Оң жақ білек сүйектерінің ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық, ығысқан сынуында тасымалдаушы шинаны салу алгоритмі
Қадам № | Практикалық дағды және оны қадамдап (пошаговое) орындау
| Қадамды дұрыс орындау
| |||
1.
| Жарақаттанған қолына қарау жүргізу
| 1.Терінің түсін бағалау; 2. Қолдың дистальді бөлігінде пульсация және сезімталдықты анықтау; 3. Сынықтың орналасқан жерін саусақпен сипалап анықтау. | |||
2. | Оң жақ білектің ортаңғы үштен бір бөлігіндегі сынған аймаққа новокаинді блокада жасау
| 1. Қолды 70% – 3-4мл спирт ерітіндісіне малынған шарикпен өңдеу; стерильді қолғапты кию; 2. Сынық аймағын 70% спирт немесе иоданат ерітіндісіне малынған шарикпен екі рет өңдеу; 3. Бір реттік (одноразовый) шприцке 0,5% – 20,0 новокаин ерітіндісін сорып алу; 4. Сынық аймағына дайындалған анестетикті жіберу (енгізу); 5. Инъекция орнын 70% спирт ерітіндісіне малынған дәкелі шарикпен өңдеу; 6. Асептикалық таңғышты салу және оны лейкопластырмен бекіту. | |||
3. | Тасымалдаушы шинаны таңдау және жұмысқа дайындау
| 1.Қолды бекітуге араналған тасымалдаушы шинаны мөлшері бойынша таңдау (Крамер шинасы, сатылы шина), оның мөлшерін, сау қолдың ұзындығын сантиметрлік лентамен немесе дәкелі бинтпен өлшеу арқылы анықтау; 2.Қолдың контуры бойынша тасымалдаушы шинаны даярлау. | |||
4.
| Оң жақ білектің ортаңғы үштен бір бөлігіндегі сынық аймағын тасымалдаушы шинамен бекіту
| 1.Қолдың контуры бойынша даярланған шинаны жарақаттанған қолға салу; 2.Тасымалдаушы шинаны жоғары және төмен орналасқан буындарды қамтып, қолға дәкелі бинттің жолақтарымен (туры) бекіту; | |||
5. | Иммобилизацияланған қолды денеге бекіту | Бекітілген қолды дәкелі таңғышқа орналастырып, мойынға асып қою, таңғыштың бос шеттерін мойында түйіндеп байлау. | |||
Оң жақ сирақ сүйектерінің ортаңғы үштен бір бөлігінің ашық, ығысқан сынуында тасымалдаушы шинаны салу алгоритмі
Қадам № | Практикалық дағды және оны қадамдап (пошаговое) орындау | Қадамды дұрыс орындау
| |||
1.
| Жарақаттанған аяғына қарау жүргізу
| 1.Терінің түсін бағалау; 2. Аяқтың дистальді бөлігінде пульсация және сезімталдықты анықтау; 3. Сынықтың орналасқан жерін анықтау; 4. Жараның жағдайын бағалау (мөлшері, тері жағдайы, бос бөлшектердің болуы, қан кету). | |||
2. | Манипуляцияны орындау үшін қолды өңдеу
| 1.Кранның астында сумен қолды сабындап жуу және орамалмен кептіру; 2. Қолды 70% – 3-4мл спирт ерітіндісіне малынған шарикпен өңдеу; 3.Стерильді қолғапты кию және қолды 70% – 3-4мл спирт ерітіндісіне малынған шарикпен қайталап өңдеу; | |||
3. | Сирақтың ашық сынған аймағына новокаинді блокада жасау
| 1. Жара шеттерін және айналасындағы тіндерді 70% спирт немесе иодонат ерітіндісіне малынған шарикпен екі рет өңдеу; 2. Бір реттік шприцке 0,5% – 20,0 -40мл новокаин ерітіндісін сорып алу; 3. Анестетикті сынық аймағындағы қоршаған тіндерге барлық жағынан енгізу; | |||
4.
| Сирақтың жарасын өңдеу
| 1.Бөгде заттарды, бос сүйек бөлшектерін анықтау үшін жараға ревизия жасау, оларды алып тастау; 2. Жараны 3% -20 -50мл сутегінің шала тотығы ерітіндісі, содан кейін антисептик – 200-300мл фурациллин немесе хлоргексидин ерітінділерімен жуу; 3.Жараны дәкелі салфеткамен кептіру; 4.Жараны стерильді дәкелі салфеткамен жабу және лейкопластырмен бекіту. | |||
5. | Тасымалдаушы шинаны таңдау және салуға дайындау
| 1.Аяққа арналған шинаны мөлшері бойынша (Крамер шинасы, сатылы шина) таңдау, оның мөлшерін, сау аяқтың ұзындығын сантиметрлік лентамен немесе дәкелі бинтпен өлшеу арқылы анықтау; 2. Аяқтың контуры бойынша тасымалдаушы шинаны даярлау. | |||
6 | Сынық орнын тасымалдаушы шинамен бекіту
| 1.Аяқтың контуры бойынша даярланған шинаны жарақаттанған аяққа салу; 2. Тасымалдаушы шинаны жоғары және төмен орналасқан буындарды қамтып, аяққа дәкелі бинттің жолақтарымен (турами) бекіту;
| |||