1.Тақырыбы: Шумақтық фильтрация және реабсорбция тетігі. Жүлгешелердегі секреторлық үрдістер. Жастық ерекшеліктері.
- Мақсаты: Студенттерде негізгі физиологиялық процесстерді білу, олардың қызметін қамтамасыз ететін, процесстерін тойтарыстыратын берілген физикалды механизмдерді және берілген зерттеу әдістерін қалыптастыру; несеп-жыныстық жүйесінің толық физикалды зерттеу әдістерін жүргізуді, бүл кезді алынған белгілердің нәтижелерін түсіндіріп беруді үйрету.
- Оқыту мақсаты: физиологиялық процесстерді, жасқа байланысты несеп түзілуінің және несептің сыртқа шығарылуын түсінуді үйрету; клиникалық зерттеу әдістермен және несеп-жыныстық жүесінің берілген зерттеулерін бағалап, түсіндіріп беру (секрециясын, реабсорбциясын және түзілу мөлшерін бағалау); несептің жалпы анализін түсіндіріп беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Нефрон – бүйректің құрылыс-қызметтік бірлігі.
- Бүйректегі қанайналым, оның реттелу ерекшеліктері.
- Несеп түзудің негізгі процестері.
- Шумақтық фильтрацияның құрылымдары, біріншілік несептің құрамы.
- Қайта – терісағу жүйесі. Бүйрек түтіктеріндегі реабсорбция және оның реттеліс механизмдері. Бүйрек түтіктеріндегі секреторлық процестер.
- Соңғы несеп, оның құрамы. Несептің жалпы анализі.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірибелі жұмыстарды орындау,ауысша сұрау,зерттеу нәтижесін талқылау,хаттаманы рәсімдеу. Клиникалық дағдысымен жағдайлы есептерді шешу.
Вывод:
№1 тәжірибелік жұмыс.
А) Шумақтық сүзу шамасын анықтау. (Судаков, 402 бет, № 34.4., 34.7, 34.8)
Мақсаты: Шумақтық сүзу шамасын үйрету.
Қанның плазмасында және екінші кіші дәреттегі кейбір заттардың концентрациясын өлшеу арқылы шумақтық сүзу жылдамдығын анықтауға болады.Бұл заттар реабсорбацияланбайды,түзілмейді немесе өзекшелерде метаболизмге ұшырамайды.Бұл жағдайда бүйрек арқылы өткен заттардың мөлшері, екінші кіші дәретке түскен заттардың мөлшеріне тең болады.Сонымен қатар, олар шумақтық сүзуден кедергісіз өтулері тиіс, сондықтан сүзгідегі заттардың концентрациясы оның плазмадағы концентрациясына тең болады.
Бұл талаптарға креатининнің эндогендік заты мен полисахарид фруктоза инсулині жауапты.
Жұмыс барысы:
Бүйрек функциясын тексеру кезінде: 2 мин 8 мл кіші дәрет бөлінді. Инсулиннің концентрациясы кіші дәретте 60 мг/л, қан плазмасында инсулиннің концентрациясы 2 мг/мл.
Шумақтық сүзу көлемін формула бойынша есептеңіз:
V* U ин
F = ————-, F – сүзу көлемі (мл/л)
P ин V – 1 мин бөлінген дәрет
мөлшері,
U ин – дәреттегі инсулин
концентрациясы,
P – инсулиннің ультрасүзгі-
дегі концентрациясы.
Б) Мочевина мен инсулин клиренсін есептеу; су мен мочевинаның проценті.
Жұмыс барысы:
Берілген кестені қолдана отырып, ұсынған көрсеткіштерді есептеу керек:
- Инсулин клиренсі:
Им
Ки ═ ——–* Д;
Ик
- Мочевина клиренсі:
Мм
Км ═ ———* Д;
Мк
3.Мочевина реабсорбциясының пайызы:
Ки-Км
Рм ═ ————* 100;
Ки
- Су реабсорбцичсының пайызы:
Ки- Д
Рн2о ═ ————* 100.
Ки
Назар аударыңыз!
Мм- несеп иочевинасы.
Мк- қан мочевинасы.
Им- несеп инсулині.
Ик- қан инсулині.
Км- мочевина клеринсі.
Д – минуттық диурез
Рм- мочевина реарбсорбциясының пайызы;
Р н2о- су реарбсорбциясының пайызы.
Хаттаманы толтыру: 1. Есептеулерді орындаңыз. 2. Шыққан нәтижелерді эталондармен салыстырыңыз.
норма | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Ки,мл/мин Км,мл/мин %Рм % Рн2о | 125±30 70±15 40±20
99±0,5 | 125 68 46
99,2 | 115 75 40
97,8 | 164 85 45
98,8 | 71 53 28
98,9 | 20 13 38
98,6 |
3.Қандай анализ (1,2,3,4,5) сәйкес келетінін белгілеп, қорытынды жасаңыз:
– қалыпты жағдайдың нұсқалары;
– су реабсорбциядағы каналдардың жетіспеуі;
– шумақтық сүзудің өсуі;
– бөлшектеп компенсивтелінген шумақтың сүзуінің жетіспеуі;
– шумақтық сүзудің ауырлық жетіспеушілігі.
В) Каналды секрецияның деңгейін есептеу.
Бүйректегі әртүрлі заттардың экскреция (бөлу) жылдамдығы өзгеріп тұруы мүмкін. Бұл олардың тасымалдау ерекшеліктерімен байланысты.Егер кез келген зат сүзілсе және секрецияланса, онда оның экскреция жылдамдығы бірінші сүзілген, содан соң реабсорбцияланған заттың жылдамдығынан жоғары болады.
Әдістеме: Диодраст – рентгенконтрасты зат шумақталып сүзіледі және каналдар эпителиімен секрецияланады.Зерттелушінің 1 мин секреция мөлшерін несептегі диодрастконцентрациясы 40 мг%, плазмадан диодраст концентрациясы 0,3 мг%; 1 мин-те 1 мл несеп бөлінеді; инсулин бойынша анықталған фильтрация деңгейі – 120 мл/мин, формула бойынша:
S= V*Ug – F* Pg
Мұндағы S – диодраст секрециясының мөлшері, V – екіншілік несептің көлемі; Ug – несептегі диодраст концентрациясы, F – ультрасүзу көлемі, Pg – плазмадағы диодраст концентрациясы.
Диодрасттың қандай пайызы сүзілетінін есептеңіз.
Хаттама толтыру:
Дәптерге есептеу нәтижелерін жазыңыз, оларды бағалаңыз.
- Бақылау:
Жағдайлық есептерді шешу:
Задача № 2
Қанда альдостерон көлемі артты. Бүйрек қызметінің қандай өзгерістерін күтуге болады?
Задача № 11
Ауру сезімімен тітіркендіргенде несеп көлемі күрт азаяды. Бұл феноменнің физиологиялық тетігі қандай?
Задача № 20
Бір тәулік бойында сау адамның несебінде 60 000 астам молекулярля салмағы бар 75 мг ақуыз табылды. Ақуыздың мүмкінді қайнар көзі кандай?
Задача № 38
Адамға күшсіз анестезия берілген соң, адамда операциядан кейін несептің мүлдем бөлінбей қалды. Бұл көріністің физиологиялық механизімі қандай?
1.Тақырып: Несеп түзудің және несеп шығарудың жүйке гуморальдык реттелісі. Жастық ерекшеліктері.
- Мақсаты: ер адамдардағы жүйелердің репродуктивті қызметін қамтамасыз ететін негізгі физиологиялық үрдістер туралы түсінік қалыптастыру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау.
- Оқыту мақсаты:ер адамдардағы жүйелердің репродуктивті қызметін қамтамасыз ететін негізгі физиологиялық үрдістердітүсіндіру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Несеп түзудің нейрогуморалдық реттелісі. Жүйке жүйенің және гормондардың несеп түзудегі маңызы (АДГ, альдостерон, катехоламины және т.б.).
- Бүйректің осмос қысымын және азот тепе-теңдігін сүйеудегі маңызы.
- Түбекше-астау жүйесінің, зәрағардың, несеп қабының, несеп шығару каналының қызметтері.
- Несеп шығарудың рефлекторлық реттелісі.
- Несеп түзудің және несеп шығарудың жастық ерекшеліктері.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: Несеп жыныс тақырыбы бойынша ауызша сұрау, атластармен, кестелермен жұмыс жасау, клиникалық бағыттағы жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау.
№1 тәжірибелік жұмыс. Несепті жалпы саралау. Визуалдық зерттеу.(Судаков, 399 бет. 34.2.1).
Әдістеме: Пробирканы көз деңгейінде көтеріп, өтетін жарық арқылы несептің түсін анықтаймыз. Калыпты жағдайда несептің түсі урохромға тәуелді болады және сарғылт, сары және қаныққан сары түсті болады.Кейбір дәрілік заттарды қабылдаудан кейін несеп түсі өзгереді: амидопириннен- қызарады, көк метиленнен- көк түске және т.б. ауру кезінде ол ақшыл сары (қантты полиурия, қантсыз диабет, бүйректегі жетіспеушілік), сарғылт жасыл, сары (сары ауру кезіндегідей), қаныққан сары (билирубинурия – механикалық сары ауру, Боткин ауруы), қызғылт сары (уробилинурия – гемолитикалық сары ауру), қызыл, күңгірт қызыл (эритроциттер – нефрит, туберкулез, қатерлі ісіктер), қара (гемоглабинурия, алкаптонурия, меланоз),ақшыл (хилурия, липурия). Бұған қоса несептің әр түрлі реңктерін белгілейді, мысалы күңгірт қызыл реңкі бар сары түсті және т.б.
Несептің көмескілігі құрамында тұздардың, формалық элементтердің, микроорганизмдердің және майлардың болуына байланысты. Көмескілікті анықтау үшін белгілі бір затқа қатынасты көз деңгейінде тұрған пробирканы араластырады. Әлсіз, орташа және күшті көмескілікті ажыратады. Әлсіз көмескілік кезінде заттың контурлары анық, орташа көмескілік кезінде олар әлсіз көрінеді, ал егер күшті көмескілік кезінде заттың контурлары көрінбейді. Қалыпты жағдайда несеп мөлдір немесе әлсі көмескі болады.
№2 тәжірибелік жұмыс.
Несептің жалпы анализі. Несептің удельді салмағын анықтау
Жұмыс барысы: Зерттеушінің несебін 100 мл көлемді цилиндірге кұяды. Оның ішіне урометр салады, салғанда ол шишаның қабырғаларына тимейтінде. Несептің тығыздығын урометрдің бөлінді белгілеріне қарай тіркеіді. Несептің тығыздығы сүйықтықтың беткейлі сатысына сәйкес келеді.
Тұжырым:
№3 тәжірибелік жұмыс.
Несептің жалпы анализі. Несептің pH-ын анықтау
Жұмыс барысы: Несептің рН-ын анықтау үшін арнайы сызықшаларды артады, артқанда ол өзінің түсін өзгертуі тиіс. Бұл кезде несептің реакциясы туралы берілген кестеге қарап, салыстырып, анықтауға болады.
- Бақылау:
Тесттер:
1.Сүзілістік қысымның орташа шамасы (мм.с.б.)
А) 20-25;
В) 8-12;
С) 45-50;
Д) 50-75;
Е) 0,5-1,0.
- Шумақтық сүзілістің көлемі қандай факторларға тәуелді және тәуліктік алғашқы несептің мөлшері қанша?
А) гидростатикалық қан қысымы, белоктардың онкотикалық қысымы, бүйрекішілік қысым; 150 – 180 л дейін;
В) гидростатикалық қан қысымы, осмостық қысым: 100 л дейін;
С) белоктардың онкотикалық қысымы, осмостық қысым: 250 л дейін;
Д) осмостық қысым, бүйрекішілік қысым: 80 л дейін;
Е) онкотикалық қысым, түтікшелер жүйесіндегі гидростатикалық қысым.
- ЮГА клеткалары қандай гормон бөледі?
А) окситоцин;
В) вазопрессин;
С) адреналин;
Д) соматотропин;
Е) ренин.
4.Факультативті реабсорбция нефронның қай бөлімінде жүреді?
А) Генли тұзағының өрлеу бөлігінде;
В) проксимальды каналда;
С) Генли тұзағының құлдыраушы бөлігінде;
Д) бүйрек шумақтарында;
Е) дистальды иірімді канальдарда, жинаушы түтікшелерде.
5.Сүзілістік қысымның орташа шамасы (мм. с. б.):
А) 20 – 25;
В) 8 – 12;
С) 45 – 50;
Д) 50 – 75;
Е) 0,5 – 1,0.
6.Қалыпты жағдайдағы глюкозаның несеп құрамындағы мөлшері (ммоль/л):
А) 2,5 немесе жоғары;
В) 3,33 – 5,55;
С) 9,9;
Д) жоқ;
Е) 5,55 – 9,9.
- Проксимальды түтікшелерде (каналдарда) қандай заттар пассивті түрде қайта сіңіріледі?
А) глюкоза, амин қышқылдары, Na, мочевина;
В) су, хлоридтер, мочевина;
С) су, амин қышқылдары, Na, К;
Д) хлоридтер, фосфаттар, глюкоза, Na;
Е) мочевина, сульфаттар, глюкоза, К.
- Жалпы қан қысымының қай деңгейінде бүйректерде несеп түзілуі тоқталады?
А) 40-50мм.с.б.
В) 50-60 мм.с.б.
С) 60-70 мм.с.б.
Д) 70-80 мм.с.б.
Е) 80-100 мм.с.б.
- Қан қысымы (ҚҚ), онкотикалық қысым (ОҚ) және бүйрек ішілік (БҚ) ара қатынасының қай жағдайында диурез жүзеге асады?
А) ОД > КД-ОД;
В) КД < ОД+ПД;
С) ОД= КД – ПД;
Д) КД ОД +ПД;
Е) КД < ПД – ОД.
- 10. Бүйректегі судың облигатты және факультативті реабсорбциясына (қайта сіңірілуі) антидиурездік гормонның жоғарғы секрециясы (артық бөлінуі) қалай әсер етеді?
А) судың облигаттық реабсорбциясы жоғарылайды;
В) судың облигаттық реабсорбциясы төмендейді;
С) судың факультативтік реабсорбциясы төмендейді;
Д) судың факультативтік реабсорбциясы жоғарылайды;
Е) облигаттық реабсорбция төмендейді, факультативтік реабсорбция жоғарылайды.
- n. Pelvici тітіркендіргенде қуық бұлшық етінде қандай реакция байқалады?
А) детрузор босаңсиды және сфинктер қысқарады;
В) детрузор қысқарады және сфинктер қысқарады;
С) детрузор қысқарады және сфинктер босаңсиды;
Д) детрузор босаңсиды және сфинктер қысқарады;
Е) детрузор босаңсиды және сфинтер босаңсиды.
- Антидиуретикалық гормон әсер етеді:
A)бүйрек түтікшелеріндегі судың реабсорбциясына;
B)мальпигий шумағының капиллярларындағы судың сүзілуіне;
C)дистальді түтікшелердегі судың секрециясына;
D)бүйрек түтікшесіндегі көмірсулардың диффузиясына;
E)Генле ілмектегі NaCІ-дың реабсорбциясына.
- Бүйрек шумағының капсуласында өтетін үрдістер:
A)сүзілу;
B)реабсорбция;
C)секреция;
D)сіңіру;
E)диффузия.
- Алғашқы несептің сүзілуің қамтамасыз ететін қысымдар тең:
А)капиллярдағы қысым-70 мм.с.б.,онкотикалық қысым-30
мм.с.б.,капсуладағы алғашқы несептің қысымы-20 мм.с.б.;
В)капиллярдағы қысым-40 мм.с.б.,капсуладағы алғашқы не-
септің қысымы -20мм.с.б.,онкотикалық қысым-30 мм.с.б.;
С)капиллярдағы қысым-70 мм.с.б.онкотикалық қысым-30
мм.с.б.капсуладағы алғашқы несептің қысымы-40 мм.с.б.;
D)капилллярдағы қысым-50 мм.с.б.онкотикалық қысым-30
кпсуладағы қысымы-40 мм.с.б.;
Е)капиллярдағы қысым-70 мм.с.б.онкотикалық қысымы-30
мм.с.б.капсуладағы алғашқы несеп қысымы-30 мм.с.б.
- Қанға нефрон каналдарынан Nа сорып алғанда қай гор-
мондарды көбейтеді:
A)альдестерон;
B)АДГ;
C)инсулин;
D)паратгормон;
E)ренин.
- 16. Несеп пайда болуында үш негізгі процесс жатады:
А)шумақты реабсорбция,түтікшелердегі сүзілу және секреция;
В)шумақтағы сүзілу,түтікшелердегі реабсорбция және секреция;
С)шумақтағы секреция,түтікшелердегі реабсорбция және сүзілу;
D)шумақтағы секреция және сүзілу,түтікшелердегі реабсорбия;
Е) шумақтағы реабсорбция және секреция,түтікшелердегі сүзілу.
1.Тақырыбы: Адамның жыныстық дамуының физиологиясы. Жасына қарай адамдағы жыныстық өзгерістер.
- Мақсаты: ер және әйел адам жүйелерінің репродуктивті қызмет
ін реттейтін физиологиялық үрдістерді түсіндіру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау туралы студентте түсінік қалыптастыру.
- Оқыту мақсаты: ер және әйел адам жүйелерінің репродуктивті қызметін реттейтін физиологиялық үрдістерді түсіндіру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Ерлердің жыныс мүшелерінің қызметтері.
- Ерлердің жыныстық гормондары. Ақаулары.
- Ерлердің жыныс мүшелері қызметтерінің реттелуі.
- Жыныстық мотивацияның тетіктері және қалыптасуы.
- Қайта жаңартудың физиологиялық негіздері.
- Әйел адамдардың жыныс мүшелерінің қызметтері.
- Әйелдердің жыныс гормондары. Ақаулары.
- Жыныс циклінің кезеңдері.
- Жүктіліктің және бала туудың физиологиялық заңдылықтары.
- Баланы дүниеге әкелудің жастық ерекшеліктері.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: Несеп жыныс тақырыбы бойынша ауызша сұрау, атластармен, кестелермен жұмыс жасау, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, «ҚЫЗДАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУІ» атты кинофильмді көру және талқылау. Аралық бақылау.
Просмотр кинофильма « Анатомия секса», «Брачные игры в мире животных» с обсуждением.
№ 1 Тәжірибелік жұмыс.
«Қыздардың жыныстық жетілуі» атты кинофильм көру
Кинофильмді талқылау
№ 2 тәжірибелік жұмыс.
«СЕКС АНАТОМИЯСЫ» атты кинофильм көру
Кинофильмді талқылау
№ 3 тәжірибелік жұмыс
«ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ НЕКЕЛІК ОЙЫНДАР» атты кинофильм көру
Кинофильмді талқылау
№ 4 тәжірибелік жұмыс. (13.4 154бет Судаков).
МЕНСТРУАЛЬДЫ ЦИКЛДЫҢ ГОРМОНАЛЬДЫ РЕТТЕЛУІ
Бірінші менструациядан (менархе) менопаузаға дейін аденогипофиз, менструальды циклды реттейтін фоллитропин және лютропиннің секрециясының ырғағын демеп тұрады. Менструальды цикл кезінде жұмыртқа жасушалар (овариальды цикл) мен жатыр (жатырлық цикл) қатысады. Олар сектециясы гипофизарлы гонадотропинмен басқарылатын жұмыртқа жасушалар гормондарымен реттелінеді.
Овариальды цикл. Ересек әйелде оваральды цикл бірнеше алғашқы құрамында бірінші реттік ооциттер бар фолликулдардан басталады. Бұл фолликулдардан ай сайын тек біреуі ғана өсе бастайды, ал қалғандары дегенеративті процесс (атрезия) кезінде бұзылады. Фолликулада жиналатын фолликулярлы сұйықтықты өскен фолликула гранулезді қабығының жасушасы ынталандырады. Аденогипофизбен бөлінетін лютропин (ЛГ) бастысы 17β-эстрадиол болатын стеройдтарды бөлуге себепті болып, екі ағыстың да жасушаларын ынталандырады.
Кесте 13.1. Эндокринді бездердің гормондары
Ішкі секреция бездері | Гормон атауы | Физиологиялық әсерлер |
Гипофиз
| Соматотропин (СТГ), ақуыз | Жасушалардағы ақуыз синтезін ынталандыру: сүйектердің (энхондральды сүйектенуін ынталандыру), бұлшықеттердің, ағзалардың өсуі. Анаболитикалық әсер. Ағзада ақуыз және су мөлшерін арттыру, майларды азайту. |
Лактотропин (пролактин) (ЛТГ), ақуыз | Сүт бездері өсуінің пролиферациясы және сүт секрециясы. Сары дененің белсенділігін сақтау. ФСГ мен ЛГ синтезін тежеу. | |
Меланотропин (МСГ), полипептид | Меланин синтезі, тері мен ішкі тор қабығындағы пигмент гранулаларының тарату. Қаңқа бұлшықеттері мен жүйкелердің қозуының өсуі. Жүрек соғысының жиеленуі. Психоэмоциональды күйінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздану). | |
Фоллитропин (ФСГ), гликопротеид | Әйел адамдарда: фолликуларар өсуінін ынталандыру, эстрогендер мен овуляцияның секрециясы. Ер адамдарда: Сертоли жасушасы мен ақуызды байланыстырушы – андрогенобайланыстырушы ақуыздың түзілуіне әсері – сперматогенездің ынталандыруының. | |
Лютропин (ЛГ), гликопротеид | Әйел адамдарда: овуляция стимуляциясы, Сары дененің пайда болуы. Жыныс жасушаларының дамуы мен пісуі, жыныс гормондарының секрециясы. | |
Интерстициальды эндокриноциттерді ынталандыратын гормон | Ер адамдарда: стимуляция интерстициальды эндокриноциттердің жұмыртқаларының ынталандыруы. | |
Кортикотропин (АКТГ), полипептид | Бүйрекүсті қабығының глюкокортикоидтердің тузілу мен секрециясының реттелуі. Май тіндерінен майдың мобилизациясы. | |
Бета-эндорфин | Кортикостероидтар, кортикотропин жәнен меланотропиндердің синтезі мен секрециясының тежелуі. Ауырсынуды сезуі төменделуі. Ашыну сезімін басу мен тарамталу мінезі. | |
· Нейрогипофиз (Гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлы ядролары ірі нейрон ретінде синтезделеді. Аксондар арқылы нейрогипофизге содан соң қанға тасымалданады. | Окситоцин, нонапептид | Аяғы ауыр жатырдың жиырылуының ынталандырылуы. Сүт бездерінің ацинустерінің миоэпителиальды жасушаның жиырылуы, сүттің бөлінуі. Асқазан–ішектік жолдарының жұмыр бұлшықеттерінің тонусының күшеюі. |
Антидиуретикалық (АДГ), вазопрессин, нонапептид | Бүйрек каналдарындағы судың реабсорбциясы (антидиуретикалық әсер). Қантамырлардың тарылту әрекеті (қан қысымының жоғарлауы). Кортикотропин, тиротропин, соматропиннің секрециясының ынталандыруы. Есте сақтау процесіне қатысу. | |
Қалқанша | Тироксин (Т4) (тетрайодтиронин), трийодтиронин (Т3), құрамында йод бар гликопротеидтер | Ақыл мен физикалық дамудың өсуін қамтамасыз ету. Энергетикалық алмасуының, ақуыз синтезін және қышқылдық майлар мен көмірсулар катаболизмінің ынталандыруы, Оттегінің жұтылуы мен барлық клеткалардың метаболизмі. Жасушалардың катехоламиндерге деген сезімталдығының жоғарлауы. Натрилі насостың активациясы. Судың және электролиттік алмасуының ынталандыруы. ОЖЖ қозуының өсуі. |
Қалқанша, айырша және қалқаншасерік бездерінің К–жасушалары. | Тирокальцитонин | Кальций және фосфор метаболизмінің реттелуі; гипокальциемиттік фактор: остеокласттардың белсенділігін басу және қанға кальций мен фосфордың түсуі.. |
Қалқаншасерік | Паратирин, ақуыз | кальций және фосфор метаболизімінің реттелуі; гипокальциемитикалық фактор: сүйекті тіңнен қанға кальций мен фосфордың түсуін ынталандырады, бүйректе кальций реабсорбциясын және оның ішектерге сіңірілуін күшейтеді. |
Ұйқы: В-жасушалар | Инсулин; ақуыз | Липогенез, гликогенез, көмірсулардың алмасуын реттейді: Глюкоза жасушасының утилизациясының активизациясы. Ақуыз синтезіні ынталандыруы. Липолиздің басылуы және май түзілуінің күшеюі. |
А – жасушалар | Глюкагон; ақуыз | Гликогенолиз және липолиздің бүйректегі ынталандыруы. Адреналин секрециясының күшеюі. Инсулин секрециясының реттелуі. Катаболитикалық эффект. |
Бүйрекүсті:
| Гидрокортизон (кортизол), АКТГ реттелінеді | Глюконеогенез, көмірсу, ақуыз, майлар, катоболикалық әрекет, липолиз алмасуының реттелуі. Қабынуға қарсы әрекет, инфекцияға қарсы тұруының жоғарлануы. |
Альдостерон | Минералды алмасу мен сулы-тұзды тепе-теңдіктің реттелуі. Жасуша мембранасы арқылы натрийдің белсенді тасымалдануының жоғарлауы. Нефрон каналында натрий мен судың реобсорбциясының жоғарлауы: натрий және хлорды ағзада ұстап тұрады және калий мен аммонидің бөлінуін күшейтеді. Терлік, сілекейлік және ішектік бездердің жасушаға аналогиялық әсері. Қоршаған орта температурасының жоғарлағануына ағзаның адаптациясына қатысуы. | |
Андрогены; стероидтер | Жыныстық бездерінің гормоның қараңыз. | |
| Катехоламиндер; адреналин, норадреналин | Зат алмасуының барлық түрларінің ынталандыруы: гликогенолиз, гликонеогенез, липолиз. Термогенді әрекет. Жүрек жиырылуының жиеленуі, күшеюі. Қан тамырларының тарылуы. Кеңірдек пен қарашықтың ұлғаюы. Стресс реакцияларына қатысуы. Өкпенің вентилициясының үлкеюі, бұлшықеттерге, жүрек пен миға оттегінің жетілуі. |
Жұмыртқа жасушалар | Эстрогендер: эстрадиол, эстрон, эстриол; стероидтар | Эмбриондағы жыныстық дифференцировка, жыныстық мүшелерінің дамуы, екіншілік жыныстық белгілер, фенотипке байланысты жыныстық әрекет. Жыныстық жетілу кезіндегі анаболитикалық әрекет. |
Прогестерон; стероид | Ұрықтың имплантациясына жатырдағы шырышты қабығыны дайындау. Жүктілікті сақтауды қамтамасыз етіп, эсторгендердің жатырға әсетің болдырмайды. Пролактин секрециясының тежелуі. Катоболитикалық әрекет. | |
Жұмыртқалар | Андрогендер: тестостерон, андростерон, андростендион; стероидтер | Эмбрионның ер адамдардағы жыныстық дифференцировкасы. Екіншілік жыныстық белгілерінің, ер адамдардың жыныстық міңез-құлқысының және агрессиясының жетілуі. |
Эпифиз | Мелатонин | Меланофорадағы пигменттердің концентрациясы. Репродуктивтілі функцияға әсері: гонадтың белсенділігін басу. Кортикотропиннің синтезінің тежелуі. Антиоксидант. «түс – ұйықтамау» циклының реттелуі. |
Серотонин | Асқазан- ішектік жолдың моторикасының реттелуі, сілекейдің бөлінуі. Бас миының серотонинергитикалық нейрондардың міңез-құлық, ұйқы, терморегуляция реттелуіне қатысады. Гонадтың белсенділігін басу. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйенің белсенділіктің ырғақтығын тәуліктік реттелуі. | |
Адреногломерул-отропин | Альдостеронның секрециясының реттелуі. |
Фолликулярлы фаза кезінде эстрадиолдың жастық деңгейі гипофизға теріс кері байланыс принципі бойынша әсер етіп, қанда (4-ші және 11-ші күні) ФСГ деңгейінің төмендейді, ал ЛГ деңгейі өзгеріссіз қалады. Эстроген деңгейі максимумге овуляцияға 3 күн қалғанда жетеді және осы кезде гипофозге оң кері байланыс принципі бойынша әсер етіп, ФСГ мен ЛГ-ның бөлінуін ынталандырады. ФСГ фолликула өсуін ынталандыруға қажет екені белгілі, бірақ олардың келесі даму кезеңдерін ЛГ басқарады. Овуляция кезінде екінші қатардағы ооцит жарылған фолликула қабырғасынан бөлініп, ішек қуысынан шығып, фаллопиевті түтікке түседі.
Жатырлық цикл эндометрияның құрлысы мен функционалды өзгеруімен байланысты үш фазаға бөлінеді.
Менструальды фаза эндометрияның эпиталбды қабығының тартып алумен сипатталады. Менструация алдында бұл аймақтың қанмен қамтылуы азаяды, нәтижесінде жатыр қабырғаларына спиральды артериолдары тарылады. Керек мөлшерде қанмен қамтылмалу эпительді жасушалардың өлуіне алып келеді. Содан соң спиральды артериолдардың тарылуы олардың кеңеюімен алмасады және күшейген қан ағысы әсерінен эндометрия тартылып алынады да, оның қалдықтары қанмен бірге менструация ретінде шығады.
Пролиферативті фаза циклдың фолликулярлы фазасымен ұқсас болады және дамыған фолликулумды бөлетін эндометрия жасушаларының пролиферациясынан тұрады.
Секреторлық фаза сары денеден бөлінетін прогестеронмен қамтамасыз етіледі және түтіктік бездерінің шырыштың секрециясын ылталандырады. Эстерогенмен бірге прогестерон ұрықтанған жұмыртқа жасушаны имплонтациялауға эндометрияны дайындайды.
Жасушалар | гормондар |
Лимфоциттер Бұлтты жасушалар (мастоциттер)
Тромбоциттер Эозинофильды лейкоциттер Макрофагтар Табиғи киллерлер Моноциттер-макрофагтар Эндотелиальды жасушалар Тор қабықтың фоторецепторлы жасушалар Тор қабықтың амакринді жасушалар Тимоциттер
Тимустың эпителиальды жасушалар
Астроциттер
Лейдиг жасушалары Гломерулоциттер Жүрекше миоциттері Қарынша миоциттері Меркел жасушалары Хондроциттер
Амнион және планцентарлы трофобласттың жасушалары Эндометрия жасушалары | АКТГ, СТГ, пролактин, мелотанин Мелатонин, серотонин, гистамин, ВИП Серотонин, мелатонин Серотонин, мелатонин, ВИП СНП Серотонин, мелатонин, эндорфиндер Матрилизин Эндотелины, NО, СНП Мелатонин
Соматостатин ЛГ, тимулин, тимопоэтиндер I и II, α1 –тимозин Серотонин, мелатонин, простагландиндер NО, эндотелиндер, простагландиндер, Жүйке жасушаларының өсу факторы Мелатонин Эндотелиндер ПНП ЖНП Эндорфиндер Шеміршек тіңдерінің өсу факторлары Лептин, мелатонин
Мелатонин |
Ескерту. СТГ- соматротропты гормон, ВИП-вазоактивті интестинальды пептид, СНП- қан тамырлық натрийуретикалық пептид, ЛГ- лютропин, лютеинизирлейтін гормон, ПНП-предсердный натрийуретикалық пептид, ЖНП- Асқазандық натрийуретикалық пептид. |
Егер ұрықтанса, онда эмбрион сары дененің жүктілік функциясын және прогрестеронның синтезіні ұрықтануын сақтау үшін хорионнды гонадотропин (ХГ) бөледі. Егер ұрықтану жүрмесе, онда прогрестерон синтезі тоқтайды және эндометрия қабаттанады; бұдан 5 күннен кейін менструация басталады.
№5 тәжірибелікжұмыс. (Судаков 13.5. 161 бет).
Базальды температураның тесті (Судаков 13.5. 161 бет)
Базальды температураны өлшеу (тік ішекте) – прогрестерон қасиеттері температураны жоғарлатып, гипоталамустың термореттегіш орталығына әсер ететін әдіс. Базальды температураның тесті овуляцияны басқаратын, әсіресе әйел адамдарда бедеуліктің эндокриндік себебі бар жағдайларда, ең қарапайым әдіс.
Қалыпты менструальды цикл кезінде базальды температура цикл фазасына байланысты өзгеріп отырады. Фолликулярлы цикл фазасында қалыпты температура 370 С-тен төмен, себебі овуляция алдында ол төмендейді. Овуляция өткеннен кейін базальды температурар өседі (егер сары дененіңқызметі қалыпты болса). Лютеинді фазада температура 0,6-0,80 С-ке жоғарлайды, менструацияға 1-2 күн қалғанға дейін температура тағы да төмендейді. Көрсетілген флюктуация температурасы фоллитропиннің (эстроген) тербелуімен және ағзадағы прогестеронмен байланысты. Екі фазалы температура фолликулярлы және лютеинді фазалардың, қалыпты (овулярлы) циклды жұмыртқа жасушаларға тиісті, кезектесуін көрсетеді. Ановуляторлы (бірфазалы) цикл кезінде температураның қалыптылығы, овуляторлы оянусыз, көрінеді.
Негізі тік ішектегі температураны таңертең бір қырында жатқан кезде, тамақтану алдында өлшейді. Өлшеуді 3-4 менструалды цикл аралығында, теңертең белгілі бір уақытта өткізеді, мәлеметтерді тіркейді. Міндетті түрде өлшенген температуралар бойынша график салады. Бұл мәліметтерді науқас дәрігерге көрсетеді.
Бағалауы:
- Циклдың I және II-ші фазалардағы (0,3-0,40 –тен көп) температурасының айырмашылығы;
- Тұру интенсивтілігі(1-2 тәулік аралығында) және овуляциялық төмендеуден кейін (10-12 тәулікке дейін) температураның жоғарлауының созылуы.
Хаттаманы толтыру. Базальды температураның тербелуінің екі түрін салыстырыңыз (Судаков, 161 бет, 13.3 сур.). Қандай құбылыс овуляторлы, ал қандайы ановуляторлы екенін көрсетіңіз.
а және б жағдайларында график бойынша (тәулікте) жұмыртқа жасушалық цикл фазаларының созылу уақытын анықтаңыз.
- Бақылау:
Жағдайлық есеп
Босанған әйелде сүттің түзілуі төмендеді. Қай немесе қандай гормондардың жетіспеушілігі, сонымен қатар, сыртқы тітіркендіргіштер әсерінен лактацияның төмендеу себебі болуы мүмкін?
Есепті шешу алгоритмі:
- Детородты қызметті реттейтін гормондар және олардың қарым-қатынас.
- Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- Сүт бездері дамуының гормондық реттелісі және лактацияның қызметі.
- Ему актісінің физиологиялық ролі және сүттің бөлінуі.
Жағдайлық есеп
Босану кезінде жатыр жиырылуының бірден төмендеуі белгіленді. Ұрық өміріне қауіп төндіретін босану ұзаққа созылуда. Жүкті әйелге қай эндокриндік без гормонын егуге болдаы?
Есепті шешу алгоритмі:
- Гипофизбен қандай гормондар өндіріледі?
- Окситоцин, вазопрессин қандай тиімділіктермен қабілетті?
Жағдайлық есеп
Бастапқы емізуге қарағанда, босанудан кейін, жатырдың жиырылуы белсенді түрде өтілетіндігі белгілі. Осы екі құбылыстың өзара әрекеттілігінің физиологиялық тегершігі қандай?
Есепті шешу алгоритмі:
- Рефлекс деген не?
- Гормондық негізде баланы емізу кезінде организмде қандай өзгерістер жүреді?
- Гипофиз, окситоцин, жатырдың жиырылуы.
Аралық бақылаудың сұрақтары:
- Нефрон бүйректің құрылымды функционалды бірлігі ретінде.
- Бүректегі қанайналым, оның реттелу ерекшеліктері.
- Несеп түзілудің негізгі үрдістері.
- Оралымдық сүзілудің тетігі, біріншілік несептің құрамы.
- Тірек қарама қарсылық жүйе. Өзекшелердегі реабсорбция және оның реттелу тетігі. Өзекшелердегі секреторлы үрдістер.
- Соңғы несеп, оның құрамы. Несептің жалпы анализі.
- Несептүзілудің нейрогуморальді реттелуі, жүке жүйесінің және гормондардың маңызы (АДГ, альдостерон, катехоламины және т.б.).
- Азотты тұрақтылықты және осмостық қысымды сақтаудағы бүректің маңызы.
- Түбекше-астау жүйенің, несепжолдарының, несеп көпіршігінің, несеп шығарушы жолдардың қызметі.
- Несеп шығарудың рефлекторлы реттелуі.
- Несеп түзілуінің және несеп шығарылуының жастық өзгерістері.
- Ерлердің жыныс қызметтерінің реттелуі.
- Жыныстық мотивацияның тетігі мен қалыптасуы.
- Қайта жаңғыртудың физиологиялық негіздері.
- Жыныс циклының кезеңдері.
- Жүктіліктің және нәрестені туудың физиологиялық заңдылықтары.
- Дүниеге әкелудің жастық ерекшеліктері.
Аралық бақылаудың тесттері:
1.Қалқанша безінің қан айналымы немен іске асырылады?
А. 2 жұпты артерия арқылы;
В. 3 жұпты артерия арқылы;
С. қан айналымымен;
Д. барлық жауаптары дұрыс;
Е. бірде-бір дұрыс жауабы жоқ.
- Қалқанша безінің фолликулалық жасушалары қай гормонды өндіреді?
А. трийодтиронин;
В. тетрайодтиронин;
С. трийодтиронин және тетрайодтиронин;
Д. кальцитонин;
Е. бірде-бір дұрыс жауабы жоқ
- Қалқанша безінің трийодтиронины мен тетрайодтиронинының өндірілуі реттелінеді:
А. антидиурездік гормон;
В. адренокортикотроптық гормон;
С. глюкокортикоидтар;
Д. гипоталамустың тиреолиберині мен гипофиздің тиреотропинімен;
Е. бірде-бір дұрыс жауабы жоқ
- Қалқанша безінің гормондары қай процесте қатысады?
А. несеп түзілу процесінде;
В. ащы ішектегі сіңірілу процесінде;
С. зат алмасуда;
Д. қанның қайта түзілуінде;
Е. барлық жауаптары дұрыс.
- Тиреоидті гормондардың артығымен түзілуі аталады:
А. гипресаливация;
В. гиперкортицизм;
С. гиперполяризация;
Д. гипертония;
Е. гипертиреоз.
- Қалқанша безінің парафолликулалық К-жасушасы немен түзіледі?
А. трийодтиронин;
В. тетрайодтиронин;
С. трийодтиронин и тетрайодтиронин;
Д. кальцитонин;
Е. бірде-бір дұрыс жауабы жоқ
- Кальцитонин:
А. қандағы кальций ионының деңгейін төмендеді;
В. қандағы кальций ионының деңгейін жоғарылатады;
С. қандағы кальций ионын өзгертпейді;
Д. барлық жауаптары дұрыс;
Е. бірде-бір дұрыс жауабы жоқ.
- Кальцитонин нені тудырады?
А. фосфатурияны;
В. бүйректік түтікшелерде фосатттардың қайта сорылуын күшейтеді;
С. калийурияны;
Д. глюкозурияны;
Е. бірде-бір дұрыс жауабы жоқ.
- Қалқансерік безімен түзіледі:
А. трийодтиронин;
В. тетрайодтиронин;
С. паратирин;
Д. кальцитонин;
Е. тиреотропты гормон.
- Ұйқы безінің қандай жасушасында инсулин синтезделеді?
А. альфа-жасушасымен;
В. бета-жасушасымен;
С. дельта-жасушасымен;
Д РР-жасушасымен;
Е. К-жасушасымен.
- Ұйқы безінің қандай жасушасында глюкагон синтезделеді?
А. альфа-жасушасымен;
В. бета-жасушасымен;
С. дельта-жасушасымен;
Д РР-жасушасымен;
Е. К-жасушасымен.
- Ұйқы безінің қандай жасушасында соматостатин синтезделеді?:
А. альфа-жасушасымен;
В. бета-жасушасымен;
С. дельта-жасушасымен;
Д РР-жасушасымен;
Е. К-жасушасымен.
- Инсулин:
А. қандағы глюкозаның деңгейін төмендетіп, гликогеннің синтезін арттырады;
Б. қандағы глюкозаның деңгейін арттырып, гликогеннің синтезін төмендетеді;
С. көмірсу алмасуына әсер етпейді;
Г. гастриннің синтезін арттырады;
Д. гастриннің синтезін төмендетеді.
- Глюкагон:
А. қандағы глюкозаның деңгейін төмендетіп, гликогеннің синтезін арттырады;
В. қандағы глюкозаның деңгейін арттырып, гликогеннің синтезін төмендетеді;
С. көмірсу алмасуына әсер етпейді;
Д. гастриннің синтезін арттырады;
Е. гастриннің синтезін төмсендетеді.
- Жүктілік кезінде ана жолдасымен не өндіріледі?
А. фетоплаценталық комплекс;
В. фолликуланы белсендендіретін гормон;
С. пролактин;
Д. хориондық гонадотропин;
Е. соматотропин.
- Тиреоидтық гормондар түзілуінің жетіспеушілігі қалай аталады?
А. гипосаливация;
В. гипокортицизм;
С. гипогликемия;
Д. гипотония;
Е. гипотиреоз.