Микроорганизмдері жоятын жасанды заттар

Микроорганизмдері жоятын жасанды заттар

Сульфаниламидтер және триметоприм

Сульфаниламидтер

1932 жылы Германияда Кларер және Миетз қызыл бояғыш затты – протнозилды жасап, оның антибактериальды ықпалын сауытта (in vitro) сынады. Ол сынақтарда пронтозилдің микроорганизмерді жоятын әсері білінбеді. 1935 Домагк бұл заттың тірі организмедерде (in vivo) гемолитикалық стрептококкты жоятын ықпалын тапты. Организмде пронтозилден белсенді зат – сульфаниламид – бөлінеді екен. Сол кезден бері көптеген сульфаниламидті қосылыстар клиникаға енгізілген болатын. Антибиотиктерге қарағанда сульфаниламидтер өте арзан және кейбір індеттерді өте жақсы қайтарады. Соңғы кезде сульфаниламидтердің ықпалына болысатын триметоприм деген зат табылған соң осы екі дәрінің қоспалары кеңіңен клиникада қолдануда.

Химиялық құрылысы

Барлық сульфаниламидтердің жалпы ядросы бар – бензол сақинасы. Оған аминді радикалы (-SO2 NH-R) арқылы әр түрлі басқа қосылыстар жалғастырылады. Аминді қосылыстың радикалдары да әр түрлі болады. Осы өзгерістер сульфаниламидті дәрілердің физикалық, химиялық, фармакологиялық және антибактериальды қасиеттерін ауыстырады.

Барлық сульфаниламидтердің сілтілі ортада ерігіштігі қышқыл ортада қарағанда артуқтау болады. Бұл заттардың натрийылы тұздары суға жақсы ериді, соңдықтан, оларды көк тамырға енгізуге болады.

Соңғы кезде әдейі суға жөндеп ерімейтін сульфаниламидтерн жасалған болатын. Мысал, фталилсульфатиазол суға ерімегеннен ішектен қанға жөндеп сіңбейді, микроорганизмдерді жоятын әсерін ішектер ойығыңда білдіреді.

Сульфаниламидтердің жалпы химиялық формуласы, парааминобензойлық қышқылға ұқсастығы N1 сүретте көрсетілген.

Микроорганизмдерді жою қабілеті

Сульфаниламидтердің арасында бактерияларды жою қабілеті айырылмайды, тек белсенділігі ғана әр түрлі болу мүмкін. Олар грам-оң және грам-теріс бактерияларды, нокардияларды, хламидияларды, кейбір қарапайымдарды жоя алады. Одан басқа, сульфаниламидтер грам-теріс ішек бактерияларының кейбір түрлерін жояды (Pseudomonas, Serratia, Proteus деген бактериялардан басқа). Жалғыз химиотерапиялық заттар жолдарының індеттерін, нокардиоздарды емдегенде тағайындалады. Ірің тудыратын кокктар арасындакөп штаммдар қазір сульфаниламидтерге тұрақтылық білдіреді.

Әсерінің негізі

Сульфаниламидтердің химиялық құрылысы парааминобензоылық қышқылының (ПАБҚ) қүрамына ұқсайды. Олар ПАБҚ-ының бөсекелесетін қарсы заттары боп табылады. Сульфаниламидтердің әсеріне көнетін микроорганизмдерге фолийлық қышқылды түзету үшін сыртқы ортадан ПАБҚ қажет болады. Ал фолийлық қышқыл пуриндердің, нуклеин қышқылдардың түзілуіне керекті зат боп табылады, ПАБҚ-дың орнына сульфаниламидтер фолийлық қышқылдың құрамына еніп кетіп, бірде жөнді қызметін атқаралмайтын ақаулы фолийлық қышқылын туғызады, екіншіде дигидроптероатсинтетазаның белсенділігін азайтады. Нәтижеде микроорганизмдердің өсу-өнуі тежеледі. Бірақ, сульфаниламидтердің осындай бактерияларды жою ықпалы олардың беруін тоқтатқанда немесе сыртқы ортада (организмде) ПАБҚ көп болғанда қайтады,

Микрорганизмдердің тұрақтылығы

Жануарлардың клеткалары және кейбір бактериялар өздерінде фолийлық қышқылын жасай алмайды, оны дайын түрінде сыртқы ортадан алады. Кейбір бактерияларда мутация болғанда ПАБҚ-ын көп мөлшерде жасайтын болады, немесе дигидроптероатсинтетазасының сульфаниламидтерге туыстығы азаяды. Риккетсиялардың өсу-өнуін сульфаниламидтер мүлде тежемейді, керісінші, оны ынталандырады.

Фармакокинетикасы

Организмнен жартылай жөнелу уақытына қарай сульфаниламидтері үш топқа бөлуге болады (кестеде триметопримнің де мәліметтері берілген):

Кесте N1

Дәрінің атыЖартылай жөнелу уақытыІшектен қанға сорылуы
Сульфацитин

Сульфизоксазол

Сульфаметизол

?

Қысқа (6 сағат)

Қысқа (9 сағат)

Жылдам

Жылдам

Жылдам

Сульфадиазин (сульфазин)

Сульфаметоксазол

Орташа (10-17 сағат)

Орташа (10-12 сағат)

Баяу

Баяу

Сульфапиридин

Сульфадоксин

?

Ұзақ (7-9 күн)

Баяу

Орташа

ТриметопримОрташа (11 сағат)Жылдам

Сульфаниламидтердің көбі ауыз қуысы арқылы қолданылады, асқазанда және ішекте қанға жақсы сінеді, барлық тіндерге тарайды (олардың ішінде ОЖЖ-сі, жұлынның сүйығы, бала жолдасы). Сульфаниламидтердің 20-90%өі қандағы белоктармен байланысады (олар әсерінің ұзақтығы оған тәуелді болады – неғұрлым көп байланысатын болса; сол ғұрлым әсері ұзақ болады). Дәрілердің кейбір бөлігі ацетилденеді, онда сульфаниламидтердің белсенділігі қайтады.  Аз ацетилденеді, онда сульфаниламидтер (этазол, уросульфан) белсенді түрінде бүйрек түтікшелеріне бөлінеді, несеп  жолдарының індеттерін қайтара алады. Зәрде сульфаниламидтердің концентрациясы қаннан 10-20 есе артуқ болады, соңдықтан, бүйрек жетіспеушілігі кезіңде, олардың мөлшерін азайтып беру керек. Сульфаниламидтердің микроорганизмдерді жоятын ықпалы даму үшін, олардың қандағы концентрациясы 80-120 мкг/мл болу керек (тіндердегі ПАБҚ-ының мөлшерінен әлде қайда көп болу кереқ, әйтпесе бактериялар фолийлық қышқылын түзету үшін сульфаниламидтердің орнына таза ПАБҚ-ың алатын болады). Микроорганизмдерді өсіретін ортаға 50 мг/л ПАБК-ың қосқанда, сульфаниламидтердің бактерияларды жоятын ықпалы мүлде білінбей қалады.

Сульфаниламидтердің өздері суға жөндеп ерімейді, ал олардың натрийлы тұздары ерігенінен көк тамырға енгізілу мүмкін.

Өте аз еритін сульфаниламидтер, мысал, фталилсульфатиазол (фталазол) ішке тағайындалады, ішектен қанға сорылмайды, организмнен нәжіспен шығарылады. Ішек ойығында фталазол фтальды қышқылының қалдығынан айрылады да, белсенді норсульфазолды босатады. Оның жою ықпалы ішек ойығындағы аэробты бактерияларға тиеді.

Ұзақ әсерлі сульфаниламидтер, мысал, сульфадоксин, сульфаметоксипиридазин (сульфапиридазин), ішектен қанға  жақсы сіңеді, организмге кеңінен тарайды, бірақ, қанның белоктарымен көп байланысады (85%-тен артық), соңдықтан, организмнен баяу жөнеледі. Олар белсенді түрінде бүйрек түтікшелеріне сүзіледі, одан өайтадан қанға сорылады. Қысқа әсерлі сульфаниламидтерге қарағанда, ұзақ әсерлі қосылыстардың улағыш ықпалы көптеу болады. Орта әсерлі заттардың да артықшылығы көп емес, олар тек триметоприммен жақсы құрастырылады (80 мг триметоприм+400 мг сульфаметоксазол=бисептол 480)

Клиникалық қолдануы

Жергілікті қолдану – сульфацетамидтің (сульфацилдің) натрийлы тұзынан көзге тамызатын немесе жағатын ерітіңдісінен (30%) және майынан (10%) басқа сульфаниламидтерді жараның, терінің, шырышты қабықтардың үстіне жағып  керегі жоқ. Күмістің сульфадиазині күйіктің үстіне жағылғанда көп аурсынуды тудырмайды, дәрінің құрамынан баяу босайды, қанға жөндеп сіңбейді, күйіктер індеттерінің алдын жақсы алады.

Жөндеп сорылмайтын сульфаниламидтер (8-15 г/күн) ішке қолданғанда ішек ойығындағы аэробты флопрасын тежейді, сондықтан, ішекке операция жасар бұрын 4-6 күн бойы тағайындалады.

Сульфасаланзинмен (салицилазосульфапиридинмен) тоқ ішектің бейөзгешелік жаралы қабынуын, энтериттерді емдейді. Ішек ойығындағы микрофлораның әсерінен сульфасалазин сульфапиридинге және -өаминосалицил қышқылына ыдырайды. Соңғы зат тоқ ішекте қабынуды басатын ықпалын тигізеді. Салицилқышқылын ауыз қуысы арқылы таза түрінде сондай көп мөлшерінде енгізуге болмайды, себебі, оның шырышты қабақтарға тітіркендіргіш әсері өте зор болады. Сульфапиридин ішектен қанға сорылады, сульфасалазинді күніне 4 граммнан артық ішкенде, организмге улағыш ықпалын тигізу мүмкін. Одан басқа, сол себеппен салицил қышқылының димерін – олсалазинді – енгізуге болады, бұл зат аурулардың басынан жақсы өтеді.

Ішке қолдану – келесі жағдайларда пайдалы болады:

  1. Бұрын емделмеген (сульфаниламидтерге тұрақты емес деген сөз) несеп жолдарының індеттері – 1г сульфизоксазолды күніне немесе бисептолды 2 таблеткадан күніне 2 уақ тағайындайды. Басқа әдіс бойынша сульфизоксазолды 0,5-1,0 граммнан күніне 4 рет (30-60 мг/күн) 3-7 күн бойы белгілейді. Балалардын алғаш іңдеттерінде сульфизоксазолдын 150 мг/кг/күн мөлшерінде ішке қолдануы нәтіжелі болады;
  2. Хламидиоздар – жыныс және тыныс жолдарының, көздің хламидиозын (орнитозын емес) сульфаниламидтермен емдеуге болады;
  3. бактериальды індеттер – нокардиоз кезіңде сульфизоксазол немесе сульфадиазин 6-8 г/күн мөлшерінде тандаулы дәрілер ретінде қолданылады. Бета-гемолитикалық стрептококктар, менингококктар, шигелаллар арасында қазір сульфаниламидтерге тұрақты штаммдар көп пайда болды, оған байланысты тыныс жолдарының ауруларын, синуситтерді, отиттерді, бронхиттерді, пневмонияны, бактериальды қантышқақты бисептолмен емдейді.
  4. Герпетиформды дерматит – жұқпалы ауру емес екен, дегенмен оны сульфапиридинмен (2-4 г/күн) немесе дапсонмен емдейді.

Жанама әсері

Барлық сульфаниламидті қосылыстардың (олардың ішінде карбоангидразаны тежейтін заттар, тиазидтер, фуросемид, буметанид, диазоксид, ішке тағайындайтын антидиабетикалық дәрілер) айқас аллергия тудыратын ықпалы бар. Одан басқа безгек, бөртпе, есекжем, терінің фотосенсибилизациясы, диспепсия құбылыстары, стоматиттер, конъюктивиттер, артриттер, қан түзіліуінің тежелуі, психоздар, гепатит болу мүмкін.

Несеп шығару жолдарының бұзылыстары – зәрдің қышқылдығы көбейгенде сульфаниламидтер тұнып қалады, кристаллурияны, гематурияны тудырады. Одан сақ болу үшін жақсы еритін сульфаниламидтерді (сульфизоксазол, трисульфапириминдер) қолдану, немесе зәрдің сілтілігін арттыру (5-15 гкүніне натрийдің бикарбонат тұзын ішке қолдану), немесе сұсындарды көп ішу керек. Сол себептен сульфаниламидтерді метенаминді  қосылыстар мен бірге қолдануға болмайды. Бүйрек жетіспеушілгі кезінде сульфаниламидтердің мөлшерін азайту немесе оларды сиректеу қолдану керек.

Қан түзілу процесінің бұзылыстары – сульфаниламидтер авпластикалык және гемолитикалық қан аздығын (әсіресе, эритроциттердің глюкоза-6-фосфатдегидрогеназасы жетіспегенде), гранулоцитопенияны, тромбоцитопенияны тудыру мүмкін. Жүктіліктің екінші жартысында қолданғанда сульфаниламидтер нәрестелерің сары қоздыру мүмкін.

Триметоприм және оның сульфаниламидтермен қоспалары

Триметоприм (триметоксидензилпиримидин) сүткоректілердің клеткаларына қарағанда бактериялардың дигидрофолатредуктазасын 50000 есе артық тежейді. Сондай-ақ басқа бензилпиримидинді дәрі – пириметатин – қарапайымдардың сол ферментінің белсенділігін әлде қайда күшті басады. Осы екі зат сульфаниламидтермен құрастырылғанда бірінен кейін бірі қаттар өтетін тетрагидрофолийлық қышқылын  түзететін процесстерді тежейді, сондықтан, осы дәрелер қоспаларының белсенділігі қатты күшееді.

Фармакокинетикасы

Триметоприм жалғыз дәрі ретінде немесе сульфаметоксазол мен бірге тағайындалады. Сульфаниламидтердің ішінде сульфаметоксазолдың организмнен жартылай жөнелу уақыты триметопримнің ондай көрсеткішіне ең жақын болғанына байланысты осы екі дәріні 1:5 қатынасында құрастырып бір таблетканың ішінде (бисептол, бактрим, ориприм) шығарады. Екі қосылыстың мөлшері 65-70%-і қанның белогымен байланысады. Триметоприм енжар сілтілер қатарына жатқанынан қуық түбі  безінің, кынаптың қышқыл ортасына көп жиналады, сол жерде бактерияларды көп жояды.

Клиникалық қолдануы

Жалғыз дәрі ретінде триметоприм несеп жолдарының жедел індеттерін емдей алады. Ол кезде оны 100 мг нан 12 сағат саыйн белгілейді. Триметопримнің зәрдегі концентрациясы 200-600 мкг/мл болғанда бактериялардың көбі жойылады.

Pneumocystis carinii қоздыратын өкпе қабынуы, Shigellaтудыратын симптоматикалық энтерит, сальмонеллез, простатит кезінде бисептол таңдаулы дәрілер қатарына жатады. Бисептол-480 деген дірінін 12 сағат сайын қолданылатын 2 таблеткасы несеп жолдарының созылмалы індеттерін, простатитті жақсы қайтарады. Ал бұл дәрінің аптасында 3 рет ішетін жарты таблеткасы әйелдердің несеп жолдары індеттерінің алдын алады. Шигеллалар, сальмонеллалар қоздыратын індеттер кезінде бисептолды 12 сағат сайын 2 таблетқалдан қолданады. Балаларға триметоприм/сульфаметоксазол қоспасын сәйкес 8/40мг/кг мөлшерінде 12 сағат сайын тағайындайды.

Қатерлі пневмония, сепсис, шигеллез кезінде 80 мг триметопримнің + 400мг сульфаметоксазолдың 5 мл ерітіндідегі қоспасын 125мл 5%-ік глюкозаның ерітіндісі мен қосып көк тамырға тамшылап күніне 3-4 рет енгізеді.

Лейшманиоз, токсоплазмоз немесе тропикалық безгек ауруы кезінде сульфаниламидті қосылысты (6-8г/күн) пириметаминмен (50 мг/күн) құрастырып береді.

Жанама әсері

Фолийлық қышқыл организмге жетіспегеннен триметоприм мегаблостикалық кан аздығын, лейкопенияны, гранулоцитопенияны тудырады. Ол құбылыстардың алдын алу үшін ауруларға бисептол мен қаттар күніне 6-8 мг фолийлық қышқылын беру керек. Қосымша, бисептол сульфаниламидтердің барлық жанама әсерлерін келтіру мүмкін.

Хинолондар

Химиялық құрылысына қарай хинилондар налидикс қышқылының фторлы туындыларына жатады. Бұл заттр грам-оң және грам-теріс бактериялардың көбін жоя алады.

ДНҚ-гиразасын тежеп, хинолондар ДНК-ы спиралінің трақатылуын бұзады, ДНҚ-ының транскрипциясы және дубликациясы тежеледі.

Бұрын жасалған хинолондардың (налидикс қышқылы, оксолин қышқылы, цтноксацин) қандағы концентрациясы аз болғанынан, олармен тек несеп жолдарының індеттерін емдейтін. Жаңада түзілген фторлы туындылары (норфлоксацин, ципрофлоксацин) қанда көп жоғары, улағыш әсері аздау болады.

Микроорганизмдерді жою қабілеті

1-5 мкг/мл мөлшерінде  фторхинолондар Enterobacteriaceae, Pseudmonas, Neisseria деген грам-теріс таяқшаларды жояды.  Legionella, Chlamidia  деген грам-оң бактерияларды, микобактерияларды жою үшін олардың концентрациясы жоғары болу керек, ал анаэробты бактерияларға бұл заттар әсер ете алмайды.

Фармакокинетикасы

Ішке қолданғаннан кейін фторхинолондар қанға жақсы сіңеді, сұйықтарға, тіндерге кең тарайды. Дәрілердің қаннан жартылай жөнелу уақыты 3-7 сағаттың аралығында болады. Ішке 400-600 мг нан қолданғанда, қанның сары суында ципрофлоксациннің барынша толық концентрациясы 1-3 мкг/мл болады, эноксациннің ондай көрсеткіші одан шамалы артыктау, ал офлоксациннің концентрациясы 10 мкг/мл дейін барады. Дәріллердің ішектен қанға сорылуын екі валентті иондар тежейді (мысал, антацидті дәрілер). Организмнен фторхтнолондар көбінесе бүйрек арқылы жөнеледі, ол үшін дәрілер түтікшелер ойығына бөлінеді. Сонғы процессті пробенецид тежейді. Енгізген дәрінің мөлшері 20%-і бауырда ыдырайды.

Клиникалық қолдануы

Норфлоксацин 44 мг нан, ал ципрофлоксацин 55 мг нан күніне 2 уақ ішіке несеп жолдарының індеттерін, Shigella, Salmonella, Eserichia coli, Helicobacter  деген бактериялар қоздыратын инфекциялық диареяны емдеуге жұмсалады. Одан басқа бұл заттармен жұмсақ тіндердің, сүйектердің, буындардың, құрсақ куысының, тыныс жолдарының індеттерін, жыныс жолмен тарайтын ауруларды (соз, хламидиоз) емдейді. Менингококтарды таратынын адамдарды фторхинолондармен толық жаздыруға болады. Осы топтағы дәрілері ішке және көк тамырға енгізеді. 

Жанама әсері

Ең жиі фторхинолондар жүрек айнуын, лоқсуды, іш өтуін тудырады. Одан басқа бас ауруы, айналуы, ұйқысыздық, бөрпелер кездеседі. Фторхинолондар өсетін шеміршек тінін зақымдайды,  сондықтан, бұл дәрілерді 18 жасқа толмаған ауруларға тағайындауға болмайды. Қосымша, суперинфекция болу мүмкін, ол кезде стептококтар, саңырауқұлақтар организмге тарап кетеді.

Метронидазол

Бұл зат нитроимидазол туындаларына жатады, оның жою ықпалы анаэробты бактерияларға, олардың ішінде бактероидтерге, клостридияларға, тиеді.

Ішке қолданғаннан кейін дәрі қанға жақсы сіңеді, 250 мг метронидазолды ішкенде, ол қанда 4-6 мкг/мл концентрациясында байқалады. Бұл зат жұлынның сұйығына да өтіп кетеді. Метронидазол көбінесе бауырда ыдырайды, бауыр қызметі нашарлағанда, оны абайлап тағайындайды.  Одан басқа дәріні көк тамырға және балауыз түрінде тік ішекке енгізуге болады.

Анаэробты немесе араласіндеттер кезінде метронидазолды 55 мг нан күніне 3 рет (30 мг/кг/күн) ішке немесе көк тамырға енгізеді. Trichomonas, Gardnerella  тудыратын вагиниттер кезінде дәріні 250 мг нан күніне 3 рет 7-10 күн бойы ішкізеді, кейде метронидазолды ол жағдайда 2 г мөлшерінде ішке бір-ақ рет тағайындайды. Антибиотиктер тудыратын энтероколиттер болғанда метронидазолды 55 мг нан күніне 3 рет ішке немесе көк тамырға енгізеді. Мидың абсцессі кезінде метронидазолды пенициллиндермен немесе цефалоспориндермен құрастырады. Тоқ ішекке операция жасау үшін дайындағанда да бұл затты қолдануға болады.

Метронидазолдың жанама әсері жүрек айнуымен, іш өтуімен, стаматитпен, шеткі жантамырлар зақымдалуымен білінеді. Метронидазолды қолданғанда ауру мүлде арақ-шарапты ішпеу керек, себебі, бұл дәрінің тетурам тәрізді ықпалы бар.

Несеп жолдарының антисептикалық заттары

Жүйелі  анттисептикалық заттардың көбі организмнен зәрмен шығарылады, онда көп мөлшерінде жиналады. Сол себеппен сульфаниламидтерді, пенициллиндерді, аминогликозидтерді, фторхинолондарды қысқа курс бойы немесе қайтаруға болады.

Ал несеп жолдарының антисептиктері өз ықпалын тек зәрде білдіреді, олардың жалпы жүйелі әсері жоқ.

Нитрофурантоин (фурадонин)

Жою қабілеті

Нитрофурандар грам-оң және грам-теріс бактериялардың көбін (Pseudomonas aeruginosa, Proteus  деген бактериялардан басқа) жояды. Бұл дәрілерге бактериялардың түрақтылығы баяу дамиды. Зәрдің қышқылдығы рН 5,5 төмен болғанда нитрофурантоиннің белсенділігі қатты артады.

Фармакокинетикасы

Фурадонин ішектен қанға жақсы сіңеді, бірақ оның ыдырауы және организмнен жөнелуі тым тез болғанынан, қанда дәрінің жүйелі антибактериальды концентрациясы білінбейді.   Орташа тәулік мөлшерінде фурадонинді ішкізгенде, оның зәрдегі концентрациясы 22 мкг/мл дейін көбееді. Бүйрек түтікшелеріне фурадрнин сүзіледі және бөлінеді. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде дәрінің зәрдегі концентрациясы аз болады, ал қандағы мөлшері көп болғанынан, организм улану мүмкін.

Клиникалық қолдануы

Фурадрниннің орта тәулік мөлшері көбінесе 100 мг нан  күніне 4 уақ ішке қолдануға келеді. Онда дәріні тамақты ішкенде немесе сүт пен бірге қолданады. Несеп жолдарының созылмалы ауруларын емдегенде фурадонинді ішке бірнеше ай бойы қолдануға болады. Ол кезде зәрдің қышқылдығын арттырғанымыз (рН 5,5 төмен) жөн болады. 11 мг нан күніне бір уақ қолданғанда, әйелдердің несеп жолдарының созылмалы аурулары оралмайды.

Басқа нитрофураның туындысы – фуразолидон – 400 мг нан күніне (балаларға -5-8 мг/кг/күн) ішке қолданғанда, тырысқақ вибрионын жоя алады. Бірақ, бұл дәрінің шигеллез кезінде қолдануы нәтижесіз болады.

Жанама әсері

Улағыш ықпалы – тәбеттің басылуы, жүрек айнуы, лоқсу жиі кездеседі. Глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназасы жетіспейтін ауруларда невриттер және гемолитикалық қан аздығы болу мүмкін.

Фурадонин налидикс қышқылының микрорганизмдерді жоятын ықпалын азайтады, сондықтан, осы екі дәріні қатар қолдануға болмайды.

Аллергиялық жауаптар ретінде бөртпелер жиі кездеседі.

Налидикс қышқылы, оксолин қышқылы, циноксацин

Налидикс қышқылы – алғаш хинолон туындысы – клиникаға 1963 жылы енгізілген болатын. Құрамында фтор атомы жоқ болғанынан бұл дәрі организмнен жылдам жөнеледі, оның қандағы концентрациясы бактерияларды жою мөлшеіне жетпейді. Оксолин қышқылының және циноксациннің химиялық құрылысы және қасиеттері налидикс қышқылына ұқсайды.

Жою қабілеті – налидикс қышқылы сауытта 1-20 мкг/мл концентрациясында грам-теріс бактериялардың көбін(Pseudomonas деген бактериядан басқа) жояды. Грам-оң бактерияларды жою үшін заттың одан көп концентрациясы керек екен.

Фармакокинетикасы – ішке қолданғаннан кейін бұл топтағы заттар жылдам ыдырайды, организмнен тез жөнеледі. Дәрінің мөлшері 20%-і белсенді түрінде, ал 80%-і белсенсіз түрінде зәрге өтіп кетеді. Белсенді заттың қандығы концентрациясы 50-200 мкг/мл дейін көбееді.

Клиникалық қолдануы – бүл дәрілермен тек колиформды бактериялар қоздыратын несеп жолдарының індеттерін емдейді. Ол кезде ересек ауруларға налидикс қышқылын 1 граммнан күніне 4 уақ ішке 1-2 аптп бойы тағайындайды. Балаларға дәрінің мөлшері 30-60 мг/кг/күн болады. Оксолин қышқылын 0,75 граммнан күніне 2 рет белгілейді, ал циноксацинді күніне 1 граммнан береді.

Жанама әсері – налидикс қышқылы гипергликемияны және глюкозцрияны тудырады. Одан басқа диспепсиялық құбылыстар, бөртпе, көру жүйкенің зақымы, тырысулар кездеседі. Оксолин қышқылынын ОЖЖ-сіне улағыш ықпалы басқа заттардан артық білінеді.

Метенаминнің манделать және гиппаурат тұздары

Ішке қолданғаннан кейін бұл тұздар манделды және гиппурды қышқылдарын, метенаминді бөледі. Қышқылдар өзгермеген белсенді түрінде зәрге өтіп кетеді де, онда рН көрсеткіші 5,5 нан төмен болса, грам-теріс бактерияларды жояды. Метенамин зәрдің қышқыл ортасында формальдегид деген затты бөледі, оның да бактерицидті ықпалы білінеді.

Несеп жолдарының індеттерін емдеу үшін метенаминнің манделат тұзын 1 граммнан күніне 4 рет ал оның гиппурат тұзын 1 граммнан күніне 2 рет (балаларға – 30-50 мг/кг/күн) тағайындайды. Зәрдің рН көрсеткішін 5,5 төмен түсіру үшін қышқылдықты арттыратын заттарды, мысал, аскорбин қышқылын күніне 4-12 граммнан қосымша береді. Бұл тұздар мен бірге сульфаниламидтерді ішкізуге болмайды, өйткені, олар зәрде метенаминнен бөлінетін формальдегид пен түнып қалады. Осы дәрілердің бактерияларды жоятын ықпалы кең, себебі, формальдегид және қышқылдар бірге әсер етеді. Тек аммиакты бөліп, зәрдің сілтілігін арттыратын Proteus бактериялар метенаминнің осы тұздарына сезімталдығын білдірмейді.

Зәрдің қышқылдығын арттыратын заттар

Несеп жолдарының созылмады індеттері кезінде зәрде микроорганизмдерді толық жоюға мүмкіндік берілмейді екен, сондықтан, көп бойы бактериялардың өсуөөнуін жежеуге тырысады.

Зәрдің қышқылдығын рН 5,5 төмен түсіретін кез келген зат несеп жолдарындағы бактериялардың өсу-өнуін тежейді. Сондай ықпалын тигізетін заттар, мысал, кетогенді диеталар, аммонийдің хлорид тұзы, аскорбин қышқылы, мандалды қышқыл, метионин, мүк жидегіндегі гиппурды қышқыл, сол себеппен қолданылу мүмкін. Ұзақ уақыт (6-18 айҚ бойы бұл заттармен емделу несеп жолдарының төменгі бөліктерінен жоғары ағзаларға (бүйрекке) бактериялардың өтуін тежейді. Сол себептен, несеп жолдарының созылмалы індеттері жазылу мүмкін.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!