіп, дене салмағын төмендетеді;  ақуыз алмасуын қалыптастырады (сондықтан салмағы жоғары жағдайларда тағайындалады).

Бірақта  бигуанидтер қазіргі таңда қант диабетімен ауыратын адамдар арасында аз қолдануда, өйткені олар сүтқышқылды ацидоз шақырады. Оларды семіздікпен өтетін ҚД- II тағайындайды.

ГЛЮКОБАЙ (акарбоза; 0, 05, 0, 1 түймедақ түрінде шығарылады) – ішекте глюкозаның сіңірлуін төмендететін гипогликемиялық зат. Препарат интестинальді альфа-глюкозидазаларды тежеп, көмірсулардың сіңірлуін төмендетеіп сахаридтерден глюкозаның жұтылуын төмендетеді. Дене салмағына әсері жоқ.

Қолдану көрсеткіші :

Инсулинге тәуелді қант диабеті (мөлшерлеу жеке индивидуалді: тәулігіне 3 рет  50 мг бастап, бір аптадан соң мөлшерін тәулігіне 3 рет  100мг жоғарлатады. Максимальді тәулікті мөлшер – 200 мг 3 рет күніне. Орташа мөлшері – тәулігіне 300 мг).

Кері әсерлері: жүрек айну, диарея, метеоризм, эпигастрии аймағында ауырсыну.

Кері көрсеткіштер :

  1. Акарбозаға жоғары сезімталдық, ішекте сіңірлу процесстерінің нашарлауымен өтетін АІЖ созылмалы аурулары.
  2. Жүктілік.
  3. Лактация.

АІЖ әсерінің ерекшелігіне қарай антацидтермен, холестираминмен, АІЖ ферменттерімен қосып қолдануға болмайды.

ГУАРЕМ (Guarem; 5,0 гранулалармен пакетиктерде шығарылады). Фармакологиялық әсерлері:

  1. Көмірсулар сіңірлуінің төмендеуі, гипергликемияның азаюы;

2.Гипохолестеринемиялық әсер (холестерин және  тығыздығы төмен липопроттер мөлшерінің төмендеуі).

Қолдану көрсеткіші :

  1. Қант диабеті.
  2. Гиперхолестеринемия.
  3. Семіздік.

Тағайындау режимі: бірінші аптада – тамақпен бірге тәулігіне 3 рет жарты пакетиктен. Содан кейін мөлшерін тәулігіне 3 рет 1 пакетикке көтереді.

Кері әсерлері: жүректің айнуы, метеоризм, диарея (емдеу курсының бастапқы кезінде).

Қарсы көрсеткіштері – препаратқа жоғары сезімталдық. 

Дәріс 3 Гипо- және гиперкортицизм  синдромында қолданатын  гормональді препараттар.

ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТАР

Бұл клиникалық тәжірбиеде қолданатын ең маңызды препарттар тобы болып есептеледі.

Гормондардың екі тобы ажыратылады :

  1. Минералокортикоидті гормондар (натрийді ұстаушы әсері бар кортикостероидтар): а) альдостерон; б) 11-дезоксикортикостерон.
  2. Глюкокортикоидты гормондар (бауырдағы гликогеннің жинақталуына әсер етеін кортикостероидтар ) : а) кортизол (гидрокортизон); б) кортизон; в) 11-дезоксикортизол; г) 11-дегидрокортикостерон.

Бұлардан басқа жыныс  гормондары ажыратылады:

– андростерон;

– андростендиол;

– эстрон және прогестерон.

Бұл гормондар табиғи болып есептеледі. Қазіргі таңда осы гормондардың анологтары болатын фармакологиялық препараттар синтезделген.

ТАБИҒИ ГОРМОНДАР ПРЕПАРАТТАРЫ – ГЛЮКОКОРТИКОИДТАР

Айтып кету қажет жайыт табиғи глюкокортикоидтардың аналогтары болатын – синтетикалық препараттар аздаған  минералокортикоидті белсенділігі бар (натрий иондарының, судың жинақталуы, калий және кальций иондарының шығарылуы). Соңғы уақытта тек қана глюкокортикоидты белсенділігі бар синтетикалық гормональді препараттар анықталған :

1) преднизон, преднизолон, метилпреднизолон, мазипредон;

2) дексаметазон (ревматизмде белсенді);

3) триамцинолон;

4) беклометазон (бекотид), флунизолид (ингакорт);

5) бетаметазон;

6) флуметазон, флукортолон, флуоцинолон.

7) будесонид және т.б.

Жаңа препараттар толық минералокортикоидті белсенділіктен айырылған. Синтетикалық заттардың фармакологиялық әсерлері  физиологиялыққа жақын. Барлық глюкокортикоидтардың фармакологиялық әсерлерінің бағыты бірдей. Глюкокортикоидтар ағзаның бейімделігін,  резистенттілігін жоғарлатып стресске жауап ретінде шығарылады.  Сондықтан глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түрлеріне көптүрлі  немесе әртүрлі әсерін тигізеді: ақуыз, көмірсу, майлар.

  1. Глюкокортикоидтардың көмір су алмасуына әсері :
    • перифериялық тіндерде, мысалы бұлшықеттерде амин қышқылынан ақ уыздың түзілуі төмендейді (антиметаболиттік әсері),  қанда амин қышқылдырының көлемі бір шама жоғарлайды;
    • бауырда амин қышқылдарынан глюкозаның өндірілуі жоғарлайды (глюконеогенез), бауыр мен бүйректегі ақуыздың   өндірулуі азайады;
    • қанда глюкозаның сіңірлуі, қорытылуы және ыдырауы төмендейді (гипергликемия), АІЖ көмір сулар резорбциясы төмендейді.

II.Глюкокортикоидтардың ақ уыз алмасуына әсері :

-глюкокортикоидтар тіндерден амин қышқылдарының шығарлуын күшейтеді, соның ішінде қаңқа бұлшықеттерінен және сүйектердегі ақ уыздардың өндірілуін төмендетеді  (остеопороз).

III. Глюкокортикоидтардың майлар алмасуына әсері :

  • Глюкокортикоидтар майлардың қордан шығарлуына «шешуші» ролін атқарады.  Гормондарды ұзақ қолданғанда  майлардың дұрыс таралмауы байқалады.
  • Бір тіндерде липолиз процессінің күшейуі байқалады (аяқ-қол), мұнда қан плазмасында бос май қышқылдарының  саны жоғарлайды
  • Басқа тіндерде липогенез процестері күшейеді (кеуденің жоғарға бөлігінде, бетте – «ай тәрізді бет», мойында – «буйзол бүкірі»). Қанда гиперхолестеринемия пайда болады.
  1. IV. Глюкокортикоидтардың тұз-су алмасуына әсері :

– Табиғи және бірінші синтетикалық глюкокортикоидтардың әлсіз  натрий-ұстағыш,  сонымен қатар  кальций- және  калий- шығарғыш әсерлері бар. Сондықтан науқасқа жоғары мөлшерде (300 мг/тәу астам) тағайындағанда  натридің ұстап (жиналуы) қалуы байқалады. Шынайы глюкокортикоидтардың жаңа синтетикалық  аналогтарында бұндай белсендік жоқ, керісінше натрий ионының зәрмен шығарылуына  (жоғалуына) әкеледі.

Глюкокортикоидтардың қабынуға әсері

l  ГК лизосомалар мен жасуша  мембранасын тұрақтандырады (мембранотұрақтандырушы әсері), осының салдарынан тіндердің зақымдалуының нәтежесінде болатын ферменттердің шығарылуы шектеледі

l  ГК  эндогеннді фосфолипазы А-2 белсенділігін жойып, сонымен қатар  оның  ингибиторы –  липомодулиннің  синтезін күшейтеді. Фосфолипаза А-2   жасуша мембранасының фосфолипидтерінен арахидон қышқылының  мобилизациясына және қабыну процессінде ең басты роль атқаратын  осы қышқылдың метоболиттерінің түзілуіне әкеледі (простагландиндер және лейкотриендер).

l  ГК  тамыр қабырға өткізгіштігін  төмендететін тін аралық заттың – гиалурон қышқылының синтезін жоғарлатады. Экссудацияның азаюын гистамин секрециясының төмендеуімен, сонымен қатар  адренорецепторлардың катехоламиндерге (адреналин) сезімталдығының өзгеруімен байланыстырады. Тамырлар  тонусы жоғарлайды, ал өткізгіштігі төмендейді.

l   Глюкокортикоидтардың пролиферацияны тежеуі ақ уыз синтезінің төмендеумен және тіндерге лейкоциттердің аз келуімен байланысты. Хемотаксистің,спонтанды миграцияның   шектелуі болады.

l  Сонымен, кортикостероидтар қабынудың себебіне әсер етпейді, сондықтан олардың қабынуға қарсы белсенділіктері спецификалық емес және бұл жүйелі және жергілікті қолданғанда байқалады.  Мұнда  ГК  қабынудың 3 фазасында тежейді (альтерация, экссудация, пролиферация).

Глюкокортикоидтардың  аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері

l  ГК абсолютті және салыстырмалы Т-лимфоцитопенияны шақырып,яғни жасушалық иммунитетті тежейді.

l  ГК баяу дамитын жоғары сезімталдық  реакциясын төмендету нәтежесінде, трансплантанттың түсу процессін тежейді.

l  Бұл топтағы гормондар В-лимфоциттер антиденесініңң өнімін,  сонымен қатар иммунды комплекстердің түзілуін өзгертпейді.

l  ГК  фагоциттерді және  микрофагтар мен макрофагтардың қорыту қызметін тежейді.

l  ГК  адренорецепторлардың  катехоламиндерге сезімталдығын жоғарлатады (пермиссивті әсері).

     ГК иммунодепрессивті әсерінің, иммунды жауаптың әртүрлі кезеңіне әсер ету салдарына байланысты, ағзаның әртүрлі бактериальды, вирусты, саңырауқұлақты және құртты инфекцияларды жұқтыру ықтималдығының жоғарлауына әкеледі.

Глюкокортикоидтардың қан жүйесіне әсері:

l  Глюкокортикоидты  гормондар жалпы лейкоцитоз барысында  лимфоидті тіндердің   жылдам лизисіне (ыдырауына) және  лимфопенияға алып келеді.  Эозинофилдер санының азаюы байқалады.

l  Глюкокортикоидтар  тромбоциттер мен эритроциттер деңгейінің жоғарлауына ықпалын тигізеді.

Глюкокортикоидті препараттардың қолдану көрсеткіштері:

1. Алмастырушы терапия ретінде: минералокортикоидтармен қосса бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінде (Аддисон ауруы кезінде).

2. Қабынуға қарсытерапияда:

–          коллагеноздарда (тіндердің диффузды ауруларында соединительной ткани, мысалы, ревматизм, ревматоидты артрит, Бехтерев ауруынды, жүйелі қызыл жиегінде);

–          гломерулонефриттің ауыр түрлерінде;

–     гепатиттердің ауыр түрлерінде;

– қабынулы этиологиясы бар көз ауруларында(интерстициалді кератит, конъюктивиттер, ириттер, иридоциклиттер, симпатикалық офтальмия және т.б.);

– тері аурулары кезінделеваниях кожи (қабынулы дерматоздар, экземалар, псориаз және т.б.).

Глюкокортикоидтар  препарататарының терапиялық тәсілі

 Емдеу мерзіміне байланысты ГК терапияның екі түрі ажыратылады:

Қысқыуақытты (интенсивті) глюкокортикостероидті терапия. Препараттар бір рет немесе бірнеше тәулік бойы  енгізіледі.  ГК жедел қажеттілік кезінде  қолданылуы оларды жәй препараттар ретінде қарастыруға болады.

Ұзақ (қолдайтын) глюкокортикостероидті терапия. Терапияның бұл түрі аурудың жеделше және созылмалы ағымынында, созылмалы патологиялардың қайта өршулерінде қолданылады.   ГК ұзақ қолдану тек қана патологиялардың ауыр жағдайларында ғана қолдау тапқан. Дәрілік заттардың түймедақ түрлері тағайындалғанда олардың хронобиологиялық ерекшеліктерімен заңдылықтары ескерілуі тиіс.

    Бүйрек үсті безі жұмысының тежелу қауіпін және ағзаның инфекцияға спецификалық емес тұрақтылығын төмендету үшін препараттарды арасында бір күн салып тағайындауға тырысу қажет.

Егер енгізу әдісінің бұл тәсілі жарамаса, онда бір тәулік мөлшерді бірден таңертең тағайындау қажет.

ГЛЮКОКОРТИКОИДТАРДЫҢ  МӨЛШЕРІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ТАҒАЙЫНДАЛУДАН АЛЫП ТАСТАУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Преднизолонды бір апта бойы  10 мг мөлшерінде қолдану 1-2 күнге созылатын бүйрек үсті безі қызметінің жеткіліксіздігіне алып келеді, ал 5 мг мөлшерін ұзақ айлар бойы қолданған науқастардың жартысында бүйрек үсті безінің  атрофиясына алып келеді.

Тәуліктік мөлшерді төмендеткенде бұл препараттардың қандай мөлшері эндогенді гормондарды алмастырушы әсер беретінін ескеру қажет (мысалы, преднизолонда) 10 мг жоғары мөлшерлер. Сондықтан преднизолон мөлшерін  10-15 мг/тәулігіне тез түсіруге болады. Бірақта кейінгі кезде жайлап, 5-7 күн аралығында 2, 5-5 мг жоғары болмауы тиіс.

Егер ұзақ глюкокортикостероидті терапияны қабылдаған кейін жарты жылдан соң  стресс жағдайлары туындаса немесе инфекционды аурулармен ауырса онда қайтадан гормональді  препараттарды тағайындау қажет.

Хиругиялық операциялар алдында (тісті жұлу, эндоскопиялық зерттеулер) науқасқа  операция алдында бір сағат бұрын преднизолонның 25-30 мг беріп, тәулік ішінде әр 6 сағат сайын қайталап беріп тұру қажет.

Глюкокортикостероиды терапияның кері әсерлері мен асқынулары

l  Гипергликемиялық көрініс («стероидты диабет»)

l  Ақ уыз синтезі төмендейді және келесі көріністермен байқалады (көрінеді)

– Бұлшық ет ауруларарымен, бұлшық еттердің жоғарғы шаршашағыштығымен;

– остеопорозбен;

– жаралардың  жазуларының төмендеумен (тоқтауымен);

–  тератогенді әсерімен;

– балалардың даму қабілеті мен бойларының қалыс қалуы ( ГК  алты ай және одан да көп уақыт ( ұзақ) бойы қабылдағанда);

– сіңірулердің төмендеумен (асқазанның шырышты қабаты зақымдалу салдарынан)  кальций және фосфор иондарының сіңірулері төмендеуі балаларда рахит  ауруын шақырады;

– ішектің шырышты қабатында ойықтардың қайталануы немесе жаңалардың  пайда болуымен (пролиферация процессінің төмендеуінен);

–          көз жанарының бұлыңғырлануы және катарактаның пайда болуымен.

 Әсіресе ГК-ы баларда көп уақыт қолданғанда;

l  балаларда жоғары ашуланшықтықтың пайда болуымен;

l   АҚ жоғарлауы, әсіресе жасөспірімдер ағзаларында тұздар мен сұйықтықтардың жиналуымен;

l  Майлардың дұрыс таралмаумен («ай тәрізді бет», «буйвол бүкірі»);

l  Иммунитеттің төмендеумен,  тұмау ауруларының қайталануымен көрінетін иммунодепрессивті әсерімен.

l  Жою синдромының дамуымен,әсіресе препараты тез арада алып тастағанда  (бүйрек үстілік жетіспеушілік).  Сондықтан, глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда, мөлшерін өте жай түсіру қажет.

Глюкокортикоидтарды тағайындаудағы кері көрсеткіштері:

l  Қантты диабет

l  Остеопороз

l  Жүктілік

l  Жара аурулары

l  Жаралық  процесстер болса

l  Гипертониялық ауру

l  Эпилепсия

Қазіргі таңда асқынулардың алдын-алу үшін жергілікті қолданатын дәрілік түрлер шығарылған. Мысалы фирмалармен шығарылатын “Гедеон Рихтер” (Венгрия) майлар : апулеин (будесонид), ауробин, дермозолон, деперзолон (мазипредон), гидрокортизон, преднизолон, фторокорт (триамцинолон), микозолон; көз тамшылары : преднизолон; көз майлары : гидрокортизон және т.б.

Сондай-ақ комбинирленген майлар қолдануда, құрамында тек қана  глюкокортикоидтар ғана емес, антисептикалық әсері бар заттар (мысалы “Ауробин”); антифунгальді және антимикробты әсер ететін (“Микозолон” и “Дермозолон”) және т.б.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!