Гистаминді рецепторлар

Лекция №8

  1. Гистамин
  2. Гистаминді рецепторлар
  3. Антигистаминді заттар

Гистамин – аллергиялық реакциялардың маңызды медиаторларының бірі. Адамда гистаминнің ең жоғарғы концентрациясы теріде,  өкпеде  және асқазан-ішек жолының кілегей қабатында орналасқан. Теріде, өкпедегі гистамин көбіне, бұлтты жасушалардың гранулаларында,  асқазанның кілегей қабатындағы гистамин бос күйінде асқазан қышқылдығының реттеуіне қатысады (бұл кезде гистамин гистаминді рецепторлардың Н2 түрімен әрекеттеседі). Гранулалардағы гистаминнің әртүрлі физикалық, химиялық тітіркенулердің әсерінен болады, бірақ бұлтты жасушалардың беткейінде Ag, At-ң әрекеттесуімен көбірек бөлінеді. Аллергиялық реакциялар нәтижесінен бұлтты жасушалардан босап шыққан гистамин көбіне Н1 рецепторлармен әрекеттеседі.

Н1– рецепторлардың стимуляциясымен байланысты эффектілер:

  • артериолалардың кеңеюі, АҚ-н ↓, тамыр қабатының өткізгіштігінің жоғарылауы, плазманың тамырлардан шығуы, тіндер ісінуі.
  • Жергілікті терінің қызаруы, көпіршіктердің пайда болуы, қышу.
  • Бронхтардың тарылуы, бронхиальді бездердің секрециясының күшеюі.
  • Бүйрек үсті бездерінің жасушаларының катехоламиндерді бөлу стимуляциясы.

Н1гистоминді рецепторларының блокаторлары аллергиялық реакциялардың ағымын жеңілдетеді және алдын алады, себебі гистаминнің бәсекелес антагонисті болып табылады. Бұл дәрілік заттар аллергияға қарсы, қышуға қарсы, эксудативке қарсы әсер береді.   Н1 гистоминді рецепторлардың блокаторлары АІЖ-н мускулатурасына гистаминнің әсер етуін алдын алады, бірақ бронхтардың бұлшықет қабатының тонусына әсер етпейді және бронхиальді астманы емдеуге қолданылмайды.

Антигистаминді заттар (бірінші ұрпақ) сирек қолданылады. Екінші ұрпақ антигистаминді заттар (акривастин, азеластин, цетеризин, терфенадин) және үшінші ұрпақ препараттары (фексофенадин) аллергия симптомдарын эффективті басады.

Гистаминді Н2 рецепторлар адемилатциклазамен байланысты. Ол гистамин Н2 рецепторды қоздырғанда жасушаішілік цАМФ-ң жоғарылауымен көрінеді. Сол кезде асқазанның кілегей қабатының париэнтиральді жасушаларының секреторлы белсендігі.↑

Н2– гистаминоблокаторлар – Н2 гистаминорецепторларының антогонисті, базальді қышқыл өндіру HCI –ң түнгі секрециясы басылады. Көпшілік Н2 гистаминорецепторларының блокаторларының липофильдігі төмен болады, соған байланысты ОНЖ-не өтуіне қиын.

Н2– гистаминоблокаторлар үшінші ұрпағын ажыратады. Біріншісі, циметидин, екіншісі – ранитидин, үшіншісі – фамотидин, низатидин, роксатидин.

Н3 рецепторлар алған ОНЖ-ң гистаминергиялық нейрондарында пресинапстық рецептор түрінде табылды. Соңғылар гистоминнің түзілуін және басауын реттейді. Гистаминді нейрондар көбіне артқы гипоталамуста орналасады. Сонымен қатар, Н3 рецепторлар мидиаторлардың (ацетилхолин, ГАМҚ, дофамин, серотонин) продукциясын реттейді. Гистамин ұйқы сергектік циклінің реттелуінің негізгі компоненті болып саналады. Дәлірек Н1рецепторлар. ОНЖ – нен бөлек гистаминді Н3 рецепторлар АІЖ-да, жүрек тамыр жүйесінде жоғарғы тыныс жолдарын кездеседі.

Гистаминді рецепторларының Н1 және Н2-ге бөлінгендей антигистаминдер де Н1 және Н2-ге болып бөлінеді.

Н2 рецепторлар әртүрлі тіндерде кездеседі, оның қозуы тұз қышқылымен секрецисын, бүйрек үсті безінен – катехоламиндердің синтезін стимулдайды, жатыр бұлшық еттерін босатады, липид алмасуына қатысады; Н1 рецепторлар негізінен тегіс бұлшықеттерін: ішек, бронх, майда тамырларда кездеседі. Н1 рецепторлардың гистаминдер қозуы жоғарыдағы мүшелерінің спазмын шақырады. Н1 рецепторлар арқылы проқабыну эффектісі жүзеге асырады.

1968 жылы P Yell, Coombs R. аллергиялық реакциялардың механизмін қарай отырып төрт түрін классификациялады.

  1. Анафилактикалық немесе реагинді тип. Бұл механизм lgE және lgY продукциясымен байланысты;
  2. Цитотоксикалық реакция. Бұлдағы иммундық механизм lg G және lgM қатарындағы антиденелермен жүреді.
  3. Артюз феноменнің иммуннокомплексті тип, тіннің иммунды кешендермен зақымдалуы.
  4. Жәй гиперсезімталдылық (сенсибилизацияланған лифоциттер)

Айта кету керек, Н1 блокаторлар тек бірінші типке көмектеседі. Бұл топқа жататын препараттарға демидрол- 0,02;0,03;0,05 көлемінде  таблеткада; 1мл -1% ерітінді ампула түрінде шығарылады.

Демидролдың гистаминдерге деген спецификалық антогонистік қасиеті бар және аллергия қарсы әсерге ие.

Демидролға седативті және гипнотикалық әсер тән және де айқын ганглиотежегіш және орташа спазмолитикалық қасиеті бар. Осы топтың басқа препараты сияқты демидролда да анестезиялық және құсуға қарсы әсері бар. әсер ету уақыты 4-6 сағат.

Қолдану көрсеткіштері:

  • терінің қызаруы;
  • терінің қышуы;
  • полиноз;
  • антионевротикалық ісіну;
  • жәндіктердің шағуы;
  • дәрілерден, антибиотиктерден болған аллергиялар;
  • сарысулық ауру.

Қосымша әселері ұйқышылдық, атаксия, жұмысқа қабілеттігінң төмендеуі; кілегей қабатының жансыздануы, олардың құрғауы, жүрек айнуы. Көп мөлшерде ішу ұйқы басуға, комаға. Балаларда қимыл, психикалық қозу ұйқысыздық қалтырау. Арнайы емі жоқ, тек симптоматикалық ем жүргізіледі.

Супрастин –  этиленгиаминнің туындысы таблеткада (0,25), ампулада 1мл –ден, 2% ерітінді түрінде шығарылады. Димидролға ұқсас. Гистаминогексияны (гистаминнің тін ақуыздарымен, қанмен байланысуы) күшейтеді.

Табигил – ұзақ әсе етеді (8-12 сағат). Аллергияға қарсы әсері димидролға қарағанда күштірек. Ұйқышылдықты аз шақырады, соған байланысты күндізгі деп атайды. Соған ұқсас фенкорал деген дәрі.

Динразин (син: пигольфен, фенегран, дипразинум; таблеткада  (0,025), драже түрінде (0,025;0,05) және ампулада гил-ден 2,5% түрде шығаылады.

Фенотиазин туындысы, антигистаминді препараттардың арасында ең күштісі. Құсуға қарсы әсері жоғары. Айқын седативті, орташа спазмалитикалық, α- андренотежегіш әсері, М- холинотежегіш эффектісі бар. Гипразин наркоз препараттарын күшейтеді.

Диазолин(драже түрінде 0,05 мөлшерде өндіріледі) – гистаминді рецепторларға ең ұзақ әсер ететін Н1 блокатор. Ұзақтығы 24-48 сағат ОНЖ-нің қажытпайды. Бұл жәй диазолинді жүргізушілерге операторларға, оқушыларға беруге қолайлы. Жоғарыда айтылған препараттар гистаминнің Н1 блокаторларының бірінші ұрпағы болып саналады.

Терфенадин – екінші ұрпақ препараты, Н1 рецепторының селективті антогонисті. Жақсы сіңіріледі және тарайды. ОНЖ-не нашар өтеді. Психимоторлық активтілікті тежемейді, антихолинолитикалық, антисеротониндік , антиадренолитикалық әсері жоқ. ОНЖ-нің тежейтін заттар мен байланыспайды. Аргонизнен шығуы 4,5 сағат. Зәрмен 40%, нәжіспен 60% шығарылады. Аллергиялық ренитке, қызаруда антионевротикалық ісікте, аллергиялық бронхитте көрсетіледі. Қосымша әсері: бас ауруы, әлсіз диспелсия екі қабат кезде қолдануға болмайды. Бұл қатарға астимизол (дисмонал) және кларитидин кіреді.

Н1 гистаминоблокатор тобына кіретін антигистаминді препараттар қолдану ережелері бар:

  • тері ауруларында жергілікті қолданбаған жөн;
  • астиногипресивті жағдайдағы адамдарға әсер күшті (пипольфен) препараттарды беруге болмайды;
  • бұл препараттарды бронхиальді астма кезінде ұзақ қолданған жөн, себебі, антиполинергиялық әсеріне байланысты;
  • бал емізіп жүрген аналарға аз дозада беруге болады, бірақ сәбилерде ұйқышылдық байқалады;
  • қолданар алдында сынақ жүргізу керек;
  • дәрілерді ауыстырып тұру керек;
  • бүйрек ауруларыда абайлап қолдану керек;
  • Тавегил немесе басқа «күндізгі» препараттарды жүргізушілерге берерде алдын-ала сынақ жүргізу  керек,  седативті препараттарды беруге болмайды.

Н2 рецепторлардың блокаторлары асқазанның  секторлы қызметін

тежейтін дәрілердің ішіндегі ең күштісі. Н2 – гитаминді асқазан кілегейінің паристальды жасушаларында, миомертрияда  кейбір тамырларда кездеседі.

Н2 гистамикроблокаторлардың  3 ұрпағын бөледі, І- циметидин (гистадил, «Гедеол, Рихтер », тагамет; Climetidinum), әсері жақсы, 10-15 жыл бұрын синтезделген. Циметидин  асқазанның моторлы функциясын, пепсин секрециясын, асқазан сөлінің құрамындағы  НСІ көлемін ↓. Препарттың 400 мг дозасы  қышқыл бөлуді 83%- ке төмендетеді, 200мг -70%-ке төмендетеді. Ұзақтығы 6-8 сағат.

Циметидин асқазан шарасына қарағанда , 12 елі ішек шарасында әсері жақсырақ. Циметидинді күндіз  3 рет,  түнде 1 рет тағайындалады. Қосымша  әсерлері: бас ауруы, айналу, әлсіздік, жүрек айну, іш өту, іш қату, сирек есінен тану. Бауырдың микросональді ферменттерінің активтілігін ↓ ; соған байланысты ұйықтатын дәрілер,  транквилизатор, анаприлиннің әсер ету уақытын ұлғайтады, гистаминнің компенсаторлы босануына әсер етеді, ол бронхиальді астмамен ауыратын адамның жағдайының нашарлауы  мүмкін. Циметидиннің  1 кемшілігі андрогенді рецепторларды тежеуі, соған байланысты алигоспермия туғызады, жас балалрда – жыныстық даму тежеледі, ересектерде – импотенция, гинекомастия туғызады.

Онымен қоса, препарат нейтропения, тромбоцитопения, анемия шақыра алады. Кенет дәрі қабылдауды тоқтату аурудың рецидивін туғзуы мүмкін.

Препарат асқазанның пептикалық жараларында, рефлюкс – эзофагитте, Золлингер –Эллисон синдромында, эрозияларда тағайындалады. Шетелде осы клатың екінші ұрпағына жататын Н2 – гистаминоблокатор жасалды – Ранитидин (зантак, Ранисон; ranitidini hydrohloridum; 0,15 және 0,3 мөлшерде таблетка түрінде өндіріледі. Препарат фармокологиялық әсері бойынша  цинетидинге ұқсайды.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!