Анаэробты инфекция

  1. Тақырыбы: Анаэробты инфекция, жіктемесі. Газды гангеренаның қоздырғыштары. Патологиялық анатомияның кескіні. Клиника, газды гангеренаны емдеу және алдын-алу шаралары. Іріңді инфекция. Этиология, клиника және емдеу. Столбняк. Этиология және патогенез. Сырт көрінісі. Столбнякты емдеу және алдын-алу шаралары.
  2. Мақсаты: Студенттерді «анаэробты инфекция» және олардың жіктемесі, терінің іріңді жарақаттануы және газды ірің тудырығштар туралы түсінік беру, таныстыру. Газды гангеренаның клиникалық көрінісі мен патогенезін оқып білу. Студенттерді жарақатты алғашында өңдеу әдістерімен, столбняктың жоспарлы және экстренді емдеу түрлерімен таныстырып, оқыту.
  3. Оқытудың мақсаты: Студенттерді кәдімгі іріңді жарақаттар мен анаэробты инфекцияларды айыра білуді, дифференциалды диагностика жасауды оқыту. Студенттерді газды гангерена ауруын емдеу және арнайы емес принциптермен таныстыру. Гангренаға қарсы сары суды егу дағдысын қалыптастыру. Студенттерді «столбняк» ұғымымен таныстырып, оқыту. Жұғу нысандары және емдеу әдіс тәсілдерін үйрету. Студенттерді столбняктың клиникалық көрінісі мен алғашқы белгілерімен таныстырып, оқыту. Студенттерге столбняк ауруын емдеу және алдын-алу тәсілдерін оқыту. Арнай жоспарлы және экстренді иммунизациялау принциптерінің орындалуы, кездейсоқ жарақаттарды хирургиялық өңдеуді,  іріңді гангренаға қарсы сары суды егу  білігін  үйрету.
  4. Тақырыптың арнайы сұрақтары:
1.      Анаэробты инфекция, оның анықтамасы. Нысанасы және таралу жолдары.
2.      Анаэробты инфекцияның жіктемесі (клострдиалды және клострдиалды емес инфекция.)
3.      Патогенез газды гангрена клиникасы (жалпы және жергілікті белгілері).
4.      Газды гангренаны емдеу (арнайы және арнайы емес жолдары).
5.      Газды гангренаның алдын алу (арнайы және арнайы емес жолдары).
6.      Іріңді инфекцияның даму патогенезі.
7.      Іріңді инфекцияны емдеу және клиникасы (алдын алу).
8.      Сіреспе, анықтамасы. Этиология, сіреспенің жіктемесі.
9.      Сіреспе патогенезі. Сіреспенің қазіргі кездегі даму теориясы.
10.  Сіреспе клиникасы және оның ерте белгілері. Диагностика.
11.  Сіреспенің арнайы алдын алу жолдары. Сіреспенің арнайы емес алдын алу жолдары.
12.  Сіреспенің емі.

 Оқыту мен білім беру әдістемесі: Студенттерді кіші топтарға бөлу, диагностика бойынша пікірталас жүргізу. Анаэробты инфекцияны емдеу және клиникасы. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың тарихи орны (А.Д.Сперанский, А.Ф.Билибин, Лорин-Эпштейн т.б.) Столбнякты емдеу және клиникасы туралы түсінік. I-II-ші дүние жүзілік соғыстағы осы ауру түрлері туралы пікірлесу. Студенттер жұптасып жұмыс жасайды. Стационарлық ота бөлігінде және жара таңу бөлігінде ота бөлімін өңдеу, жараға біріншілік, екіншілік хирургиялық өңдеу жүргізу. Препараттарды таныстыру. Столбнякқа қарсы адамның иммуноглобрині (СПС) столбнякты анатоксин, гангренаға қарсы және столбнякқа қарсы сарысуды қолдану ережелері мен егу тәсілдері, ондағы қауіпсіздік шараларын сақтау. Оқу кестелері, слайдтар, газды гангренаға байланысты тапсырмаларды қарастыру.

  1. Оқу құралдары:
  2. Бақылау тапсырмалары.

Көрсетілген патологиямен ауырған науқастарды емдеу, қарау дағдысын қалыптастыру. Хирургия бөлімінде жара таңу, ота бөлімінде гангренаға және столбнякқа  қарсы  сарысуды егу техникасын үйрену. Жағдайлы тапсырмаларды құру және оны шешу.

Сұрақтар:

Газды гангрена кезіндегі ең маңызды емдеу тәсілдері мен жүргізілетіни іс-шаралар.  Газды гангренаны емдеуге гангренаға қарсы қолданылатын  сарысуды егудің минималды мөлшерін көрсетіңіз. Жұмсақ ұлпаның клостридиалды емес клиникалық белгілерін сипаттаңыз. Қазіргі кездегі анаэробты қоздырғыштар туралы түсініктер, жарақатты хирургиялық жолмен өңдеу тәсілдері мен түрлері. Иммунизациялау күнтізбесі. Жағдайлы есептер.

  1. Хирургия бөлімінде жатқан науқастың оң жаңбасында ашық жара

топырақпен былғанған және көк еттерінің құрылысы өзгерген. Екі тәулікте газды гангренаның жергілікті және жалпы көріністері  байқала бастады. Кешенді емдеуді  іс-шараларын жүргізгенде ганргенаға қарсы сарысу егілді. Сіз ақуыздың сезімталдығын анықтайтын тері асты татпаны қалай  жасайсыз және алынған нәтижені қалай түсіндіресіз.

+ В. Иық астының терісіне астарлай 0,1 мл сұйылтылған сарысу жіберілді. Егер, популаның диаметрі 1,0 см болып, науқастың қызуы жоғарласа, татпа теріс нәтиже береді.

//  Иық астының ттөменгі бөлігінің терісіне астарлай 0,1 мл сұйылтылған сарысу жіберілді. Егер, популаның диаметрі 0,9 см болып, науқастың қызуы жоғарласа, татпа теріс нәтиже береді.

//  Иық астының орташа бөлігінің терісіне астарлай 0,1 мл сұйылтылған сарысу жіберілді. Егер, популаның диаметрі 1,0 см болып, науқастың қызуы жоғарласа, татпа теріс нәтиже береді.

//  Иық астының майысқан беткейіндегі терісіне астарлай 0,1 мл сұйылтылған сарысу жіберілді. Егер, популаның диаметрі 1,0 см болып, науқастың қызуы жоғарласа, татпа теріс нәтиже береді.

  1. Әскери қызметкердің жұқа ұлпасының төменгі бөліктері жарықшамен

жарақаттанған. Емдеу кезінде арқасы мен жамбасында анаэробты клостридиалды инфекцияның белгілері байқалды, қабыну белгісі білінді.  Ат ақуыздың сезімталдығын анықтауға тері астына татпа жібергеннен 20 минут өткен соң иық асты попула диаметрі 1,4 см жетті. Кезекші хирург ретінде сіз бұл жағдайда қандай іс-шара жасайсыз.

+ Татпаның оң нәтиже беруіне қарамастан қол астында анафилактикалық шок жағдайына дайындықта наркозбен гангренаға қарсы сары суды егеді.

// Татпаның оң нәтиже берген екен деп, сары су екпейді. Татпаның оң нәтиже беруіне қарамастан қол астында анафилактикалық шокқа қарсы көмек ретінде барлық жағдайда гангренаға қарсы барлық жағдайда сары су жіберіледі.

// Татпаның оң нәтиже бергендігіне қарамастан  гангренаға қарсы сары су  бұлшық ет астына егіледі және шокқа қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

// Гангернаға қарсы сары су екпейді. Үлкен лампасты кесіп және гипербариялық оксигенация емін жасайды.

  1. Хирургия бөліміне балтыры газды гангренамен жарақаттанған 74

жастағы қария түсті. Жарақаты балтырының төменгі бөлігіне қарай жайыла бастаған.  Науқастың жағдайы өте қиын. Интоксикация белгілері  өрши бастаған. Тіршілік белгілері бойынша жгуттың көмегімен балтырының үшінші бөлігіне дейін ампутация жүргізді.  Алынған лоскуттан культ  жасақталды. Культтың шеткі сызықтары бойымен резеңке түтікпен дрениленді.  Тоа кезінде хирург қандай қателіктер жіберді?

+ Ампутация жгутсыз гильотин әдіспен жасалады. Культке тігіс 1-2 күнге дейін  жасалмауы тиіс.

//  Ампутация балтырдың орташа 3 бөлігінде қатпарлап кесіліп жасалуы тиіс. Оны a femoralis, v femoralis  әсерімен лигирлейді. Культке 1-2 күнге дейін  тігіс жасалмайды.

//  Ампутация балтырдың орташа 3 бөлігінде қатпарлап сызықпен  жүргізіледі. a femoralis, v femoralis  әсерімен лигирлейді және тігіс фасцияға ғана салынады.

//  Ампутация балтырдың орташа 3 бөлігінде гильятинді әдіспен қатпарлы  кесіліп жасалуы тиіс. Оны алдымен a femoralis, v femoralis  әсерімен лигирлейді және  лоскут қалыптастырылмайды.

//  + Ампутация жгутсыз қатпарлап кесіліп жасалуы тиіс. n femoralis әсерімен өңдейді, ал  a femoralis, v femoralis  әсерімен лигирлейді. Тігіс тек теріге ғана салынады.

  1. Клиникаға аудандық ауруханадан 25 жастағы Т. Оң жаңбасында 7

күннен бұрын алған жарақаттанған, өршіген флегмона бойынша науқас түсті.  Клиникаға түспестен бұрын бірнеше рет тері және тері асты кішкене кесіктер арқылы жамбастың төменгі 3 бөлігінің беткейінде тазарту шаралары жүргізілген. Сол жақ жамбасының ішкі беткейінде көлемі 13Х16Х17 см іріңді некротикалық жара бар. Мұнда терінің некрозы және тері асты майлы клетчатканың іріңді экссудатпен сіңірілген жағымсыз иістің бар екендігі байқалды. Жамбастың жоғары бөлігінде ісік және терінің гиперемиясы байқалды. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз бен оны  емдеу тактикаңыз қандай?

+ Сол жақ жамбасқа анаэробты клостридиалды емес флегмон және жедел ота жасау.

// Сол жақ жамбасқа анаэробты клостридиалды флегмон және жедел ота жасау.

// Сол жақ жамбасқа анаэробты клостридиалды флегмон және экстренді ота жасау.

// Сепсис  және жедел ота жасау.

// Сол жақ жамбасқа тіке қабынды  және экстренді  ота жасау.

  1. Бөлімшеге оң балтырында газды гангренасы бар науқас түсті.

Экстренді емдеу іс-шарасының тактикасы анықталды. Анаэробты клостриалды инфекцияның жоғары қауіптілігін ескере отырып сіз бөлімде санитарлық эпидемиологиялық кестенің сақталуын қадағалап ұйымдастыру керек. Мұның негізі неде?

+  Науқас толық және жартылай санитарлық өңдеуден өту керек. Оны жеке бөлмеде орналастырып, басқа науқастармен байланысын шектеу керек. Бөлмеде күніне кемінде екі рет сулы тазалау жүргізілуі тиіс және жараға  бір реттік таңу материалы қолданылады.

// Науқас толық және жартылай санитарлық өңдеуден өту керек. Оны іріңді емдейтін бөлмеге жатқызып, басқа науқастармен байланысын шектеу керек. Бөлмеде күніне кемінде бір рет сулы тазалау жүргізілуі тиіс және жараға бір реттік  таңу материалын қолданады.

// Науқас толық және жартылай санитарлық өңдеуден өту керек. Оны іріңді емдейтін бөлмеге жатқызып, басқа науқастармен байланысын тоқтату керек. Бөлмеде күніне кемінде екі рет сулы тазалау жүргізілуі тиіс және жараға стерилизденген таңу материалдары қолданылады.

// Науқас толық және жартылай санитарлық өңдеуден өту керек. Жеке бөлмеге жатқызылады. Басқа бөлмедегі науқастармен байланысын тоқтатады. Бөлмеде күніне кемінде екі рет сулы тазалау жүргізілуі тиіс және жараға бір реттік таңу материалын  қолданып, карантин жарияланады.

// Науқас толық және жартылай санитарлық өңдеуден өту керек. Оны іріңді емдейтін бөлмеге орналастырып, басқа науқастармен байланысын шектейді. Бөлмеде күніне бір рет сулы тазалау жүргізілуі тиіс және жараға бір реттік таңу  жасалады.

  1. 26 жастағы Ф. есімді науқасқа айқын гангренаозды түйін ауруына ота

жаслған. Үш сөткеден кейін тігіс арасынан сероз, кейіннен серозды ірің сұйықтығы байқалды. Бес сөткеде  жараның шеттерінде гиперемия байқалды. Тері асты клетчаткалары және терінің ісінуі  байқалды. Тігіс алынып жараның  шеттері ажыртатылды. Жарадан қызғылт түсті  жағымсыз иісті ірің бөлінді. Тері асты майлы клетчатка түрі сұрланып  кір түсі тәрізді түс байқалды. Сіздің алдын –ала қоятын диагнозыңыз? Оны қандай әдіспен емдеу қажет?

+  Оң жақ бүйірдің жоғары бөлігінде  және қабырға астында анаэробты клостриалды флегмон байқалды.

// Оң жақ бүйірдің жоғары үшінші бөлігінде  және қабырға астында анаэробты клостриалды флегмон байқалды.

// Жарақатты отадан кейін абсцесс ультрадыбыспен емделді.

  1. 30 жастағы С. есімді науқас экстренді көрсеткіштерімен аппендэкто-

мия жасалды.  Пішіні макроскоптикалық гангреналық құрт тәрізді өзгерген өсімтал алынып тасталды. Құрсақ қуысының кіші жамбас бөлігі семіп қалған. Соңғысынан микрофлоралардың антибиотиктерге сезімталдығына  анықтайтын бактериялық татпа татпа алынды.  Құрт тәрізді өсімталға жара арқылы полихлорвинил микроирригатор жіберілді. Жара қатпарлы тігілген, оған суық орта тағайындады. Бұлшық етке антибиотиктер және ауырсындырмайтын ем домдар тағайындалды. Бұл жағдайда дәрігер тағы қандай ем тағайындауы тиіс?

+ Хирург столбнякқа экстренді арнайы емдеу іс-шараларын жүргізу керек.

// Хирург столбнякқа арнайы экстренді емдеу іс-шарасын жүргізуі тиіс емес.

// Хирург гангренаға қарсы сарысу тағайындауы тиіс.

// Хирург инфузионды терапея тағайындауы тиіс.

// Хирург вена ішілік антибиотик  тағайындауы тиіс.

  1. Науқас ауруханаға жерді өңдеп жатқанда оң жақ білегінен жарақаттап

алып, 6 күн өткеннен кейін дене ыстығының  380С көтерілген күйінде түсті. Бұлшық ет ауруы байқалады, жұтынуы қиындап, аузын жабу қиынға түсті. Науқаста қандай қиындық туындады? Сіздің іс-әрекетіңіз?

+  Науқаста столбняк. Тез арада  жарақатты хирургиялық өңдеуден өткізу керек. Науқасты жансақтау бөліміне ауыстырып столбнякты емдеу іс-шараларын тағайындау керек.

// Науқаста столбняк. Тез арада  жарақатты хирургиялық өңдеуден өткізу керек. Науқасты жансақтау бөліміне ауыстырып столбнякты емдеу іс-шараларын тағайындау керек.

// Науқаста столбняк. Жылдамдата жарақатты хирургиялық өңдеуден өткізу керек. Столбнякқа қарсы сары су егу қажет.

// Хирургтың іс-әрекеті дұрыс емес. Егер алдындағы реваксинациядан кейін бес жыл өтсе, онда 0,5 мл столбняк анатоксинін егеді.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!