Паропроктит, медиестенит

1.Тақырыбы: Паропроктит, медиестенит. Мастит. Лимфангоит, лимфаденит, тромбофлебит. Жалпы іріңді инфекция (сепсис). Жіктелуі. Патогенезі. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емделуі. Жүйелік ісіну жауабы синдромы (SIRS).

2.Мақсаты: Безді ағзадағы және жасушалық кеңістіктегі іріңді аурулармен студенттерді таныстыру, сонымен қоса «сепсис» және  «хирургиялық сепсис» түсінігімен, және олардың басталу себебімен таныстыру.

3.Оқыту мақсаты: Сепсистің осы заманғы жіктелуімен таныстыру, патогенезімен, аурудың жалпы және жергілікті пайда болуымен, негізгі диагностикалық белгілермен және сепсис диагнозын қоюға қажетті науқастарды қосымша қарау әдісімен таныстыру, сонымен қатар осы заманғы хирургиялық емдермен науқастың қайта қалпына келу принципін, тактикасын дұрыс негіздеуге үйрету. Берілген аурудың диагностикалық әдісіне үйрету, болатын асқынулармен, арнаулы хирургиялық емдеу принциптерімен таныстыру.

Тамырдағы іріңді ауруларды оқу: лимфангит, лимфаденит, тромбофлебит. Этиологиясын, патогенезін, берілген патологияның клиникалық көрінулерін, емдеу принципін, алдын алуын білу. Науқастарды тексеру әдістерін, безді ағзадағы және жасушалық кеңістіктегі іріңді аурулардың жалпы және жергілікті принциптеріне үйрету, сонымен қатар тамырдағы іріңді ауруларды оқыту. Берілген патологиялық белгілері бойынша хирургиялық науқастарды тексеріп үйрену. Науқастың жалпы және жергілікті  симптомдарын ажырытып үйрету,сепсиспен ауырған науқаста физикальды тексеруді дұрыс жүргізу, жүйелік ісіну жауабы синдромын анықтау, клинико-лабораториялық мәліметтері бойынша диагноз қою, науқасқа дұрыс ем жасау, сепсисті жаралы науқастарға таңу жасауды оқыту.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Парапроктит.  Анықтамасы. Этиологиясы. Патогенезі. Парапроктитті алдын алу және емдеу.Сақтандырылуы. Асқынуы.
2.Медиастинит.Этиологиясы, клиникасы, алдын алуы, емделуі.
3.Мастит. Этиологиясы. Патогенезі. Маститтің жіктелуі. Маститті алдын алу және емдеу. Маститтен сақтандыру. Асқынуы.
4.Лимфангиит. Этиологиясы, клиникасы, алдын алуы, емделуі.
5.Лимфаденит. Жіктелуі, клиникасы, емделуі.
6.Тромбофлебит. Этиологиясы,патогенезі, жіктелуі,клиникасы. Жылжымалы тромбофлебит пен флеботромбоз түсінігі. Тромбофлебит пен флеботромбозды емдеу принциптері. Тромбофлебит пен флеботромбоздың асқынуы, оларды емдеу. Тромбофлебиттің хирургиялық емінің көрсеткіштері.
7. «Сепсис» түсінігіне анықтама. Сепсистің пайда болу принциптері,хируругиялық науқастардағы сепсистің пайда болуына себепті факторлар. Сепсис эпидемиологиясы.
8.Сепсис патогенезі.
9.Сепсистің жіктелуі (қоздырғышына, қайнар көзі, алғашқы ошақтың орналасқан жері,клиникалық ағымы, клинико-анатомиялық белгілеріне байланысты. Т.б.)
10.Сепсистің жалпы симптомдары. Сепсиситің жергілікті симптомдары.Сепсиспен ауыратын науқастардағы жаралы процестердің жүру ерекшеліктері.
11.Клиникалық тәжірибеде сепсистің алдын алуы.
12.Хирургиялық сепсистің асқынуы.Септикалық шок.
13.Сепсистің қазіргі заманғы емдеу принциптері.(жалпы және жергілікті емдеу)Сепсистің антибактериальді, иммунотүзетуші,инфузионды емі.
14.Хирургиялық клиникада сепсистен сақтандырылу.

5.Оқыту және сабақ жүргізу әдістері: Студенттерді кіші топтарға бөлу, тақырыптық ауруларды қарау жүргізіледі. Безді ағзалардағы, жасушалық кеңістіктегі және тамырдағы іріңді зақымдалудың емі және алдын алу принципі бойынша пікір талас жүргізу, студенттердің жұптаса жұмыс жасауы. Іріңді ауруларды емдеу саласындағы жаңа технология көрмелері.Сепсис патогенезінде ішектік қабырғалардағы тосқауыл қызметінің бұзылуы  және сепсистегі иммунотүзетушілердің маңызды ролі туралы пікір таластар жүргізу. Сепсистің интенсивті терапиясының бағыт амалдарын студенттермен бірлесе талқылау. Сепсисті және іріңді хирургиялық ауруларды қарау, таңу және операциялық бөлімшелердегі тәжірибелік сабақтарды үйрену, интенсивті терапия палаталарына бару және сепсиспен ауырған науқастарға таңу жасауды жүргізу. Оқытушының тапсырмасын орындай отырып, студенттер науқаспен тіл табыса алуы тиіс, жүйелік ісіну жауабы симптомын анық анықтау және соңғысына объективті клиникалық мінездеме беру. Сепсисті емдеу және алдын алу жөніндегі жаңа технологиялар диагностикасы. Студенттер науқастардағы клиникалық септикалық жағдайымен физикальды зерттеу жүргізуді өздігінен жүргізетінін көрсете білуі керек. Физикальды зерттеуден басқа, студенттер қосымша зерттеу әдістерінің жоспарын жасай білуі керек. Ситуациялық есептерді шешу.

6.Әдебиеттер:

1.Жалпы хирургия дәрістері.

2.Петров В.С. Общая хирургия.-С.-Петербург,1999.

3.Стручков В.И., Стручков Ю.В. Общая хирургия.-М.:Медицина, 1998.

4.Гостищев В.К. Общая хирургия .-М.:Медицина, 1996.

5.Миронюк Н.В., Тайгулов Е.А., Исмагамбетова Б.А. Общая хирургия.- Акмола, 1998, том 3 (оқу-әдістемелік құрал)

6.Рычагов Г.П. Общая хирургия.- Минск, 2002.

7.Ерюхин И.А., ГЕльфанд Б.Р., Шляпников С.А. Хирургическая инфекция. С.Петербург,2003.

8.Завада Н.В., Гаин Ю.М., Алексеев С.А. «Хирургический сепсис»- Минск: Новое знание,2003-240 стр.

Бақылау: Сепсиспен ауыратын науқастарда таңу жүргізу жөніндегі тәжірибелік дағдыны тексеру, сонымен қоса ірің-ісік ошақтарын кесу.Сұрақтар,тесттер,ситуациялық есептер.

Сұрақтар:

Медиастинитте міндетті диагностикалық зерттеу. Медиастинитті сипаттайтын белгілері. Алдыңғы медиастинит ерекшелігі. Сүт тарамдарының ісінуі қалай аталады? Маститте абсцестің айқындалуы қандай кесіктермен жүргізіледі? Ретрамаммарлы маститте қандай кесік қолданылады? Маститте инфекцияның енуінің ең жиі жолы? Тромбофлебиттің дамуына себепші негізгі факторлары. Қан тамырларында тромбтың пайда болу себептері. Тіндердің өмір сүруінің негізгі себебі не? Жүйелі ісіну синдромы реакциясына не жатады? Сепсистің пайда болуының негізгі себептері? Сепсис диагнозын қандай негізгі белгілеріне қарап қоюға болады? Сепсистің стафиллоккокты инфекциясына не тән? Іш қуысты сепсистің негізгі этиологиялық құрылымы? Қандай медиаторлар ісіну процесін жеделдетеді және ісінуге қатысты қорғанысты реттейді? Жергілікті сепсистің клиникалық белгілеріне не тән? Іріңді ошақтар көбіне қай аймақта орналасады? Сепсистегі инфузионды емге қандай тапсырмалар жатады?Сепсисте антибиотиктер қалай енгізіледі және антибактериальды терапияның өзгеруіне қандай белгілер қолданылады?

Ситуациялық есептер:

1.Кешкісін хирургиялық бөлімшеге жас әйел түсті, босанғанына 16 күн өткен, оң жақ сүт безіндегі ауруға шағымдалды, қалтырау. Бір аптадан артық ауырған. Өзіндік ем жүргізген, бірақ ол әсерін көрсетпеген. Дене температурасы 39,9 С. Оң жақ сүт безі үлкейген. Төменгі шаршылары кең, тығыз, ауыртпалы инфильтрат байқалады, ортасы жұмсарған. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері үлкейген және ауырады. Сіздің диагнозыңыз? Кезекші хирург не істеу керек?Баланы емізу қалай жүргізіледі?

+ Науқаста босанудан кейінгі интрамаммарлы іріңді мастит, асқынған лимфаднит. Ішкі наркозбен кешіктірмей іріңді кесу қажет. Екі сүт безінен де сүтті сүзіп алу керек. Оны балаға қайнатқаннан немесе пастерлегеннен кейін беру қажет.Операциядан кейінгі кезең антибиотиктерді қабылдау арқылы жүреді.

+Науқаста босанудан кейінгі іріңді мастит,  лимфаденитпен асқынған. Науқасқа кідіртпестен ішкі наркоз арқылы ЖБХӨ жасау керек. Екі сүт безінен де сүтті сүзіп алу керек. Оны балаға қайнатқаннан немесе пастерлегеннен кейін беру қажет.Операциядан кейінгі кезең антибиотиктерді қабылдау арқылы жүреді.

+Науқаста босаннан кейінгі ретромаммарлы іріңді мастит. Ішкі наркозбен кешіктірмей іріңді кесу қажет. Екі сүт безінен де сүтті сүзіп алу керек. Оны балаға қайнатқаннан немесе пастерлегеннен кейін беру қажет.Операциядан кейінгі кезең антибиотиктерді қабылдау арқылы жүреді.

+Науқаста босанудан кейінгі интрамаммарлы гангренозды мастит. . Ішкі наркозбен кешіктірмей іріңді кесу қажет. Екі сүт безінен де сүтті сүзіп алу керек. Оны балаға қайнатқаннан немесе пастерлегеннен кейін беру қажет.Операциядан кейінгі кезең антибиотиктерді қабылдау арқылы жүреді.

+ Науқаста босанудан кейінгі интрамаммарлы іріңді мастит, асқынған лимфаднит.

Ішкі наркозбен кешіктірмей іріңді кесу қажет. Екі сүт безінен де сүтті сүзіп алу керек. Оны балаға беруге болмайды. Бала жасанды тамақтандыруға көшіріледі.

2.Хирургиялық бөлімшеге сол жақ сүт безінің 6 күнгі ауырсынуына шағымданған науқас түсті. Емізулі баласы бар. Нәрестенің туғанына 12 күн болған. Тері жамылғысы бозарыңқы. Сүт безінің жоғарғы сыртқы шаршысында диаметрі 6-7 см-ге дейінгі тығыз ауырсыну, анықталмаған орталық жұмсару байқалады.

Сіз қандай диагноз қоясыз?

+Науқаста босанудан кейінгі іріңді мастит.

// Науқаста босанудан кейінгі лактостаз.

// Науқаста босанудан кейінгі өткір ретромаммарлы гангренозды мастит.

// Науқаста босанудан кейінгі мастопатия.

// Науқаста ескі инфильтративті мастит.

  1. 64 жастағы науқас М дәрілік заттарды ішке тамшылатып енгізуден кейін, сол шынтақтың бүгілген жеріндегі ауырсынуға шағымданды. Алақанда, жоғарғы иықалдының уштен бір бөлігінде және иықтың сыртқы беткейінде тері асты венасының жүру жолында, тері гиперемиясы байқалады, вена қабырғаларының тығыздалуы және жедел ауырсыну.

Сіз қандай диагноз қоясыз?

+Науқаста ұзақ ішкі инфузияға байланысты сол жақ жоғарғы бөлігінің теріасты венасында өткір флебит дамыды.

// Науқаста ұзақ ішкі инфузияға байланысты сол жақ шынтақтың бүгілген ауданында инъекциядан кейінгі абсцесс дамыды.

// Науқаста ұзақ ішкі инфузияға байланысты сол жақ жоғарғы бөлігінде тамырдың өткір лимфангииті дамыды.

// Науқаста ұзақ ішкі инфузияға байланысты сол жақ шынтақ бөлігінде өткір бурсит дамыды.

// Науқаста ұзақ ішкі инфузияға байланысты сол жақ шынтақ бөлігінің теріасты венасында өткір флеботромбоз дамыды.

4.58 жастағы науқас М хирургиялық бөлімшеге сол жақ жіліншіктің тері асты венасының өткір тромбофлебиті жөнінде түсті.4 тәулік бойы жүргізілген консервативті емге қарамастан, ісіну процесі өршігуде: сол жақ бөкседе ауру пайда болды, тері гиперемиясы, тіннің тығыздалуы және бөксенің жоғарғы және төменгі уштен бір бөліктерінде үлкен теріасты венасының жүру жолының ауырсынуы. Сіздің диагнозыңыз?

+ Науқаста сол жақ төменгі бөліктерінің беттік веналарының өткір жылжымалы тромбофлебиті.

// Науқаста бөксе флегмонасымен асқынған сол жақ жіліншіктің теріасты веналарының өткір тромбофлебиті.

// Науқаста абсцеспен асқынған сол жақ жіліншіктің теріасты веналарының өткір тромбофлебиті.

// Науқаста сол жақ төменгі бөлігінің терең веналарының өткір жылжымалы тромбофлебиті.

// Науқаста бөксе флегмонасымен асқынған, сол жақ төменгі бөлігінің терең веналарының өткір жылжымалы тромбофлебиті.

  1. Перзентханадан шығарылған жаңа туылған нірестенің 3 апта ішінде жағдайы күрт нашарлайды. Ол әлсіз, жылауық, емшектен бас тартады, масса қоспайды. Тері жамылғысы бозарыңқы-сұр, акроцианоз.Жиі құсу және тұрақсыз дәрет байқалады. Дене температурасы үнемі 37,6-37,9гр.С. Іші жұмсақ, пальпацияға әрекет қайтармайды. Кіндіктің түскен жерінде суланған, солып, бозарған, іріңді қатпарлармен жабылған жара байқалады.

Учаскелі педиатр ретінде сіз қандай ауруду байқайсыз және қандай шара қолданасыз?

+ Жаңа туылған нәрестеде кіндік сепсисін анықтап,оны жедел түрде интенсивті емдеу бөлімшесіне жатқызу керек.

//  Жаңа туылған нәрестеде кіндік жарығын анықтап,оны жедел түрде хирургиялық бөлімшесіне жатқызу керек.

// Жаңа туылған нәрестеде перитонитті анықтап, оған жедел түрде лапаротомия жүргізу керек.

// Жаңа туылған нәрестеде өткір аппендицитті анықтап, оған жедел түрде лапаротомия жүргізу керек.

// Жаңа туылған нәрестеде абсцеті анықтап, іріңді ошағына кесу жасау керек.

  1. 22 жастағы науқас С – ның шағымдары: әлсіздік, қалтырау, үздіксіз жоғары температура(38-40 гр С), іштің астыңғы бөлігінің ауырсынуы, қынаптан бөлінетін қан аралас жағылмалы бөлінділер. Анамнездің толық жиналуы барысында , 8 күн бұрын ол қыз криминальды абортты басынан өткізгені анықталды. Жағдайы екінші күннен бастап нашарлай бастаған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозарыңқы, беті жер түсті.Пульсі минутына-124 соққы, ырғақты, әлсіз толысулы. Тілі құрғақ, шамалы қапталған. Іші жұмсақ, құрсақ ауданында ауырсыну байқалады. Іш қуысының тітіркену симптомы күдікті.

Жедел жәрдем дәрігері ретінде бұл науқасқа қандай диагноз қоясыз және қандай шара қолданасыз?

+ Науқаста эндометрит, аборттан кейінгі сепсисті болжауға болады. Оны жедел түрде зембілмен гинекология бөлімшесіне жеткізу керек.

// Науқаста өткір аппендицитті болжауға болады. Оны жедел түрде зембілмен хирургия бөлімшесіне жеткізу керек.

// Науқаста  сальпингит, перитонитті болжауға болады. Оны жедел түрде зембілмен гинекология бөлімшесіне жеткізу керек.

// Науқаста Дуглас кеңістігі сепсисін болжауға болады. Оны жедел түрде зембілмен хирургия бөлімшесіне жеткізу керек.

// Науқаста жатырдан тыс жүктілікті болжауға болады. Оны жедел түрде зембілмен гинекология бөлімшесіне жеткізу керек.

  1. 22 жастағы науқас К-ға оң өкше мен жіліншіктің дымқыл диабетті гангренасына байланысты, оң бөксенің ортыснан үштен бір бөлігінен кесіп алынып тасталды. 4 тәулікте іріңдеуге байланысты жіп шешіледі, жара жайылып кеткен,іріңі тампондармен сорылған. 10күн ішінде іріңдеуі басылды, бірақ грануляциясы солғын және бозарыңқы.

Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы үнемі 39-40 гр С сақталады. Пульсі минутына-124-136 соққы,әлсіз толысқан. Тахипное. Оң жақ қабырға астында бауыр шетінен 3-4 см шығыңқы пальпацияланады. Тәуліктік диурез 300-400мл. Науқаста өткір операциядан кейінгі сепсис байқалған. Диагноз верификациясы үшін қандай зерттеулер жүргізіледі?

+Қанды егу үшін бірнеше рет алады, тәуліктің әр уақытында, шамасына қарай қалтырау ұстаманың кезінде және алдында.

//Қанның биохимиялық анализі.

//Қанды егу үшін екі рет алады(түскен кезде және емдеу бөліміне түскеннің үшінші тәулігінде).

//Культяның ренгенографиясы

//ИФА.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!