Дәрілік заттардың фармакологиялық рецепциясы. Фармакологиялық заттардың рецепциясы туралы ұғым

Дәрілік заттардың фармакологиялық рецепциясы. Фармакологиялық заттардың рецепциясы туралы ұғым.

Эрлих пайымдауы бойынша: науқас адамның ағзасында дәрілердің терапевтикалық немесе токсикалық эффектілер олардың түрленуіне байланысты болады. Көбінде, дәрілік затттар спецификалық макромалекулалармен байланасып, олардың биохимиялық немесе биофизикалық  қасиеттерін өзгертеді.

Оның негізінде рецептор туралы ұғым жатыр. Осы рецептор жасуша компоненті болып дәрімен әрекеттеседі де, нәтижесінде дәрілік эффектісіне әкелетін биохимиялық өзгерістерді шақырады.

Рецепторлар концепциясы дәрілер өндірісінде және практикада қолданылуында өте маңызды болып табылады:

Планк постулаттары

  1. Рецепторлар фармакологиялық эффектісі мен дәрінің концентрациясы немесе дозасы арсындағы мөлшерлік байланысын анықтайды.
  2.  Рецепторлар дәрілердің талғамдық  әсерлеріне жауапты.
  3. Рецепторлар деңгейінде фармакологиялық антагонисттердің әрекеті пайда болады.

Дәрілік заттың рецептормен байланысуын аффинитет деп атайды.

Дәрілік заттың рецептормен байланысып, фармакологиялық  эффектіні тұдыру мүмкіншілегін оның ішкі активтілігі деп аталады.

Медиатор мен рецептордың әрекеттесуі нәтижесінде рецептор ақуызының үшөлшемдік формасы өзгереді. Бұл әрекеттесу көмегімен нейрон қозады немесе тежеледі, миоцит жиырылады, сонымен қатар без жасушасында гормон түзіледі және бөлінеді.

Барлық осы жағдайларда рецептор медиатордың малекулярлық  құрылымда кодталған  «хабарламаны  » спецификалық  физиологиялық реакцияға айналдырады.

Молекулярлық деңгейде рецепцияның әртүрлі механизмдері бар.

Рецепторлар қасиеттері:

Дәрілек заттардың рецепторлармен талғамды қосылуы спецификалық және олардың химиялық құрылымы өзара комплементарлы болуы тиіс. Комлементарлық – рецептор мен дәрілек заттың беткейлерінің химиялық құрылымдарының сәйкес болуы ( құлып пен кілт).

Екі молекуланың электронды-стерикалық сәйкестігімен анықталатын комплементарлық молекуланы танудың фундаментальді принйипі болып табылады. Дәрілік зат пен рейептордың комплементарлық механизмдері қазіргі таңда аз зерттелген. Рецептор мен дәрілік комплементарлық  дәрежесіне  берілген кешеннің тұрақтылығы тәуелді болады. Кейбір дәрілік заттар бір-бірімен функциясы және сипаты жағынан ерекшеленетін рецепторлармен әрекеттесе алады, мысалы, ацетилхолин мен адреналин. Дәрілердің белгілі түр рецепторларға талғамды әсер ететін топтары бар. Гетерогенділік- рецептордың химиялық құрылымы өзгеше заттармен байланысу қасиеті, мысалы, қан альбуминдері.

Спецификалық- рецептордың катаң түрде өзіне тән, белгілі заттарды қосу қасиеті, мысалы, Н холинорецепторлар.

Белгілі бір рецепторға тән дәрілік заттар өзара бірдей құрылымдық белгілерге ие болуы керек. Берілген рецепторды тану үшін осындай белгілер тобы фармакофорды құрайды. Көптеген жағдайларда рецепторды танитын заттардың химиялық құрылымы бір-біріне ұқсамайды. Заттың құрамында фармакофорлы фрагменттер неғұрлым көп болса, соғұрлым ол селективті болады.

Рецептормен байланысқаннан кейін пайда болатын фармакологиялық эффектіні тудыратын препаратты- агонист деп атайды. Сөйтіп, агонист- рецепторға өте жақын және ішкі активтілігі бар зат.

Рецептормен байланысып бірақ, фармакологиялық эффектіні тудырмайтын дәрілік заттар рецептордың блокадасын шақырады. Оларды антагонисттер деп атайды. Сонымен, антагонист дегеніміз, рецепторға жақын, бірақ ішкі активтілігі аз зат. Сонымен қатар, агонист-антагонист немесе жартылай агонисттер болады. Бұл препараттар  рецепторға ұқсас, бірақ ішкі активтілігіонша білінбейтін заттар.

Дәрілік зат пен рецептордың өзара әрекеттесуі әртүрлі формада өтеді. Егер рецептормен байланыс активациямен жүрсе, агонист рецептордың молекуласын активсіз жағдайынан активті жағдайға келтіреді. Егер жартылай агонисттермен қосылса, дәрілік заттар рецепторлардың тек бір бөлігімен әрекеттеседі, ал толық агонистпен қосылса- рецепторлардың көбін алады және активті күйде болады. Бәсекелес антагонисттермен әрекеттенсе, рецепторлар толық байланысады, бірақ медиатор әрекетіне жауап бермейді.

Кейбір заттардың активтілігі соншалықты, аз мөлшерде рецептормен әрекеттескенде айқын жауап береді. Бұндай реакция күшейткіш жүйе көмегімен жүреді.

Ең қарапайым күшейткіш бірлік ретінде дәрілік заттың активті молекуласымен активтелген фермент молекуласы бола алады.

Рецептологияның қазіргі әдістері.

Лиганд-рецепторлы әрекеттенудің кинетикасы.

Жүйке жүйесінің көптеген гармондар мен медиаторлардың көбі жасушаға енбей-ақ өздерінің әсерін тигізеді. Олар әртүрлі эффекторлы немесе күшейткіш аралық жүйелермен байланысқан спецификалық рецепторлармен әрекеттеседі. Соңғылары, ферментативтік реакцияларда болатын цАМФ, цГМФ және кальций сияқтыекіншілікті дәнекерлердің немесе ішкі сигналдардың өндірігуін анықтайды. Күшейткіш жүйенің осындай нұсқауында активті зат рецепторлардың тек кейбір бөлігін активтендіреді, бұл эффекторлы жүйенің максимальды реакциясын алу үшін.

Максимальды жауап болғанша, агонист тіннің прогрессивті өсуін шақырады. Егер басқа  дәрілік зат сан жағынан басқа максимальді эффектіні тудырса, ол біріншіден ішкі активтілігі жағынан ерекше болады. Соңдықтан, максимальді жауаптың түрлігі дәрілік заттардың эффективтілігін және ішкі активтілігін салыстыруға негіз болады.

Практикада ол дегеніміз Х препараты Ү препаратына қарағында жоғары терапевтикалық жауап қайтара алады дегенді аңықтайды. Бұның клиникалық маңызы зор. Дәрәләк заттың күші Х препаратының дене салмағының бірлігіне есептегенде Ү препаратына қарағанда, күшті әсер етеді, бірақ  біріншісін немесе екіншісін енгізген кезде пайда болатын максимальді эффектілері бірдей.

Лигант-рецепторлы әрекеттену кинетикасының матиматикалық сипаты. Дәрілік заттардың диссоциация константасын есептеу. 

Рецептоға қатысты заттың активтілігін сипаттайтын шама кешен түзілу процесінің тепе-тендік константасы болып табылады.     

k + 1

R + L =                                             RL

k – 1

R – рецептор

L – лиганда

k+1 – тура реакция жылдамдығының константасы

k-1- кері реакция жылдамдығының константасы

[RL]                     k+1

Kp =                             =

[R]    [L]                   k-1

Кр- ассоциация рецепторларының жылдамдйқ теориясы. Пейтон гипотезасы бойынша,  заттың рецепторға әсер ету сипаты кешеннің жылдамдық константасы өлшеміне тәуелді болады.

Егер k– 1 жоғары болса, онда зат агонист болады, ал кші болса- антагонист.

Аралық мән кезінде- жартылай агонист.

Пейтон бойынша, фармакологиялық эффектінің типі, уақыт бірлігінде заттың рецептормен байланысу санымен анықталады.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Дәрілік заттардың фармакологиялық рецепциясы. Фармакологиялық заттардың рецепциясы туралы ұғым

error: Материал көшіруге болмайды!