Қанның қысымен төмендететін дәрі-дәрмектер
(гипотензивтік, антигипертензивтік)
Гипотензивтік препараттар деп жоғарланған қанның қысымын (ққ) төмендететін дәрілірді атайды. Бұл дәрілерді гипертониялық ауруды емдеу үшін және симптоматикалық гипертонияны (бүйрек ауруларынын себебінен, бастын травмаларынан, эндокриндық аурулардан ж.б. себептерден ққ жоғарлауы) төмендету үшін қолданады.
Қаннын қысымын жоғарлататын себептер:
- шеткі тамырлардың қарсылығынын жоғарлауы.
- Жүректін насостық қызметі және жиірілуі өзгеріп, қаннын минуттік көлемінің көбеюі.
- Жалпы айналған қаннын көлемінін жоғарлауы
Гипотензивтік препараттардың топтастыруы
- Нейротроптік препаратта
- Орталық жүке жүйесіне әсер ететін:
– клофеллин, метилдофа, пирроксан
- Вегетативтік жүке жүйесіне әсер ететтін:
– ганглиоблокаторлар – пентавмин, гигроний, арфонад, бензогексоний, пирилен ж.б.
– симпатолитиктер – октадин, резерпин
– α-адреноблокаторлар – дигидроэрготоксин, празозин, фентоламин
– β-адреноблокаторлар – анаприлин, метапролол, талинолол ж.б.
- тамырларды кеңейтін дәрілер (вазодиляторлар)
- Миотропті спазмолитиктер: – папаверин, дибазол, апрессин, натрия нитропруссид
- Са антагонистері: – верапамил, нифедипин
- Ангиотензинді ыдыратушы ферменттін ингибиторлары: – каптоприл, эналаприл
- К каналдарын коздыратындар: –
Жүрек гликозидтері
Жүрек гликозидтері (жг) деп өсімдіктерден алынған, жүрекке таңдамалы әсер ететін алкалоидтерді атайды. Олардың тигізетін әсерін, жүректің жұмысын күшейтіп, үнемді және тиімді ұғылатын әсерін кардиотоникалық әсер деп атайды. Бұл топқа жағатын дәрілерді жүректің жетіспеушілігін емдеу үшін қолданады.
Құрамында жг бар өсімдіктер табиғатта жиі кездеседі (400 дей өсімдіктер), мысалы:
- пурпурлы наперстянка (Digitalis pupurea) гликозидтерінің препараты: дигитоксин;
- түкті наперстянка (Digitalis lanata) гликозидтерінің препараты: дигоксин, целанид, лантозид:
- лиана өсімдігінен (Stropchanthus Kombe) строфантин-К
- көктемгі горицветтен (Adons vernalis) – адонизид
- мамырдағы ландыштан ()- коргликон, конвалятоксин.
Бұл өсімдіктер тұңба түрінде 19 ғасырдан бері қолданылып келеді. Бүгінгі күндері және де өсімдіктен бөлінген, химиялық таза гликозидтері қолданады. Жг химиялық құрылыстары бір біріне ұқсас, күрделі органикалық заттар, барлығының молекулаларында екі бөлігі болады (қантсыз – агликон және қантты – гликон).
Гликон бір немесе бірнеше қанттардан тұрады. Д-дигитоксоза, Д-глюкоза, Д-циммароза, L-рамноза ж.т.б. Жг суға ергіштігі, мембраналардан өткізгіштігі және белсенділігі осы қантты бөлігінің құрамымен байланысты болады.
Дәрінің кардиотоникалық әсеріне себеп болатын қантсыз бөлігі – агликон. Кейбір жг агликондары бірдей, қанттары әр түрлі болады; басқа біреулерінде қанттары бірдей болып, агликондарында айырмашылығы болады; немесе гликоны да, агликоны да әр түрлі болып табылады. Бұл себептерден жг беренен айырмашылықтары белсенділігінен, әсер ету уақытынан, әсерінің зақтылығынан білінеді.
Жг үш топқа бөледі:
- полярлы гликозидтер: строфантин, коргликон, конвалятоксин.
- полярлығы төмен: дигоксин, целанид.
- полярлы емес: дигитоксин.
Полярлығы жоғары жг суға ергіш, майларда ергіштіктері төмен болады.
Осының нәтижесінен бұл дәрілер ас қорыту жолдарында сіңірілмейді де, оларды парентералдық жолдармен қолданылады.
Полярлы емес жг майларда жақсы еритін болғандықтан ішекте жақсы сіңіріп, қандай альбуминдермен байланысады. Сондықтан дигитоксиннің әсер ету уақыты ұзақ болады (белсенділігі 14-21 күндей үзбей қолданғанда пайда болады) және энтеральды жолдармен қолданылады.
Дигоксин, изоланид ж.т.б. препараттардың полярлығы төмен болғандықтан аралық орын алып отыр. Бұл дәрілерді ішке де егу арқылы да қолданады.
ЖГ фармакодинамикасы
Жг негізі 4 фармакологиялық әсерлерге ие:
- Оң инотропты әсер. Кардиотоникалық әсері систоланы күшейтумен белгіленеді және де систоланы уақыты қысқарады.
Жг жүректің жиырылуын күшейтіп соғу көлемін жоғарлатады. Бұл кезде миокардта от тегіне қажеттілік жоғарламады және энергетикалық ресурстары қөбееді. Сонымен жүректің жұмысы күшейіп өнімді болады.
Осы әсерінің биохимиялық механизмы
Жг миокардиоцидтердегі (мц) Na – К- атфазаның мембранасы әсер етіп, белсенділігін төмендетеді. Осының нәтижесінен мц цитоплазмасында Са иондары жиналып, актинмен миозинның қосылуына себеп болады. Миозиннің АТФазасы белсеніп АТФтің ыдырауы көбейеді де клеткаларда энергиясы пайда болып, ол жүректің жиырылуына жұмсалады.
Электрокардиограмма (ЭКГ) QRS интервалы қысқарып, оң инотропты әсерді белгілейді.
- Теріс хронотропты әсер диастолаға әсер ету. Жг қолданғанда n. Vagus қозуының нәтижесінен жүректің жиырылуы сиректенеді. Диастоланың уақыты ұзарып миокардтың демалуы жақсарады. Бұл кезенде мц ішіндегі энергоресурстары қалпына келтіреді.
ЭКГ: РР интервалы үлкейіп, диастоланың ұзаруын көрсетеді.
- Теріс дромотропты әсер – жүректің өткізгіштегіне әсер ету. Жг өткізгіштік жүйесін тежеп және n. Vagus қоздырып, миокардта қозуды өткізуін бәсендетеді.
ЭКГ: PR- интервалы ұзарады.
- Теріс батмотропты әсер – жүректің қозуына әсер ету. Емдік мөлшерде қолданғанда жг синустік түйніндерде қозуды тежейді. Улы мөлшерде мц қозуы қарама-қарсы жоғарлап, экстрасистола пайда болады.
Сау адамдарға емдік мөлшерде жг қолданылған жағдайда, компесаторлық реакциялардың арқасынан жоғары айтылған әсерлер пайда болмайды. Тек қана жүрек жетіспеушілігі бар болғанда жг жүректің жиырылуы күшін төмендетіп, минуттік көлемін жоғарлатып гемодинамиканы жақсартады да жүрек жетіспеушілігінің симптомдардын жояды:
- веналарда қан алмасуы жақсарып ісіктер жойылады;
- ас қорыту мүшелердің, бауырдың ж.т.б. мүшелердің гемодинимикасы жақсарып қызметтері өз қалпына келеді;
- диурез күшееді;
- ағзадағы айналымдағы қанның көлемі төмендеп, жүректің жұмысы жеңілденеді;
- ұлпалық гипоксия, метаболикалық ацидоз жойылады.
Осы нәтижелерден цианоз төмендеп, ентігу жойылып, қан қысымы өз қалпына келе бастап, орталық жүке жүйесінің қызметі реттеледі.
ЖГ қолдану көрсеткіштері
- жүректің жедел жетіспеушілігің емдеу үшін вена арқылы тез әсер ететін гликозидтер қолданылады (строфантин, коргликон).
- жүректің созылмалы жетіспеушілігіне ұзақ әсер ететін дигитоксин, дигоксин қолданылады.
- аритмияның кейбір түрлеріне (суправентрикулярлық тахикардия, пароксизмальдік тахикардия ж.т.б.)
- әр түрлі жүрек ауруларында жүрек жетіспеушілігің алдын алу үшін сырқатты операцияға, босануға дайындағанда.
Жеке ЖГ фармакологиялық ерекшеліктері
Наперстянка препараттары:
Дигитоксин (таб 0,0001; супп. 0,00015). Суға ерімейді. Ішке қолданғанда өте жақсы сіңіріледі. Қанда 97% альбуминдермен байланысады, сондықтан тез әсер етпейді (лагенттік периоды 2 сағат). Максимальдік әсері 6-12 сағаттан кейін пайда болады. Жалпы әсер ету уақыты 14-21 күнге созылады.
Дигитоксин және басқа жг қолданылғанда олардың басқа дәрілермен бірлесіп әсер етуі мүмкін:
- фенобарбитал, эпилепсияға қарсы дәрілер, рифампицин, изониазид, бутадион микросомальдік ферменттерді қоздырып жг белсенділігін төмендетеді.
- Хинин қабынуды басатын дәрілер, сульфаниламидтер, антикоагулянттар жг белсенділігін жоғарлатады, себебі олардың әсерінен белокпен байланыстарын үзеді.
Дигоксин (0,0025). Жүрекке әсер етуі басқа жг бірдей және ерекшеліктер:
- белокпен байланысуы дигитоксиннен төмен (10-30%);
- ішке қолданғанда 50-80% ішекте сіңеді;
- латенттік периоді ішке қолданғанда 1,5-2 сағат, венаға 5-30 минут;
- әсер ету жылдамдығы венаға еккенде строфантимен бірдей;
- ағзадан шығуы дигитоксиннен тез.
Дигитоксинмен бірдей препарат – целанид (изоланид).
Строфантин (амп. 0,025% – 1мл) ең тез және ең ұзақ әсер ететін жг:
- полярлы жг жатады,
- белокпен байланыспайды, куммуляцияға ұшырамайды;
- ішекте сіңбейді;
- кардиотоникалық әсері 5-10 минутта пайда болады;
- максимальдік әсері 30-60 мин;
- белсенділігі 20 сағатқа созылады.
Коргликон (амп. 0,06%- 1 мл) құрамында ландыштың бірнеше гликозидтері бар күрделі препарат. Строфантинге ұқсас, бірақ жылдамдығы төмендеу. Екеуінде венаға егеді, себебі бұлшық етке еккенде тітіркендіреді.
Горицвет препараттары: циннарин, адолнитоксин наперстянка препараттарына ұқсас, бірақ белсенділігі төмендеу, әсер ету уақыты қысқа, кумуляцияға ұшыраймайды, ішекте жақсы сіңеді және орталық жүке жүйесіне седативті әсерін тигізеді.
ЖГ қолдану принциптері
Жг қалай болса солай қолдануға болмайды, себебі кумуляциаға ұшырап уландырады және олардың белсенділігі тек қана дәрінің белгілі мөлшері күректе жиналғанда пайда болады. Сондықтан жүректің созылмалы жетіспеушілігін емдеу үшін канда дәрінің тұрақты концентрациясын жинау керек.
Емдеудің екі кеені болады:
- Дигитализация немесе қанықтыру кезені жүректін жұмысын компенсацияға әкеледі. Ол үшін емдеудің басында дәріні максимальдік терапевтикалық әсерге жеткізетін мөлшермен қолданады (қанықтыран мөлшер). Мысалы дигитоксиннің қанықтыру мөлшері 0,8 – 1 мг (8-10 табл) және бұл кезенде препараттары вена арқылы қолдануға болады.ъ
Жүрек жетіспеушілігің ауырлығына қарай қанықтыру кезеніңің 3 түрі болады:
- Тез дигитализация: қандыру мөлшерін көбейтіп береді де 24-36 сағат ішінде компенсацияға жеткізуге тырысады. Бұндай әдіспен тек қана стационарда емдейді, себебі передозировка әкеліп уландырып тастау мумкін. Тез дигитализацияны ауыр жүрек жетіспеушілігің емдеу үшін қолданады.
- Орташа дигитализация: орташа терапевтикалық мөлшерімен қолданып компенсацияға бір аптаның ішінде жеткізеді. Бұл ең жиі қолданылатын әдіс.
- Баяу дигитализация: жг өте аз мөлшерімен ұзақ уақыт қолданылады. Бұл әдіспен жүрек жетіспеушілігің женіл түрлерін емдегенде қолданады және амбулаторлы түрде емдеуге болады.
- Үзбей емдеу кезені. Ол үшін дәріні аз мөлшерде қолданып ағзада жүрек жұмысың компенсациясын сақтап тұрады. Кейбір сырқаттарда бұл кезең ұзаққа созылады.
ЖГ улану
Жг ең улы дәрілік заттарға жатады. Уландыруға себептер:
- Жг қолдану принциптерін орындамау.
- Басқа дәрілермен қосып беру:
- диуретиктер ағзадан К иондарын шығарып гипокалигистияны туғызады да жүректің қозуын күшейтеді;
- глюкокортикоидтермен бірге қолданғанда жүректің сезімталдығы Жг жоғарылайды.
- Бауыр мен бүйректің аурулары.
- Миокардтың инфаркті кезінде жг сезімталдық жоғары болуы мүмкін.
Жг уланудың симптомдары
- Кардиальдік симптомдар: брадикардия, Ав-блокада, экстрасистология
- Экстральдік симптомдар:
- Ас қорыту мүшелері: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы.
- Неврологиялық симптомдар: адинамия, бас айналуы, әлсіздену, көз көрісі бұзылу, елестеу және т.б.
Улануды емдеу принциптері:
- Дәріні беруді тоқтату. Ішке қолданылған жағдайда асқазан, ішекті тазартып, активтелінген көмір, холестирамин қолданады.
- Антиаритмиялық препараттар: дифенин, лидокаин, К хлоридті, панангин, аспаркам қолданылады.
- Антидоттар: Унитол – жүрек гликозидтерінің АТ фазаның сульфигидрилдік топтарымен байланысуын тежейді;
Этилендиаминтетрауксус қышқылының натрий тұзы (ЭДТА) –са иондарын байланыстырып, миокардтың қозуын төмендетеді.
Уланудың алдын-алу үшін:
- Жг индивидуальді мөлшермен, емдеу принциптерін сақтап қолдану
- Басқа дәрілермен бірге қолданғанда, олардың бір-біріне тигізетін әсерлерін байқап қолдану.
- ЭКГ – контроль
- Диетада К көп тағамдар болу керек; жүзім, өрік, банан және т.б.
- К препараттары аспаркам, К хлориды, панангин.
Жг кері көрсеткіштері
- экстрасистолиялар;
- Ав-блокада;
- Гипокалиемия;
- Пароксимальдік тахикардия.
Басқа кардиотониктер
- Жг улылығы жоғары болғандықтан әртүрлі синтетикалық кардиотониктер зерттеледі. Олардың терапевтикалық әсерінің ені кең, улылығы төмен, белсенділігі жоғары болуы керек.
Амрион.
- оң инотропты әсері бар;
- тамырларды кеңейтеді;
- гемодинамиканы жақсартады
- ұзақ қолдануға болмайды.
Қолдану көрсеткіштері: жүректің жетіспеушілігі.
Кері әсерлері: Ққ төмендеу, тахикардия, тромбоцитопения, бауыр мен бүйректің қызметтерінің төмендеуі. Милрион айтып кеткен препаратпен әсерлері ұқсаса, белсенділігі жоғарылау, тромбоцитопенияны туғызбайды.
Ұйқы безінің гормоны глюкагон өзінің арнайы жүректе орналасқан рецепторларын қоздырып, миокардта Са иондарын көбейтіп кардиотоникалық әсер етеді: жүректің жиырылуын, қозуын күшейтеді.
Жүректін ишемиялық ауруларын емдеу үшін қолданатын дәрілер.
(антиангиналдық препараттар)
Жүректін коронарлық тамырларының жетіспеушілігінен пайда болатын ауруларды жүректін ишемиялық аурулары деп атайды (ИБС). Олардын ішінде жие кездесетін аурулар: стенокардиянын бір неше түрлері, миокардтін инфаркты, кардиосклероз ж.б. Латынша стенокардияны – Angina pectoris деп атайды. Осы себептен стенокардияны емдеу үшін қолданатын дәрілер антиангиналдық дәрілер дейміз.
Стенокардияны туғызатын негізгі себебі – миокардтін от тегіне қажеттілігі мен от тегінің миокадтқа жеткізілуінің арасындағы үйлесімсіздігі. Басқа сөзбен айтқанда екі түрлі себептер бар:
– миокардтағы от тегінің жетіспеушілігі;
- от тегіне миокардтің қажеттілігі жоғарлаған жағдайлар.
Сондықтан бұл ауруларды дәрілік заттармен 2 принцип арқылы емдейді:
- коронарлық тамырларды кеңейту (от тегін миокардқа жеткізуін күшейту);
- жүректін жумысын төмендету (от тегіне қажеттілікті азайту)
Осымен қатар стенокардияны емдегенде дәрігердін алдында екі мақсат қойылады. Оның біріншісі – стенокардияның ұстамасын басу. Ал екіншісі – стенокардияның ұстамаларын болдырмау (алдын алу терапия жасау, немесе стенокардияны созылмалы түрде емдеу).
Антиангиналдық препараттардың топтастыруы
- Органикалық нитраттар тобы:- нитроглицерин, эринит, нитросорбит
- В-адреноблокаторлар:- анаприлин, тимолол, пропранол, метопролол, талинолол, атенолол ж.б.
- Кальцийдің антагонистері (кальций каналдарын тежеуші):- фенигидин, верапамил
- Аденозиннің алмасуына әсер ететін дәрілер: – карбокромен, дипиридамол
- Миотропты спазмолитиктер:- но-шпа, папаверин, натрий нитропруссиді, эуфиллин
- Рефлекторлы түрде әсер ететін: -валидол
- – амиодарон
Органикалық нитраттар. Бұл топқа өте жие қолданатын, және әсері зор белгілі препарат нитроглицерин (Н) жатады.
Нитроглицериннің әсер ету механизмы: Н. тікелей миотропты әсер арқылы тамырлардын тегіс еттеріне әсер етеді. Тамырлардын ішінде артериаларға қарағанда веналарға тигізетін әсері жоғарлау болып табылады. Және мидын, мойынның, бастын, жүректін тамырларына басқасына қарағанда көбірек әсер етеді. Осы әсерінің нәтижесінен Н. тамырлардын спазмын жояды.
Н. көбінесе веналарды кеңейткендіктен шеткі гемодинамика өзгереді де, веналардан жүрекке қайта оралатын қанның колемі азайып, жүректін жүмысы женілденіп, оған керекті энергияға қажеттілік төмендейді. Осы нәтижеден мынандай фармакологиялық әсерлер пайда болады:
– жүрекшелерде қан қысымы төмендейді;
– қанның соғу көлемі төмендейді;
– жүректін көлемі төмендейді;
– рефлекторлы тахикардия.
Осымен қатар Н. коронарлық тамырларды кеңейтіп, және коллатеральды тамырлады көбейтіп миокардтын қан алмасуын жақсартады.
Сонымен нитроглицериннің антиангиналдықәсерінің екі түрлі механизмы бар деп санауға болады:
- миокардтін қан алмасуын жақсартып, ишемия болған аумақтарға от тегінің жеткізуін жақсарту;
- жүректін жұмысын жеңілдетіп миокардтін от тегіне қажеттілігін төмендету.
Н. ауыздын қуысында, асқазанда жақсы сіңіріледі. Н. таблеткасын көбінесе тіл астына салып қолданады. Сонда әсері 1-2 минутқа пайда болады да 10-30 минутқа шейін созылады. Н. таблеткадан басқа капсула, ұзақ уақыт сіңірелітін микрокапсулалар, ерітінді, мазь және пластырь түрлері де бар.
Н. қолдану көрсерткіштері:
– стенокардия талмасын басу үшін (тез және қысқа уақыт әсер ететін болғандақтан):- көз сетчаткасының тромбозы; өт айдағыш жолдарының спазмы.
Н. кері әсерлері:
– бас ауру
– қан қысымының төмендеуы
– әлсіздену
– рефлекторлық тахикардия
– көздін және бастын қысымының жоғарлауы
– дененін қызуы, беттін қызаруы.
Нитроглицериннің микрокапсулалық түрлері: сустак, сустолет, деген дәрілер ұзақ уақыт әсер етеді. Олар асқазанда еріп микрокапсулалардан Н. баяу шыға бастайды. Сондықтан бұл дәрілік түрлерді стенокардияның талмаларын болдырмау үшін қолданады. Сустактін әсер ету уақыты 4-5 сағатқа созылады.
Нитроглицериннің ұзақ әсер ететін басқа түрлері: нитрогранулонг, нитро-мак, нитроминт ж.б. стенокардия талмаларын болдырмау үшін қолданады. Құрамында Н. бар күрделі дәрілер: сусардин, сустабукал, нитробукал, тринитролонг дегендерді қызыл иегке жапсырып қолданады. Сол жерден препарат еріп қанға тез сіңіріледі де қанда нитроглицериннің емдік концентрациясы ұзақ уақыт сақталады. Бұндай дәрілерді стенокардия талмаларын емдеу де және болдырмау да үшін қолданады.
Органикалық нитраттардын ішінде нитроглицериннен басқа да дәрілер бар, мысалы нитросорбид, эринит.
Нитросорбид. Әсері 30-50 минуттан кейін басталады, белсенділігі 4-6 сағатқа созылады. Стенокардия талмаларын болдырмау үшін қолданады. Бұл дәрі таблетка түрінде шығарылады, венаға ететін ерітінді түрлері (изокет, изодинит), және ингаляциялық аэрозоль, теріге қолданатын трансдермальдік (изокет, изоман) ж.б. түрлері бар.
β-адреноблокаторлар
Бұл топқа жататын препараттарды көп терапевтикалық ауруларды емдеу үшін қолданады (гипертониялық ауру, ИБС, аритмиялар ж.б.). Олардын ішінде селективті емес (тимолол, пропранолол, соталол, пиндолол ж.б.) және селективті β1– адреноблокаторлар (метопролол, атенолол, ацебутол ж.б.) дәрілер бар.
β-адреноблокаторлар симпатикалық жүке жүйесінің жүрекке тигізетін әсерлерін тежейді де жүректін жұмысын төмендетіп, миокардтін от тегіне қажеттілігін төмендетеді. Бұл дәрілердін әсерлері 30-40 минуттан кейін пайда болады да 5-6 сағатқа шейін созылады. Сондықтан оларды стенокардия талмаларын болдырмау үшін қолданады.
Кері әсерлері: миокардтін жиірілуі төмендейді, АВ-блокада, бронхоспазм, жүрек айну, құсу, диарея, әлсіздену, бас айналу, аллергия, депрессия.
Кальцийдің антагонистері (кальций каналдарын тежеуші)
Кальций иондарының (Са) ағзаның бірнеше қызметтерінің атқарылуына маңызы зор. Солардын ішінде бұлшық еттердінқозуы Са қатысуымен өтеді.
Са-дің жүрекке және тамырларға тигізетін әсерлері әр түрлі болады. са цитоплазмадағы спецификалық белоктармен (регуляторлар) байланысады. Миокардиоцидтердегі Са байланыстыратын белокты тропонин десе, тамырлардын еттеріндегі белокты кальмодулин деп атайды. Тропонинге әсер ететін дәрілер көбінесе жүрекке барса, кальмодулинге әсер ететін дәрілер тамырларды кеңейтеді.