Фармакология силлабус

СИЛЛАБУС

«Фармакология – 1» пәні бойынша

5В130100 « Жалпы медицина»  мамандығы бойынша

Дәрістер: 18 сағат 

Тәжірибелік сабақтар: 54 сағат 

СӨЖ: 36 сағ 

Емтихан:  IV семестр 

Барлығы: 108 сағат 

Курс: 2 

Семестр: IV

Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес құрастырылған. (Астана, 2006). 5В130100   «Жалпы медицина» мамандығы үшін «Фармакология-1 » пәнінен оқу бағдарламасы негізінде жасалған

Құрастырушылар: Мухамбетов Д.Д.

Таржанова Д.Ш.

Жусупова Г.Д.

Силлабус «Астана медицина унивеситеті» АҚ 5В130100  «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет

Кафедра меңгерушісі – Мұхамбетов Дәмір Даулетқалиевич

Фармакология және клиникалық фармакология – 14.00.25 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы, профессор

Профессор: Стикеева Райхан Куандыковна 14.00.16 – патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы

Кафедра доценттері:

Жусупова Гульнара Даргеровна – 14.00.25 – фармакология және клиникалық фармакология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты

Таржанова Динара Шакеновна – 14.00.16 – патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты

Гурцкая Гульнара Марсовна –14.00.25 – фармакология және клиникалық фармакология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты

Оқытушылар:

Уайсова Дана Сагитбековна

Тасбалтаева Ажар Мукановна

Алиакбарова Нургуль Жумабековна

Коранова Толганай Сабыровна

Уызбаева Индира Каирбековна 

1.8 Мекенжайы:

Кафедра Сарыарқа даңғылы, 33, 8 қабатында орналасқан. Телефоны: 44-41-60 

Студенттер құқылы:

  • Дәрісті оқитын оқытушыға немесе оқытушыға фармакология мәселелерін қамтитын сұрақтар қоюға;
  • Егер дәріс оқитын оқытушымен немесе оқытушының көз қарасымен сәйкес келмейтін тақырып бойынша туындаған ойларды ғылыми негіздеп, дәлелдеуге;
  • Егер тақырып бойынша кейбір сұрақтар толық қамтылмаса, оқытушыдан қосымша түсініктеме сұрауға;
  • Өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша кафедраның СҒҚ кружоктарына қатысуға;
  • Емтихан нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткен күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы.

Айыптау  шаралары:

  • Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерге студенттер формасыз (ақ халат) кіргізілмейді.
  • Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерде ұялы телефондарын сөндірмеген студенттер сабақтан шығарылады және сабаққа қатыспайды деп есептелінеді және сол сабақты қайта өтеуі тиіс.
  • Коллоквиумды уақытылы тапсырамаған студент 1 жұма арасында өзінің мұғаліміне немесе басқа мұғалімге өтеу сағатында тапсыруға қақысы бар.
  • Cебеппен босатылған сабақтар өтеу кестесі бойынша сабаққа рұқсат қағазын көрсеткеннен кейін өтеу уақытында өтеледі.
  • Cебеппен босатылған дәріс оқытушыға жазған конспектісін көрсету арқылы өтеледі.
  • Білім алушы пән бойынша рұқсат беру рейтингісі кемінде 50% болса ғана емтиханға жіберіледі.
  1. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Фармакология – 1» пәні дәрілік заттардың тірі ағзамен байланысын және әсерін оқытатын ғылым болғандықтан барлық мамандықтар студенттерінің оқытылуы міндетті.

Жылына мыңдаған химиялық қосылыстар зерттеледі. Олардың тек он шақтысы ғана клиникалық практикада жаңа жоғары белсенділіктегі дəрілік препараттар ретінде пайдаланылады. Жыл сайын қолданыстағы дəрілердің механизмдері, оларды қолдану көрсеткіштері мен қарама-қарсы көрсеткіштері кеңейгені немесе өзгергені нақтыланып отырады. Осыған байланысты фармакология медицинаның ең күрделі пəндерінің бірі болып табылады.

Фармакология – мультитәртіпті ғылым, теориялық ғылымдарды клиникалық тәжірибелермен, әсіресе фармакотерапияның мәліметтерімен біріктіретін көпсалалы ғылым. Дәрілік заттардың жасушалық, субжасушалық, физиологиялық әсер ету механизмін және бүкіл ағзаға фармакотерапияның әсерлерін анықтау фармакологиялық зерттеудің құндылығы болып келеді. Осыған орай барлық мамандықтардың дәрігерлеріне фармакотерапияның негіздерін білу қажет.

2.2  Пəннің мақсаты:

         Әртүрлі ауруларды  емдеу кезінде дəрі-дəрмектерді дұрыс таңдау үшін,  студенттерде дəрі-дəрмектердің фармакодинамика және  фармакокинетиканың жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру.

2.3 Пəннің міндеттері:

  • рецепттерді рәсімдеудің жалпы  қағидаларын жəне рецептуралық

жазбалар құруды және әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды үйрету;

  • дəрілік түрлерді таңдауды жəне дəрілік заттарды қолдану тəсілдерін

үйрету;

  • дəрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеуді үйрету;
  • дəрілік заттардың әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық

ықпалдары  және  өзара байланысы туралы түсінікті қалыптастыру;

  • дəрілік заттардың қолдану мүмкіндіктерін және ағзаның жүйелер мен

мүшелер қызметтеріне әсерлерін болжауды бағалуды үйрету;

  • патогенді микроорганизмдердің, қарапайымдылардың, құрттардың өмірін жою үшін қолданылатын дәрілік  заттарды таңдауды үйрету.

2.4 Білім берудің түпкілікті нəтижелері:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

  • фармакология пəні мен міндеттерін;
  • дəрі-дəрмек, дəрілік зат, дəрілік препарат, дəрілік түр туралы түсінікті;
  • жедел көмек жағдайларында қолданылатын негізгі өмірге қажетті дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген аттарын;
  • рецепт құрылымын, әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелерін;
  • дəрілік заттардың фармакокинетика мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;
  • дəрілік заттардың жіктелуін;
  • дəрілік заттардың әсер ету механизмдерін;
  • дəрілік заттардың жанама және қалаусыз әсерлерін, олардың алдын алу және пайда болған жағдайда  жою шараларын.

В. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

  • алған білімін болашақ мамандығында қолданады;
  • әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды;
  • дәрілік түрлерді, қолдану тәсілдерін және дәрілерді енгізу жолдарын таңдауды;
  • рецептерге түзету жүргізуді, препаратты ауыстыруды, мөлшерлерін бағалауды;
  • дəрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің жиынтығын, механизмін және әсер орнын анализдеуді;
  • ағзаның жүйелер мен мүшелер қызметтеріне өзгертуге бағытталған дəрілік заттарды таңдауды, сонымен қатар патогенді микроорганизмдердің, қарапайымдылардың, құрттардың өмірін жою үшін қолданылатын  дәрілік  заттарды таңдауды;
  • дəрілік заттардың жанама және қалаусыз әсерлерін танып білуді, олардың алдын алу және пайда болған жағдайда  жоюды;
  • жаңа дəрі-дəрмектер арсеналында бағыт-бағдар алуды, олардың қолданып отырған препараттан артықшылығын, өзара ауыстыру принциптерін және жиі таралған синонимдерін білуді.

     С. Студент өз пікірін жеткізе білу керек:

  • дəрілік заттардың мөлшерін, концентрациясын есептеуді;
  • әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды;
  • негізгі өмірлік маңызы бар дəрілік препараттарға рецепттер жазуды;
  • енгізу жолдарын таңдауды;
  • клиника мен дəріхана қызметкерлерін, сонымен қатар халықты ақпараттандыру үшін дəрі-дəрмектер туралы деректер іздеуге жəне өңдеуге.
  1. D. Студенттің коммуникативтік қабілетілігі болуға тиісті:
  • пәнаралық ұжымда жұмыс істей алуды;
  • мамандар үшін және кәсіби емес аудиторияға өзінің зерттеу жұмыстарын немесе әдебиеттік ізденіс нәтижелерін ұсына білуді. 

Е.  Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуге тиісті:

  • әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жаза білу;
  • дəрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің жиынтығын, механизмін және әсер орнын анализдеуді;
  • өз еркімен жаңа бағыттарды зерттей білу;
  • академиялық мобильдік және алмасу бағдарламасы бойынша шетелде оқу үшін шет тілдерін толығымен игеру;
  • медицинада дəрілік заттардың жаңа ашылулар мен қолдану тәсілдерімен хабардар болу;
  • студенттің өзіндік жұмысын орындау кезінде интернетті қолдана білуді, заманауи отандық және шетелдік әдебиеттермен қолдана білуді.

2.5  Пәннің алғы реквизиттері: Молекулярлы биология және медициналық генетика, биологиялық химия, физиология – 1, микробиология

2.5  Пәннің кейінгі реквизиттері: Ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия  және клиникалық пәндер

       2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Фармакология курсы келесі бөлімдерден тұрады:

  • Жалпы фармакология
  • Жалпы рецептура
  • Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар
  • Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар
  • ОЖЖ-не әсер ететін заттар
  • Орындаушы ағзаларға әсер ететін заттар
  • Алмасу процесстері мен гомеостазға әсер ететін заттар
  • Химиотерапевтикалық заттар

2.7. 1 Дәрістің тақырыптық жоспары

Дәріс тақырыптарыЖүргізілу әдісісағат
1.Кіріспе. Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы.мәселелік1
2.Дәрілік заттардың фармакодинамикасы.мәселелік1
3.Холинергиялық заттар (холиномиметиктер).тақырыптық1
4.Холинергиялық заттар (холиноблоктарлар).тақырыптық1
5.Адренергиялық заттар (адреномиметиктер).тақырыптық1
6.Адренергиялық заттар (адреноблокаторлар).тақырыптық1
7.ГАМҚ- рецепторына әсер ететін заттар (ұйықтататын заттар).тақырыптық1
8.ГАМҚ- рецепторына әсер ететін заттар (ұйықтататын заттар) жалғасы.тақырыптық1
9.Опиатты рецепторларға әсер ететін заттар (наркотикалық аналгетиктер).тақырыптық1
10.Опиатты рецепторларға әсер ететін заттар (наркотикалық аналгетиктер) жалғасы.тақырыптық1
11.Қабынуға қарсы дәрілік заттартақырыптық1
12.Аллергияға қарсы дәрілік заттартақырыптық1
13.Антибиотиктер.шолу1
14.Химиялық құрылымы әр түрлі микробқа қарсы синтетикалық заттар.тақырыптық1
15.Туберкулезге қарсы дәрілер. Мерезге қарсы дәрілер.мәселелік1
16.Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар. Вирустарға қарсы дәрілік заттар.мәселелік1
17.Құрттарға қарсы дәрілік заттар.тақырыптық1
18.Дәрілік заттармен жедел уланудың жалпы емдеу принциптері.тақырыптық1
 Барлығы 18

2.7.2Тәжірибелік сабақтардың  тақырыптық жоспары 

Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

Бақылау түрісағат
1.Жалпы рецептура. Қатты дәрілік заттар. Жұмсақ дәрілік заттар.ауызша сұрау, есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау;3
2.Жалпы рецептура. Сұйық дәрілік заттар. Егуге арналған дәрілердің түрлері.ауызша сұрау, есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау;3
3.Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы. Дәрілік заттардың   фармакодинамикасы.ауызша сұрау, есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау;3
4.«Жалпы рецептура және жалпы фармакология» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.рецепттерді түзету және ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау;3
5.Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар: жергілікті жансыздандырғыш  заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
6.Холинергиялық заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
7.Адренергиялық заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
8.«Жүйке жүйесінің  шеткі бөліміне әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ. .Рубежді бақылау- рецепттерді түзету және ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау;3
9.Наркотикалық анальгетиктер. Наркотикалық емес анальгетиктер.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
10.Ұйықтатқыш заттар.  Паркинсонға қарсы заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
11.«Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ..Рубежді бақылау- рецепттерді түзету және ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау;3
12.Қабынуға қарсы дәрілерауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
13.Аллергияға қарсы дәрілер. Иммунды үрдіске әсер ететін заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
14.«Қабынуға қарсы және иммунды үрдіске әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.Рубежді бақылау- рецепттерді түзету және ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау;3
15.Антибиотиктер. Химиялық құрылымы әртүрлі  синтетикалық микробқа қарсы дәрілік заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
16.Антисептиктер и дезинфекциялық заттар.  Туберкулезге қарсы  дәрілік заттар.  Мерезге қарсы заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
17.Вирустарға қарсы дәрілік заттар. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер. Құрттарға қарсы дәрілік заттар.ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
18.«Химиотерапевтикалық заттар»  тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.

Дәрілік заттармен жедел уланудың жалпы емдеу принциптері.

– рубежді бақылау- рецепттерді түзету және ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау;

– ауызша сұхбаттасу, рецепттер жазу ,

ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс жасау;

3
 Барлығы: 54

     – Оқытушылардың консультация беру уақыты кестеге сәйкес.

– Күнтізбелі-тақырыптық жоспарға сәйкес қорытынды бақылау уақыты.

2.8 Студенттердің өзіндік жұмыстарының  тақырыптары 

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары

Жүргізілу түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1.Организмнің ерекшелігіне дәрілік заттардың әсерінің тәуелділігі. Дәрілік заттарды қасиетіне және қолдану жағдайына байланысты фармакологиялық әсерінің тәуелділігі.организмнің ерекшелігіне дәрілік заттардың әсерінің тәуелділігі туралы сұрақты қарастыру:

жеке ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайына, генетикалық факторлар, сонымен қатар сыртқы ортаның әсеріне.

Реферат және презентация3
2.Дәрілік заттардың әсеріне биологиялық ырғақтың ықпалы. Хронофармакология туралы түсінік.ДЗ әсерінің тәуелділігін яғни ДЗ фармакодинамика және фармакокинетикасының тәуліктің уақытына тәуелділігін қарастыру;

Хронофармакологияның басты мақсаты мен  оң жақтарын көрсету.

Реферат және презентация2
3.Қармаушы, қаптаушы және  сіңіруші, тітіркендіруші заттарқармаушы, қаптаушы және  сіңіруші, тітіркендіруші заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі фармакологиялық әсерлерін көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру.

Реферат және презентация2
4.Наркоздық заттар.наркоздық заттардың  фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі фармакологиялық әсерлерін көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру.

Реферат және презентация3
5.Этил спирті. Алкоголизмнің әлеуметтік тұжырымы.Этил спиртінің негізгі фармакологиялық әсерлерін көрсету;

токсикалық сипатын көрсету;

алкоголизм және оның әлеуметтік тұжырымы  сұрақтарын қарастыру;

алкоголизмнің фармакотерапия принциптерін қарастыру.

Реферат және презентация2
6.Дәріге тәуелділік. Дәріге тәуелділік шақыратын заттар.дәріге тәуелділік сұрақтарын қарастыру;

дәріге тәуелділік шақыратын заттардың негізгі

фармакологиялық және токсикалық әсерлерін   көрсету;

әртүрлі ағзалар мен жүйелерге препараттардың тигізетін токсикалық әсерлеріне назар аудару;

дәрілік заттардың токсикалық әсерлерін көрсету және көмек шаралары;

улану кезінде жедел көмек көрсетуде қолданатын антидоттар мен  антагонисттерін көрсету;

Реферат және презентация3
7.Анальгетикалық белсенділігі бар орталыққа әсер ететін опиоидты емес заттар (клонидин, димедрол, кетамин, карбамазепин, натрия вальпроат)..осы препараттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі

фармакологиялық және токсикалық әсерлерін   көрсету;

улану кезінде жедел көмек көрсетуде қолданатын антидоттар мен  антагонисттерін көрсету;

Реферат және презентация3
8.Пуринергиялық синапста қозудың берілуіне әсер ететін  заттар.пуринергиялық синапста қозудың берілуіне әсер ететін  заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру; негізгі

фармакологиялық әсерлерін   көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру.

Реферат және презентация3
9.Дофамин рецепторларын тежейтін заттар (антипсихотикалық заттар).антипсихотикалық заттардың  фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру; негізгі

фармакологиялық әсерлерін   көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру;

дәрілік заттардың токсикалық әсерлерін көрсету және көмек шаралары;

Реферат және презентация3
10.Серотонин және негізінен серотониндік үрдіске әсер ететін заттар (сератонин адипинаты, мексамин, мелатонин, суматриптин).негізінен серотониндік үрдіске әсер ететін заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі

фармакологиялық әсерлерін   көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру;

Реферат және презентация3
11.Сульфаниламидті заттар.сульфаниламидті заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі

фармакологиялық әсерлерін   көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру;

Реферат и презентация3
12.Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар.қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі

фармакологиялық әсерлерін   көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру;

Реферат және презентация3
13Ісіктерге қарсы заттар.ісіктерге қарсы дәрілік заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;

негізгі

фармакологиялық әсерлерін   көрсету;

жеке препараттардың ерекшеліктеріне назар аудару және салыстырмалы сипаттамасын беру;

дәрілік заттардың токсикалық әсерлерін көрсету және көмек шаралары;

Реферат және презентация3
 Всего:  36

 

2.10 Оқыту және үйрету әдістері

  • тақырыптық, мәселелік және шолу дәрістерін оқу;
  • тәжірибелік сабақтар;
  • тәжірибелік сабақтың хаттамасын құрастыру;
  • топта тақырыпты талдау;
  • кіші топтарда жұмыс істеу;
  • ситуациялық есептерді шешу;
  • тесттік тапсырмаларды орындау;
  • аралық бақылау;
  • кеңес беру.

ҮСӨЖ бақылау  және ұйымдастыру формалары:

Рефераттар, презентациялар

Рефераттар мен презентацияларды топта талқылау және қорғау

Аралық бақылауда СӨЖ сұрақтары бойынша сұрастыру

2.11 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымды бақылау:

  • тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру
  • жазбаша бақылау: кіріс бақылау билеті (рецепттер жазу, алгоритм, препаратты фармакологиялық сипаттамасы бойынша анықтау)
  • ауызша сұрау
  • ақуалды есептерді шешу
  • тесттік тапсырмаларды орындау
  • СӨЖ көлемінде рефераттық тапсырмаларды және жеке тапсырмаларды бағалау
  1. Ауызша жауап беру және ақуалды есептерді шешуді бағалау критерилері (ОӘК шешімі №1 хаттама 28.08.2013 ж.)
БаллдарАуызша сұрау
100 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау бөлімінде белсенді көрінді және материалды тақырыптық жоспар бойынша толық түсіндіріп берді, жауап толық және дұрыс екендігі көрінді. Студент негізгі және қосымша әдебиет бойынша өз білгенін тереңінен жеткізеді және өз пікірін толық айтады. Негізгі және спицификалық терминдерді негізгі терминдермен өте жақсы, еркін және мағыналы түрде байланыстырады. Пән алғы  және кейінгі реквизиттер материалдардың арасындағы логикалық байланыстарды көрсетуге қабілеті бар. Тәжірибелік дағдыларды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін талқылайды, сараптайды және нақтылы қорытындылар жасайды.

Ақуалды есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; диагнозды қою этиология және патогенез тарапынан негізделген; аурудың этиологиясы және патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып, емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Клиникалық ойы анық және айқын көрінеді. Емдеудің клиникалық әдістерін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда өз пікірін дәлелдеп, емдеудің балама әдісін ұсына алады.

90 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау бөлімінде белсенді көрінді және студент берілген материалды тақырыптық жоспар бойынша толық түсіндірді, жауаптары нақты және жан жақты болды. Айғақтарды бағалайды және өз бетімен талқылайды, жасаған қорытындысы негізделген және оны логикалық жүйеде түсіндіруге қабілетті, бірақ жалпы сипаттағы кейбір қателері бар, бұрын өткен пәндердің орташа дәрежесімен берілген материалды жоғары дәрежеде меңгергендігі көрініп тұр. Негізгі және қосымша әдебиетті (монография, мақалаларды) қолданады және өз ойын толық көрсетеді. Студент материалдың арасындағы пән алды және кейінгі реквизитті байланыстарды көрсетуге қабілеті бар. Тәжірибелік дағдыларды қатесіз орындайды және зерттеу нәтижелерін талқылайды.

Ақуалды есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; диагнозды қою этиология және патогенез тарапынан негізделген; аурудың этиологиясы және патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Клиникалық ойы анық көрінеді.

85 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау бөлімінде белсенділігі орташа деңгейлі көрінді және студент берілген материалды тақырыптық жоспар бойынша толық түсінгенін көрсетті, бірақ кейбір сөз қорытындылауы теориялық және логикалық негізделмегенін көрсетті, бұрын өткен пәннің орташа дәрежесімен берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және қосымша (басқа оқулық) әдебиеттерді қолданған. Студент сұрақтарға сенімсіздікпен (бірақ дұрыс) жауап береді. Еленбейтін қателерді жібереді, бірақ артынша өзі дұрыстап отырады. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасы бар, нәтижелері талқыланады.

Ақуалды есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; диагнозды қою этиология және патогенез тарапынан негізделген; аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Клиникалық логикалық ойы бар.

80 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау белсенділігі ең төменгі дәрежеде көрінді. Негізінен жауаптары дұрыс, сонымен қоса бұрын өткен орташа дәрежелі білімімен берілген материалды жақсы дәрежеде меңгергені көрінеді, негізгі, арасында қосымша (басқа оқулық) әдебиетін қолданады, өз ойын айтып жеткізеді. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын біледі, нәтижелерді талқылайды.

Ақуалды есептерді шешу диагнозды қоюдың дифференциалды диагностикасының негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; Аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша нақты емес мәліметтерді қолдана отырып, болжамдар жасайды. Жақсы клиникалық ойы бар.

75 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау көрінді, материал толық жеткізілмеген, талқыланып жатқан сұрақтың мәні түсіндірілмейді, талқылау кезінде қателер жіберіледі, сонымен қоса алдын өткен сабақ бойынша білімі орташа дәрежелі, берілген материалды айтарлықтай жақсы дәрежеде меңгерген. Студент еңжарлық қателер жібереді, бірақ мұғалімнің көмегімен дұрыстайды. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын біледі, нәтижелерді талқылау кезінде қиналады.

Ақуалдық есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерімен жүргізді; емдеу жоспарын мұғаліммен бірге отырып құрастырады; аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып, емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Жақсы клиникалық ойы бар.

70 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау кезекті түрде қатысты, сонымен қоса бұрын өткен сабақтың орташа дәрежелі білімімен берілген материалды отраша дәрежеде меңгергендігін көрсетеді және негізгі әдебиетті ғана қолданады. Жауап толық емес, мұғалімнің қатысуымен дұрысталып отыратын енжарлық қателіктер жіберіледі, студенттің меңгерген материалының көлемі әрі қарай білім алуға жетерліктей, студент өзінің негізгі әдебиетті білетіндігін көрсетті. Өз білгенін нақты мысалдарда еркін қолдана алмай қиналады. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын және әдісін біледі. Тақырыты талдау кезінде белсенділігі көрінбейді.

Ақуалды есептерді шешу зерттеудің негізгі және арасында қосымша әдістерін сипаттауымен жүргізеді, арасында дифференциалды диагностиканы және диагноз қоюды келтіреді, емдеу жоспарын мұғаліммен келісе отырып жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша нақты емес мәліметтер қолдана отырып, болжамдар жасайды. Клиникалық ойы әлсіз.

60 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау арасында ғана қатысты, студент тақырыптың не жайлы екендігін біледі, материалды терең ұқпайды, өз ойын логикалық түрде негіздей алмайды, осылайша бұрын өткен сабақты дұрыс меңгермегендігін көрсетіп, берілген материал бойынша білімінің төмен екендігін көрстеді, негізгі әдебиетті ғана қолданады оның өзі толық емес. Жауабы толық емес, қателерді көп жібереді, оның жартысын мұғалімнің көмегімен дұрыстайды. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Тәжірибелік дағдыларды орындау нәтижесі бойынша сараптама және қорытынды жасай алмайды.

Ақуалды есептерді шешу зерттеудің толық емес негізгі және қосымша әдістердін сипаттамай өткізді, диагноз қоюды және дифференциалды диагностиканы арасында дұрыс айта алмады. Аурудың этиология, патогенезі бойынша нақты емес мәліметтерді қолдана отырып, емдеу жоспарын мұғаліммен бірлесе отырып құрастырады. Клиникалық ойы  жоқ.

50 баллИнтерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрінің түрлері бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау анда-санда қатысты, сонымен қатар бұрын өткен сабақты әлсіз білімімен береді, материалды әлсіз меңгергені көрініп тұрады, тек негізгі әдебиетті толық емес түрде қолданады. Жауабы толық емес, қатесі көп, кейбір қателерді мұғалімнің көмегімен де дұрыстай алмайды. Тәжірибелік дағдылардың техникасын толық білмейді. Зерттеу нәтижелерін сараптай және толтыра алмайды.

Ақуалды есептерді шешу зерттеудің толық емес негізгі және қосымша әдістердін сипаттамай өткізеді, диагноз қоюдың және дифференциалды диагностиканы арасында дұрыс айта алмады. Аурудың этиология, патогенезі бойынша нақты емес мәліметтерді қолдана отырып, емдеу жоспарын мұғаліммен бірлесе отырып құрастырады. Клиникалық ойы жоқ.

О баллСұраққа жауап беру кезінде студент тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Тәжірибелік дағдылары жоқ. Жауап беруден бас тартады.

 Тәжірибелік сабақтың жазбаша бақылауын бағалау критериі:

Тәжірибелік сабақтың жазбаша бақылауына сабақта алған білім деңгейін анықтауға арналған билеті кіреді

Бақылау билеттеріне 2 рецепт – 50%, алгоритм – 25% және фармакологиялық сиппатамасы бойынша препаратты анықтау – 25%, жалпы 100% бағаланады.

         Тәжірибелік сабақтың  қорытынды бағасы – бұл тәжірибелік сабақтың  ауызша және жазбаша бақылауынан шығатын орта баға. 

    III. Рубежді бақылау:

ЖМ 2 курс  студенттері үшін рубежді бақылау кафедрада жазбаша бақылау түрінде өтеді.

Рубежді бақылау тапсырмаларына  20 – тест сұрақтары, 3 препаратқа рецепт жазу, жіктелу және алгоритм  кіреді.

Рубежді бақылау нәтижелерін бағалау критерилері:

Бақылаудың жалпы бағасы 100%, оның ішінде тест тапсырмалары – 30%, рецепт жазу – 30%,  жіктелу -30%. алгоритм – 10% құрайды.

Қорытынды бағаорта арифметикалық баға. 

Ескерту: тәжірибелік сабақ тақырыбы бойынша хаттама болмаса жалпы баллдан 10% алынады, егер студент қанағаттанарлықсыз баға алса немесе 50%-дан төмен алса бір аптаның ішінде ауызша тапсыруға мүмкіндік береді.

Білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі оқушылардың бағасын дәстүрлі шкалаға ауыстыру

Әріптік жүйе бойынша бағаБаллдардың сандық эквивалентіПайыздық көрсеткішіДәстүрлі жүйе бойынша баға
А4,095-100«өте жақсы»
А-3,6790-94
В+3,3385-89«жақсы»
В3,080-84
В-2,6775-79
С+2,3370-74 

«қанағаттанарлық»

С2,065-69
С-1,6760-64
Д+1,3355-59
Д1,050-54
Ғ00-49«қанағаттанарлық емес»

Пән бойынша рейтинг төмендегі формула бойынша есептеледі: 

ЖРБ=(АББХ + РББY + CӨЖZ) 

Х+У+Z =1,0

(Х=0,5; У=0,3; Z=0,2)

ЖРБ– жіберу рейтингі бағасы. Бұл тәжірибелік сабақтын баллдық орташа соммасынан шығатын орташа мәнді орта баға, рубежді бақылау және СӨЖ-дің баллының орташа сомасымен.

АББ – тәжірибелік сабаққа қойылатын орташа баға (ағымдағы бақылау бағасы).

РББ – рубежді бақылау бағасы

СӨЖ – СӨЖ орташа бағасы.

Жіберу рейтингі студенттің қорытынды бағасының 50 баллын құрайды. Өту бағасы 50-ден төмен болса қорытынды баға саналмайды. Семестрде алған бағасы 50 және одан көп болса емтиханға жіберілді деп саналады. Пән бойынша қорытынды бағаға жіберілу ретинг бағасын және қорытынды баға кіреді. Қорытынды бағаны есептеу кезінде әр бәр компоненттің салмақтық үлесі есептелінеді: жіберу рейтингі 60%-ды құрайды, қорытынды бақылау бағасы -40%-ды құрайды.

Жеке рейтинг баллын санау әдісі

ЖР= (Р1 Х 0,5 + Р2 Х 0,3 + Р3 Х 0,2)*

ЖР –студенттің жеке рейтингі

Р1  – ағымды бақылаудың орташа бағасы

Р2  – аралық бақылаудын орташа бағасы

Р3  – СӨЖ орташа бағасы

ҚБ – емтихан бағасы

* – әрбір себепсіз қатыспаған сабақпен дәріс үшін жалпы рейтингтен 1% кемітіледі (ОӘК шешімі хаттама №1 28.08.2013ж.) 

         Студенттің пән бойынша (ҚБ) академиялық рейтингі студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша бағасы оң нәтижелі болса ғана саналады. Бағаны (ҚБ) емтихан алушы келесі формула бойынша санайды:

ҚБ = ЖРБ*0,6 + ҚББ*0,4

2 кезең қорытынды бақылауды өткізу кезінде 1 және 2 кезеңге арналған емтихан бағалары ведомостын сәйкесінше кестесіне байланысты жеке қойылады және келесі формула бойынша (ҚБ) есептеледі:

ҚБ = ЖРБ*0,6 + ( ҚББ1 + ҚББ2 )/2*0,4 

Пәндер бойынша ҚБ есептеу қорытынды бақылаудың әр бір кезеңі бойынша он нәтижелі баға алған кезінде саналады. Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды баға қанағаттанарлықсыз баға болып шықса қорытынды баға саналмайды.

Тәжірибелік сабақтың (ағымды бақылау, рубежді, соңғы бақылауды), СӨЖ, СӨЖО  білімдерін бағалау критерийлері

ӘріпПайыздық көрсеткішБаға
1А95-100«өте жақсы»
2А-90-94
3В80-89«жақсы»
4В-75-79
6С68-74«қанағаттанарлық»
8С-59-67
10Д50-58
11Ғ0-49«қанағаттанарлық емес»

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Фармакология силлабус

error: Материал көшіруге болмайды!