Хирургиялық паразитарлы аурулар

  1. Тақырыбы: Хирургиялық паразитарлы аурулар. Эхинококкоз. Альвеококкоз. Түсінік. Патологиялық анатомиясы және клиникасы. Эхинококкоздың және оның асқынған түрінде хирургиялық емнің жалпы қағидалары. Лямблиоз. Описторхоз. Аскаридоз және асқынған хирургиялық аурулар (ішектің түйілуі, механикалық сарғаю және т.б.). Қанайналымының  бұзылыстары. Облитерациялық эндартериит және атеросклероз. Коллатеральды қан айналымының маңызы. Жалпы емдеу
  2. Мақсаты: Хирургиялық паразитарлық ауруларда және оның асқынған түрлерінде

аурудың диагностикасын және хирургиялық емнің жалпы қағидаларын студенттерге үйрету. Қан айналымның бұзылыстарымен таныстыру және этиологиясы әр түрлі трофикалы тіндердің, қанағыстың жағдайын зерттеу әдісімен таныстыру. Облитерациялық эндартериит және атеросклерозбен ауыратын науқастарды емдеуге, оларды тануға үйрету.

  1.   Оқыту мақсаты: Студенттерді кең таралған аурулармен паразитарлық              аурулармен ( эхинококкоз, альвеококкоз, аписторхоз) таныстыру. Сабақ клиника              жағдайында паразитарлық ауруларды және оның хирургияда кездесетін асқынған             түрлерін анықтай білу деңгейінде отуі тиіс. Облитерациялық аурулардың қауіп             факторларымен таныстыру. Созылмалы ишемияның симптомдарын талдау.             Облитерациялық аурулардың дифференциальді диагностикасын өткізу. Дәрігерлік              тактиканың қағидаларын, оперативті және консервативті емдеудің көрсеткіштерін,             сонымен қатар облитерациялық эндартериит пен атеросклерозбен ауыратын науқастарды операциядан кейінгі кезең мен реабилитациға енгізу негізі.
  2. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Эхинококкоз, альвеококкоз. Этиологиясы, патогенезі
2. Эхинококкоздың клиникасы. Зерттеудің қосымша әдістері. Емі.
3. Амебиаз, цистецеркоз. Клиникасы, асқынған түрінің диагностикасы және емі.
4. Лямблиоз. Клиникасы, асқынған түрінің диагностикасы және емі.
5. Описторхоз. Клиникасы, асқынған түрінің диагностикасы және емі.
6.Аскаридоз және хирургиялық ауруларды тудырушылары. Клиникасы және  аскаридоздардың асқынған түрінің клиникасы және емі.
7. Облитерациялық эндартериит және атеросклероздың анықтамасы.
8. Этиологиясы, патогенезі, әсер етуші факторлары.
9. Облитерациялық аурулардың клиникасы. Эндартериит пен атеросклероздың дифференциальдідиагоностикасы.
10. Қан тамырларын зерттеу әдістері.
11. Қан тамырларының облитерациялық ауруларын емдеу және алдын-алу.

 Оқыту әдістері: Студенттерді шағын топтарға бөлу, паразитарлы аурулардың және оның асқынған түрімен ауыратын науқастарды тексеру, диагностикалық әдіспен таныстыру. Қан тамырларының облитерациялық ауруларын емдеуде жаңа технологиялардың презентациясы. Хирургиялық науқасқа тексеру жүргізу, анамнез және шағымдарын жинау, магистральді қан тамырларына пальпация жасау, арнайы жерлерде пульсті тексеру, артериальды қысымды, температураны өлшеу, аяқ-қолдың көлемін бақылау, функциональды сынама жүргізу (Оппель, Самюэльс, Гольдфлям), аяқ-қол кан айналымының сипаттамасы, аурудың кезеңін анықтау. Науқастар жайын талқылау, ситуациялық есептерді шешу және тақырыптың сұрақтарын талқылау. 

Сұрақтар: 1. Эхинококкоздың және альвеококкоздың негізгі және қосымша иелері кім?

  1. Адамда паразиттің қандай формасы дамиды?
  2. Эхинококкоздан және альвеококкоздан мүмкін болатын асқынулар?
  3. Амебиездан болатын асқынулар?
  4. Описторхоз бен лямблиоздың жұғу жолдары?
  5. Описторхоз бен лямблиоздан болатын жиі кездесетін хирургиялық асқынулар?
  6. Аскарида циклі және адамға жұғу жолы?

Ситуациялық есептер:

  1. Науқас 62 жаста, 10 жыл бойы сол аяғының ауруы мазалайды. Тоқтаусыз 50 м-ге дейін жүре алады. Созылмалы ишемияның симптомдары айқын корінген, перифериялық пульс жоқ, тыныштандырғыш препараттар қолданады. Аурудың сатысын және шұғыл тактиканы анықтаңыз?
  2.  Науқастың 25 м. кейін аяғы ақсайды, сонымен қатар тыныштық жағдайында ауру мазалайды. Науқаста аурудың қандай сатысы?
  3. Облитерациялық эндартериитпен сырқаттанған науқас 35 жыл стационарда ем қабылдады. Бірақ ауру күшеюде. Қандай шара қолданамыз?
  4. 27 жасар ер адам қатты суықтан және тұмаудан кейін сырқаттанып қалды. Тексеру нәтижесінде плантарлы ишемияның симптомдары анық байқалды, окшесі мұздай және бозарған. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
  5. Жас әйел 2 жылдан бері әрдайым қайталанатын ауруға, яғни кол саусақтарының  салқын су ұстағанда немесе қатты уайымдағанда бозаруына шағымданады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
  6. Ылғалды гангрена белгілері пайда болғанда қандай шара қолдану қажет? Егер сіз корсеткіштерін білсеңіз науқасты қалай операцияға дайындайсыз?
  7. Диабетикалық гангренамен ауыратын науқасқа санның жоғары ампутациясын жасау керек. Науқас операциядан бас тартуда. Ауру тарихына бұл мәліметті қалай дұрыс жазасыз?
  8. Облитерациялық атеросклерозбен ауыратын пациентке липид алмасуының бұзылысын қалпына келтіру үшін қандай препрат қолдану қажет?
  9. Пациент 1500 м. қашықтыққа ешқандай ешқандай қиындықсыз жете алады, дегенмен аяғындағы дискомфортты сезеді. Онда аурудың қай сатысы?

Қабылдау бөлімшесіне бір әйел оң қабырғаастының ауыратынын айтып шағымданып келді, терісінде бөртпе,қышыма бар. Объективті- гептомегалия, пальпация жасағанда ауыратынын айтты., қанында- эозинофилия, СОЭ жоғары, УЗИ-дің көрсеткіші – бауырдың 6-7 сегментінде диаметрі 10 см болатын түзілісті анықтады. Қандай диагноз болжай аласыз? Қандай қосымша әдістерді өткізуге болады?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!