Жүйке жүйесінің шеткі бөлімінің қызметіне әсер ететін дәрілер:
а) афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер, яғни орталыққа тебуші жүйке жүйелері, осы талшықтар арқылы қозу тіндерден орталық жүйке жүйесіне беріледі (лат-afferens-әкелуші)
б) эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер, яғни орталықтан тебуші жүйке жүйесі, осы талшықтар арқылы қозу орталық жүйке жүйесінен тіндерге беріледі. Берілген ақпаратты афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер туралы бастайық.
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер.
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілердің жіктелуі:
- Афферентті жүйкелердің сезімталдығын тежейтін заттар. Оған мыналар кіреді:
а) жергілікті жансыздандырғыштар (анестетиктер)
б) бұрыстырғыштар
в) қаптағыштар
г) сорғыш дәрілік заттар
- Афферентті жүйкені қоздырушы заттар:
а) тітіркендіргіш
б) рефлекторлы әсерлі тыныс алуды ынталандырғыштар(аналептиктер)
в) рефлекторлы әсерлі қақырық түсіргіштер
г) ащылар (горечи)
д) іш айдаушы заттар (слабительные)
е) рефлекторлы әсерлі өт айдағыштар
Жергілікті жансыздандырғыштар.
Жергілікті жансыздандырғыштар деп ( anaesthetica localica) сол қолданылған жерінде ауру сезімін кетіретін, сол жердің сезімталдығын жоятын заттарды айтады (грек сөзінен – anaethesia – сезімсіз).
Жергілікті жансыздандырғыштардың әсер ету реттілігі: біріншіден олар ауру сезімін кетіреді, анестезияның тереңдеуі кезінде температура өшеді, кейін тактильді сезімталдық, ең ақырғы болып ұстағанша тітіркенушілік және қысымға әсер етеді. Жергілікті анестетиктердің ең маңызды қасиеті болып олардың қайтымдылығы және қолданғанда ақыл-есі сақталады.
Әсер ету механизмі осы анестетиктердің мембрана рецепторларындағы Na каналдарымен кешен құруына байланысты, Na иондары тосқауылданады. Нәтижесінде жүйке жасушаларының мембранасы қалыптасып, сол себепті Na, K ИОНДАРЫНА МЕМБРАНЫҢ ӨТКІЗГІШТІГІ тосқалдануы. Бұл импульстардың өтуіне және қалыптасуына кедергі жасайды.
Жергілікті анестетиктерге қойылатын талаптар:
- Қызметінің жоғарғы талғамдылығы .
- Қысқа латентті кезең.
- Әр түрлі жергілікті анестетиктер кезіндегі жоғары активтілік.
- Әсер ету мерзінің ұзақтығы әр түрлі манипуляция жасауға мүмкіндік береді.
- Мүмкіндігінше олар қан тамырларды тарылтады немесе оларды кеңейтеді. Қан тамырлардың тарылуы анестезияны күшейтеді, тіндердегі қанайналымды төмендетеді, уытты әсерді азайтады.
- Уытты әсерінің төмен болуы, және минималды жанама әсерлер.
- Препараттар суда жақсы еруі керек және залалсыздандыру кезінде жойылмау керек.
Жергілікті жансыздандырғыштардың жіктелуі.
1) Терминальды, немесе беткейлік анестезия – анестетиктер шырышты қабаттың үстіне, жаралы қабатқа, жарақатталған қабатқа жағылады. Беткейлік анестезия жасау үшін мынадай ерітінділер қолданылады: кокаин (2% – 5ml), дикаин (0.5% – 5), лидокаин (1 – 2%), пиромекаин (0.5 – 1 – 2%), сонымен қатар анестезин (ұнтақ, таблетка, мазь, свечи) қолданылады.
2) Анестезияның екінші түрі – инфильтрациялық . Анестезияның бұл түрі терінің тізбекті сіңірілуін және терең тіндерде сіңірілуімен ерекшеленеді. Бұл тіндер арқылы операциялық кесулер өтеді. Инфильтрациялық анестезияға қолданатын ерітінділер мыналар: новокаин ерітіндісі (0.25 – 0.5% ), тримекаин ( 0.125 – 0.25 – 0.5%), лидокаин ( 0.25 – 0.5%).
3) Анестезияның үшінші түрі – өткізгіш анестезия. Бұл анестетикті жүйке жолы бойынша енгізеді; жүйке тіндерінен қозудың өтуіне тосқауыл пайда болады, сол себепті анестетик қолданылдаған жерге, жүйкеленген жерде сезімталдық жойылады. Бұл анестезияны өткізу үшін қолданатын ерітінділер: новокаин (1 – 2%), тримекаин (1 – 2%), лидокаин (0,5 – 2%).
4) Өткізгіш анестезияның бір түрі болып жұлындық анестезия табылады. Бұл анестетикте субарохноидальді енгізгенде және де эпидуральді анестезия кезінде анестетик мидың қатты қабықшасының үстіне енгізеді. Бұл анестетиктерді қолданған кезде олар жұлынның алдыңғы және артқы мүйіздерінің қабықтарына әсер етеді, сол кезде дененің төменгі бөлігінің жүйкеленуіне тосқауыл жасайды. Бұл анестезияны жасау үшін жергілікті анестетиктердің одан күшті концентрленген анестетиктерді қолданады. Новокаин (5%), лидокаин (1 – 2%), тримекаин (5%).
Кокаин – какос бұтасының алкалоидты Erythroxylon coca (cocaini hydrochloridum1 – 3%, көздің мөлдір қабығының беткейіне 2 – 5%, шырышты қабаттың анестезиясына).
Кокаин бірқатар уытты болып келеді және науқастарда өзіне деген құштарлықты шақырады. Бірақ кокаинге адамдарда морфин мен героинге қарағанда психикалық тәуелділігі көп болады, ал физикалық тәуелділігі болмайды. Кокаин өзінің күштілігіне қарамастан улы болғандықтан қазіргі кезеңде қолданылмайды.
Кокаин көз, мұрын, тамақ хирургиясында қолданылады, стоматологияда кокаин мышьякты пастаның құрамына кіреді. Бұл анестетиктерді жергілікті анестезияға көздің мөлдір қабығына және мүйізді қабатына қолданады (1 – 3%), ауыздың,мұрынның, жұтқыншақтың шырышты қабатына қолданады (2 – 5%) тістің пульпасына да қолданады.
Көздің мөлдір қабығына 1– 3 % кокаин ерітіндісін тамызсақ, анезтезия 1 сағатқа жалғасады. Бұл кезде қан тамырларды тарылтып, көздің қарашығын кеңейтеді. Көз ішілік қысым төмендейді, бірақ кейбір адамдарда қысым күрт көтеріледі (әсіресе, жасы үлкен адамдарда) . Кокаинды көп қолданғанда, мүйізді қабаттың эпителийінің түлеуіне және жаралануына алып келеді. Кокаинның улылығының қауіптілігі оны адреналинмен біріктіріп қолдануды қажет етеді.
Кокаин резорбтивті әсер еткенде ОЖЖ (ЦНС) белсендетеді (эйфория, үрей, психомоторлық қозу, тітіркегіштік, сандырақ болуы мүмкін). Аллергиялық үрдістер жиі кездеседі.
Дикаин (Dicainum) – бұл дәрі кокаиннан қарағанда біренеше есе шамамен 10 есе күшті, бірақта 2 – 5 есе улы. Дикаин парааминобензойлы қышқылдың туындысы. Улы болғандықтан көз хирургиясында терминальды анстезия үшін ғана қолданылады. Қарашықтарды кеңейтпейді, көз ішілік қысымды төмендетпейді, аккомодацияға әсер етпейді. Стоматологияда дикаинды тістің қатты тіндеріне қолданатын анестезия кезіндегі Платонов сұйықтығының құрамына енгізеді. Лор тәжірибесінде 0,5 – 1% ерітіндісін қолданады. Хирургиялық тәжірибеде дикаинды эндоскопиялық манипуляцияда қолданатын әр түрлі катетрлерге жағу үшін қолданады.
Дикаин қан тамырларын кеңейтеді, сондықтан оны көбінесе адреналинмен қосады. Ол шырышты қабат арқылы өте күшті өтеді, сол себепті кішкене ғана терапевтикалық мөлшері күшті токсигенділік шақыруы мүмкін (кей кезде өлімге әкеледі). Балаларда шырышты қабат ерекше жұмсақ болады, сондықтан ауыр токсикалық әсерлер болуы мүмкін. (10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды).
Анестезин (Anaesthesinum) ұнтақ күйінде болады, суда нашар ериді. Сондықтан оны сырттай терминальды анестезия үшін себуге, паста ретінде қолданады. Стоматологияда 5 – 10% мазь ретінде 5 – 20% майлы ерітінділер ретінде (глоссит, стоматит), тістің (қатты тіндеріне ұнтақ ретінде қатты денелердің анестезиясына) қолданады.
Қолданылуы: терінің үсінуі,күйік, кесілуі кезінде, есекжем, тері қышынуында, терінің бетіне жағу арқылы қолданады,тік ішектің жарықшасы,геморрой кезінде де балауыз түрінде ректальды енгізуге болады (0,05-0,1 анестезинді свечи)қолданылады.
Энтеральді жолмен таблетка түрінде (0,3 тен), ұнтақ түрінде, микстура мен шырыш (слизь),суспензия,гель түрінде асқазанның шырышты қабығына терминальды анестезия жасау үшін қолданылуы мүмкін (асқазан жарасы, гастрит) емдеу барысында Алмагель А құрамына кіреді(А-анестезин);
Ампровизоль – құрамына анестезин, ментол, витамин Д – эргокальциферол, глицерин кіреді. Препаратты жаралардың жазылуына қолданады. Тік ішектің жарақаты геморрой кезінде, анестезинді көбінесе супозитарилердің құрамына қосады.
Промекаин (буликаин) офтальмологияда (0,5 – 1%), оториноларингологияда (1 – 2%), смотологияда (1 – 2%) қолданады.Пиромекаин антиаритмиялық эффектісі бар, сол себепті ішкі аурулар клиникасында аритмияға қарсы зат ретінде қолданады. Эндоскопиялық процедура кезінде анестетик ретінде қолданады (бронхоскопия, бронхография, интубация) 1 – 2% ерітінді ретінде 10, 30, 50 мл – лік ампулаларда,флакондарда немесе 5% мазь түрінде.
Тек терминальды анестезияға қолданады, себебі тіндерді тітіркендіреді, рН өте жоғары (4,4 – 5,4).
Новокаин (Novocainum) (ХАПаттентелмеген атауы-прокаин) – диэтиламиноэтанолдың және парааминобензой қышқылының күрделі эфирі. 1, 2, 5, 10, 20 ml ампулаларда 0,25% ерітінді ретінде шығарылады, мазь, супизаторий ретінде де шығарылады.
Новокаин – жергілікті анестетиктердің ең ежелгі түрі. Тұрақты, әлсіз және ұзақ әсер етеді. Инфильтрациялы анестезияның ұзақтығы орта есеппен 30 минут құрайды. Новокаин инфилтрациялық және өткізгіш анестезия үшін қолданады. Инфильтрациялық анестезияға новокаинның аз концентрациялы (0,25 – 0,5%) және үлкен көлемде 100 ml қолданылады. Өткізгіштік анестезия үшін новокаинның көлемі азырақ, бірақ концентрациясы көбірек (12 % 5, 10, 20 ml көлемде). Новокаинның ең маңызды ерекшелігі токсигенділігі өте төмен.
Тиімді әсерлер: Новокаин преганглионарлы ұлпалардан ацетилхолиннің шығуын төмендету арқылы, әлсіз ганглиотежеуші әсер көрсетеді, ОЖЖ тежейді, ми қыртысының моторлы аймағының қозуын тежейді; ОЖЖ – н тежейтін заттардың әсерін күшейтеді, гипотензиялық және әлсіз антиаритмиялық қызмет жасайды; тегіс бұлшықеттің спазмын әлсіретеді.
Жағымсыз әсерлері:
- Химиотерапевтикалық препараттармен, әсіресе сульфаниламидпен қосылғанда антогонистік әсер береді. Бұл новокаинның парааминобензойлы қышқылмен және сульфаниламидпен бәсекелестік қарым – қатынасына байланысты.
- Препаратты көтере алмауы мүмкін: көбінесе аллергиялық үрдістер болады, тіпті кей кездері анафилаксиялық шокқа әкеліп соғады. Адамдардың 4 % – новокаинға өте сезімтал, ол өте аллергенді препарат.
- Новокаинды ісетін тіндерге анестезин ретінде қолдануға болмайды, себебі ол қышқыл ортада әсер етпейді.
- ОЖЖ тежелуі: ұйқышылдық, бас айналу, діріл, көрудің нашарлауы.
- Гипотония
- Брадикардия
Лидокаин – (LIDOCAINUM) amp – 10, 20 ml – 1 %, 2, 10ml – 2 %, аэрозольдерде – 10% , дражеде 0,25 (ксикаин, лидестин, ультракаин). Бұл жан-жақты жергілікті анестезик, барлық анестезия түріне қолданылады. Әсер етуі бойынша новокаиннан 2,5 есе, ал әсер ету уақыты бойынша 2 есе күшті (шамамен 60 мин). Адреномиметиктермен қосқанда 2 – 4 сағат бойы әсер етеді.
Токсигенділігі шамамен новокаиннен артық. Тіндерге тітіркендіргіш әсер бермейді. Көздің мөлдір қабатына тамызғанда көздің қарашығының үлкендігіне, қан тамырларының тонусына әсер етпейді, сульфанил амидтермен бәсекелестік қарым – қатынасқа түспейді. Новокаинға қарағанда лидокаин аллергиялық үрдістер шақырмайды. Препарат тұрақты, ұзақ мерзімге бөлме температурасында сақтауға болады және де автоклавтауға болады.
Аритмияға қарсы зат ретінде лидокаин өте активті. Аритмияның қарыншалық түрінде (экстрасистолия, тахикардия), аритмик ретінде кеңінен қолданылады.
Жағымсыз әсерлері: гипотония, ұйқышылдық, бас айналу, амнезия, діріл, тремор, токсикалық тахиаритмия, көрудің нашарлауы, тыныс алу жетіспеушілігі, аллергиялық үрдістер болуы мүмкін (бронхоспазм, крапивница, дерматит).
Аралас амидтердің басқа да топтары.
Артикаин – инфильтрация, өткізгіш және жұлындық анестезия үшін қолданылатын жергілікті анестетик. 2% және 5% ерітінді түрінде қолданылады. Препарат тамырды тарылтатын зат пен глюкозаның комбинациясынан құрылған. Хирургияда жергілікті анестетик ретінде сондай – ақ акушерлік клиникада кеңінен қолданылады.
Бупивакаин (маркаин) – ұзақ уақыттық анестезия үшін қолданылады 8 сағат. Бұл ең ұзақ әсер етуші жергілікті анестетик. 0,25%, 0,5% және 0,75% адреналинді ерітінді түрінде пайдаланады. Ең белсенді күшті жергілікті анестетиктердің бірі лодакаиннен 4 есе күшті. Акушерлік және хирургиялық практикада операциядан кейінгі кезеңде және созылмалы ауырсыну синдромы кезінде эпидуральді анестезиялау мақсатында қолданылады.Бұл препарат әсер етуі жай басталып, тек 30 минуттан кейін максимальді әсерге ие болады. Кері әсерлері – діріл, жүрек қызметінің әлсіреуі.
Мепивакаин (Mepivacanum). Инфильтрациялы өткізгіш және жұлындық анестезия үшін 1%, 2%, 3% ерітінді түрінде қолданылады. Химиялық құрамы жағынан бупивокаин молекуласымен өте ұқсас айырмашылығы тек бір ғана радикалда. Бұл орташа әсер ету механизміне ие болған жергілікті анестетик (2 сағатқа дейін). Тез әсер етеді, жоғарыда аталған препаратқа ұқсас.
Скандикаин – стоматологияда 1% ертінді түрінде қолданылады.
Ультракаин. Анестетиктердің артық мөлшерінен улану мүмкін. Жергілікті анестетикпен улану жалпы дірілмен көрінеді. Бұл жағдайда дірілге қарсы ең жақсы препарат диазепамды (седуксен) егу қажет. Тыныс алу және қан айналым орталықтарының ауытқуы кезінде ОЖЖ реттегіштерін (бемегрид, этимизол типті аналептиктерді) қолдану қажет, сондай – ақ адреномиметиктерді (адреналин, эфидрин) қолдануға болады.
Бұрыстырғыш заттар (Adstringentia)
Бұрыстырғыш заттар қабынуға қарсы немесе антифлогистикалық (грек – phlogizo – жандыргыш ) жергілікті әсерге ие заттар. Олар шырышты қабат және терінің қабынуында қолданылады.
Бұрыстырғыш заттардың әсер ету механизмі осы препараттар жағылған жерде жасуша сыртылық сұйықтың, шырыштың, эксудаттың, клетка мембранасының, қан тамыр қабырғаларының коллоидтарының қалыңдауымен байланысты. Олардың өткізгіштігін төмендетіп, ал нәтижеде пайда болған қалыңдаған қабықша сезімтал жүйкелердің ұшын тітіркену және ауырсыну сезімінен қорғайды.
Шығу тегіне байланысты әлсіреткіш заттар 2 – ге бөлінеді:
1) органикалық (өсімдік текті)
2) бейорганикалық (металл тұздары)
Органикалық түріне ТАНИН (Taninum) жатады. Черемуха мен майдың алкалоидты болып табылады. Ол еменнің қабыршағында, шалфей, ромашка, зверобой, кровохлебканың тамырында, чередада көптеп кездеседі. Бұл өсімдіктерден тұнба және қайнатпалар дайындалады. Сондай – ақ сырттай қолдану үшін ерітінді және мазь ретінде пайдаланылады.
Ерітінді ауыз қуысын, мұрын, жұтқыншақты шаю үшін 1 – 2 %, ал зақымдалған беткейлер үшін 3 – 10% мазь қолданылады (күйік, жаралар).
Бейорганикалық түрі металдардың тұзы болып табылады.
Висмут (висмут, нитрат), Висмут субнитрат(Vismutti subnitras), Денол (коллоидты висмут субцитраты), Алюминий, Дерматол (негізгі висмут тұзы). Мырыш (мырыш тотығы, мырыш,сульфаты), Мыс (мыс сульфаты), Күміс (күміс нитраты – Argento nitras).
Фармакологиялық әсері:
1) бұрыстырғыш; Аталған металдардың төмен концентрациялы тұздары әлсіреткіш, ал жоғарғы концентрациясы – күйдіргіш қасиетке ие.
2) қабынуға қарсы әсері рефлекстерді тежейді, патологиялық процестерді басады.
3) ауырсынуды басушы әсері
4) детоксикациялық әсері.
Қолданылуы: ауыз қуысының қануы кезінде, стоматит, гингивиттерде шаю, жағу, себу түрлерінде қолданылады. ДЕ – нол сондай – ақ антимикробты қасиетке ие, асқазан жараларында іштік қолданылады, висмут себу препараты ретінде пайдаланылады, ал құрамдас таблеткаларда – викалин, викаир – гастритте, асқазан жараларында ішу үшін қолданылады. Танальбин – энтерит, колитте, сондай – ақ черемуха мен ромашканың тұнбалары мен қайнатпалары. Танин ерітінділері жергілікті күйіктерде және ауыр металдардың, алкалоидтардың тұздарымен, гликозидтермен уланғанда егу арқылы қолданылады.
Қаптағыш заттар (Macilaginosa) – индифферентті заттар, олар суда ісініп шырыш тәрізді коллоидты ерітінді түзуге қабілетті. Қаптағыш заттар шырышты қабатты қаптай отырып, сезімтіл жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды, асқорыту жолдарының жеңіл бұзылыстарында асқазанды қорғайды. Қаптағыш заттар 2 – ге бөлінеді:
1) Бейорганикалық түрі (алюминий гидратының тотығы, магний
трисиликаты);
2) Органикалық (картоп, жүгері, бидай,крахмалдарынан алынған шырыш
(слизь), зығыр (лен) дәнінің шырышы, күріш шырышы, алтей тамырының
түйнектері, кисель).
Фармакологиялық әсері:
а) қабынуға қарсы
б) іштің өтуінен (антидиаретикалық)
в) ауырсынуға қарсы
г) адсорбциялық
Қолданылуы: АҚЖ-ң (ЖКТ) қабыну процестерінде; – тітіркендіргіш заттармен біріктіріп қабылдағанда (крахмал шырышы); -удың сіңірілуін төмендету мақсатында клиникалық токсикологияда. Қаптағыш заттар сіңірілмейді, сондықтан резорбтивті қасиет тән емес. Қаптағыш заттардың тобына жұмсартқыш заттар жанасады. Осы мақсатпен түрлі майлар қолданылады (вазелинді май, какао майы, глицерин).
Сорғыш заттар (Аdsorbentia) – суда ерімейтін және тітіркендірмейтін, жоғары адсорбциялық беткейге ие ұнтақ тәрізді заттар. Бұлар өзінің беткейінде химиялық қосылыстарды адсорбциялап, сезімтал жүйкелердің ұшын тітіркенуден сақтайды. Олар шырышты қабат пен терінің бетінде жұқа қабат түзіп, сезімтал жүйкенің ұшын механикалық тұрғыдан қорғайды.
Әсері :
- f) адсорбциялық
Б) детоксикациялық
В) ауырсынуды басатын
Г) қабынуға қарсы
Тальк, магний силикаты :
4 SiO + 3 MgO + HO, оны теріге жаққан кезде темірдің бөлінуін адсорбциялайды, соның әсерінен теріні құрғатады және механикалық тітіркенуден сақтайды, патологиялық рефлексті басады.
Адсорбциялық заттарға ақ топырақ (Bolus alba), Алюминий гидрокисі(AL(OH)) жатады. Ең жақсы адсорбциялық заттарға Белсендірілген көмір (carbo activatus), Карболен (Carbonis activati) жатады.
Қолданылуы:
Белсендірілген көмір барлық ауыр улануларда алколоид , металдардың ауыр тұздары қолданылады, көбінесе үлкен дозада 1 – 2 ұнтақ түріндегі ас қасық. Оны суға араластырып белсендірілген көмірдің араласпасын алып, науқастарға per os немесе зонд арқылы енгіземіз. Таблетка түріндегі белсендірілген көмір (карболен – 0,25 және 0,5) метеоризм кезінде газдардың адсорбциясы үшін, сондай – ақ диспепсия, азық – түлікті улану кезінде қолданылады. Гемостатикалық заттарды адсорбциялау және хирургияда ұлпаларды жабыстыру үшін қолданылады:
– берипласт ХС (жергілікті қолданылады)
– тахокомб (адсорбциялаушы губка)
Эфферентті иннервацияға әсер етуші дәрілік заттар
(қозу ОЖЖ – нен ұлпаларға беріледі ; efferens – алып кетуші)
1) вегетативті жүйке (ішкі органдарды, қан тамырларын, бездерді иннервтейді)
2) бұлшықеттердің қозғалтқыш жүйкелері
Аксон ұшының жүйке клеткасымен, бұлшықет немесе бездермен байланысқан жері синапс деп аталады. Синапс клапан тәрізді жұмыс істейді (бір бағытта) . Медиатр рецептор болып табылатын қабылдағыш аппаратқа әсер етеді.
Нейроэффекторлы синапстардан бөлінетін медиаторларға байланысты вегетативті иннервацияны : холинергиялық немесе парасимпатикалық (медиаторы – ацетилхолин) және адренергиялық немесе симпатикалық деп бөледі. Вегетативті жүйкелер 2 нейроннан тұрады : прегангионарлы және ганглионарлы.
Преганглионарлы нейрондардың холинергиялық иннервациясына краниосакральды локализация тән. Краниальды ядролар орталық және сопақша мида орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің краниальды бөліміне бас-ми нервтарының келесі өкілдері кіреді: III жұп (n.okulomatorius), IV жұп (n.facialis), IX жұп (n.glossofaryngeus), X жұп (n.vagus).
Адренергиялық иннервацияда преганглионарлы жүйкелердің денешігі жұлынның тораколюмбальды бөлімінің бүйір мүйіздерінде орналасқан.
Преганглионарлы жүйкелердің аксондары вегетативті ганглияларда аяқталып, ганглионарлы жүйкелермен синапстық байланыс түзеді. Симпатикалық ганглиялар мүшелерден тыс орналасқан, ал парасимпатикалық ганглиялар – көбіне мүше ішінде орналасқан, сондықтан преганглионарлы талшықтардың ұзындығы әр түрлі болады. Симпатикалық және парасимпатикалық ганглиялардың медиаторы ацетилхолин болып табылады. Тек постганглионарлы симпатикалық жүйке ғана өз ұшында норадреналин бөледі (адренергиялық жүйке).
Қаңқа бұлшықетін иннервациялайтын қозғалтқыш нейрондар холинергиялық болып табылады және жүйке – бұлшықеттік байланысты ацетилхолин жүзеге асырады. Олар жұлынның алдыңғы мүйізінен, сондай-ақ жеке бас сүйек нервтарынан басталуы мүмкін және олар үзілмей қаңқа бұлшықетінің пластинкаларының соңына дейін жетіп жатады.
Холинорецепторлардың орналасуы
Н – холинорецепторлар :
- Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесіндегі вегетативті ганглияның постганглионарлы нейронның постсинаптикалық мембранасы.
- Бүйрекүсті безінің милы қабаты. Ол эндогенді адреналиннің қанға түсуіне ықпал етеді.
- Тыныс алу орталығын тітіркендіретін синокаротидті шумақ.
- Қаңқа бұлшықетінің тонусын арттыратын қоздырғыш нейрондарының ұшы.
- ОЖЖ – де (қозғаотқыш нейрондардың ядроларында, сопақша мида)
Парасимпатикалық жүйкемен жүйкелендірілетін барлық органдарда М – холинорецепторлар тән:
- Барлық бірыңғай салалы бұлшықетті мүшелер тонусты жоғарылатады
- Барлық сыртқы секреция бездері секрециясын жоғарылатады.
- Жүректің өткізгіш жүйесіне вагусты иннервация тән брадикардия
- Көздіқимылдатқыш (глазодвигательный) нервпен иннервацияланатын көз мүшесінде 2 түрлі М – холинорецепторлар орналасқан :
1) көздің айналдыру бұлшықетінде (круговая мышца глаза). Осы
бұлшықеттің тонусының жоғарылауы, көздің ішіндегі қысымның
төмендеуіне және көз бұршағынның (зрачок) тарылуына алып келеді.
2) кірпікті бұлшықеттерде (ресничная мышца). Осы бұлшықеттің
жиырылуы аккомодацияның спазмына алып келеді.
- ОЖЖ (барлық бөлімдерінде).