Некроз, гангрена, жара, тілме

  1. Тақырыбы: Некроз, гангрена, жара, тілме. Аурудың пайда болу себептері. Клиникасы және емі. Тромбоз, эмболия,. Трофикалық жаралар (варикоз, травмадан кейінгі, тыртықтар, күйіктен кейінгі және т.б.). Ойылулар. Тілме. Классификациясы. Диагностикасы. Емі.
  2. Мақсаты: Студенттерді кан тамырларын клиникалық зерттеу әдістеріне уйрету, әр түрлі некроздың диагностикасын, қан айналымның бұзылыстарын, сонымен қатар Жемдеудің жалпы қағидаларына үйрету.
  3. Оқыту мақсаты: Студенттерді қан айналымның бұзылыстарымен, этиологиясы әр түрлі трофикалы тіндер мен қанағыстың жағдайын зерттеу әдістерімен таныстыру. Қан тамырларының облитерациялық ауруларын және басқа да трофикалы ауруларды тануға, оны емдеуге үйрету. Профилактиканың негізгі принциптерін, тромбозды, эмболияны, ойылуларды, тілмені, сонымен қатар трофикалық жараларды емдеуді үйрету.
  4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1.Некроздың, гангренаның анықтамасы.
2.Классификациясы, даму себептері
3. Клиникасы, диагностикасы, құрғақ гангренаны емдеу.
4. Клиникасы, дипгностикасы, ылғалды гангренаны емдеу.
5. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы және тілмені емдеу.
6. Этиологиясы, патогенезі, ойылуларды емдеу
7. Трофикалыө жаралар, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі.

     Оқыту әдістері: Шағын топтарға бөлу ,некроз, ойылулар, тілме, трофикалық жаралар, сонымен қатар қан тамырларында  патологиясы бар науқастарды тексеру. Науқастар жайын талқылау, ситуациялық есептер шығару, тақырыптың сұрақтарын талдау.

  1. Бақылау– сұрақтар, тесттер, тақырып бойынша есептер.
  2. Гпнгренаның ерекшелігі неде?
  3. Қашан және қай деңгейде құрғақ гангренаға ампутация жасалады?
  4. Ылғалды гангренада қандай микроорганизмдер болады?
  5. Қашан және қай деңгейде ылғалды гангренаға ампутация жасалады?
  6. Тілменің хирургиялық емінің корсеткіші.
  7. Ойылулардың алдын-алу.
  8. Теріде жиі кездесетін трофикалық жаралардың локализациясы, оны емдеу.

      Есептер: 1. Бөлімшеге оң табанының 1 башпайының ылғалды гангренасымен түскен                 науқасқа көмек көрсетілді. Табанында ісіну байқалмайды, пульсі әлсіз. Жағдайын ауырлататын патология жоқ. Қандай қосымша әдістер жүргізуге болады? Науқасты емдеу тактикасы қандай?

  1. Науқас сол жағының нефроэктомиясымен сырқаттанады, негізгі себеп несеп-тас ауруы және аппостематозды пиелонефрит. Операциядан кейін ауырсыну, гипертермия байқалды. 5 сағ кейін жарадан нәжіспен араласқан ірің бөлінді. Перитониттің коріністері байқалмайды. Қандай асқынулар болуы мүмкін? Науқасты емдеу тактикасы қандай?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!